Б 82(5К) Қ44 Сеиіт ҚАСҚаьасод



жүктеу 1.76 Mb.

бет17/36
Дата12.01.2017
өлшемі1.76 Mb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36

147

Қолдагщ  материалдарга  қарасақ,  хикая  жанры  -   кеие  мифтің 
феодалдық қбгамдагы  озгерген түрі./Ойымызды  анықтайық.  Патриархал- 
ды-рулық қаукмнан кұл иеленушім^млекеттік қогамға соқпай, бірден пат- 
риархалды-феодалдық  қогам  орнатқан  елдердің  көне  мифтері  жүйеленіп 
үлгермей, ыдырай бастайды, себебі бүл дәуірде мифтің бүрынғы танымдық 
қызметін  басқа  рухани дүниелер  атқарады да,  көркемдік-эстетикалық си- 
пат  ала  бастайды.  Дегенмен  бүрынғы  көне  мифтер  бірден  жоғалып  кет- 
пейді,  өйткені,  біріншіден,  ол  мифтерді  туғызган  ескі  діни  нанымдар 
инерциямен  сақталып  қалады,  екіншіден,  бүқара көпшілік жаңадан туған 
рухани  нәрселерді  э  дегеннен  қабьшдай  бермейді.  Сөйтіп,  көне  заманда 
туган  миф  басқа  сипат  алып,  адам  мен  қөгамның  рухани  өмірінің  пери- 
фериясына  көшеді.  Енді  ол  классикалық көне  миф  сияқты  адамды  толық
қанагаттандырмаиды,  оүкш  әлем,  өмір  туралы  сауалдарға  оүрынғыдаи 
жауап  бермейді.  Бүл  дэуірде  кене  мифтен  тек  мифтік  кейіпкерлер  ғана 
сақталады,  сөның  өзінде  де  ол  баяғы  түріндей  емес.  Ол  езгерген,  адамға 
бүрынғыдай билік жүргізе алмайды, тіпті, өл адамнан қорқады, сондықтан 
адамды қулықпен  алдап, арбап қана қолға түсіреді. Демек, бүл кезде адам 
әзі сеніп, қөрқатын мақүлықтардан өзін күшті сезінген, өзін оған қарсы қоя 
алған.  Міне,  хикая  жанрының  қалыптасу  жолы  осылай.  Бүл  заңдылықты 
қүл  иеленуші  мемлекет қүрмай,  рулық қауымнан  феодалдық қоғамға бір- 
ден  көшкен  Еурөпа  халықтары  мен  шығыс  славяндар  фөлыслөрынан  да 
көреміз. 
'
Әрине,  феөдализм дэуірінде бүл жанрдағы шығармалар бүрынғының 
қалдыгы  ретінде  ғана  өмір  сүрген,  тіпті,  өзгеріске  үшырап,  ертегіге  де 
айналған. Елдің неше түрлі мифологиялық нэрсеге сенуі азайып, ескі діни 
нанымдар  жоғалған  сайын  мүндай хикаялар  немесе ертегі  мен  анекдотқа 
айналады немесе үмытьшады. Сәйтіп, бір кезде бір адамның басынан өткен 
бөлып айтьшатын естелік (меморат) эңгіме көркем жанрға айналады.
Хикаяда  эстетикалық  функция  негізгі  бөлмаса  да,  сол  себепті  оның 
стильдік  бейнелеу  қүралдары  ертектегідей  көркем  бөлмаса  да,  өның 
жанрлық  белгілері  өзіндік  образдар  жүйесімен  жэне  композициялық 
қүралдармен  сипатталады.  Хикаяның  сюжеттік  қүрылысы,  ондағы 
кейіпкердің  суреттелуі,  табиғаттың сипатталуы,  тіпті,  әңгімешінің  өз  өб- 
разы -  бұның бэрі хикаяның негізгі қызметіне бағындырылған, ел арасын-
да  етек  алған,  көзге  көріноеи  өмір  сүретін  әртүрлі  су  иесі,  тау  иесі,  тағы 
да  басқа  мақұлықтар  бар  деген  халық  сенімін  дэлелдеуге  бағытталған. 
Сөндықган хикая көп жағдайда куэлік сипатта бөлады: баяндалып отырған 
оқиғаны әңгімеші оз басынан еткен деп айтады, немесе елдің көбі білетін 
атақты  адам,  я  бөлмаса  танысым  көріпті  деп  куэландырады.  Ал  кейде, 
әйтеуір,  бір  адамның  басынан  өткен  оқиға ретінде де айтылады.  Ең  кере- 
меті -  айтушы оқиғаның рас болғандығына еш шүбэланбайды.
«Ақ Мешіттің  бері  жағында,  өзімен  үшінші  қызыл  үйдің маңайында 
Бірқазан деген көл бар. Сөл Бірқазаннан кешке таман екі жігіттүнде, айдың 
жарығымен  Ақ Мешітке  келе  жатса,  жөлдың  бір  жағында  екі  бөйжеткен
148


қыз отын арқалап жүре берді.  Біраз тұрған соң екеуі де қалың тоғайға еніп 

кетті де, бүлардың атын атап, эр жерге от жагып, «ауыл мұнда» деп шақыра 
1  бастады...»  [1].  Міне,  бұл  -   шайтанмен  кездесуін  баяндайтын  хикаяның 
I  айтылу стилі. Мұнда айтушы көзімен көріп тұрғандай қылып айтады жэне
■  осы өтірік емес пе екен деген ешқандай күдік те жоқ.

Тағы бір хикаяның айтылу мэнерін байқайық:

«Ақ Мешітте Нүрпейіс деген бір би бар еді. Бір күні қатыны толғатып,
баласын тапты да, өзі талып қалды. Сол уақытта бір түлкі келіп, қатынның 
жатқан  жағына барды.  Сол мезгілде еркектер өз алдына жиылып, бір там- 

да  отырған  екен.  Солардың  ішінде  бір  кісі  түлкінің  кіріп  келгенін  көріп, 
I  оны  албасты  деп,  тұра  қуып  еді,  түлкі  есіктен  шығып  барды  да,  дарияға 
I  қатынның өкпесін тастап ж^берді.  Сонан  соң талып жатқан  қатын  өліпті»

[
2
]
'

Мүнда  да  айтушы  өзі  көргендей  қылып  баяндайды.  Оның  үстіне 

тыңдаушысын  сендіру  үшін  нақты  қаланың  (Ақ  Мешіт),  адамның 

(Нүрпейіс  би)  атын  атап,  әңгімесінің  рас  екеніне  еш  күмән  келтірмейді. 

Міне,  бұл хикаяның өзіндік стилі десе де болады.

Хикая тек бұл түрде ғана айтылмайды. Кейде хикаялар естелік түрінде, 
I  әңгімешінің оз атынан баяндалады, яғни эңгіме бірінші жақтан айтылады.
I  Бүл әдістің бір қызыгы -  хикая жеке емес, ертегі типтес шығарманың ішін- 
I  де  баяндалады.  Мұнда  басты  кейіпкер  хикаяны  өз  басынан  кешкен  оқиға 
I  қылып  айтады.  Осындай  хикаяның  бірі  -   «Мамай  батыр».  Үйіне  келіп, 
I  қонақ  болып  отырған  үш  жолаушыға  Мамай  батыр  өзінің  жезтырнақпен
; I  кездескен хикаясын былайша баяндайды:
I

«Менің  әкемнің  әкесі  де,  менің  әкем  де  Үшарал  деген  жерге  аң  ау-
1
1  лап барып, жоқ болып кетіпті. Содан мен ержеттім, ат жалын тартып, атқа
I  міндім.  Сөйтіп жүргенімде, маған ой түсті. «Менің әкелерім Үшаралға ба-
1
1  рып  өлді.  Онда  қандайлық  пәле  бар,  барып  көрейінші»,  -   деп  ойладым. 
(I  Елімізде бір балгер бақсы бар еді, соны  шақыртып алып, жөнімді айттым. 
( і   Ол  қобызында ойнап-ойнап  жіберіп,  маған  былай деді:  «Тіл  алсаң барма, 
] І   әкелерің де  сонда  өлді,  сен  де  сонда  өлейін  деп  пе  ең!»  -  деді.  Оған  мен 
болмадым.  Не болса да қүдайдың салғанын көрдім деп,  бэйге күрең атым 
- I   бар  еді,  соған  мініп  алып,  тәуекел  деп,  Үшаралға  жүріп  кеттім.  Сонымен 
ш   бірнеше  күн  жүріп,  Үшаралға  келіп  жеттім.  Жері  шүйгін.  Неше  түрлі 
[ I   аңдарды  да,  қалың  құз  тогайлары  да  көп  екен.  Екі-үш  күн  аң  атып,  жеп 
н і  жүрдім.  Өзімді-өзім  күзетіп:  «Бұл  менің  әкелерімді  құртып  жүрген  пэле 
ц і  қайда?»  -  деп  ойладым.  Сонымен  қанша  жүре  берейін,  «қой,  қайтайын», 
: I   -  деп  бір аңды атып  алып,  бақырға салып,  «жеп  кетейін» деп пісіріп отыр 
:-Ё  едім,  элден уақытта  арқандаулы түрған  атым  осқырып  қоя  берді.  Жүгіріп 
|   қасына  барсам,  атым  дірілдеп,  қан  сиіп  тұр  екен.  «Е,  бір  пэле  бар  екен, 
}К  етімді  жылдам  пісіріп,  жеп  кетейін»,  -   деп  асып  отырған  бақырымның 
н |  қасына  келіп  отыра  бергенде,  бір  нэрсе  зуылдап  келе  жатты.  Қарасам, 
і! I   ұзын бойлы,  қара сүр әйел.  Екі  қолы қусырулы, екі көзімен ішіп-жеп бара 
!  жатыр.  Келіп,  асулы тұрған  еттің қасына отырды.  Мен де екі кезімді  одан
149

айырмадым.  Бір  қолыма  мылтығымды  ұстап,  бір  қолыммен  еттің астына 
от жағып, отыра  бердім.  О да көзін  менен  айырмады.  Ет пісті.  Ол  кететін 
емес.  Бір қолымда мылтық, етті түсіріп, жеп отырмын.  Бір жіліктің басын 
алып,  ұсынып  ем,  аузын  ашты.  Аузына  сүйек-мүйегімен  асатып  едім,  ол 
бір-ақ  толгап,  сүйегімен  жүта  салды.  Сонымен  мен  де  отырдым.  Ол  да 
жауап қатпады.  Мен де етті жеп болдым. Көзімді одан айыргам жоқ. «Егер 
көзім  ауып  кетсе,  қағып  жібереді  екен», -  деп  ойладым.  Сонымен  біраз- 
дан  соң  түрып,  жүріп  кетгі.  «Қой,  менің  әкелерімді  қүртып  жүрген  осы 
екен»,  -  деп  енді  кетейін  деп,  атымды  әкеп  ерттеп,  ойланып  түрып:  «Бүл 
қалай,  мен елге барғанда не  көрдім деп барамын.  Бүгін  құдай  сақтағанда, 
тағы  сақгар.  Осы  жерге  қонайын», -  деп,  қайта ойландым.  Мүның артын 
тағы  байқайын деп,  түнде  өз  бойыммен  бірдей  жуан  терек  кесіп  әкеп,  ер 
тоқымымды  басыма  жастап,  үстіне  қара  шапанымды  айқара жауып,  кісі- 
ге  үқсатып  жатқызып,  өзім  биік  талдың  басына  шыгып,  мылтыгымды 
оқтап,  үйықгамай  қарап  отырдым.  Ай  жарық еді.  Бір  уақытта  атым  тағы 
осқыра  бастады.  Қарасам,  әлгі  қатын  келе  жатыр  екен.  Шапан  жамылып 
жатқан  мен  екен  деп,  келе  сала  ағашқа  мініп  алып,  жүмарлай  бастады. 
Мен  мылтықпен  тақ  өкпеден  дәлдеп  басып  салдым.  Түра  жөнелді.  Мен 
де жылдам  атымды  ерттеп,  міне  сап,  ізіне түсіп  келемін.  Жүрген  жерінен 
қан  жосып  келеді.  Бір  жерге  келгенде  қалың  тоғайдан  атым  жүре  алма- 
ды.  Соңына түсіп, жаяулап  келсем,  қалың талдың ішінде лашық бар екен. 
Соған кіре қүлап, өлген екен. Екі қолын кесіп алдым. Қолы пістедей темір, 
жезтьфнақ екен» [3].
Бүл  -   Мамай  батырдың  бір  хикаясы.  Әңгіменің  жалғасында  екінші 
хикая бар. Онда батырдың перілермен кездескені жайлы баяндалады.
Әңгіменің бас кейіпкері -  айтушының өзі, ол хикаяны естелік түрінде, 
ягни  бірінші  жақтан  баяндайды.  Демек,  езі  де,  тыңдаушы  да  оқиғаның 
шындығына  еш  күмэн  келтірмейді.  Оның  үстіне  нақты  Үшарал  деген 
жердің аты аталады.  Бүл да -  хикаяның ақиқат екендігін дәлелдейтін факт 
ретінде  қабылданады.  Басқаша  айтқанда,  хикая  шындыққа  бағытталған. 
Мүнда  жезтырнақтан  басқа  ешбір  қиял  (ойдан  шығарган  нәрсе)  жоқ. 
Әңгіме  үш  жолаушы  Мамайдың  үйіне  келіп,  сұхбаттасуынан  басталады. 
Жөн  сұрасқаннан  кейін,  сұхбат  басталып,  Мамай  батыр  өзінің  басынан 
кешкен екі хикаяны айтады.
Осындағы эңгіме тудырған жағдай -  қазақ арасына тэн ситуация жэне
ол -  хикая жанрының ел арасында өмф сүруінщ Оф көрінісі.
Хикаяның  сюжеттік  мазмұнында  ешбір  қиял  жоқ.  Мұндағы  өмір
-   қазақ  өмірі:  мал  баққан  ел,  аңшы  мен  малшы,  жолаушылап  жүрген 
адамдар,  қүдайы  қонақтар,  т.т.  яғни  күнделікті,  еш  ерекшелігі,  елең  еткі- 
зер  ғажайыбы  жоқ,  кэдімгі  сахарадағы  қазақ  ауылының  болмысы.  Бірақ 
соған  қарамастан,  мұнда  тыңдаушыға  үрей  туғызатын  жағдай  бар.  Ол
-   жезтырнақпен  кездесердегі  ситуация.  Дүниеде  адамнан  басқа  да  тірі, 
бірақ  көрінбейтін,  қүпиялы  мақұлықгар,  жер-судың  иелері  бар  деп  сен- 
ген  адам  жезтырнақ  келер  алдындағы  атгың  осқырып,  қан  сиюінен-ақ
150

бір сұмдықтың боларын  сезіп,  күдіктене  бастайды,  ол  атты киелі  жануар, 
сондықган  апдын  ала  бір  пәле  болатынын  біліп  түр деп  ойлайды да,  енді 
не  болар  екен  деп,  ынтыға түседі.  Тыңдаушының  қаупі  расталып,  «зуыл- 
дап  қара  сүр  әйел  келеді».  Оның  зуылдап  келуі  мен  қара  сүр  болуының 
өзі  адамга  қорқыныш  тудырады  жэне  бір  сүмдық  болатынын  аңғартады. 
Міне, бүл -  хикаяның тағы бір жаңалық ерекшелігі.
Хикаяның жанрлық болмысы -  оның мазмүнына ғана емес,  сонымен 
қатар айтылу ситуациясына да қатысты. Бірақ қалай болғанда да, адамның 
басқа дүниенің өкілімен кездесуі -  өте қүпиялы, тылсымды ғана емес, аса 
қорқынышты, тіпті, тыңдаушысына үрей туғызатын әңгіме болып келеді.
Ертегіге қарағанда, хикаяда мифологиялық кейіпкерлер қорқынышты 
болып  келеді,  тіпті,  хикаяның  бүкіл  мазмүны  ғана  емес,  ондағы  табиғат 
та,  адам  да  үрей  тудыра^ы.  Кейбір  хикаялар  трагедиямен  аяқталады: 
мақүлықпен  кездескеннен  кейін  адам  не  есінен  танып  қалады,  не  мас 
болып,  әйтпесе,  үйықтап  қалады,  ал  кейде  өліп  те  кетеді.  Мазмүнының 
тылсымдығы  мен  трагедиялық  сипаты,  оқиғаның  өң  мен  түс  арасында 
болуы хикая жанрының мифологиялық қасиетін күшейтіп, тыңдаушының 
сенімін арттыра түседі. Мысалы, хикаядағы оқиға көбіне-көп түнде, түман 
түскенде, айдалада, елсіз жерде, қалың тоғай, қамыс арасында, тау ішінде, 
көл жағасында болады және мақұлықгардың кездесетін адамдары да -  иен 
далада жүретін кісілер.
Хикая  кейде  үшінші  жақтан  айтылса да,  оны  айтушы  адам  бәленнен 
естіген  едім  деп,  әрі  қарай  сол  оқиғаны  басынан  кешкен  кісінің  атынан, 
яғни  бірінші  жақган  да  айта  береді.  Сонда  хикаяны  айтушы  кейіпкердің 
өзі  емес,  басқа  біреу  болады,  бірақ  соған  қарамастан  әңгіме  «лирикалық
героидың»  атынан  аитылып,  аитушы  лирикалық  кеиіпкердің  әңпмедегі 
оқиғаға  толық  сенетінін,  оның  құбьгжықпен  кездескен  сәттегі  сезімін 
түгел, сол өзі алғаш естіген қалпында сақтауға тырысады.
Хикаяның жанрлық ерекшеліктері туралы айтқанда, оның ел арасын- 
да  айтылуы  мен  тарауының да  ерекше  екенін  есте  ұстау  керек.  Хикаяны 
әдейілеп  көңіл  көтеру  үшін  айтпайды.  Ол  әңгіме-дүкен  қүрып  отырған 
қауымның  арасында  пайда  болған  жағдайға  байланысты  айтылады. 
Отырғандардың  әңгіме  тақырыбына,  психологиялық  көңіл  күйіне  қарай 
әңгіме  айтушының  бірі  өз  басынан  немесе  басқа  бір  жақынының  басы- 
нан  еткен  хикаяны  әңгімелейді.  Дэл  осындай  оқиғаны  басқа  біреуі  айта- 
ды.  Сәйтіп, бір хикаядан  кейін бір хикая айтылып, жиылған жұрт бірнеше 
ұқсас әңгіме естіп, оны басқа бір жиындарда айтып, ел арасына таратады.
Хикаялар, әдетте, елсіз жерде жүретін аңшылар, жолаушылар мен мал- 
шылар  арасында  жиі  айтылған,  яғни  табиғатпен  тікелей  араласып,  оның 
неше түрлі  қүпия  сырларын  көріп,  бірақ оларды толық түсінбей,  қорқып, 
тіпті,  табынып,  эртүрлі  сезімде  болатын  адамдар  арасында  туып,  айты- 
лып,  елге тараған.  Демек,  хикаяларда басты  кейіпкер  болып жолаушылап 
жүрген батыр,  мерген, аңшы,  керуенші көрінуі тегін емес және әңгіменің, 
көбінесе, солардың атынан баяндалуы да заңдылық.
151

Хикаяда  мифологиялық  құбылыстардың  сырт  пішіні  де  суреттследі, 
бірақ, көбінесеу портреті емес, жалпы бейнесі, түрі, түсі, бет әлпеті туралы 
түсінік  беріледі.  Әдетте,  ол  құбыжықтың  кім  екені  бірден  айтылмайды: 
ол  жолаушымен  қатарласып  келе  жатқан  қыз  боп  көрініп,  артынан  жоқ 
боп кетеді (шайтан), сұлу келіншек кейпінде келіп, үндемей отырып, мер- 
генмен  бірге  тамақтанып,  соңынан  оны  өлтіруге  келгенде,  мерген  атып 
өлтіріп, әйелдің кім екенін біледі (жезтырнақ), т.т.
Алайда,  кейбір  хикаяларда  жезтырнақгьщ,  албастының,  перінің  бет 
әлпеті біршама суреттеліп, қарапайым портретті образ жасалады, бірақ бұл 
жалпы хикаяга тэн емес. Мүмкін, бүл көркем прозаның эсері болуы да.
Хикая жанры өзінің даму жолында қарапайымдылықтан көркемдікке,
күрделілікке  қарай  багыт  алған.  Бүл  жанрда  қарапайым  ғана  әңгімемен
қатар  біршама  көркемделіп,  циклденген  шығармалардың  болуы  осыдан.
Әрине,  қазақ  хикаясының  үлгілері  кеш  жазылып  алынғандықтан  бұл
жанрға басқа жанрлардың  әсері  болмады деп  айта алмаймыз.  Сондықтан
хикаялар  ішінде  коркемделгені  болса,  ол  — осы  ықпалдың  нәтижесі  бо-
луы да ықтимал. Бірақ хикая жанрының құл иеленуші мемлекеттік форма-
циядан  аттап,  феодалдық  қауымға  өткен тұста ертегіге  айналуы  -  жалпы 
заңдылық.
Фольклор  көп  уақыт  негізгі  мәдени-көркем,  эстетикалық,  рухани 
қызмет  атқарғандыктан  оның  барлық  жанры  өзінше  дами  отырып,  бір- 
бірімен  тығыз  байланыста  болып,  тоғысып  жатты.  Солардың  бірі  — хи- 
кая  жанры,  бір  жағынан,  өзі  көркемдікке  қарай дамыса,  екінші  жағынан, 
басқа  жанрлармен  бір  жүйеде  байланыса,  араласа  өмір  сүрді.  Сөйтіп,  ол 
ертегі  жанрына  жылдам  ойыса  бастады.  Демек,  қазақ  жағдайында  хи- 
кая  жанрының  ертегіге  айналу  процесі  жеделдей  түсті.  Бұл  ел  арасын- 
да  хикаяның  біртіндеп  азая  беруіне  де  әсер  етті.  Әрине,  хикаяның  ыды- 
рауын  жылдамдатқан,  ең  алдымен,  қоғамның  алға  дамуы  және  ислам 
дінінің  халықтың  ескі  нанымдарына  қарсы  күресі  болды.  Бірақ  осыған 
қарамастан  хикая  жанры  ел  арасында  өмір  сүруін  тоқтатқан  жоқ,  ол 
мүлде  жоғалып  кетпеді.  XIX  ғасырда  жарық  көрген  хикаялар  -   осының 
айғағы  жэне  хикая  жанрының күрделене,  көркемделе  бастауының дэлелі. 
Бұл  шығармалардың  біразы  — «мен  албасты,  жезтырнақты  көрдім»  деп 
куәлендірілген  эңгіме  емес,  бір  адамның  сондай  мақұлықтармен  кез- 
дескені  туралы  хикая.  Сөйтіп,  бұрынғы  естелік  түрінде  айтылатын,  бір 
ғана  оқиғадан тұратын  сюжет күрделеніп, ұзақ желілі  шығармаға айнала- 
ды,  қараиайым  меморат  фабулатқа,  хикая  ертегіге  қарай  ойыса бастайды. 
Мұны  кейбір  хикаялардағы  мифологиялық  құбыжық-кейіпкерлердің  іс- 
эрекеті саналы түрде, яғни психологиялық мотивировкамен болатынынан 
көруге  болады.  Мысалы,  «Мамай  батырдың  арманы»,  «Жайық пен  Еділ» 
атты  хикаяларда  батырлар  өлтірген  жезтырнақтың туыстары  мен балала- 
ры Мамайдан, Жайықтан, Еділден өлген жезтырнақтың кегін алуға тыры- 
сады.  Олардың  іс-әрекеті  саналы  түрде  істеледі.  Бұл,  сөз  жоқ,  хикаяның 
ертегіге  айнала  бастағанының  белгісі.  Батырлар  мен  жезтырнақтардың
152

ұрпақтары  арасындағы  қақтығыс  —  батырлық  ертегі  мен  қаһармандық 
эпосқа тән генеалогиялық циклденудің көрінісі.
Хикаяны  айтушы  әңгімесін  барынша  шындыққа  жақын  етемін  де-
ген  ниетпен  оны  көптеген  тұрмыстық детальдармен  толықтырады,  оқиға
болардағы  табиғатты,  ауа  райын,  айналаны  дәлдеп,  өмірдегідей  қылып
айтады.  Осының  салдарынан  хикая  тек  оқиғаны  баяндау  емес,  көркем
әңгімелеу  сияқгы  болып  корінеді,  сөйтіп,  ол  ертегі  тәрізді  болады,  тіпті, 
кейде солай қабылданады да.
Кейбір  хикаяларда  екі-үш  сюжет  баяндалып,  оқиға  қоюлана  түседі.
Бір  қызығы  — қанша  сюжет  болса,  сонша  хикая  да  болуы  мүмкін,  яғни
екі-үш хикаяның  басы бір эңгімеге тоғытылады.  Өңгіменің хикая түрінде
немесе  ертек  түрінде  болуы  айтушының  мақсатына  байланысты:  егер  ол
шындыққа  бағыттап,  рас  бслған  оқиға деп  корсетем  десе,  хикая  түрінде 
болып шығады.
Хикая  кобінесе  бір  эпизодты,  бір  оқиғалы  болып  келеді.  Мұндай 
жағдайда  ол,  негізінен,  айтушы-кейіпкердің  басынан  кешкен  оқиға  бо- 
лып  қана  баяндалады  да,  бүкіл  мақсаты  сол  оқиғаның  рас  екендігін 
дәлелдеу  болып  табылады.  Ал,  кейде  екі-үш  хикая  бір  кісінің  (әдетте, 
айтушының)  көрген  оқиғалары  болып  айтылады.  Бұл  жерде  хикаяның 
циклдене бастағаньш көруге болады. Мұндай шығармада эпизод пен оқиға 
көбейіп,  хикая  енді  біршама  коркемделіп,  эстетикалық  сипат  ала  бастай- 
ды.  Хикаяньщ  бұл  түрі  қызғылықты  әңгіме  түрінде  айтылып,  ертегіге 
жақындайды.  Хикая жанрының осындай күрделеніп, ертегіге жақындаған 
түрлеріне «Мамай батырдың арманы», «Жайық пен Еділ», «Қара мерген», 
«Боран батыр» сияқты шығармалар жатады.  Бұл хикаялардан айтушының 
«болған» қорқынышты оқиғаны тек хабарлап қана қоймай, тыңдаушысын 
еліктіретін  қызғылықты  эңгіме  етіп  баяндайтынын  байқауға  болады.  Ен- 
деше,  ол  әңгімесін  әрлеп,  әсірелеуге тырысады,  ал олай  болған жағдайда, 
хикая  таза  озіндік  бітімін,  ерекшелігін  жоғалта  бастайды  да,  ертегі  жан- 
рына  ойысады.  Сойтіп,  алғашында  албасты,  жезтырнақ  сияқтылармен 
кездесу туралы хикая енді дию, пері, шайтандармен күресетін ертегіге ай- 
налады. Бұл ретте кейіпкердің айдаһармен жолығып, жауласатыны туралы 
шығармаларды да атауға болады.
Біздің айтайық деп отырғанымыз кейіпкердің елсіз жерде, су жағасында 
жалғыз  козді дэу,  айдаһар,  жалмауыз  кемпір, жезтырнақ,  күлдіргіш,  үббе, 
пері,  албасты,  дию,  шайтан  сияқты  небір  ғажайып  мақұлықтармен  кез- 
десіп,  олармен  татулық  қатынас  жасайтыны;  немесе  күресетіні  туралы 
эңгімелер  эу  баста  меморат,  я  болмаса  хикая  түрінде  пайда  болғандығы. 
Ал, кейін дами келе олардың кейбірі ертегіге сіңіскен де, соның құрамында 
ғана  айтылатын  болған.  Бұл  топқа  айдаһар,  жалмауыз  кемпір,  дию,  пері, 
шайтан  туралы  хикаялар  жатады.  Ал,  хикаялардың  ендігі  бір  тобы,  яғни 
жалғыз козді дэу, албасты, жезтырнақ, үббе, күлдіргіш жайындағылар ер- 
тегі мен эпосқа онша сіңіспей,  озінше қалыптасып қалған.
Біздің талдайтынымыз осы хикаялар.
153


іе
  ★
Ел  арасына'  бұрынгы  кезде  кең  тараган  хикаялардың  бірі  -   албасты 
мен адамның кездесуі туралы әңгіме. 
,
Бұл хикаялар, негізінен, үш сюжет қүрайды.  Бірінші  сюжет мынадай: 
бір адам жолда келе жатып, аузында адамның өкпесі  бар итгі (немесе еш- 
кіні,  т.б.  хайуанды)  көреді.  Оның  албасты  екенін  біліп,  элгі  адам  албас- 
тыны  сабап,  өкпені  алган  жерге  қайта  қуып  келеді.  Келсе,  жаңа босанып 
жатқан әйел не талып, не өліп жатады. Үйге келген адам албастыны ұрып, 
өкпені орнына қойдырады. Сол кезде әйелге жан бітіп, көзін ашады  [4].
Екінші сюжет бойынша, албасты түнде ешкімге көрінбей келіп, үйдегі 
әйелді немесе қызды түншықтырып жүреді. Осы үйге қонаққа келген «ки- 
елі» біреу албастыны көріп, оны сабап, үйден қуып жібереді, сөйтіп,  ауру
адам науқасынан мүлде айығады  [5].
Хикаялардың  үшінші  сюжеті  былай  деп  баяндалады:  бір  адам 
албастыға жолығып, соған үйленеді де, біраз уақыт бірге тұрады. Соңында 
эртүрлі  себептерге  байланысты  адам  одан  қол  үзеді,  бірақ  албасты  оған 
зияндық істейді. Адам оны ұрып, қуады немесе атып өлтіреді [6].
Әрине,  албасты  туралы  мүндай  хикаялар  қазіргі  кезде  ел  арасын- 
да  айтылмайды,  себебі  ол  әңгімелерді  тудырган  ескі  діни  нанымдардың 
өзі  өмірден  ғайып  болды.  Ал,  жогарыда  келтірілген  сюжеттерге  келетін 
болсақ,  олар  Совет  өкіметі  орнағанға  дейінгі  қазақ  ауылында  мұндай
әңгімелер кең тарағанын көрсетеді. 
; . 
^
Сонымен,  албасты  туралы  хикаялар  үш  сюжеттен  тұрады  дедік. 
Осының үшеуінде де  албасты  адамға зиянкес  кейіпкер болып көрсетіледі 
жэне оның қандай жағдайда адамға үшырасатыны жайында да айтылады: 
ол кебінесе адамға иен далада, алакөлеңкеде кездеседі: «Ү ш жолаушы келе 
жатса, жолдың үстінде, бір ешкі суретті  нэрсе аузында өкпесі бар жүгіріп 
барады» [7], -  деп, бір хикая басталса, енді бірі: «Бір Молжігіт деген атагы 
шыққан  бақсы  көп  адамдармен  астан  келе  жатыр  еді.  Сол  уақытта бір  ақ 
итті көреді, аузында өкпесі бар»  [8] -  деп басталады.
«Біздің  елде  бір  мерген  жігіт  бар  еді.  Ол  мылтықпен  дала  аралап, 
аң-қүс  атып  жүретін.  Бірде  ол  албастыға  кездесіп,  соны  әйел  қып  алып- 
ты.  Үйіне  келіп,  ез  қатынының  қойнына  жатқанда,  элгі  албасты  түнде 
көрінбей келіп, жігіттің екінші жағына жатады екен де, таң ата бере ешкім- 
ге көрінбей кетіп қалады екен»  [9]. Міне, бүл -  басқа хикаяның бастауы.
Албасты туралы хикаялар көркем емес, сондықган әңгімеде оның да, 
адамның да сырт пішіні, келбеті анық суреттелмейді.  Біздің қолымыздағы 
хикаяларда  албасты  көбінесе  хайуан  кейпінде  көрсетіледі.  Рас,  кейбір 
хикаяларда ол  адам  бейнесінде:  тек әйел  немесе  қыз түрінде  көрсетіледі. 
Басқаша айтқанда, албастының бейнесі айқын емес. Бұл, біріншіден, оның 
көне  замангы  мифтік  элементтерін  жоғалтпағанын  көрсетеді  де,  екінші- 
ден,  синкретті  образ  екенін  дэлелдейді.  Бұрынгы  адамдардың  албасты 
өмірде  бар  деп  ойлап,  оған  сенуінің  өзі  осы  образдың  мифтік  сипатын
154

танытады.  Албасты туралы  шығармаларды  жариялаған кісілердің бәрі де 
елдің бұл  әңгімелерге кәміл сенетінін, тіпті, сонда бейнеленетін  албасты, 
жын,  жезтырнақ  тэрізді  кейіпкерлерден  қорқатыньш  айтады.  Мысалы, 
Ә.Диваев:  «Шымкент  уезінің  Қошқарата  болысында  тұратын  Бексейіт 
Манкишев дейтін бақсы маған өзінің албастымен  кездескені  жайында ай-
тып берді» [10], -  деп жазады.
Қолда бар материалға қарағанда, албасты -  синкретті бейне, ол бағзы 
замандарда әртүрлі зиянкестер рөлінде көрінген болу керек.
Мэселен,  Шоқан  Уәлиханов  ескі  қазақ  түсінігіндегі  албастыны  бы- 
лайша  суреттейді:  «Албасты  -   әйел  босанғанда  қастандық  қылатын  жын 
(дух).  Оларды  кейде  жезтырнақ деп те атайды.  Албастылардың басшыла- 
ры  сөрел (сорель) деп аталады:  оның бойы  3  қүлаш  (сажень),  кеудесі тар, 
аяқтары жіңішке, түяғы жүқа болады...
Сөрел  -   орман  адамы,  кейбір  әңгіме  бойынша,  ол  жезтырнақтың  ері 
(күйеуі);  кейбір  ертектер  бойынша,  ол  әртүрлі  кейіпте  болады.  Сөрел  -  
мүлгіген  қалың орманды  мекендейді, түрі  адам  сияқты.  Оның бойы үзын 
ағашпен  бірдей.  Ол  адамды  қытықтап  өлтіреді,  орыстың  орман  адамы
тәрізді» [11].
Ш Уәлихановтың  сөзіне  қарағанда  қазақтар  ол  кезде  албасты  мен 
жезтырнақты,  тағы  басқа  мақүлықтарды  (сөрел)  бөлектемей,  бэрі  бір 
нэрсе  деп  ойлаған  сияқгы.  Бірақ  сол  кездің  өзінде-ақ  албастыға  айқын 
рөл  берілген:  жас  босанган  әйелді  өлтіру.  Мүндай  функңия  басқа  ешбір 
зияндас  жын-шайтандарда  жоқ.  Аса  бір  көңіл  аударып  айтатын  нәрсе 
сол  -   албасты  образы  мен  оның  осы  зиянды  қызметі  жалғыз  қазақ  емес, 
көптеген  шығыс  халықтарының  фольклоры  мен  діни  нанымдарында  кез- 
деседі  [12].  Атап  айтқанда,  өзбек,  қырғыз,  қарақалпақ,  түрікпен,  түрік, 
татар,  құмық,  ноғай,  малқар,  қарашай,  үйғыр,  чуваш,  тува  сияқты  түркі 
халықгарының  фольклорында  албасты  туралы  хикая  кең  етек  алған.  Ап, 
иран  тектес  халықгарда  албасты  бейнесі  тэжік,  шугнан,  язгулям,  вахан, 
шикашим,  рушан,  хуф  елдерінің  фолыслорында  кездеседі.  Албасты  сөзі 
эртүрлі  нүсқада,  тіпті,  Кавказдағы  абхаз,  адыг,  нах,  дағыстан,  армян  тіл- 
дерінде  де  бар  екен.  Ғалымдардың  айтуынша.  албасты  сөзі  удмурт,  мари
тілдерінде де үшырасады [13].
Осынша елге ортақ албасты образының қызметі ғана үқсас емес, сон- 
дай-ақ оның сырт пішіні де бірыңғай сипатталады: ол көп жағдайда емшек- 
тері  салбыраган,  шашы  жалбыраған,  әйел  түрінде  бейнеленеді.  Мәселен, 
өзбектерде  «албасты  шашын  жалбыратып  жіберген  қортық  эйел»  [14] 
кейпінде суреттеледі, тэжіктерде албасты «бірнеше үзын емшегі бар, шаш- 
тары да үзын әйел  бейнесінде  көрінеді»  [15].  Кавказдағы  ноғайлар албас- 
тыны  «шашы  жалбыраған,  емшектері  салбыраған,  ірі  денелі  әйел»  [16] 
ретінде бейнелейді.  Албастыны осы түрде суреттеу қазақтарда да бар:  «... 
албасты үрғашы, жетпіс емшегі бар, эр емшегімен жетпіс баланы емізеді... 
Келбеті қорқынышты, шашы үзын болады» [17], -  деп жазылған Ә.Диваев 
оқыған молда Көбей Тоқболатовтың қолжазбасында.

Алайда, албасты образы эр елде кейде эртүрлі болып та сипатталады. 
Жаңагы  көрсетілген ортақ белгілерімен бірге эр халық албасты  бейнесіне 
басқа бір сипаттар қосқан, сөйтіп, ол еркек болып та суреттеледі. Мысалы, 
ногайларда еркек  албастыны  Кіркөйлек деп  атайды  екен  [18].  Қазақтарда 
Да  еркек  албасты  бар  деп  сенушілік  жайлы  кезінде  Шоқан  Уэлиханов 
жазган  [19].  Сонымен  бірге  қазақтар,  тіпті,  албасты  адам  бейнесі  түгіл, 
хайуан  кейпінде  де  корінеді  деп  санаган  және  албастыны  сары  албасты 
һэм  қара  албасты  деп,  екі  топқа  бөлген.  Сары  албасты  — өте  қу  болады, 
адамды кездескен кезінде «енді саган жоламаймын!» — деп алдайды да, өзі 
қайтадан қастандыгын істей береді, — деп сенген. Ал, қара албасты анадан 
әлдеқайда  күшті  һәм  қауіпті.  Оның  істеген  зүлымдыгын  жою  қиын  деп 
түсінген [20]. Қазақтың «қара бассын!», «қара басқыр!» деп қаргауы я бол- 
маса  «не  қара  басты?» — деуі  осы түсінікке  негізделген  болу керек.  Жын- 
шайтанды  «сары  қыз»  деп,  соның  түрінде  көрінеді  деп  ұғыну  да  «сары 
албасты» туралы түсінікке байланысты болуы ықтимал.
Ал,  енді  ескі  діни  нанымдагы  албасты  бейнесі  мен  фольклорлық 
шыгармалардагы  (ягни  хикаядагы)  албасты  образы  бір-біріне  ұқсай  ма, 
жоқ па — міне, енді осыны анықтайық.
Албасты  туралы  мифтік  түсінік  бойынша  оның  басты  функциясы
— жаңа  босанган  әйел  мен  сәбиге  қастандық  қылу  екенін  айттық.  Осы 
қызмет  барлық  жогарыда  аталган  халықтардың  хикаясында  көрсетіледі. 
Рас,  албастының зиян келтіру жолдары өзгешелеу: тэжік пен өзбек хикая- 
ларында  албасты  жаңа  туган  сәбиге  емшегін  емізіп,  қастық  қылады  да, 
босанган  әйелдің  құтын  бекітіп,  ендігәрі  бала  көрмейтін  етеді  [21].  Ал, 
қазақ хикаяларында албасты толгатып жатқан әйелдің өкпесін ұрлап алып, 
суга тастайды, сөйтіп, эйелді өлтіреді [22]. Рас, хикаялардың көпшілігінде 
киелі бір адам өкпені ұрлап алып бара жатқан албастыны көріп қалып, оны 
есінен  тандыра  сабап,  қорқытып,  өкпені  қайтадан  орнына  қоюга  мәжбүр 
етеді.
Демек,  фольклорда  (ягни  хикаяда)  адам  албастыдан  басым  бо- 
лып  шыгады,  оны  айтқанына  көндіріп,  айдаганына  жүргізеді.  Бұдан 
фольклорлық қаһармандардың  алгашқы үлгілерін  көреміз.  Мұнда мифте- 
гідей  ілкі  ата  жоқ  жэне  албастыны  жеңетін  кейіпкер  жасампаз-қаһарман 
сияқты емес, ол адамзатқа зиянды мақұлықпен ашық күреседі. Күрескенде, 
ол  жауын  алдап  жеңбейді,  күшпен  тізе  бүктіреді,  ягни  мұнда  трикстэр- 
лік элемент жоқ.  Албастыны жеңген  кейіпкер — болашақта жезтырнақты, 
айдаһарды,  жалгыз  көзді  дэуді  жеңетін  аңшы-мергеннің,  жауды  ойсыра- 
та  талқандайтын  батырдың  алгашқы  бейнесі,  тұңгыш  типі.  Көне  мифтік 
ұгыммен  байланысты  болгандықтан  бұл  кейіпкер  кейінгі  батырлардай 
үлкен  күштің  иесі  емес,  керісінше,  шамандық,  ягни  адамзаттан  бөлек 
тылсым  күштермен тілдесіп, қажет болса шайқасып,  оларды жеңе алатын 
қасиетке  ие.  Сол  себепті  албасты  туралы  түсініктерде  оны  жеңе  алатын 
адам  не  бақсы,  не  бір  «киелі»  кісі  болып  саналады.  Бұлардың  қатарында 
кейде молда жүреді, бұл -  исламның әсері.  Ислам қазақтың бұрынгы діни
156

нанымдарының  бэріне  қарсы  күресе  отырып,  оларды  да  мүсылмандық 
мифологияға  енгізіп,  өзінің  реакциялық  мүддесіне  пайдаланып  отырған. 
Мысалы,  Ә.Диваев  кошіріп  алып,  жариялаған  бір  діни  қолжазбада  әйел 
затын кеміту үшін албасты, жын, диюларды Хауа-ана Адам-атасыз тапқан, 
сондықтан олар адамға қаскүнемдік қылады делінген  [23].
Ал,  фольклорлық  хикаяда  албастының  шығуы  туралы  әсте  сөз  бол- 
майды.  Хикая  үшін  маңыздысы  -  дүниеде  көрінбей  жүретін  мақүлықтар 
болатынын адамға білдіріп, оны олардан сақтандыру. Б ү л - алғашқы қауым 
заманындағы  адамдардың  өзін  қоршаған  ортаны,  төңіректі,  тіпті,  бүкіл 
дүниені танып-білу барысында туған.
Албасты  туралы  хикая  халықаралық сипатта болса,  жезтырнақ тура- 
лы хикая тек қазақ фольклорында ғана бар.  «Жезтырнақ -  әйел кейпіндегі 
жын (дух). Ол орманда өмір сүреді.  Жезтырнақ туралы аңыздар көп» [24],
-  деп  жазады  Ш.Уәлиханьв.  Иә,  қазақта  жезтырнақ  жайында  хикая  көп. 
Біздің қолымызда 20 шақты мэтін бар.
Жезтырнақ туралы хикаялардың негізгі сюжеті мынау: аңшы-мерген я 
болмаса жолаушы  батыр  кешке таман  қосына келіп,  ас пісіріп  отырғанда, 
қасына шолпысын сылдырлатып,  әдемі  келіншек келеді.  Жігіт оған тамақ 
үсынады,  ал  әйел  тамақты  қолының  үшын  жасырып  алады.  Тамақ  ішіп 
алған соң келіншек жайына кетеді. Енді мергенге «осы жезтырнақ емес пе 
екен?» -  деген  ой  келеді де,  ол сақтана бастайды, өзінің орнына бөренені 
үйықтап жатқан адам  қүсатып орап қояды да,  өзі  басқа жақта аңдып оты- 
рады.  Біраз уақыт  еткен соң бағанағы  әйел үрланып  келіп,  бөренені  адам 
екен деп қапсыра қүшақтап, тырнағымен қарс  айырады.  Осы сәтте аңдып 
түрған  мерген  мылтығын  басып  қалады.  Өлгеннен  кейін  келіп  қараса, 
жезтырнақ  екен.  Жігіт  оның  тырнақтарын  кесіп  алады  да,  коржынына 
салып  қояды.  Кейбір  хикаялар  мүнымен  бітпейді.  Өлген  жезтырнақтың 
балалары  кек  алуға  тырысып,  элгі  мергенді  аңдиды,  одан  түк  шыкпаған 
соң  оның  балаларын  ториды.  Мергеннің  балалары  да  капыда  қалмай, 
жезтырнақтың  келетінін  біліп, тосып  жүреді.  Ақыр  соңында,  жігіттің ба- 
лалары жезтырнақтың үрпағын жоқ қылады.
Жезтырнақ  туралы  хикаялар  албасты,  жалғыз  көзді  дэу  жайындағы 
әңгімелерге қарағанда біршама көркемделген, тіпті шежірел ік (генеалогиялық) 
циклге де түсе бастаған, яғни ертегі жанрына ойыса түскен.
Мүнда қүр адамның жезтырнақпен кездескен оқиғасы ғана айтылмай- 
ды.  Оқиға әрлене баяндалады, жезтырнақ келер алдындағы адамның жай- 
күйі,  маңайдағы  табиғат,  түн  сипатталады,  тіпті  жезтырнақтың  сыртқы 
киімі,  кескіні  суреттеледі.  Ойымыз  дәлелді  болу  үшін  жезтырнақ  келер
• 
М
«Бір күні Қара мерген  кешкісін ет пісіріп отыр еді, бір сыбдыр естілді. 
Мерген бүл не сыбдыр? Бүл маңайда ешкім жоқ еді ғой!» -  деп жан-жағына 
қарады.  Дэл  осы  сәтте  қостың  ішіне  көк  көйлек  киген  әйел  кіріп  келді  де, 
үндеместен бір тізесін бүгіп, отыра кетті. Мерген эйелге зер сала қарап еді, 
беті сап-сары, көзі аларған екен. Ол да мергенге тесіле қарады» [25].

Тағы бір мысал: атасының жезтырнақты қалай өлтіргені туралы Жүсіп 
мерген  қасындағы  серігіне  айтып  отырып,  жезтырнақ  келген  мезетті  бы- 
лай суреттейді:  «Атам атып алған таутекенің төстігін отқа қақтап отырып, 
үңгірге түсініксіз бір дыбыс жақындал  келе жатқанын сезеді.
«Зыңғыр, зыңғыр» деген дауыс  естілген  соң,  атам бұл жезтырнақтың 
мыс  тырнағынан  шыққан  дыбысы  екенін  біліп,  оның  келуін  күтеді.  Со- 
дан шынымен үңгірге адам тәрізді бірдеңе келеді, үстінде шапан, басында 
тақия»  [26].
Келтірілген  екі  үзіндіде  жезтырнақтың  келер  мезгілі  -   түн,  адам  эр 
дыбыстан  сескенетін  уақыт.  Оның  үстіне  маңайда  тірі  жан  да  жоқ,  ай- 
дала.  Бұның  бәрі  тыңдаушыға  үрей  туғызары  сөзсіз.  Демек,  жезтырнақ 
жайындағы  хикаяларда  тек  оқиғаны  айтуға  ғана  мән  беріліп  қоймайды. 
Мұнда тыңдаушыға  қажетті  дэрежеде  әсер  ету  керектігі де  ескеріледі,  ал 
бұл — көркем фольклордың белгісі. Демек, хикая жанрында көркемделудің 
алғашқы нышаны елес бере бастайды.
бұл
фольклорлық
пайда бола бастаған деп айта аламыз. Әрине, бұл — әлі таза фольклорлық 
көркем  образ  емес,  бірақ соның  өзінде де  образдың сыртқы  түрін,  кес- 
кінін  бейнелеу  бар  жэне  бір  қызығы  -   жезтырнақтың  түрі  барлық  хи- 
каяда  бірдей  емес.  Айталық,  бір  хикаяда  ол  жап-жас  келіншек  түрінде 
келсе,  екінші  бір  хикаяда  ол  үсті— басын  түк  басқан  еркек  адам  болып 
көрінеді. 
%
Жезтырнақтардың  эртүрлі  кейіпте  көрсетілетінін  Шоқан  Уэлиханов 
та айтқан. Сонымен бірге кейбір хикаяларда жезтырнақ жалғыз жүрмейді, 
тіпті, жезтырнақ елі бар екені, олардың да басшылары, көсемдері болаты- 
ны жайында айтылады. Бұдан біз бұл жанрда дүниеде адамзаттан басқа да, 
көзге  көрінбейтін тірі  жандар,  мақұлықтар  бар деген  мифтік ұғымның  ізі 
сақталғанын  көреміз.  Ендеше, хикая -  көне жанр, ежелгі мифтің өзгерген 
түрі деген  пікірімізді  бұл тағы да дәлелдеп тұр.  Басқаша айтқанда,  хикая 
жанры  қазақ  жұртында  көркем  ертегімен  көп  уақыт  қатар  өмір  сүрген, 
жай  ғана  өмір  сүріп  қоймаған:  ұзақ  мезгіл  ішінде  жаңа  хикаялар  туып, 
ескілері  ертегіге  айналып  отырған  басқа  жанрлармен  қоян-қолтық  ара- 
ласып,  бүкіл  фольклорлық процестің  ішінде  болған.  Осы  ойымызға  орай 
С.Сейфуллиннің мына сөзін еске түсіре кетейік.
«Тіпті,  ертек,  эңгімелердің  көшпелі  ел  арасында шығуы,  -  деп  жаза- 
ды ол, -  соңғы жылдарға шейін үзілмей  келеді.  Арғыдағы елдерде,  соңғы 
жылда  да  «метр  аяқ»,  «үш  буын»,  «айдаһар»,  «жапан  далада  жүргенде 
пәленді перінің қызы шэріне көтеріп апарып, қайтып әкеліп тастапты» де- 
ген ертектер шығып жүрді. Ана жылы, жаз жаңбыр болмаған жылы «пәлен 
жерде пәлен сұмырайды  көріпті»,  «сұмырай  келсе,  су құриды» деген осы 
екен деп, шындай сойлеп жүрді...».
Міне,  қазақтың  ауыз  әдебиетіндегі  ертек,  эңгімелер  ескі  замандағы 
надан жұрттың нанатын әңгімелері» [27].
158

С.Сейфуллиннің  айтып  отырғаны -  біз талдап отырған  хикаялар, тек 
ол басқаша атаған.
Біз  жезтырнақ  образына  қайта  оралайық.  Жоғарыда  айтылғандай, 
жезтырнақтардың  өз  елі  бар  деп  сенғен  халық  хикаяда  жезтырнақтың 
жұртын бейнелейді.
«Бір  күні Төлебай  багыр бір жолдасын  ертіп, тауға аңға кетеді.  Тау ара- 
лап жүріп, олар мал жайып жүрген кісілерді көреді, бірақ олар Төлебайларға 
жылы жүз көрсетпейді. Осы кезде Төлебай тастан қаланған үйлерді көреді де, 
соған қарай бет бүрады. Шеткі үйге жақьшдаганда ішінен жезтырнақ шьнып, 
Толебайға жылы  шыраймен сәлем береді де, батырға аттан түсіп, үйге  кіріп, 
шай ішіп кетіңіз», -  дейді. Төлебай тоқтамай отіп кетеді де, жанындағы жол- 
дасына «жезтырнақ елінен күні-түні жүріп шыгып кетейік!» -  дейді [28].
Ел түсінігінде  жезтырнақтың отбасы  болады,  оның  отбасындағының 
біреуін  өлтірген  кісімен  ол‘ өле-өлгенше  оштеседі.  Біраз  хикаяда  әйелі,  я 
болмаса баласы  кісі  қолынан қаза тапқан  жезтырнақ өмір бойы  сол адам- 
ды,  немесе  оның  баласын  өлтіру  ниетінде  болады.  Мысалы,  «Мамай  ба- 
тыр» атты хикаяда атасы  мен  әкесін  опат еткен жезтырнақты  өлтіріп  кел-
ген батырға бақсы былай дейді:
«Бүл  кек  тырнақ  адамды  үсатып  жібереді  жэне  бүл  (жезтырнақ  -
дұрыс
керек еді. Енді мүның е| 
ауылыңмен  үгіп  кетеді,
бүл
үш жылда қайдан болса да, табады. Оған дешн босағада үиықтамаи қарап 
отыруың керек.  Егер білмей, үйықтап қалсаң, ауылыңның шетінен аягына 
дейін түгел  қырады.  Және оның өз  балтасы  болмаса,  өзге  нәрсе  оның ба- 
сын кесе алмайды», -  деді  [29].
Ш.Уәлихановтың  сөзіне  қарағанда,  қазақтар  бұрын  жезтырнақ 
ұрғашы жэне еркек болады деп ойлаған, ұрғашысын -  жезтырнак, еркегін
сөрел деп атаған [30].
Міне, жоғарғы мысап -  осы түсініктің көрінісі.
Алайда,  қазақтарда  жезтырнақтардың  мекені  туралы  түсінік  эртүрлі 
болғанга ұқсайды.  Мысалы, Ш.Уәлиханов жезтырнақтар орманда тұрады 
десе,  Ә.Диваев  биік  тауды  мекендейді  дейді.  Мұндай  тұжырымдарды 
А.Хорошхин де, А.Вамбери де айтады.  Қалай болғанда да, қазақтар ежел- 
де  жезтырнақтың  елсіз  жерде  тұратынына  сенген:  мүлгіген  қалың  орман 
да,  адам  шыға  алмас  биік  тау  да,  ит  тұмсығы  өтпес  ну  қамыс  та,  адам 
жүрмес жапан дала да -  мұның бэрі тағы аңцар мен құстар мекені. Ондай 
жерлерге тек аңшылар, мергендер барады, жолаушылар амал жоқ түнейді. 
Сондықтан  хикаялардың  бас  кейіпкері  -   батыр,  мерген,  аңшы  болады. 
Олар өз басынан өткен оқиғаларды ауылға келгенде эңгіме қылып айтады. 
Ол  эңгіме  бірден-бірге  айтылып,  жұртшылыққа  тараған  кезде  батырдың 
кездестіргені кэдімгі аң емес, таңғажайып нәрсе болып шыгады. Қазақ ара- 
сында осындай әңгімелердің туып, таралуы, өзгеруі туралы С.Сейфуллин
өте дэлелді етіп айтқан:

1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал