Б 82(5К) Қ44 Сеиіт ҚАСҚаьасод



жүктеу 1.76 Mb.
Pdf просмотр
бет35/36
Дата12.01.2017
өлшемі1.76 Mb.
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36

НАУРЫЗБАЙ -  ҚАНШАЙЫМ
«Айман-Шолпанға»  қарағанда  бұл  шығарманың  балладалық  сипаты 
басымырақ.  Мұнда  эпика  мен  лирика,  тарих  іздері  мен  қиял  элементтері 
бар, ал, бұлар баллада тектес лиро-эпикалық жырға тэн. Осылармен бірге 
балладаға хас ерекшеліктер де жоқ емес: шығарма қызық оқиғалы, сюжет 
эпикалық  пафоспен  баяндалып  келіп,  күрг үзіледі,  негізгі  оқиға төтенше 
жағдаймен бітіп, трагедиямен аяқталады. Сөйтіп, «Наурызбай-Қаншайым» 
жыры  тыңдаушысын  (яки  оқырманын)  мүңлы  күйде  қалдырады.  Жырда 
бірнеше  тарихи  адамдар,  атап  айтқанда,  Кенесары  хан  мен  Наурызбай, 
Ағыбай  сияқгы  атақгы  батырлар  бейнеленеді,  бірақ  олар  өмірдегідей,  я 
болмаса  тарихи  эпостағыдай  сыртқы  жаулармен  шайқасып  жүрген  жоқ, 
олар  Наурызбайдың  мүддесін  қорғап,  оның  тағдырына  араласады.  Ал, 
жырда  баяндалатын  оқиға тарихта болмаған,  яғни сюжет ойдан  алынған, 
сол  себепті  мұндағы  ағыны  қатты  Үшбурыл  өзені,  Түбек,  Арал  деген 
жерлер  қиялдан туған,  олар тылсымға толы, үрейлі  болып көрсетіледі де, 
жырға біршама ғажайыптық бедер береді.  Ал,  мүндай жәйттер  балладаға 
мүлде жат емес, өйткені, баллада -  «өткеннің ерлік істерін, қыз бен жігіттің 
қайғылы  махаббатын,  аруақ,  жын-шайтан  араласқан  үрейлі  окиғаларды, 
т.б. жырға қосатын елгезек жанр» [1].
«Наурызбай-Қаншайым» жырының сюжеті жай ғана ойдан шығарылма- 
ған, тақыр жерден тумаған,  мүнда ергеден келе жатқан,  бүкіл эпосымыз бен 
ертегімізде баяндалатын сюжет пайдаланылған. Ол сюжет -  жігітгің ерлікпен 
үйленуі.  Ежелгі  ертегіде  кейіпкер  айдаһардан,  немесе  басқа бір  дұшпаннан 
қүгқарып,  қызға үйленсе,  қаһармандық эпоста  батыр өз сүйгенін  қалмақгы, 
яки  басқа  жауды  жеңіп  алады.  Ал,  мына  жырда  ерлікпен  үйлену  сюжеті 
сәл  озгеріп,  қаһармандықган  гөрі  лирикалық  бағытта  баяндалған,  бірақ 
соған қарамастан бұрынғы эпосқа тән классикалық композицияны сақгаған: 
батырдьщ  бабасын,  ата-анасьш таныстыру,  оның ерекше тууы, жастай ерлік 
жасауы,  қалыңдық  іздеп  шығуы,  қыздың  еліне  келуі,  оның  әкесімен  (басқа 
біреумен)  шекісуі,  қызға  үйленуі,  сол  жерде  біраз  уақыт  мекен  етуі,  еліне 
қайтуы, келгенде (кейде) төтенше жағдайға тап болуы (елін дұшпанның ша- 
уып  кетуі),  т.с.с.  Олай  болса,  XIX  ғасырдағы  тарихи  есімдерді  бейнелейтін 
шын оқиға деп қабылданған жыр ертеден келе жатқан фольклорлық дәстүрге 
сэйкес жасалған деп айтуға негіз бар. Ойымызды дэлелдейік.
308

Жырдың басталуы -  дәстүрлі пролог бойынша:  Абылай «мұсылманға 
хан  болып  өтеді»,  Түркістанға  бата  қьшып  қойылады.  Оның  қалмақ 
әйелінен  Қасым  хан  ерекше,  қан  шеңгелдеп,  екі  көзін  қызартып,  ашып, 
туады. Қасым хан өлген соң Кенесары хан болады.
Міне,  бүрынғы  эпостагыдай  Наурызбайдың  ата-тегі  туралы  баянда- 
лып,  олардың  идеалды  образы  жасалады.  Енді дәстүр  бойынша  болашақ 
батыр  да  ерекше  жагдайда  тууга  тиіс:  эулиенің  қолдауымен,  немесе 
күшті  аңның  (тотемнің)  етінен,  әйтпесе,  күн  сәулесінен,  яки  гүлден,  т.б. 
Кейін кейіпкерлер  әкесі өлген күні дүниеге келеді, бүл -  ғажайып туудың 
озгерген түрі.
Енді осы мотив айтылмыш жырда басқа формада корінеді: Наурызбай 
басқа әйелден туады.  «Наурызбай бір анадан қалган екен, қолына Кенеса- 
ры алган екен, Науанның өзгесінен жасы кіші, жанына жолдас-жора алған 
екен», — деп айтады жыр. Бүдан байқайтынымыз — Наурызбай жастай ана- 
сынан  айрылған,  яғни  жартылай  жетім,  жас  жағынан  бәрінен  кіші,  яғни 
кенже  бала,  өзге  әйелден  туған,  яғни  шешесі  жағынан  алғанда  -   бөтен. 
Міне, осылардың бэрі Наурызбайдың дүниеге келуінің  өзі -  айрықша еді, 
ендеше  оның  ғүмыры  да  айрықша  болады  дегізеді.  Оның дәріптелуі,  бір 
жағынан,  қазақ салтынан туындайды.  Кенже бала  қазақ үғымында -  қара 
шаңырақ  иесі,  сол  себепті  ертегіде,  эпоста  ол  мейлінше  идеалды  бейне. 
Екінші  жағынан,  қазақ  болмысында  жетімді,  жесірді  қаңғыртпаған,  әке- 
шешесіз қалған баланы туыстары қамқорлыққа алған, сондықган да қазақ 
фольклорында жетім мен өгей шеше образы бірен-саран ғана. Үшіншіден, 
қазақгьщ  полигамиялық  отбасында  бір  экеден  туған  балалар  -   аға,  іні 
есептеліп,  олар  бір-бірін  бөтенсінбейді.  Сол  себепті де  Кенесары  жастай 
қалған  інісі  Наурызбайды  өз  қолына  алады,  жанында  үстайды.  Мінеки, 
Наурызбайдың  идеалды,  мінсіз  адам  болуының  алғышарты  -   осылар. 
Бүларды бүрынгы ғажайып туу мотивінің жаңа дәуірдегі өзгерген түрлері 
деп айта аламыз.
Дәстүрлі  эпостың  сюжетінде  болашақ  батыр  ерте  жастан  ерлік 
көрсетеді:  аң  аулайды,  жабайы  бір  күшті  аңды  өлтіреді  немесе  біреумен 
күш сынасады, кездескен дүшпанмен соғысады, т.с.с. Наурызбай да сондай. 
Ол  қырық жігітті  қасына  ертіп,  сауық-сайран  қүрады,  «келуші-кетушінің 
жолын  тосады».  Он  жеті  жасында  сауыт-сайманын,  қару-жарагын  асы- 
нып,  «алабүртып  жүреді».  Бір  күні  «шарап  ішіп,  көңілі  тасып»  отырып, 
қасындагы  қырық  жігітке:  «Қайраты  менен  асқан  адам  бар  ма,  Бар  бол- 
са,  іркілместен айтып бергін!» -  дейді.  Жігітгердің біреуі ондай адам бар. 
Олар -  Алшын,  Жаппастагы Тілеуқабақ байдың Әли, Мүса атты екі  бала- 
сы,  олар  әрі  мерген,  әрі  баһадүр,  эрі  бай деп»;  «Тақсыр-ау,  сол  жылқыны 
бір алмасаң, бүл сөзің құр мақтанның қай жағында?» -  деп, Наурызбайдың 
намысына тиеді.
Жырдың  осы  эпизоды  екі  міндет  атқарып  түр.  Бірі  -  жас  батырдың 
үйден шыгуы, ягни өз мықтылығын көрсету үшін жортуылға шығуы. Екін- 
шісі -  осы  жорықта  батыр  өзінің  қаһармандығын  көрсетуі.  Осының екеуі
309

де  ескі  эпоста  бар.  Бұрынғы  батыр  да  өзінің  күшін  сынау  үшін  немесе 
озіне  әйел  іздеу мақсатында жолға шығады.  Мүны  ғылымда «үйден  атта- 
ну» («отлучка из дома») дейді. Осыған сәйкес Наурызбай да үйден аттана- 
ды. Оның аттану себебі — намыстануы. Алайда, ол бірден аттанбайды, ал- 
дымен ағасынан бата алуға тиіс, әйтпесе жолы болмайды. Кенесары ағасы 
э дегеннен  келіспейді,  элі жассың дейді.  Сөйтіп,  фольклор заңына сэйкес 
«тыйым»  салынады,  ал,  тыйымды  бүзған  кісі  пәлеге  үшырайды.  Осыны 
ескерген жыршы бүл жағдайды басқаша шешеді. Наурызбай ағасына ауыр 
сөз  айтады.  («Қатыныңша  қаңтарып  тізгіндейсіз,  Абүйырды  қимайсыз, 
сірэ,  маған»).  Осыдан  кейін  Кенесары  рүқсат  береді  де,  Ағыбайды  бас- 
шы  етіп,  қырық жігітті  қосып,  Наурызбайды  жылап тұрып  аттандырады. 
(Кенесары жырда екі-үш  жерде осылай  жұмсарып,  көзіне жас алады, тіп- 
ті,  мінэжат  қылып,  зарланып,  еңірейді.  Бұл  жырдың  лирикалық  қырын 
күшейту  үшін  қолданылған тэрізді).  Сонымен,  Наурызбай үйден аттанып 
кетті.  . 


.  .  . 
..  .  ';
_..  . 
.
Эпостың поэтикасы бойынша бұл жолда неше түрлі қиындық пен ке- 
дергілер болуға тиіс.  Бұл жырда да солай. Алғашқы қиындық -  алыс жол, 
белгісіз ел. Екінші кедергі -  «жүктей тасты көтеріп, ағып жатқан Үшбурыл 
өзені.  Үшінші  қауіп  — тылсымга  толы  түбек,  үрей  тудыратын  бейуақыт, 
қараңғылық («Ай қараңгы, күн бұлт, қалың түбек, Болжай алмай келеді ой 
мен қырды»).  Осылардың бәрінен аман-есен өтеді. Алыс жолды «жиырма 
күн-түнімен» жүріп өтеді, Үшбурыл өзенін бірінші  болып Наурызбайдың 
өзі өтеді, қалың түбектен де шыгады.
Қиындықтардан  өткеннен  кейін  эпостың  батыры  қыздьщ еліне  келуі 
керек, көбінесе ол  танылмай, тіпті, басқа кейіпте келеді. Мұндай жагдайды 
Наурызбай да бастан кешіреді.  Ол қараңғы түнде эн салып отырган қызга 
кездеседі.  Екеуі олеңмен қағысып,  бірін-бірі сынайды,  өзді-өзін танысты- 
рады. Жөн сұрасып, біліскеннен кейін Науан іздеп келе жатқан Тілеуқабақ 
байдың  елі  осы  екеніне  көзі  жетеді.  Таныса,  сөйлесе  келе  Қаншайым 
қыздан байдың жылқысы қайда жатқанын, өткелдің қай тұста екенін сұрап 
алады. Не керек, сол жерде қызбен қол алысып, серттеседі. Осыдан бастап 
Қаншайым Наурызбайдың қалыңдыгына айналады. Енді не істеу керек?
Енді байырғы эпостағыдай қызды алу үшін зорлықшыл жаумен, я бол- 
маса болашақ қайын атасымен, немесе оның балаларымен шайқасу керек. 
Қаншайым қыздың айтуымен Наурызбай үш жарым мың жылқыны айдап 
әкетеді.  Қыз  еліне  барып, Әли мен Мұса деген  екі  ағасын жұмсайды.  На- 
урызбай  ол  екеуінің  басын  жарып,  аттарын  алып  кетеді,  сөйтіп,  болашақ 
екі  қайын  ағасын  жеңеді  де,  қыздың  коңілін  түгелімен  өзіне  аударады. 
Ағаларының  жағдайын  көрген  Қаншайым  Наурызбайды  қуып  жетіп, 
оның ханзадалығын сынау арқылы жылқысьін түгел қайтарып алады. Қыз: 
«Тақсыр-ау, ұнатсаңыз, өзімді ал!» — деп, Наурызбайга уэде береді. Екінші 
сөзбен айтқанда, қызды алуға Наурызбайдың толық хақысы бар: ол қайын 
жұртынан қай жағынан  да  артық екенін дәлелдеді,  күшпен жеңді,  шауып 
алған малын қайтарды, қыздың уәдесін алды.
310

Осы  жерден  бастап  «Наурызбай-Қаншайым»  жыры  басқа  арнаға 
түседі.  Батырлық  эпоста  батыр  қызға  дереу  үйленеді  де,  сол  жерде  аз 
уақыт түрады,  содан  соң  еліне  келіп,  үлан-асыр  той  жасайды.  Бүлар  ай- 
тылмыш  шығармада  да  бар,  бірақ  сәл  өзғеше,  яғни  Наурызбай  бірден 
үйленбейді.  Ол  Кенесарының  ордасына  қайтып  келеді,  ағасы  інісінің 
қалыңдық тапқанына қуанып, той жасайды (оның жылқыны қайтарып бер- 
генін қүп көреді, ханзадалығын көрсетгі деп үғады). Жырдың ендігі бөлігі 
романдық  эпостың  үлгісіңде:  Төлеген  қүсап  Наурызбай  да  қызды  алуға 
қайтадан  қайын  жүртына  баруға  тиіс.  Ол  да  уәделескен  уақытында,  «ел 
жайлаудан қайтқан кезде» Қаншайымға бармақ, ағасынан Ағыбай арқылы 
рұқсатын  алады,  тек  Кенесары:  «Қыстамай,  қайтып  келіңдер!»  -   деген 
шарт қояды. Ағасының батасын алып, Наурызбай жолға шығады, бірақ ол 
Төлеген секілді жалғыз емес. Оның қасында Ағыбай бастаған қырық жігіт 
бар  жэне  олар  құдалық  жолына деген  көп  дүние  алған.  Сән-салтанатпен 
сауық қүрып, олар қыздың елінің шетіне келіп жетеді.
Ендігі  оқига  қаһармандық  эпос  пен  гашықтық  жырдың  сарынында 
өрбиді.  Қыздың  елінде  үлкен  той  болады.  Классикалық  эпостағыдай,  екі 
жақгың гүрыптық ойын-тартыстары өткізіледі. Бәйгеде де, балуан күресте 
де, жамбы атуда да, айтыста да  Наурызбай жағы басым түседі. Қүда бола- 
тын екі рудың тартысы -  ежелгі заманнан  келе жатқан салт, ол фольклорда, 
әсіресе, эпоста әсірелене көрсетіледі де, кейіпкердің қалыңдықты алу үшін 
орындауға тиісті шарттарға айналады.  «Наурызбай-Қаншайым» жырында 
айтылмыш дәстүр  өте  кең  әрі  әдемі  бейнеленген.  Жалпы,  Наурызбайдың 
қыз ауылындагы  істері түгелімен дерлік қазақтың үйлену салтын көрсету 
болып  шыққан.  Оларды  тізбелеп  жатпай,  сюжетінің  өрбуіне  оралсақ, 
мұнда  тагы да  эпостық жэйтгі  көреміз.  Ол  -   күйеу  жігіттің  үйленгеннен 
кейін  қайьш  жұртында  біраз  мекен  етуі.  Наурызбай  тойды  қызықгап, 
Қаншайымның елінде бір ай жатып қалады. Кенесарыға берген уэдесі еске 
түсіп, дереу  қайтпақ  болады.  Алайда,  қыздың Әли,  Мүса деген  екі  ағасы 
тағы  жиырма  екі  күн  үстап  қалып,  тойды  одан  эрі  жалғастырады.  Мүнда 
да  қазақтың  қүдалык  салты,  кәдесі  тәптіштеп  баяндалады,  байлардың 
дәулеті,  сән-салтанаты  эңгімеленеді.  Қойшы,  эйтеуір,  межелі  күн  бітіп, 
Наурызбай  жас  келіншегін  алып,  жолдастарымен  еліне аман-есен  жетеді. 
Агасы  үлан-асыр  той  жасап,  мүндайда  жасалатын  ырым-жоралгының 
бэрін үлкен салтанатпен орындайды. Дәстүрлі эпос осымен бітеді.
Ал,  «Наурызбай-Қаншайым»  жыры  олай  тәмамдалмайды,  трагеди- 
ямен  аяқталады.  Сүлулыгына  елдің  бәрі  таңырқаған  Қаншайым  өзінің 
қайын  ағасы  Кенесарының  көзі  тиіп,  қайтыс  болады.  Наурызбай  қатты 
қайгырады,  жылап  түрып,  қырық  жігітке  өзінің  жайын  айтады:  «Ой- 
лайсыздар,  қырық  жігіт,  Бір  қатынға  қайғырып,  Мұнша  неге  солды  деп. 
Мен  ойлаймын  ісімнің  Ырымы  жаман  болды  деп...  Қауіп  қылып  қатты 
қорқамын...  Өмірім  де  менің  қысқа  деп».  Айтса  айтқандай,  «онан  соң 
тогыз-ақ  жыл  емір  сүріп,  жиырма  бес  жасында  қаза  жетті»,  -   делінеді 
жырда. Міне, осы финал «Наурызбай-Қаншайым» жырына балладалықси-
311

пат беріп  тұр.  Қаншайымның  өлімі  жырдың сюжетін  күрт үзіп,  оқигасын 
кілт тоқтатып тастаған.  Одан кейін ешқандай оқига баяндалмайды да, су- 
реттелмейді.  Тіпті,  Кенесары  өзіне,  жолдастарына тоқтау  айтып,  «Мақүл 
корсе  Кенекем,  қазаққа  Қоқан  қас  дейді.  Соган  таман  жетелік!»  -   деп 
үрысқа  шақырса  да,  сюжет  әрі  қарай  дамымайды.  Тек  жыршы  өмір  ту- 
ралы,  оның  өткінші  екенін  ескертіп  толгайды  да,  Наурызбайдың  қайтыс 
болганын хабарлайды. Демек негізгі оқига бітті, ол екі өліммен аяқталды. 
Шыгарманың бүлай тотенше жагдаймен, кенеттен аяқгалуы -  балладалық 
яки  лиро-эпикалық  жырда  жиі  болатын  жәйт.  Оның  үстіне  бүл  жырдагы 
оқигалар  эрі  лирикалық,  эрі  эпикалық  сарында  баяндалады,  сондықган 
да ол лиро-эпикалық делініп отыр.  Әрине,  мүның өзі де белгілі дәрежеде 
шартты,  ойткені,  фольклор  жанрлары  бір-бірімен  тыгыз  байланыста  да- 
мып, біртүтас жүйе болгандықган олардьщ ара-жігін дэл ажырату қиын.
«Наурызбай-Қаншайым» жыры -  сөз өнеріне жататын коркем шыгар- 
ма. Оның образдар жүйесі, тіл кестесі, коркемдеуіш қүралдары мен бейне- 
леуіш  амал-тэсілдері  жалпы  фольклор  поэтикасының  аясында  қалыптас- 
қан. Сол себепті тарихи адамдардың бейнесі, олардың мінезі, іс-қимылда- 
ры  фольклорлық қалыпта  бейнеленеді,  халықтың  этикалық,  эстетикалық 
үгымына, түсінігіне жэне талап-тілегіне сай суреттеледі. Соган байланыс- 
ты  кейіпкерлер  дэріптеледі,  мінсіз  адамдар  болып  корсетіледі.  Осьшдай 
кейіпте,  эсіресе,  Кенесары,  Наурызбай  жэне  ойдан  қосылган  Қаншайым, 
Әли, Мүса, Күлнарайым, Толбала, т.б.
Жырда  Кенесарының  алгаш  корінуі  -   Наурызбайдың  алыс  сапарга 
рұқсат  сүрап  келетін  эпизод.  Хан  інісінің  элі  жас  екенін  ескеріп,  рүқсат 
етпейді.  Осының  озі  Кенесарының  қандай  адам  екенін  байқатады.  Ол 
өте  сабырлы,  алды-артын  ойлап,  сақтық  танытады.  Наурызбайды  алыс 
жолга  жіберуге  қауіптенеді,  өйткені,  оның  алабүртқан  мінезін  біледі, 
бірдеңеге үрынып қала ма деп ойлайды. Демек, Кенесары -  Наурызбайдың 
ақылшысы,  қамқоршысы, тәрбиешісі.  Інісіне деген оньщ сезімі айрықша, 
оның көңілін қалдырмау үшін Кенесары шалгайдагы Тілеуқабақ елін іздеу- 
ге Наурызбайга батасын береді,  соның озінде де оган  бас-көз  болсын деп 
Агыбайды қосып жібереді. Сойтіп, ол алгашқы райынан қайтады, ягни Ке- 
несары қажет болса жүмсақ та бола алады.  Оның бүл қасиеті шыгармада 
бірнеше  рет  байқалады,  тіпті,  кейде  сезімге  ерік  беріп,  жьшап  та  алады. 
Екінші  сөзбен  айтқанда,  Кенесары  жырда  қатал  эмірші  емес,  кэдімгі 
жүмыр басты адам ретінде де бейнеленген,  оган қуану да, ренжу де,  күлу 
де, жылау да жат емес.  Мәселен, Наурызбайдың сапарга шыгу талабынан 
қайтпайтынын  корген  Кенееары  «Жібермесем,  қайгьшы  болады-ау  деп, 
Жастыгын  уайым  қылып  еңіреді», -  дейді жыр.  Ол-ол  ма,  Кенесары  «па- 
тихасын  беріп  жылаганда»  кэнігі  батагөй  ақсақал  қүсап,  үзақ  толгайды, 
інісін  Қүдайга  тапсырып,  жүз  жиырма  төрт  мың  пайгамбарды,  отыз 
үш  мың  сахабаларды,  төрт  шариярды,  басқа  да  бірталай  әулие-пірлерді 
көмекке шақырады. Бірақ осының өзінде де Кенесары өзінің кемеңгер бас- 
шы екенін де көрсетеді. Бата беріп болган соң ол Агыбайга:  «Бізді баққан
312

дұшпан  көп,  бейқам  болмай,  берік  бол!»,  -   деп  тапсырады.  Оның  осы 
сөзі  көп  нэрсені  аңғартады.  Біріншіден,  заманның  тынышсыздығы,  елді 
қоршаган  жаудың көптігі,  екіншіден,  Кенесары -  халықтың қамын ойлау- 
шы  хан  екендігі.  Аңдыган  дұшпан  көп  екенін  білген  ол  үнемі  сақтықта 
жүреді, басқаларды да ескертіп отырады.  Қайын жұртына кеткен Наурыз- 
бай  кешіккенде  ол  қатты  қайгырады,  дұшпандар  қолынан  қаза  болды  ма 
деп те ойлайды.  Көңілі тынбай,  ақыры,  Наурызбайды іздеуге алты  жігітті 
жұмсайды.  Осындай аумалы-төкпелі уақытга өмір сүргендіктен Кенесары 
әрбір жақсылыққа мән береді, қуанады. Алгаш сапарында інісі Наурызбай 
қалындық  тауып  келгеніне  қатты  қуанып,  үлкен  той  жасайды,  ал,  оның 
барымталаган  жылқыны қыздың уэжді сөзіне бола қайтарып бергенін хан 
тұқымына лайық іс деп багалайды,  құп көреді.
Орайы келгенде айтатын бір нәрсе -  Кенесарының өзін ұстауы, жүріс- 
тұрысы,  сөзі  мен  ісі  -   бэрі  ханга  лайық.  Ол  жырда  жиі  көрінбейді,  тек 
бір  маңызды,  тагдырлы  сэттерде  гана  іске  араласады  немесе  ақыл  бе- 
реді,  ал,  керек  кезде  жанындагы  батырлармен  ақылдасып,  кеңес  жасай- 
ды.  Кенесары  -   өте  кең  мінезді,  мырза,  жомарт  болып  көрсетіледі.  Тегі, 
ол ерекше  қасиетке де  ие.  Оның назары тым  ауыр  әрі  қауіпті.  Бүкіл  наза- 
рын  салып  қарап  еді,  Қаншайым  мерт  болды.  Жырда  оның  батырлыгы, 
жаумен  шайқасы  көрінбейді.  Мұның  себебін  лиро-эпикалық  жанрдың 
табигатынан іздеген жөн, бірақ соган қарамастан Кенесарының идеал бей- 
несі жасалған.
Наурызбай эр сипатта бейнеленген. Әлбетте, ол -  ең алдымен, батыр. 
Сонымен бірге ол -  албырт жас жігіт, қыздың ғашығы және күйеу бала. Ең 
бастысы, ол -  Абылай ханның ұрпағы, Кенесары ханның інісі. Осының өзі- 
ақ оның ерекшелігін айғақгайды. Не істесе де оған бэрі кешірімді, сыйым- 
ды. Ерте жасынан қырық жігітті серік етіп, далада емін-еркін ойнап-күліп 
қана  қоймай,  келуші-кетушінің  жолын  тосып,  оларды  үркітіп  жүреді. 
Оның бұл «тентектігін»  ағасы да, басқа жұрт та сөкпейді.  Осы  кезеңде ол
эрі мақтаншақ мінез де көрсетеді: оір күні «шарап ішіп, көңілі тасып» оты- 
рады да,  қасындағы  қырық жігітке  «қайраты  менен  артық  адам  бар  ма?»
-  деп мақганады.  «ьар» -  дегенді естіп, намыстанады, сол адамды іздеуге 
шығады.  Міне,  осыдан  әрі  қарай  Наурызбайдың  алабұртқан  жастығы  бі- 
теді  де,  ол  ендігі  жерде  өзін  ханзада  эрі  батыр  ретінде  көрсетеді.  Оның 
ештеңеден тайсалмайтын ержүрек жігіт екендігі алғаш рет тасқыны қатгы 
Үшбурыл  өзеніне  келгенде  корінеді.  Жанындағы  қырық  жігіттің  зәресі 
ұшып, ешқайсысы суға түсуге батпайды. Мұны көрген Наурызбай Қызыр, 
Ілиясқа снынып, озенге түседі де, аман-есен аргы бетке өтіп шығады. Жас 
батырдың  еш  нәрседен  қорьщпайтыны  екінші  рет  қайталанатын  тұсы  -  
қараңғы  түнде,  тылсымға  толы,  белгісіз  түбекте  ол  жалғыз  келіп,  қызға 
жолығады.  Енді  Наурызбай  аса  тапқыр,  сөзге  ұста  ақын  болып  шығады. 
Қаншайым  қызбен  өлеңдетіп танысқан  ол  небір ұтқыр,  көркем  ой  айтып, 
қызды тэнті етеді. Қызбен айтысқандағы Наурызбай өзіне-өзі сенімді, тіп- 
ті,  өркөкірек,  өзін  жогары  ұстап,  қызды  эрі  менсінбей,  эрі  шамына  тиіп
313

сөйлейді,  кейде  қуақы  боп  қыршаңқы  сөздерді  қолданады.  Мұнысымен 
ол  қызды  әрі  сынап  көрмекші.  Мысалы,  Наурызбайдың  сөздері  мынадай 
болып  келеді:  «Жігітке  қыз  қаргысы  майдай жагар»,  «Ауруым  әсте  менің 
басылмайды  өзіңці  ат  көтіне  бір  салмастан»,  «Мәніссіз  сез  айтады  қыз 
ақымагы»,  т.б.  Қыздың  сөздерінен  оның  ақылдылыгын,  парасатгьшыгын
аңгарган  Наурызбай  оган  жылы  сөзді  де  аямайды:  «Жауабың  сөзге  тэуір 
көрінеді,  жарқыным,  жөніңді  айтшы,  сен  кім  едің»,  «Кем  емес  еш  пен- 
деден  парасатың»,  «Есімнен,  жаным,  сені  шыгармаймын»,  т.т.  Осындай 
сөзбен  қақгыгысу Наурызбай мен  Қаншайым  арасында тагы  бірнеше рет 
болады. Екеуі де сөзді багалайды, сөзбен мэселелерін шешеді, уәжді сөзге 
тоқтайды. Сөз сайысы олардың бірін-бірі толыгырақ білуге, сөйтіп, сезім- 
дерін оятуга, соңында екі жастың қосылуына әкеледі.  Сөз қүдіреті  жырда 
ерлікпен, күшпен пара-пар, тіпті, олардан да артық.
Наурызбай  өзінің  ерлігін  бірнеше  мэрте  дәлелдейді:  артынан  қуып 
келген Әли мен Мүсаның басын жарады, бірақ Қаншайымға берген уәдесі 
бойынша  өлтірмейді.  Қаншайым  сөзден  жеңіп,  ханзада  жылқыны  түнде 
үрламай,  ерлермен  шайқасып,  тартып  алганы  жөн  дегенде,  мақүл  көріп, 
қол  жинап  кел  деп,  Қаншайымды  еліне  жібереді  де,  өзі  жалгыз  тосып 
тұрады.  Наурызбайга  қарсы  ешкім  бата  алмай,  қыз  өзі  келеді  батырга. 
Екеуінің арасында тагы да сөзбен  ақыл  мен  парасаттылық сайысы  баста- 
лады.
Осы сэттен бастап, Наурызбайдың ханзадалыгы, бекзаттылыгы нақгы 
көрініс береді.  Олжа сұрап келген Қаншайымга сөзінің дэлелді болганын, 
оның  батыл  эрі  ақылды  екенін  аңгарган  Наурызбай  бүкіл  жьшқыны 
қайтарып  беріп,  өзінің  бекзаттылыгын,  тектілігін  танытады.  Төре  бола 
тұрып,  қара  халықтың  әдет-гұрпынан  аттамайды.  Қайын  жұртына  ұрын 
келгенде  де,  кейін той  кезінде де,  тойдан  соң да күйеу балага тиісті  ізет- 
тілік  сақгайды,  қажетті  кэденің  бэрін  атқарады.  Осы  тұста  ол  агасына 
ұқсап  үлкен  мырзалық  көрсетеді.  Қайын  атасына,  қайын  агаларына, 
Қаншайымның жеңгелеріне,  қасындағы қыз-келіншектерге  сый-сияпатты 
аямайды,  бэрін  риза  қылады.  Сондай-ақ қыз  аулындагы тойда болған  ай- 
тысты да,  күресті де эділ шешіп,  өзін салиқалы төреші ретінде көрсетеді. 
Айтыста қыза-қыза келіп, қырық жігітке әдейі тіл тигізген сақау ақын Тол- 
бала қыздың  қарсыласы  Қасымға қосылсам деген тілегін  орындайды,  ал, 
күресте бірін-бірі ала алмай жүрген Ағыбай мен Баят екеуін тең түсті деп, 
тағы бір көпшілікке жаққан шешім қабылдайды.
Наурызбай  жас  жігітке  тэн  іңкэрлік  сезімінен  де  ада  емес. 
Қаншайыммен танысқан  сәтте  Наурызбай  пәлендей  бір  сезімге түспейді, 
тек жолдас болуды ұсынады. Ал, елінен жауды қуар ер таппай, өзі жалғыз 
келген қыздың олжа сұрап:  «Тақсыр-ау, ұнатсаңыз, өзімді ал!» -  дегенінен 
кейін Наурызбайда қызға бозбалалықпен қызығу секілді сезім пайда бола- 
ды: «Ханыша, қараңғыда Сізді көрдім, Өзіңді көргеннен соң көңіл бөлдім. 
Уағдаң  шын  ақиқат  болсын  десең,  Еңкейіп,  ат  үстінен  қолың  бергін!»  -  
дейді. Қаншайым қолын береді. Осы мезетте екеуінде де махаббат отының
314

ұшқыны тұганады: «Бірінің бірі қолын ұстаған соң, Пара-пар екеуінің бой- 
лары  еріді», -  дейді жыр. Бұдан былайғы жерде Наурызбай Қаншайымды 
ұмыта  алмайтын  халде  болады.  Уағдалы  күз  болғанда  ол  Ағыбайға 
«Ойымнан  шығар  емес  Ханышайым»,  — деп,  ағасынан  қыздың  аулына 
баруға рұқсат сұрауды тапсырады.  Қаншайымға деғен  іңкэрліғі  бірте-бір- 
те  ұлғайып,  енді  Наурызбай  ғашық  болады.  ¥ры н  келіп,  Қаншайыммен 
жолыққаннан  кейінгі  жағдайды  жыршы  былайша  суреттейді:  «Екеуі  бір- 
біріне болды ғашық, Шықпайды жанабынан қадам басып!».
«Батыр  -   аңғал  келеді»  деғен  халық  сөзі  бар.  Сонымен  бірғе  батыр 
сезімтал  да  болады  екен.  Мұны  Наурызбай  бейнесінен  байқауға  болады. 
Қанша  жаужүрек,  бірбеткей  болғанмен,  ол  қарапайым  адамша  қайғыра 
да, еғіле де алады.  Қаншайымның кенеттен  қайтыс болуы  оны 
Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Тіл тағдыры ел тағдыры и-том павлодар м 2 0 1 0
transactions -> К ұ з б а с ы н д а ғ ы а ң ш ы н ы ң з а р ы
transactions -> Знаменательных и памятных дат республики казахстан
transactions -> Әбікейзейшысәтбаев к ж садықоөа, А. М. Садықова С. ТораОаыров атындаеы Павлодар мемлекеттік
transactions -> Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н
transactions -> Б 8 3 (5 к ) Қ 5 6 Б. Р. К,ожахметова МӘШҺҮр жүсіп фольклористикасындағы би-шешендердің
transactions -> Әбдіраиымов шақанай әміржанұлы екінші кітабы
transactions -> Монография «Тұран-Астана»
transactions -> Тәңірберген Қалилаханов
transactions -> Ж ү с І п о в а МӘШҺҮр жүсіп көпеиүлы деректанушы

жүктеу 1.76 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет