Б 63(5К) ■f 94 Jew шттшш f t i f f щ


қажетінен  туған  нәрсе  екенін  түсіндіреді.  Осындай  ойларын



жүктеу 4.84 Mb.
Pdf просмотр
бет9/19
Дата16.01.2017
өлшемі4.84 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19

қажетінен  туған  нәрсе  екенін  түсіндіреді.  Осындай  ойларын 
жырлардан  тамаша  көркем  кесек  мысалдар  келтіре  отырып 
өрнектейді.  Қазақ  жырларын  туғызған  сарын  (мотив)  ішінде  “ер 
қанаты  -   ат  та”  кең  орын  иелейтіні  аталған  зерттеуде  терең 
тексерілген десе болады. Жырларда ең әдемі сурет пен сыпаттың 
күрделі бөлегі атқа арналатынына әдейі толығырақ тоқталған. Бұл 
айтылған  мәселелердің  қай-қайсысы  да  жаттанды  пікір,  жалаң 
тізім  ретінде  емес,  ақиқат ғылми  ізденістің  нәтижесінде туғанын 
аңғармау  мүмкін  емес.
110

Ә  Марғұланның  эпосының  сыпаты  мен  дәуірлері  туралы 
терең  ойлары 
оның 
“О 
характере 
и 
исторической 
обусловленности  казахского  эпоса”  деген  зерттеу  мақаласында 
тамаша  тұжырымдалған.  (Известия  Казахского  филиала  АН 
СССР,  серия  историческая  1946,  №  2  (27).  Бүл  мақалада  Қазақ 
эпосының рухани мәдениетімізден алатын орны мен маңызы атап 
көрсетілген.  Қы сқаш а  тезис  түрінде  берілген  пікірлердің
тасасында  қаншама  кеп  ізденістер 
із і
 
жатқанын  сезоеу  мүмкін 
емес.  Қазақ  эпосының  дәуірлері  туралы  осында  керсетілген 
жүйелер  езінің  маңызын  күні-бүгінге  дейін  жойған  жоқ.  Қазақ 
фольклорының  көп  салалары  әлі  дұрыстап  зерттеле  қоймағаны 
мәлім. Әсіресе эпостың шығу, даму дәуірлері деген мәселе арнайы 
еңбектерді  керек  етеді.  Бұл  женінде  қайшы  пікірлер,  жаңсақ 
ойлары  аз  емес.  Мәселең  батырлар  жырларының  кеп  заман 
шындығын  қамтып  кететін  ерекшелігін  ескермей,  оларды  соңғы 
ғасырлар  туындылары  деп  қараушылар  да  кездеседі.
Сөз  болып  отырған  зерттеудің  ерекше  бағалы  жері  сол  -  
мунда автор қазақ жырын тар келемде, бір халық деңгейінде ғана 
алып  қарамайды.  Автор  жыр,  аңыз,  тарих төркінін  Сібір;  Алтай, 
Орта  Азия,  Кавказ  халықтарының  фольклор  байлығын  есепке 
ала отырып ажыратады. Мұндай кең қүлаштап кесіле сөйлеу үшін, 
әлбетте,  мол білім,  бірнеше ғылым саласына  еркін  қадам басып 
кірерлік  кең  қабілет  керек.  Тарихи,  этнографиялық,  тілдік, 
әдебиеттік  материалды  ғылми  дұрыс  тәсілмен  тексеру  арқылы 
автор  өте  ірі  жинақтаулар  жасауға  мүмкіндік  тапқан.  Ол  қазақ 
зпосында  аңыз  аз,  шындық,  тарихилықтың  шыққан  кезеңін
төмендегіше  дәуірлейді:
1.  Архаикалық  дәуір.  Бұған  исламға  дейінгі  кезеңде  туған
аңыз  бен  аңыздауларды,  ежелгі  түрік туындыларын  жатқызады. 
Бул  аңыздарда  түркі  тайпаларының  замандар  бойында  Қытай, 
Византия басқыншылығына қарсы  күресі елестейтіні  көрсетіледі. 
Ғалым  кей  аңыздардан  сонау  көнедегі  Александр  Македонский 
жорығының  да  (“Кубас”)  жаңғырығын  пайымдайды.  “Ер  Төстік  , 
“Ақ  Көбек”,  “Қуламерген”,  "Шолпан  мерген"  жырларын  осы 
архаикалық  дәуір  жаратындысы  деп  біледі.
ill

2.  Эпостың өте күшті дамыған дәуірлерінің бірі -  оғыз-қыпшақ 
дәуірі (VI-XII ғғ) деген тұжырымды сыпаттайды. Қорқыт, Қазанбек, 
Домбауыд  Алпамыс,  Қозы  Көрпеш  туралы жырларды  бұл топқа 
қосады. 
Я
3.  XIII-XIV  ғасырлар  оқиғасын  қамтитын  жырлар  дестесін 
(циклын)  ғалым  жеке  бір  дәуір  етіп  қарайды.  Бұл  кезеңде  туған 
жырлар  қазақ  эпосының  негізін  қүрайтынын  ескертеді.  Ал  осы 
жырлардың өз мамүны мен бағыты жағынаЬ екі топқа бөлген. Олар 
а)  Жошы  үлысының  қүрылуымен  ішкі  қайшылықтарын 
суреттейтін  жырлар.  (“Бөген  батыр”,  “Едіге”,  “ҚбыландьГ,  “Ер 
Тарғын"  т .б .).  осы  үлыстың  ыдырағанынан  және  өзара 
соғыстарды  куәлайтын  эпос  (“Қамбар”,  “Мүсахан  мен  Қазтуған”, 
“Орақ-Мамай”,  “Ер Тарғын” т.б.). 
Щ
4.  XVII-XVIII  ғасырларда  жоңғар  шапқыншылығына  қарсы 
күресті  бейнелейтін жырларды жеке топқа  бөлгек  Автор оларды 
Абылай,  Қабанбай,  Бөгенбай,  О лжабай,  Есім  хан  туралы 
жырларды есте түтқан.  Бүл жырлардың кейбір белгілері жағынан 
тарихи  өлеңцерге жақынырақ келетіні де  аңғартылғак
5.  Қазақ  эпосының  бесінші  дәуіріне  автор  X IX   ғасырда 
патшалыққа,  хандыққа  қарсы  күрескен  батырлар  жайындағы 
жырларды  алады  (Исатай,  махамбет,  Жанқожа,  т.б.  жырлар). 
Бүлардың қай-қайсысы да өзінің сыпаты жағынан тарихи жырлар 
жанрына жататынын  атап  көрсетеді.  Эпосты  осылайша дәуірлеу 
кезінде фольклор ғылымына қосылған жаңа пікір деп қарау керек. 
әлбетте  автордың  барлық  түжырымын  жасалмау  керек  деген 
үғым  болмасқа  тиіс.  Ғылымның  өсуіне  байланысты  жаңа 
байқаул ар,  аңғарул ар,  айтылып  отыруы  ләзім .  Бірақ 
Ә.  Марғұланның  бұл  еңбегіне  соқпай  өте  алмайтыны  анық.
Үлкен  ғалымның  көп  жылдық  үздіксіз  ізденістерінің  күрделі 
қорытындысы,  өшпес  жәдігері  -   қазақ  халқының  данышпан- 
білімпаздары  Шоқан  Уәлиханов  мүрасының  көп  томдығын 
әзірлеуді  үйымдастыруы  жеке  басшылық  етуі  халқымыздың 
мақтанышына  айналған  Ш.  Уәлихановтың  еліміздің  тарихи 
мақалаларындағы  архивта  шашырап  жатқан  қолжазбаларын 
ыждағатпен  іздеп, ерінбей жиып, олардың текстін ажыратып оқу, 
түсініктеме  жасау  дегенің  қаншалықты  жүмыс  екенін  білеміз.
112

Шоқанның осы уақытқа дейін “жоғалдыға  саналып" келген талай 
қолжазбасын тауып, оны жазып жұртшылықтың оқуына мүмкіндік 
беруге  көп  жылдарын  осы  жолда  сарп  еткен  Ә.  Марғұланның 
еңбегі  -   монумент  еңбек  десек  артық  айтылғандық  емес.  Тіпті 
оның  монография лары,  мақалалары  болмаған  күнде  ғалымның 
осы  еңбегінің өзі  онын  есімін  құрметпен  атауға  негіз  береді.  Бес 
жыл дықты  ғылымның биік деңгейі  дәрежесіне  көтере  білуі  айта
қаларлықтай өнеге.
Зерттеулері  былай  тұрсын,  Ә.  Марғұланның  белгілі  бір 
шығармаларға түсініктемесінің өзі ғажайып қызық мағүматқа толы 
келеді. Оның әрбір сөйлемі мен тұжырымының тасасында орасан 
эрудиция,  білікті  парасат,  тегеурінді  ой  жатады.  Сондықтан  да 
оның  қы сқаша  мақалалары ны ң  өзі  қайсәбәр  қалың 
диссертацияларға  бергісіз.  Осындай  білімділік,  ғылми  тәлімділік 
жан-жақтылық,  тереңдік  үлгісін  ол  Ш.  Уәлихановтың  көп 
томдығын  шығару  кезінде  мейлінше  жарқын  көрсете  алған. 
Сонымен  қатар  біз  бүл  еңбектен  тағы  да  бір  ғибыратты  міселені 
анық көреміз.  Ол -  отан,  ел даңқын  шығарған ұлы  адамдардың 
қызметіне  деген  үлкен  ілтипат.  Ш.  Уәлихановтың  тарих,  халық 
алдындағы алып еңбегің оның арманы мен мүратын терең түсініп, 
жанымен  қабылдаған.  Шоқан  ісін  ілгері  жалғастыруды  өзіне 
саналы  түрде  мақсат  етіп  алған  адам  ғана  осыншама  ауыр 
бейнетке  қол  артпақ.  Академик Әлкей  Марғүлан  осы және басқа 
зерттеулері  арқылы  өзінің де үлкен  ғалым  екенін  таныта  білді.
Көрнекті  ғалымның  кейінгі  жылдарда  жарық  көрген  қүнды 
еңбектерінің  бірі  -   “Ш оқан”  жән  “Манас”  (1971).  Бүл  зеттеу 
арқылы  автор  м анастану  ғылымына  елеулі  үлес  қосты. 
Ә.  Марғүланны ң  өзге  барлық  туындылары  секілді  бүл 
монография да үзақ жылдарға созылған зерттеу жүмыстарының 
нәтижесінде,  архив  қазынасын  қажымай-талмай  қарастыру, 
жартылай  өшіп  қалған  қиын  қолжазбалардың  сырына  үңілу 
арқасында  туғанын  көреміз.  Аталған  еңбекте  ғалым  тек 
Шоқанның  “Манас”  жырын  жазып  алу тарихымен  ғана  шектеліп 
қалмаған  Әлбетте  ғылым  үшін  қазақтың  үлы  оқымыстысының 
туысқан  қырғыз  халқының  ең  ірі  жырын  кімнең  қашан,  қандай 
жағдайда  жазып  алғанын,  жазу  процесінде  қандай  принциптерді
113

ұстанғанын  анықтаудың  өзі  аса  маңызды  іс.  Ә.  Марғұлан  өзіне 
тән  жүйелілікпен  осы  мәселені  егжей-тегжейлі  тексеріп  шыққак 
Оның үстіне “Манастың”  мазмұны,  сюжеттік құрылысы, жырдағы 
ерлік  бейнелер,  кісі,  аттары,  олардың  тарихи  негізі,  эпсотың 
шыққан  кезі  туралы  терең  де  түбірлі  ойлар  мен  байқаулар 
айтылғаң  өте  күрделі  қорытындылар жасалған. 
1
Зерттеуші  эпостың  мазмүндық  желісінің  және  нүсқаларын 
(соның  ішінде  Шоқан  жазып  алған  нүсқаиы)  қарастыра  отырып, 
қырғыз халқының ерте замандағы тұрмыс күйінен,  көшкең  қонған 
жерінен, араласқан елдерінең салт-санасынан көп дерек келтіреді. 
Ә сір есе  этнограф иялы қ  фактыларды  халық  тарихының 
ерекшелігін  дәлелдеуге  пайдалануы  өте  үтымды.  Бүл  саладан 
автор  оқушыға  кейбір  тың,  тосын,  қызық,  ғибратты  деректер 
үсынады. “Манастың” шығу тегі туралы толғаныстар оның ішінде 
кездесетін  көп  сарындар  мен  кісі  аттарын  өзге  елдер  эпосымен 
тарихпен  салыстыру,  ғасырдың  көне  қалпың  алғашқы  тқлғасын 
бұлжытпай алуы, кейінгі қоспаларының өрнегін өзгеше білгірлікпен 
айқындауы.  “манастағы”  қаһармандардың  біразы  тек  қырғыз 
халқына ғана емес, өзге туысқан халықтардың көбіне ортақ екенін 
ашуы -  мәнді жинақтаулар. 
щ
Көп  қырлы  ғалымның  жүйелі  жүргізіп  келе  жатқан 
жүмыстарының  бір  саласы  -   археологиялықзерттеулер.  Ә. 
Марғүланды  шын  мәнінде  Қазақстан  археологтерінің  ағасы, 
көшбасшысы  деп  атауға  болады.  Бүл  күнде  қазақ  археологтері 
халқымыздың  көне,  орта  ғасырлардағы  заттық  мәдениет 
мүраларын табу,  сыпаттау жөнінде ірі үмтылыстар жасап келеді. 
Қазақстанның еткен  кезі туралы  бүл  кезге дейін  айтылып  келген 
кейбір жалғаң  үстірт түжырымдарды  сырып тастауға археолгтар 
еңбегі  күшті  эсер  етіп  отыр.  Мәселен,  Оңтүстік  Қазақстан 
(Отырар),  Жетісу  жерінде  жүргізілген  археологиялық  қазба 
жұмыстары  принципиал  ғылми  жаңалықтар  ашуға  мүмкіндік 
берді.  Орта  ғасырлардағы  қазақ  қалаларының  кейбіреулері 
комплексті  түрде  зерттеле  бастады.  Мүндай  үлкен  бетбұрыстың 
бел  ортасында  академик  Әлкей  Марғұлан  жүретінін  көреміз.
Бұдан  бірнеш е  жыл  бүрын  жары қ  көрген  “Орталық 
Қазақстанның  ежелгі  мәдениеті”  деген  коллективтік  еңбек
114

ғылымдағы  соны  сөздің  бірі  еді.  Мүнда  Орталық  Қазақстанның 
ежелгі металлургия, отырықшылықтың мәдениеті туралы түңғыш 
рет  тың  деректер,  жаңа  фактілер  келтірілді.  Бүл  зерттеу 
Қазақстанның  қадім  дәуірін  ол  түстағы  материалдық 
ескерткіштерді  зерттеудің  керектігін  айқын  әйгілейді.  1973 жылы 
“Ғылым”  баспасынан  шыққан  “Қазақстандағы  археологиялық 
ізденістер”  деген  кітапта  да  Ә.  Марғұланның  жаңа  зерттеуі 
басылды.  “Жезқазған  -   ежелгі  металлургиялық  орталық”  деген 
еңбегінде  ол  аса  маңызды  түжырымдар  жасайды.  Бүл 
мақаладағы  әрбір  пікір  ғалымның  ондаған  жылдар  бойы 
экспедициялықжұмыстарда жүріп, Орталық қазақстанды сан рет 
айқыш-үйқыш аралау нақты қазбалар жүргізу нәтижесінде туғаны 
анық. Бір тамаша жері - Ә. Марғүлан металлургия тарихы туралы 
зерттеуіне  мифологияны  да,  шежірені  де,  архитектура 
ескерткіштерін  жер,  мекен,  зат  атауларын  да  қабыстырып 
пайдалана алған Мәселен, ол жез, қорғасын, кең қалайы, мырыш, 
жезді, кеңгір, теміршітау секілді атаулардың өзінен аса терең мән- 
мағына  табады ...  Ғалым  бүл  күнде  де  өзінің  археология 
саласындағы  бас  тақырыбын  тереңдей  зерттеу  үстінде.
“Ғалымның  ойы  ортақ”  деген  нақыл  бар.  Сондай-ақ  жасы 
жетпіске  келіп  отырған  ардақты  академик,  үлгілі  үстаз  Әлкей 
Марғұланның  дарқан  ойынан,  дана  сөздерінен  сан  мың  кітап 
оқушы  әрдайым  өзгеше  нәр,  рухани  азық  табады.  Оның  әрбір 
жаңа  мақаласы,  зерттеуі  ғылми  ойды  бір  серпілтіп  тастайтын 
елеулі оқиға болып саналады. Мәселен, соңғы жылдардың езінде 
ғана ол шоқаң Абай, Ақан сері туралы жаңа зерттеулер жариялап, 
ғылми,  әдеби  жүртшылықты  риза  етті.  Ә.  Марғұланның  тәлім- 
тірбиесін керген студент, аспирант, зерттеушілер өздерін ғажайып 
университеттен еткендей сезінеді.  Оның әрбір әңгімесі, лекциясы 
таусылмас қазына тәрізді. өмірінің негізгі нысанасын — іздеу, қадім 
замандар  құпиясын  ашу деп  түсунетін  ғалымның  совет  жерінде 
ақтармаған архиві аз болар. Архив сырларын тану, табу жөнінде 
оған теңдес еңбеккер де сирек кездеседі.  Көпшілік қауым былай
түрсын,  ғалымдардың  өзіне  де  тосын  жаңалықтай  көрінетін 
зерттеулер міне осындай үздіксіз бейнеттену нәтижесінде туған...
115

Қазақ жерінің даңғайыр ғалымының,  асыл  азаматының есімі 
мен еңбегі бүкіл советтік Одағымызға әйгілі.  Қоғамдық ғылымның 
ілгерінде  аталған  бірнеше  саласы  бойынша  еңбек  етіп  жүрген 
зерттеушілердің  еш  қайсысы  да  Ә.  Марғұлан  еңбегін  аттап 
өтпейді.  Ол  бүкілодақты қ,  әлемдік  ғылми  мәжілістер  мен 
симпозиумдерге  қатысып,  пікір  толғап  жүреді.  Оның  қаламынан 
шыққан  туындыларды  және  архивындағы  асыл  дүниеліктерді 
жинақтап,  бірнеше  том  етіп  шығару — ғалымға деген  ықыластың 
табиғи  көрінісі  болар  еді.  Қашан  да  іс  үртінде,  ескінің  жоғалып 
бара  жатқан  жәдігерлерін  жинауға,  талдауға,  тексеруге  барлық 
қайраты  мен  уақытын  жүмсап  жүрген  Ә.  Марғүланның  өз 
жазбаларын топтал, жүйелеп шығаруға қолы да тиө бермейді. Сол 
үшін мұндай іске қамқорлық пен басшылықты  Қазақ ССР Ғылым 
академиясы,  соның  ішінде  Ш.  Уәлиханов  атындағы  тарих, 
археология,  этнография  институтының  басшылығы  ез  қолына 
алғаны  абзал  Оның  тамаша  адамдық,  азаматтық,  ғалымдық 
түлғасын бейнелеу жазушылар, суретшілер,  киноматографистер, 
скульпторларға  татымды  тақырып  екенін  зайыр.  Ойшыл, 
отаншыл ғалым үшін,  әрбір сезі білуге, тануға,  керкеюге қабілетгі 
жамағатшылыққа ауадай қажет екендігін сезінуден артық мәртебе 
болмаса  керек.  Кемел  жасқа  келіп  отырған  Ә.  Марғүланның 
творчестволық емірінің  үзақ та  жемісті  болуына,  оның ғылымда 
салған  дәстүрі  мен  тағлымы  кеңейе  беруіне  тілектеспіз. 
\
1974 ж.

М.  ӘЛІМБАЕВ,
ақын
ТАС  КІТАП
(Академик Ә .  Марғұлан)
Ойшыл  көзді  ол  үшін 
Өткен  күндер -  бүгінгі.
Тигізсе тек қол үшін -  
Тыныс  алып,  тірілді!
Көне  күндер  сынығың 
Қүрастырса  қайтадаң 
Көре  алады  түнығың 
Тілсіз тас та  айтады  ә к
Оған бәрі орнында:
Жылдар  әлі  көмбеген,
Ошақтардың  қойнында 
Оттар әлі  сөнбеген.
Қылыш  жүзді  қиянат,
Хан тағында  қүтырғак.
Сәуле  түспей  сығалап,
Қыпшақ  күні  түтылған.
Сойдақтаған қан жоса,
Сортаң  жастық  сорабы.
Шарлап  қырды,  тауды  аса,
Шақырғандай  болады.
Қызыл  көзді  қырсық  хаң 
Шыңғыс  салды  шулыған 
Бағы жанбай  қырсыққаң 
Отырарды  буды  маң.
117

Өтті,  ұмыттық  түр-түсін 
Уақыт -  тарлан  тура  ма! 
Парақтап  жер  қыртысын 
Сыр  тартады  ғүлама.
“Қара  таудың  басынан 
Көш  келеді”  шұбаған. 
Алқакөлге  асыға 
 
Көшке  ереді  ғұламаң...
Көне  күндер  сынығын 
Құрастырса  қайтадаң 
Көре  алады  тунығың 
Тілсіз тас та  айтады  ән.
Жүлдызына  жаңаның 
Жаны  құмар жан екен! -  
Тас  кітаптың  парағын 
Аударады  Әлекең.

Манаш  Қозыбаев, 
Қазақстан Республикасы Үлттық 
Ғылым академиясының академигі
ДАЛА  ПЕРЗЕНТІ
Адам баласы туады, дүниеге келеді,  онда түрған  не бар!  Бүл 
дүниеде  кім  келмейді,  кім  кетпейді?  Шырылдап  туып,  еңіреп 
жатқан пенде аз ба? Әңгіме -  сол өмірге кім келді, дүниеден қалай 
өтті. Өркениетке не берді ол? Адам болып туып, адам болып өмір 
сүре  алды  ма?  Әлде  мөлдірді  лайлап,  тазаны  ластап,  адалды 
арам, жарықты қараң етті ме од аруақты аттап, адам деген атақты 
даттап  өтті  ме  екен  сол  жазғак  Басқаша  айтсақ,  ленде  болып 
туғанның  бәрі  бірдей  Адам  деген  атаққа  лайық  бола  алмай, 
кемеліне  тола  алмай,  түғырына  қона  алмай  өтеді.  Өмірі  гүлдеп 
жайнаған,  пейіш бағында туа сала сайрағаң нарыққа парық бере 
алмай,  туған  халқының  жылап,  күйзеліп  отырғанын  көре  алмай 
өз  тоғайына  мәз  болып,  жалғанды  жалпағынан  басып,  асып- 
тасып  тайраландағандардың  бәрі  бірдей  Дана  болмаса  керек. 
Біліктің буына, атақтың шуына тоймағаң дүниенің түт  қасын үстап 
түрмын  деп  ойлаған  әкім-төрелер,  өз  байлығына  өзі  түншығып 
өлген  сасық  байлар,  жалаң  күшіне  сенген  дарақы  жандар  қазақ 
сахарасында  аз  болған  жоқ.  Тарих  олардың  есімін  хаттамағаң 
халық жадында үстап жаттамаған!  Қазақта «адам» деген ұғымды 
әртүрлі түсінеді.  «Әйел»,  «еркек» деп жынысың ер деп тынысың 
«кісі»  деп  үлысын  айтады.  Істеген  ісіне  көрсеткен  күшіне  жауға 
деген айбатына жүмысқа деген қайратқа қарай жосқа деген қара 
кетіне,  дүшпанға  деген  әрекетіне  қарай  азамат  үл  ақ  екен, 
бәрекелді кісі ғой деп көңіл қошын білдіреді. Отан деп лүпіп қаққан 
жүрегі  болса  елем  деп  еңіреп  етегі  толса  халқым  деп  қайысқан 
перзенті  болса,  қайран  қазақтың арманы бар ма?!
Қазақ  халқы  -  үлылардың  сахарасы.  Оның  елін  қорғайтың 
ерін  қолдайтын  перзент  тәрбиелеу,  ата-б аб а  салтын, 
үлтжандылықты,  ұлтқандылықты  бойына  ана  сүтімен  дарытар 
халық  педагогикасы  — тәрбие  жүйесі  бар.  ¥л  мен  қызын  қалай
119

тәрбиелеуге  халқымыз  даналық  көрсеткен.  13  -  үлың  15-қызық 
үландық санатқа жеткізген.  16-да орда бұзып, хан кеңесіне келген 
олар. Болар баланы болмасынан танығаң туғаннан қарнын шертіп 
жатқан Қүрманғызыдай күйшінің нәзікжан дүниесінің ата-анасына 
ерте  сезген.  Жайрынына  жал  сияқты  жабыса  біткен  қара  қалы 
бар  Бөгенбайды  анасы  тіл-көздең  туған  күннен  аман  сақтағак 
Жетімін жылатпай, жесірін қорлатпай, қүрдасын қүдайдай үстағаң 
қариясын дана деп,  өскен жасын аға деп, ат жалын тартып мінген 
перзентті пана деп таныған ол. 
» 
Щ
Шүкіршілік  етер  бір  жай  -   даламыз  қандай  кең  болса, 
халқымыздың пейілі сондай  кең, жер қойнауы  қандай бай болса, 
жүрегі  де  сондай  бай.  Жүрегінің  байлығы  -   сәбидей  тазалығы, 
оның  ешкімге  жамандығының жоқтығы,  бейбіт  момындығы. 
Щ  
Иә, сонымен бірге халқымыз -  батыр да халық. Ол еңкейгенге 
еңкейеді,  шалқайғанға  шалқияды.  Шірене  қалса  асқар-асқар 
тауларына сүйенеді, еңкейе қалса, йен елін көреді, қаз-қатар тұра 
қалса,  азаматтығына,  өзінің  парасаттығына  сенеді.  Сөйлесе 
Қазыбек данадай шешендігі бар, Төле бидей көсемдігі бар, Әйтеке 
бидей  өктемдігі  бар,  айтыса  қалса,  дауласа  қалса  Бөгенбайдай 
ерлігі бар, Қабанбайдай ірлігі бар, қиыннан қиыстырып жол табар 
Абылайдай тірлігі  бар,  Бауыржандай өрлігі бар ел.  Міне осындай 
сайын  даланың  көп  даналарының  бірі  -  Әлкей  Марғұлан.
Әлкей  Марғүлан.  Бұл  есімді  атаған  кезде  қазақ  қауымының, 
оның тарихының бір  белесі  көз  алдыңа  келеді.  Ол  -  қаһарлы да 
шерлі,  айбынды  да  мүңды,  ерлік  пен  қасіретке  толы  XX  ғасыр. 
Ол  -  сол  ғасырды  дүбірлеткен,  гүмбірлеткен,  көсем  сөз  бен 
қаһарлы іспен бірге қайғы-қасіретке барқан ерлердің заманы. Ол 
заман  -   Алаш  азаматының  заманы,  елім  деп  еңіреген,  халқым 
деп  қайысқан  қаһармандар заманы. 
- Д
Әлкең  неге  дара  болды,  дана  болды  деген  сауалға  бір  сәт 
тоқталайық. 
-
Қара  Ертістің  бойын  жағалай,  Орталық  Қазақстанға  қарай 
ойысар,  жары са  созылған  даланы   еске  алыңыздаршы. 
Қалмаққырғаннан  шыға  бере  Қызылтаудың  өңірінде  Жүсіппек 
Аймауытов  дүниеге  келді.  Баянаула  тауының  қос  өңірінде  таяқ 
тастам  жерде  Аймауытовтардың  елі,  Марғүлан  ауылы,  Сәтбай
120

ауылы,  Шорман  ауылы,  Мәшһүр  Жүсіп  Көпеев  ауылы,  осы 
өңірдік  Далба  тауына  жалғасқан  жерінде  Бүқар  баба  елі,  одан 
әрі  Қаркаралы  арқылы  Қасым  Аманжоловтың  еліне  жалғасады. 
Ендеше  Әлкей  ағамыз  өмірге  келген  сол  бір дархан  дала -  үлы 
шоғырлардың дәстүрлі  елі,  кезінде Абылай  бастаған  ұлы  батыр 
бабамыздың  ту  көтеріп  дабыл  қақса,  Бұқар  бастаған  даналар 
исі 
қазақ елінің рухын шындаған даналар өңірі. Басқаша айтқанда, 
бүл -  түнық бүлағы  бар,  жайқаған  қүрағы  бар,  ата-мекен түрағы 
бар, жанған шырағы бар өңір еді. Осы бір өңірде туған үлылардың 
есімін  атауға  бір  күн  уақыт  керек болар  еді.  Он  мың жанға  туған 
Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Монография өиделіп, толықтырылган бесінші басылымы
buuk -> Қүрал болумен бірге, сол кездегі иіаруаиіы
buuk -> {С Қырыкбай Мніанұлы Алдабергенов Ерлаи Мұхтарұлы Арын
buuk -> Монография «Тұран-Астана»
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі а. Р. Ерментаева
buuk -> КітлихлиАсъі Жүсіпбек Аймауытов
buuk -> Бағдарламасы бойынша шығарылды
buuk -> Д. филология ғьш ы мдары ны ң кандидаты
buuk -> Казакстан республикасыньщ б1Л1м жэне рылым министршг1

жүктеу 4.84 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет