Б 82(5К) Қ44 Сеиіт ҚАСҚаьасод



жүктеу 1.76 Mb.
Pdf просмотр
бет29/36
Дата12.01.2017
өлшемі1.76 Mb.
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36

255

Тосінде бар қос анар,
Нар бураның санындай.
Оймақ ауыз, құмар көз
Іздеген ерге табылды-ай... 
і
Бейіштен жанған шам-шырақ -  
Көзі жайнаи, жанып іұр.
Белі  нэзік талып тұр. 
Л
а
Тартқан сымнан жіңішке,
Үзіліп кетпей нагып тұр?!
Он  төрт  жаста  осындай  болған  Жібектің  сұлулығына  ақылы  мен 
ақындығы да сай.  Алғаш кездескен сэттегі Төлегеннің сөзіне берген жауа- 
бы өте ұтымды эрі эсерлі. Ол өзін үлкен шеберлікпен  таныстырады жігіт- 
ке, өзінің кім екенін кэнігі  ақындарша баяндайды:
Мен жайымды айтайын:
Ағыным судай ағады,
Халқым малдай бағады,
Жұртым қойдай қағады...
Жалғыз атты жолаушы,
Жақындамай, әрмен жүр...  [4]
Өзін халық құрметтейтінін, жоғары бағалап, сыйлайтынын айта келіп, 
Жібек  Төлегенді  әдейі  кемсіте  сөйлейді,  сөйтіп,  оның  жігіттік  намысын 
сынайды.^Оның  айтқан  жауабына,  көркі  мен  ұстамдығына  риза  болған 
Жібек  енді  езі  іздеген  адам  — осы  Төлеген  екеніне  көзі  жетеді  де,  соған 
тұрмысқа  шығуға  бел  байлайды.  Бірақ  ол  жігіттің ұнағанын  сездірмейді, 
ойын  ашық айтпайды.  Іштей жақсы  коріп қалса да,  әліптің аяғын  бағады, 
себебі  экесі  қалай  қарайды  бұл  жігітке,  әлі  белгісіз  еді.  Әкесінің  батасын 
алған  соң  ғана  Жібек  өзінің  сезіміне  ерік  береді,  Төлегеннің  шақыруын 
жылы қарсы алып, оның отауына өзі барады.
Міне, осыдан бастап Жібек — күйеуіне өте адал әрі қамқор әйел ретін-
де көрінеді.  Төлегенге деген терең де  мөлдір  сезімін, шексіз  берілгендігін
ол,  эсіресе,  жаман  түс  көргенін  жеңгесіне  айтып,  Төлегеннің  сапарға
шықпауын өтіну арқылы білдіреді. Осы эпизодта Жібек — сүйікті жар ғана
емес,  алдағыны  болжай  алатын  кореген  эйел  болып  бейнеленеді.  Көрген 
түсін өзі жорып, Жібек:
Айналайын, жеңеше-ау,
Төлегеннің мен білдім:
Бір кеткен соң келмесін,
Жарық дүние опасын 
Білдім көзге ілмесін.
Мұнан кетсе Төлеген
Білгізді Құдай мен қуға
Бұл жерді қайтып көрмесін...  [5]
256

деп,  жеңгесін  Төлегенге  жұмсайды,  Төлеген  жолга  шықпасын  деген  тілек 
білдіреді.  Екінші  сөзбен  айтқанда,  Ж ібек  Төлегенге  тыйым  салады.  Бұл  -  
ж ы рда екінші тыйым: әкесі Төлегенге алыстағы Ш екті еліне, Жібекке баруға 
келісімін  де,  батасын  да  бермеген-ді.  Фольклордың  поэтикасы  бойынша 
тыйымды  бұзған кісі бір қасіретке тап болады. Ал, қазақтың этикасы бойын- 
ш а эке батасын алмаған баланың жолы болмайды.  Ендеше Төлегеннің мерт 
болуының түпкі себебі — осы екі тыйымды бұзғаны дейді жыр.
Ж ібекке  оралайық.  О л  Төлегенге  ғана  адал  емес,  оны ң  еліне,  руына 
адал.  М ұндай  берілгендіктің  себебі  туралы   М ұхтар  Әуезов  1927  жылы 
ш ыққан кітабы нда былай деп жазады.
«Қы з  Ж ібек  басында  Толегенді  сүйгенде  оның  бір  басын  ғана  сүйіп 
қойған жоқ.  Ол махаббаттың келеш ек қызықты күнін сол Толеген шыққан 
рудың,  сол  ш ыққан  ауылдың,  аймақтың  іш інде  болады  деп  есептеген. 
Қ азақгы ң салты   бойы нш а  өзін  Төлеген  руы ны ң  мүлкі  деп  есептеп  өскен. 
М ұны ң  келеш ектегі  күні  Төлегеннің  ауданымен,  ауылмен  байланысқан 
махаббаты  ауданы,  колемді  махаббат.  Бүгінгі ғана бір-ақ жанды сүйіп,  со- 
нымен  тоқгап,  тойып  қалған  махаббат  емес,  келеш ектегі  келін  болатын, 
жеңге,  бэйбіш е  заманның барлығын  бірдей  сүйіп,  сол  күнді  іштегі махаб- 
баттан  басқа,  сол  руға тиісті  намыспен  сүйген,  сонды қган  Төлеген  өлген 
күнде, ол Сансызбайды Төлегенді жоқгағандай жоқтайды  [6].
Сүйген жарына ғана емес, оның ел-жүртына деген махаббатын Жібек 
Төлегенді  сегіз  ж ыл  бойы  күту  мен  ол  келмеген  соң  оның  елінен  біреу 
келуін  тосу  арқылы  да  білдіреді.  Күйеуінің  елін  Ж ібек  -   өзінің  қорғаны 
деп  біледі.  Қалмақгың  Қорен  ханы  күш  көрсетіп,  Ж ібекті  зорлықпенен 
алмақш ы  болғанда,  ол Төлегеннің руын есіне алып,  Сансызбайдың неғып 
келмей жатқанына таң болады. Зарыға күткен Сансызбайы келгенде Ж ібек 
еш  ойланбастан  қайнысымен  қаш уға  бел  байлайды.  Өйткені  ол,  бірінші- 
ден  Төлегеннің  «өліп  кетсем,  артымда  еш  жаманға  қор  қылмас  Сансыз- 
бай  атты  інім  бар»,  деген  өсиетін  орындауы  керек.  Екінш іден,  Ж ібек,  оз 
заманыньщ  салты  бойынша, өзін Ж ағалбайлының жесірімін деп есептейді 
де,  әмеңгерінің  келуін  күтеді.  Ү ш інш іден,  Сансызбай  Төлегеннен  аумай- 
ды , сонды қган Ж ібек оны  «Төлегеннің өзі» деп қабылдайды:
Жарық алып, Қыз Жібек 
Сансызбайды кәреді.
Керіп, сонда сөйлейді:
—Алтыннан соққан қияғым,
Күмістен соққан тұяғым.
Құдай қайдан үқсатқан 
Көкесіне сияғын?!
Жаратқан Алла жар болып,
Жанды ғой ешкен шырағым,
Ашылсаңшы, қабағым!
Өлгенім тіріліп келіп тұр,
Жарылсаңшы, жүрегім? [7]
17-2511
2 5 7

-   деп,  өте  қуанады.  Сансызбайды  көрген  соң,  Жібектің  көңілі  тояды»,
-  дейді  жыршы.  Демек,  Жібек  енді  өзі  сүйіп  қалады  Сансызбайды.  Яғни 
Жібек  марқұм  болған жарының өсиеті  мен ата салтын орындау үшін ғана 
тимейді Сансызбайға.  Ол өзі ғашық болады,  сөйтіп оның Төлегенге деген
іңкәрлігі Сансызбайға ауысады.
Сансызбайды  көрген  кезден  бастап,  Жібек  енді  тәуекелшіл  жэне 
өжет  күйінде  көрсетіледі.  Жырдың  бірінші  бөлімінде  ол  он  төртке  жаңа 
толған,  ерке,  бейқам  сұлу  қыз түрінде  бейнеленсе,  бүдан  былай  ол  ер  мі- 
незді әйел ретінде суреттеледі. Сансызбайды көрген бойда-ақ ол Шеге мен 
Сансызбайға  енді  қашу  керектігін  айтып,  оны  қалай  іске  асырудың  мэн- 
жайын  түсіндіреді  жэне  өзі  ақылмен,  айламен  Қорен  ханның  тұлпарын, 
семсерін  сұрап  алып,  шу  деп  тартып  тұрады.  Бұл  шақта  ол  ханмен  еш 
қаймықпай,  қайта  өктем  сөйлеседі,  содан  соң  жалғыз  өзі  еш  қорықпай 
жолға  шығады,  жол  бойы  да  қасындағыларға  ақыл-кеңес  беріп  отырады. 
Қорен  ханның  қуып  келе  жатқанын  да  алдымен  Жібек  «күндік  жерден» 
болжап  біледі.  Жалпы,  жыр -  Қыз  Жібектің көріпкелдік  қасиеті  бар екені 
үш  мэрте  белгілі  болады.  Төлегеннің  еліне  қайтарда  жаман  түс  көріп, 
оның  мерт  боларын  білуі,  қуып  келе  жатқан  қалмақтың  қарасын  «күндік 
жерден»  болжауы,  Сансызбайдың  еліне  қалың  қалмақ  қолының  келе 
жатқанын  түс  көріп  ескертуі.  Бұдан  біз  Жібектің  бейнесі  идеалды  болу- 
мен бірге көнелік сипатқа да ие екенін аңғарамыз.  Ежелгі ертегі  мен көне 
эпостағы эйелдердің алдағыны болжайтын кереметтігі батырдың өмірінде 
үлкен  рөл  атқаратыны  мэлім.  Мұнда  да  сол  байқалады.  Демек,  кейінгі 
заманның  жыршысы  көркем  эпосқа  көне  мотивті  пайдаланып,  Жібектің
образын сомдаған.
Жырдағы  Жібек  -   тек  көріпкел  әрі  қамқоршы  әйел  ғана  емес,
ол  енді  Сансызбайды  сүйген,  онсыз  өмірді  қажет  етпейтін,  адал  жар.
Сансызбайдың  жолында  өзін  құрбан  етуге  дайын.  Мэселен,  Сансызбай
мен  Қореннің  жекпе-жегі  кезінде  ол  Сандалкөк  тұлпардың  шылбырын
мойнына  орап,  Жаратқанға  жалынып,  мінәжат  етеді  де,  «бір  сайқалдың
жолында құртамысың, Құдай, бір бишара жанның тұқымын?» -  деп зарлап
жылайды.  Сөйтіп  Жібек  бұл  жерде  тағы  да  нәзік  жанды,  сүйгеніне  адал
жар  болып  көрінеді.  Осындан  эрі  қарай  Жібек  түгелімен  Сансызбайдың
қамын  ойлап,  сол  үшін  өмір  сүреді,  ол  енді  өз  тарапынан  пэлендей  бір
ірі іс-қимыл жасамайды, бірақ Сансызбайдың ақылшысына, тілеуқорына,
қамқоршысына айналады.
Сансызбай  болса  өзін  нағыз  батыр,  елінің  таянышы,  Жібекті  өзі
сияқты  сүйе  білген  ер  азамат ретінде  көрсетеді.  Ол Төлеген  секілді  емес.
Ерте  жасынан  ерлікке даярланып,  ағасы  дайындап  кеткен тоғыз  қабат са-
уытты дулығаны  киініп,  найзасы  мен садағын  асынып, тұлпар атқа мініп,
кэдімгі  батырларша  жолга  шығады.  Оның  бұл  сапары,  бір  жағынан,
бұрынгы батырлардың қалыңдық іздеп, сапар шегуін  еске түсірсе, екінші
жагынан, жау қолына түскен эйелін (яки қалыңдыгын) тұтқыннаи азат ету
үшін күреске аттанатынын қайталаса, үшінші жагынан, болашақ батырдың
258

алғашқы  ерлігін  ойға  оралтады.  Ал,  мұның  бэрі  классикалық  батырлық 
эпосқа тэн. Демек, «Қыз Жібек» жырының екінші белімі -  көне заманнан 
келе жатқан  «жігіттің ерлікпен  үйленуі» туралы  сюжет  болып табылады. 
Бүл  сюжет,  әсіресе,  батырлық  ертегі  мен  көне  эпоста жиі  кездеседі.  Осы 
ежелгі  сюжетті  жыршылар  әдемі  пайдаланып,  жырға  шеберлікпен  енгіз- 
ген, сөйтіп, екі сюжеттен түратын өте көркем ғашықгық жыр тудырған.
Рас, «Қыз Жібекте» Сансызбай елінен ерлік жасау, я болмаса жеңгесін 
қүтқару  үшін  шықпайды.  Оның  мақсаты  — хабарсыз  кеткен  ағасын  табу, 
егер  ол  тірі  болса  — елге  қайтару,  ал  өлі  болса  -   арулап  жерлеу.  Мүны 
қазақгың  рулық  салты  мен  ғүрпы талап  етеді.  Сол  себепті  жырда  екінші 
бөлім  пайда  болады,  яғни  фольклордың  поэтикасы  бойынша  шежірелік 
түтастану іске асып, Сансызбай ағасы жүзеге асыра алмағанын ойдағыдай
орындап шығады.
Эпоста  Сансызбай  екі  сипатта  көрінеді:  ағасын  жанындай  жақсы 
көретін  бауыры  жэне  оның  ісін  жалғастырушы  інісі.  Бірінші  сипаттағы 
Сансызбай  -   элі  жасөспірім,  сондықган  оны  бейнелеуде  жыр лирикалық 
психологизмге орын берген.  Қайын жүртына  кетіп бара жатқан ағасымен 
қоштасқан сэтгегі Сансызбайдың мінезі, ағасына айтқан сөзі -  оның терең 
ойлы, ата-анасы туралы қам жейтін, келешегін ойлайтын бала жігіт екенін 
дэлелдейді.  Мүңлы  болған  Сансызбайдың  қайғыратыны:  ағасы  экесінен 
бата  ала  алмай  жэне  жалгыз  атганып  бара  жатқаны,  ол  кеткен  соң  ата- 
анасының,  ел-жүрттың  халі  не  болатыны,  өзінің  тым  жас  екендігі,  сол 
себепті  әке-шешесін  бағып-қағуға  элі  жарамайтыны...  Осының  өзі-ақ 
Сансызбайдың ерекше жан екенін көрсетіп, оның келешекте нағыз азамат 
болатынын  аңғартады.  Ағайынды  екеуінің  қоштасу  сөздерінен  Сансыз- 
байды  алда үлкен  де  қатерлі  сынақ  күтіп  түрғаны  сезіледі.  Оны  Төлеген 
де болжап, інісіне қажетті батырдың сауыт-сайманын дайындап қойғанын 
айтады  жэне  өзі  мерт  болса,  Жібекті  іздеп  табуды,  ешкімге  қор  қылмай, 
жар етіп алуды тапсырады. Міне, осылай жырдың эпилогі іспетті көрінетін 
Сансызбай мен Жібек жайындағы қосымшаның пайда болуы ақгалады да, 
бүкіл жыр біртүтас көркем дүниеге айналған.
Жьфдағы осы екінші сюжет эпосқа мейлінше қазақы сипат дарытқан. 
Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі, эдет-ғүрпы екін-
ші бөлікте көбірек әрі жарқын көрінеді.
Егер  бірінші  бөлімде  Төлеген  Қыз  Жібекті  алу  үшін  екі  жүз  елу 
жылқы сатып  алып,  қалыңмал  берген дәстүр  көрінсе,  екінші  бөлімде  қай 
істі бастар алдында үлкендердің батасын алу гүрпына үлкен мэн беріледі. 
«Ата  қаргысы  -   оқ»  деп  түсінген  халық  Төлегеннің  мерт  болғанына  ая- 
нышты  болса да,  таңданбаған,  қайта  оны  заңдылық деп  қабылдаған.  Ал, 
«баталы  үл  арымас»  деген  үғымды  үстанған  жыршы  да,  тыңдарман  да 
Сансызбайдың  ақжолтай  болғаны -  әкесінің оң батасын  алғандықган де- 
ген  ой  үсынады.  Сондай-ақ  Жібектің  әмеңгерлік  салтымен  Сансызбайға 
қосылуы  да -  ел  үшін  еш  оғаш  емес,  керісінше,  оны  орынды деп  білген. 
Кеңес  кезінде  әмеңгерлікке  байланысты  «Қыз Жібек» жыры реакңиялық
259

салтты дәріптейді деп сыналған болатын. Анығында солай ма? Неге біз ер- 
теде туған жырға кейінгі, кеңес дәуірінің ұғымын және біздің түсінігімізге 
мүлде жат Еуропалық қағвдаларды таңуымыз  керек.  Сонау  1927 жылдың 
өзінде-ақ Мұхтар Өуезов осы жайлы айта келіп, былай деп жазған болатын: 
«Осы  оқиғадан  соң  (Толеген  өлгеннен  соң -  С.Қ.)  Қыз  Жібек  жүрегінде
махаббаттың екінші бір түрі шығады.
Бұл  түрі  бүгінгі  махаббат жайын  сұрайтын  адамдардың ұғынуынша, 
бүгінгі  онерлі  Еуропа ұғынуынша жат тұр.  Мұндай  махаббат болмайтын 
да  сияқганады.  Бірақ,  қазақтың  сол  замандағы  тұрмыс  заңын,  салтын 
еске  алсақ,  сол  заң мен салтқа анық бойсұнып өскен адамдардың көзімен 
қарасақ,  бұ да  махаббат  екені  даусыз.  Бұл  «Қыз  Жібектегі»  махаббаттың 
екінші  сатысы.  Қазақ  махаббатының  озгеден  ерекше  бір  алуаны,  ерекше
түрі»  [8]. 
0 *  т   щ
Сонымен Сансызбай Жібекті алады, бірақ ол тек әмеңгерлік жолымен 
ғана алмайды. Сансызбай, кэдімгі қаһармандық эпостағы батырларша, ер- 
лік  жасап  алады.  Ол  бұл  жерде  -   Жібекті  құгқарушы,  түптеп  келгенде, 
әділеттілік орнатушы, сондықтан да оның іс-әрекеті толығымен құпталады. 
Оның  образы  біржақты  емес.  Сансызбай  — ең  әуелі  батыр.  Оның  батыр 
болатындығы  алдын-ала,  Толегеннің  оған  арнап  сауыт-сайман  соқтыруы 
мен  өзі  алысқа  аттанып  бара  жатып,  келмей  қалсам  осы  қару-жарақты 
асын  да,  мені  іздеп  шық  деуінен-ақ  білінеді.  Сондай-ақ  Төлегенді  іздеу 
үшін  дайын  тұрған  сауыт-сайманды  киіп,  экесі  Базарбайға  келіп,  рұхсат 
сұрауы -  оның сапары оңай болмайтынын, алдында небір қауіп пен кедер- 
гілер кездесетінін, сондықтан оған ержүректі әрі қайратты болу керектігін 
байқатады.  Әкесінен  оң  бата  алып,  ағасын  іздеуге  аттанғаннан  бастап, 
Сансызай — бұрынғы жасөспірім емес, бес қаруы сай, қавдай қиыншылққа 
да  қаймықпай  қарсы  тұра  алатын,  кездескен  жауын  жеңе  алатын  қайсар 
бейнесінде  көрінеді.  Сырттай  қарағанда,  Сансызбай  ұзақ  жолда,  Жібек- 
пен  коріскенге  дейін  тек  Шегенің  айтқанымен  жүретін  тэрізді  көрінеді. 
Алайда,  олай  емес.  Оның  бар  болмысы  хан  Қоренмен  жекпе-жекте  жэне 
артынан қуып  келген  қалың қалмақпен  шайқаста ашылады. Оның таймас 
ержүрек  екенін  жекпе-жекте  бірінші  кезекті  хан  Қоренге  бергенінен-ақ 
аңғарылады.  «Кезегін  беріп  қалмақтың  қасқайып  қарап  тұрады»,  -  дейді 
эпос.  Ал  өз  кезегі  келіп,  садақпен  атқан  оғы  не  істегенін  жыршы  былай
суреттейді:
Садақты қолға алады,
Толықсып тұрған кэпірді 
Толғап тартып қалады.
Зырқырап оғы кетеді,
Қалмаққа төмен жетеді,
Көкірек  қысқан  көбеден,
Қармаулы қабыл жебеден 
Зырлауменен отеді,
260

Мұнан да өтіп кетеді, 
Бір төбеге жетеді,
Ү й орнындай бір жерді
Төңкере тастап кетеді.
Оқ тоқтаган кезінде
Қорен аттан сұлады,
Туы қөлдан құлады.  Г91
Қ о р е н ш % е с т СвтшаЙ™йН  Я
І
  ~   ° НЫН  еткан 
агынымен,
2
^
2
  “ б„ен і  ™ >»ергеншен  өлшенеді.  Октың  жылдам 
ұшқандығы  сондаи  -   Қорен  аттан  құлағанша  жырақга  тұрған  төбеге
жетш, оны қопарып үлгереді. Ал/Сансызбайдың қайраты мен ерлігі калын 
қалмақпен  екі  рет  соғысқанда  көрінеді. 
Біріншісі 
а р і к п ^ ^ Ш
Е г і н ^ н ж  ° Л^
пТ й Л-КЫРЫП’ <<вЛІГІН жота' жота КЫЛЬ1" үйіп» тастайды. 
ькінш ісінде -  Сырлыбаидың елін қамап алған көп қалмақгы бір өзі кыоып
салады.  «Қалмақгың  бес  мың  қолын  бәрін  қырып,  қьізьш  қанға  бІялы
қара жерді» -  деиді жыршы.  Сөйтш, Сансызбай елде тыныштық орнатьш
Ж¥РТЫНДа  6К1  аЙ  жатып*  еліне  кайтады.  Міне  осылай  Сансызбай 
асының өсиетін орындап, Жібекті сүйікті жар етеді, Жібектің өзін  онын
елді қуанышқа кенелтеді  ’ 
ЫҢ 
Бізге жеткен 
«Қыз Ж ібек» 
ж ы ры -таза сөз өнерінің дүннесі  сондыкган
™зХыкГсГ
тТ„а Г  Я р  0лай 6мса- ^ а ШЙ комГХя
« к е Г е к с І І Г ^  біт‘спеит1н тарт“ с . кестелі тіл, ягни коркем шьнармага
ж=не  олар  жырда  айтарлыкгай  керініс 
б¥л эл' жазба м еб н ет п ң  үлгісі ем ес. мұнда квпкатпарлы іс- 
зрекет жок, шытырман окига балндалмайды, кейіпкерлердің мінез-юшкы
сихологнясы, характері динамикалык түрде дамымайды. Дей тұрганмен’ 
«Қыз Ж ібек» жырында басты каһармандармен катар басқа да (сейіпкерлеп
жағынан  байыта  түскен  Олар 
ек. 
топқа 
бөш нед,.  Бірі 
-  
бас  каһармандардыи  жанашыр  достары 
болса

:  „°” гДЫҢ  ка| с™ астаРЫ'  Достары  Жібек  пен Твлегеннің, содан
е т , п ^ , ^ , с  
ЫН махаб6атьш коштап, оларга зрдайым жәрдем
жүреді*  ^ұлардың  арасынан  Қаршыға  мен  Шегені  ерекше  бөліп 
алуга  болады.  Әсіресе,  Қаршығаның  қызметі  айрықша.  Ол  Төлегенге  өзі 
комекке келед,, екі жасты таныстырады, оларды оңаша үйде кездестірте^ 
Твлегенге қалывдық үшін мал алып, «құда түсуге» көмектеседі.  Қаршыға 
өзінің 
ОИЫ Н 
өте  шебер  іске  асыра  біледі.  Ол  Жібекті  Төлегенге  бірден 
көрсетпеиді, алдымен ол үш  сұлу қызды корсетіп, Толегевді ынть^гырып
жҢ”
па^
ЫРЫП 
РЬШ’  ЖбеКГ1  кеРсетеДІ-  Қаршыға  I   өте  ақылды 
жэне  кең  пеиіаді,  ақ  ниетті  адам,  ол  Сансызбайды  да  қолдап,  оны  қуған
қалмақ  қолын  басқа  жолға  бұрып,  адастырады.  Қаршығаньщ  өзі  де  ер 
ешнәрседен  қаимықпайды,  сөзге  шешен,  ойывдағысын  жасқанбай  айта’ 
ды.  Оның  бұл  қасиеттері  Жібекпен  сөйлескевде де,  Толегенге  кеңес  бер-
гевде  де,  қалмақтармен  шайқасқавда  да.  Сансызбайғя  ІГЙМРШГРГ^йи ПР  па
261

Сырлыбаймен  сырласқанда да,  эсіресе, Жібектен айырылып, қаһарланган 
Қоренге тайсалмай жауап бергенде көрінеді.
Жырдың  екінші  бөлігінде  Шеге  де  Қаршыга  сияқгы  көмекші  эрі 
ақылшы  рөлінде  бейнеленеді.  Агасын  іздеп  шыққан  Сансызбайдың  жол- 
басшысы  болып,  қиын-қыстау  кезеңде  сабыр  сақгап,  жөн  таба  біледі.  Ол 
Д а  
Жібек пен Сансызбайдың қосылуына бар күшін салады.  Қорен бастаган 
қалмақтар тойына танылмай келіп,  Жібекпен тілдеседі, Жібек пен Сансыз- 
байды бір-біріне таныстырады, сөйтіп екеуінің қосылуына жагдай жасайды. 
Рас, Шегенің іс-эрекеті Қаршыганікіндей кесек емес, бірақсоган қарамастан 
ол  дәстүрлі  қаһармандық  эпостағы  батырдьщ  жанындагы  атқышы,  яки 
қиналганга  көмек  көрсететін  досының  кейбір  белгілерін  сақтап  қалған. 
Жалпы, Қаршыға мен Шегенің образдары ежелгі көмекшілердің ғашықтық 
жырда  өзгергенін  көрсетеді.  Мүньщ  басты  себебі  -   «Қыз  Жібек»  түтас 
эпосқа,  яғни  көркем  жырға  айналған  заманда  (яғни  ХУ-ХУІ  ғғ)  жэне  одан 
кейінгі  дәуірлерде  де  (ХУІІІ-ХІХ  ғғ)  ер  адам  туралы  қоғамдық  идеалдың 
ауысқаны.  Ол — тек  қана қара  күштің иесі  емес,  оны-мүныдан  хабары  бар, 
шежіреші,  ақылды,  эрі  сөзге  үста  адам.  Бас  қаһарманның  өзі  сегіз  қырлы, 
бір сьфлы болғандыктан, оның көмекші достары да сондай болуға тиіс.
Жырға үлкен серпін беріп, оған көркем шығармаға қажетті қасиеттерді 
дарытып түрған  нэрсе -  кейіпкерлердің бітіспес тартысы.  Оны  күшейтіп, 
ширықтыруда  бас  қаһармандарға  қарсы  қимыл  жасап  жүрген  Беке- 
жан  мен  оның  қарақшы  жолдастары  жэне  қалмақтардың  ханы  — Қорен. 
Алайда,  Бекежан  мен  Қорен  бір-біріне  үқсамайтын  дүшпандар.  Бекежан
— романдық  эпостағы  дәстүрлі  кейіпкер,  яғни  екі  ғашықтың  ортасында 
жүрген қастангер (жігіт — қыз — қастаншы). Рас, Бекежан да ғашық Жібек- 
ке, бірақ ол сырттай сүйеді, ол өзінше иемденіп Жібекті қорғаштап жүрген 
болады, алайда қызға өз ойын ашық айта алмайды жэне Төлегенмен ашық 
күреске де шықпайды.  Бекежан үшін  қыздың сезімі деген түсінік жоқ,  ол 
өзі  сүйсе  болды,  қыздың  махаббатын,  жүрегін  жаулап  алу  үшін  не  істеу 
керек  екенін де  білмейді.  Жібектің сүйіспеншілік сезімін  оята алмаған ол 
жауыздық  жолга  түседі,  Жібек  сүлуды  басқа  біреуге  жіберу  Шектіге  үят 
деген  жамаумен  алпыс  жігітті  алдап,  өзіне  серік  етіп  алады.  Ақырында, 
айдалада бәрі жабылып, Төлегенді өлтіріп тынады. Сонан соң да сегіз жыл 
бойы қорқып, қылмысын жасырып жүреді.
Бекежанның істегенін халық та, жыршы да сөгеді.  Сөккенде, Жібекке 
ғашық  болғаны  үшін  емес.  Асылында,  жігіт ретінде  ол да Жібекті  сүюге 
хақылы. Жыршы да, тыңдаушы да оған қарсы емес. Мәселен — Бекежаннын 
халық этикасына жат қылыққа баруында. Ол, біріншіден, ер азамат ретін- 
де  өзінің  қызға  деген  махаббатын  ашық  күресте  емес,  жауыздықпен 
дэлелдегені.  Екіншіден,  қанша жек көрсе де, өлген Төлегенді топырақпен 
жаппай,  иен  далада  ит-қүсқа  жем  етіп,  тастап  кетуі.  Сондықтан  да  оның 
бауыздалып  олгенін  тыңдаушы  да,  жыршы  да  орынды  деп  қабылдайды. 
Халықтың  ізгілікті  салт-дәстүрін  бүзып,  жауыздық  жасаған  адамның 
тағдыры — осы дейді эпос.
262

Ал,  Қорен  хан  болса,  ол  Бекежаннан  өзгеше  дұшпан.  Қорен  -   елдің 
ішіндегі  қаскүнем  емес, сырттан  келген жау.  Жау болса да,  ол -  нагыз ба- 
тыр.  Өз  ойын  ашық айтады,  күшіне  сенеді.  Жібекті  күшпен  алатынын да 
жасьфмайды,  Сырлыбайга  қызыңды  бермесең,  еліңді  шабам  деп,  бүкіл 
ауылды  қамап,  түтқында  ұстайды.  Әлбетте,  адамгершілік  түргысынан 
келгенде,  бұл  да  -   зорлық.  Жібек  оны  қалай  ма,  қаламай  ма,  онды  оның 
да шаруасы жоқ.  Ол да, Бекежан құсап,  сырттай иемденеді  Жібекті,  бірақ 
ол  өз  ниетін  тура  білдіреді,  айтқанына  қыз  көнбесе,  оңцырмайтынын  да 
бүкпелемейді.  Істеп  отырганы  зомбылық,  бірақ,  не  істейсің,  ол  қазақтың 
ата  жауы,  сол  дүшпандыгын  істеп  отыр.  Қорен  ештеңеден  қорықпайды 
да  үрікпейді,  өзін  хас  батырша  ұстайды.  Мәселен,  Сансызбаймен  жек- 
пе-жекке  шыққандагы  оның  мінезі,  сөзі,  ісі  -   ержүрек  адамның  харе- 
кеті,  тіпті  ол  өзінің  қарсыласын  батыр  деп  мойындайды,  сонда  да  одан 
қаймықпайды.  Оны  тосын  тұрган  Сансызбайдан  бірінші  кезекті  сұрап 
алады.  Ал,  Сансызбайдың  кезегі  келгенде,  ол  қасқайып  қарап  тұрады, 
ажалын  ерлерше  қарсы  алады.  Сансызбай  мен  Қореннің  жекпе-жегі 
батырлық жьфлардағыдай. Екеуі  алдымен сөз арқылы тайталасады, содан 
соң кезекпе-кезек атысады. Әрқайсысы ез сөзінде қарсыларын томендете, 
өзін  көтермелеп  сөйлейді.  Осының  өзі-ақ «Қыз  Жібек»  эпосының екінші 
бөлімі  батырлық  жыр  екенін  айгақгайды.  Ал,  Сансызбайдың  мыңцаган 
қалмақгы  жалгыз  өзі  қыруы -   батырлық эпостың бұзылмас  шарты.  Сан- 
сызбаймен  жекпе-жекте  өзін  нагыз  батырша  көрсеткен  Қорен  жай  күнде 
мақганшақ эрі өз айтқанынан  қайтпайтын, ешнәрсенің байыбына бармай- 
тын, тек өзінің қара күшіне сенетін дүлей  бейнесінде  көрінеді.  Эпос оны, 
бір жагынан, асқан ержүрек батыр етіп бейнелесе, екінші жагынан, анайы 
ақымақ  етіп  суреттейді.  Оның  өзі  қандай  догал,  рапайсыз  болса,  сөзі  де 
түйеден түскендей  ерсі.  Қыз Жібектің алдап тұрғанын  сезбей,  Сандалкөк 
тұлпарын  беріп,  топастығын  білдірсе,  ары-бері  ойқастан  шауып  жүрген 
Жібекті  көріп,  «Қыз  Жібек -   менің  қатыным,  ақырын  шапшы,  ақырын!»
-   деп,  жұртқа  өзінің  ақымақгығын  жария  етеді.  Сөйтіп  эпос  оны  мазақ 
қылады, күлкіге айналдырады.
Егер  Қорен  мен  Бекежанды  салыстыра қарасақ,  екеуі де -  жағымсыз 
кейіпкер,  бірақ олар бір-біріне ұқсамайды.  Эпос оларды бірі-біріне қарсы 
қоятын  секілді.  Қорен -  ашық жау,  ол -  қазақ  елінің  ата  жауының  өкілі. 
Оның  бүкіл  ойы мен іс-әрекеті -  күллі  ел  жауының әдеткі  ісі. Яғни оның 
мақсатьі  В  шапқыншылық  жасап,  Шекті  руын  жаулап  алу,  күш  көрсетіп, 
мал-мүлкін  талау,  еркектерді  қырып,  әйелдерді  1   күң  ету.  Қорен  Жібекті 
сүйгендіктен  алайын  демейді,  оны  салық деп  қарайды.  Өмірде  де,  фоль- 
клорда да  сыртқы  жау -  қашанда жеңген  елінен  алым-салық талап  етеді, 
міне, Қорен де осылай істейді.
Бекежан  болса  -   сырттан  келген  жау  емес,  іштен  шалган  қаскүнем. 
Ол -  өте пасық,  өзгенің жақсылыгын көре алмайтын адам.  Сол себепті ол 
өзінің жымысқы тірлігін жасырын  істейді, ойын  құпия ұстайды.  Өйткені, 
ол  -қорқақ,  арам.  Жырда  Бекежанның  қалай  өмір  сүріп  жүргені,  бұрын
263

кім  болғаны  айтылмайды.  Эпос  оны  тек  «қарақшы»  деп  атайды.  Ал, 
қарақшының  болмыс-бітімі  белгілі.  Қоренге  қарағанда,  Бекежан  -   айла- 
кеР> ку> бэрін алдын-ала ойластырып қояды,  әрбір арам ісін залымдықпен 
жүзеге  асырады.  Сондықтан  ол  Қореннен де  қауіпті.  Сол себепті  де жыр 
да,  жыршы да, тыңдаушы да Қоренді  емес,  Бекежанды  қарғайды, оны ит 
өлімге  қияды.  Бекежан -  адам табиғатындағы  ең жағымсыз  қасиеттердің, 
зұлымдықтың,  жауыздықтың  белгілерін  бойына  жинақгаған,  солардың 
символына  айналған  образ. Міне,  бізге жеткен  «Қыз Жібек» жыры -  таза 
керкем фольклордың айшықты үлгісі екені осыдан да байқалады.
Сонымен  қорыта айтқанда,  қазақтың классикалық түрдегі ғашықтық 
жырлары  -   ежелгі  рулық  заманда  пайда  болған  «жігіттің  үйленуі»  тура- 
лы түпкі сюжеттің негізінде орта ғасырларда үлкен эпосқа айналған түрі. 
Бұл  сюжет,  әсіресе,  Қазақ  хандығы  тұсында  көркем  фольклордьщ  тама- 
ша  үлгісіне  айналған.  Талантты  ақындар  мен  жыршылар  «Қозы  Көрпеш
-  Баян Сұлу» мен  «Қыз Жібек» сынды жырларды тамаша романдық эпос 
етіп  жырлаған.  Сөйтіп,  қазақ  фолыоюрының  құрамында  ғашықтық  жыр 
жеке жанр болып қалыптасқан.
Сілтемелер және ескертпелер:
1. Дүйсенбаев Ы.Т. Қазақгың лиро-эпосы. Алматы,  1973. 91-6.
2. Әуезов М. Әр жылдар ойлары. Алматы,  1959. 301-6.
3. Әуезов Мұхтар. Әр жылдар ойлары. Алматы,  1959. 305-306-66.
4.  Қозы  Көрпеш-Баян  Сұлу.  Қыз  Жібек.  Қазақтың ғашықтық жырлары.  М.,
2003.  109-6.
5. Сонда,  119-6. 
|   і  >
6. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы,  1991.  137-6.
7. Қозы Көрпеш —
 Баян Сұпу. Қыз Жібек, Қазақтың гашықгық жырлары. М.,
2003.  145-6.
8. Әуезов М. Әдебиет тарихы.  136-137-66.
9. Қозы Көрпеш -  Баян Сұлу. Қыз Жібек, Қазақтың гашықтық жырлары.  М.,
2003.  159-6.
264

ТАРИХИ Ж Ы Р  СИПАТЫ
Қазақ фольклорының жанрлық құрамы өте бай, түр жағынан да, мазмүн 
жағынан да.алуан түрлі. Солардың арасында ерекше орьш алатыны -  тари- 
хи жыр. Жалпы фольклордың қай жанрын алсақ та, ол тарихилық сипатқа 
ие. Тіпті миф те,  ертегі де белгілі дәрежеде тарихи болып келеді.  Тегінде, 
фольклордың тарихилыгы  деген  үғым  өте  кең.  Біріншіден,  фольклордың 
өзі  -   тарихи  қүбылыс,  ол  өзгермелі.  Фольклорлық  сана,  фольклорлық 
дәстүр, фольклорлық ш ы ғарма- осының бэрі тарихта болатын нәрсе, олар- 
ды аттап кету мүмкін емес.  Бүлардың бэрі тарихтың белгілі бір кезеңінде
оолуға  тиіс,  сол  дәуірдщ  жемісі,  адамзат  мэдениетінщ  даму  жолындағы 
бір сатысы деп танылуы керек. Екіншіден, фольклор адам тіршілігімен ті- 
келей  байланысты,  оның  болмысьшың  бір  бөлшегі.  Сол  себепті  ол  адам 
өмірінің  барлық  жағын  бейнелейді,  шарауашылығынан,  түрмысынан, 
әдет-ғүрпынан,  салт-санасынан  айтарлықгай  мәлімет береді.  Үшіншіден, 
фольклор тарихи оқиғаларға тікелей де, жанама түрде де  байланысты бо- 
лады.  Екінші  сөзбен  айтқанда,  фольклор  халық  тарихындағы  маңызды 
оқиғаларды қамтып, соларды негізге алып, жаңа шығармалар туындатады, 
тарихи түлғалар жайында әңгімелейді, оларды көркем әдіспен дәріптейді. 
Төртіншіден, фольклор халықгың өзінің тарихқа қатысын, көзқарасын та- 
нытады, маңызды оқиғалар мен көрнекті қайраткерлерге берген халықтың 
бағасьш, сол арқылы халық нені армандағанын, қандай батырды көксегенін 
көрсетеді.  Бесіншіден,  фолыслор эр дәуірге, қоғам оміріне сэйкес өзгеріп, 
тарихи  түгастанудан  өтіп  отырады.  Соның  нәтижесінде  жанрлардың 
трансформаңиясы  жүзеге  асып  отырады.  Әрине,  бүл  айтылған  белгілер 
фольклордың  барльщ жанрында  бірдей  емес.  Әр  фольклорлық жанрдың 
өзіндік  қасиеттері  оның,  шығарманың  тарихилығына  эсер  етеді.  Мүны, 
мэселен,  батырлық жыр  мен тарихи  жырдың табиғатынан байқауға бола- 
Ды.  Екеуінде де тарихи  негіз бар,  алайда олар бірдей де, біркелкі де емес. 
Бүл  мәселе  төңірегінде  қазақ  фольклорын  зерттеушілер  эртүрлі пікір  ай- 
тып, кейде екеуін бір жанр деп, енді бірде екі бөліп қарастырып жүрді.
Халқымыздың үлы  перзенті  Шоқан  Уәлиханов  фолыслорлық тарихи 
шыгармаларды  жинап,  олар  туралы  аса  маңызды  пікір  айтып,  зертгеулер 
қалдырғаны  белгілі  [1].  Мәселен,  ол  «¥лы   жүз  қазақтарының  аңыздары 
мен  әңгімелері»  атты  еңбегінде  қазақ  фольклорында  тарихи  элементгің
Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Тіл тағдыры ел тағдыры и-том павлодар м 2 0 1 0
transactions -> К ұ з б а с ы н д а ғ ы а ң ш ы н ы ң з а р ы
transactions -> Знаменательных и памятных дат республики казахстан
transactions -> Әбікейзейшысәтбаев к ж садықоөа, А. М. Садықова С. ТораОаыров атындаеы Павлодар мемлекеттік
transactions -> Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н
transactions -> Б 8 3 (5 к ) Қ 5 6 Б. Р. К,ожахметова МӘШҺҮр жүсіп фольклористикасындағы би-шешендердің
transactions -> Әбдіраиымов шақанай әміржанұлы екінші кітабы
transactions -> Монография «Тұран-Астана»
transactions -> Тәңірберген Қалилаханов
transactions -> Ж ү с І п о в а МӘШҺҮр жүсіп көпеиүлы деректанушы

жүктеу 1.76 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет