Б 82(5К) Қ44 Сеиіт ҚАСҚаьасод



жүктеу 1.76 Mb.

бет5/36
Дата12.01.2017
өлшемі1.76 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36

-   дейді  ол,  -   үш  түрлі  еліктеуге  тиіс:  затты  немесе  нэрсені  сол  күйінде 
бейнелеу; затты немесе нэрсені елдің айтуы, бағалауы бойынша бейнелеу; 
зат  немесе  нэрсе  қандай  болуға  тиіс  түрғысынан  бейнелеу»  [12].  Міне, 
бұл  -   өнердің  өмірді  бейнелеу  принциптері.  Олар  эдебиет  пен  өнердің 
даму тарихындағы  барлық кезеңдерінде  сақталады.  Рас,  бәрі  бірдей,  бір- 
келкі  бөлмайды.  Әр  заман  мен  қөғамдағы  өнер  мен  эдебиетгің  идеялық, 
эстетикалық міндетіне байланысты  өлардың біреуі басым  болып,  активті, 
белсенді қызмет атқарады.  Аталған үш  принцип  (объективті, субъективп, 
ңормативті)  өнердің  қай  түрін  болса  да  жүйелеп,  жіктеп  саралау  кезінде 
оның болмысқа, шындыққа қатынасын ескеру керек екендігін дэлелдейді.
Озінің «Поэтика» атты еңбегінде Аристотель еліктеудің (бейнелеудің) 
үш принципімен бірге әдеби жанрларды саралау шарттарын да белгілеген. 
Еліктеу  (бейнелеу)  өнері  «үш  нәрсе  бөйынша даралануы  мүмкін:  еліктеу 
недеи  көрінетіндігі,  не  нэрсеге  елікгейтіндігі,  қалай  еліктейтіндігі»  [13]. 
Басқаша  айтқанда,  жанрларды  елікгеудің  (бейнелеудің)  мазмұнына,  түріне
61

жэне  тәсіліне  қарай  жіктеуге  болады.  Алайда,  әдебиеттану  мен  фольклор- 
тану  ғылымдарында  жанрды  анықгау  үшін  тек  үшінші  еліктеу  тәсілі  ғана 
аталып,  негізге  алынып  жүр.  Дүрысында,  осы  үш  принциптің  үшеуі  де 
саралаудың негізі  бола алады, тек белгілі  бір тарихи кезеңдегі  әдебиет пен 
өнер, фольклордың міндетіне сәйкес үшеуінің бірі басты принцип болмақ.
Ешбір фолыслорлық жанр саф алтындай таза күйде болмайды. Өйткені 
ол  жападан-жалғыз  өмір  сүрмейді,  үзақ  көркемделу  процесінде  жанр- 
лар  бір-бірімен  тығыз  байланысқа  түседі,  олар  бір-біріне  ықпал  жасап, 
кірігіп,  тіпті  жаңа жанрға  негіз  де  болады,  бірақ  олар  қосылып  кетпейді, 
әрқайсысы өзіне тэн қасиеттермен ерекшеленеді.
Мүнда екі  процесс  қатар жүреді.  Фольклорлық жанрлардың даму ба- 
рысында бір жагынан олар жекеленіп, дараланып (дифференциация) түрса, 
екінші жагынан бір-бірімен туыстасып, жақындасып, ортақтасып түрады. 
Жанрлар дараланган түста өмірдің бір жағын ғана  көрсетуге «мамандана- 
ды», яғни фольклор шығармалары мен жанрларының танымдық мүмкіндігі 
кеңейген  сайын,  олардың  «мамандануы»  да  кеңейіп,  бөлшектенеді, 
оған  қоса  жанрлардың  даралану  процесі  де  күшейе  түседі.  Сондай-ақ 
жанрлардың ортақтасуы да қатар жүреді.  Мысалы, жаңадан  пайда болған 
жанр ау-баста синкретті түрде болады, содан дами келе ол өзінің жанрлық 
белгілеріне  ие  болады  (дифференциацияланады).  Бірте-бірте  ол  енді  өз
қасиеттерін  бойына  сщіреді,  сөйтіп  синтезге,  яғни  интеграцияға  түседі. 
Демек, жанр даму жолында үш түрлі сатыдан  өтеді: даралану (дифферен- 
циация), түрақгану (стабилизация) жэне ортакггасу (интеграция).
Жанр  өзінің  даму  тарихында  ең  алдымен  атқарылатын  қызметіне 
сәйкес өзгереді, міне жанрдың «мамандануы» осыдан шығады.
Фольклор  функциясының  көптігі  немесе  жеке-дара  көрінуі  көркем 
шығарманы  обьективті  түрде  талдап,  танып,  бағалауға  кедергі  келтір- 
меуге  тиіс.  Мэселен,  эр  фольклорлық  жанр  мен  шығарманың  мақсаты 
мен  қызметін  түсінбесек,  біз  оны  дүрыс  танып,  зерттей  алмаймыз.  Кез 
келген  жанрдың,  шығарманың  белгілі  бір  нысанасы  болады.  Айтушы  да, 
тыңцаушы да ол жанрға, шығармаға өзіне тиісті міндет артады. Осыған бай- 
ланысты  айтатын  нәрсе -   фольклордың  ылғи  да танымдық  қызмет  атқара 
бермейтіндігі  (әрине,  көркем  өнер  ретінде  ол  омірді  тануға  жэрдем  етеді). 
Мысалы,  қазақгаң  қаһармандық эпосын  тек  танымдық түрғысынан  қарау
-  біржақгылық болар  еді.  Соз жоқ,  бүл жанр  шығармалары  өзі  бейнелеген 
болмысты білуге зор жәрдем етеді.  Бірақ оның ең басты мақсаты -  елді ер- 
лікке шақыру, жауға деген  ошпенділікті арттыру.  Сол себепті  қаһармандық 
эпоста маңызды нэрсе -  батырдың іс-әрекетін түсіндіру емес, оның ерлігін 
мадақгау,  жауға  қарсы  соғыстың  саяси  жэне  моральдық,  отан  сүйгіштік 
мэнін  ашу.  Осыдан  барып  батырдың  қалыптасқан,  канонды  образы  пайда 
болады.  (Алайда,  бүл  образды  кейінгі  заманда  туған  әдебиет  олшемімен 
зерттеген  ғалымдар  «штамп  образдар»  деп  оларға  менсінбеушілікпен  де 
қарады). Эпос стилінің котеріңкі болатыны да, кейіпкерлер мінездемелерінің
62

жалпылама болатыны да осыдан. Соған қарамастан осы «штамптар» (образ, 
стиль, мінездеме) өз кезінде қаһармандық эпостың мақсатына сай көркемдік 
қызмет  атқарды.  Қалай  болғанда  да,  айтушылар  мен  тыңдаушылар  үшін 
үлы  дэуір  оқигаларының  баяндалуы  ең  қажет  нәрсе  болды,  себебі  олар 
батырлық жырдан ерлік сезімге үйренді,  елді сүюге үйренді. Бүл пікіріміз- 
ді  бір  ғана  мысалмен  дәлелдеуге  болады.  Фашизмге  қарсы  ¥лы  Отан 
соғысы  кезінде КСРО-ны  мекендеген  коп халықгың бүрынгы батырларды 
дәріптейтін  жырлары,  бьшиналары,  думалары  жиі  орындалып,  армия  мен 
тылда  бірдей  тарады.  Ол  шығармалар  тек  патриоттық  сезімді  күшейтуге 
ғана қызмет еткен жоқ.  Оларды халық өте актуальды деп  білді, сол себепті 
олар жырланды, ондағы батырлар дәріпгелді. Бұл айтқанымыздан шығатын 
тағы бір қорытынды: фольклор жанрлары бірнеше функциялы болғанымен, 
белгілі бір кезеңде бір функцияны басты етіп алады.
Фольклор  жанрларын  жіктеп,  саралағанда  белгілі  орыс  ғалымы 
К.В.Чистовтьщ мына сөзін есте түтқан дүрыс.
«Советтік фольклортану ғылымында, -  деп жазады ол, -  фольклорлық 
жанрды,  әдеби  сияқты,  түр  мен  мазмүнның  ерекше  байланысы  ретінде 
түсіну етек алған. Бүл, эрине, дүрыс, бірақ жанрға теориялық анықгаманы 
әуелі  ерекше  жанр  деп  боліп  алған  бір  топ  шьнгарманың  атқаратын 
әлеуметтік-тұрмыстық функциясын талдау негізінде берген  жон сияқты... 
Әлеуметтік-тұрмыстық функция -   тарихи  категория,  оның тууы,  дамуы, 
жойылуы тарихи,  элеуметтік,  этникалық, тағы да басқа  факторларға  бай- 
ланысты.  Былиналар,  алуан  түрлі  өлеңдер,  жоқтау,  арбау,  т.б.  халықтың 
күнделікті тұрмысында бэрі бірге қатар өмір сүрді, өйткені бұл жанрлардың 
әрқайсысы белгілі бір функция атқарды. Әрине, ол функция басқа да фун- 
кциялармен аралас болды»  [14].
Егер қазақ халық прозасын оның бұрынғы заманда атқарған қызметіне 
қарап  топтастырып,  сараласақ,  онда  ол  үлкен  екі  топқа  бөлінеді.  Бірі
-  айқын  көрінетін  эстетикалық жэне  ғибраттық  функция  атқаратын  жанр- 
лар 
(ертегінің  бар  түрі,  мысал,  хикаят  пен  әпсананың  кей  түрі).
 
Бұлар 
көркемделген  проза.  Екіншісі  -   эстетикалықган  басқа  қызмет  атқаратьш 
прозалық  жанрлар 
(аңыз,  әңгіме,  хикая,  миф).
 
Ал  бұл  айтылғандар  -  
көркемдігі қарапайым проза. Әдетте, айтушы мен тыңдаушылардың өздері де 
бүларды көркем шыгарма деп қабылдамайды. Айтылмыш жанрлардың бас- 
ты мақсаты -  тыңдаушыларға тарихи, саяси, діни т.б.  практикалық мәлімет, 
хабар беру.  Сол себепті оларда шығарма мазмүнын көркемдей, эсірелей ба- 
яндау мақсат тұтылмайды. Керісінше, олар нақгылы жэне қарапайым сипат- 
та баяндалады жэне сонысымен кэдімгі жай сұхбат-әңгімеге жақындайды.
Жалпы,  фольклор  жанрларының  өмірге  қатынасына  байланыс- 
ты  атқарған  қызметін  сөз  қылғанда,  өте  маңызды  нәрсе  -   фольклордың 
көркемдігі.  Көркем  онерғе  айналмаған  фольклордьщ 
басты  мақсаты
-   танымдық.  Бұған  халық  прозасының  ертегіге  жатпайтын  тобы  кіреді, 
атап  айтқанда:  ауызекі  әңіме,  хикая,  аңыз,  шежіре,  миф,  әпсана,  хикаят. 
Бұлардың  міндеті  -   жас  ұрпаққа  белгілі  дәрежеде  маңайдағы  табиғат,
63

елдің өткен-кеткен өмірі жайлы «білім» беру, тыңдаушыларды ел тарихы- 
нан  хабардар  ету.  Сол  себепті  бұл  жанрларда  асыра  көркемдеу,  әсірелей
суреттеу ете аз болады. 
’  • 
ү
 
.
Сөз  өнеріне,  коркем  дүниеге  айналған  фольклор  жанрларының  бас-
ты  функңиясы  -   эстетикалық,  тэрбиелік  болып  келеді.  Ондай  жанрлар 
шығармаларында  омірді  бейнелеу  тікелей  танымдық  мақсаг  коздемеиді, 
керісінше,  адамды  иландьфу,  сол  арқылы  тыңдаушыға  үлкен  эсер  ету 
мақсатын көздейді, оны лэззатқа бөлеуте тырысады. Қазақ халық прозасының 
ертегі  жанрлары  түгелдей  осындай  қызмет  атқарады.  Көркем  фольклор 
ретінде ертегі өмірді, болмысты танып-білу ниетімен айтылмаиды.
Фольклорды  зерттегенде  оның  танымдық  түрін  де,  көркем  түрін  де 
жан-жақты  қарастыру  қажет.  Өйтпеген  күнде  жанрлар теориясын  жасау 
мүмкін емес, көркем  түрлердің даму заңдылықгарын да ашу қиын.  Асы- 
лында, белгілі бір жанрдың табиғатын, ерекшелігі мен заңдарын білмейін- 
ше ол жанрға  жататын шығарманы объективті түрде жэне дүрыс бағалау 
қиынға соғады. Себебі қашан болса да бір нәрсенің ерекшелігі, жалқылық 
қасиеті тек жалпымен, ортақтықпен байланыста ғана анықгалады.
Фольклорда,  тегінде,  жеке  адамның  характері  керсетілмейді.  Онда 
жеке  адамның  іс-әрекеті  баяндалады.  Бүп  түрғыдан  келгенде,  эсіресе, 
эпикалық фольклор  өте  мэнді  материал  береді.  Мэселен,  жырда,  ертегіде 
бас кейіпкер өз ортасынан дара алынып корсетіледі:  ол қалыңдығын іздеп 
тау-тасты кезеді, демек, фольклор кейіпкері озін қоршаған дүниемен ерекше 
қатынаста бейнеленеді, тіпті ол бүкіл маңайындағы  тылсым күштерге, бей- 
таныс қауымға қарсы қойылады.  Бірақ соның өзінде де оның мінез-қүлқы 
ашылмайды, тек басынан кешкен оқиғалары ғана айтылады. Шығарманың 
барлық назары кейіпкердің іс-әрекеттеріне аударылғандықган бір мезетте 
оның  ауылындағы,  ел-жүртындағы  оқиғалар  баяндалмайды.  Бүл  жерде
«фольклорлық уақыт» заңы билік етеді.
Фольклордың  әдебиетген  болектенетін  бір  өзгешелігі  -   шығармада 
уақыттың  көріну  түрі.  Егер  эдебиетте  уақыт  откен  жэне  осы  шақ  ретінде 
корініп,  озінің  нақгы  мағынасьшда  бейнеленсе,  фольклорда  уақыт  ең  ал- 
дымен  өткен  шақ,  ерте  заманда  откен  дэуір  ретінде  түсіңдіріледі  де,  ол 
сығымдалып бейнеленеді. Сонымен бірге фольклорлық шығармада  баяғыда 
болған  кейіпкердің  іс-эрекеті  осы  шақ түрінде  баяндалады,  яғни  осы  қазір 
болып жатқандай сезіледі. Кейде грамматикалық  формасы еткен шақ болса 
да, оқиға мен қимыл, іс-әрекет осы шақ мағынасында түсініледі.
Міне,  фольклор  жанрларын  ғылыми  саралағанда,  оның  теориясын
жасағанда бұл да ескерілетін мэселе.
Осыған  қоса  айтатын  нәрсе  -   фольклорлық  шығарманың  баяндалу 
барысындағы  уақыт.  Фольклорлық  шығармада  уақыт  ешқашан  кері  ше- 
гінбейді.  Басқаша  айтқанда,  жыршы  немесе  ертекші  әдебиетгегі  сияқгы 
бір  кезде  болып  жатқан  екі-үш  оқиғаны  қатар  керсетпейді.  Мысалы, 
әдебиетте  кейіпкердің  ез  басынан  кешкен  оқиғалар  баяндала  отырып, 
автор  кейін  шегініп,  осы  кезде  оның  үйінде  не  болып  жатқанын,  оның
64

V #
маңаиындагы  адамдар қандаи  харекет істеп жүргенін, олардың тагдырын 
суреттей береді. Ал, фольклорлық шығармада олай емес. Айтушы, жыршы 
қаһарманның тагдырын  баяндау  кезінде дэл  осы  уақытта  оның елінде  не 
болып  жатқанын  суреттемейді.  Батыр жоқга елін жау шауып  кеткені жай- 
лы ол кейіпкер еліне қайтып келген кезде  гана баяндайды, ягни батырдың 
жорықта жүрген  кезіндегі сәтпен  қатар баяндалмайды.
Фольклорлық шыгармада уақыт  ылги да  өткен дэуір болып  көрінеді. 
Бірақ  откен  дэуір  айтушы  мен  тыңдаушыга  өз  заманымен  тыгыз  байла- 
нысты  болып  сезіледі,  баяндалып  отырган  оқигалар  осы  әңгімеленіп 
отырган  кезде  болып жатқандай  қабылданады: Бүл  қасиетті, эсересе,  ба- 
тырлар  мен  тарихи  жырдан  жэне  аңыздан,  шежіреден  байқауга  болады. 
Демек,  фольклорлық  шыгармадагы  қазіргі  шақ  пен  бүрынгы  шақгың 
жігі  айтушы  мен тыңдаушылар  үшін  баяндалатын  оқиғаның  ерте  заман- 
да болганында  емес,  сол оқиганың  қаншалықгы  маңызды  екенінде.  Олай 
болса,  фолыслорлық  жанрларда  (гашықтық  жырда,  батырлық  пен  қиял- 
гажайып  ертегілерде,  хикаяттарда)  өткен  дэуір  маңызды  бола  түрса  да 
түйықгалып  («закрытое  в  себе»  -   деп  Гегель  айтқандай),  тарих  дүниесі 
болып  қабылданады.  Ал, енді бір топ жанрда (батырлар жырында, тарихи 
жырда,  шежіре  мен  аңызда) еткен дэуір  айтушы мен тыңдаушылар  зама- 
нымен сабақтасып, тіпті әлі жалгасып жатқандай сезіледі.
Бүдан  шыгатын  қорытынды: 
фолыслорлық  шыгармада  тарих 
пен  қазіргі  заман  (айтушы  мен  тыңдаушының  дэуірі)  өмірдегі  уақыт 
өлшемімен  межеленбейді.  Ол  екеуінің  арақатынасы,  жігі  елдің,  айтушы 
мен тықдаушылардың сакасы мен ой елегінен өтіп белгіленеді, баяндалып 
отырган  оқиганың  ел  үшін  маңыздылығымен,  сол  дэуірге  үндестігімен,
жалғастығымен өлшенеді.
Фөльклөрлық  жанрлар  теөриясын  зерттеу  үстінде  ескеруді  қажет 
ететін  фактөрдың  бірі  -   шыгарманың  орындалу  мәнері,  яғни  айтушы 
оқиғаға  өзін 
қатысты  қылып  айта  ма,  элде  керісінше,  шығармадағы 
оқиғаны  өзіне  еш  қатысы  жоқ  қылып  баяндай  ма,  -   міне,  бүл  да  фоль- 
клөр  жанрларын  ерекшелендіретін  жэйт.  Әдетте,  әдебиет  теөриясында 
мүны  «мен»  жэне  «ол»  формасында  жазу дейді.  Бірақ  бүл  жерде  мәселе 
басқаша. Әдеби шығармада «мен» деген автордың нақ өзі бөлмауы мүмкін 
жэне  романдағы  өқиғалардың «мен» атынан баяндалғанымен автөрға еш 
қатысы бөлмауы тағы  ықгнмал.  Ал,  фөльклөрда,  өның ішінде жай  әңгіме 
мен  хикаяда  айтушы  өқиғаны  тура  өз  басынан  өткен  қылып  айтады. 
Мүндағы  «мен» -   айтушының  өзі.  Бүдан  шығатын  қорьггынды  -   көркем 
фолыслорға  айналып  үлгермеген  шығармаларда  айтушы  сюжетгі  өзіне 
‘қатысты  қылып  қүрады  да,  өзінше  баяндайды.  Сөл  арқылы  шындықтың 
фактілерін  өз  дүниетанымы  тұрғысынан  түсініп,  өларды  (фактілерді)  өз 
мүддесі үшін пайдаланады. Шығарманы бүлай баяндау әдісін -   трансфөр- 
мативті, яғни өзгерте баяндау дейді.
Мүнда айтушы өмірде болған  фактіні өзінің қалыптасқан түсінік-пайы- 
мьш дэлелдеуге пайдаланады. Сөның салдарынан айтылып отырған мемөрат
5-2511
65

пен  хнкаяда  болмыс  тікелей  көрінбейді,  ол  айтушы  санасы  мен  сезімінің 
корігінен отіп бейнеленеді. Бірақ мұнда айтушьшьщ коркем даралығы жоқ, се- 
бебі ол баяндау үстінде көркемдеуді мақсат түгаайды. Айтушы үшін оқиғаны 
өте нанымды етіп баяндау — басты мшдет. Яғни тыңдаушыларды  айтқанына 
сендіру  жэне  сол  арқылы  өз  ойы  мен  түсінік-пайымын  занданырып  бекі- 
ту — айтушы үшін аса  маңызды.  Ол  әңгімесіне  көркемделген  қиял-ғажайып 
элементтер  енгізе  алмайды.  Ондағы  қиял-ғажайып  элементгер  (айталық, 
жез тырнақгы  сұлу әйел,  жалғыз  көзді дэу т.т.)  елдің  бэрі  сенетін  нәрселер.
Сондықтан тындаушылар оларды өтірік деп есептемейді.
Бір  гажабы  -   халық  прозасының  ертегіге  жатпайтын  шыгармалары 
баяндалып  отырған  оқиғаны  неғүрлым  шындыққа  жақын,  өмірде  болған 
етіп  көрсетуге  тырысатындығы.  Бұл  ретте  жоғарыда  атап  кеткен  мемо- 
рат пен хикая жанрларынан басқа аңыз бен шежірені атауға болады.  Олар 
көркем  сөз  бола  тұрса  да  ел  үшін  ең  алдымен  тарихи  жэне  құқықтық 
қызмет  атқарған.  ПІешендік  сөз  бен  шежіренің  эстетикалық  қызметінен 
идеологиялық  қызметі  басым  болғандықтан  ол  жанрларда  айтарльнсгай 
қиял-ғажайьшты  қоспа  болған  жоқ.  Сол  себепті  бүл  жанрлардың 
шығармалары,  айтушының  оқиғаға  тікелей  қатысуын  керек  қьшмаса 
да,  омірде  шын  болган  жағдайды  баяндайды  деп  есептелінген.  Ондағы 
оқиғалар ешбір күдік туғызбаған, тыңдаушы оған күмэнданбаган.
Рас,  бұл  шығармалардың  айтылу  мәнері  меморат  пен  хикаядан  өзгеше. 
Мүнда, фольклордьщ көркем жанрлары сияқіы, айтушы оқиганы сырт баяндаи- 
ды, шығармадағы іс-эрекеттер өзінен-өзі болып жатқан секілді қыльш корсетеді. 
Мұндай баяндауды презентативті, яғни нұсқай, көрсете баяндау дейді.
Баяндаудың  бұл  түрі  коркем  фольклорға,  атап  айтқанда  ертегіге, 
эпостың барлық түріне тән. Мүндагы сюжет эпикалық болып келеді. Оган 
экстенсивтік сипат тэн. Басқаша айтқанда, бүл сюжет -  бірінен кейін бірі 
баяндалып отыратын оқиғалар тізбегі, ал оқиғаларды  біріктіретін, туды- 
ратын нәрселер -  кейіпкерлердің үзақ сапары, сол саяхат кезінде басынан 
кешетін  қиындықгары,  эр  түрлі  жаулармен,  мақүлықтармен  қақтығысы 
т.т.  Демек,  сюжетті  жыршы  мен  тыңдаушының  қалауынша  созуға  да, 
қысқартуға  да  болады.  Кейіпкерлердің  батыр  мен  жаудың  арасындағы 
эрбір  қақтығысы  жаңа  эпизод  туғызады,  келесі  оқиғаның  бастамасы 
(завязка)  немесе  түсіндірмесі  (мотивировка)  болады. 'Сюжеттің  дамуы 
шығарманың  ішкі  қайшылығынан  шықпайды,  керісінше,  ол  жалғамалы 
сипатта  болады,  сондықтан  оны  кез  келген  жерде  үзуге  болады,  неме- 
се тағы  соза беруге  болады.  Бұл эсіресе, ғұмырнамалық жэне шежірелік 
тұтастануға түскен, одан өткен  шығармаларда оте айқын  көрінеді.  Мы- 
салы,  батырлар  жырында  эпикалық  сюжеттің  бұл  ерекшелігі  барынша 
анық  сезіледі.  Мүны  ғашықтық жырдан  да,  тарихи  жырдан  да  байқауға
болады.
Ал,  проза  жанрына  келсек,  сюжетгің  бұл  типі  ертегіде  кездеседі. 
Батырлық  пен  қиял-ғажайып  жэне  новеллалық  ертегілерде  шыгармалар 
көбіне-көп экстенсивтік сюжетке негізделген.
66

Көркем фольклор шығармаларының тағы бір орындалу мәнері бар. Ол
-  экспозитивті, яғни түсіндіре баяндау. Бұндай мәнер өте шебер жыршылар 
мен ертекшілер өнерінде кездеседі. Олар жай жырлап, болмаса ертегіні құр 
баяндап  қоймайды.  Оқиғаға  араласпай  отыра,  олар  кейде  тікелей,  кейде 
жанай,  баяндалып  отырған  оқиғаға деген  өз  қатынасын,  яғни  козқарасын 
білдіріп  отырады,  текстің  арасына  түсіндірме  енгізіп  отырады,  я  болма- 
са өмір туралы,  не  өзі туралы толғап  кетеді т.т.  Сөйтіп  қалай  болғанда да 
өзінің бүкіл  шығармаға,  кейіпкерге,  бір  оқиғага деген  қатынасын  сездіріп 
отырады.  Жыр  мен  ертегінің  бастамалары  мен  аяқтамаларының  өзі-ақ 
орындаушылардың шығарма туралы ой-пікірін білдіріп тұрады.
Фольклор өмірді де, кейіпкерді де бір тұрғыдан бейнелейді, бір жагынан 
ғана сипаттайды.  Батырлар  жьфы  болса,  онда тек  жекпе-жек  қақгығыс  пен 
соғыс туралы  айтылады,  ал ғашықтар жырында екі  жастың адал  махаббаты 
мадақгалады. Батырлар жырында бас кейіпкер тек жауынгер тұлғасында бейне- 
ленеді де, ғашықтық жырда кейіпкерлер махаббат құрбаны болып көрсетілген. 
Мұнда (бір шығарма ішінде) болмыстың әр жағы суреттелмейді, тіршіліктің 
қыр-сыры, қайшылықтары ашылмайды, ал кейіпкерлер не бірыңғай багыр, не 
бірыңғай ғашық болып  келеді.  Оларда күмәндану, толғаныс, психологиялық 
терең қиналыс болмайды. Міне, фольклорды әдебиеттен тағы бір ерекшелен- 
діріп  тұратын  белгі  осы.  Бірақ,  бұл  ерекшелік  фольклор  жанрларын  іштей
жіктеп, саралауда айтарлықгай рөл атқармайды.
Қандай  шығарма 
болса  да  өмірді  белгілі  бір  әдіспен  бейнелей-
ді.  Бұл  әдістің  басты  белгісі  -   көркемдік,  кейіпкерлер  мен  оқиғалар 
арқылы  көрінетін  шығарманың  шындыққа  қатынасы.  Яғни  фольклорлық 
шығарманың өзі баяндалып отырған оқиғаларды шын болған деп бере ме, 
жоқ па жэне айтушы мен тыңдаушылар оған илана ма, иланбай ма — міне, 
жанрды анықтаудың басты шарттарының бірі осы. Жанрды анықгап, зерт- 
теудегі  біздің  мақсатымыз  фольклорлық  шығарманың  табиғатына  ену, 
сойтіп  оның  коркем  шығарма  ретінде  ұстанып  отырған  принципі  мен
шарттылығын анықгау.
Фольклорлық жанрлар неғұрлым шындыққа жақын болса, яғни оқиғаны
омірде болған деп  бейнелеуге барынша тырысса, солғұрлым олар сюжетлк 
және коркемдік жағынан ұтылады: шығарманың сюжетпк арқауы бос бола- 
ды, композициялық құрылысы ширамайды, көркемдік тұтастығы жетшмей- 
ді.  Бұл танымдық функциясы басым жанрларда кездесетін құбылыс.
Тегінде,  фольклордың  омірді  бейнелеу  принципі  объективті  емес, 
коп  жағдайда субъективті  жэне  нормативті  болады.  Бірақ бір  жанрда бұл 
екі  принциптің  біреуі  ғана  басты  болады.  Мысалы,  эпоста  субъективті 
принцип  негізгі  болып  саналады.  Алайда,  мұнда  субъективтілік  объек- 
тивті  формада  көрінеді.  Мысалы,  қаһармандық  эпоста  батырдың  ерлік 
қимылы  мен  іс-әрекеті  мадақтала жырланады,  яғни  жыршы  ерлікті  объ- 
ективті  түрде  бейнелеген  болып  корінеді,  ал  шындығында  ол  өз  сезімін 
білдіре, өзінің ой елегінен өткізе бейнелейді және өзіне ұнаган іс-әрекетті 
мадақтай,  дэріптей  жырлайды.  Сонымен  қатар,  эпоста  нормативтік  при-
В   ■
 
•  ; V  . 
67
і

нцип  те  көрінеді:  суреттелетін  нақтылы  батыр  емес.  Батыр  қандай  болу 
керектігі  тұрғысынан  бейнеленеді.  Батырдың  бойына  адамның  ең  асыл 
қасиеттері таңылады, эпикалық батыр — жиынтық образ, батырдың норма- 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал