Б 82(5К) Қ44 Сеиіт ҚАСҚаьасод



жүктеу 1.76 Mb.

бет31/36
Дата12.01.2017
өлшемі1.76 Mb.
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36

273

Тарихи  жырга  1948  жылы жарық көрген  «Қазақ әдебиетінің тарихы» 
кітабында  арнайы  үлкен  бөлім  берілген  [38].  Бөлімнің  кіріспесінде  тари- 
хи  жырлар  туралы  түсінік  бар,  онда  бүкіл  тарихи  фольклор  жөнінде  ай- 
тылып,  тарихи  өлең,  жыр,  аңыз  жайында  сөз  болады  және  фольклордың 
тарихқа  көзқарасы,  ягни  тарих  пен  фольклордың  ара-қатынасы  біршама 
айқындалып  баяндалады.  Рас,  сол  кезеңдегі  түжырым  бойынша  автор 
(Б.Кенжебаев)  фольклор  терминінің  орнына  «ауыз  әдебиеті»  үгымьш 
қолданады.  Өкінішке  қарай,  әлі  күнге  дейін  кейбір  зерттеушілер  осы 
екі  үгымды  шатастырып  жүр.  Дүрысында  «ауыз  әдебиеті»  деп  қазіргі 
гылымда авторлық шыгармаларды, ягни жыраулар мен ақындардың ауыз- 
ша  шыгарып,  ауызша  орындаган,  ауызша  таралган  туындыларын  тану 
орныққан. Ал,  фольклорға ел есінде сақталып жеткен, авторы үмытылган 
шыгармалар жатады.  Оны кейде «халық ауыз әдебиеті» деп те атайды.
Сонымен,  1948  жылгы  «Қазақ  әдебиетінің  тарихына»  оралайық.  Та- 
рихи жырдың табигатын  ашуға Б.Кенжебаевтың мына бір созі  өте пайда- 
лы екенін айту керек. Ол кісі былай деп жазады:
«Тарихи  жырлар,  тарихи  аңыз  әңгімелер  дегеніміз  -   халықтың 
өмірінде  бүрын-соңды  болган,  саяси-элеуметтік  мэні  зор  тарихи 
оқигалар,  істер  жөніндегі,  бүрын-соңды  тарихта  шын  болган  корнекті 
адамдар  жөніндегі  ауызша  шыгарылган  өлең-жырлар,  аңыз  әңгімелер» 
[39].  Бұдан  байқайтынымыз  -  тарихи  жырдың  нақты  бір  оқигага  негіз- 
делетіні.  Бүл  жайында Б.Кенжебаев  былай деп  жазады:  «...  көп реттерде 
тарих  пен  ауыз  әдебиеті  бір-біріне  жэрдемші,  бірін-бірі  толықтырушы 
болып  келеді...  Бірақ осымен  қатар тарих  пен ауыз  әдебиеті  бірдей  емес 
екенін де ескеру қажет. Тарихшы болган оқиганы тыңнан, ойдан жаңалық 
қоспай, сол тарихта болганынша тексеріп, талдап айтып береді. Ол үнемі 
тарихтық  нақтылы  материалдарга  сүйенеді,  айтылган  ойын,  пікірін  со- 
лармен дәлелдейді.  Ал ауыз әдебиеті,  ақын, жырау болган оқиганың, та- 
рихи  адамның  өмірбаяны  мен  істеген  ісінің  сүрлеуін,  ізін,  желісін  гана 
алады.  Басқасын өзінің қиял дүниесінен шыгарады, суретпен,  пернемен, 
бейнемен айтып дэлелдейді.
Ауыз  әдебиеті  тарихй  оқиганы,  тарихи  істі  зерттеу  тілімен  айтпай, 
коркем әдебиеттілімен айтып береді. Тарихи шындықгы көркем шындыққа 
айналдырып айтады деген сөз»  [40].
Өте  орынды,  дүрыс  айтылган  пікір.  Автордың  бүл  ойы  тек  тари- 
хи  жырға  ғана  емес,  бүкіл  фольклорга,  тіпті  күллі  көркем  әдебиет  пен 
өнерге  де  қатысты.  Тарихи  шындықты,  болмысты  фольклор  да,  көркем 
әдебиет те,  өнер  де  сол  күйінде  бейнелемейді,  эсіресе  фольклорда  өткен 
заман  оқиғалары түтастануға түсіп,  бір дэуірге шоғырланады,  сондықтан 
эр  шығармадан  нақты  болғаң  істі,  фактіні  іздеуге  болмайды.  Фолыслорда 
уақыт түйықталады, кеңістік жиырылады, іс-әрекеттер эсіреленеді... Осы- 
ны  ескермеген  зерттеуші  откен  гасырдағы  ғылымда  орын  алған  «тарихи 
мектептің»  қателігіне  үрынары  сөзсіз.  Жалпы,  фольклордың көп  сатылы, 
көп қабатты, көп функциялы руханият екенін үмытпаган жөн.
274

Сөз  болып  отырған  кітапта  тарихи  жырлардың  үлгісі  ретінде  «Абы- 
лай туралы жыр мен әңгімелер», «Сырым жөніндегі аңыз эңгімелер», «Ке- 
несары,  Наурызбай»  туралы  жыр,  эңгімелер,  «Жанқожа  батыр»,  «Бекет 
батыр»,  «Досан  батыр»  атты  дүниелер  қаралып,  Саржан,  Кенесары,  Нау- 
рызбай, Ағыбай сияқгы  батырлардың бейнесі жеке-жеке талданады.  Сон- 
дай-ақ «1916 жылғы көтеріліс туралы халық әдебиеті» деген тарауша бар.
Ал,  1960  жылы  жарық  көрген  «Қазақ  әдебиетінің  тарихында»  тари- 
хи 
жырлар  үш  топқа  белініп,  қарастырылған:  ХҮІІІ  ғасырдағы  тарихи 
өлең,  аңыз-эңгімелер  жэне  жыр  сарындары  (авторы  Н.Смирнова);  XIX 
ғасырдағы  тарихи  жырлар,  Жанқожа  батыр  жайындағы  жырлар,  Бекет 
батыр  жайындағы  жырлар,  Досан  батыр  жайындағы  жырлар  (авторы 
Б.Шалабаев), 1916 жылғы көтеріліс туралы халық поэзиясы: Революңиялық 
тарихи  жырлардың  туып  дамуы,  Аманкелдінің  ерлік  түлғасы,  Бекболат 
жэне халық трагедиясының бейнесі, Майдан өмірін суретгеу, көтеріліс ту- 
ралы лирикалы жырлар (авторы Е.Ысмайылов) [41].
Бүрынғы,  1948  жылы  шыққан  әдебиет  тарихына  арналган  кітаппен 
салыстырғанда мына еңбекте тарихи жырдың қүрамы  бірталай  өзгеріске 
түскен.  Мүнда,  біріншіден,  Абылай,  Сырым  туралы  шығармалар  жеке 
бөлінбей,  атүсті  ғана  сөз  болады;  екіншіден,  Кенесары,  Наурызбай 
жайындағы  жырлар  жоқ;  үшіншіден,  Саржан,  Кенесары,  Наурызбай, 
Ағыбай батырлардың бейнесі мүлде талданбаған.
Коңіл бөліп айтатын нэрсе сол -  екі кітапта да тарихи жыр, аңыз, өлең 
аралас қарастырылады жэне тарихи жыр тек ХҮIII ғасырда ғана пайда 60- 
лып дамуға тусті д еген тужырым үсынылған.
Тарихи  жыр  мен  батырльіқіэпос  жырларын  саралап“зерттеу  ісін 
үсынғандар  қатарында  Б.Кенжебаевты  да  айту  қажет.  Ол  эпос  пен  та- 
рихи  жырдың  айырмасы  бар  екенін7 бүл  екі  жанрдың  шығу  дэуірі  мен 
жаратылысының  өзгеше  екенін  айқын  түсініп,  ез  ойын  “Қазақ  әдебиеті 
тарихының  мэселелері”  атты  кітабында  жүзеге  асыруға  тырысқан  [42]. 
Өзінің  бүрын-соңды  жазған  еңбектерінде  ол  жалғыз  тарихи  жырды  ғана 
емес, тарих іздерін анығырақ сақтаған әңгімелер мен аңыздарды да қамти 
отырған.
Ғалым Абылай, Сырым  атына байланысты тарихи жырларды талдап, 
олардың тарихи  шындықпен  ара-қатынасын ашуға талпынған.  Осы  негіз- 
де ол тарих пен халық әдебиеті  нақпа-нақ болмайтынын байқайды.  Тари- 
хи  оқиға  фольклорлық  шығармада,  әсіресе  жырда,  көркемделіп  бейнеле- 
нетінін, тіпті әсіреленіп көрсетілетінін айтады.
Б.Кенжебаевтың  тарихи 
фолыслорлық  шығармаларды 
зерттеу 
жүмыстарының  ішінде  1916  жылғы  көтеріліске  байланысты туған  халық 
поэзиясына  арналған  гылыми  еңбегінің  орны  бөлек  [43].  Зерттеуші  ал- 
дымен  тарихи  оқиғаға  тоқталып,  1916  жылғы  үлт-азаттық  көтеріліс  тек 
Қостанай, Торгай мен Жетісу өлкелерінде гана емес, Қазақстанның барлық 
аймағында болғанын  нақты  мысалдармен дэлелдейді, тың туындылар та- 
уып, ғылыми  нақты талдаулар жасайды.
275

Ғалым  қаралып  отырган  кездегі  халық  поэзиясы  ежелгі  батырлық 
эпос  пен  кейінгі  тарихи жыр дәстүрлерін  жалгастырады деген ой  айтқан. 
Б.Кенжебаев  1916  жылғы  халық  поэзиясы  өзінің  жанрлық  құрамы 
жағынан  өте  бай  екенін  аңғарып, онда мынадай жанрлардың кездесетінін 
анықгайды: дастан, ерлік және лирикалық өлеқдер, арнау, үндеу, сэлем хат,  | 
мұң-шер лирикасы. Автордың ойынша, арнау, үндеу, сәлем хат -  халық по-  | 
эзиясында жаңа туған соны жанрлар.  Осылардың ішінде тарихи өлең деп  I 
арнайы бөлмесе де Б.Кенжебаев  шағын өлеңдерді өз алдына дербес алып  | 
қарастырады. 
1
1916 жылғы көтеріліске байланысты туған фольклорлық шығармалар  ' 
туралы  кандидаттық  диссертация  жазған  М.Жармұхамедов  тарихи 
өлеңдерді жеке-дара болмей,  оларды тұтас лирикалық өлең деп есептейді  | 
[44].  Автор  оларды  мазмұндық сипаттарына  қарай  үгіт-насихат,  қоштасу, 
жоқгау  жэне  сәлем  хат  өлеңдер  деп  топтайды.  Сонымен  қатар  зерттеуші 
толғаудың жаңа түрлері пайда болғанын айтады. Жалпы, М.Жармұхамедов  ] 
бар  назарын  1916 жылғы көтеріліс туралы өлеңдердің идеялық мазмұнын 
зерттеуге аударады.
1916  жылғы  котеріліс  жайындағы  халық  ауыз  әдебиетін  Х.Ищанов 
та  зерттеді  [45].  Ол  поэзиялық  шығармаларды  лирикалық  олең  жанрына 
жатқызып, онда тарихи сипат басым екенін қоштайды. Автордың, эсіресе, 
мэн бере зерттегені — сэлем хат, қоштасу жэне жоқгау үлгілері.
Тарихи  жырға  орысша  шыққан  «Қазақ  әдебиетінің  тарихында»  ар- 
найы  тараулар  берілген.  Бұл  томда  тарихи  жырды  кейінгі  дэуірде  туған
эпос,  ал тарихи  олең ХҮІІІ  ғасырда ғана  пайда  бола  бастады деген  пікір 
бар  [46].
Иә,  тарих  пен  фольклордың  ара-қатынасында  өзіндік  сипат  мол. 
Мәселен, тарихи олең коне заманнан бері халықтың өзімен бірге жасасьш 
келе  жатқан  жанр.  Халық  басынан  откен  оиғалардың  барлығы да тарихи 
олең  туғызып  отырған.  Бірақ  сол  олеңнің  кобісі  біздің  дэуірімізге  дейін 
түгел жетпеген. Оның үдтіне тарихи өлеңнің бірте-бірте басқа жанрға -  та- 
рихи  жырға,  одан  батырлар  жырына  айналып  кететінін  де  ескеру  керек. 
Әйтпесе,  сонау түркілер  мен  қызылбастар,  қараханидтер  мен  моңғолдар, 
қалмақгар  мен  қоқандықгар  дэуірінде  болған  оқиғалар  тарихи  өлең 
туғызбады  дейсіз  бе?  Жоқ,  туғызды.  Бірақ оның  біразы ұмытылды,  біра- 
зы Алпамыс, Қамбар, Тарғын сияқты батырлар туралы жырлардың ішінде  ■
 
жүр.  Олай болса, мәселені басқаша қою керек. Орыс тіліндегі әдебиет та- 
рихында  бұл  мәселе  дұрыс  шешілмеген.  Мысалы,  XIX  ғасырдағы  Бекет,  | 
Жанқожа,  Досан  көтерілістері  туралы  шығармаларды  авторлар  тарихи 
өлең дейді  де,  ал ХҮІІІ ғасырдағы  Қабанбай,  Олжабай,  Есім,  Абылай  ат- 
тарымен  байланысты  шыққан  жырларды  кейінгі  дэуірде  туған  эпос  деп 
атайды. 
|
«В ХҮІІІ в. начинает складываться новый жанр казахского фольклора
-  историческая песня. Она качественно отличается от героического эпоса. 
Эпос  выдвигает  идеальные  нормативы,  его  герой  — воплощение  их.  Та-
276

ков, 
например,  Олжабай -  герой одноименного эпоса»  [47], -  деп жазады 
зерттеушілер. Осы ретке Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Өтеген, т.б. туралы 
шыгармаларды  да  жатқызады.  Сонда  Бекет,  Жанқожалар  туралы  жырлар 
неге эпосқа жатпайды деген заңды сұрақ туады.
Біздіңше,  ХҮІІІ  гасырдагы  оқигалар  мен  қайраткерлер  туралы 
шыгармалар  өзінің  жанрлық  даму  барысында  тарихи  жыр  деңгейінен 
біршама өтіп,  батырлық эпосқа  жақындаган.  Ол түсінікті  де,  өйткені  бұл 
шыгармалар  жазылып  алынганда  болган  оқигадан  бір  гасырдан  астам 
уақыт  әтіп  кеткен  еді.  Және  ол  дэуірде  фольклордың,  әсіресе  эпостың 
дэстүрі өте күшті болатын.
Ал Бекет, Досан, Жанқожа туралы шыгармалар тарихи жыр қалпында 
хатқа түскен,  олар ол деңгейден  өтіп үлгірмеген.  Рас, ХҮІІІ  гасырдың да,
XX  гасырдың  да  тарихи  жырлары  жанрлық  құрамы  жағынан  біркелкі 
емес: онда коптеген жанрлар араласып, үштасып жатыр.
Тарихи  өлең жанрын  арнайы  зерттеген галым -  Б.Уахатов.  Ол  озінің 
1974 жылы шыққан «Қазақтың халық өлеңдері» деген монографиясының 
бір тарауын тарихи елеңдерге арнаган. Ғ алым бұл жанрдың тарихи жырдан 
айырмашылыгын  ете  дұрыс  атап  керсетіп,  оның  жанрлық  анықтамасын 
белгілейді.  «Шынында  да,  -   деп  жазады  ол,  -  тарихи  елеңцердің  шагын 
түрлерінің  келемі  қысқа,  эскиз  секілді  болып  келеді  де,  үзын-сонар 
оқиганың  ішінен  тек  сол  елеңнің  идеясын  ашарлық  сәтгерді  гана  дара- 
лап  керсетеді»  [48].  «Тарихи  деректерге  сай  болган  оқиганы  сол  болган 
күйінде керсетіп, нақтылы сурет жасайды» [49].
Тарихи  елеңнің  жанрлық  сипатын  айта  келіп,  автор  оны  лирикалық 
елеңцерден  шыққан  деген  пікірге  тоқтайды.  Алайда,  тарихи  елеңнің 
лирикага жақын екені рас,  онда лиризмнің болатыны  да хақ,  бірақ бұның 
бэрі  тарихи  елеңді  лирикадан  шықты  деуге  дәлел  бола  алмайды.  Себебі 
тарихи  елең  болган  оқигадан  соң  арага  кеп  уақыт  салмай-ақ  дүниеге 
келіп  жатады,  демек  ол  жанр  ретінде  лирикалық  елеңсіз-ақ  туады.  Бұл 
жерде  анықгап  алатын  бір  нэрсе:  тарихи  елең  эпикалық  түрге  жата  ма, 
әлде  лирикалық түрге  жата  ма?  Міне,  осы  түста тарихи  елең  мен тарихи 
жырдың айырмашылыгы кезге айқын түседі.
Тарихи  жыр  езінің  поэтикасы,  орындалу  мэнері,  тіпті  мазмүны 
жағынан  да эпикалық түрге  жатады.  Ал  тарихи  елеңде  лирикалық сипат
болғанымен, бірақ ол лирикалық елең емес.
Сонымен, тарихи жыр мен тарихи елең жанрларын зерттеген ғылыми 
еңбектерге жасаған шолудан шығатын қорытынды мынадай.
Қазақ  фольклорының  қүрамында  «тарихи  жыр»  және  «тарихи  елең» 
деген  екі  жанр  бар  екені  дау  туғызбайды.  Алайда,  оларды  зерттеуде 
мүндай  біркелкілік  жоқ.  Ғылымда  олардың  ара  жігі  элі  толық  ажыраты- 
лып  болмаған.  Соның  салдарынан  зерттеушілер тарихи  жырға  кеп  кеңіл 
беліп, тарихи  елеңцерді  элі  арнайы  сез  ете алмай  жүр.  Бүл жанрлар жет- 
кілікті зерггелмегендіктен жоғары оқу орындарына арналған оқулықгарда 
да  лайықты  дәрежеде  қамтылмай  жүр.  Оның  үстіне  тарихи  жырдың  да,
277

тарихи өлеңнің де жанрлық табиғаты әлі толық зерттелмей жүр десе де бо- 
лады. Сол себепті кейбір фольклористеріміз тарихи жырды кейінгі дэуірде 
туган эпос деп, кейбір зерттеушілеріміз кенже эпос деп қарастырып жүр.
Ал, шындыгына келсек, қазақ фольклорында «тарихи жыр» да, «тари- 
хи  өлең» де өзінше  өмір  сүре  алатын, дербес жанрлар.  Бүл -  қазақ халық 
әдебиетінің өзіндік дара сипаттарының бірі.
Тарихи өлең -  өмірде болган, нақты оқигалар мен адамдарга арналган 
шағын,  бірақ  біршама  эпикалық  сарыны  бар  шығармалар.  Тарихи  өлең, 
әдетте, оқиганың ізі онша суымай түрганда, фактілер үмытылмай түрганда 
туады да, онда шындық іздері басым жатады. Сонымен бірге тарихи олеңде 
көркемдік те бар, эрі лиризм де кездеседі.
Тарихи өлеңдер қогам өмірінің эр кезеңінде туып отырады, ягни бүл -
елгезек (оперативтік) жанр. Сондықтан тарихи өлең -  өте ескі жанрлардың
бірі.  Мәселен,  бүкіл түркі  халықтарының эпикалық жыр түріне  айналып
үлгерген тарихи өлеңдерінің ең көне үлгісі-Білге қаган, Күлтегін, Төныкөк,
т.б.  туралы Орхон-Енисей маңынан табылган шыгармалар деуге де  бола-
ды. Ал, ең кенже, өмірге жаңа келген нүсқалары деп ¥лы  Отан согысында
туган бір нақты оқигага байланысты айтылган шағын өлеңдерді атауга бо-
лады. Демек, тарихи олең эрбір үлкен айтулы оқига сайын омірге түрақты
түрде келіп түратын жанр. Оқига болып жатқан кезде, немесе дереу соның
артынша туган тарихи өлеңдер бірте-бірте, арага біраз уақыт салып барып
шогырланып,  белгілі  бір  циклге  топталып,  жырга  айнала бастайды.  Оны
жырга айналдырушылар -  сол оқиганың ішінде болган, немесе оны жақсы 
білетін өте қабілетті ақын, жыршылар.
«Тарихи  жыр»  терминінің  аумағын  кеңірек  магынада  түсінетін 
болсақ, оған ел тарихының, халық өмірінің маңызды кезеңдеріне арналган 
эпикалық,  сондай-ақ  бірен-саран  лиро-эпикалық  шыгармалар  жатады. 
Әрине,  тарихи  жыр  көркем  шыгарма  болгандықтан  тарих  фактілері  мен 
деректері  онда  көркемделіп,  біршама  өзгертіліп  көрсетіледі.  Тарихи  жыр
-  түптеп келгенде батырлық жыр мен тарихи өлеңнің аралыгындагы жанр. 
Тарихи  өлең  әңгімеленіп  отырган  оқиганың  ізінше  пайда  болады  да,  ел
олеңде
циклденіп
жырга  аиналады және  оған  коптеген тарихи  шагын  өлеңдер енеді.  Содан 
барады да үлкен, эпикалық тарихи жыр пайда болады. Ал араға көп уақыт 
салып  барып,  аса  бір  үлкен  оқигага  байланысты  ол  батырлық жырға  ай- 
налады.  Бізге  жеткен  коптеген  батырлар  жырының  даму  жолы  осындай. 
Әрине, бүдан батырлық жырдың бэрі тек осылай дамиды екен деген ой ту- 
мауы  керек.  Батырлық эпостың қүрамында миф,  аңыз,  ертегі элементтері 
өте көп. Кейбір эпөс тек солардан түрады.
Ал  Абылай,  Есім,  Қабанбай,  Олжабай туралы шығармалар  батырлық 
эпосқа  толық  айналып  үлгермеген,  бірақ  оның  поэтикасын  бойына 
сіңірген тарихи жырлар. Батырлық эпос үшін шындық өмірді жэне ғаламат 
оқиғалар  мен  алып  батырлардың  керемет  ерлігін  тек  қана  гиперболалық
278

тәсшмен әсірелеп көрсету -  үлкен идеялық эрі эстетикалық мүрат санала- 
ды.  Эпостық тэсіл  бойынша  бүрын-соңды  болған  оқиғалар  бір  адамның 
бойына  таңылып,  олардың  кәдуілгі  қимыл-қайраты  зор,  ерлік,  асқан 
батырлық  дәрежесіне  көтеріле  суреттеледі.  Мүндай  эпикалық  эталондар 
көптеген  жылдар  бойы  қалыптасады.  Сол  себепті  эпоста  көрсетілгеннің 
бэрі  мүмкіндігінше  кең диапазонды,  монументальды  сипатта  суреттеліп, 
үлкен қорытындылар жасалады.
Тарихи жырда идеялық-эстетикалық мүрат басқа жырлардан горі сэл 
озгешелеу: мүнда үлкен оқиғаның жекелеген фактілеріне, бүқара қауымнан 
өзінің қайратымен, жүректілігімен,  ақылымен дараланып  шыққан кэдімгі 
қарапайым адамдарға мэн беріледі. Бірақ өлар, яғни жеке факті де, адам да 
жалпы  тарихи  жағдайдан  бөлек  алынбайды.  Тіпті  тарихи  жырдың  бүкіл 
мазмүнының өзі сөл заманның өқиғаларынан туып, өрбіп жатады.
Рас,  қазақ тарихи  жырларында  батырлық эпөстың көптеген элемент- 
тері бар, бірақ өлар элі таза қаһармандық эпөс емес. Демек, біз қазақ фоль- 
клорында  басқа  жанрлар  сияқты  тарихи  жыр  бар  деп  қарауымыз  керек. 
Оны  кенже  эпос  деу  де  дүрыс  емес.  Ол  -   қазақ  фольклорының  озіндік 
ерекше  белгісінің  бірі.  Тарихи  жырдың  кенже  эпос  емес  екендігіне тагы 
да  бір  дэлел  ретінде  мынаны  айтуға  болады.  Батырлар  жырының  негізгі 
мазмүны  -   қалмаққа  қарсы  соғыс.  Тарихи  жырдың  да  мазмүны  сол.  Де- 
мек,  қазақ пен  қалмақ арасындағы  согысты  көрсету үшін тағы да  бір  төп 
батырлық  эпөс  жасаудың  керегі  бар  ма  еді?  Мүны  жасап  үлгірерліктей 
уақыт та бөлған жөқ.
Мэселе  мұнда  басқаша  бөлу  керек.  Абылай,  Олжабай,  Қабанбай, 
т.б.  туралы  жырлар  ХҮІІІ  ғасырдың  өзінде  пайда  бөлмай,  бүл  түста  тек 
шағын өлеңдер мен аңыз-әңгімелер ғана туған. Айталық, «Қап қағылған», 
«Қаратаудың  басынан  көш  келеді»,  «Қалмақ  қырьшған»  сияқтылар.  Сөл 
тэрізді Абылай туралы, өның батырлары жайында да эр түрлі аңыз, әңгіме, 
өлеңдер  шыққаны  даусыз.  ІПөқан  жазып  алған  «ХҮІІІ  ғасырдағы  ба- 
тырлар  туралы  тарихи  аңыздар»  [50]  мен  басқа  жырлар  өсының  айғағы. 
Шоқан  бүларды  XIX  ғасырдың  екінші  жартысында жазып  алғанын  жэне 
өлардың  өзі  бірнеше  бөлшектен  түратынын  ескерсек,  бүл  шығармалар 
өқиғадан  көп  кейін  пайда  бөлғанын  көреміз.  Мэселен,  қай  жырды  алсақ 
та, баяндалатын өқига мен бейнеленетін кейіпкерлердің ертеде өткені атап 
көрсетіледі. Міне, «Қабанбай» жырының басталуы:
Жарандар, иманыңнан күдер үзбе,
Айтамын аз мәселе енді сізге...
Бұрынғы өтіп кеткен ер Қабанбай... [51]
Демек,  мүндай  эпикалық  шығарма  Қабанбай  дәуірінен  элдеқайда 
кейін туған.
Қалмақ шапқыншылыгы кезінде халықгы ерлікке шақыру идеяларын 
жыршьшар  ежелгі  эпөсты  айту  арқылы  дамытқан.  Алпамыс,  Қөбыланды
279

сияқты  батырлардың  жаулары  етіп  қалмақтарды  көрсеткен.  Өйткені  сол
кездегі анық болган тарихи оқигаларды, яғни қазақ пен қалмақ арасындағы
қақгығыстарды ел ақындары элі де көлемді жырға түсіріп үлгірмеген. Тек
шағын өлеңдер мен әңгімелерді айтумен шектелген. Кейін ХҮІІІ ғасырдың
аяғы  мен  XIX  ғасырдың  бас  кезінде  солардың  басын  қосып,  мәнерлеп,
әсірелеп,  көркемдеп  үлкен тарихи  жырға  айналдырған.  Ол  үшін  жыршы-
лар,  сөз  жоқ,  бұрыннан  белгілі  батырлық  эпостың  көркем  поэтикасьш
пайдаланған,  соған  сүйенген.  Соның  нәтижесінде  тарихи  жырлар  соңғы
бір-екі  ғасырдың  ақиқат  шындығын  бейнелейтін  өзіндік  тың  құбылыс
ретінде  дүниеге  келіп,  халық  әдебиетінің  өз  алдына  дербес  тума  жанры 
болып қалыптасқан.
Бүгінгі  таңда  қазақ  фольклортану  ғылымы  тарихи  жыр  -   ұлттық 
фольклорымыздың  айшықты  да  өзіндік  жанры  екенін  дәлелдеп,  оны 
теориялық  тұрғыдан  терендей  зерттеген  еңбектермен  байи  түскенін 
айту  керек.  Бұл  істе,  эсіресе,  1979  жылы  жарық  көрген  «Қазақ  тарихи 
жырларының  мэселелері» деген ұжымдық еңбектің  маңызы  үлкен  болды 
[52].  Атауынан  көрініп  тұрғандай-ақ,  бұл  кітап  түгелдей  тарихи  жырға 
арналған,  ал  мұның  өзі  ол  шақта  онша  құптала  бермейтін  тақырып  бо- 
латын.  Монография  үлкен  екі  бөлімнен  тұрады.  Бірінші  бөлімде  ХҮІІІ 
ғасьфдағы  тарихи  жырлар  қаралады.  Бұл  қатарға  Абылай,  Қабанбай, 
Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Олжабай,  Өтеген, Арқалық секілді  батырлар 
туралы  шығармалар  енген.  Ал,  екінші  бөлім ХІХ-ХХ ғасырлар  жырлары- 
на арналған.  Мұнда Исатай-Махамбет,  Досан,  Бекет,  Жанқожа,  Сұраншы 
жөніндегі жырлар талданады.
Кітаптың ұтымды жағы деп тарихи жыр жанрының сипаты мен зертте- 
луін, тегі мен дамуын жеке қарастырған мақалалардың болуы және халық 
музыкасындағы  тарихи  оқиғалардың  бейнелену  жағдайын  баяндауы. 
Алайда, сонымен бірге еңбекте ХҮІІІ ғасырдан бұрынғы замандарда пай- 
да  болған  шығармалар  сөз  болмайды.  Мұның  себебі  — арғы дәуірлердегі 
жырларды зерттеуге рұхсат болмауы жэне  ол материалдардың жабық жа- 
туы  еді.  Соған  қарамастан,  осы  еңбектен  кейін  зерттеушілердің  тарихи 
жырға деген ынтасы өсіп, жекелеген мақалалар жариялана бастады.
Тарихи жырды кең көлемде жинау мен жариялау эрі зерттеу жұмысы 
еліміз  Тэуелсіздік  алғаннан  кейін  едәуір  қарқын  алды.  Тарихи  жырдың 
мәтіндері жеке-жеке том болып жарыққа шықты, ол томдарға арнайы кіріс- 
пе жазылып, түсініктер берілді [53]. Тарихи жыр жайында диссертациялар 
қорғалып, монографиялық зерттеулер жазылды [54]. Бұл еңбектердің қай- 
қайсысында да болсын тарихи жыр арнайы сөз болып, оның өзіндік жэне 
басқа жанрлармен ортақ белгілері, жекелеген шығармалардағы тарихилық 
пен  фольклорлық  элементтерінің  ара-қатынасы  анықтала  түскен,  сон- 
дай-ақ  жарияланып  отырған  жырға  сипаттама  талдау  берілген.  Осы  рет- 
те  Р.Бердібайдың  «Абылай  хан»  жинағына  жазған  «Абылайдың  асуы», 
Ш.Уәлиханның  «Тарихи  жырлардың»  1-томына  жазған  «Абылай  хан  ту- 
ралы  өлең-жырлар  жэне  тарих»,  Ш.Ыбырайдың  «Тарихи  жырлардың»
280

3-томына  жазган  «Азаттық  жыры»  атты  мақалаларын  атау  лазым.  Ал, 
Б.Абылқасым  «Қабанбай  батыр»  жинағына  берген  «Қабанбай  батыр» 
жыры  туралы»  және  «Қаракерей  Қабанбай» деген  екі  мақаласында  атал- 
мыш жырдың варианттары жайлы қысқаша мәлімет береді жэне батырдың 
бейіті қай жерде деген мәселені сөз етеді.
Міне, байқасақ,  1990-2005  жылдар аралыгында жарық көрген тарихи 
жырлардың дені ХҮІП-ХІХ гасырдагы оқигалар, дәлірек айтқанда Абылай 
мен  Қабанбай,  Олжабай,  Кенесары  мен  Наурызбай,  Агыбай туралы  екен. 
Ал,  ХҮПІ  гасырдан  ертеректе  өмір  сүрген  тарихи  тұлғалар  мен  олардың 
іс-қимылдары,  жаумен  ұрысы,  ерлігі  жайындагы  жырлар  элі  күнге  дейін 
ойдагыдай болып жарияланбай келеді.
Осы олқылықты толтыратын үлкен іс — «Бабалар сөзі» сериясы бойын- 
ша  ХҮ-ХҮІ-ХҮІІ  гасырлар  кезіндегі  айтулы  оқигалар  мен  қайраткерлер 
женіндегі  жырларды  бастыру  болып  отыр.  Әлбетте,  бергі  дәуірдегі,  ягни 
ХҮПІ  бен  XIX,  тіпті  XX  гасыр  тұсындагы  да  тарихи  жырдың  үлгілері 
қамтылады.  Бүл  басылым  гылыми  болгандықтан  жариялануга  тек  жыр 
мәтіндері  гана  іріктеліп  алынды,  ал  тарихи  өлең  мен  аңыз,  эпсаналар  өз 
жанрына арналган томдарда топталады.
АйталықХІҮ-ХҮП жүзжылдықгарда гүмыр кешкен, елі мен жері үшін 
жанын  аямай  күрескен,  орасан  ерлік  көрсеткен  батырлар  мен  көрнекті 
түлгалар туралы  элі  зертгелмей  келеді.  Мэселен,  ХІҮ-гасырда өмір  сүрді 
деп есептелетін Орақты батыр, ХҮ-гасырдагы эз Жэнібек хан, атақгы Есім 
хан (ХҮІ г.), Олжаш батыр (ХҮІ г.), Сэтбек батыр (ХҮІ г.) жөніндегі жыр- 
лар. Әрине,  бүл адамдар жайындагы жырлар дәл сол  шақта тумаган, олар 
бейнеленіп отырган басты кейіпкерлер  өмірден откеннен кейін көп уақыт 
кеш туган. Сол себепті оларда баяндалатын оқигалар да дэл сол қалпындай 
болып көрсетілмейді, сюжеттің алгашқы нұсқасы өзгеріске ұшыраган, түпкі 
оқигага әртүрлі қоспалар қосылган жэне ауызша орындалу барысында ай- 
тушылар  мен  тыңдаушылар  да қалауы  бойынша  шыгармага,  кейіпкердің 
іс-әрекетіне,  мінез-қүлқына  өзгерістер,  қосымшалар  жамаган,  сөйтіп  та- 
рихи  жырда  неше  түрлі  қиял-гажайыптық,  тіпті  мифтік  сарындар  пайда 
болган. Мұның бэрі тарихи жырды -  таза фольклорлық коркем шыгармага 
айналдырады,  демек,  бір  заманда  болган  оқига  коркем  шындыққа  айна- 
лады,  соның  нәтижесінде  шыгармада  алгашқы  оқиганың  сұлбасы  гана 
сақталады.  Болган оқигадан негұрлым коп уақыт откен сайын шыгармада 
соғүрлым  ол  солгын  тартып,  комескілене  береді,  сюжет  кеңейіп,  эр 
дэуірдегі  алуан түрлі ұғым-түсініктермен,  наным-сенімдермен  байланыс- 
ты  мотивтермен  толығады  да  үлкен  эпостық  дүние  болып  шығады.  Бұл 
заңцылықгы «Орақты батыр» жырынан коруге болады. Ол бірнеше хикая- 
дан түрады.  Елге жаклы қоныс іздеп, жортқан жалайыр жүрты бірде адам 
жейтін  жалмауызға кезігеді,  енді  бірде  айдаһарға үшырасады,  тағы  бірде 
Ақкөбік, Қаракобік деген күніне бір қыз бен бір қой жейтін екі жалмауызға 
тап болады. Ү ш ретте де он жеті жасар Орақгы батыр элгі айдаһар мен жал- 
мауыздарды жайратып салады.  Батырдың осындай  неше алуан мақлұқтар

1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал