Б 82(5К) Қ44 Сеиіт ҚАСҚаьасод



жүктеу 1.76 Mb.
Pdf просмотр
бет30/36
Дата12.01.2017
өлшемі1.76 Mb.
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36

265

ерекше  орын  алатынын  аитады.  Сондықтан  да  ол  шежірені  аңыз-эңгіме
деп  фольклорлық  тарихи  шығарма  ретінде  қарайды.  Демек,  Шоқан  -
қазақ фольклорында тарихи аңыз бен әңгімелердің бар екенін бірінші бо-
лып  байқаған  зерттеуші.  Шоқан  бірталай  еңбектерінде  өзі  жазып  алған
эпикалық түрдегі тарихи фольклордың нүсқаларына ғылыми талдау бер-
ген  деуге  болады.  Ол  қазақ  фольклорында  тарихи  жырдың  жеке  жанр
екенін  атай  отырып,  олардың  біразын  іріктеп,  мысадға келтіреді:  «Дру-
гой джир  называется  Урак-батыр.  В  нем  повествуются похождения  Ура-
ка-батыра,  родом  караульца,  который  отправившись  в  набег  на  Россию,
был  взят русскими  в плен и содержался в тюрьме  10 лет, потом  женился
в  России,  прижил  детей,  но  соскучился  по  родному  аулу,  опять  уехал  в
степь и там  остался...»  [2], -  деп жазады.  Шоқанның «другой джир» деп
отырғаны  батырлық жырдан  басқа дегені,  яғни  ол тарихи жырды  айтып 
отыр.
Тіпті ол «тарихи жыр» («исторический джир») терминін де қолданған 
[3]. Демек,  Шоқан тарихи  жырды  батырлық эпостан  өзгеше,  өзіндік ере- 
кшеліктері  бар  жанр  деп  білген.  Ол  ерекшеліктердің  бастысы  — тарихи 
жырдың өмірде  болған  оқиғалар  негізінде  шығатындығы,  яғни  батырлық 
эпосқа  қарағанда  тарихқа  жақындығы.  Міне,  осыны  ескерген  ғалым  та- 
рихи  жырды  арнайы түрде  зерттеуге  мән  берген.  Тарихи  жырға арналған 
еңбектерінде  ІІІ.Уэлиханов  өмірде,  дэлірек  айтсақ  XVIII  ғасырда  болған 
қоғамдық  мэні  бар  оқиғалар  мен  оларға  белсене  қатысып,  айтарлықтай 
рөл атқарған қайраткерлер һэм батырлар жайлы тарихи фольклорды түгел 
қамтып, олардың шындық негіздерін қарастырған.
Қазақ  фолыслорының  барлық  жанрын,  оның  ішінде  тарихи  жыр 
үлгілерін де жинап, жарыққа шығару ісінде көп еңбек сіңірген адам — ака- 
демик  В.В.Радлов.  Ол  өзінің  атақты  10  томдық  жинағының  3-томына 
қазақтың  бірнеше  тарихи  жырын  енгізген  [4].  Бірақ  В.В.Радлов  тарихи 
жырды  жеке жанр ретінде  бөлмеген.  Сондықтан  ол  батырлық жырды да, 
тарихи жырды да «Қазақтың бүрынғы батырлары туралы сөз» деп атаған. 
Ал жекелеген кейбір тарихи жырды қысқа қиссалар тобына жатқызады.
Әрине,  XIX  ғасырдың  70-жылдарындағы  фольклористиканың
жағдайында  қазақ  халық  ауыз  әдебиетінің  барлық  жанрын  дүрыс  сала- 
лап  зерттеу  мүмкін  емес  еді.  Оның  үстіне  В.В.Радлов  қазақ  поэзиясын 
Шоқандай  жетік білмеді  жэне  оның  ішкі  ерекшеліктері  мен  нюанстарын 
аңық аңғара алмады.  Сол себепті  ол  «батырлар жыры»,  «ғашықтық жыр» 
Деп дәл бөле алмады, бэрін бір жанр деп есептеді.
Тарихи жырдың нүсқалары Г.Н.Потанин  архивтерінде де бар.  Ол жа- 
зып алған  «Қабанбай» жырының үзіндісі  1972  жылы шыққан «Казахский 
фольклор  в  собрании  Г.Н.Потанина»  атты  жинақта  жарық  көрді  [5].  Ал
Томск архивіндегі материалдарда Г.Н.Потанин XVIII ғасырда өмір сүрген 
Бөгенбай,  Жанбай,  Боран-Бердіқожа  батырларды  атап,  олар  туралы  да 
өлең-жырлар  бар  екенін  айтады  [6].  Эпос  пен  проза  жанрын  көп  зертте- 
ген  Потанин  кейбір салыстырмалы  еңбектерінде  Шыңғыс  хан,  Ер-Көкше
266

жайындағы  аңыздарды  пайдаланады.  Бірақ,  тарихи  өлең  немесе  жырды 
бөліп қарастырмаган және оларды дербес жанр деп санамаған.
Тарихи адамдар мен оқиғаларға байланысты әңгімелер, аңыздар, про- 
замен  берілген  жыр  мазііұндары  XIX  ғасырда  «Дала  уалаяты»  газетінде 
де  анда-санда  жарияланып  тұрған.  Дәлел  ретінде  эйгілі  «Еңлік-Кебек» 
пен  «Қалқаман-Мамыр»  туралы  әңгімелерді  атауға  болады  [7].  Газетте 
бұлар проза түрінде берілген,  көркемдігі нашар, бірақ оқиға мен сюжетке 
айрықша назар аударылған.
Қолда бар деректерге қарағанда, тарихи жырлар мен әңгіме, аңыздарды 
Ә.Диваев та жинаған.  1920 жылы Ә.Диваевтың қатысуымен болған Жеті- 
су экспедициясы материалдарының есебінде  «Шыңгыс хан туралы аңыз» 
(«Предание  о  Чингиз-хане»),  «Қалдан  хан  мен  Абылай»  («Алдан-хан  и 
Аблай»),  «Ақсақ құлан -  Жошы хан»  («Аксак  кулан  и Джучи-хан»),  «Ке- 
нен  ақынның  1916 жыл туралы  өлеңі»  («Песнь Кенена-акына на события 
1916  года»)  сияқгы  атауларды  кездестіреміз»  [8].  Алайда,  Ә.Диваев  та- 
рихи  жырды  арнайы  жинамаған  және  зерттемеген.  Рас,  кейбір  шежіреге, 
жер  аттарына  байланысты  аңыздар  туралы  айтылған  пікірлері  бар.  Бірақ 
олар  тарихи  фольклор  деген  жалпы  ұғым  болмаса,  тарихи  поэзияға  (дэл 
айтқанда,  жыр  мен  өлең)  дұрыс  келе  бермейді,  Осы  жерде  айтатьш  бір 
жэйт -  кейбір елдің халық әдебиеті туралы зерттеулерде тарихи фольклор 
деген атау бар.  Тіпті орыс фольклористикасы беріге дейін «тарихи ертегі» 
деген жанрды бөліп келді. Ал, қазақ фольклорывда белгілі бір кісі, су, жер 
аттары туралы (өлең мен жырдан басқа) көптеген әңгіме, аңыз, тіпті ерте- 
гілер де  көп.  Оларды  қалай  саралау  керек,  қалай  атап,  қайда жатқызу  ке- 
рек. Міне, бұл да әлі шешуін таппаған, ойластыруды  қажет ететін мәселе. 
Әзірше,  олардың  бәрін  тарихи  фольклорлық  шығарма деп  шартты  түрде 
қолдануға тура келеді.
Тарихи  өлең  мен  тарихи  жырды  XX  ғасырда  кең  түрде  жинап 
жарыққа  шыгару,  ғылыми  тұрғыдан  зерттеуге  мүмківдік  туғанын  айту 
керек.  1920-30 жылдардың  өзівде ұлттық фольклорымыз  мақала түрівде 
де,  оқулық  көлемінде  де  зерттеу  Объекгісіне  айналды.  Мәселен,  Ахмет 
Байтүрсынұлы,  Халел  Досмұхамедов,  Мұхтар  Әуезов,  Сэкен  Сейфуллин 
сынды  ғалымдарымыз  бен  жазушыларымыздың  еңбегін  айрықша  атау 
керек.  Олар эпос жанрына ерекше коңіл бөліп,  батырлар жыры  мен тари- 
хи  жырларды  әрі  жариялап, эрі  зерттепд  оларды -   халық тарихын  бейне- 
лейтін  шыгармалар деп  есептеді.  Сойтіп  олар  қазақ  фольклорын  саралап 
зерттеу,  терминологиялық  ұғымды  қалыптастыру  ісін  дереу  қолға  алып, 
оны  орнықты  түрде  жүзеге  асыра  білді.  Мәселен,  эпостың  осы  екі  түрі 
бөлек жанр екенін Ахмет Байтүрсынұлы  «Әдебиет танытқышывда» анық 
айтқан.  Ол  кісі  бьшай деп жазады:  «Тарихи жыр деп тарихта бар, мағлұм 
уақигалар  турасывда  өлеңмен  шығарған  сөздер  айтылады.  Қазақта  өз 
тілівде жазылған тарих болмағанмен,  қазақта  болған уақиғалар,  қазақтан 
шыққан  адамдар  турасывда  басқа  жұрттардың  тарихывда  жазылған 
мағлұматтар  бар,  халықтың  өзінің  есінен  кетпеген,  қазақ басынан  кешір-
267

ген  уақигалары  толып  жатыр.  Солар  туралы  олең  етіп  шыгарган  сөздер
болса,  солар  тарихи  жыр  болады.  Мәселен,  «Орақ-Мамай»,  «Абылай»,
«Кенесары, Наурызбай»,  «Ерназар»,  «Бекет» өлеңдері тарихи жырлар бо- 
лады» [9].
Қазақ  фольклорының  құрамында  тарихи  шығармалар  бар  екенін,
олар үлкен бір топ  қүрайтынын Халел Досмұхамедұлы да айтады.  Рас, ол
кісі  «тарихи жыр» деген  атауды  қолданбайды.  Батырлар жырынан өзгеше
эпикалық туындыларды  ол  кісі  «тарихи  өлеңцер»  деп  атаган  да  олардың
үлгісі  ретінде  бірнеше  тарихи  жырды  келтіреді.  Халелдің  оз  созін  кел- 
тірейік.
«Қазақ халық әдебиетінің арналы саласы -  батырлық жырлар (герои- 
ческий эпос) мен тарихи өлеқдер (исторические песни).
Батырлық  жырларда  эртүрлі,  көбінше  аттары  аңызга  айналган 
Қобыланды,  Алпамыс,  Едіге,  Орақ-Мамай,  Қарасай-Қази,  Ер  Таргын, т.б. 
Алтын Орда мен Қазақ хандыгы тұсындагы батырлардың іс-әрекеттері су- 
реттеледі.
Ал тарихи өлеңдерде белгілі бір кезеңде өмір сүрген аты белгілі адам- 
дар,  эрине  көптеген  эсірелеу,  эспеттеумен,  негізінен  жоңгарларга  жэне 
орыс империалистеріне қарсы қазаісгардың бас бостандыгы үшін күрескен 
кездегі  тұлгалар  жырланады.  Кенесары,  Исатай,  Бекет және  басқалар  ту- 
ралы  өлең-жырларды  мысалга  келтіруге  болар  еді.  Көптеген  батырлық 
жырлар мен тарихи өлеңдер нагыз эпопея болып келеді»  [10].
Осыдан  кейінгі  абзацта  Халел  Досмұхамедұлы  «батырлық  жэне  та- 
рихи  поэмалар»  деген  атауларды  қолданады.  Демек,  оның  «историчес- 
кие  песни» деп  отырганы  «тарихи жыр»  болып  шықты.  Ал,  «поэма»  тер- 
минін қазақ фольклортанушылары  мұндага шейін «эпос» сөзінің орнына 
қолданып келгені белгілі.
Сол  шақтагы,  ягни  1927  жылгы  кітабында «тарихи жыр»  терминінің 
орнына  «тарихи  өлең»  атауын  Мұхтар  Әуезов те  қолданып,  оган  Исатай, 
Махамбет,  Бекет  туралы  жырларды  жатқызган  [11].  Кейін,  1939  жылы, 
М.Әуезов  Л.Соболевпен бірге жазган  «Қазақ халқының эпосы мен  фоль- 
клоры»  атты  еңбегінде  тарйхи  жырды  жеке  жанр  ретінде  бөліп  алып, 
оның негізгі сипатын ашып берді, сондай-ақ бұл жанрдың шыгу мерзімін, 
қалыптасу процесін болжаган [12].
«Қазақ эпосында батырлар жыры мен гашықтық жырларга қоса тари- 
хи жырлар  да  мол.  Бұл  жырлар  ХҮІІІ  және XIX  гасырларда,  әсіресе,  кең 
өрістеп  дамыган»  [13],  — деп  М.Әуезов  тарихи  жырдың  өз  алдына  жеке 
жанр  екенін  айрықша  атап  көрсетеді.  «Бұл тарихи  жырлардьгң, -  деп жа- 
зады  әрі  қарай  М.Әуезов,  -  дәстүрі  тереңде,  алыста жатыр.  Ол бастауын 
Орта  Азия  мен  Сибирь  тайпаларының  ру  аралық  тартысы  кезіндегі  ша- 
буыл-жорық жайындагы жырлардан алады» [14].
Осыган  орай  айтатын  бір  нәрсе:  М.Әуезов  зерттеліп  отырган  тарихи 
жыр жанрының тарихи олеңнен  горі басқа екенін сездіріп отыр.  Шынын- 
да, тарихи жырдан бұрын туатын шагын тарихи өлеңдер сонау коне түркі
268

заманынан  басталады.  Атақты  Орхон-Енисей  атырабындағы  Білге-қаған, 
Күлтегін  туралы  шығармалар  — тарихи  өлеңнің  жырға  айналган  түрінің 
алғашқы  таңбаға  түскен  нүсқалары  деуге  болады.  Сонау  1952  жылы 
Мүхтар  Әуезов  осы  Білге  қаған,  Күлтегін,  Тоныкөк  туралы  тасқа түскен 
мәтіндерді сол заманғы эпостың үлгісі деп қарауға болатынын айтқан [15]. 
Осындай  ойды  кейінірек  И.В.Стеблева да  айтып,  ол  мәтіндерді  «тарихи- 
қаһармандық  поэма»  деп  атаған  [16].  Оның  поэма  деп  отырганы  — жыр. 
Сонда галымның сөзін қазақша айтар болсақ, «тарихи-қаһармандық жыр» 
болып  шыгады.  Түптеп  келгенде, бүл  «тарихи жыр» деген үғымға сәйкес 
келеді.  И.В.Стеблева  тіпті  «тайпалық  эпос»  (дружинный  эпос)  деген  де 
атауды  қолданған.  Қалай  болғанда  да,  көне  түркі  мәтіндерін  алғашқы 
тасқа жазылған  ең ескі  тарихи  жырдың үлгілері деп  қабылдауға  болатын 
секілді.
Тарихи  жырдың  өз  алдына  дара  жанр  екенін  М.Әуезов  баса  айтып, 
ол туралы былай деп жазады:  «Бүл жырлардың бэрі де,  ертеде туғандары 
да,  кейінірек  шығарылғандары  да -  анық тарихи  оқиғаларға  негізделген, 
ал  басты-басты  кейіпкерлер  -   тарихта  болған  адамдар.  Жырлардың  ав- 
торлары  -   көбінесе  сол  оқиғаларды  көзімен  көргён  түстастары.  Автор- 
лар  көзімен  көрген,  оздері  бастан  кешірген  оқиғаларды  уақытына  қарай 
сап-сабымен  баяндайды.  Тарихи  жырлардың  батырлық эпостан  жанрлық 
айырмашылығы  бар.  Яғни  тарихи  жырларда  эпостық  баяндауға  тэн  объ- 
ективтік сарынның орнын оқиғаларды тікелей қабылдаған автордың эсері
араласқан субьективтік баға басады»  [17].
¥ л ы   ғалымның осы  ойларына қосыла отырып,  тарихи жыр  сонымен
бірге  өз  бойына  батырлық эпостың  біраз  қасиеттерін  сіңіретінін  айту  ке- 
рек.  Тарихи  үлкен  жыр  оқиғаның  ізінше  қолма-қол  тумайды:  керісінше, 
оқиғаға қатысушылар өз корген-білгендері, батыр мен басшылардың ерлік 
істері туралы шағын өлең, эңгіме шығарады. Арада біраз уақыт өткен соң 
не  көз  көргендердің  ішіндегі  мықгы  бір  ақыны,  немесе  басқа бір талант- 
ты  ақын  баяғы  шағын  өлендерді  өзінше  жиыстырып,  бүрынғы  мазмүны 
бойынша сюжет құрап, кейде жанынан қосып, көркемдеп қайта жырлайды. 
Сөйтіп, тарихи жыр туады. Тарихи олең эр уақытта туып отыратынын Ах- 
мет Байтұрсынұлының  мына сөзінен де  көруге  болады.  «1879-1880  жыл- 
дары болған  «Қоян»  қыстың жұгы турасында шығарған өлең болушы еді. 
Сонда  қыстың  қалай  болғанын,  елдің  қандай  жұгағанын,  қандай  аштық 
азап  тартқанын  айтушы  еді.  Сол  өлең  осы  күнге  дейін  сақталған  болса, 
о да тарихи  жыр  болады»  [18], — деп жазады  Ахаң.  Ахаңның бұл сөзінен 
тарихи өлең белгілі бір оқиғадан көп ұзамай туатынын, ал уақыт өте келе 
ол өлеңнің жырға айналатынын аңғаруға болады. Ал оқиганың ізінше пай- 
да болған  кейбір  шығармалар  аңызға  айналады.  Мінеки, тарихи  аңыз  бен
кейбір шешендік сөздердің нұсқалары осылай туған.
Тарихи  жыр туралы  С.Сейфуллин  де  жазған  [19].  Алайда,  ол тарихи 
жырды  жеке  жанр  деп  танымай,  батырлар  туралы  шығармаларга  қосқан. 
Сондықтан  бұл  жанрды  ол  эпос  тарихымен  бірге  зерттейді.  Солай  бола
269

тұрса  да  С.Сейфуллин  1926  жылы  Жанқожа  туралы  жыр  мен  өлеңдерді 
жариялайды  [20].  Демек,  ғалым  таза  батырлар  жырынан  өзгешелеу 
шығармалар  бар  екенін  аңғарған,  бірақ  сонда  да  оларды  эпостан  дара 
жанр  деп  есептемеген.  Ол  батырлар  жырын  шығу  уақытына  қарай  зерт- 
теу  мақсатымен  олардың  тарихи  негіздерін  ашуға  тырысқан.  Осы  орай- 
да  С.Сейфуллин  ертеде  туған  эпосты  «ұлы  батыр»,  ал  кейін  пайда 
болғандарды  «кіші  батыр»  жыры деп  зерттеп жүргендерге  қарсы шыққан 
[21].  Ол  екеуінің  арасындағы  айырмашылық  туралы  зерттеуші  былай 
деп  жазады:  «Қазақгың  ескі  ел  әдебиетіндегі  батырлар  әңгімелерінің 
неғұрлым  ескілерін  алып  қарасақ,  солғұрлым  оның  «қиял»  қоспасының, 
жапсырма  сырлардың,  «ертек»  түрлерінің  молдығын  көресің.  Заманның 
неғүрльш  ертедегісіне  қарай  бара  берсең,  солғүрлым  елдің  шикі,  надан 
кезіне  таяна  бересің.  Батырлар  әңгімелерінің  неғүрлым  бергі  заманда 
шыққанын  алып  қарасаң,  солғүрлым  ол  әңгіменің  «кереметтері»  де  аз 
бола  береді,  шындыққа  жақын  бола  береді  жэне  солғүрлым  бертінгі  за- 
ман  батырларының  жаратылыстары  да  «кереметсіз»  бола  береді»  [22]. 
С.Сейфуллиннің  бүл  сөздерінен  біз  оның  тарихи  жыр  жанрының  кейбір 
ерекшелігін объективті түрде (тарихи жыр деп атамаса да) байқай білгенін 
аңғарамыз.
Қазақ халық әдебиетін біршама зерттеген С.Мүқанов та тарихи жырды 
батырлық эпостан бөліп  қарамаған.  Ол өзінің батырлар жырына арналған 
мақалалары  [23]  мен ХҮІІІ ғасыр әдебиеті тарихы туралы жазғандарында 
[24]~эпостың  тарихи  оқиғаларға  негізделетінін  дүрыс  айтқан.  «Батыр- 
лар  жыры,  негізінде,  ел  қорғау,  Отан  қорғау  тілегінен  туған,  халықтың 
жүрегіне  жағатын,  сүйетін  жырлары»  [25],  -   деп  өте  орынды  айтады. 
Жэне олардың тууына себеп  болған басты-басты тарихи оқиғаларды атап 
өтеді.  Олар:  татар-монғол  басқыншыларымен  және  алтынордалықтармен 
күрес,  қалмақ  шапқыншыларына  қарсы  соғыс.  Автор  ХҮІІІ  ғасырдағы 
қалмақтарға  қарсы  соғысқа  байланысты  туған  шығармаларды  батырлар 
жырына қосады.
Қазақ фольклористикасындағы  білікті мамандардың бірі Ә.Марғүлан 
да  тарихи  жырды  батырлық  эпос  қүрамында  қарастырған.  «Қазақ 
эпосының сйпаты ментарихи шарттылығы жайлы» депаталатын еңбегінде 
ол  батырлар  жырының  шығу  тарихын  зерттей  отырып,  жырларды  бес 
кезеңге бөледі.  Соның ішінде кейінгі дәуірлерде туған шығармалар ретін- 
де төртінші  және бесінші  кезеңге -  ХҮІІ-ХҮІІІ  және XIX ғ.  туған тарихи 
жырларды  жатқызады.  Мысалы,  төртінші  кезең  қалмақ  шабуылдарының 
түсы.  Бүған  ХҮІІ-ХҮІІІ  ғасырдағы  «Қүба  қалмақ»,  сол  замандарда  өмір 
сүрген  Олжабай,  Қабанбай,  Бөгенбай  батырлар  туралы  жырлар  жата- 
ды  десе,  бесінші  кезеңге  қазақтардың  XIX  ғасырдағы  хан,  сүлтандарға, 
патшаға қарсы  күресін көрсететін  Сырым, Исатай, Махамбет,  Бекет тура- 
лы  жырлар  енеді  деп  есептейді  [26].  Сонымен  бірге  ғалым  кейінгі  кезде, 
яғни XIX ғасырда туған жырларда тарих іздері айқын екенін көрсетіп, ен- 
дігі жерде тарихи өлең пайда бола бастайды деген болжам айтады.

Тарихи жырды арнайы зерттеген ғалымдарымыздың бірі -  Қ.Жұмалиев 
[27].  Ол  тарихи  жырды  кейде  «тарихи  поэма»  деп  атап,  терминді  атау- 
да  дәлдіктен  біраз  ауытқып  кеткен.  Әйткенмен  де  Қ.Жұмалиев  тарихи
жырдың  өзіндік  жанр  екенін  аңғарып,  оның  жанрлық  өзгешеліктерін, 
эсіресе, батырлықэпостан айырмашылықтарын дұрыс көрсеткен. Мэселен, 
батырлық эпоста оқиғаның жалпы, ұлы сорабы ғана сақгалып, шын болған 
оқиға  өте  көмескіленіп,  оған  эр  түрлі  қиял-ғажайып  нэрселер  араласып 
келіп отырса, тарихи жырларда элі де болса ізі суымаған оқиғалар да, оган 
қатысушы  адамдардың  іс-әрекеттері  де  тарихи  шындыққа  жақын,  қиял- 
ғажайып элементтері мейлінше аз ұшырасады.
Қ.Жұмағалиевтің сөзімен айтсақ,  «бұл екеуінің негізі  бір, екеуінің де 
түбінде тарихи уақиға жатады.  Бірақ эпостық жырлардың қаһармандарды 
атса оқ өтпейтін,  шапса қылыш өтпейтін,  суға салса батпайтын,  отқа сал- 
са  күймейтін  қасиеттері  бар  жэне  Бабай  түкті  шашты  Әзиз,  қырық  шіл- 
тен  тэрізді  бағып  жүретін  иелері  бар  адамдар  болып  суреттелсе,  тарихи 
жырлардың қаһармандары олардай емес, ер жүректі, күш-қайраты мол, оқ 
өтіп, қылыш  кесетін жэй адамдар.  Тарихи жырлардың уақигалары да осы 
тұрғыдан  құрылады.  Тілі  жағынан  алғанда да батырлар жырлары  мен  та- 
рихи жырлардың айырмашылығы бар»  [28].
Қ.Жұмалиев  сонымен  бірге  тарихи  жырларды  шыгарушы  мен 
жырлаушылардың  кім  екенін,  қай таптың өкіліне  жататынын  жіті  байқау 
керек екенін ескертеді. Батырлық эпостан гөрі тарихи жырда ақьшдар мен 
орындаушылардың  өзінің  дүниетанымына  байланысты,  озінің  таптық 
тілегіне қарай жамаған қоспалары көбірек болатынын айтып, бұл жанрды 
зерттегенде осы жағьш да айрықша есте тұту қажеттігін атап көрсетеді.
Тарихи  жырды  көп  уақыт  зерттеп,  құнды  еңбектер  жазған  ғалым 
Е.Ысмайьшов болды. Ол бұл жанрға ауық-ауық көңіл бөліп, бірнеше зерт- 
теуткұйБГстарынг жазды. жэне  оның-әрқайсысында тарихи  жыр туралы  өз 
пікірлерін толықтыра, тереңдете  түсті. Айталық, өзінің  1930-жылдардың 
аяғында  эпикалық  жанрға  арнап  жазған  бір  [29]  мақаласында  ғалым  та- 
рихи  жырды  батырлық  эпосқа  қосады.  Ол  батырлар  жырын  дәуірлей 
отырып,  ХҮП-ХҮПІ  ғасырлардағы  қазақ-қалмақ  арасының  қарым- 
қатынасына  байланысты  туған  батырлар  жыры  деп  Есім  хан,  Қабанбай, 
Олжабай, Бөгенбай, Арқалық, Алатай, Қаратай, т.б. туралы шығармаларды 
айтады.  Осы  қатарға ғалым  XIX  ғасырдағы  қазақ халқының ұлт-азатгық 
қозғалысына  байланысты туған  батырлар  жыры ретінде  Сырым,  Исатай, 
Махамбет,  Бекет,  Жанқожа,  Досан,  Сұраншы,  Сыпатай  т.б.  жайындағы
жырларды енгізеді [30].
Ал  енді  кейінде  жазған  еңбегінде  Е.Ысмайылов  тарихи  жырды  жеке 
жанр ретінде қарастырып, оның жанрлық ерекшелігін анықтайды жэне ол 
шығармаларды  хронологиялық  принңиппен  саралайды.  Мысалы,  кейбір 
зертгеушілер  қазақгың  тарихи  жырларын  төрт  дэуірге  бөлуді  ұсынады: 
а)  орта  ғасырда,  э)  ХҮІІІ  ғасырда,  б)  XIX  ғасырда,  в)  XX  ғасырда  туған 
шығармалар  [31]. Автор өзі ұсынып отырған эр дэуір шығармаларына тэн

сипаттарды  белгілейді.  Әсіресе  XIX  ғ.  соңы  меи  XX  ғ.  бас  кезінде  туған 
тарихи  жырларға  айрықша  мән  береді.  Бұл  дэуір  -   патшалық  Ресейдің 
отаршылдық,  қанаушылық  қысымына  деген  халық  қарсылығының 
күшейіп,  1905  жылғы  революция  мен  1916  жылғы  уақиғалар  дэуірі  еді. 
Міне,  мүның  бэрі  сол  кезде  туған  халық  шығармаларының  өзіндік  ерек-
шелігін қүрайтын тың белгілер.
Е.Ысмайылов,  сөз  жоқ,  осыларды  ескергендіктен  де  XX  ғасырдың 
бас  кезіндегі  тарихи  жырлар  мен  өлеңдерді  дэйекті  түрде  зерттеуге  ден 
қойды. Ол қазақ ғалымдарының ішінде осы дәуірдегі тарихи фольклорлық 
шығармаларды  алғаш  зерттеушілерінің  бірі  болды.  Ғалым  1939  жылы 
«Аманкелді  халық  әдебиетінде»  [32]  атты  мақала  жазды,  1940  жылы 
«1916  жыл»  деген  жинақ  шығарды  [33],  оның  кіріспе  сөзін  жазды.  Бүл 
еңбектерінде  Е.Ысмайылов  зерттеліп  отырған  шығармаларды  идеялық 
жэне тақырыптық жағынан алып талдады да, оның жанрлық мәселелеріне
тереңдеп бармады.
Рас, кейінгі кездерде жазған зерттеулерінде ол бүл мәселелерді нақгьшы 
талдап қарастыратьш болды  [34].  Мысалы, ол  1916 жылғы көтеріліс туралы 
шығармаларда  жанрлық  біркелкілікгің  жоқгығын  анықтады.  Мүнда  үлкен 
эпикалық  жыр  да  (кобінесе  дастан  деп  атайды),  түрмыс-салт  жырлары  да 
(қоштасу,  көңіл айтып жүбату,  жоқгау), сәлем  хат пен толғау өлендерінің де 
ұшырасатынын айтады. Автор бүл жанрлардың көтерілістің эр кезеңіне сэйкес 
туып отырғанын байқаған. Мысалы, котерілістің бірінші кезеңін суретгейтін 
шығармалар кобінесе толғау түрінде болып келеді. Екінші кезең үрыс, шайқас 
кезін  корсететін  ерлік  жырларды  туғызған.  Үшінші  кезеңде  көтерілістің 
жеңілуіне байланысты қайғылы, мүң-шер өлендері басым. Ал эпикалық үлкен 
шығармалардың туа бастауы кейінірек, котеріліс басьшьш, арада біраз уақы. 
откен соң шыққанын Е.Ысмайьшов орьшды атап керсеткен.
Ғалымның  бүл  түжырымдарын  қолдай  отырып,  мынаны  айту  керек. 
Біріншіден,  1916  жылғы үлт-азатгық  көтеріліс  туралы  шығармалардан  та- 
рихи жырдың  қалыптасу  процесін  көруге  болады.  Көтеріліс жүріп  жатқан 
кезде  көлемі  жағынан  шағын,  бірақ  оқиганы  баяндауы  толық,  қызықты 
олеңдер туды. Ал көтерілістен біраз уақыт кейін бүл шығармалар іріктелді, 
кейбір  маңыздыларының негізінде  көлемі  үлкен  жырлар  пайда болды,  сол 
көтеріліске қатысқан талантты ақындар қомақгы тарихи жырлар шығарды.
Ал  бүл  жырларды  зертгеушілеріміз,  көбінесе,  «эпикалық дастандар» 
деп атап жүр. Біздіңше, бүл термин дэл емес сияқгы. Рас, котерілістен коп 
кешікпей туган бүл  шығармалар бүрынғы тарихи жырдан гөрі өзгешелеу. 
Мүнда,  біріншіден,  оқиға  ізі  элі  суымаған,  сондықтан  көркемдеу  мен 
әсірелеу  жағы  аз;  екіншіден,  біразының  авторы  белгілі,  демек,  онда 
ақынның творчестволық ізі, даралығы бар; үшіншіден, үлкен шығармалар 
ел арасына ауызшадан гөрі жазбаша күйінде көбірек таралды.  Соның сал- 
дарынан  онда  фольклорға  тән  сипаттар  оқшау  көрінбейді;  төртіншіден, 
бүл  шығармалар  туган  дэуір  бүрынғы  заман  емес.  Міне,  осының  бэрі, 
сөзсіз,  ескерілуі  керек.  Демек,  1916  жьшғы  оқиғаларға байланысты туған
272

үлкен  шығармалар  таза  тарихи  жырға  толық  айналмаған.  Олай  болса, 
оларды  эпикалық  демей,  «батырлық  дастан»  десек  дүрыс  болар.  Бірақ, 
дастан жанрының табиғаты басқа. Міне, бүл мәселелер де ғылыми дәйекті 
шешімін күтуде. 
*
Тарихи  жыр  Н.С.Смирнованың  да  еңбектерінде  біршама  зерттелді. 
Бізғе  жеткен,  эрі  хатқа түскен тарихи  жырлардың басым  көпшіліғі  ХҮІІІ 
ғасырда  болған  оқиғалар  туралы.  Міне,  осыны  ескерген  Н.С.Смирнова 
алғашқы  еңбектерінде  оларды  ХҮІІІ  ғасырда  туған  батырлық  эпос  деп 
қараған-ды  [35]. Ал  кейінгі  кездерде жазған жүмыстарында ғалым ХҮІІІ-
XIX  ғасырларда  болған  оқиғалар  туралы  көлемді  үлкен  шығармаларды 
“тарихи эпос” деп атап, қазақ фольклорында тарихи жыр өз алдына дербес 
жанр деген қорытындыға келеді.  «При изменении устно-поэтической тра- 
диции  укореняются  новые  разновидности  эпоса.  Одну  из  них  можно  на- 
звать «историческим эпосом».  Это -  поздняя  промежуточная  форма меж- 
ду собственно эпосом и исторической песней»  [36], -  деп жазады ғалым.
Бүл  жерде  анықтап  алатын  жағдай -  қазақ тіліндегі  «жыр»  терминін 
орысша қалай  беру керек деген  мәселе.  «Эпос» деп  пе,  элде  басқаша атау 
керек пе? Батырлық жырды «героический эпос» дегенде, «тарихи жырды» 
неге  «исторический  эпос» демеске?  Негізі,  «эпос» деген  сез  «батырлық» 
деген сөз  емес қой.  Бүл  көлемді  жыр  мағынасын  береді.  Демек,  “жырды” 
орысша «эпос» деуіміз дүрыс, ал оның түрін бірде батырлық, бірде тарихи 
эпос деп атауға болады.  Басқаша айтқанда, батырлық жыр да (эпос), тари- 
хи  жыр да (эпос)  өмірде  болған  оқиға  негізінде  шыққан  ғой.  Бірақ бірін- 
шісінде батырлық пен  көркемдік әсірелеу басым да, екіншісінде  шындық 
,  жағы,  факті  мен  оқиға  жағы  басым.  Оның  үстіне  екеуі — эпос  жанрының 
тдамуындағы  екі  саты.  Н.С.Смирнова  дүрыс  айтады:  тарихи  жыр  -   екі 
аралық жанр, яғни тарихи өлең мен батырлық жырдың арасындағы өткел.
Олай  болса,  Н.С.Смирнованың  алғаш  кезде  тарихи  жырды  кейін- 
гі  дэуірде  шыққан  эпос  (кенже  эпос)  деп  тануынан  бас  тартып,  зергтей 
келе М.Әуезов айтқандай оны жеке жанр деп есептеуі әбден орынды. Тек,
Н.С.Смирнова  пікірінің  бір  өзгешелігі  -  тарихи  жырды  екі  аралық  жанр 
деп қарауы.
Н.С.Смирнова  сондай-ақ  тарихи  өлеңді  де  жеке  қарастырады.  Бірақ 
ол  кісінің  пікірінше,  қазақ  фольклорынДа  бүл  жанр  өте  кеш  туып,  XIX 
гасырда  пайда  болған  жэне  толыққанды  жанр  болып  эзірше  қалыптаса 
қоймаған [37]. Біздіңше, бүл тұжырым әлі де анықтап зерттей түсуді қажет 
етеді. Себебі бүл концепция бойынша (орыс жэне Европа фольклористика- 
сында) тарихи өлең фольклор ішіндегі ең кенже қалған жанрдың бірі, яғни 
кейінгі дәуірлерде, нақгылап айтқанда, мемлекеттің пайда болу кезеңінде 
туған  жанр.  Алайда, түркі  халықтарының материалдарына  қарағанда, та- 
рихи өлең өмірдің эр кезеңінде болатын ірілі-ұсақгы мәні бар оқиғалардың 
тұсында  немесе  дереу  солардың  артынша  туатын  шағын  шығарма:  сол 
себепті  тарихи  өлең  эр  ғасырда,  эр  дэуірде  туа  береді.  Ал  оның  ішіндегі 
маңыздылары тарихи жырга айналып, ұлғайып отырады.
18-2511
Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Тіл тағдыры ел тағдыры и-том павлодар м 2 0 1 0
transactions -> К ұ з б а с ы н д а ғ ы а ң ш ы н ы ң з а р ы
transactions -> Знаменательных и памятных дат республики казахстан
transactions -> Әбікейзейшысәтбаев к ж садықоөа, А. М. Садықова С. ТораОаыров атындаеы Павлодар мемлекеттік
transactions -> Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н
transactions -> Б 8 3 (5 к ) Қ 5 6 Б. Р. К,ожахметова МӘШҺҮр жүсіп фольклористикасындағы би-шешендердің
transactions -> Әбдіраиымов шақанай әміржанұлы екінші кітабы
transactions -> Монография «Тұран-Астана»
transactions -> Тәңірберген Қалилаханов
transactions -> Ж ү с І п о в а МӘШҺҮр жүсіп көпеиүлы деректанушы

жүктеу 1.76 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет