Б 82(5К) Қ44 Сеиіт ҚАСҚаьасод



жүктеу 1.76 Mb.

бет1/36
Дата12.01.2017
өлшемі1.76 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36

б 82(5К) 
Қ44
Сеиіт ҚАСҚАЬАСОд
II
Й
. . й
*т *ш ш

Сешт ҚАСҚАШОВ
6   2 і Х 5  Щ
Үң1
и
( Фольклор туралы)

Ң
#
Д.
іқ
з-

Ің



ІҢ
га

кі
ІҢ
ке
ің
н,
эр
е-
гы
>ІҚ
не
іп,
Р-
қа
ге,
ан
и-
іы
ли
3

х 
£   X
  .
у д қ  39*
ББК 82 (5 Қаз) 
^  
'
Қ44
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АКДАРАТ МИНИСТРЛІП
а к д а р а т
 ЖӘНЕ МҮРАҒАТ КОМИТЕТІ
қ а з а к с т а н
 
р е с п у б л и к а с ы
 
б іл ім
 
ж ә н е
 
ғ ь ш ы м
 МИНИСТРЛІП
М 
О ӘУЕЭОВ 
АТЫНДАГЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ИНСТИТУТЫ
Қ асқабасов С.
О й оріс (Фапъклор гпуралы)
Астана: “Астана полі графия”, 2009
978
-
601-254
 
044-4
СТорвйғыроа
атындағы  ПМУ-дің
320 6.. 
С  Бейсембп*-
к 
атындағы  ғылыми
ЛКІТАПХАНАСҺ
Қас кабасовты н
манызды
енбектерде  фолыьлордың даму
катысты 
проблсмалар 
карастырылы
п
жекелеген жанрлар 
мсн шыгармалар жанаша ісрдслснгеи. ^
Кітап фольклортанушы ғалымдарға, 
әдебиетті 
зерттейтін 
окымыст 
п ,  мэдениет  мамандарына,  сондай-ак  магистрантгар  мен  студенттерге 
рухани  мұрамыздын мэн-мағынасын  тереңірек 
білуге  кұштар  окырман
налаяы
Қ
4604000000 
00 (05) - 09
УДК 398 
ББК 82
 
(5
 
Қзз)
І5ВИ 978-601-254-044-4
С 
Қасқабасов С.А., 
2009.
© “Астана полиграфия” , 
2009.

АВТОРДАН
Қазақ  фольклорына  арналған  еңбек  аз  емес.  Олардың  ішінде  таза 
ғылыми  да,  көпшілікке  арналган  да  жұмыстар  бар.  Өткен  ғасырдың 
70-ші  жылдарынан  бері  көптеген  зерттеу  жұмыстары  жарық  көрді. 
Эпосқа,  ертегіге, тарихи  жырға, дастанға,  олеңге,  жұмбаққа, ғұрыптық 
фольклорға, күй аңызына, балалар фольклорына арналған монография- 
лар,  сондай-ақ  фольклордың  типологиясы  мен  поэтикасын  зерделе- 
ген  ұжымдық  еңбектер  ұлттық  фольклортану  гылымын  биік  деңгейге 
көтеріп, өрісін кеңейтті. Алайда, сол зерттеулердің жаңа нәтижелері мен 
тұжырымдары,  қорытындылары  не  мектептің,  не  университеттердің 
фольклорға  арналған  оқулықтары  мен  оқу  құралдарына  толыққанды 
түрде  енген  жоқ.  Бұл  олқылықты  “Қазақ  әдебиетінің  тарихы”  атты  он 
томдық еңбектің бірінші томы белгілі дәрежеде толықтыра алады, бірақ 
оқулықты  алмастыра  алмайды.  Себебі,  бұл  том  қазақ  фольклорының 
тарихына арналған. Онда ежелгі заманда фольклор қандай болған,  орта 
ғасырларда  қандай  сипат  алған,  жаңа  дәуірде  қалай  дамыған  деген 
мәселелер  қарастырылған.  Яғни,  қазақ  фольклорының  есте  жоқ  ескі 
заманнан  бастап,  бертінгі  уақытқа дейінгі даму  жолдары,  жанрлардың 
пайда  болуы  мен  өзгеруі,  олардың  қарапайымдықтан  көркемдікке 
қалай  жеткені  зерттелген.  Сондықтан  бұл  том  “Қазақ  фольклорының 
тарихы”  деп  аталып,  фольклорымыздың  мыңдаған  жылғы  жай-күйін, 
оның эр  замандағы  сипатын  анықтаған.  Атап  айтатын  нәрсе:  фольклор 
тарихын.динамикалық түрде, даму үстінде зерттеу -  оңай емес, сол  се- 
бепті де әлем  фольклортанушылары  мұндай  кешенді, жүйелі жұмысты 
элі  атқарған  жоқ.  Әрине,  мұндай  үлкен  еңбек  орасан  қажырлылық 
пен  ыждаһаттылықты,  терең  білім  мен  біліктілікті  қажет  етеді  және 
ғаламат  жауапкершілікті  жүктейді.  Осының  бэрін  ескере  отырып, 
қазақ  ғалымдары  мүмкін-қадерінше  әлемдік  және  ұлттық  фольклор- 
тану  ғылымдарының  жетістіктеріне  сүйенді,  оларды  басшылыққа 
алып,  жаңа  тұрпаттағы  жұмыс  жазып,  жарыққа  шығарды.  Әлбетте, 
мұндай  қомақты  еңбек  мінсіз  болуы  мүмкін  емес.  Соған  қарамастан 
“Қазақ  фольклорының  тарихы”  — өз  концепциясы  бар,  ешбір  саяси- 
чдеологиялық  ұстанымға  ұрынбай,  сөз  онерінің  ұзақ  мерзім  бойы 
өзгеру,  жаңару жолдарын  барынша  объективті түрде талдаган,  ғылыми 
жағынан  нанымды  әрі  құнды  еңбек деп  айтуға болады.
3

Ал, оқулықтың міндеті басқа. Онда фольклордың даму кезендері шолу 
түрінде  ғана  айтылып,  фольклор  жанрлары  жан-жақгы  сипатталуға  тиіс 
жэне  өте  корнекті,  маңызды  шығармалар  талдануы  керек.  Сөз  жоқ,  бұл 
істе  фольклор  туралы  ғылымның  соңғы  жетістіктері  мен  жаңалықгары 
мейлінше  мол  қамтылуы  қажет.  Әсіресе,  бұл  фольклордың  озіндік  ерек- 
шеліктерін  ашатын  және  оның  әдебиет  пен  онерғе  қатынасын  корсететін 
теориялық  мэселелерді  баяндауда  өте-моте  керек.  Оқульпсга  ескерілетін 
маңызды  аспектінің  бірі  -   фольклортанудың  басқа  ғылымдармен  байла-
нысы,  атап  аитқанда  этнолоғиямен,  тарихпен,  тіл  ошімімен,  археолоғия- 
мен.  Бұларға  сүйенбей  фольклордың  жалпы  табиғатын,  жанрлардың 
сырын,  фольклорлық  шығармалардың  езіндіғі  мен  жалпылығын  түсіну 
қиын.  Әлемдік  фольклортануда  осы  ғьшымдарға  сүйенғеннің  арқасында 
көп  жаңалық,  соны  бағыттар  мен  жаңа  салалар  ашылды.  Осылар туралы 
оқулықта қажетті дәрежеде мағлұмат болғаны абзал.
¥сынылып  отырған  кітаптың  мақсаты  -   жас  ғалымдарға,  бәрінен 
бұрын  мағистрантгар  мен  студенттерғе  фолыслор  туралы  білімін 
тереңдетуге  жэрдем  ету.  Екінші  сөзбен  айтқанда,  бүл  еңбек -   филология 
факультетінің студентгері  мен магистранттарына қазақ фольклоры пәніне 
байланысты қосымша әдебиет міндетін атқарады деп сенеміз.

Ф О ЛЬКЛО РДЫ Ң  СТАТУСЫ 
М ЕН Т Е О РИ Я Л Ы Қ  НЕГІЗДЕРІ
«Фольклор»  — ағылшын  сөзі,  «халық  даналығы»  деген  ұғымды  бе- 
реді.  Алайда,  бұрынғы  КСРО-дан  басқа  өркениетті  елдерде  «фольклор» 
кең  мағынада  түсініледі.  Оған  халық  музыкасын,  халық  биін,  халық 
өлеңін,  халық театрын,  халық  әдебиетін,  халық  қолөнерін,  ырымдар  мен 
ғұрыптарды,  салттар  мен  нанымдарды  жатқызады.  Сол  себепті  ол  ел- 
дерде «фольклор» сөзімен қатар көбінесе  «этноғрафия» сөзін қолданады, 
ғьшымын «этнология» дейді. Ал, бұрынғы КСРО-ны және социалистік ла- 
герьді құраған елдерде «фольклор» терминімен тек халық эдебиетін, дэлі- 
рек айтқанда халықтың ауызшатуып, ауызша орындалатын  шығармаларын 
атау орныққан. Бұл дәстүр XIX ғасырдың екінші жартысында Ресейде, XX 
ғасырда соған қараған халықгардың ғылымында орын тепті.
Қазақ ғалымдары да осы үрдісті  қолдап,  фольклорға халық әдебиетін 
(мұндаға  дейін  ақындар  поэзиясын  да)  жатқызу  дәстүрін  енгізді  де, 
екі  атауды  аралас  қолданып  келеді.  Бірақ  «халық  әдебиеті»  деген  атау 
әлем  қабылдаған  «фольклор»  ұғымын  толық  бере  алмайды.  Мысалы, 
көркемдігі  нашар,  өнер  деңгейі  жоқ  ауызша  орындалатын  шығармалар 
толық  мағынада  сөз  өнері,  яғни  эдебиет  бола  ала  ма?  Сол  сияқты  алуан 
түрлі  ырымдар,  салттар  мен  нанымдар,  бата,  алғыс,  қарғыс,  арбау,  жа- 
уьш  шақыру,  күн жайлату,  жарапазандар өз  мағынасындағы  әдебиет бола 
қоймас.  Ендеше,  «халық әдебиеті» дегеннен  гөрі  өркениетті  мемлекеттер 
қолданатын  «фольклор» терминін қабылдап,  орнықтыру жөн сияқты.  Ал, 
«халық эдебиеті» ұғымын синоним ретінде көркем фольклорды, яғни өнер 
қасиеті бар шығармаларды сипаттау үшін қолданған орынды болмақ.
Ф ольклор  -   синкретті,  көпф ункциялы   руханият.  Ол  эрі  таным- 
дық,  эрі  эстетикальщ  қызмет  атқарады.  Фольклор  тәрбиелік  мақсатта  да 
пайдаланылады.  Сонымен  бірге  фольклордың утилитарлық (қолданбалы) 
функциясы  да  бар,  яғни  ол  белгілі  бір  жағдайда  тұрмыстық  қажетті 
өтейді.  Фольклордың  ең  маңызды  функциясы  — эстетикалық  жэне  сейіл- 
дік.  (Әлбетте,  қажет  болғанда  идеологиялық  міндет  те  атқарады).  Фоль- 
клор  қызметінің  мұншалықгы  көп  болуы,  бір  жағынан,  оның  синкрет- 
тілігінен  туындаса,  екінші  жағынан,  әр  жанрдың  әр дэуірде  эр  түрлі  мін- 
дет  атқаруына  жэне  фольклорлық  шығармалардың  орындалу  мақсатына 
байланысты.  Утилитарлық  жэне тәрбиелік  мақсат  көздеген  фольклорлық

шыгармалардың  көркемдік  сапасы  эстетикалық  жэне  сеиілдік  функция 
атқаратын туындылардың поэтикалық деңгейінен төменірек болады.  Ьгер 
бірінші топтағы шығармаларда нені айту керек деген мақсат алга қоиылса, 
екінші  топқа  енетін  туындьшарда  нені  және  қалай  айту  керек  мәселесі
бірінші кезекте тұрады. 
ШШі
Осы уақытқа дейін біз фольклорды тек сез өнері ғана деп ұғынып келдік.
Б
ул
 түсінік фольклордың аясын тарылтады эрі  сөз өнершщ эстетикалық- 
эмоциялық  қасиетін  төмендетеді.  Өнер  дегеніміз  -   өмірді,  оқиғаны, 
қүбылысты немесе сезімді көркем түрде бейнелеп,  қайта жаңғырту.  Олаи 
болса, арбау,  алғыс,  қарғыс,  немесе  эр түрлі ырымдар мен нанымдар бол- 
мысты,  я  болмаса  сезімді  коркем  түрде  бейнелеуді,  жаңғьфтуды  мақсат 
татпайтындықган  сөз  өнері  бола  алмайды.  Бүған  қоса,  өнер  болу  үшін 
шығарманың поэтикасы, композициясы, іс-эрекет атқаратын кеиіпкерлері, 
олардың  қақгығысы,  т.б.  қасиеті  болуы  керек.  Осы  түрғыдан  келгенде, 
улттық
 сөз  өнерімізді  үш  түрге  бөлуге  болады:  фольклор,  ауыз  эдебиетх 
(ақын,  жыраулар  поэзиясы)  жэне  жазба  эдебиет.  Бұлардың  үшеуіне  де 
ортақ  белгілері  болумен  бірге  әрқайсысының  өзіндік  ерекшеліктері  бар. 
Фольклордың үш сипаты бар: а) фолыслор -  ежелгі дүниетаным және көне 
мэлениет.  эрі  мұра;  э)  фольклор  -   тұрмыстың  бір  болшегі;  б)  фольклор
-  соз өнері.
Ф ольклор  -   ежелгі  дүниетаным  және  көне  мәдениет,  әрі  мұра. 
Фольклор
  -   коп  заманның,  бірнеше  дэуірдің,  эр  түрлі  қоғамның  жемісі, 
сондықган  ол  копқагпарлы,  копсатылы  жэне  копмағыналы,  копқырлы. 
Ежелгі замандарда пайда болған ырымдар мен ғұрыптар, діни үғымдар мен 
мифтер,- бір жағынан, фолыслор, ойткені олар сол тұстағы адамдардьщ ауыз- 
ша шығарып айтқан эңгімелері жэне іс жүзінде атқарған ырым-кэделері. Бүл 
тұрғьщан қарағанда, олар -  екінші жағынан, сол дэуір қоғамының мэдениеті 
болды, себебі сол замандағы адамдар атқарған ырым-кәделер мен аитылған 
әңгіме-мифтер  сол  қауым  үшін  мэдени  рол  де  атқарды.  Үшінші  жағынан, 
эр  түрлі  ырымдар,  ғүрыптар,  діни  нанымдар  мен  мифтер  алғашқы  қауым 
адамының дүниені танып-білу процесінде қалыптасқан руханият еді. Олар,
-  түптеп келгенде, сол бір коне дэуір адамдарының дүниетанымы еді.
Қазақ  фольклорында  осы  айтылғандардың  барлығы  кездеседі 
десе  де  болады.  Атам  заманда  ғұмыр  кешкен  ата-бабаларымыздың  әрі 
дүниетанымы,  эрі  рухани  мәдениеті  болған  діни  нанымдар  мен  эр  түрлі 
ьгоым-кэделер, мифтер түрінде емір сүрген ежелгі фольклор бізге мұра бо- 
лып та жеткен.  Солармен бірге эр кезең қоғамында паида болған басқа да 
кептеген  ұғымдар  мен түсініктер,  мифтер мен  әңгімелер де фольклорлық 
дүниелер  болып,  сол  әр  заманның  белгі-бедерін,  түсшж-паиымын  да 
сақгап  келген.  Солардың  бэрінің  басы  фольклорда  қосылады.  Алгашқы 
қауымға  тэн  дүниетаным  мен  діни  нанымдардың  қазақ  фольклорындагы 
керінісі болып анимизм, тотемизм, магия, табу, сондай-ақ рулық қауымның 
дамыған түсында  қалыптасқан  шамандық түсініктер  мен  аруаққа таоыну
есептеледі.
7

=
Ш
І
і
І
р
н
і
-  
*  
» 
------------------------------—  ^  
и л і
“ *  
В 
І в Р І   жиі
Я 
болмаса,  хайуан  адам &
Й
Н
И
І ш
Ш
Ш
Ш
Ш
 | Р
 
месе адам мен  жануар үйленіп,  бірге гүмыр к е ш е д Г  
р Ш
Я  Щ
месе Г з д е Г к ү н ^ Г е Г л ^ о л м Г с Г 11 
Щ
 І Й
І і  ! Ш
Ё
  не-
Деп  нлану жэне сол  бабасынын В
й і  З І І і :  ™жаиып нәрседен туады
Бұл  пайым  Шыңғыс  ханның  күн  нұрынан
ұрпағына
анасы  төстік  жеғеннен  туғаны 
жаралғаны,  Төстіктің
жүрегіне  жерік  болуы,  А
д п а м ы
е к щ
В
^ і В
Н
К
і Н
тууы  сияқты  мотивтерғе  негіз  болған  К>
йяіп
 
• 
Р1  қь,зьшан 
атасы |  аю,  қаскыо  с и я к т ы Ш ш Н І   Кеи®ір  ертеплерде  кейіпкердің
терде адам  мен тылсым  өк іл д ер ^ ң  үйлмГп 
К£ЛеДІ' 
Енді  біР 
МИФ'
күштің,  немесе  басқа  бір  кеоемет 
Рдан тУған бала 
ғажайып
Ш
Ж
Ш
Ш
Ш
Ш
І
І
?
 
®
і
і
й
 
Ш
і
ұшырап, элі күнге дейің ел арасынла ШШІШМІ  Й Й   эр  ^ҮР711  өзгеріске 
эрекеттің керемет қасиеті бао леп  ппяппии 
Немеее басқа Н ІР І
Құдіретіне
.  , 
---------* 
адймға, затқа, аңға
фольклорда кең тараған. Көптеген мифтер
ітүтады,  ондағы  кейіпи-рптта,,  ^
с-
1
-
  ш
етуге
н
н
н
н
ш
н
н
Мұндай
—  
п^и^дслі ен.  м ; 
шалғай болып та келеді.
Табу
фольклор 
(оңды)  ж
ырым!  ж іГ ы
6'ШШ
 ТарКӨаС ш м аа"ааТ а ■
 ҮШІН I Я
Деп  сенген  алғашқы  қаүым  алямпяпм  ц 
•  бақытсыздық  болады
Тыйымның түрлері фольклорда ғана ем ес^ у н л еп ^   Тыйым  ойлап  тапқан. 
деседі. Мысалы, бүйірді таянбау 
’ күнцелікті түрмыста да жиі кез-
суға  бармау,  қасқырдың  атың  этам ау ай К^
іратпау>есікті кеРмеу, түнде 
т.т.  Мүндай  түрмыстық  тыйымнын  көбісі  РГУ 
!НЩ  ас™ нда  ұйықтамау,
НЫСТЫ  болса,  еңді  біразы  елдің  емір

клорда  кездесетін  табу  -   кейіпкерлердің  тағдырына  әсер  ететін  тыйым. 
Көп жағдайда ертегінің, дастанның қаһарманына белгілі бір тыйым салы- 
нады,  алайда,  ол  тыйымды  бұзады,  соның  кесірінен  кейіпкер  бір  пәлеге 
тап  болады.  Ер  Төстіктің  жаңа  түскен  келіншегі  Кенжекей  қайын  атасы 
Ерназарга  Сорқұдықгың  басына  қонбасын  деп,  тыйым  салады.  Алайда, 
Ерназар  оны  тыңдамайды.  Ақырында,  оны  жалмауыз  кемпір үстап  алып, 
сүйікті үлы Тостікгі  беруге  мэжбүр етеді.  Осылай тыйымды  бүзып,  сорға 
үшыраған  Төлеген,  Мамай,  Едігенің  әкесі,  т.б.  қаһармандар  тағдырында 
ежелгі  табудың, яғни  алғашқы  қауым  адамының дүниетанымы  жатқанын
М
аиғақтаиды.
Шамандык,
  -   алғашқы  қауым  ыдырап,  рулық  қоғам  қалыптасқан 
түста  етек  алған  табиғатқа,  аспан  әлеміне  табыну  жэне  адам  арасында 
ерекше кереметке ие, дүниенің барлық сырын білетін, тылсым күштермен 
араласып жүретін айырықша жан, ғажайып кісі болатынына сену.  Бүл на- 
ным бойынша әлем қүрылысы вертикалді:  аспан элемі, жер беті, жер асты 
болып  келеді;  сондай-ақ  жаһан  -   терт  бүрышты  жазық  түрінде  болады. 
Сонымен  бірге  осы  үш  элемді,  торт  бүрышты түгел  шарлай  алатын  адам 
бар, оның қолынан келмейтіні жоқ деп үғынған.  Ол бақсы (шаман). Оның 
басты міндеті -  адамдарды аурудан, апаттан сақтап қалу, қара күш иелері- 
мен  ымырасыз шайқасып, адам  баласын қауіптен  қүтқару, т.т.  Осылардың 
бэрі қазақгың көне  мифтері  мен  ертегілерінде,  ырым  мен  әдет-ғұрпында, 
әпсана мен хикаятгарында мол ұшырасады. Ер Төстіктің жер астына түсіп 
кетуі,  содан  соң  жер  бетіне  шығуы,  Қорқыттың  дүниенің  төрт  бұрышын 
шарлауы, Күнікей қыздың Күн астында, Айбарша сұлудың Ай астында бо- 
луы,  -   бэрі  ежелгі  шамандық  наным  жемісі.  Фольклорлық  шығармадағы 
бас кейіпкердің керемет кемекшілері -  қолынан келмейтіні жоқ шаманның 
елесі.  Ал,  ертегілердегі  жалмауыз  кемпірдің ғаламаттығы,  жер  мен  кекгі 
тіреген  алып  бэйтеректің  биіктігі,  сондай-ақ  сыйқырлықты  пайдаланып, 
кейіпкерлерге  кейде  зияндық,  кейде  жақсылық  істейтін  бақсының  езі, 
міне, бұпар да шамандық ұғым белгісі.
Ф ольклор  -  тұрмыстың  болшегі.  Фольклор -   адам  тіршілігінің  ен 
бойында қолданылып, эр саласында пайдаланылатын дүние. Ол күнделікті 
емірде  утилитарлық  функция  орындайды,  яғни  тұрмысқа  қызмет  етеді, 
қажетті  бір  істі  атқарады.  Сол  себепті  фольклордың  біраз  белігінде  са- 
налы  керкемдеу  болмайды.  Осындай  фольклордың  қатарына  тұрмыстық 
функция  атқаратын  гұрыптық  жэне  үйлену  салтына  эрі  жерлеу  рәсіміне 
байланысты жанрлар жатады. Мысалы, сэби дүниеге келгенде жүзеге асы- 
рылатын әр түрлі ырым-кәделер мен соларға қоса орындалатын гұрыптық 
елең-жырлар, тілек-баталар, дұғалар, сол тэрізді сәбиді қырқынан шығару 
мен бесікке салу кезінде атқарылатыи ырымдар мен айтылатын шарапатты 
мен елеңдер, -  бұлардың бэрі  міндетті түрде орындалуга тиісті фольклор. 
Ол  ырымдарсыз,  шапағагты  тілек-батасыз,  ақтілеулі дұғасыз  аталған  ша- 
ралар  жүзеге  асырылмайды.  Демек,  бұл  тұста  фольклор  -   тұрмыстың
9

оір  оолшегі,  тфшшисгщ  қажетті  ісі  оолып  корінеді.  исы   сияқіы  үилену 
салтындағы  ырым-кәделер  мен  жар-жар,  сыңсу,  беташар секілді  жырлар, 
ал  адам  қайтыс  болғанда  міндетті  түрде  айтылатын  естірту,  көңіл  айту, 
жұбагу,  жерлеу  рәсімі  бойынша  айтылуға  тиісті  жоқгау,  -   адам  өмірінің 
әр  кезеңінде  таза  тұрмыстық,  утилитарлық  қызмет  атқаратын  фольклор. 
Бұларсыз  үйлену  тойы,  жерлеу  рәсімі  болмайды.  Ендеше,  фольклор  -  
тұрмыстың өзімен біте қайнап,  қосылып кеткен руханият.
Фолькпордың бұл түрінде ежелгі дәуірдің пайым-түсініғі, діни ұғымы 
мен  нанымы,  дүниетанымы  толық  пайдаланьшады.  Бірақ  бұл  жағдайда 
олар  әдейі  қолданылмайды.  Керісінше,  көне  заман  ұғымдары  емін-еркін, 
табиғи түрде,  ешбір  күдіксіз  араласады.  Көбінесе,  олар  көркемдік  міндет 
атқарады,  алайда,  бұл коркемдік мақсатгы  емес,  ол да адам болмысы  мен 
сезімі сияқты табиғи. 
• 

,  . я  ..  ,.
Егер  фольклорды  кең  мағынада  қолдансақ,  халықтың  қолөнері, 
үй  жабдықгары  мен  жастардың  әшекейленген  киімдері,  бұйымдары, 
аттың  әбзел-тұрманы,  оюлар,  сырмақгар,  т.б.  үнемі  қолданыста  болатын 
әдемі  заттар,  кэдімгі  халық  әндері  мен  күйлері,  өлеңдері  мен  жырлары 
сияқгы,  -   елдің  мәдени  мұрасы,  олар  да  түрмыстың  бір  бөлшегі  ретінде 
тіршіліктің сәнін келтіріп, мэнін арттырады. Демек, бұлар -  фольклордың 
утилитарлық, яғни қолданбалы түрлері болып саналады.
Ф ольклор  -   сөз  өнері.  Өнер  болу  үшін  ең  әуелі  коркемдік  қасиет 
жэне орындаушы мен тыңдаушы болуы керек.  Қазақ қоғамында фольклор 
осы  үш  шартты  түгел  орындаған,  тіпті,  одан  да  кең  ауқымды  қамтыған. 
Фольклор -  эрі әдебиет, эрі театр ролін атқарды, оның шығарушылары эрі 
орындаушылары  — жыршы  мен  ақындар,  сондай-ақ  тыңдаушылары  мен 
корермендері  болды.  Сондықган  фольклор  озіндік  көркем  әдіс,  бейнелеу 
тэсілдер мен көркемдеуіш  құралдар жасап,  орнықтырды. Бұл процесте ол 
ежелден келе жатқан ұғымдар мен нанымдарды, мифтер мен басқа да ескі 
жанрларды  пайдаланып,  оларға  басқа  сипат  дарытгы,  эстетикалық  мін- 
дет  артты.  Сойтіп,  алғашқы  қауымға  тэн  мифтік  сананың  жемісі  көркем 
қүралға  айналды,  бейнелілікке  жэне  метафораға  негіз  болды.  Осы  жолда 
көркемдік  шарттары  қарапайымдылықтан  күрделілікке  ойысты,  саналы, 
мақсатты қиял пайда болып, ғажайыптық сипат алды, утилитарлық функ- 
ция эстетикалыққа ауысты, осының нәтижесінде фольклор поэтикасының 
қалыптасуы,  оның  кейінгі  заманда  әдебиетке  енуі,  эдеби  поэтикаға  не- 
гіз  болуы  -   заңдылыққа  айналды.  Көркем  фольклорлық  жанрлар  туып, 
қалыптасты, ертегілер, жырлар, дастандар ең алдымен эстетикалық, сейіл- 
дік, содан соң тәрбиелік, т.б.  мақсат тұгты.
Фольклорды  өнер  етіп  көрсететін  басты  белгілері  мыналар:  роман- 
тикалық  эдіс  пен  типтендіру,  тұтастану  процесі,  кейіпкерлерді  суреттеу 
тэсілдері,  жалпылық пен  формулалықтың қатар жүруі,  импровизацияның 
айырықша  көрінуі,  шығармалардың  тұрақты  композициясы  мен  өзіндік 
стилі, фольклорлық уақыт пен кеңістік, әлеуметтік утопия, т.т. Бұлар фоль- 
клорды  сөз  онері  етіп,  эдебиетке  жақындатса,  енді  бір  ерекшеліктер  бұл
10

екеуін  алшақтата  түседі.  Мэселен,  фольклордың  байырғы  ұғымдармен, 
түсініктермен,  эдет-ғұрыппен  байланысы,  фольклорлық  сана  мен  ойлау, 
индивидтік  тілдің  жоқгығы,  даралық  портреттің  болмауы,  іс-әрекеттің 
біржақгы  эрі  дереу  істелуі,  кейіпкердің  ғажайып  туып-есуі,  оның 
ғаламат қасиетгерге ие болуы эдебиетке тэн емес.  Бірақ бүл  айтьшғандар 
фольклордың  өнер  екенін  жоққа  шығара  алмайды.  Оның  үстіне, 
фольклордьщ шындықты суреттеуі, тарихты қамтуы, қиял мен болмыстың 
ара-қатынасын  өзгеше  өруі,  сондай-ақ фольклор  шығармаларының орын- 
далу  мақсаты  мен  мәнері,  тыңдаушылардың  фольклорлық  туындыға, 
ондағы іс-әрекеттерге көзқарасы, — бүлар да фольклорды сөз енері ретінде 
көрсете алады.
Сонымен, фольклордың өзіндік табиғаты оның теориясына да өзгеше 
сипат  береді.  Фольклор  теориясы  ең  алдымен  оның  эр  кезде  атқаратын 
әртүрлі  қоғамдық-түрмыстық  міндеті  мен  танымдық,  тәрбиелік  жэне 
эстетикалық  функңияларынан,  мақсаттарынан  туындайтын  мәселелдерді 
қарастырады.  Бүлардың  ішінде  ең  бастылары,  әрине,  фольклорлық 
дэстүрмен  тығыз  байланысты.  Фольклорлық  дәстүр  дегеніміз  -  
қалыптасқан  шығармашылық  әдістің  жалғастыгы,  ал  әдебиеттегі  дэстүр 
дегеніміз -  бүрынғы тәжірибені жаңғырту болып табылады. Дэлірек айтар 
болсақ,  фолыслордағы  дәстүр  -   бүрынғы  тәжірибені  өзгертпей  қабыдцау 
эрі  жалғастыру,  ал  әдебиеттегі  дэстүр  -   бүрынғыны  сол  қалпы  ала  салу 
емес, соны  өзгерте дамыту.  Сол себепті де эдебиетте даралық сипат басым 
болады да жеке автор  өзінен  бүрынғыны  қайталамайды.  Мәселен,  Абайды 
алайық, ол өзіне дейінгі бүкіл ақын-жыраулардың мүрасын бойына сіңірген. 
Асан,  Шалкиіз,  Бұқар,  Дулаггар  болмаса  Абай  да  болмас  еді.  Бірақ  Абай 
оларды сол күйінде  қайталаған жоқ, олардың мүрасын бойына сіңіріп  қана 
қоймай,  ол  өзі  қабылдаған  нәрсені  елге  қайтадан,  мүлде  жаңарган түрінде 
берді  ғой.  Міне,  әдебиеттегі  дәстүр  дегенді  осылай  түсіну  қажет.  Ал, 
фольклордағы дәстүр мүндай мақсаттан аулақ, онда бір шығарманың ертеде 
айтылған  нұсқасы  жаңадан  жырланганның  өзінде  алғашқьвдан  алшақ  кет- 
пейді. Фольклорда варианттылықтың болатын бір себебі -  осы.
Фолькпор теориясының маңызды бір мэселесі — көркемдік эдіс, соған 
байланысты кейіпкерді суреттеу тэсілі.  Осы тұрғьвдан келгенде, фольклор 
романтикалық типтендіру эдісін қолданып, кейіпкерді суреттеуде дэріптеу 
мен  эсірелеу  сияқгы  тэсілдерді  пайдаланады.  Мұнда  уақыт  пен  кеңістік 
өзгеше  көрінеді.  Мәселен,  эпикалық  уақыт  эдеттегіден  басқаша,  сондай- 
ақ  кеңістік  те  болмыстағыға  сэйкес  бола  бермейді,  бұларда  шартгылық, 
мақсатты  қиял  үлкен рөл  атқарады.  Эпикалық стиль  мен тұрақты  форму- 
лалар  фольклор  шығармасына  өзіндік  баяндау  тәсілін  жүктейді.  Көнелік 
сипат  пен  жаңаның,  қиял  мен  ақиқаттың  аралас  жүруі  -   фольклорға 
тән  ерекшеліктіц  бірі.  Оларды  зерттеуші  жақсы  ажырата  білуі  тиіс. 
Фольклорлық  шыгармалардын  композициясы  біртектес  болып  келеді  де, 
оқиғалар бір  кейіпкердің маңайына шоғырланады, сойтіп  іс-әрекеттер бір 
бағыттаөтіп жатады, ал уақыт кері  шегерілмейді...

Осы  айтылғандардың  бэрі  сөз  өнеріне  айналған  көркем  фольклорға 
қатысты.  Фольклор  теориясы  деғенде,  бұлардан  басқа  да  аспектілер  бар 
екенін  айту  керек.  Солардың  бастылары:  сюжеттердің  контаминаңиясы, 
жанрлардың  синкреттіліғі,  фольклордағы  импровизацияның  ролі  мен 
орны,  фольклордың  тарихқа,  шындыққа  қатынасы,  ұлтгық  ерекшелік- 
тер  мен типолоғиялық сюжеттер,  фольклорлық сана мен  орындаушының 
ара-қатынасы,  т.т.  Міне,  осы  қасиеттері  арқылы  фолыслор  әдебиетке 
жақындайды,  бірақ ол -  әдебиет емес.  Ежелден  келе жатқандықган  фоль- 
клор  жоғарыдағы  өнерғе  тиесілі  белгілерді  эдебиеттен  бұрын  өмірғе 
экелген,  пайдаланған.  Сол  себепті  де  фольклор — әдебиеттің  бастауы деп 
түсініледі, ол -  эдебиеттің өзі бола алмайды. Әрбір фольклорлық шығарма
-  дэстүрғе негізделген, халыққа кең тараған, варианттары бар,  ауызекі ай- 
тылатын, авторсыз туынды. Ал, әдебиет туындысы — авторлық мэтін, онда 
автордың  қайталанбас  қолтаңбасы,  өз  стилі  бар,  оның  варианты  болмай- 
ды.  Автордың эр  кейіпкері -  дара,  өзіне ғана хас мінез-қүлқы бар, сөйлеу 
машығы  бар  тұлға.  Жалпы,  фольклордың  жинақгау  мен  шарттылықты 
пайдалану мүмкіндігі  авторлық әдебиетке  қарағанда әлдеқайда  мол екен- 
дігі -  бұл күнде мойындалған ақиқат.

ФОЛЬКЛОРДЫ Ң ТАРИХИ ДАМУ 
ЖОЛДАРЫ М ЕН КЕЗЕҢДЕРІ
Ежелгі  замандағы  рухани  мәдениет  (Рулық  қауым  кезеңі). 
Фольклордың  тарихьш  дәуірлеудің  өзі  мейлінше  шартгы,  өйткені  оның 
жеке  бір  щығармасы  дэл  қай  уақытта  туды  деп  қарастыруға  әсте  бол- 
майды.  Фольклордың  ең  алғашқы  нұсқалары  қандай  болғанын  нақтылап 
анықтау да, сипатгау да қиын. Оның себебі, -  біріншіден, адамзаттың ерте 
замандағы рухани мұрасы бізге сол күйінде жеткен жоқ; екіншіден, ежел- 
гі дәуірдегі руханият бүгінгідей сала-салаға бөлінбей,  біртұтас, синкретгі 
дүние  болған,  оның  құрамында  ырымдар  мен  ғұрыптар,  діни  нанымдар 
мен жэй әңгімелер, мифтер мен арбау, жалыну, жалбарыну, алғыс, қарғыс 
сияқты  алуан  түрлі  ұғымдар  мен  нанымдар,  түсініктер  мен  іс-әрекеттер 
аралас,  бір-бірінен  ажыратуға  келмейтін  рухани  элем  болған.  Сол  се- 
бепті  біз  рулық  замандағы  мәдениет  (фольклор  ғана  емес) деп  жиынтық 
мағынада  айтамыз.  Осы  мәдениеттің,  сол  арқылы  кейбір  жанрлардың 
шығу  мезгілін  шамалап  анықтауға  болатын  секілді.  Тарих  пен  этноло- 
гия,  фольклортану ғылымдарының дәлелдеуі  бойынша, адамзатгың руха- 
ни  мәдениеті  есте  жоқ ерте  заманда  орныққан  рулық,  тайпалық  қауымда 
пайда болғанға ұқсайды  («алғашқы қауым» деп те  аталады).  Жер бетінде 
пайда  болған  тұңғыш  рулық  қауымның  түрі  -   матриархат  (анаеркі)  деп 
саналады.  Рас,  бұл туралы  соңғы  20-30  жыл  бойы  үлкен  пікірталас  орын 
алып келеді, алайда, матриархаттың болмағандығы туралы пікір элі толық 
дәлелденген жоқ. Осыған байланысты жэне этнографиялық, фольклорлық 
деректерге  сүйеніп,  эзірше  дәстүрлі,  ғылымда  қалыптасқан  тұжырымды
негізге алуға тура келеді.
Анаеркі  (аналық)  рудың  басты-басты  сипаттары  не  десек,  ең  алды-
мен, сол шақгағы биліктің әйелдер қолында болуын, неке мен  отбасының 
матрилокальдық  болғанын,  мұрагерліктің  әйел  балаларға  тиесілі  бол 
ғаньш  жэне  балалардың  ана  (нағашы)  жұртында  өсуін,  сондай-ақ  алуан 
түрлі  эйелдерді  қастерлейтін  әдет-ғұрыпты,  ұғым-түсінікті  айтуға  бола* 
ды.  Авункулат,  кувада  сияқты  дэстүрлердің,  анимизм,  тотемизм  секілді 
нанымдардың сол матриархат дәуірінде пайда болғаны ғылымнан  белгілі. 
Матриархаттың  орнығу  себебі  — сол  замандағы  адамдардың  күнкөрісіне 
байланысты  еді,  яғни  алғашқы  ру  адамдары  өздері  ештеңе  өндірмей, 
табиғаттағы  дайын  нәрселерді,  жеміс-жидекті,  құстардың  жұмыртқасын,
13

ағаштағы  алма,  өрік  сияқгыларды  қорек  еткен.  Ғылымда  мұны  — иемде- 
нуші шаруашылық (немесе терімшілік) дәуірі дейді. Мұндай азық жинауға 
әйелдер  епті  болғандықтан  үстемдік  құрған.  Осы  дэуірдің  көріністері 
Австралия,  Океания,  Африка  байырғы  тұрғындарының  тұрмысында  да, 
мәдениетшде  де  сақталған.  Сол  көне  заманның  елесі  біздің  фольклор- 
да  да  байқалады,  эрине,  көркем  сананың  екшеуінен  өткен  түрде.  Егер 
нақтылап айтар болсақ, жалмауыз-кемпір мен көріпкел сәуегей әйелдердің, 
айдаһардың  бейнелері,  ғайыптан  (ғажап)  туу,  кәмелеттік  сынақтан  өту, 
баланың экесі үйде жоқта тууы, қаһарманның қалыңдықты алыстан іздеуі, 
оның болашақ қайын атасымен қақтығысуы сияқты мотивтер атам заманғы 
матриархат  салттары  мен  ұғым-түсініктерінің  елесі.  Ең  көне  мифтердің, 
тұрмыстық  эңгімелер  мен  қарапайым  эн-өлеңдерінің  пайда  болу  мезгілі
-  ежелгі рулық қауым уақыты деп ойлауға болады  [1].
Ең  көне  мифтер  —  алғашқы  қауым  адамдарының  өзін  қоршаған 
ортадағы,  маңайындағы  эртүрлі  объектілер  мен  табиғат  құбылыстары 
турасындағы  түсіндірме  әңгімелері  түрінде  болып  келеді.  Ондай 
әңгімелерде  заттардың,  аңдардың  пайда  болуы  мифтік  сана  бойынша 
түсіндіріледі. Ал, мифтік сананың өзі екі кезеңге бөлінеді.  Бірінші кезең ~ 
«адам  мен табиғаттың бірлігі» жөніндегі түсінік. Яғни,  адам өзін жан-жа-
мен  жануар,  адам  мен  зат бірдей деп 
түсінеді,  өлі  мен  тірінің  арасына да  жік  қоймайды.  Дэл  осы  кезеңде  ани-
мистік наным жұмыс істеп, мифтерде адамның аңға, басқа бір затқа, неме-
се керісінше жануардың, заттың адамға айналуы — заңды құбылыс ретінде
қабылданады. Мифтік сананың екінші кезеңі — «адам мен табиғаттың бір-
лігі»  туралы  ұғымның  бұзылуы.  Бұл  уақытта  адамдар  өзінің  жануарлар-
дан,  қоршаған  табиғаттан  өзгеше  екенін  түсінеді  де,  тотемистік  нанымға
негізделген  мифтер  шығарады.  Сөйтіп,  тотемистік  жэне  этиологиялық
мифтер  дүниеге  келеді.  Алғашқы  кезеңде  жер  бетіндегі  нэрселердің,  ас-
пан шырақтарының қалай пайда болғанын баяндайтын жасампаздық және
космогониялық мифтер шықса, екінші кезеңде тотемистік, дуалистік миф- 
тертуады  [2]. 
і
Мифтердегі  басты  кейіпкерлер  -   ілкі  ата  мен  жасампаз  қаһарман, 
тотем-баба  мен  шаман  (бұл  кейінірек).  Олардың  іс-эрекеттері,  көбінесе, 
жасампаздық  болып  келеді,  жердегі  заттарды,  аң-құсты,  т.б.  жаратқан 
солар  болып  көрсетіледі.  Мифтер,  эрине,  бір  қалыпта  тұрмай,  өзгеріп 
тұрған. Әу-баста олар қасиетті эңгіме-шежіре түрінде құпия айтылса, бір- 
те-бірте  сакралдық  сипатынан  айырылып,  фольклордың  кейбір  жанрла- 
рына  кірігіп  кеткен.  Мифтік  сананың  екінші  кезеңінде  қалыптасқан  діни 
нанымдар  мен  ұғымдарға,  солардың  іс  жүзінде  атқарылатын  ырымдары 
мен  ғұрыптарына  негізделген  (мифтермен  қатар)  эр  алуан  тұрмыстық, 
кәсіптік, т.б.  эңгімелер де туады.  Олар  сол  уақыттың  фольклорлық жанр- 
лары  десе  де  болады.  Олардың  басты  ерекшелігі  утилитарлық  функ- 
циясында,  яғни  ондай  әңгімелер  жеке  айтылмайды,  белгілі  бір  ырым- 
ды,  ғұрыпты  атқару  барысында  айтылады.  Демек,  ондай  эңгімелер
14

практикалық  (тәжірибелік)  мақсат  көздейді.  Сондай  фольклордың  үлгісі 
ретінде терімшілік, аңшылық, малшылық пен егіншілік кэсіптерге қатысты 
шығармаларды  айтуға  болады.  Олардың  бэрі  бізге  алгашқы  күйінде жет- 
пеген,  олар  талай  өзгеріске  үшыраған,  эрі  өте  кеш  хатқа түскен.  Сол  се- 
бепті  біздің  қолымыздағы  әңгіме,  өлең-жырларда  көркемделу  күшті  де, 
эу-бастағы үғым-нанымдардың ізі ғана сарқыншақ ретінде көрініс береді. 
Соган  қарамастан  ол  шығармалардан  ежелгі  анимизмнің,  тотемизмнің, 
магияның  түбірін  тауып,  зертгеуге  болады.  Сондай  магиялық  қызметі 
айқын фольклорға алғыс, қарғыс, арбау, жалыну, жалбарыну, бэдік сияқты 
жанрлар  жатады.  Әлбетге,  қоғамдағы  даму  мен  өзгеру  барысына  қарай 
олар да жаңа сипат алып отырган. Мысалы, ежелгі алғыс ислам діні енген- 
нен кейін бата болып, екеуі қатар өмір сүрген. Жалпы, магиялық функция 
рулық замандағы мифтік сананың екінші сатысында үлкен рөл атқарған.
Алғашқы қауым адамдары бірте-бірте табиғатта бар нәрсені ғана пай- 
даланбай, енді өздері өнім жасай бастайды, яғни иемденушіден ондірушіге 
айналады,  Бүл  әсіресе  аңшылық пен  аушылық,  егіншілік  пен  малшылық 
(бақгашылық)  кәсіптерін  тудырып,  енді  өмірде  еркек  адамдардың  күш- 
қуаты  қажет  больш,  олар  үстемдік  етеді.  Сөйтіп  патриархат  (атаеркі, 
аталық)  орнығады.  Бұл  шақтағы  рудың  ең  негізгі  белгілері  -   бір  атадан 
тараған  үрпақ  қауымы,  осы  руға  ортақ  таңба,  ортақ  ұран,  ортақ  зират, 
бірі  үшін  1  бәрі,  бэрі  үшін  I   бірі  жауаптылығы,  қанға-қан,  жанға-жан 
шартының болуы, т.б.  Осыған сәйкес қоғамдық қатынастарда өзгеріс пай- 
да болады.  Отбасы — ер адам  үйінде орналасады,  некелік  пен  мұрагерлік, 
басқа  да  эдет-ғұрыптар  патриархаттық  сипат  алады.  Ру  мен  отбасының 
ара-қатынасы,  билік  жасау  жүйесі  жаңа  арнаға  көшеді.  Рубасылары  мен 
бақсы-абыздар  тұрмыстық  және  идеологиялық салаларга  билік  жүргізіп, 
әскери  іс-шараларды,  ырым-кэделерді  басқаратын  болады.  Қауым  осе 
келе  тайпаға  айналады,  тайпалар  одағы  қүрылады,  әскери  демократия
орнығады.
Бізге жеткен  фольклорлық эрі  этнографиялық материалдарда  аталық 
ру  өмірінің  көптеген  белгілері  көрініс  береді.  Мысалы,  дана  ақсақалдар 
мен  қайсар  батырлар  басты  кейіпкерлер  болып  суреттеледі,  тіршілікте 
туындайтьш  барлық мәселелерді  талқылау,  шешу -  солардың  кұзырында 
болады.  Кейіпкерлердің  ежелден  келе  жатқан  керемет  комекшілері  де
-   ер  адам  болып  шығады.  Патриархат  заманында  пайда  болған  коптеген 
салт-дәстүр,  әдет-ғұрып  фольклорда  айқын  сақгалған.  Солардың  ішінен, 
мэселен,  құда  түсу,  келін  түсіру,  қалың  мал  төлеу,  көп  әйел  алу,  қонақ 
күгу,  керімдік беру, сый-сыяпат жасау сияқтыларды айтуға болады.  Бұлар 
фольклорымыздың  әр  жанрында  ұшырасады,  әсіресе,  ертегі  мен  эпоста
әдемі баяндалады.
Рулық  заманның  бұл  кезеңінде  неше  түрлі  ежелгі  мифтік  ұғымдар
мен  діни  нанымдарга  негізделген  бұрынғы  мифтермен  қатар  жаңа  миф- 
тер  пайда  болады,  оларда  да  ескі  сана  өзгеріске  ұшырап,  кейіпкерлер  ер 
адамдар  болып  шығады.  Бұл  уақытта  аңшылық  жайындағы  әңгімелер
15

құпиялықтан  арылып,  ғажаиып  аңшы-мергсндер  мен  олардың ссрікісрі 
тылсым  керемет қасиеттері  бар  арғымақтар мен  сырттандар туралы баян- 
дайды. Оқиғалар көп жағдайда мергеннің басынан кешкендері хақындағы 
меморат  түрінде  әңгімеленеді.  Мүндай  әңгімелер  кейінгі  замандарда  хи- 
кая  жанрымен  араласып  кетеді.  Мемораттың  кейбірі  тұрмыстық  әңгіме 
формасында  болып  келеді.  Ондай  шығармаларда  ежелгі  діни  нанымдар 
бягтсй  тсыпынан  көоініп.  күлкілі  жағдайлар  ғұрыптық  (ритуалдық)  мәнге
ие болады.
фольклор
қаралып, жаңаша айтылады. Ежелгі мифологиядағы әр заттың рух-иесі енді 
пірге,  алғашқы  ата-бабаға  айналады  (кейін  көркем  образ  болады).  Мұны, 
әсіресе,  меморатта  (кейін  хикая  мен хикаятта),  малшылық (бақташылық) 
пен  егіншілік  (диханшылық)  туралы  ^әңгімелерде,  өлеңдерде  көреміз. 
Бұрынғы  діни-нанымдар  да,  салт-ғұрыптар  да,  ырымдар  да  фольклорда 
басымдық  рөлде  емес,  көлеңкеде  жүреді.  Үйлену  салтына  және  жерлеу 
рәсіміне қатысты әдет-ғұрыптар атқарылған кезде орындалатын фольклор 
енді біршама өзінше, кей-кейде ана ырымдардан жеке айтылып, көркемдік- 
эстетикалық та мақсат көздейді. Олардың мазмұны да, орындалу мәнері де 
басқаша  болып,  бейнелік  жағы  күшейе  түседі.  Жар-жар,  сыңсу,  беташар, 
той  бастар  секілді  шығармалар  ендігі  уақытга  тек  ырым  мен  ғұрыптың 
сөз-серігі  ретінде  ғана  емес,  сондай-ақ  адам  сезімін  көрсететін  көркем 
өлең түрінде де айтылады. Сол сияқты жерлеу рәсіміне байланысты орын- 
далатын жоқтау, көңіл айту, жұбатулар да салт бойынша орындала отырып, 
көркемдік-эстетикалық та мақсатты ұмытпайды. Бұл айтылғандардың бәрі
-  патриархалдық рудың дамыған кезінде орныққан руханият еді.
Рулық  заманда  пайда  болған  рухани  мәдениеттің  бір  саласы
-   халықгық  білім  мен  халықтың  өнері.  Кең  мағынада  алғанда  бұлар  да
-  фольклордың түрлері болып саналады. Сондықган да әлемдік фольклор- 
тануда  оларды  музыкалық  фольклор,  пластикалық  фольклор,  халықтың 
қолөнері, халық биі деп атау орныққан. Фольклордың бұл түрлері, сондай- 
ақ халық астрономиясы мен календары,  қарапайым  математика мен меха- 
ника, халықгық медицина мен  мал  емдеу  ісі,  сөз жоқ,  өмір тәжірибесінен 
туындаған  құндьшықгар.  Аңшылық  құрған,  мал  баққан,  егіншілікпен 
шұғылданған,  көшіп-қонып  жүрген  жұрт  табиғаттың  алуан  сырын,  ауа 
райын,  жұлдыздардың  жылжу  ретін  үнемі  қадағалап,  біліп  отырған. 
Сондықтан олар  аспан шырақтары туралы, төрт түлік малдың ерекшелік- 
тері жөнінде, дэнді дақылдардың айырмашылықгары жайында тәжірибелік 
білім қалыптастырған және неше түрлі әңгіме-жыр шығарған. Бұп әңгіме- 
өлеңдерінде объектісінің түр-түсін, мінез-құлқын, т.б. қасиетін тәжірибеге 
сүйеніп  сипаттау  да,  сондай-ақ  ежелгі  мифтік,  діни  нанымдарды  пайда- 
лану  да  бар.  Сөйтіп,  өзінің  мінез-құлқын,  тұрмыс-тіршілігін  әңгімелеп 
отырған  объектісіне  көшіріп,  эрі  танымдық  пайдасы,  әрі  көркемдік  мәні
фольклорды зерттеуде өте құнды
астрономиясы 
*бі ~ осы.

Халықгың  қарапайым  математикасы  да,  механикасы  да -   күнделікті 
тіршіліктің  қажеттілігінен  туган  руханият.  Малдың  есебін  білу,  жорыққа 
шығарда  адам  санын  анықтау  -   халық  математикасының  негізін  қүраса, 
киіз  үйді  жасау,  оны  тең-тең  етіп,  түйеге,  көлікке  арту,  көліктің  өзін 
оңтайлы  етіп  жасау  -   қарапайым  механиканың  түрі.  Ал,  киіз  үйдің 
жабдығы  тек  қана  практикалық  мақсат  орындамайды,  оның  әсемдігі, 
үйдің  безендірілуі  -   белгілі  дәрежеде  эстетикалық талапқа  жауап  береді. 
Ендеше, халық қолөнері -  фольклордың эрі утилитарлық, эрі эстетикалық
қызмет атқаратын түрі.
Сонымен, рулық замандағы мэдениет -  үзақ уақыт бойы қалыптасқан 
руханият.  (Тарих  ғылымының  дәуірлеуі  бойынша  30  мыңдай  жылды 
қамтиды). Оның салалары мен түрлері көп. Олар бірі-бірімен тығыз байла- 
ныста, біртүтас, синкретті жүйе қалыбында дамып, қоғамның, ой-сананың
жетілуіне  сәйкес  қарапайымдықган  көркемдікке  қарай  күрделі  де  қиын 
жолдан  өтті.  Оу-баста тек қана утилитарлық-тәжірибелік жэне танымдық 
қызмет  атқарған  алғашқы  фольклор  үлгілері  бірте-бірте  тәрбиелік  жэне 
көркемдік  мақсатты  көздейтін  шығармаларға  айналды.  Алайда,  олар  элі 
нағыз көркем фольклор дәрежесіне көтеріле алған жоқ-ты. Бүл үрдіс кейін 
копке  созылып  барып,  тек  мемлекеттік  қоғамдар  түсында  жүзеге  асқан
фол
ғүрыптар
құрал
раз түрінде көрініс тауып, шығармаға поэтикалық, эстетикалық, эмоциялық 
реңк  беріп түрады.  Осының  бэрі  қосыла  келіп,  бізге  жеткен  фольклорды,
-  бір жағынан, ежелгі заманның дүниетанымы, көне мэдениеті эрі мүрасы; 
екінші жағынан, ел тұрмысының бір бөлшегі; үшінші жағынан, халықтық
сөз өнері деп сипатгайды.
О рта  ғасырлар  түсындағы  фольклор  (Мемлекеттік  қоғам  кезі). 
Адамзат  тарихының  ең  бір  үзақ  мезгілін  рулық  қауым  қамтыды.  Рулық 
қауым неолит дәуірінде ыдырап, осыдан 7-8 мың жыл бүрын алғашқы мем- 
лекеттер пайда болды. Жер бетіндегі ең коне мемлекеттер Египетте, Месо- 
потамияда,  Үндістанда,  Қытайда,  Грекняда,  Иранда,  Италияда  орнығып, 
құлиеленуші  сипатта  болған  да,  біздің  дэуіріміздің  ІІІ-ІҮ  ғасырларында 
феодалдық сипаттағы  қоғамға  ауысқан  деп  есептеледі  [3].  Осы  уақыттан 
басталатын  заман  элем  тарихының  ортағасырлық  дэуірі  деп  саналады. 
Бүл  XVIII  ғасырға дейін  созылған  да,  одан  бергі  кезеңді  жаңа  заман  деп 
атайды. Қазақстан тарихы да осылай дәуірленеді  [4].
Қазақстан  жерінде  алғашқы  мемлекет  б.з.д.  I  мыңжылдықга,  сақгар 
дәуірінде  орныққан.  Сақтар  «көшпелі,  жартылай  кошпелі  жэне  егінші  ел 
болатын.  Бірақ олар  ең алдымен тамаша  шабандоздар  еді.  Дүниеде  атпен
9М $-Ш не
_______________________________________Іфояоггас^і
деңгейдегі  үздік  өнері  болды,  ол  эдебиетге  «Аң  «[{гилэді^ 
д щ
2-2511
5
Зкі ТАПХАНАСІ »

ды.  Сюжеттері  -   жыртқыш  аңдар  мен  шөппен  қоректенетін  жануарлар, 
солардың арасындағы күрес»  [5].
Сақтардан соң сарматтардың, үйсіндердің, қаңлылардың, түркілердің 
мемлекеттері болған, олар мың жылдан астам уақытты қамтып, Қазақстан 
тарихында  ерекше  із  қалдырған.  Аталған  мемлекеттер  де,  олардан  кейін 
қүрылған оғыздардың, қыпшақтардың,  қарлықтар мен қарахандықтардың 
мемлекеттері де, кейінірек дүниеғе келғен Алтын Орда да, Қазақ хандығы 
да  орта  ғасырлық  феодалдық  сипаттағы  мемлекеттер  болды.  Олардың 
әрқайсысы  оз  қоғамына  сай  мәдениет  тудырды,  бірақ  рухани  жалғастық 
үзілген  жоқ.  Әр  дэуір  мәдениеті  өзіне дейінгіні  пайдаланды,  соны  негіз- 
ге  алды,  жаңғыртты  эрі  дамытгы.  Ертедегі  орта  ғасырдың,  яғни  сақтар
мен  ғүндардың,  қаңлылар  мен  үисіндердің  түсындағы  рухани  мәдениет 
дамыған орта ғасыр мен соңғы орта ғасыр кезінде сақгалынып қана қойған 
жоқ. Ежелгі замандағы мифтер мен аңыздаулар, т.б. фольклорлық дүниелер 
әрі  қарай  өзгертіле,  кеңейе  дамыды.  Олардың  классикалық  фольклорға 
айналуы  осы  дамыған  орта  ғасырға  тұспа  түс  келеді.  Рулык  замандағы 
көптеген  үғымдар  мен  нанымдар,  мифтік  әңгімелер  ендігі  жерде  көркем 
фольклордың қүрамында танымдық, эстетикалық міндет атқарады. Сойтіп, 
ескі  мен  жаңаның  кіріккен  түрі,  яғни  біртүтас  мәдениетке  айналған  ру- 
ханият  қалыптасты,  ал  мүның  өзі  фольклорды  көп  сатылы,  коп  сипатты 
және көп қырлы өнерге айналдырды.
Сонау сақтар заманында туып, кейінгі дәуірлерге жеткен фольклорлық 
шығармалар  миф  түрінде,  аңыз  ретінде  ертедегі  гректер  мен  қытай  жаз- 
баларында  орын  алғанының  арқасында  бізге  жетіп  отыр.  Олардың  сю- 
жеттері  мен  кейіпкерлерінің  іс-эрекеттері  кейінгі  уақытга  туған  жырлар 
мен  ертегілерде,  аңыздауларда  корініс  тапқан.  Мысалы,  атақты  Геродот 
«Тарихындағы» Томирис пен Кирдің арасындағы қақгығыс туралы сюжет 
классикалық  фольклорға тэн  [6].  Мүнда қаһармандық эпостағы  мотивтер 
бар.  Айталық,  парсылардың  патшасы  Кирдің  жорыққа  шығуы,  оның  ез 
ақылмандарымен  кеңесуі;  Томиристің  Кирге  берген  жауабы  жэне  Кир- 
ге  қойган  шарты;  Кирдің  шайқас  алдында  түс  керуі;  Томирис  үлының 
түтқынға  түсуі,  оның  езін-езі  елтіруі;  екі  қолдың  шайқасы;  Кйрдің  қаза 
табуы жэне Томиристің кек қайыруы.
Бүл  сюжетте  ежелгі  заманның  нанымы  сақталған.  Кирдің  түсінде 
болашақ  патша  Дарий  аспанға  үшып,  бір  қанатымен  Еуропаны,  екінші 
қанатымен  Азияны  жауып  түрғанын  кереді.  Ал,  Дарийдің  әкесі  Гистасп 
(парсыша  -   Виштасп)  Зардуштың  қамқоршысы.  Осы  арқылы  Кирдің 
жеңілуі Ахурамазданың қолдамағанынан болды деген сол шақтағы ел ара- 
сына тараған аңыз керініс береді. Демек «түс керу» мотиві -  ең ерте кезде 
туып, біздің дэуірімізге жетіп отыр. Жалпы, «түс керу» мотиві Геродоттың 
кітабындағы біраз патшалардың емірінде  кездесіп отырады.
Сақтар  мен  ғүндар  кезінде  туындаған  фольклорлық  сюжеттер  мен
мотивтер  кеиінгі  замандарда  да  жалғасын  тауып,  жаңаша  эңгімеленетін 
болған,  сейтіп  ескі  сюжеттер  негізінде  соны  шығармалар  дүниеге  келіп
18

отырған,  және  мұндай  туындыларда  бұрынғыға  ұқсас,  немесе  жаңадан 
қалыптасқан  тақырыптар  мен  сарындар  баяндалып  отырған.  Мәселен, 
ғұндардың патшасы Мөденің табғаштарға қарсы соғысы туралы аңыздың 
бүкіл  сарыны  кейінғі  түркілер  дэуіріндегі  фольклорда  жалғасын  тапқан, 
яғни  Мөденің  өз  ата-мекенін,  елінің  бірлігін,  амандығын  сақтау  үшін 
жүйрік  түлпарын  да,  сүйікті  жарын  да  қүрбан  етуі,  алған  сыйларына 
қанағат етпей басынған жауға қарсы жорыққа шығуы, оны күйрете жеңуі,
-   осы  сияқгы  тақырыптың  Түркі  қағандары  туралы  тас  жазбаларда  кең 
баяндалатынын айтуға болады.
Жоғарыда  айтылғандай,  Қазақстанда  орныққан  ортағасырлық  мем- 
лекетгер,  негізінен,  феодалдық сипатга  болды.  Ол  мемлекеттердің  басты 
ерекшелігі -  құлдық қоғамның болмауы, эрі патриархалды рулық өмірдің, 
оның  салттарының,  руханиятының  феодалдық  болмысқа  сіңісіп,  арала- 
сып  кетуі,  тіпті  әлеуметтік  құрылымға  негіз  болуы.  Бұл,  әсіресе,  Түркі 
қағанаты тұсында айрықша көрінді, себебі қағанат құрамына енген ру-тай- 
палар  бұрынғы  өмір  салтын  сақтай  отырып,  феодалдық  мемлекеттің  та- 
лаптары бойынша тіршілік жасады.  Осындай  қоспаның арқасында ежелгі 
руханият  енді  мемлекет мүддесі тұрғысынан  молынан  пайдаланылды эрі 
патриархалды рулық қауымның мәдениетін де жаңа сапаға көшірді. Ежел- 
гі мифтер мен нанымдар, сюжеттер мен мотивтер Түркі қағанаты тұсында 
бірыңғай идеологиялық сипат алып, қағанды дәріптеу үшін біршама көркем 
қасиетке ие  болды.  Мұны  Орхон-Енисей  ескерткіштеріндегі  жазбалардан 
айқын көреміз [7]. Ол мәтіндерден көнетүркі заманындағы мифологиялық 
үғымдардың  ежелгі  мифтік  түсініктермен  байланысты  екені  байқалады. 
Аспанға  табьшу,  оны  Тәңір  деп  білу,  Көк  Тэңір  деп  құрметтеу,  ал  жерді 
¥май-әйел  ретінде  қастерлеу,  жалпы  табиғатты  қадірлеу  сияқты  ежелгі 
анимистік  нанымның,  сондай-ақ  түркі  жұртының  бабасы  -   Көкбөрі  деп, 
Ашинадан  тарағаны  туралы  тотемистік  ұғымның  іздері  Қүлтегін,  Білге 
Қаған,  Тоныкөк туралы жазуларда жақсы  сақталған  [8].  Ал,  бұл  мәтіндер 
өзінің мазмұны  мен стильдік-көркемдік қасиеттері жағынан ерте заманғы 
жырдың үлгісі болып есептеледі. Олардағы бейнелілік, кейіпкерлердің си- 
патталуы, қағандардың ерлік іс-қимылдары, олардың астындагы аттарының 
бейнеленуі,  -   осының  бәрі  батырлық  эпостың  поэтикасына  лайық.  Ен- 
деше,  Орхон-Енисей  ескерткішіндегі  мэтіндер  -   ҮІІ-УІІІ  ғасырда  хатқа 
(тасқа) түскен фольклорлық шығармалар деуге толық негіз бар.  Аталмыш 
текстердің  кейбір  тұстарында  жоқгаудың  үлгілері,  мақал-мэтел,  шешен- 
дік сөз тэрізді  тіркестердің, тұрақгы  формулалардың  кездесуі  сондықтан. 
Осы Қүлтегін мен Білге қаган жэне Тоныкөк туралы шығармалардан Түркі 
қағанаты кезіндегі фольклор туралы, тіпті сол шақтагы әдеби-көркем жүйе 
жайында толық мағлұмат алуға болады. Ол ғана емес, сол замандағы Түркі 
мемлекетінің тарихы,  өмірі,  мәдениеті,  басқа  елдермен  қарым-қатынасы, 
басты-басты  саяси,  эскери  оқиғалары  жөнінде  кең  ақпарат  табуға  бола- 
ды.  Сол  себепті  де  ол  мэтіндер  тарихи  дерекнама  ретінде  де  зерттелді 
[9],  сондықтан  да  оларды  галым  И.В.  Стеблева  тарихи-қаһармандық  по-
19

эма  деп  атады  [10].  Қалай  болғанда  да  бұл  жазбаларда  фольклорлық  си- 
пат айқыи, тіпті  әлемнің,  адамның  пайда болуы туралы рулық замандағы 
мифологиялық  түсінік,  сондай-ақ  ел  билеушінің  ерекше  жаралатыны 
жайындағы наным анық сақгалған. Мэселен, Қүлтегіннің үлкен жазуында 
аспан мен жердің, адамзаттың жаралуын «Үстіде көк тэңір, астыда жазық 
жер жаралғанда, екеуінің арасында адам баласы жаралған» деп айтса, Кіші 
жазуда «Тэңір текті, Тәңірден жаралған Түрк Білге Қаған. Бүл шақта отыр- 
дым»  деп  қағанның  жай  адам  емес  екенін  айтады.  Патшаның жай  адам- 
нан тумай, қүдайдың құдіретімен ерекше  жағдайда туатыны туралы ұғым 
ежелгі рулық фольклорда ғана емес, құл иеленуші мемлекеттер тұсындағы 
мифтерде  (мысалы,  Александр  Македонскийдің,  Иса  пайғамбардың 
ғайыптан  тууы),  тіпті  орта  ғасырдағы  аңыздар  мен  шежірелерде  де  кез- 
деседі  (Шыңғыс  ханның күн  нұрынан  жаралғаны).  Бұл ғайыптан туу  мо- 
тиві  ежелгі  тотемизмнің  өзгерген  түрі.  Мұндай  жағдайды  біздің  көркем 
фольклорымыздан  да  таба  аламыз.  Алпамыстың,  Қобыландының,  Ер 
Төстіктің дүниеге  келу  жағдайын  еске  алуға болады.  Көркем  фольклорда 
бұп  кене  наным  өзгертілген,  мұсылманданған  түрінде де  бас қаһарманды 
дәріптеудің бір амалына айналып кеткен.
Исламның  Қазақстан  жеріне  енуі  (VIII  ғ.)  Түркі  қағанаты 
қалыптастырған  мәдениетке  өзгерістер  экелді,  фольклорға  мұсьшмандык 
қасиеттер  дарытты  жэне  басқа  да  ескі  дүниелерді  мұсьшмандандырып, 
басқа арнаға түсірді.  Мұның өзі  фольклорды жаңа бесікке көтерді, сөйтіп 
толыққанды  классикалық  фольклордың  қалыптасуына  игі  ықпал  етті. 
Әсіресе,  оғыз-қыпшақгар  мен  қарахандар  тұсындағы  мемлекеттердің 
мәдениеті  барынша  жанданды,  ейткені  бұл  кезде  қазақ  жеріне  ислам 
өркениеті  кең  етек  жая  бастаған  еді.  Соның  арқасында  қала  мен  дала 
мэдениеті,  дэстүрлі  түркі  мен  ислам  мэдениеті  етене  жақындасып, 
біртұтас  көркемдік-эстетикалық  жүйеге  айналған  болатын.  Алтын  Орта 
заманында  да  бұл  процесс  үзілген  жоқ,  оған  тағы  бір  арна  -   моңғол 
фольклоры  мен  мәдениеті  келіп  қосылды.  Осының  бэрі,  сайып келгенде, 
нағыз  классикалық  фольклорды  тудырды,  яғни  бұрынғы  фольклор  алуан 
түрлі  өндеулерге  түсті,  тұтастану  құбылысын  бастан  кешірді,  бірнеше 
мәдениеттің дэстүрін  бойына сіңірді.  Міне осындай тоғысу мен дамудың 
арқасында  дамыған  орта  ғасырдың  өзінде-ақ  көркемдік  қасиеті  жоғары, 
өзіндік  көркем  жүйесі  бар  фольклор  қалыптасты.  Соның  нәтижесінде 
ежелгі  сюжеттер  толығып,  кеңейіп,  жаңа  сипаттарға  ие  болды,  бұрынғы 
аңыздаулар үлкен эпикалық туындыға айналып жатгы.
Нақтылап айтар болсақ, Алтын Орда тұсында ежелгі космогониялық, 
тотемистік,  этиологиялық  жэне  эсхатологиялық  мифтер  өзінің  бұрынғы 
«танымдық-ақпараттық»  міндетімен  қатар  енді  біршама  «тәрбиелік» 
қызмет те атқарды, себебі ол баяғы құпия-сакралды қасиетінен ада болған 
еді.  Оның  үстіне  үлкен  күш  алып  келе  жатқан  ислам  дінінің  ықпалының 
артуына  байланысты  ол  мифтер  біртұтас  жүйелену  процесіне  түспей, 
ьщырай бастады. Олар бірте-бірте өзінің алғашқы түрінен айрылып, басқа

жанрға  (мәселен,  хнкаяға)  айналды,  немесе  езге  жанрлардың  құрамына 
сіңіп  кетті,  соның  салдарынан  бізде  ертедегі  құл  иеленуші  мемлекет- 
терге  тэн  жүйеленген  үлкен  мифология  қалыптасып  үлгермеді.  Есесіне, 
гұрыптық  фольклордың  түрлері,  ертегілер,  батырлар  туралы  әңгімелер, 
мақал-мәтелдер  қарқынды  түрде  дами  бастады,  жаңа  жанрлар  туып,
фольклордың құрамы байи түсті.
Бұл үрдіс өте-мөте Қазақ хандығы кезінде үлкен қарқын алды.  Фоль-
клор -  халықтың ең негізгі руханиятына айналды,  оның жанрлық құрамы 
баюымен  қатар сюжеттік һәм тақырыптық аясы  кеңейді.  Фольклор жанр- 
лары бұрынғы  көп функциялықтан  арыла бастады.  Өмір талабына сәйкес 
батырлар  жыры  жедел  дамып,  басты  рөл  атқарды.  Сонымен  қатар  қазақ 
пен  қалмақ  арасындағы  ұзаққа  созылған  ұрыстар  жаңа  жанрды,  яғни  та- 
рихи  жырды  дүниеге  әкелді.  Байырғы  «Алпамыс»,  «Қобыланды»,  «Ер 
Сайын»  сияқгы  жырлар  қайта  жырланып,  Абылай,  Бөгенбай,  Қабанбай 
туралы  жырларға  эрі  үлгі,  эрі  поэтикалық  негіз  болды.  Ежелгі  мифтер 
мен  ертегілер,  аңшылық  әңгімелер  мен  аңыздар  жаңа  мемлекеттің  сая- 
си-қоғамдық  ауанына  сай  жаңғыртылды,  сөйтіп  тағы  бір  жанр-шешен- 
дік  сөз  пайда  болды.  Дәл  осы  Қазақ хандығы тұсында  ғашықтық жыр да 
өріс ала бастайды, ерте уақыттан бері айтылып келе жатқан Қозы Көрпеш 
пен  Баян  Сұлу  туралы  аңыздаулар  үлкен  эпосқа  айналды,  «Қыз  Жібек» 
жыры дүниеге келіп,  ел арасына тарай бастады.  Тағы басқа жырлар туып, 
фольклорлық  циклге түсіп  жатты.  Бұларда  көне  сюжеттер  мен  мотивтер, 
ескі ұғымдар жаңаша пайымдалып, заман талабына сай жырланып жатты. 
Олар  енді,  негізінен,  көркемдік  міндет  атқарды  да,  эпосты,  бүкіл  фоль-
клорды эстетикалық тұрғыда түрлендірді.
Тарихтан  белгілі,  қазақ мемлекеті  пайда болған кезінен бастап  бейбіт 
өмірді, тыныш тіршілікті білмеді.  Ол  барлық уақытта экспансия объектісі 
болып, жау  мемлекеттер тарапынан жасалған  шабуылды тойтарумен бол- 
ды.  Жоңғар  хандықтарымен  соғыстар  өте  ұзақ  уақыт  болды  және  қиян- 
кескі  жүргізілді,  олар  әлсін-әлсін  қайталанып,  үш  ғасырға  созылды.  Бұл 
дэуірде  фольклордың,  әсіресе  эпостың  рөлі  ерекше  артты.  Жыршылар 
бұрынғы батырлар жырын асқақтата қайта жырлады және өз замандас ба- 
тырлары туралы жаңа эпос туғызып, олардың ерлігін мадақтады. Жыршы- 
лар, әрине, фольклорлық дәстүрді  пайдаланды,  олар ескі жырлардың поэ- 
тикасына сүйеніп, жаңа жырдың өзіндік сипатын қалыптастырды. Ал, ескі 
жырдың  өзін  де  жаңа  заман  мен  қоғамның  талап-тілектеріне  байланыс- 
ты өңдеп  отырды,  сойтіп  екі түрлі  эпос  қатар  омір сүрді.  Мұның озі  эпос 
жанрын  тарихи тұтастануға әкелді.  Яғни  ерте  кездегі  эпостың оқиғалары 
жыршьшардың  өмір  сүріп  отырған  уақытына  кошірілді  де,  енді  бұрынғы 
рулық-тайпалық жырда өз руы мен тайпасының бақыты үшін ындыстарға 
(еіндустар),  қызылбастарға  (парсыларға)  қарсы  соғысқан  Алпамыс  та, 
Қобыланды  да,  Сайын  да,  Көкше  де,  Қамбар  да,  Қырым  батырлары  да 
Қазақ  хандығы  тұсындағы  нақты  жаулармен  -   қалмақгармен  шайқасып 
жүреді.  Сөйтіп,  бір  жырда  бірнеше  ғасыр  тогысады  да,  әр  ғасырдағы
21

оқиғалар мен кейіпкерлер араласып жүреді, ежелгі жэне кейінгі жаулар бір 
дэуірдің  өкілдері  болып  көрсетіледі.  (Мұны  ғылымда  тарихи  тұтастану 
дейді,  басқаша айтқанда бұл -  фольклордағы тарихи  анахронизм).  Осын- 
дай  процестің  барысында  эпос  жанры  бірте-бірте  бірнеше  тұтастану 
турінен өтеді:  тарихи,  өмірбаяндық, шежірелік, географиялық.  Осылайша 
бізге жеткен классикалық эпостың түрі қалыптасты, ол -  феодалдық мем- 
лекет дәуірінің эпосы  болатын.
Нағыз  мемлекеттік  эпостың  үлгілері  -   Қазақ  хандығы  кезіндегі 
қалмақтармен  шайқасқан  батырлар  мен  хандар  туралы  эпикалық  туын- 
дылар,  яғни  тарихи  жырлар  («Есім  хан»,  «Олжаш  батыр»,  «Абылай 
хан»,  «Бөгенбай  батыр»,  «Қабанбай  батыр»,  «Өтеген  батыр»  т.б.).  Бұл 
жырлардың бүрынғы  батырлық эпостан  бірнеше  өзгешелігі  бар.  Бірінші- 
ден, бұл шығармалар оқиғалардың ізі онша суымай тұрғанда пайда болды; 
екіншіден,  сол  себепті  оларда  шындыққа  жақындық  басым;  үшіншіден, 
бұл  жырларда әсірелеу  едәуір  аз,  ал  мифтік, я  болмаса  қиял-ғажайыптық
оелгілер жоқтың қасы; төртіншіден, тарихи жырларда кеиіпкерлердщ кеи- 
бір  кездерде  көрсететін  өзіне  ғана тэн  мінез-құлқы  көрініс  беріп  қалады, 
яғни  батырлар  бұрынғыдай  аса дәріптелмейді,  олардың образы  өз  прото- 
типіне  жақынырақ;  бесіншіден,  бұл  туындыларда  батырлар  ру  мен  тай- 
па  үшін  емес,  бүкіл  қазақ  үшін  күреседі,  қазақ  жерін,  мемлекетін  азат 
ету  үшін  соғысады.  Бұп  -   ең  басты  ерекшелігі;  алтыншыдан,  батырлар 
бұрынғыдай  жеке-жеке,  өз  бетінше  жауға  шаба  бермейді,  олар  мемлекет 
басшысы -  ханның  маңайына топтасып,  оның бұйрығымен  соғысқа атта- 
нады.  Бұл да -  мемлекеттік эпостың айырықша белгісі.
Сонымен,  орта  ғасырларда,  әсіресе  оның  дамыған  кезеңінде  жэне 
соңғы  дэуірінде  қазақ  фольклорының  барлық  дерлік  жанры  түгел 
қалыптасып болды  жэне біртұтас руханиятқа айналды. Жаңа дэуірде олар 
өзінің бүкіл  көркемдік-эстетикалық жүйесін  орнықтырып, жаңа сападағы 
классикалық фольклор түрінде дами түсті.
Ж аңа дәуірдегі  фольклор.  Бұл  кезең  XVIII ғасырдан  бергі  уақытты 
қамтиды.  Әлбетте,  фольклор  -   өмірдің  ағымы  сияқты  тез  өзгере  бере- 
тін  құбылыс  емес.  Дегенмен,  халық  тұрмысымен,  оның  санасымен  тіке- 
лей  байланысты  болған  соң  ол  да  әр  кезде  өзгеріске  ұшырап  отырады. 
Қазақ  хандығының  Жоңғар  хандығымен  үш  ғасырдай  жүргізген  соғысы 
халық  өмірінің  барлық  саласына  әсер  етті,  ал  рухани  мәдениетте  ерек- 
ше  із  қалдырды.  Фольклор  да  айтарлықтай  жаңарып,  оның  жанрлық 
құрамы  толыға  түсті  эрі  көркемдік  сапасы  да  артты.  Бізге  жеткен  фоль- 
клор  нұсқалары,  негізінен,  осы жаңа дәуірде, яғни ХУІІІ-ХІХ ғасырларда 
сұрыпталып,  көркемдік  жағынан  эрленіп,  жүйеленіп,  осы  күнгі  қалпына 
жеткен  деуге  болады.  Бұл  кезеңде  ертеден  келе  жатқан  батырлар  жыры- 
мен  қатар  жаңа  эпикалық  жанр  -   тарихи  жыр  барынша  етек  алып,  жеке 
түр  ретінде  үлкен  қарқын  алды.  Тарихи  жырдың  мазмұны да  байи  түсті. 
Оның  шығармаларында  енді  тек  қана  қалмаққа  қарсы  соғыс  жырла- 
нып  қойған  жоқ.  Жаңа  туындаған  тарихи  жырда  Ресейдің  отарлық  сая-
22

саты  мен  іс-әрекетіне,  сондай-ақ  қоқандықтардың  шапқыншылығына 
көрсетілген  елдің  қарсылығы  жырланатын  болды.  Еліміздің  эр  тұсында 
бірінен соң бірі орын алған көтерілістерде қол жинап, ел басқарған қайсар 
азаматтардың батылдығы мен ерлігі халық санасында тарихи жыр түрінде 
жаңғырып  жатты.  Бұл  жағдай  жаңа  жырмен  бірге  көптеген  аңыздарды, 
өлең  мен  эн-күйді  дүниеге  әкелді.  Олардың да  мазмұны  эр  алуан  болды. 
Бірде  орыс  әскерімен  ұрыс  баяндалса,  енді  бірде  қоқандықтарга  қарсы 
соғыс  әңгімеленеді,  бірде  қазақ  қайраткерлерінің  елшілік  істері  айтыла- 
ды.  Сырым  бастаған  көтеріліс  туралы  аңыз,  әңгімелер,  «Ерназар-Бекет», 
«Досан батыр», «Жанқожа батыр», «Кенесары-Наурызбай» жырлары, Қаз 
дауысты Қазыбектің қонтажыға барған елшілігі жайындағы аңыздар қазақ 
фольклорына  жаңа  тақырып  пен  жаңа түр  енгізіп  қана  қойған  жоқ,  олар 
фольклор құрамын өзгертті, фольклорға саяси мағына берді.
ХУІІІ-ХІХ  ғасырларда  қазақ  фольклоры  шешендік  сөздермен  жэне 
шежірелермен  молықты,  аңыздың  ішкі  түрлерімен,  хикаятпен  жэне 
әпсаналармен  толықты.  Тарихи  жырдың  тағы  бір  түрі  -   реалды  тарихи 
эпос қалыптасты («Қаншайым-Наурызбай», «Айман-ІПолпан», «Сұраншы 
батыр»), Бұл жанр, негізінен, Қытай жерінде қалған қазақтардың да «Мыр- 
заш  батыр»,  «Түкібай-Шолпан»  сияқты  жырлары  түрінде  айқын  көрінді. 
Халық поэзиясының шағын түрлері де туындап жатты.  Атап айтқанда, та- 
рихи  өлең  мен  қара  өлең  емірде  болып  жатқан  алуан  түрлі  оқиғаларды 
қамтып,  халық  санасына,  эстетикалық  талап-талғамына  сәйкес  баянда- 
ды.  Атақгы  «Қаратаудың  басынан  көш  келеді»  мен  халық  тұрмысында 
жиі  қолданылатын  әдет-ғұрыптық  мәндегі  өлеңдер  ел  қажеттілігін  өтеді. 
Мэселен,  ел  басына  түскен  қиын-қыстау  сэттерде  қоштасу  сияқты  жанр 
пайдаланылғанын айтуға болады. Кей жағдайларда тарихи өлең, қара өлең, 
қоштасу -  бэрі  араласып,  астасып  кетеді де,  бір  өлеңде  бірнеше жанрдың 
белгісі бірігіп кеткені байқалады.
Жаңа  дэуірдегі  фольклорлық  дәстүрдің  орлей  түсуіне  ақындар  мен 
жыршылар  ерекше үлес  қосты.  Олар  өмірде  болған  ірі  оқиғалардың  ара- 
сында болып, соның ізімен көргендері мен естігендері туралы неше алуан 
эңгіме, аңыз,  өлең тудырып отырған.  Олар тудырған шығармалар  ауызша 
туып,  ауызша  тарағандықган  бірте-бірте  фольклорлық  айналымға  түсіп, 
алғашқы  авторлық  шыгарма  халық  дүниесіне  айналған.  Бізге  жеткен 
көптеген жырдың, өлеңнің, эн-күйдің фольклорлық сипатта болуының бас- 
ты себебі -  осы.  Әрине,  фольклорлық циклге түскен шығарма айтыла-ай- 
тыла әрленеді, қосымшалармен толығады, сөйтіп бірнеше орындаушының 
шлифовкасынан  өткен  соң  халықгың  түсінік-пайымын  бойына  сіңіреді 
эрі  дэстүрлі  түрде  айтьшып,  даралықган  айырылады.  Сондай  халді  тек 
өлеңдер  ғана емес,  бұрыннан  келе  жатқан  эпостар да бастан  кешірді,  сол 
бебепті  де  олар  біздің  заманға  көп  вариантты  болып  жетті.  Ақындар  мен
жыршылар жаңа оқиғаны ғана  сөз  етіп  қоимаи,  олар  ежелгі  жырларды да 
бірде  жаңғырта,  бірде  дәстүрлі  түрінде  жырлап,  ескі  мен  жаңаны  қатар 
өзінің  жадында,  репертуарында  сақтап  жүрді.  Қазіргі  кезде  оқып  жүрген
23

классикалық эпостар, эсіресе батырлық жэне гашықгық жырлар осы күнгі 
қалпына сол XVIII жэне XIX гасырда жеткен. Әйгілі Жанақ, Шөже, Мара- 
бай, Мұсабайлардан XIX ғасырда жазылып алынған мәтіндер -  ойымызға
толық дәлел бола алады.
Айтылмыш  кезеңде  қазақ  фольклорына  исламның,  Шыгыс  фоль- 
клоры  мен  әдебиетінің  эсері  күшейеді.  Ғұрыптық  фольклорға  енді 
мұсылмандық  нышандары  молдап  еніп,  тұрақты  белгіге  айналады.  Ел 
арасына  қисса,  хикаят  деген  атаумен  Шығыс  дастандары  кеңінен  та- 
райды.  Солардың  үлгісімен  ақын-жыршылар  дэстүрлі  қазақ  сюжет- 
терін  дастанға  айналдырып,  ұлттық  фольклорда  дастан  жанрын 
қалыптастырады.  Осының  ықпалымен  хикаялық  (новеллалық)  ертегі 
еріс  алды.  Ежелгі  қиял-ғажайып  пен  батырлық  ертегілер  жаңа  көркем 
сапаға көшеді, олар мазмұн мен идея жағынан хандық мемлекет ауанына 
ыңғайландырылады.  Жаңа  заманғы  ұғым-түсініктер  талабына сай  ескі 
кейбір  наным-пайымдар  қайта  қаралып,  жоққа  шығарылады,  сынала- 
ды.  Соның нәтижесінде  сықақ күшейіп,  сатиралық ертегі  бой  көтереді. 
Осындай сықаққа негізделген  өтірік өлең ерекше  көрініс береді.  Өтірік 
өлеңде  ежелгі  ритуалдық  күлкінің  орнына  әжуа-сықақ орнығып,  күлкі 
үлкен  сатиралық  мазмүнға,  аллегориялық  магынаға  ие  болады.  Жаңа 
жұмбақтар  мен  жаңа  мақал-мәтелдер  де  пайда  болып,  дидактикалық 
қызмет атқарады. Балалар фольклоры да осы кезеңде орнығады. Сөйтіп, 
Х ^ІІІ-Х ІХ  ғасырларда қазақ фольклорының барлық дерлік жанры даму 
үстінде  болды,  олар  халықтың  рухани  қажетін  толығымен  өтеп  отыр- 
ды.  Эпикалық  жанрдың  бұрынғы  да,  жаңа  түрлері  де,  шағын  жанрлар 
да,  жаңадан  пайда  болған  жанрлар  да  -   бэрі  біртұтас  көркем  жүйеге
аиналды,  қоғамның  мәдени  сұранысын  меилінше  қанағаттандырды. 
Фольклор толық сөз  өнері  ретінде авторлық әдебиетпен  қатарласа өмір 
сүрді,  әдебиеттің  біраз  қасиетін  қабылдады,  ал  дастан  сияқты  жанр 
әдебиетке жақындай түсті.
XIX 
ғасырда  қазақ  даласына  тіршіліктің  жаңа  бір  түрі  -   үлкен 
өндірістік өмірдің енуіне байланысты фольклор құрамында «жаңа бір сала 
-жүмысш ы жырлары туып, дами бастады... Күнделікті тірлік, азапты ауыр
түрмыстан туған әңгше-жырлар мен мақал-мәтелдерден жұмысшының ои- 
пікірі,  қоғамдық  құрылысқа  деген  көзқарасы  да  аңғарылады»  111].  Қазақ 
жұмысшы фольклорын зертгеушілер оны «тақырыбына, дэуіріне қарай үш 
салаға жіктейді:  1)  ауыр  еңбек,  азапты өмір жайындағы  өлең жырлар;  2) 
орыс-қазақ жүмысшыларының достығы мен ерлік күресі туралы жырлар; 
3) империалистік соғыс дэуіріндегі жэне  1916 жылғы котеріліс жырлары» 
[12]. Әрине, бүл жіктеудің негізінде Кеңес екіметінің саяси-идеологиялық 
ұстанымы  жатқаны  анық.  Дей  тұрғанмен,  зерттеушілер  қазақ  фолькло- 
рында  мүлде  жаңа  жанр  пайда  болғанын  дөп  басып,  көре  білген,  оның 
ерекшеліктерін  де  аша  алған.  Сол  себепті  де  біз  XIX  ғасырдың  екінші 
жартысында  қазақ  фолыспоры  тағы  бір  жанрмен  толыға  түскенін  айтуға
ТИІСТІМІЗ.

Жалпы, фольклор—табиғатынан консервативті руханият, ол қоғамдағы 
өзгерістер  мен тіршілік  ағымында үнемі  ілесіп  отырмайды,  жедел  өзгере 
қоймайды. Бірақ соған қарамастан дүбірлі XX ғасыр фольклорды да айна- 
лып өтпеді, оған  да өз ықпалын жасады. Күллі мәдениет сияқгы, фольклор 
да Кеңес өкіметі мен компартияның саяси-идеологиялық қыспағына түсті. 
Ең алдымен, фольклор екі жікке бөлініп қаралды. Оның біртүтас руханият 
екендігі жоққа шығарылып, оны бағалауда таптық көзқарас негізге алынды 
да, фольклорды «халықгық» жэне «халыққа жат» деп тану орнықты. Мүның 
өзі  фольклорды  біржақты  жинап,  зерттеуге  әкеліп  соқгы.  Соның  салда- 
рынан  фольклордың  дінге,  әдет-ғүрыпқа  байланысты  салалары  назардан 
тыс қалды, ал кпассикалық фольклор жазба әдебиетгің заңдылықтарымен 
зерттелді. «Совет фольклоры» болуға тиіс деген идеологиялық үран ежел- 
гі  фольклордың  езін  бұрмалауға  жэне  жаңадан  жыр,  дастан,  тіпті  жаңа 
ертегі  мен  әпсаналарды  ойлап  шығаруға,  орындауға,  жинауға,  зерттеуге 
мәжбүр  етгі.  Сөйтіп,  халық  ақындары  «жаңа»  фольклорлық  шығармалар 
туғызды,  таптық-әлеуметтік  жырлар  мен  дастандарды  шығарды.  Партия 
көсемдері  туралы  жасанды  әңгімелер  мен  ертегілер  дүниеге  келді.  Бүл 
жасанды фольклор XX ғасырдың 60-шы жылдарында-ақ сынға үшырады, 
оның қате  екені  мойындалып,  ғылым  енді  біртіндеп,  негізінен,  халықтың 
өткен  замандарда  тудырған  фольклорын  бөлмей-жармай,  біртүтас  мүра 
деп бағалап, тереңдей зерттеуге бет бұрды.
Алайда,  ақиқатын  айтар  болсақ,  фольклор  үлгілері  XX  ғасырда  да 
туындап жатты.  Бірақ ол ресми саясат қолдаған жасанды фольклор, емес- 

тін, эрі үлкен эпос та, дэстүрлі ертегі де емес еді. Бүл дэуірде пайда болган 
і 
фольклордың  дені  -   өлеңдер  мен  анекдоттар,  аңыздар  мен  әңгімелер,

жүмбақгар  мен  мақал-мэтелдер  болды.  Бүпар  кеп  жағдайда  болмыстың 
езінен туындап жатты, кейде ескі фольклорды жаңашалаудың нәтижесінде 
пайда  болып  жатты.  Жогарыда  айтылғандай,  XX  ғасырдың  бас  кезінде 
і 
туған жүмысшы фольклорының басым  кепшілігі  бүрынғы  формада туған 
і 
елеңдер мен аңыз-әңгімелер болды. Бүл жағдайды  1916 жылғы кетеріліске 
байланысты  пайда  болған  фольклордан  да  байқау  қиын  емес.  Мәселен,

кетерілістің алғашқы  кезеңіндегі  ел  басына түскен  ауыр жағдайды  сурет- 
тейтін толғаулар, одан кейінгі шақта, ягни үрыстар туралы баяндайтын жорық 
елеңдері, ал кетеріліс жеңілген түста туған қоштасу үлгілері, майданга барған 
жігітгердің елге  жолдаған  сәлем  хаггтары,  -   бір  жағынан, дәстүрлі  формада 
болса, екінші жағынан, жаңа тақырыпқа арналган болатын. Сәлем хат жанры 
бертінгі ¥лы  Отан соғысы жылдарында ерекше дамыды.
XX  ғасырдың  30-40  жылдары  ежелгі  фольклор  үлгілерін  жаңгырта 
жырлау тәжірибесі орныққанын айтпасқа болмайды. Атақгы ақындарымыз 
өзінің  шығармаларымен  қатар  ескі  эпостарды  жырлаумен  шүғылданып, 
оларды  керкемдік  жағынан  эрлей  түсті,  бірақ  идеялық түргыдан  жаңаша 
пайымдады  («Өтеген  батыр»,  «Нарқыз»,  т.б.).  Әлбетте,  бүлар жаңа  фоль- 
клор деп есептелмеді, алайда олар кеңестік емірде халық шыгармашылығы 
тоқтамағанының  дәлелі  ретінде  қабылданды.  Ал,  шындығында,  бүл

жаңғырулар идеологиялық тапсырыс пен талаптан туған  еді. Сөз жоқ, қай 
заманда да халық шығармашылығы болады, бірақ ол эр түрлі сипатта фор- 
мада көрініс береді. Соның жарқын көрінісін XX ғасырдағы фольклордың 
жағдайынан аңғаруға болады.
Егер  фольклордың  тарихын  оның  қоғамда  атқарған  әлеуметтік  әрі 
эстетикалық қызметі тұрғысынан қарасақ, қазақ фольклорының шарықтап, 
халықтың бүкіл рухани сұранысын өткерген кезеңі — XX ғасырдың I жар- 
тысымен шектеледі деуге болады. Бірақ қазақ фольклоры XX ғасырдың II 
жартысында да  өмір  сүруін тоқтатқан  жоқ.  Ол  өміршеңдік танытып,  осы 
дәуірде де  өзінше,  профессионалды  әдебиетпен,  мэдениетпен  қатар  өмір 
сүріп жатты,  әрине,  бұрынғы  қалпындағыдай емес.  Ол үш түрлі, яғни үш 
бағытта ғұмыр кешті. Біріншісі -  ескі жанрлардың кейбірі пассивке көшіп, 
ұмытыла бастады (бақсы сарыны, арбау, жалбарыну, жарапазан, терт түлік 
туралы  өлең,  бэдік);  екіншісі  -   эпикалық  жанрлар  жаңа  туындылармен 
байыған жоқ.  Олар классикалық мұраға айналып, жаңа дэуір мәдениетіне 
негіз  болды,  оның  қайнар  көзі  эрі  ажырамас  бөлігі  ретінде  өмір  сүрді 
(батырлар  жыры,  ғашықгар  жыры,  тарихи  жыр,  ертегілер).  Олар  көркем 
әдеби,  музыкалық шығармаларға  негіз  болып,  профессионалды  кино мен 
театр туындыларына айналды,  сөйтіп қоғамға эрі тэлімдік, эрі танымдық, 
эрі  эстетикалық  қызмет  атқарды.  Сондай-ақ,  халықгың  классикалық 
мұрасы  ретінде  фольклорлық  шығармалар  арнайы  түрде,  ресми  мере- 
келі  шараларда,  кейде  жасөспірімдер  үшін  орындалып  жүрді  (өлеңдер, 
халық әндері  мен  күйлері, халық биі  мен  қолөнер  бұйымдары,  ертегілер); 
үшіншісі  -   XX  ғасырдың  өзінде  де,  бүгінгі  күнде  де  фольклордың  жаңа 
түрлері  туындап  жатқаны.  Мәселен,  өлең,  мақал,  мәтел,  жұмбақ  сияқты 
жанрлар  Кеңес  өкіметі  тұсында  соны  сипат  ала  отырып,  жаңа  үлгіде  де 
пайда болып отырды. Бүлармен қатар қазақ фольклорында анекдот жанры 
да  бой  көрсетті.  Мүның  өз  себебі  бар  еді.  XX  ғасырда  қазақ  халқының 
біраз  бөлігі  үлкен  қалаларға  қоныс  аударды,  өндірісте,  мемлекеттік  ме- 
кемелерде,  оқу  орындарында  жұмыс  істеді.  Олар  қала  тұрғындарының 
фольклоры  болып  саналатын  анекдоттарды  дүниеге  әкелді.  Бұл  проңесте 
орыс  фольклорының  эсері  де  болды.  Кеңес  өкіметінің,  партия  көсемдері 
мен  мемлекет  басшыларының  келеңсіз  шешімдері  мен  іс-эрекеттері  ту- 
ралы  халық  өз  пікірін,  ресми  саясаттан  мүлде  басқа,  кейде  оган  кереғар 
көзқарасын  осы  анекдот  арқылы  білдіріп  отырды.  Тұрмыстық  жэйттар 
мен  қызметтегі,  жұмыстағы  эр  түрлі  жагымсыз  жағдайлар  жайында  да 
көптеген  анекдот айтылып жүрді.  Қазақ жұртының арасында да бұл анек- 
доттар  кеңінен  тараған  болатын.  Қазақтар  да  өз  өміріне  қатысты  анек- 
дот  шығарып  жүрді.  Бұл  үрдіс  бүгінгі  таңда  да  бар.  Ел  арасында  қазіргі 
тұрмысқа, кейбір оқиғаларға байланысты өткір анекдоттар айтылуда. Олар 
халықгың  өмірдегі  құбылыстар  мен  тұрмыстық  жағдаяттарға  деген  бей- 
ресми  қатынасын  көрсетеді.  Демек,  анекдот бүгінгі  қазақ фольклорының 
жеке  жанрын  құрайды  деп  айта  аламыз,  өйткені  халық  ешқашан  ештеңе 
шығармай  отыра  алмайды,  өмірге,  оқиғаға,  жеке  тұлғаға  деген  өз  ойын,
26

анекдоттар 
Бұл  түсінік
б ұ л
дидар  сияқты  ғаламат  әсер  ететін  күштер тұрғанда,  қоғамның,  халықтың
мәдени  талап-тілеғін  фольклор  қандай  түрде  болса  да  орындай  алмай-
ды.  Рас,  фольклордың  кейбір  түрлері  жаңа дәуір  талаптарына  байланыс-
ты  басқа  формаға  көшіп,  жекелеген  топтар  мен  қауымдардың  қажеттігін 
атқара алатынын көруге болады.
XX 
ғасырдың  7О-жылдарынан  бастап  фольклор  көркемөнерпаздар 
үйірмелері, отбасылар ансамблі, халықтық театрлар түрінде де көрініс бер- 
гені  белгілі.  Олардың  репертуарында  дэстүрлі.фольклормен  қатар  әдеби 
шығармалар  да,  эуесқой  сазгерлер  шығарған  ән-күйлер  де  орын  алды. 
Хальіқтық  театрлар  профессионалды  сахнада  қойылып  жүрген  «Қозы 
Көрпеш  — Баян  Сұлу»,  «Айман-Шолпан»  секілді  эпостық  туындыларға 
негізделген  пьесаларды  да  қамтып  жүрді.  Өрине,  бұлар  фольклор  тура- 
лы  классикалық түсінік  тұрғысынан  қарағанда таза  фольклор  бола  алма- 
сы  анық.  Алайда,  бұл  жерде  басты  критерий  етіп  алуға  негіз  болар  нәрсе
— халықтық  онер  мен  шығармашылық.  Орындаушылар  да,  авторлар  да —
 
кэсіби актер, я болмаса композитор емес. Олар ежелгі ақын-жыршылардың 
ролін  атқарды,  яғни  «жалғыз  актер  театрының»  орнын  басып,  белгілі 
дэрежеде бұқара көпшіліктің коңілінен шығып жүрді.
Тэуелсіздікке  қол  жеткеннен  кейінгі  тұста  қазақ  фольклорының 
бұрын  шет  қалып  жүрген  жанрлары,  әсіресе,  тарихқа,  әдет-ғұрыпқа,  на- 
ным-сенімге  қатысты түрлері  қайтадан  актнвті  процесті  бастан кешіруде. 
Үйлену  салты  бойынша орындалатын  жар-жар,  беташар  сняқты жанрлар 
жаңаша  түрде,  соны  мазмүнмен  айтылатын  болды.  Егер  ертеде  жар-жар 
қыз  ауылында  жігіттер  мен  қыздардың  диалог  түрінде  айтылатын  олеңі 
болса,  бүгінде  тойға  жиналған  қауым  түгел  бірігіп  айтады,  ал  беташар 
мазмүн жағынан мүлде озгеріске түсті.  Сол сияқты аңыз,  шежіре,  шешен- 
дік сөз тәрізді жанрлар да үлкен сұранысқа ие болды, олардың жаңа вари- 
антгары да пайда  болып  жатыр,  бірақ бұрынғы  фольклор  секілді  ауызекі
аитылу, елге тарау цикліне түсіп жатқан жоқ.
Қазіргі  таңда ескі  халық эндері  мен  күйлері  де,  қолонер  бұйымдары 
да жаңа сапада керінуде, сейтіп олар елдің бүгінгі мәдени қажеттігін етеп 
отыр. Әндер мен күйлер жаңаша аранжировкаға түсіп, ұлттық музыкалық 
аспаптар  эстрадалық  аспаптар  мен  техникалық  құралдардың  қосындысы 
арқылы соны саздық эуенге, ырғаққа, эстетикалық мәнге ие болды.
Сонымен ойымызды қорыта айтқанда, жаңа дэуірде қазақ фольклоры 
нағыз  керкем  енер  болып  қалыптасып,  бізге  классикалық  мұра  эрі  енер 
түрінде жетіп, бүгінгі  мэдениеттің бір болігі  ретінде емір сүруде,  қоғамга 
қызмет етуде.
27

Сілтемелер және ескертпелер:
1. Веселовский А.Н. Историческая поэтика. Л.,  1940; Пропп В.Я. Историчес- 
кие корни волшебной сказки. Л.,  1946; Сонікі. Фольклор и действительность. М.,
1976; Каскабасов С.А. Казахская волшебная сказка. А.-А.,  1972.
2.  Қазақ мифтері туралы  кеңірек қараңыз:  Қасқабасов  С.А.  Қазақтың халык
прозасы. А.,  1984; Сонікі: Жаназық. Астана, 2002.
3. История древнего мира. В 3-х томах. Т.З. М.,  1982. С. 269-277.
4. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). 5 томдық.  1,2 томдар. А.,
1996,  1998. 
Ш
5. Қазақстан тарихы.  1-том,  13-6.
6. Геродот. История. В 9-ти книгах. Л.,  1972. С. 76-79.
7. Қараңыз: Стеблева И.В. Поэзия тюрков УІ-ҮІІІ веков. М.,  1965; Жолдасбе-
ков М. Асыл арналар. А.,  1990.
8.  Стеблева  И.В.  К  реконструкции  древнетюркской  религиозно-мифологи- 
ческой системы //Тюркологический сборник- 1971. М., 1972. С. 213-226; Патапов 
Л.П. Умай — божество древных тюрков в свете этнографических данных // Тюрко-
логичесий сборник—
  1972. М.,  1973. С.265-286.
9. Кляшторный С.Г. Древнетюркские рунические памятники как источник по 
истории Средней Азии. М.,  1964.
10. Стеблева И.В. Поэзия тюрков... С. 61.
11. Қазақ әдебиетініңтарихы. I том,  1-кітап. А.,  1960, 715-6.
12. Сонда, 717-6.

ҚАЗАҚ Ф О Л ЬКЛО РЫ Н Ы Ң  
БҮ ГІН ГІ ЖАНРЛЫҚ Қ¥РАМ Ы
Бізге жеткен  фольклор -  жанр жагынан бай,  көркемдігі  жагынан  ке- 
мелденген,  эр  алуан  қызмет  атқаратын  рухани  мұрамыз  және  күнделікті 
тіршілігімізде  қолданыста  болып,  мэдени  қажеттігімізді  атқарьш  жүрген 
үлттық өнеріміз. Бүгінгі заманга ол көп түрлі, көп сатылы руханият ретін- 
де жетіп  отыр.  Оның біраз түрі  есте  жоқ ескі  заманда туса, енді  бір тобы 
кейінгі дәуірлерде пайда болган.  Олар үзақ тарихи даму жолында бір-бірі- 
мен  араласып,  тогысып,  бірі-біріне  сіңісіп  кеткен,  сондықтан  олардың 
әрқайсысын жеке  бөліп алып, тек соган  гана тэн  белгілерді  анықгау оңай 
емес.  Сол себепті  гылымда фольклордың тарихы,  оның жанрлық кұрамы 
дегенде басты критерий етіп фольклорлық шыгармада белгілі бір дэуірдің 
шындыгымен қатар санасы, үгым-түсінігі, наным-сенімі  қандай дэрежеде 
көрсетілетінін,  қаншалықгы  сақгалганын,  шыгарманьщ  көркемдігі  қай 
дәрежеде  екендігін  жэне  оның  қандай  мақсатпен  орындалатынын  ала- 
ды.  Міне,  осы  тұрғыдан  келгенде  бізге  жеткен  фольклордың  жанрларын 
ежелгі,  көне  жэне  жаңа  (ғүрыптық,  көркем  жэне  бейкөркем)  деп  шартты 
түрде  белуге  болады.  Жоғарыда  қай  жанр  қай  дэуірде  пайда  болғанын, 
кейін  қандай  өзгеріске түскенін  шолу түрінде баяндап  шыққандықган  біз 
үлттық фольклорымыздың жанрларын осы күнгі жағдайы бойынша ең ескі 
дегеннен  бастап бертінгі  кездерде туғандарына дейінгісін  қысқаша түрде 
сипаттап  беруді  жөн  көрдік.  Сонымен,  біздің дэуірге  сарқыншақ түрінде 
өзгеріп жеткен ең ежелгі жанр деп мифті айтамыз.
М ифтер. Әлем фольклорында мифтің түрі көп. Олар эр елдің өмір сал- 
ты  мен рухани даму деңгейіне сәйкес эр алуан  сипатта болады.  Айталық, 
жаңа  дэуірге  дейін  алғашқы  рулық  қауым  формасында  омір  кешкен 
австралиялықгардың, африкалықгардың мифтерінде архаикалық белгілер 
көп сақгалған. Ал, феодалдық мемлекет түрінде ғүмыр кешкен жүрттарда 
мифтер  ежелгі  қасиеттерін  жоғалтқан,  немесе  басқа  бір  жанрға  айна- 
лып  кеткен,  я  болмаса өзге  жанрларға сіңіп,  сарқыншақ түрінде  көрінеді. 
•Қазіргі  ғылым  осының  бәрін  зерттей  келіп,  мифтің  мынадай  түрлерін 
анықтаган:  жасампаздық  мифтер,  космогониялық  мифтер,  этиологиялық 
мифтер,  эсхатөлөгиялық  мифтер,  төтемистік  мифтер,  шамандық  миф- 
тер,  генеалөгиялық  мифтер,  дуалистік  мифтер,  т.т.  Қазақ  фольклөрында 
бүлардың  барлығы  дерлік  үшырасады,  бірақ  өлар  көбінесе  таза  күйінде
29

емес,  басқа жанрлардың құрамында,  кейде жеке эңгіме түрінде  кездеседі. 
Мифтің басты міндеті -  жер бетіндегі нәрселердің, аспан шырақтарының, 
адамның,  жан-жануардың пайда болу себептерін түсіндіру.  Бүл үшін алу- 
ан  түрлі  ежелгі  наным-сенімдер,  үғым-түсініктер  пайдаланылады.  Со- 
лардан  мифтік  сананы,  оның  өзгеруін,  сойтіп  бірте-бірте  көркем  қүралға 
айналғанын  көруге  болады.  Қазақ  мифінің  ішінде  әсіресе  кең  тарағаны
-  жер  бетіндегі  тау-тастың,  көлдің пайда болу тарихын  баяндайтын, сон-
даи-ақ  аспан  әлемінің  қүрьшысын  түсіндіретін  жэне  әртүрлі  жануар  мен 
жәндіктердің  кейбір  қасиеттерін  эңгімелейтін  шығармалар.  Айталық, 
Жетіқарақшы,  Ай мен Күн, Қүс жолы мен Кемпірқосақ туралы әңгімелер
-   космогониялық  мифтер  болса,  қарлығаштың  қүйрығы  неге  айыр, 
қоянның ерні неге жырық, суыр неге адамша қол қусырып тұрады? -  деген 
сұрақты-себепті  баяндаулар  этиологиялық мифке  жатады.  Ертедегі  адам- 
дар табиғаттың құбылыстарын, аспан әлеміндегі шырақгарды түсіну үшін 
олар  туралы  неше  түрлі  миф  шығарып,  өз  тұрмысын  соларға  көшірген, 
көп нәрсені күнделікті шаруа мен тұрмыс, адамдық қасиеттер мен қатынас 
тұрғысынан түсіндірген. Мифтердің басты кейіпкерлері -  ілкі  ата, жасам- 
паз  қаһарман,  тотем-баба  мен  шаман.  Бұлармен  бірге  ежелгі  рух-иелер: 
желаяқ, көлтауысар, саққұлақ, таусоғар жүреді.
Х икаялар.  Алғашқы  қауымның  мифі  үздіксіз  пайда  болып  оты- 
ратын  тұрмыстық  әңгімемен  бірігіп,  келе-келе,  эсіресе  рулық  қауым 
шарықгап,  феодалдық  қоғамға  көшкен  тұста  жаңа  бір  жанрды,  хикая- 
ны  қалыптастырады.  Хикаяда  шындық  бір  факті  болуы  мүмкін,  бірақ 
шындықтан  гөрі  қоспа  кеп  болады,  себебі  бір  оқиға  туралы  эңгіме, 
көбінесе  жеке  адамның  өзі  туралы  әңгімесі  ел  арасында  айтыла-айтыла 
көптеген  өзгеріске  ұшырайды.  Оған  әу-баста  болмаған  жағдайлар  жама- 
лады.  Кейіпкер  енді  эдеттегідей  жануармен  ғана  емес,  мифтік  ұғымнан 
қалған  түсінік  бойынша  елдің  ойдан  шығарған  неше  түрлі  ғажайып 
сиқырлы  мақлұқгармен  кездескен  болып  көрсетіледі.  Мысалы,  бір 
аңшының  басынан  кешкен  эңгімелері  бірден-бірге  айтылып,  алғашқы 
оқиғасы  қоюланып,  біраз әсіреленіп,  енді  батырдың жезтырнақпен,  неме- 
се  жалғыз  көзді  дэумен,  я  болмаса  албастымен,  яғни  адам  көрмеген  өзге 
хайуанмен жолығып, айқасқаны туралы хикаяға айналады. Мұндай хикая- 
ларда ертеректе туған шамандықгың да белгілері кездесіп қалады.
Хикаялар  архаикалық  мифтердің  негізінде де  пайда  болады.  Мемле- 
кеттік  қоғам  орныққан  кезде  ежелгі  рух-иелік  мифтер  өзгеріске  түседі, 
ондағы  кейіпкерлер  басқа сипатта,  өзге рөлде  көрінеді.  Бұрынғы  ілкі-ата, 
жасампаз қаһарманның орнына Зевс сияқты, Тэңір секілді дүниенің бэрін 
жаратушы,  ал  рух-иелердің  орнына  тіршіліктің  эр  саласын  басқаратын 
қүдайлар  келеді.  Сейтіп,  ертедегі  мемлекеттерде  көпқұдайлы  мифоло- 
гия  қалыптасады.  Қазақ фольклорында көпқұдайлы мифологияның іздері 
көне  Түркі  қаганаты  түсында  болган  көктегі  Тэңір  мен  басқа да тәңірлер 
туралы ұғым-түсініктерден қалған сарқыншақгардан  көрінеді.  Ислам кел- 
геннен  кейін  ол  нанымдар мен  кейіпкерлер ысырылып, орнына исламдық
30

мифологияның  кейіпкерлері  енеді.  Сойтіп,  ежелгі  албасты,  жезтырнақ, 
үббе,  күлдіргіш  тэрізді  кейіпкерлермен  бірге  хикаяларда  жын,  шайтан, 
диюлар жүреді.  Фольклордың басқа жанрларынан  бөлектеп тұратын тагы 
бір  белгі  — хикаяда  кей  жағдайда  адам  мен  мифологиялық  кейіпкердің 
қақтыгысы трагедиямен аяқталады, яғни адам жеңіліс табады.
Енбек  пен  кәсіпке байланысты  фольклор.  Бүл  топқа  аңшылық  пен 
бақгашылыққа, диқаншылыққа қатысты  айтылатын,  сондай-ақ алуан түрлі 
жағдайлар  туралы  баяндайтын  архаикалық  әңгімелер  жатады.  Олар  ме- 
морат  түрінде,  яки  хикая  іспетті  болып  келеді.  Мұндағы  басты  кейіпкер- 
лер  -   аңшы,  мерген  жэне  эртүрлі  аң-құстар.  Алғашқы  қауымның  озінде- 
ақ  тұрмыстық  әңгімелер  туып  отырған.  Олардың  мазмұны  күлкілі  әрі 
ритуалдык  мәнде  болған  (кейін  бұл  күлкінің  ритуалдығы  өзгеріп,  кэдімгі 
сықақ болып шығады). Малшылық, аңшылық кәсіпке байланысты да эңгіме, 
өлең қалыптасып,  олар да магиялық мақсатта  орындалған.  Осы  ретке төрт 
түлікке,  аң  мен  құсқа  қатысты  өлеңдер  мен  әңгімелерді  жатқызуға  бола- 
ды. Диқаншылыққа қатысты  фольклор да ежелгі  нанымдарға арқа сүйейді. 
Тұрмыстық, кәсіптік фольклордың бір түрін лирикалық өлеңдер құрайды.
Ғұры пты қ  фольклор.  Бұл  топ  ежелгі  заманғы  діни  нанымдар  мен 
ырымға,салт-ғұрыпқанегізделген жанрлардан тұрады. Олар-арбау, алғыс, 
қарғыс, бэдік, бақсы сарыны, т.б. Бұл жанрлар ерте заманда таза магиялық 
функция атқарған да, ғұрыптық іс-әрекеттермен тығыз байланыста болған. 
Сондықтан олар тек утилитарлық, яғни қолданбалы мақсатта орындалған. 
Келе-келе  олар  көркемдік  қасиеттерге  де  ие  болған.  Сойтіп,  кейбіреулері 
өнерлік те  сипат  қабылдаған.  Айталық бақсы  ойыны  мен  сарынында  бір- 
шама көркемдік белгілер бар. Көне дәуірлерде туып,  адамның алуан түрлі 
тірлігінде  қолданылған  бұл  жанрлар  әр  мезгілдерге  сай  озгеріп  отырған. 
Мысалы, ислам діні  енгеннен  кейін  байыргы  алғыс енді  бата,  ал  ескілікті 
жалыну, жалбарыну енді мінэжат түріне айналады.
Ғ ұрыптық фольклордың құрамында үйлену салты мен жерлеу рәсіміне 
қатысты жанрлар бар. Үйлену салтымен байланысты той бастар, жар-жар, 
сыңсу (қоштасу), беташар сияқгы жанрлар да екі бірдей қызмет атқарады: 
ғұрыптық эрі  көркемдік.  Олар ежелгі діни  наным-сенімдік  мэнінен  бірте- 
бірте  айрылып,  біздің  уақытымызға,  негізінен,  сейілдік  эрі  эстетикалық 
мақсатта  орындалатын  руханият түрінде  жетіп  отыр.  Осы  секілді  жерлеу 
рэсіміне  қатысты  орындалатын  іс-әрекеттер  мен  фольклор да оте  көнелік 
мағынасын өзгерткенмен элі күнге дейін қолданыста бар.  Рас, олар қазіргі 
кезеңде  керкемдіктен  горі  ғұрыптық  қызмет  атқарады.  Мәселен,  естір- 
ту,  коңіл  айту,  жұбату түрлері  осы  мэнде  болып  келеді  де,  ал  жоқтау  көп 
орындала бермейді. Солай бола тұрса да, XX ғасырдың екінші  жартысына 
дейін  ел  арасында  естірту  мен  жоқтау  коркемдік  мәнісін  жоғалтқан  жоқ 
еді.  Ал,  откен  ғасырлардан  жеткен  үлгілері  -   коркем  фольклордың  әдемі 
нұсқалары,  оларда ежелгі  мифтік ұғымдар  мен  мифологиялық түсініктер, 
діни  нанымдар  алуан  түрлі  көркемдік-бейнелеу  құралдарына  айналып, 
неше түрлі символикаға бай поэзия туғызған.
31

Ертегілер. Бұл топқа енетін жанрлар да ерте замандарда пайда болып, 
адамзат  тарихының  эр  кезеңінде  өзгеріске  түсіп  отырған,  сөйтіп  біздің 
дэуірге классикалық көркем  фольклор түрінде жетіп отыр. Ертегілер көне 
мифтермен,  хикаялармен,  наным-сенімдермен тығыз  байланысты,  ежелгі 
мифологияны  жетілдіре  пайдаланып,  қиялды  араластырып,  ғажайыптық 
сипатқа  ие  болған.  Соның  нэтижесінде  осы  жанрдың  өзіне  тэн  поэтика 
мен  эстетикасы  қалыптасқан,  болмысты  солардың  тезінен  өткізіп  бейне- 
леген.  Бізге  жеткен  ертегілер  бірнеше  жанрдан  түрады:  хайуанаттар  ту- 
ралы  ертегілер,  қиял-ғажайып  ертегілер,  батырлық  ертегілер,  хикаялық 
(новеллальіқ)  ертегілер, сатиралық ертегілер.  Бүлардың бэріне ортақ бел- 
гілері және әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.
Хайуанаттар туралы ертегілер
 -  ең көне жанр. Оның тегі -  алғашқы 
қауым  адамдарының анимистік, магиялық және тотемистік үғымдарымен 
жэне  аңшылық  кәсібімен  байланысты.  Бүл  ертегілер  іштей  үш  топқа 
бөлінеді:  этиологиялық,  классикалық  жэне  мысал  (аполог)  ертегілер. 
Алгашқысы — ежелгі  мифтің езгеріп жеткен түрі.  Олар аң мен  қүстардың 
пайда  болуы,  олардың  сырт  бітіміндегі,  мінезіндегі  ерекшеліктердің  не- 
ден болғаны жайында әңгімелейді. Мысалы, “Қарлығаштың қүйрығы неге 
айыр?”,  “Түйе  неге  жылдан  қүр  қалған”  сияқтылар.  Мүндай  ертегілер 
келе-келе  балаларға арналып  айтылатын  болған, бірақ өздерінің бүрынғы 
танымдық  сипатын  түгел  жогалтпаған.  Екінші  түрі  -   классикалық  ер-
тегілер.  ьүлар  ежелгі  наным-сенімдерді  көркем  түрде  жаңгыртып,  жаңа 
мағынада пайдаланған. Сюжеттік қүрамы мен поэтикалық пішіні жагынан 
әлемдік фольклорға тэн тнпологиялық сипатта болып келеді. Кейіпкерлері 
аллегориялық  мэнге  ие  болғандықган  көркемдік  деңгейі  айтарлықтай 
жоғары  деуге  болады.  Бүлар  да  бірте-бірте  балалар  үшін  айтылатын 
болады  да,  эрі  танымдық,  эрі  сейілдік  қызмет  атқарады.  Үшінші  түрі
-   мысал  ертегілер  (аполог).  Бүлардың  мақсаты  -   моральдық  қағиданы, 
әдептілікті  уагыздау,  сол  арқылы  көзделген  ойды  немесе  түжырымды 
дәлелдеу.  Бүл  ертегілерде  де  аллегория  бар  жэне  ол  белгілі  бір  афоризм 
арқылы анықталады.  Сюжеттік қүрамы жағынан алганда мысал ертегілер 
көбінесе  шығыстық  фольклор  мен  әдебиетке  жақын,  оның  көбісі  үнді, 
араб, парсылардың әйгілі кітаптарында кездеседі.
Қиял-гажайып  ертегілер  де
  -   ең  көне  жанрдың  бірі.  Мүнда  со- 
нау  матриархат  заманында  пайда  болған  үгымдар  мен  нанымдар  керкем 
функция  атқарады,  сондай-ақ  әр  дәуір  болмысының  элементтері  көрініс 
табады.  Ертегінің  бүл  түрі,  жалпы,  бүкіл  көркем  фольклорга  ықпал  етіп, 
олардың  қалыптасуына  араласқан.  Мұндағы  кейіпкерлер  айқын  үш  топ 
құрайды:  басты  қаһармандар,  олардың  көмекшілері  жэне  қарсыластары. 
Басты  қаһарман  -   көп  жағдайда  кенже  бала  (жалғыз  бала),  сондай-ақ 
әлеуметтік  статусы  төмен  адамдар  (тазша,  жаман,  қойшы)  болып  келеді. 
Алғашқысының  негізінде  минорат  салты  жатса,  екіншілері  ертегінің 
демократиялық  мэнісінен  әрі  утопиялық  мақсатынан  туындаған.  Бас 
қаһарманның  дос-көмекшілері  көбінесе  ғажайып  кейіпкерлер,  керемет
32

қасиетке  ие  адамдар,  немесе  пірлер,  я  болмаса  оның  жан  серігі  -   аты, 
әйтпесе басқа бір құдіретті зат болады. Оның қарсыластары -бір жағынан, 
мифологиялық  құбыжықгар  да,  екінші  жағынан,  эр  түрлі  әлеуметтік  топ 
өкілдері.  Қиял-ғажайып  ертегілердің тұрақты,  жүйеленген композиңиясы 
жэне гиперболалық баяндау стилі бар.
Батырлық  ертегілер
  -   жоғарыда  айтқан  қиял-ғажайып  негізін- 
де  дамып,  басқа  сипатта  көрінетін  шығармалар.  Мұнда  қиял-ғажайып 
ертегілердің қөптеген белгілері  бар. Сонымен бірге өзіндік ерекшеліктері 
де жетерлік.  Ең бастысы -  кейіпкер жай қатардағы адам емес, ол -  батыр, 
үлкен күштің  иесі.  Сондықган  ол  алуан түрлі  қиындықты  бір  езі  жеңеді, 
бұл жолда оған  керемет көмекшілер  көп ұшыраспайды,  ал  егер  ондайлар 
бола  қалса да,  шешуші  рөл  атқармайды.  Батырлық  ертегілер  екі  сипатта 
болады. Бірі 1  батыр неше түрлі зиянкес құбыжықгармен айқасып, олардан 
елді құтқарып, жердің бетін тазартады. Екіншісі -  батырдың қарсыластары 
болып белгілі бір тайпа немесе басқа ел көрінеді.  Олар, әдетте, батырдың 
елін шауып, оны жорыққа шығуға мэжбүр етеді. Жалпы, бұл ертегі түрінде 
де  көне  мифтік ұғымдар,  шамандық түсініктер,  ерте заманғы  болмыстың 
элементтері  айқын  көрінеді.  Оның  үстіне  күшті  дамыған  эпикалық 
дэстүрдің  эсері  де  сезіледі.  Мұны,  эсіресе,  бас  кейіпкердің  қаһармандық 
мінезі мен іс-әрекетінен көруге болады. Оның жаулары да осал емес: жал-
мауыз кемпір, айдаһар, т.с.с.
Хикаяпық  ертегілер
  -   фольклордың  жаңа  сатыга  көтерілген  түрі. 
Мұнда ежелгі  нанымдар  мен ұгымдар өзінің сакралдық қасиетінен мүлде 
ада  болган.  Сондықган  бүл  ертегілерде  ешқандай  тылсым  күш  жоқ, 
құпиялық  қауіп,  қорқынышты  кейіпкер  кездеспейді.  Іс-эрекеттер  адам- 
дар арасында, елді  мекендерде өтеді.  Зұлымдық бұрынғыша қара күшпен 
жойылмайды.  Оны  ақылмен,  айламен  жеңеді.  Сол  себепті  бас  кейіпкер- 
де  қандай  да  бір  ғажайып  көмекші  болмайды,  оның  қарсыластары  да 
сондайлық ғаламат күштің,  немесе мифологиялық сыйқырдың иесі  емес. 
Мұндагы сыйқырлық тұрмыстық аяда көрінеді. Новеллалық ертегінің сю- 
жеті күрделі, бірнеше эпизодты болып келеді, кейіпкерлер саны әдеттегіден 
көп,  оқиғалар  көбінесе  шаһар  ішінде  өтеді.  Ертегінің бұл түрінде  шығыс 
эсері мол, сол себепті мұндагы кеңістік те кейде өзгеше. Кейбір ертегілердің 
сюжеті  тұйықталған  болады  (рамочное  построение).  Новеллалық  ер- 
тегі  кобінесе  ғибраттық  функция  атқарады.  Оқиға  қанша  шытырманды, 
іс-эрекеттер  қаншалықгы  күрделі  болса  да,  ертегі  жақсы  аяқталады,  бас 
кейіпкер  өзінің даналығы,  ұстамдығы, төзімділігі  арқасында  жеңіске  же- 
трді,  ал бірақ өзіне зияндық істеген дұшпандарына қатыгездік жасамайды 
(“Аяз би”, “Балтеке”, “Мархұма”, “Минуар мен Бибатима”, т.б.).
Сатиралық  ертегілер
  -   фольклордың  толық  онер  болган  түрі. 
Мұнда  ертедегі  нанымдар  мен  түсініктер  күлкіге  айналады,  олар  жоққа 
шығарылады.  Ежелгі  ұғымга  негізделген  сюжеттер  мен  мотивтер  қайта 
қаралып,  жаңа  дэуір  тұрғысынан  багаланады.  Сөйтіп,  бұрынгы  қасиетті 
делінетін  сенімдер,  пайымдар,  оларга  сүйенген  образдар  мүлде  кереғар


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал