Б 82(5К) Қ44 Сеиіт ҚАСҚаьасод



жүктеу 1.76 Mb.

бет16/36
Дата12.01.2017
өлшемі1.76 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36

139

еске  түсіретін  жайы.  Түркі  қағанаты  тұсындағы  мифология  бізге  толық 
жегпегендіктен* ол  қандай  болғанын  дәл  айтып,  сипаттап  беру  қиын.  Де- 
генмен  де  көне пгүркі  жазбалары  мен  ғалымдар  зерттеулеріне  қарағанда,
Ф
мемлекеттің  тез  ыдырауына  байланысты  айтарлықтай  бір  жүйеге  түсіп
үлгермеген  [17].
Архаикалық  мифтердің  негізгі  мазмұны  —  жасампаздық.  Онда 
табиғаттағы  заттардың,  белгілі  бір  тау  мен  тастың,  көл  мен  өсімдіктің, 
т.т.  жасалу  жолдары  баяндалады.  Сол  себепті  ондай  мифтердің  көбісі 
түсіндірмелі  (объяснительный)  түрде  айтылады  да,  ол  этиологиялық  (се- 
беп-салдарлы) сипатта болады.
Бұл  мифтерде  жасампаздық  үш  түрлі  әдіспен,  яғни  үш  түрлі  іс- 
әрекетпен жүзеге асады: 
а) құбылушылықіпсін пайда болган заіпшар; б) са- 
пар, саяхат кезінде пайда болган дүние; в) үрлау (алып) қашу нэтижесінде
дүниеге келген нэрселер
.
Аталған  үш  эдіс  қазақ  мифтерінде  де  кездеседі.  ¥зақ  жорықтан 
шаршап  келіп,  ұйықтап  жатқанда  тасқа  айналып  кеткен  Жеке  батыр;
құтылу
қыз;  әкесіың  қарғысынан  тас  боп  қатып  қалған  жас  қалыңдық.  Міне,  бұл 
мифтер  Көкшетаудағы,  Қазығұрттағы,  Қаратаудағы  жеке  шыңдар  мен 
тастардың пайда болуын құбылушылықтың нәтижесі деп баяндайды.
Ал, асығыстықта бір етігін ғана киген қыздың ұзақ жолда көкекке ай- 
налып кетуі жайындағы миф, немесе ылғи ұрлық қылғаны үшін жаза тар- 
тудан қашып, аспанға шығып, жұлдыздарға айналып кеткен  Жетіқарақшы 
туралы  миф,  я  болмаса  елінің  қамын  ойлап,  алыстан  тау  арқалап  кел- 
ген  Толағай  батыр  жайлы  миф  жоғарыда  аталған  әдістерге  сәйкес. 
Мәселен,  көкек құсының шығу тарихын ұзақ саяхатпен байланыстыру, ал 
Жетіқарақшы жұлдызының пайда болуын ұрының жазадан қашумен  бай- 
ланысты түсіндіру, сөз жоқ, архаикалық мифтердің әдісі.
Ғылымда кәне мифтердің негізгі салсын жасампаздық мифтер (мифы 
творения) деп атап, олардың басты сипаты -  тұңғыштық яғни алғаш пайда 
болғанды  көрсету деп саналады.  «Жасампаздық мифтер дегеніміз -  бүкіл 
дүниеш  құрайтын  нэрселердің пайда болуын  баяндайтын  мифтер», — деп 
анықтайды Е.М.Мелетинский өзінің «Поэтика мифа» атты еңбегінде  [18].
Осындай жасампаздық мифтердің ішінде ең бастысы — космостың жа- 
салуын баяндайтындар, әлемнің пайда болуын әңгімелейтіндер.
Әлемнің алғаш кезде хаос түрінде болып, кейін жасампаз қаһармандар 
мен  «құдайлардың»  еңбегі  арқасында  осы  күнгі  қалпына  келгені  жайлы 
МИФ  Дүние  жүзі  халықтарының  бэрінде  дерлік  кездеседі.  Рас,  кейбірінде 
өте қарапайым болса, енді біреулерінде дамыған көркем шығарма түрінде 
келеді^ Жэне  барлық жұртта бірдей  хаостың реттелген  космосқа  айналуы 
тікелей  баяндалмайды.  Бір  алуан  халықта  бұл  мифтің  өзгерген  түрі,  не-
месе  сарқыншағы  ғана  сақталған.  Мұндай  жағдайды  қазақ  мифтерінде 
ұшыратуға болады.
140

ш т Ш т ш Я Ш Ш
  и  ■ ■ ■ ■   ■  
ш л
  I   І й  
Ш
 г  ■   ■ТІГ п ш г я п т т д і - і
Әдетте,  архаикалық  мифте  аспан  мен  жер  бөлінбей  тұрғанда  элем 
шым-шытырық  хаос  болып  суреттеледі.  Ал,  хаосты,  көбінесе,  қараңғы 
түнек,  немесе  түн,  кейде  ұшы-қиыры  жоқ  түпсіздік  (зияющая  бездна), 
я  болмаса  ұлан-ғайыр  мұхит  ретінде  бейнелейді.  Осындай  хаостың 
тэртіптелген  космосқа  айналуы  -   түнектің  жарыққа,  судың  құрылыққа,
түпсіздіктің затқа айналуы болып көрсетіледі.
Осылардың ішінде ең бастысы болып табылатындары—тұңғиық судың 
құрылыққа айналуы мен аспанның жерден бөлінуі.  Хаостың космосқа ай-
налу процесіндеғі осы екі саты қазақ мифінде із қалдырған.
Әлем  ең  алғаш  ұшы-қиыры  жоқ  су  болған  деген  космогониялық
түсінік қазақ арасында кең тараган топан су туралы, Қазығұрт тауы жайлы 
мифтерде сақталған.  «Қазығұрт тауы» мифінде бьшай делінеді.
«Қазығұрг тауы» -  тэңірі артық жаратқан тау екен. Өзі аласа тау болса
Да, жер жүзіндегі таулардыһ қасиетгісі екен. Баяғы заманда жер жүзін топан 
су басып  кеткенде, жалғыз осы  Қазығұрт тауы аман қалған  екен.  Қазығұрт 
тауыньщ  басында,  күнбатыс  жағында  азырақ  тегіс  жер  бар.  Ол  жер  Нұқ 
пайғамбардың кемесінің орны екен.  Барлық хайуанның тұқымы, төрт түлік 
мал тұқымы топан суына тәрік болмай, сол кемеге мініп аман қалған [19].
Жоғарыда  айтқанымыздай, 
мифте  хаостың  тікелей  космосқа  айна- 
луы айтылмайды, ал дүние жүзі толған су болған деген түсінік сақгалған.
Қазақ мифінде хаостың космосқа айналуындағы басты бір шарт — жер 
мен аспанның жекеленіп пайда болуы да корініс тапқан.  Жаңағы Қазығұрт 
жайындағы мифтің бір вариантында «құдай баста жерді, көкті жаратқанда, 
Қазығұрт тауы  да  бірге  жаралған»  [20],  -  дейді.  Міне,  мұнда  аспан  мен 
жердің бөлекгенуі, яғни әлемді қаптаған судан аспанның және құрлықтьщ 
белініп жасалғаны жайында түсінік бар.  Көне заманда, мифтік сана кезін- 
де 
ядямдяр 
бүкіл әлемді,  аспанды да су деп білген.  Қазақ тілінде  «тәңір» 
деп  көкті,  «теңіз»  деп  суды  айту  тегін  емес.  Екеуінің түбірі  («тәң/тең»), 
«көк», «аспан» ұғымымен байланысты [21 ], демек, «тәңір» 1  көктегі (яғни 
жоғарыдағы)  су  болса,  «теңіз»  — жердегі  (яғни  төмендегі)  су.  Басқаша 
айтқанда  аспанның  өзі  әуелде  су деп түсінілген,  оның  «көк»,  «тәңір»  бо- 
лып аталуы содан. Ал, жердегі су да түсі жағынан аспан, яғни тэңір сияқты 
көк болғандықтан теңіз деп аталған.  Екінші аспан мағынасында айтылған
(«з» -  жұптықтың белгісі).
Аспан мен жердің телегей теңізден бөлініп жаралғаны туралы түсінік
жаһанда үш  түрлі  әлем  (аспан,  жер,  жер  асты)  бар деген  сенім  туцырған. 
Ш.Уәлиханов мұндай сенімнің қазақга да бар екенін айтқан:
«Аспанда ел бар. Ондағы адамдар белдікті тамағынан тартады, біз ор- 
тада,  жер  бетінде  тұрамыз,  сондықтан  белдікті  белімізге  байлаймыз,  ал, 
жердің  астындағы  адамдар  белдігін  аяғына  орайды,  олардың  өздерінің
күні, айы, жұлдыздары бар» [22].
Кейінгі  замандарда,  миф  ертегіге  айналғанда  осы  үш  әлем  ертегі
кейіпкерінің шарлайтын мекеніне айналады. Бұл үш әлем шамандар дінін- 
де де сақгалған.
141

Мифтік  үш  әлемнің  вертикальді  түрде  тізбектеліп  орналасуы 
космостың  моделі  десе  де  болады.  Аспан  әлемі  жерден  бөлініп,  өзінше
Ф
фті
бұіы,  тасбақа,  немесе  жыланның  басы,  т.б.  түрде  көрсетіледі.  Оны,  яғни 
жерді,  зор  балық,  өгіз,  кит,  піл,  яки  жылан  көтеріп  тұрады.  Ал,  «қазақ 
арасында  жер  жұмыртқадай,  ол  көк өгіздің мүйізіне  қойылған,  бір  мүйізі 
талғанда  көк өгіз екінші  мүйізіне  ауыстыра салады, сол кезде жер  сілкіну 
болады»  [23], -  деген мифтік ұғым болған.
Қазақтардың  жер  жұмыртқадай  деп  түсінетіні  алғашқы  қауымдағы 
көне  мифтерден  қалған  із  деуге  болады.  Зерттеушілердің  еңбектеріне 
қарағанда,  архаикалық  мифтерде  космос  жұмыртқадан  шыққан,  тіпті 
алгашқы адамдар да солай пайда болған деген ұғым болған  [24].
Жоғарыда айтылған үш әлемді, яғни бүкіл космосты, үлкен зәулім ағаш 
түрінде  де  суреттеу  бар.  Бұл  ағаш  көп  жағдайда  мифтік  үш  әлемді  верги- 
кальді  түрде  жалғастырып  тұрады.  Ғылымда  оны  «әлемдік  ағаш»  (миро- 
вое  дерево),  немесе  «космостық  ағаш»  (космическое  дерево)  дейді  [25]. 
Осы  космостық  ағаш  бейнесі  көне  мифтермен  бірге  шамандық  нанымға 
Да 
кіріккен.  Жалпы  әлемдік  ағаш  туралы  мифтік ұғым  қазақгың ертегілері 
мен  шамандық  нанымында  да  кездеседі.  Рас,  онда  жоғарыда  айтқан  көне 
мифтердегідей  емес,  реликт  түрінде  кездеседі.  Мәселен,  көптеген  қазақ 
ертегілершде  зэуілім  бэйтерек  суреттеледі.  Ол  кейіпкердің  өмір  жолында 
өте  маңызды  роль  атқарады.  Бәйтерек түбінде  айдаһарды  олтірген  кейіпкер 
аспан  әлеміне  көтерілуге,  немесе  жер  астынан  шығуға  мүмкіндік  алады: 
бэйтеректің  басына ұя  салған  Самұрьщ (не Альш  қарақұс)  кейіпкерді  аспан 
элеміне алып ұшады, я болмаса жер бепне шығарады. Міне, мұндағы зэулім 
бәйтерек бейнесі — қазақ жағдайына сәйкес космостық ағаштьщ өзгерген түрі. 
Мұны қазақгардың айдалада өсіп тұрған жалғыз ағашты қадір тұгу салтынан 
да көруге болады. Бұл іуралы Шоқан Уәлиханов былай деп жазады:
«Жапанда  өсіп  тұратын  жалғыз  ағаш,  немесе  бұта  қадірленіп,  оның 
басына  түнейді.  Оның  қасынан  отіп  бара  жатып,  адамдар  ағаштың 
бұтақтарына  шүберек  байлайды,  ыдыс  тастайды,  тіпті  құрбандыққа  мал 
шалады, я болмаса аттың жалын түйіп тастайды»  [26].
Үш  әлемді  дәнекерлеп,  жалғастырып  тұратын  космостық  ағаш  бей- 
несі, шамандық нанымда жақсы сақталған.
Қазақ бақсыларының қолына ұстап жүретін асатаяқ (асай-мұсай) осы 
Сібір  шамандарының  үш  әлемді  шарлауға  мүмкіндік  беретін  космостық 
ағашының өзгерген түрі емес  пе екен деген  ой келеді.  Қалай болғанда да, 
бақсы  асатаяғы  мен  ертедегі  бэйтеректің  түбірі  бір  екені,  ол  архаикалық 
мифтегі космостық ағаш екені күмэнсіз.
фті
құрылған
дай-ақ  тегіс  жатқан,  яғни  горизонтальді  әлем  ретінде  де  суреттеледі. 
Полинезиялықтар мен африкалықтар,  американдықтар мен  сібірліктердің
142

көне мифтерінде горизонтальді космос моделі төрт (кейде сегіз) бағананың, 
кейде діңгектің үстінде түрган төрт бүрышты тегістік болып келеді  [27].
Қазақтьщ  «дүниенің  төрт  бүрьшіы»  деген  сөзі  осы  мифтік  үғымға 
меңзейді.  Оның  үстіне  архаикалық  мифтерде  тегістікті  басынан  аяғына 
дейін  (яғни  жоғарғы  бүрышынан  төменгі  бүрышына  дейін)  байланысты- 
рып  түратын  нәрсе  — өзен  болса  (бүл  жерде  өзен  үш  вертикальді  әлемді 
байланыстырып  түратын  космостық  ағаш  сияқгы),  ондай  түсінік  қазақ 
арасында  да  із  қалдырған.  Әдетте,  қазақгар  «су  басы»,  «су  аяғы»  деп 
қана  қоймайды,  сонымен  бірге  «суды  өрлеп»,  «су  аяғы  қүрдымға  кет- 
ті...», деп те айтады. Мүндағы «су басы», «суды өрлеуі» -  жоғаргы жақ та, 
«су  аяғы»,  «қүрдым»  — төменгі  жақ.  Демек,  қазақгың бүл  сөздері  ғалым
Е.М.Мелетинскийдің мына пікіріне толық сәйкес келеді.
«Солтүстік  халықтарының  шамандық  мифологиясында  (функциясы 
жағынан  элемдік  ағашқа, -шамандық  діңгектерге  жақын)  жогары  мен 
төменді, аспан мен жерді байланыстырып түратын шамандық өзен бола- 
ды деген  көзқарас  бар; демек,  су басы жогаргы элем,  ал  су аяғы  төменгі 
элем  болып саналады.  Осыған  сәйкес су  аяғы  көп жағдайда төменгі  әлем
орналасқан жақпен теңестіріледі»  [28].
Осы түрғыдан  келгенде «Қозы-Керпеш-Баян Сүлудағы» Қарабайдың
суды өрлеп көшуі мен оның Сарыбай туралы іздеушіге «су аяғы құрдымға 
кетті» деуі әдеттегі түсіндіруімізден басқаша сипат алады. Эпоста «Қарабай 
су  өрлеп  көшті»  дегені  -   «ол  жоғарғы  әлемге  сапар  шекті»,  яғни  «тірі» 
дегені,  ал  «Сарыбай  су  аяғы  қүрдым  кетті»  дегені  -   «ол  төменгі  әлемге, 
жер астына кетті...» яғни «олді» дегені. Сөйтіп, мифтік ойлау кезінде туған
түсінік келе-келе поэзиялық символикаға айналған.
Адамньщ  жаратылыстан  озін  бөлмей  тұрған  кезде  туған  көптеген 
мифологиялық  символдар,  жануарға  немесе  табиғат  обьектісіне  арнап 
сойлеуге, олармен сырласып, тілдесуге болады деген түсінік кейін кәркем 
фольклорға ауысып, басқа бейнелеуіштік сипат алған.
Классикалық  кене  мифтің  басты  кейіпкері  -   ілкі  атадемиург  (пер- 
вопродок-демиург),  жасампаз  қаһарман  (культурный  герой).  Мифте 
әлемдегі  нәрсенің  бэрін  жасаушы  -   солар,  адам  қоғамын,  оның  эдет- 
ғүрпын  орнатқан да -  солар,  тіршілік  атаулының  бәрін  дүниеге  келтірген 
де -  солар,  адамдарға аң аулап, от жағып, тамақ пісіруді, яғни өмір сүруді
үйреткен де — солар больш баяндалады.
Қазақ мифінде бұл образ алғашқы күйіндегідей сақталмаған. Өте ерте
заманда,  түркі  қағанаты  кезінде  орныққан  тэңірге  табыну,  содан  кейінгі 
ислам  діні  бағзы  замандарда  болған  мифтік  жасампаз  қаһарман  образын 
ығыстырып жібергенге үқсаиды. Олардың орнын тэңір, кейін алла басқан 
болу  керек.  Бұл  ойымызды  С.Сейфуллин де растайды.  Ол  былай деп  жа- 
зады:  «Қазақ  атаулы  ел  мүсылман  дініне  кірген  соң,  көктегі  «ұлы  тэңір- 
иенің» орнына (жалғыз патша) «алла» мініп, элгі кеп «тэңір-иелердің» көбі 
ұмытылса да,  кейбір  «иелер» мұсылман дінінің нанымына сіңісіп, мұсыл- 
ман дінінің уақ «иелеріне» араласып, үмытылмай келеді. Бұрьшғыдай бол-
143

маса да, оларға нану да қалмай келді» [29]. Шынында да, Тэңір образында 
мифтік  ілкі  ата-демиургтың  көптеген  қасиеттері  сақталған.  Бұл  жағдай  I 
барлық  коркем  мифологияға  тэн.  Копқұдайлы  діндерде  де,  бірқұдайлы  | 
кейінгі  діндерде  де  көне  мифтік  жасампаз  қаһарманның  қасиеттері 
айқын  көрінеді.  «Көпқұдайлы  дамыган  мифологияда,  -   деп  жазады 
Е.М.Мелетинский, -  жасампаз қаһарманның сарқыншақты  бейнелері  мен  ■
 
құдайлар өздерінің белгілі  қызметін өте белсенді түрде атқарады»  [30].
Демек,  қазақтың  көне  мифінде  болуға тиісті  ілкі  атадемиург бейнесі 
Тәңір  образымен  алмастырылган.  Ал,  Тэңір  аспанның әміршісі  саналған. 
Яғни  Тэңір  -   ең  жоғарғы  құдай,  ол  аспан  мен  жердегі  тылсым  мен 
тіршіліктің иесі.  Адамды да, жер бетіндегі  нәрселердің бэрін де,  аспанды 
да, ондагы жұлдыздарды да жаратушы -  Тэңір деп саналған. Міне, мұның 
бэрі -  көне мифтік ілкі ата-демиургтың, жасампаз қаһарманның атқаратын 
істері.  Бұл  қызмет түркілер  заманында Тәңірге,  ал  ислам  келгенде  аллаға 
таңылған. Қазақтың көне мифінде ілкі ата-демиург образының толық жэне 
айқын сақталмау себебі осында деп білуіміз керек.
Қазақгың, тіпті біраз түркі тілдес халықтар мифінде кездесетін Тэңір 
образына  Е.М.Мелетинскийдің  мына  бір  пікірі  тікелей  қатысты:  «Ерлі 
зайыпты баба-құдайлардың ең көне  әрі универсальды тараған түрі  аспан 
эке мен жер-ана.  Бұл образдарда,  бір жағынан, рулардың бабалары болып 
саналатын ілкі адамдардың космостанғанын, ал екінші жағынан, неке мен  I 
семьялық  қатынастардың табиғат дүниелеріне  көшірілгенін  көруге  бола-  I 
ды» [31], — деп жазады галым. 
I
Шындыгында, бүкіл түркі жұртында Т эңір -көктегі ер рөлінде, ал ¥май  1
-   жер-ана  болып  қабылданады  [32].  Сонда,  жоғарыда  Е.М.Мелетинский  ] 
айтқандай,  қазақга да  аспан  -   әке,  жер-ана  ретінде  (Тәңір-¥май түрінде)  I 
алғашқы ерлі-зайыпты құдайлар болып саналған деуге әбден болады. 
I
Коне  замандағы,  түркі  қағанаты  дәуіріндегі  аспанды  -   еркек,  жерді  I
-  эйел деп түсінетін мифтік ұгым қазақгың мифі мен діни нанымында ғана  I 
сақталып  қоймаған.  Ол ұлтымыздың көркем  фольклоры мен классикалый ’  I 
әдебиетінде  поэзиялық  символға,  көркем  әдіске,  метафораға  айналға- 

¥лы  Абайдың мына бір шумақтарын еске алайық: 
'  '  I
тас 
I
Безендірген жер жүзін тэңірім  шебер, 
I
Мейірбандық дүниеге нұрын төгер. 
|
Анамыздай жер иіп емізгенде, 
Ч* - 1
Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер. 
I
Күн -  күйеу, жер 1  қалыңдық сағынысты, 
I
Құмары екеуінің сондай күшті. 
л
 1
Күн 
күйеуін жер көксеп ала қыстай, 
Ф  I
Біреуіне біреуі қосылыспай. 
I
Көңілі күн лебіне тойғаннан соң, 
I
Жер толықсып түрленер тоты құстай  [331. 
' е 
I

Келтірілген  мысалда  көне  мифтің  елесі  бар:  аспан  (күн)  -   еркек 
(күііеу  жігіт)  рөлінде.  Бірақ  ұлы  Абай  мифтік  ұғымнан  ешқандай  із 
қалдырмаған.
Сонымен, түркі қағанаты кезінде архаикалық миф біршама  жүйелене 
бастаған  еді  дедік.  Соның  корінісі  ретінде  Тәңір  мен  ¥м ай  образын 
атадық.  Алайда,  бұл  екі образ ежелгі  Грекия  мифологиясындағы  Зевс  пен 
Гераның  деңгейіне  көтеріле  алмады,  өйткені  түркі  мемлекеті  құл  ие- 
ленуші  империяға  айналмай,  ерте  ыдырап  кетті  де,  бұрынғы  жекелеген 
«тәңір-иелер»  құдайларға  айналып  үлгермеді  жэне  ертеден  келе  жатқан 
мифтер  циклға  түспеді,  жүйеленбеді.  Антикалық  Грекияда  копқұдайлық 
дін  қалыптасып,  бұрынғы  ұсақ  «тәңір-иелер»  (духи  хозяева)  құдайларға 
айналып, олардың иерархиясы гректердің құл иеленуші империясының ие- 
рархиясын  қайталады.  Бұрынғы  жекелеген  мифтер топталып,  жүйеленіп, 
көркем  шығармаларға айналды, сөйтіп дамыған мифология пайда болды.
Рас, грек қүцайлары да, оларды билейтін Зевс те, біздің Тэңір сияқгы, 
көне  классикалық  мифтегі  жасампаз  қаһарманның  қасиеттерін  толық 
бойына сіңірген, солардың атқаратын қызметін (функциясына) орындаған. 
Мысалы,  архаикалық  мифтеғі  жасампаз  қаһарман  -   ілкі  ата  әлемді,  яғни 
космосты жаратады, адамдарды күнелтуге үйретеді, аң мен қүсты, тау мен 
тасты, өзен мен көлді реттейді т.т.  Осының бэрін Тэңір де істейді.
Қорыта  айтқанда,  қазақ  фольклорында  миф  -   өзіндік  орны  бар  ең 
көне жанр.  Ол дүние жүзі халықтарында кездесетін  мифке типологиялық 
сипатымен  ұқсас,  сонымен  бірге  ерекшеліктен  де  ада  емес.  Стадиялық 
жағынан  келгенде,  қазақ  мифі  -   алғашқы  қауымға  тэн  австралиялықтар 
мен  африкалықтар,  солтүстік  азиялықтар  мен  американдықгардың  көне 
мифі  мен  антикалық Грекия,  Рим,  сондай-ақ ежелгі  Египет, Үнді, Қытай, 
Вавилондықтар  мифологиясының  ортасындағы  аралық  жанр.  Ол  өзінің 
алғашқы классикалық түрінен дамып шыққан да, тарихи-қоғамдық дамуға 
срйкес  мифология  ретінде  жүйеленбей  жатып,  басқа  жанрға  айналған. 
Оның  басты  себебі  -   Қазақстанда  ертеде  мекендеп,  қазақгы  құраған  ру-

 здталардың  құл  иеленуші  мемлекет  құрмай,  рулық  қауымнан  бірден 
феодалдық қоғамға иек артуы. Жүйелі иерархиясы, тұрақталған орталығы 
'   р,  көп  ғасырлар  жасаған  құл  иеленуші  империяларда коне  миф  коркем 
мифологияға айналып, эстетикалық қызмет атқарган.
Ал,  рулықган  бірден  феодализмге  кошкен  елдерде  көпқұдайлы  емес, 
6'рқұдайлы дін орнап, көне миф жүйелену емес, қуғынға ұшырап, ыдырап 
кеткен,  циклға түспеген, демек  коркем дүниеге бірден  айналмай  хикаяга, 
ертегіге  ойысқан,  жаңа  жанр  қалыптастырған.  Феодалдық,  бірқүдайлық 
қоғамда көркемдік-эстетикалық функцияны миф емес, фольклордың басқа 
анрлары атқарған. Міне, қазақ мифтерінің бізге толық күйінде жетпеуінің 
« д  себебі осьшда жатыр.
10-2511
145

Сілтемелер және ескертпелер:
1.  МелетинСкий  Е.М.  Поэтика мифа, с.172.
2.  Сейфуллин  С.  Шыгармалар.  6 томдық.  Алматы,  1964, 6-т., 70-6.
3.  Мелетинский  Е.М. Поэтика мифа, с.  167. 
-   '
4. Сейфуллин  С.  Жоғарыдағы  көрсетілген еңбекте.
5.  Чарнолусский  В.В.  Легенда об олене-человеке.  М.,  1965, с.55.
6. Сонда, 25-6.
7.  Уахатов Б.  Қазақтың халық өлеңдері.  Алматы,  1974,44-45-6.
8.  Сказки  и  мифы  Океании:  Пер.  С  западноевропейских  и  полинезийских
языков.  М.,  1970, с. 133-134.
9.  Филология  гылымының  кандидаты  Құлмат  Өмірэлиевтің  айтуы  бойынша 
берілді.
10.  Филология ғылымының кандидаты Құлмат Өмірэлиевтің айтуы бойынша
берілді.
11.  Әбішев  X.  Аспан сыры. Алматы,  1966, 91-6.12.м
12. Досжанов Д. Келіншектаудағы тас түйелер.  Алматы,  1979, 7-6.
13. Еремина В.И. Миф и народная песня. -  В кн.: Миф, фольклор, литература.
Л.,  1978,с.11-12.
14.  Сонда
15.  Сонда,  80-6. 


 
г 
.
16. Грабарь-Пассек М. Античные сюжеты и формы  в западно-европейской ли- 
тературе. М.,  1966, с.Ю. Тағы қараңыз:  Стеблин-Каменский М.И. Миф, с .2 13-226.
17.  Стеблева  И.В.  К  реконструкции  древнетюркской  религиозно-мифологи- 
ческой  системы. - В   кн.: Тюркологический  сборник.  1971. М.,  1972, с .2 13-226.
18.  Мелетинсий Е.М.  Поэтика мифа, с. 195
19.  Сейфуллин  С.  Шығармалар,  6-т.,  190-6.  Тағы  да  қараңыз:  Диваев  А.  Ле- 
генда  о  казыкуртовском  ковчеге.  -   Народный  университет,  1918,  №4;  Қазығұрт 
тауы. -  Қазақ ертегілері.  3  томдық.  Алматы,  1964, 3-т., 366-367-6.; Қазығұрт тауы.
-   Қазақ  ССР  Ғылым  академиясы  Орталық  кітапханасының  қолжазба  қоры,  133- 
папка,  8-9 парақтар.
20. Қазақ ертегілері, 3-т., 366-6.
21. Древнетюркский словарь. Л.,  1969, с.544,551,552.
22.  Валиханов Ч.Ч. Собр.  Соч.:  В  5-ти т.  Алма-Ата,  1961, т.1, с.480.
23.  Әбішев X.  Аспан сыры.  11-6.
24.  Топоров  В.Н.  К  реконструкции  мифа  о  мировом  яйце.  -   В  кн.:  Труды  по 
знаковым  системам.  Тарту,  1967,  вып.  III,  с.81-99;  Мелетинский  Е.М.  Поэтика
мифа, с.202. 

.
25.  Топоров В.Н.  О структуре некоторых архаических текстов, соотносимых 
с концепцией мирового дерева. -  В кн.: Труды по знаковым системам. Тарту,  1971,
вып. V, с.6-92.
26.  Валиханов Ч.Ч.  Сонда,  113-6.
27.  Мелетинский  Е.М.  Поэтика мифа, с.215.
28.  Сонда, 217-6. 


-
29.  Сейфуллин С.  Шығармалар, 6-т.,  56-6.
30.  Мелетинский Е.М. Поэтика мифа, с. 193.
31. Сонда, 204-6. 
/  

” 
^
32.  Стеблева  И.В.  К  реконструкции  древнетюркской  религиозно-мифологи-
ческой системы, с. 213-226.
33.  Құнанбаев Абай.  Шығармаларының екі томдық жинағы.  Бірінші том. Ал-
маты,  1977,156-157-6.
146

Х И К А Я
Халықтың  көне  діни  нанымдары  фольклордың  эр  жанрында  әр 
түрлі  көрініс  табады,  өйткені,  эр  жанрдың  өз  ерекшеліктері,  міндеті  мен 
қызметі  болады.  Айталық,  ежелгі  нанымдармен  байланысы  мыгым  хи- 
кая  жанры  мен  сол  нанымдар  елес  қалдырган  сатиралық  ертегі  жанры 
бір-бірінен  ерекшеленіп  тұрады.  Мысалы,  хикаядагы  адамды  атын  атап 
шақырып,  суга  батыратын  үббе,  жас  босанган  әйелді  буындыратын  ал- 
басты,  саяқ жүрген  аңшыны  торитын  жезтырнақтар  сатиралық ертегідегі 
Алдар  көсемен  бэстесетін  шайтаннан  мүлде  басқа.  Себебі  хикая  жанры 
алгаш  озінің  шыққан  тегі  — мифтен  онша  қол  үзе  қоймаган,  сондықтан 
айтушы  да,  тыңдаушы  да  хикаяга,  баяндалатын  оқигага  мүлтіксіз  сен- 
ген.  Ал,  сагиралық  ертегідегі  шайтанның  оқигасы  бір  кезде  хикая  ретін- 
де  айтылганмен,  кейін  сол  хикаядан  да  (алгашқы  мифтен  -   болса  да!) 
бірталай  алшақтаған.  Ел  бүл  оқигаға  сенбейді,  ал  сенетіндері  болса,  дэл 
хикаядағыдай іштей қорқынышпен, сыйынумен  сенбейді.
Демек,  жаңағы  албасты,  үббе,  жезтырнақ,  шайтан  образдарының 
түпкі торкіні -  көне замандағы мифтік сана мен діни нанымдар.  Олардың 
бір-бірінен  айырмасы  сол  шығу  тегінен  қаншалықты  алыстаганында, 
яғни  осы  кейіпкерлерді  бейнелейтін  жанрлардың  қаншалықты  коркемдік 
қызмет  атқаруында  жэне  осыған  байланысты  шығармалардың  сюжеттік 
қүрылысының  қаншалықты  күрделі  болуында.  Басқаша  айтар  болсақ, 
жанрдың функциясы шығарманың формасын жасайды. Ендеше танымдық 
функция  басым  болса,  шығарманың  формасы  қарапайым  болады,  мүнда 
айтушы  тыңдаушысын  сендіруді  басты  мақсат  етіп  қояды.  Бүл  -   хи- 
кая  жанрына  тэн  негізгі  қасиет.  Онда  адамның  қөзге  кәрінбейтін  басқа 
дүниенің  өкілдерімен  кездескені  жайлы  эңгіме  шын  деп  баяндалады, 
ал  қиял-ғажайып  ертегілерде  ондай  кездесу  керемет  қиял,  эсірелеу  деп 
қабылданады. Міне, осыдан-ақ хикая мен ертегінің қайсысы мифке жақын
екенін  керуге болады.
|Қазақ  халқының  эр  түрлі  мифтік  (мифологиялық)  мақүлықгар  мен 
қүбыжықгар туралы түсінігін барынша айқын бейнелейтін жанр хикая бо-
лып табылады.
Хикая  дегеніміз -  ел  әмірінде  бар деп  сенген  неше түрлі  жезтырнақ, 
үббе,  албасты,  күлдіргіш,  жалғыз  көзді  дэу,  шайтан,  пері,  дию  сияқгы 
нәрселер туралы діни нанымға негізделген эңгімелер.

1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал