Б 82(5К) Қ44 Сеиіт ҚАСҚаьасод



жүктеу 1.76 Mb.
Pdf просмотр
бет3/36
Дата12.01.2017
өлшемі1.76 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36

\

туындыларымен  бірге  ескі  эпосты  да  орындаған  жэне  жаңа  дастандар  да 
шығарған.  Сонымен,  қазақ  фольклорын  тудырушылар,  орындаушылар 
жэне сақгаушылар  эр дэуірде болғанын,  олар біздің уақытта да бар екенін 
қуаттауға тура  келеді.  Рас,  бүгінде  арнайы жыршылар  жоқ,  жырды  жаттап 
айтып жүргендер, негізінен, -  ел ішіндегі өнерпаздар мен кейбір артистер.
Өлеңшілер.
  Ел арасында ең көп тараған өнерлі топ -  осылар. Олар екі 
тарапта жүмыс істейді: а) ескі халық өлеңдерін энге қосып айтады; э) жаңа 
әндерді  орындайды.  Өлеңшілер өздері де  шағын  өлең шығарып, жүрт ал- 
дында орындап жүреді. Қазақ өлеңшілері туралы, әсіресе, XIX ғасырдағы 
фольклор жинаушылар құнды мәліметгер қалдырған (Шоқан, Готовицкий,
Рыбаков, Эйхгорн, т.б.).
Әңгімешілер.
  Қазақ  фольклорының  құрамында  ауызша  әңгіме  көп.
Олар  ертегіге  жатпайды.  Бүл  әңгімелердің  тақырыбы  эралуан,  ойткені 
олар,  әдетте,  бір  оқиғаға  байланысты  болып  келеді.  Той-томалақтарда,  я 
болмаса  басқа  бір  бас  қосуларда  эңгімешілер  -   нағыз  сөз  шебері  ретін- 
де  көрінеді.  Олардың  репертуары  бай  болады.  Мүнда  күлкілі  әңгімелер, 
аңшьшар  әңгімесі,  белгілі  бір  адам  жайындағы,  аты  аңызға  айналған 
сәйгүлік,  қыран  қүс,  қүмай  тазы  туралы  неше  алуан  қызықгы  әңгімелер 
бар.  Сонымен  бірге  қулар  мен  шешендер  жайында,  жер  атауы  мен рулар 
шежіресі  туралы  да  әңгімеленіп,  жиналған  қауымды  риза  ететін  эдемі
шығармалар да кездеседі.
Ертекшілер.
 Қазақгаертек айтуды кэсіп қылмаған, бірақертектәрбиелік
жэне  сейілдік мақсагга  айтылған.  Әдетте,  ертекті  кешкілік уақытта,  я  бол- 
маса  аулақга  мал  жайып  жүріп,  ермек  қылып  айтатын  болған.  Сол  себеп- 
ті  кэсіпқой  ергекші  болмаған  (Кейбір  халықгарда  ертек  айтуды  күн  керіс 
қүралы ретінде  айту дәстүрі  болған).  Қазақ ертекшілері тек ертек  айтумен 
шекгелмеген.  Олар  неше  түрлі  аңыздар  мен  эпсаналарды  да,  шежіре  мен 
эңгімелерді де нэшіне келтіріп баяндайтын болған. Қазақ ертекшілерінің ре- 
пертуарында өзіміздікінен басқа елдердің ертектері,  аңыздаулары орын ал- 
ған. Соның арқасында мүсылман Шығысының, Ү ндістанның, Монғолияның, 
Қытайдың  ауызекі  әрі  кітаби  шығармалары  фольклорымыздың  қүрамына 
еніп, айтушылар үшін де, тындаушылар үшін де төл ертегіміз сияқгы болып 
кеткен. Өйткені ертекшілер бүл кірме сюжеттерді сақтағанмен өзінше, қазақ 
қауымына түсінікті етіп баяндаған.  Бүл жерде ертекшінің өз шеберлігі  мен
ергегілік дэстүрдің атқарған рөлі зор болған...
Жыршылар.
  Үлттық  фольклорымыздың  ең  тамаша  үлгілері  -  
батырлық,  гашықгық,  тарихи  жырларды  бізге  жеткізген  осы  жыршылар. 
Қазақ елінде жыршыға деген қүрмет ақыннан кем болмаған, өйткені ақын 
мен  жырау,  негізінен,  өз  жанынан  шығарып  айтса,  жыршы  ежелден  келе 
жатқан  жырды  топтың  алдында  орындап,  жиналған  жүрттың  көңілін 
көтерген,  рухын  биіктетіп,  жігерін  арттырған.  Талантының  арқасында 
жыршы  бүрынғы  өткен  өмірдің  суреттерін  тындаушысына  елестетіп, 
ел  қоргаған  батырларды  тірілткен,  оларды  дәріптеп,  жастарға  үлгі  етіп 
үсынған.  Гашықтар  тарихын  баяндап,  жүртты  бірде  сүйсіндірген,  бір-
48

де  күйіндірген,  сөйтіп  қоғамдағы  эстетикалық  идеалды  бейнелеген,  елді 
сондай  болуға  елтіткен.  Осылай  фольклордың  тэлімдік  те,  көркемдік  те 
қасиетін арттырған. Шебер жыршы -  бір өзі театр актерінің рөлін атқарған: 
ол -  ұзақ эпосты жай салдырлатып айтып шықпайды. Жырды орындаудың 
өзі 1  өнер, импровизаторлық та қабілетті қажет етеді. Сол себепті жыршы 
эр аудиторияның реакциясына сэйкес жырдың құрылысын, кейіпкерлердің 
іс-эрекетін, кейбір мотивтерді қайта қарап, жаңадан жырлап отырады.  Бір 
жырды екі рет орындай отырып, оны дәлме-дәл қайталамайды. Ол сюжетті, 
қаһармандарды есінде сақгайды да, жырды басқаша баяндайды.  Бұл жер- 
де оның импровизаторлық қабілеті  көмек етеді.  Тыңдаушы қауымды риза 
ету  үшін  жыршы  эр  кейіпкердің  рөліне  енеді,  олардың  сөздерін  эртүрлі 
мақаммен орындайды.  Әрине, мүндай  жағдайда жыршының дауысы,  үні, 
әуені, домбыра шертісі -  түғел бір ыңғайда болуы керек. Талантты жыршы 
осының бэрін меңгереді. Ол -  синкретті өнердің иесі.
Қазақ  дапасында  бұрын-соңды  жасаған  жыршылар  эруақытга  өзіне 
шәкірт  дайындаған,  сөйтіп  жыршылық  дәстүрінің  үзілмеуін  қадалаған. 
Арғы 
замандардан  қабылдап  алып,  өз  заманында  кемеліне  келтіре 
жырлаған  Жанақ,  Шөже,  Марабай,  Мұсабай,  Нұрым,  Мұрын  тәрізді 
жыршылардың репертуары біздің дэуірімізғе солардың шәкірттері арқылы 
жеткен.  Осындай  бір ұрпақтан  келесі ұрпаққа ауысып, ұстаздан  шэкіртке 
жалғасқан жыршылық мектеп пен дәстүрдің арқасында бізғе “Қырымның 
қырық  батыры”,  “Көрұғылы”  сияқты  бірнеше  эпосты  қамтитын,  үлкен 
циклға айналған  эпопеялар  жетіп  отыр.  Жалпы,  фольклордағы тұтастану 
(сюжеттік, гұмырнамалық,  шежірелік, тарихи,  ғеографиялық) заңдылығы 
осы жыршылардың арқасында орныққан.
Фольклор 
және 
қазіргі 
мәдениет.  Фольклор  -   мәдени  мұра  ғана 
емес.  Ол  ескінің  жарамсыз  дүниесі  болып  өмір  сүрмейді,  керісінше,  әр 
замандагы  қауымның  тұрмыстық,  мәдени,  тэлімдік  қажеттіктерін  өтеп 
отырған, сол себепті эр дэуірде қоғам талабына сәйкес езғеріп те, сондай-ақ 
жаңа түрлермен, туындылармен толығып та отырған әрі жаңа сипат алып, 
өмірдің  кәдесіне  жарап  отырған.  Бүгінгі  таңда да фольклор  осы  үрдістің 
үддесінен  шыгуда,  қазіргі  мәдениеттің бір саласы  жэне оның қайнар  көзі 
болып  отыр.  Осы заманғы  мәдениетіміздің әр түрінде  фольклордың әсері 
де бар және керісінше мәдениет те фольклорға ықпал жасауда.
Фольклор  жэне  ғдебиет.
  Бұлар  -   ұлттық  сөз  өнерінің  екі  түрі,  екі 
сатысы.  Әрқайсысының  өзіндік  көркем  эдісі  мен  жүйесі  бар.  Бірақ соган 
қарамастан  олар  бір-бірімен  тығыз  байланысты.  Бұл  байланыстың  ұзак 
тарихы  бар  және  ол  әр  формада,  әралуан  типте  болады.  Ең  біріншісі
-   генетикалық  байланыс.  Бұл  тип  бойынша,  фольклор  мен  әдебиет  бір 
коркем  творчествоға  жатады,  алайда  оған  екеуі  екі  бөлек  келеді.  Фөль- 
клор  -   әдебиелтің  төркіні.  Оу-баста  фольклордан  негіз  алып,  әдебиет 
алғашқы  даму  кезеңінде  кіндігіиен  бірден  қол  үзіп  кете  алмайды,  қеп 
уақытқа  дейін  соған  сүйенеді,  содан  сусындайды...  Байланыстың  екінші 
түрі  -  оппозициялық.  Әдебиет  біршама  дамып,  аягынан  тік  тұрып  алған
4-2511
49

соң  фольклорға  менсінбей  қарайды,  оны  жоққа  шығаруға  тырысады, 
одан  мүлде  қол  үзуғе  күш  салады.  Сөйтіп,  фольклорлық  сана,  поэтика, 
образ  дегендерден  қашады,  жаңадан  өзінше  жол  салады,  тың  сюжет- 
тер,  жанрлар  туғызады,  соны  кейіпкерлер,  жаңа  көркемдік  қүралдар 
іздейді,  оларды  табады,  әдеби-эстетикалық  мақсатта  пайдаланады. 
Сөйтіп,  көркем  эдебиет биік дәрежеге  көтеріледі.  Кемеліне  келіп,  үлкен 
эстетикалық-көркем  жүйеге  айналған  соң  эдебиеттің  фольклорға  деген 
көзқарасы  өзгереді.  Енді  әдебиет  фольклорға  қайта  соғып,  оны  басқа 
деңгейде  игере  бастайды.  Мүндай  байланысты  -   үндестік  байланыс 
дейді.  Бүл  түста  әдебиет  фольклордың  ешбір  жанрынан,  сюжетінен, 
образдары  мен  тіл  кестесінен  де  қашпайды.  Керісінше,  оларды  жаңа 
сапаға  көтеріп,  эдебиеттің  езінің  көркемдік  заңына  сэйкес  пайдалана- 
ды,  өзгертеді,  жаңаша  түсінеді.  Фолыслор  енді  иллюстрация  емес,  ол 
биік мақсат атқарады, терең философиялық мэнде  жүмсалады,  ескірмес 
концепцияның жүгін арқалайды. (Мысалы, әдеби мифология). Фольклор 
мен әдебиет байланысының келесі түрі -  қарымта, яғни қайтарым байла- 
ныс. Қазақтың XX ғасырдағы әдебиеті тек қана профессионалды көркем 
эдебиет  түрінде  жеке  өмір  сүрген  жоқ.  Онымен  қатарлас,  үзеңгілес 
авторлық ауыз  эдебиеті  (халық ақындарының поэзиясы)  жэне  фольклор 
өмір  сүріп  жатты.  Осы  процесте  зор  биікке  көтерілген  жазба  эдебиет 
енді  фольклорға да,  ауыз  әдебиетіне  де  ықпал  етті.  Сөйтіп,  қазақ  фоль- 
клорында  жаңа  дастандар,  аңыздар,  әпсаналар,  мақалдар,  жүмбақтар 
пайда  болды.  Олар  ежелгі  үлгілерден  эжептэуір  ерекшеленіп,  сюжети- 
ка  мен  поэтика  саласында  эдебиет  шығармаларынан  үлгі  алды,  соларға 
еліктеді.  Қайтарым байланыс деген -  осы.
Фольклор  және музыка.
  Ежелден  жігі  айырылмай,  синкретті  түрде 
туьш, дамыған бүл екеуі бүгінгі таңда да үлтгық мәдениетіміздің ажырамас 
бөлігі.  Олар этнос мәдениетінің алтын діңгегі болып қала береді.  Өйткені 
қазір  көпжанрлы,  көпсалалы  профессионалды  музьжа  өзінің  өмірге  ке- 
луімен  ең  әуелі  халық  әніне  қарыздар,  халық биіне  борышты.  Осы  күнгі 
опера,  балет  сияқты  өнеріміздің  шыңы,  сондай-ақ  көптеген  симфония 
мен ораторилер  фольклорды тікелей де,  жөндеп те  пайдаланғаны  белгілі. 
Ертеден  келе  жатқан  фольклорлық  сюжетгер  мен  әуендер  элі де  профес- 
сионалды  музыка мен  эстрада сазын  байытып  келеді.  Ал, дэстүрлі халық 
күйлері  мен соған байланысты  аңыздар -  үлттық мәдениетіміздің ерекше 
түрі, олар бүгінгі музыкаға зор әсерін тигізуде.
Фольклор  және театр.
  Қай  халықтың да театры  фольклордан  бас- 
тау  алады.  Қазақтың үлттық театры  да  езінің  пердесін  фольклор  сюжеті- 
не қойылған  ойындармен  ашқан.  (“Алтын сақа”,  “Еңлік-Кебек”).  Мұндай 
қойылымдарда  фольклорлық  шығармамен  қатар  халықтық  ойындар, 
әдет-салттар  көп  пайдаланылған.  Демек,  үлттық  театрымыздың  туып, 
қалыптасуында қазақтың драмалық типтегі фольклоры үлкен рөл атқарған 
(айтыс, жар-жар, шешендер мен билер дауы, т. б.). Театр кемеліне келгенде 
де фольклордан қашпаған. Елдің сүйікті жырлары мен аңыздары, ертегілері
50

театр  сахнасында  ұдайы  қойылып  келеді  (М.Әуезовтің,  Ғ.Мүсіреповтщ 
пьесалары). Жалпы, фольклор мен театрдың байланысы әдебиетке тікелей 
қатысты.
Фолъклор  жэне  кино.
  Мәдениеттің  басқа  түрлеріндей  емес,  кино 
онері өзінің шыгу тегі  жағынан фольклормен тікелей байланысты  болған 
жоқ.  Алайда,  ол  фольклорлық  сюжеттерді  кеңінен  пайдаланып,  эр  кез- 
де  көркем  фильмдер  мен  мультипликациялық  фильмдер  жасап  келеді. 
Бүл  түрғыдан  келгенде,  ертегілерге  кеп мэн  берілді.  Ал,  батырлар  жыры 
қазақ киносының назарынан тыс қалып келеді. Ғашықгық жырлар үлттық 
кино өнерінің дамуында кезеңдік фильмдерге негіз болды (“Қозы Көрпеш
-   Баян  Сұлу”,  “Қыз  Жібек”).  Бүл  шығармалар  кино  өнерінің  ерекшелік- 
теріне байланысты оқылып, түсірілген болатын. Мультфильмдерде де осы 
заңдылық орын алды.
Фолыаіор  жэне  бейнелеу  онері
  Фольклордағы  қазақгың  халықгық 
қолөнері -  бейнелеу  онеріне жатады.  Халықгың түрмыс  қажеті  мен әшекей 
үшін жасаған бүйымдары -  эрі пракгикалық (утилитарлық), эрі эстетикалық 
функция  аггқарган.  Киіз  үйдің  жабдықгары,  агтың  әбзелдері,  ыдыс-аяқ, 
үзатылар қыздың әшекейлері, т.б. -  бэрі осы екі функцияны қатар орындаган. 
Халықгың қолонеріндегі  мотивтер мен сюжеттер, ою-орнектер осы замангы 
бейнелеу  мен  сэулет  өнерінде  пайдаланылады.  Ал,  халық  ертегілері  мен 
эпосының кейіпкерлері, сюжеттік элементтері қыл қалам шеберлерінің туын- 
дыларына негіз болуда. Сонымен қатар үлттық фольклорымыз полиграфиялық 
мақсатта, кітаптар мен әр түрлі басылымдарды безендіру үшін де пайдаланы- 
лады.  Қазіргі  кездегі  живописьте,  графикада,  гобеленде,  жарнамада  үлттық 
фольклорымыздың көптеген элементі стилизация мәнерінде де корінеді.  Ен- 
деше, фолькпор -  бүгінгі қоғамның да практикалық, эрі эстетикалық талабын 
орындауда деп айтуға эбден болады.
Фольклор жэне теледидар.
  Үлттық фольклорымызды  насихаттауда, 
сол  арқылы  қоғамда  имандылық,  адамгершілік  сияқгы  ізгі  қасиеттерді 
орнықгыруда теледидардың атқаратын рөлі орасан зор. Халықгың игілікті 
әдет-ғұрпын, үйлену салтын көрсететін бейнеклип (видеоклип), ертегілер 
мен жырлардың сюжеті бойыншатүсірілген телефильмдер әрі эстетикалық, 
эрі  тәлім-тәрбиелік,  эрі  танымдық  қызмет  атқарады.  Осы  тұргыдан  кел- 
генде, Қазақстандағы телеарналар осы өнердің галамат мүмкіншілігін ба- 
рынша мол пайдалануға тиіс.  Ал, мұндай істі жүзеге асыру үшін телеарна 
қызметкерлері мен фольклористер күш біріктіруі қажет.
ҚАЗАҚ  ФОЛЬКЛОРЫ  ТУРАЛЫ  ҒЫЛЫМ. 
Қазақ  фольклорын 
арнайы  түрде  жинап,  жариялау  мен  зерттеу  ісі  XVIII  ғасырдың  екінші 
жаргысынан  басталады.  (Орта  гасырлардагы  авторлардың -   М.Қашқари, 
Ж.Баласагұнилердің  -   еңбектерінде  фольклорлық  мәтіндер  кеадеседі. 
Алайда,  олар  мақсатты  түрде  гылыми  талдауга  түскен  жоқ  еді).  Қазақ 
фольклорын  жинау,  эсіресе  Ресейдің  Қазақстанды  толық  озіне  қарату 
үшін  өте  актуальді  болды,  сондықтан  Ресейден  шыққан  арнаулы  экспе- 
дициялар,  әртүрлі  іс-сапармен  сахарага  келген  шенеуніктер,  миссионер-
51

лер,  офицерлер,  оқымыстылар  қазақ  әдет-ғұрпы,  тарихы,  этнографиясы, 
мэдениеті,  эн-күйі  туралы  мәліметтер  жинауды  басты  мақсат  етіп  қойған- 
ды. Осы саладағы жұмыстың бірі -  халық поэзиясының үлплерін де жинау, 
жариялау болды.  Бұл шаруа екі жарым ғасыр бойы үзілғен жоқ, яғни XVIII 
ғасырдан бастап XX ғасырдың 90 жылдарына шейін әр түрлі формада жүріп 
жатты.  Алайда,  өмірде  қай  нәрсенің  болса да  күнғейі  мен  көлеңкесі  бола- 
тыны  сияқты,  отаршылдық  мақсатта  жүррзілғен  осы  іс,  екінші  жағынан, 
қазақ  фолыслоры  туралы  ғылымды  дүниеғе  әкеліп,  қалыптастырғаны  да 
хақ. Екі ғасырдан астам тарихы бар фольклортану ғылымы бірнеше кезеңді 
қамтиды. Шартгы түрде былай дәуірлеуге болады.
I  
кезең:
  ХУІІІ-ХІХ  ғасырдағы  фольклортану.  Бұл  кезеңнің  езі  іштей 
бірнеше  белеске  бөлінеді.  Алғашқысы  XIX ғасырдың бірінші жартысына 
дейін  созылады.  Бұл  тұста  қазақ  фольклоры  жеке  жиналмайды.  Ол  жол- 
жазбаларда, очерктерде, географиялық, тарихи, т.б. еңбектерде қамтылып, 
қазақ елі  туралы дерек,  мағлұмат ретінде  пайдаланылады.  Олар  көбінесе 
шығарманың езі емес, оның мазмұндамасы түрінде беріледі (П. Паллас, Н. 
Рычков,  И.  Георги, т.б.).  Тек А.Левшиннің кітабында ғана кейбір  аңыздар
мен жырдың сюжеттері тарихқа қатысты түсіндіріледі.
XIX 
ғасырдың екінші жартысынан XX ғасырдың басына дейінгі уақытта 
қазақ фольклоры енді гылыми мақсатта да жиналады, арнайы түрде жарияла- 
нады,  зерггеледі.  Фольклорды  жинауцың  бағдарламасы  жасалып,  жарыққа 
шығады.  Ресейдің  В.Радлов,  Г.Потанин,  А.Диваев,  А.Васильев,  Я.Лютш 
сияқіы зерттеушілерімен қатар қазақгьщ өз оқығандары да фольклорды жи- 
нап, жариялаумен, зерттеумен шұғылданады (Ш.Уэлиханов, Ы.Алтьшсарин, 
Абай,  Мэшһүр Жүсіп, Ә.Бөкейханов т.б.).  Қазақ зертгеушілері  фолыслорды- 
тарихи материал деп түсініп, сол түрғьщан талдауға күш салды.
I I  
кезең:
 XX ғасырдың бірінші жартысы. Өткен ғасырда қалыптасқан 
ғылыми шарттар осы жүзжылдықгың бірінші ширегіне дейін жүзеге асып 
жатты.  Бұл  дэуір  де  іштей  этаптарға  бөлінеді:  1930  жылға дейінгі  шақга 
Ә.Бөкейханов,  Ә.Диваев,  Мэшһүр  Жүсіп,  Г.Потанин,  А.Байтұрсынов, 
М.Әуезов,  Х.Досмұхамедовтар  фольклордың  текстерін  жинай  жүріп, 
жариялады  да,  зертгеді  де.  Аталмыш  жылдары  қазақ  қоғамының  алдын- 
да  ең  басты  мәселенің  бірі -  оқу-ағарту  ісі еді.  Зиялылар  фольклорды  ең 
әуелі  осы  мақсатта  пайдаланды:  хрестоматия  жасады,  оқулық  пен  оқу 
қүралдарын жазды.  Фольклорды бірден-бір тәрбие құралы деп білді жэне 
халқымыздың  сөз  өнері  деп  түсінді.  Ал,  ғылыми  мақсатта  фольклорды 
“тарихи  мектеп”  тұрғысынан  зерделеді.  1930  жылдан  1950  жылға дейін- 
гі  аралықта фольклорды  жинауға жэне жариялауға мықгап ден  қойылды. 
Бірақ  партиялық  идеология  әсерін  тигізіп,  фольклорды  таптық тұрғыдан 
зерттеу  орнықты.  Сөйтіп,  оның  халыққа  пайдалы  жэне  халыққа  жат 
түрлерін  анықтау -   міндет  болды.  Дегенмен,  бұл  жылдары  мәтіндер  көп 
жиналды,  оқулықтар  мен  хрестоматиялар  шықгы,  біраз  зертгеу  еңбектер 
де  жарық  көрді  (С.Сейфуллин,  М.Әуезов,  С.Мұқанов,  Ә.Маргұлан, 
М.Ғ абдуллин, Е.Ысмайылов).
52

III 
кезең:
  XX  ғасырдың  екінші  жартысы.  Бұл  -   өте  күрделі  кезең. 
Мұнда да бірнеше белес бар.  1947 жылғы Қазақстан Компартиясы Орталық 
Комитетінің атышулы қаулысы фольклортану ғылымын таза идеологиялық 
қыспаққа салып,  1953  жылғы дискуссиядан кейін фольклорды тек таптық 
тұргыдан  бағалаудың  салдарынан  “Қамбар  батырдан”  басқа  жырлар 
түгелімен  халыққа  жаг  деп  танылды.  Тұрпайы  соңиологиялық  ұстаным 
тек  1957 жылдан  бастап,  қаге деп танылып,  фольклорды  зерттеу  ісі жаңа 
қарқынмен  қолға  алынды  (1959  жылғы  конференция).  1975  жылға дейін 
батырлар  жыры  — 3  том,  ертегілер  — 3  том,  айтыс  — 3  том,  басқа  жанр- 
лар -   1  томнан  жарыққа  шықгы.  “Алпамыс  багыр”, “Қозы Көрпеш -  Баян 
Сұлу”,  “Қамбар батыр”, “Қыз Жібек” мәтіндері академиялық басылым  бо- 
лып жарияланды.  Негізгі жанрлар туралы диссертациялар, монографиялар 
жазылды. “Қазақ әдебиетінің тарихы” 6 кітап болып шықгы. Бірінші кітабы
— фолыслорға,  екінші кітабы халық ақындарына арналды. Аталған жылдары 
бірнеше ғылыми еңбекгер, 3 томдық әдебиет тарихы (1-ші томы. Фольклор 
туралы) орыс тілінде жарияланды. Ә.Диваевтың, Г.Потаниннің, В.Радловтың 
жинаған  мәтіндері  жеке-жеке  жинақ түрінде  басылды.  1975  жылдан  1990 
жылға  дейін  бұрынғы  қалыптасқан  гылыми  басылымдар  мен  зерттеулер 
жалғаса  түсті.  Фольклордың  көптомдығы  шыга  бастады  (14  томы  жарық 
көрді). Зерттеулер әр салада жүріп жатты. Музыкалық фольклор туралы мо- 
нографиялар жарық көрді.  Бүл түстағы  фольклортанудың  методологиялық 
ұстанымы -  тарихи-типологиялық эдіс болды. Үлкен жанрдың барлығы де- 
рлік осы эдіс бойынша зергтеліп шықгы:  эпос (М.Ғабдуллин, Н.Смирнова, 
Ы.Дүйсенбаев,  РБердібаев,  О.Нұрмагамбетова, С.Садырбаев,  Ш.Ыбыраев, 
т.б.),  ертегі  (С.Қасқабасов,  Е.Тұрсынов,  Е.Коспохин),  аңыздар  мен  ше- 
шендік  сөздер  (Б.Адамбаев,  С.Қасқабасов,  А.Сейдімбеков),  дастандар 
(Б.Әзібаева, А.Қыраубаева), ғұрыптық фольклор (Б.Абылқасымов), балалар 
фольклоры (К.Матыжанов), өлеңдер (М.Сильченко, Б.Уахатов), тарихи жыр 
(З.Сейітжанов,  Б.Рахимов),  т.т.  Осы  жылдар  ішінде  фольклордың типоло- 
гиясына,  оның  тарихилыгына,  шындықпен  ара-қатынасына,  казақ  фоль- 
клортану гылымының тарихына, тарихи жырлардың мәсслелсрінс арналган
ұжымдық іргелі еңбектер жарық көрді.
Соңгы  он  жылда  фольклорды  теориялық  тұрғыдан  зерттеуден  горі
жариялау  жагы  басым,  өйткені  Тәуелсіздікке  қол  жеткелі  елдің  наза- 
ры  фольклордың  тарихилыгы  мен  тәлімдігі  басымырақ  жанрларга  ауды, 
Сол  себепті  шешендік  создер,  аңыздар  кобірек  жарияланды.  Бірақ  ол 
жинақтар  гылыми-копшілік  мақсатты  ұстанды,  ал  гылыми  басылым  коп 
дайындықты  қажет  етеді.  Осы  шартпен  1994  жылы  "Ел  қазынасы  -   ескі 
соз” дсген  атпен  В.Раддов  жинаган  фольклорлық  мәтіндер  жарық  көрді. 
Бүтінгі  таңда  ұлттық  фольклорымыздың  Кеңес  кезінде  тыиым  салынган 
түрлері  “Бабалар  созі”  атты  сериямен  жарияланып,  гылыми  аиналымга 
енуде  Барлыгы  -   100  том  болмақ.  Музыкалық  фольклорымыз  да  5  том 
болып  антология  түрінде  басылып  жатыр.  Екі  басылым  да  гылыми  шарт
бойынша жүзеге асуда.

ФОЛЬКЛОР ЖАНРЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ
Ф ольклорлық жанрдың табигаты
Жалпы  фольклортану ғылымында  әлі  күнге дейін  толық зерттелмей 
келе  жатқан  мәселенің  бірі  -   жанр  теориясы,  жанрдың  табиғи  қызметі. 
Аса көрнекті орыс фольклорисі В.Я.Пропп сонау  1946 жылы фольклорлық 
жанрларды  жеке  алып  зертгеудің  қажеттілігін  атап  корсеткен  еді. 
«Фольклортанудың  алдындағы  міндеттердің бірі, -  деп  жазды  ол, -  жанр
Бұл
лі міндеттщ  бірі болып тұр. 
Жанр -  онердің,  әдебиет пен  фо
қырлы  (универсалды)  категориясы  да,  екінші  жағынан,  нақтьшы  катего- 
риясы.  Коп  қырлы болатыны -  онда эр түрлі әдістер мен тәсілдер  корініс 
табады, ал нақтылы болатыны -  шығарма белгілі бір жанрдың аясында ту- 
ады. Әр жанрдың өзіндік ерекшелігі, заңдары болады. Оларды білмейінше 
өнердің,  фольклор  мен  әдебиеттің табиғатын,  сырын түсіну мүмкін  емес, 
сондай-ақ шығарманы дэл танып, терең талдап, эділ багалау да қиын.
Әдебиеттегі,  онердегі  жанр  туралы  жазылған  еңбек  аз  емес.  Оларда 
жанрға  берілетін  анықтама  да  эр  алуан.  Ал  фольклордағы  жанр  туралы, 
оның  өзіндігі  жайында  жалпылама  түрде  айтылады  да,  нақты  анықтама 
беруге келгенде эдебиетте қабылданған ережелер қолданылады.
Шындығында, әдебиеттегі жанр жайындағы  ойлар мен түжырымдар, 
негізінен,  профессионалды 
көркем  онерге,  дэлірек  айтқанда,  жазба 
әдебиетке қатысты айтьшған. Ал, фольклор жазба әдебиетпен бірдей емес. 
Ол да сөз онері екені рас, бірақ оның әдебиеттен оқшауландыратын озіндік 
сипаттары да аз емес. Ендеше жазба әдебиеттегі жанрлар мен фольклордағы 
жанрлар табиғатында да айырмашылық  бары  күмәнсіз.  Біздің міндетіміз
-  осы айырмашылықгы анықгап,  соның негізінде  фольклорлық жанрлар- 
ды сипаттауға, олардың өзіндік белгілерін анықтауға талпыныс жасау.
Жанрды  фольклортанудың  аса  маңызды  категориясы  ретінде  та- 
нып,  оны  жеке  даралау  жалпы  фольклор  табиғатының  коллективтік 
екенін  жэне  дәстүрдің  тарихында  руханият  басым  рөл  атқаратынын 
мойындауымызға негізделген.  Жанрдың табиғатын,  әлеуетін  жэне туыс- 
тас  жанрлармен  қатынасын  зерттемейінше  біз дүрыс  қорытындыға  келе 
алмаймыз.
54

Жанрды жеке-дара бөліп, шектеу үшін, сөз жоқ, оның жалпы теориясы 
болуға тиіс. Әлі күнге дейін фольклортануда эдебиетгану ғылымының  тер- 
миндері  пайдаланылатыны белгілі.  Түптеп келгенде, бүл заңды да, өйткені 
фольклор да, әдебиет сияқгы, сөз өнеріне жатады. Сонымен қатар фольклор- 
ды  әдебиеттен  ерекшелендіріп  түратын  өзіндік  қасиетгері  де  баршылық. 
Олай  болса,  фольклорды  зерттегенде  осы  қасиеттері  еске  алыну  керек, 
оған  әдебиеттанудың терминдері  мен  эдеби үғымдар  үнемі  механикалдық 
түрде телінбеуге тиіс. Бүл, әсіресе,  фольклорлық  жанрларды  анықгағанда, 
Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Тіл тағдыры ел тағдыры и-том павлодар м 2 0 1 0
transactions -> К ұ з б а с ы н д а ғ ы а ң ш ы н ы ң з а р ы
transactions -> Знаменательных и памятных дат республики казахстан
transactions -> Әбікейзейшысәтбаев к ж садықоөа, А. М. Садықова С. ТораОаыров атындаеы Павлодар мемлекеттік
transactions -> Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н
transactions -> Б 8 3 (5 к ) Қ 5 6 Б. Р. К,ожахметова МӘШҺҮр жүсіп фольклористикасындағы би-шешендердің
transactions -> Әбдіраиымов шақанай әміржанұлы екінші кітабы
transactions -> Монография «Тұран-Астана»
transactions -> Тәңірберген Қалилаханов
transactions -> Ж ү с І п о в а МӘШҺҮр жүсіп көпеиүлы деректанушы

жүктеу 1.76 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет