Б 63(5К) ■f 94 Jew шттшш f t i f f щ



жүктеу 4.84 Mb.
Pdf просмотр
бет17/19
Дата16.01.2017
өлшемі4.84 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

217

кездегі қияпаты қандай. Әдемі бұйра шашты, сұңқардың көзіндей 
сүзіле терең қарайтын түңғиық қара  көзі бар.  Маңдайынан ақыл 
мен  ойдың  лебі  аңқыған,  жүрек  сезімі  романтикаға  бөленгең 
сөйелегенде  саспай,  майын  тамыза  сөйлейтін  сөзі  шөлдеген 
адамның  мейірін  қандыратын  тау  бүлағындай,  сыпайы,  көркем 
бір жігіт.  Күн сайын педтехникумға келіп, әдебиетті оқытқанымен 
тынбай,  қаладағы  әртүрлі  мәдени  шараларға да  қатысады.
Төртінші  курсте  оқып  жүргенімде  Мүхтар  мені  өзіен  бірге 
тұруға  шақырды.  «Кінәмшіл  бойжеткен»,  «Ескілік көлеңкесінде», 
«Қаралы сұлу» сияқты әдемі әңгімелерді де ол сол кезде жазды. 
Мүхтардың  әсерімен  мен де  әдебиетке  араласа  бастадым.
1925  жылы  Мұхтар  Ленинградтағы  оқуы на  қайта
жалғастыруға  жүрмек  болды  да,  сол  жылы  техникумды  бітірген
маған «бірге жүр, Ленинградтың Күншығыс институтына түсесің»
деді. Әдебиетке, фольклорды зерттеуге деген қүмарлық жетелеп,
сол  жылы  Күншығыс  институтының  туркология  факультетіне
түстім.  Онымен  қоса  Ленинград  университетінің  қоғамдық
ғылымдар  факультетінің  Шығыс  бөлімінде  тыңдаушы  болып  та 
тіркелдім. 
j
Ол  кезде  бүл  оқу  орындарында  Бартольд,  Самойлович, 
Марр,  Крачковский,  Ольденбург,  Бакланов,  Мещанинов  сынды 
ірі ғүламалар жойқын адамдар. Мүхтардан кейін олардың тіркелей 
әсері  мені  біржола ғылым жолына түсірді.
-  Әрине,  ғылымға  келу  үшін  де  адамның  өз  басының  оған 
бейім  болмағы  керек.  ¥лы  жазушы  Мұхтар  Әуезов  Сіздің  сол 
қырыңызды  дәл  таныған  ғой.  Демек  Сіздің  бейімділігіңіздің 
осындай  болып  тәрбиеленуіне  туып-өскен  ортаңыз  бен  алған 
тәліміңіздің  ықпал-әсері  аз  емес-ау.
-  Ол  да  әбден  мүмкін.  Менің  атам  Марғүлан  жас  кезінде 
Баянаулаға белгілі салдардың бірі болыпты.  Ол кісінің шығарған 
бір-екі  күйі  де  бар.  Сол  Мәкең  дәстүрінің  әсері  болар, 
ауылымызда  толқынды  әншілер  мен  келісті  күйшілер  жиі  бас 
қосатын.  Әжем  Әймен  -   Тәттімбеттің  туысқандарының  қызы, 
жарқың сыпайы, ашықжүзді адам еді, немерелеріне көп үлгі берді. 
Әдемі ақындарды жүйрік тілмен айтып отыратын. Әкем Хақан да 
бала  күнінде  Мәшһүр  Жүсіппен  Баянауыл  мектебінде  бірге
218

оқығвн,  арабша  сауатты  кісі  болды.  Қазанда  басылатын  қазақ 
кітаптарьін  көп  оқитын.  Революциядан  бұрын  шыққан  қазақ 
газеттерін алдырып, оқып, терезенің алдыңа үйіп қоятын. Ол кісі
маған бес жасымнан бастап арабша хат танытты.
Одан кейін Шідертідегі қыстауда ашылған қазақ мекгеібенде
оқыдым.  Онда  қазақ  ауыз  әдебиетінен,  қыпшақ  шағатай 
әдебиетінен  дәрістер  алдым.  Сегіз  жасымнан  бастап  Қазанда 
шыққан қазақ кітаптарын саулатып еркін оқуға жетілдім. Оларды 
әкем Қоянды жәрмеңкесінен алып келетін. Менің киссаларды оқи 
алатынымды  білетін  ауыл  адамдары  төбенің  басына  шақырып 
алып,  деңгеленіп  отырып  маған жыр,  кисса  оқытатын.  Олардың 
ішінде «Қобыланды», «Алпамыс», «Мүңлық-Зарлық», «Керүғлы» 
сияқты  жырлар  мен  дастандар  бар  болатын.  Ауылдан  екі 
шақырымдай жерде Қисық деген тау бар.  Соның басына шығып
Абай өлеңдерін жаттаушы  едім.
Ж астайымнан  Абылайдың  оң  қолы, 
«Ақтабан- 
Шүбырыңды» кезінде жойқын істерімен халыққа ардақты болған, 
менің арғы бабам Ер Олжабай туралы аңыз-әңгімелерді көп естіп
өстім. Батырдан бері таратқанда Олжабайдан -  Дулат, Дулаттан
-   Марғүлан,  Марғүланнан  -   Хақан  болып  келеді.  Әкем  Хақан
бабасының  мүраларын  үйдегі  әбдіреде  таза  үстап,  қастерлеп,
сақтайтын.  Олжекеңнен  қалған әскери қарулардан  көзге ерекше
түсетіні -  шарайна,  алтын  балдақты  бүкір қылыш, дулыға еді.
Олар сол кездерде Омбы музейіне тапсырыпған. Үйде кепке
дейін  сақталып  келгендері  -   жібектен  жасалған  ұзындығы  бір 
жарым  метр,  көлденеңі  70  сантимердей  сары  ала  ту,  Ғалдан 
Шеріннің Олжекеңе тартқан үш жарлығы, жай шақыратын жүмыр 
қара  тас  болды.  Тағы  бір  ғажайып  нәрсе,  Олжекеңнің  еткен 
тарихта,  шайқастарда не болғанын жазған  «Қара кітабы». Оның 
ішінде  Абылайдың,  Бөгенбайдың,  Қазыбек бидің,  Амурсананың 
аттары  кездесіп  отыратын.  Әттең,  ең  екіншісі,  Ер  Олжекемнің 
осындай аяулы мүраларынан кейін айырылып қалдық. 1930жылы 
мен  Ленинградта  жүргенде,  қиын  күндерге  ушыраған  анам 
Нүриланы Қарағандыда шахтер болып істеитін 
ін іс і
 
үиіне икетпек
болады да, шешем жолда дүниеден қайтып, Олжекеңнің барлық 
мураларын  сол  кісінің  басына  қояды.  Кейіннен  анам  қоиылған
орынды  қанша іздесем де таба алмадым.
219

Расында  да,  менің  ғалым  болуыма  туып-өскен  ортамның 
әсері  аз  тимеген  болуы  керек.  Менің  бала  күнімде  Баянаулада 
құйылған ақындығымен Султанмахмүт шықты. Орысша оқу қуған 
Әбікей,  Қаныш  Сәтбаевтар,  Хакім  Иманбеков,  Жағыпар 
Секербаев секілді талапты жастар көрінді.  Олармен  қабат менің 
Маусым деген ағам да маңцайы жарқырап шығып еді. Ақан серінің, 
Жарылғапбердінің, өзімізге туысқан болып келетін Жаяу Мусаның 
әндерін соншама салтанатпен орындап, толқытыл күй шерткенде 
жан  дүниені  балқытатын.  Әттең  жүйрік  өнерпаздың  бірі  болып 
келе жатқанда 1914 жылы 20 жасында дүниеден қайтты. Осыларп 
тектес бір қауым жастардың әсері бізді де бозқала  шағымыздан 
өнер,  білімге ұмтылдыратык
1914  жылдан  1919  жылға дейін  Шідертіде  Хакім  Иманбеков 
ашқан  орыс  мектебінде  оқыдым.  Оның  мұғалімдері  Уфадан 
қашып шыққан семинаристер, Омбыда, Павлодарда оқыған қазақ 
оқытушылар  еді.  Олар  орсыша  жақсы  білетін,  сабақты  жақсы 
беретін.  Мектепте  орыс  тілі  мен  әдебиеті,  тарих,  география, 
математиканы  оқып,  бірталай  білім  алдым.
1916  жылдың  жазында  темір  жол  салатын  орыс 
инженерлеріне  еріп,  ірбіт  қаласының  маңындағы  темір  жол 
құрылысында да жүмыс істедім.  Мен ертіп  кеткен орыс инженері 
Свердлов  қаласындағы  гимназияға  түсіруге  көмектесем  деген 
болатын.  Бірақ,  соғыс  жүріп  жатқан  кез.  Ақшам  жоқ...  Түсе 
алмадым.  Қысқа  қарай  елге  оралып,  Хакімнің  мектебіндегі 
оқуымды  қайта  жалғастырдым.  Содан  1910  жылы  Мәшһүр 
Жүсіптің Әмен деген баласына еріп Керекуге барып, бір жылдық 
мүғалімдік  курске  түстім.  Әйгілі  әнші  Майраның  үйінде  жатыл 
оқыдым.  Оны  бітіргесін  елге  келіп  балаларға  сабақ  бердім. 
Қайтсем  әрі  қарай  оқимын  дел  армандап  жүргенімде  Әбікей 
Сәтбаевқа  кездестім.  Ол  кісі  сол  кезде  Семей  губерниялық оқу 
бөлімінде  істеп,  әрі  мұғалімдер  курсінде  сабақ  беретін.  «Аз 
біліммен қайда барасың, ілгерілеп оқығаныңжөн ғой», - деді. Сол 
кісінің кеңесімен  1921  жылы күзде Семейге келіп,  ледтехникумға 
түстім.  Содан  кейін  қалай  Ленинградқа  барып  Күншығыс 
институтында  оқи  бастағанымды  жаңа  өзіңе  айттым.
220

-  Сіз  Ленинградта  Шығыстану  институты  мен  Ленинград 
Мемлекеттік университетінің Шығыс бөлімінде  қатар оқыдыңыз. 
Оған қоса Өнер тарихы институтында да лекциялар тыңцадыңыз. 
Үш оқу орнында сабаққа қатысудың өзі оңай емес.  Бәрін қалай
игердіңіз?
-  Алдыңғы  екі  институтқа  күндіз  барамын.  Сосын  үйге  келіп 
екі  сағат демаламын да  кешке  қарай  Өнер тарихы  институтына 
тартамын. Ол «Астория» мейманханасының алдында. Біз Мұхтар 
екеуіміз  Васильев  аралындағы  жетінші  линияның  бойында 
пәтерде түрдық.  Монет зоводында істейтін жүмысшының үйі еді. 
Кейін  Мүхтар  оқуын  бітіріп  кеткен  соң  оның  орнына  өзбек 
жазушысы  Айбек  келіп  орналасты.  Екеуіміз  Өнер  тарихы 
институтына  бірге  барамыз.  Эйхенбаум,  Томашевский, 
Жирмунский  сияқты  профессорлардың  тамаша  етіп  өткізген
лекцияларын  тыңдаймыз.
Ауық-ауық  Мұхтар  оқитын  әдебиет  факультетінің  қызықты 
сабақтарына да  барып  қоямын.  Олардың арасында әсіресе XIX 
ғасырдың  отызыншы  жылдарындағы  орыс  романтизмі  туралы 
әңгімелейтін  профессор  Сиповскийдің  лекциялары  аса  ұнаушы 
еді.  Ол  кісі  Пушкин  мен  Лермонтовтың  трагедиялы  тағдырын 
сондай  жақсы  айтатындықтан,  аудиториядағы  көп  қыздар, 
келіншектер  көздерінен  мелдіретіп  жас  тегіп  отыратын.  Бір  күні 
профессор  Сиповскийдің  сондай  лекцияларының  біріне  Мұхтар 
екеуіміз  қатысып  отырғанбыз.  Есіл-дертіміз  мүғалімнің  сезінде 
болып  ештеңе  байқамаппыз.  Бір  уақытта  қарасам,  Мүхтардың 
шашының  арасында  бір  қағаз  қыстырулы  тұр.  «Мүхтар, 
шашындағы  қағазды  қара»,  -  дедім.  Ол:  «Бұл  не?»  -деп  алып 
қарап жатыр. Бір жапырақ қағазға: «Сіздің шашыңыз біздің лекция 
тыңдауымызға  кедергі жасап  отыр»  - деп жазылыпты.  Қызықты 
лекция  үстінде  де  Мүхтардың  әдемі  бүйра  шашы  арқамызда 
жайғасқан  нүр  жүзді  арулардың  назарын  аудара  берсе  керек. 
Сөйтсем  олардың  арасында  өзіміздің  болашақ  жеңгеміз
Валентина 
да бар 
екен 
ғой.
Ленинградта оқып жүріп кеп ойланған нәрсем, ерте кездерде
Қазақстан  туралы  не  жазылады,  соны  зерттеп  білу  болды.  бүл
жағынан  Ленинград  қаласының  бір  аяулы  жері  музейлері,
221

кітапханалары өте көп. Олар адамға білім бермей қоймайды ғой. 
Білім  алудың  қия  көздері  әсіресе  Салтыков-Щедрин  атындағы 
мемлекеттік  көпшілік  кітапханасы,  Ғылым  академиясының, 
Күншығыс 
институтының, 
Археология 
институтының 
кітапханаларында,  толып  жатқан  архивтерде.  Бұлардың  бәрі 
кісіге білім беретін ақыл-ой ордапары сияқты. Оларда Қазақстанға
қатысты  материалдар өте  көп.
- Сіз  1943 жыллдан Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы көне 
мәдениет  орындарында  қазба  жұмыстарын  жүргізуге  бас 
болдыңыз.  1946  жылдан  бастап  үзақ  жылдар  бойы  Орталық 
Қазақстандағы   ежелгі  мәдениет  іздерін  зерттедіңіз.  Ол 
археологиялық қазбалардың қорытындылары көне қазақ жерінде 
байтақ  мәдениет үлгілері  болғанын  бұлтартқызбай дәлелдейдә. 
Мәселең  мына  шығармаңыздан  да  бүл  жайында  талай  жарқын 
фактілерге үшырасамыз,  - дедім де өзіммен  бірге осы  кездесуге 
арнайы  ала  келген  «Орталық  Қазақстанның  Бегазы-Дәндібай 
мәдениеті»  атты  1979  жылы  шыққан  жалпақ  қара  кітапы 
папкамның ішінен  алып стол үстіне  қойдым.
- Ә.  Мына кітап сенде бар екен ғой, - деп Әлекең оны қолына 
алып  отырып  сөзін  жалғады.
-  Бүл  Бегазы-Дәндібай  мәдениеті  деген  ғажайып  бір  кеніш, 
сарқылмайтын мәдениет дүниесінің келісті бір түрі. Жалпы, қазақ 
жерінде біздің эрамызға дейінгі мың жылдықтарды қамтыған қола 
дәуірінің  мәдениеті  жойықын  дамыған.  Соның  сәулетті  бір 
белгілері -  қыстақтар орны, зәулім обалар, биік меңгірлер -  біздің 
эрамызға  дейінгі  XI-VIII  ғасырларда  Орталық  Қазақстандағы

щ
Бегазы  езенінің  бойы  мен  Дәндібай  ауылы  деп  аталған  мекен 
төңірегінде  кеп  сақталған.  Ғылымда  Бегазы-Дәндібай  мәдениеті 
деп  аталатын  бүл  сәулет  пен  өнер  үлгілері  бір  жағынаң  көне 
Қазақстан жерінде  қола дәуірінен  кейінгі  көркейген  алғашқы  сақ 
(скиф)  мәдениетімен  сабақтасып,  ұштасып  жатыр.  Сақтардың 
жойқын өнерінің бір төркіні осы мәдениеттің жарқын дәстрлерінен 
бастау  алаДы. 
;
Кейбіреулердің кене Қазақстанда бағзы замандарда мәдениет 
ошақтары болмағаң  қала салуды білмеген дейтіні бар.  Ол  қате. 
Ежелгі Қаақстанның байтақ жерін мекендеп, мап баққаң егін еккең
222

кен қазған бабаларымыздың дүние жүзілік цивилизацияға қосқан 
үлесі  орасан  көп.  Ана  жылы  Есіктен  табылған  «Аптын  киімді 
адам» да сол байтақ мәдениетіміздің сәулетті бір айғағы...
(Әлекеңнің  нааыз  әылыми  ерлікке  лайық  атқарәан  үлкен 
жумысы
 -  
улы әалым аәартушы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен 
творчествосын  тыңәылықты  зерттеп,  бес  томдық 
академиялық  шыәармалар  жинаәын  шыәаруәа  бас  боләаны. 
Шоқанәа  өатысты  бүаан  дейін  еліміздің  сан  архивтерінде 
жүйесіз шашырап жатқан бай мураны жинақтап, реттестіріп, 
баспаәа әзірлеу қаншама күшті,  ыждаһаттылықты,  білгірлікті 
керек  ететіні  өз-өзінен  түсінікті.  Вес  томдықты  зерделей 
отырып,  ондаәы  Әлекең  жазәан  Шоқанның  емірі  мен  қызметі 
туралы  тамаша  очеркті,  әр  томдыққа  жасаләан  тиянақты 
алаысездерді, өздері үлкен бір татымды еңбекке әбден пара-пар 
қыруар түсініктерді, сілтемелерді оқыәан кезде наәыз әылымәа 
деген адалдықпен, патриоттықпен атқарыләан уланәайыр іске
куә боламыз).
-  Шоқан  бір  қарағанда  Мүз  мүхитындағы  айсберг  сияқты 
түңғиық қой. Оның бес томдығы шықты десек те ашылмай жатқан
мүралары әлі де  мод - дейді Әлекең бұл жөнінде.
-  Шоқанның  бес  томдық  шыққаннан  кейін  мен  тапқан
мақалалары  мен  зерттеулерінің  өзі  қазір  жеке  бір  том  құрауға 
жетеді.  Мен  олардың  бәрін  Ғылым  академиясынағы  жігіттерге 
табыс өттім.  Келесі жылы Шоқанның туғанына  150 жыл толуына 
байланысты  оның  шығармалары  қайта  толығып  жарық  көргелі
жатыр.
-  Жақында  Сіз  өзіңіздің  осы  уақытқа  дейін  жазып  біткен
қолжазбаларыңызды  он  том  етіп  ретке  келтіріп  жүйелеп  қойды
деген  қуанышты  хабарды  естідік.
- Ол рас. Ол томдардың әрқайсысының көлемі шамамен 35-
40  баспа  табақтай  болмақ.  әрі  бүл  он  томдыққа  археология 
материалдары  кірмейді.  Алғашқы  үш  томын  түгелдей  әдебиет 
туралы  еңбектерден  тұрады.  Бірінші  томда  түркі  тектес
халықтарға  ортақ  асыл  мүралар:  «Ер  Төстік»,  «Қозы  Көрпеш  -  
Баян  сүлу»,  «Қорқыт»,  «Манас»  жырлары  жөніндегі  оилар
айтылса,  екінші  томыма  көлемі  40  баспа  табаққа  жауық  «Қазақ
223

халқының  эпикалы қ  шығармалары»  атты  докторлық 
диссертациям  кіреді.  Онда  Керей,  Наймаң  Қыпшақ  дәуіріндегі 
эпикалық  жырлар  сөз  болады.  Үшінші  томды  «Қазақтың  орта 
ғасырдағы әдебиет жазбалары» деп атап отырмын.  Ол XV-XVIII 
ғасырлар  аралығындағы  қазақ  жазушыларының  еңбектері 
туралы  ойлардан  тұрады.  Онда  Қадырғали  Ж алайридің 
жазбалары,  Бапан  бидің дәптері,  Өтеміс қажының шежіресі  мен 
Шорманның  Мұсасының  еңбектері,  ше^ірелері  сөз  болады. 
Төртінші  томға  әр  кездері  жазған  мақалаларым  кіреді.  Бесінші 
томымды  түгелдей  Шоқан  Уәлиханов  туралы  жазғандарыма 
арнадым.  Орысша-қазақша бірдей дайындалған ол еңбек келесі 
жылы  Шоқанның  150  жылдығына  орай  шығып  қалар  деп  те 
отырмын.  Әні-міне  жарық  көрейін  деп  түрған  үлкен  еңбегім  -  
алтыншы  томымды  құрайтын,  түгелдей  қазақтың халық  өнеріне 
арналған  үш  томдық  монография.  Оны  «Өнер»  баспасындағы 
жігіттер  әдемілеп  дйындап,  өндіріске  жіберген.  Қазір  басылып 
жатыр. Қалған томдарымда қазақ өнері мен мәдениетінің әрқилы 
мәселелері: көне заман өнерінің үлгілері, таңбалы тастар мен тас 
мүсіндер,  ежелгі  архитектуралық  ескерткіштер  және  байырғы 
мәдениет белгілері сала-сала әңгіме арқауына айналады.  Ендігі 
қалауым, сол он томдықты бір баспа шығарамын деп қолға алса 
тым дұрыс болар еді...
(Сексеннің  қырқасына  шығып,  қимыл-қозғалысы  шау тартса 
да,  ойы  жүйрік,  санасы  сергек  күйінде  қалған,  баяғының 
абыздарындай  ақылман  қариямен  әңгімеміз  әлден  уақытқа 
созылды... 
^
...  Әлекеңмен  қош  айтысып  үйден  шыққаннан  кейін  Кіші 
Алматы өзеңінің бойымен жоғары өрлеп жүріп келемік Қолымда -  
халқымыздың заңғар ғүламасының ыстық алақанының табы мен 
қолтаңбасы түскен кітап, көңілде -  телегй-теңіз ой дариясы іспетті 
шежіре жанның әңгімесінен алған көл-көсір эсер).

Орынбай  ОШАНОВ
ӘЛКЕЙ  МАРҒҰЛАН  ЗЕРТТЕГЕН ҮҢГІР
Өткен  жылдың  күз  айында  Ж езқазған  археологиялық 
экспедициясы  Ұлытау  ауданындағы  Жошы  хан  мазарының 
маңында  қазба  жүмыстарын  жүргізді.  Осы  экспедицияның 
құрамындағы этнографиялық отряд елді-мекендерді аралап,  ел 
аузындағы Жошы хан мен Алаша хан жөніндегі аңыз-әңгімелерді 
және  Әлкей  Марғүлан  туралы,  ол  кісімен  біраз  жүздесіп  істес 
болған  қариялармен  әңгімелесіп,  мәні  зор  мәліметтер  жинады. 
Осындай  бір  кезекті  іс-сапарымызда  Ұлытау  ауданы  Сарылық 
кеншарында Орынбаев Рашид деген ақсақалға жолықтық. Ол кісі 
бізге  Ә.  Марғүлан туралы  қызық деректер  айтты.  Соның ішінде 
Ә.  Марғүлан  көзі  тірісінде  зерттеген  күні  бүгінге  дейін  белгісіз 
болып  келе  жатқан  үңгір  жайында  сөз  етті.  Аталмыш  үңгірді 
ғалымға  өзі  бастап  апарып  көрсеткен  екен.  Үңгірдің ең алғашқы
табылу оқиғасы да  қызық.
Рашид  ақсақал:  “Ол  кезде  жастау  шағым,  совхоз
орталығында  жүргізуші  болып  істейтінмін.  Сол  1975  жылы 
Амангелді  совхозынан  Бақатастағы  займкеге  (қыстаққа)  қора 
салып жатқан жүмыскерлерге керек-жарақтарын тасып жүріп, бір
күні  мылтық  алып  тау  араладым.  Қасымда  жас орыс жігіті  бар. 
Бір мезетте жартасқа қонып отырған үкіні көріп, көздеп атып едім, 
топшысынан  жараланса  керек,  далбалақтап  үша  алмай  бара 
жатты.  Соңынан  қуа-қуа,  үкі  бір жартастың  қуысына  кіріп  кетп. 
Жақындап  келеек адам  сиятындай  қуыс,  қасымдағы жас жігітке 
“қуысқа  кіріп, үкіні  алып  шық” дедім.  Ішіне кірген ол  бір кезде ар 
жағында үңгір бар екенін айтты. Содан тау етегіне қайта түсіп шам
алып, бірнеше адам болып үңгірге қайта келдік.
Үңгірдің  ішін  аралап  көрсек  адам  түрып  жүрерліктеи  биік,
аумағы  кең  және  іші  толы  қүмыралар  екен”,  -  деп  еске  апады. 
Өкініштісі,  олар  бір  қүмыраны  ғана  таңдап  алып,  қалғанын  түк 
қалдырмай  қиратып  кеткен.  Және  де  Рашид  ақсақал  үңгірден
ортасы  қуыс қайрақ тас тауып  алған,  бірақ кейін  біреуге берген. 
Міне, осы үңгірді 1979 жылы Ә. Марғүлан Үлытау өңіріне келгенде
225

ертіп  апарып  көрсетеді.  Ол  кісі де  ішіне  кіріп  бір  қапшық  қылып 
қүмыра сынықтарын жинап алғак Әлкей Марғүланның айтуынша 
бұл  мұралар осыдан үш  мың жыл  бұрынғы дүниелер екек  Кейін 
келіп,  қайта  асықпай  зерттеймін деген  үмітпен  кеткен ғалымның 
бүл  жаққа  қайтып  жолы  түспеген.  Рашид  ақсақал  бізді  де  осы 
үңгірге  бастап  апарды.  Үңгірдің орналасқан жері  Едіге тауының 
етегімен жалғасып жатқан Бақатас тауының биігінде боп шықты. 
Өз алдына жеке шоқпартас болып біткен үгу<ен жартастың төменгі 
жағындағы  қуыс  былай  қараған  адамға  білінбейді.  Жай  бір 
көлеңке  тәріздес  болып  түрады.
Еңкейіп қарағанда ғана аржағы қуыс екені байқалады. Қуысқа 
түсіп  екі  жарым  метр  еңбектеген  соң  төбесі  биіктеп  адам  түра 
алатындай болады. Осы арадан бойыңызды түзеп сол жағыңызға 
қарасаңыз, домалақ боп біткен кірер ауыз көрінеді. Содан өткенде 
ғана  үңгірге  тап  боласыз.  Бірақ,  үңгір  осыдан  жиырма  жыл 
бүрынғы  қалпынан  көп  өзгерген.  Төбесі  құлап,  кіре  берісін  тас 
басып қалыпты, текжүрелей отырып қана қозғала аласыз. Рашид 
ақсақал  айтқан  екінші  бөлмеге  өтетін  жері  қазір  мүлде  бекітіліп 
қалған.  Тек,  адам  мекендегенін  растайтындай  тастардың 
қуыстарынан  бірнеше  қүмыра  сынықтары,  аңдардың  сүйектері 
табылды.  Әлкей  марғүланның  бүл  үңгір  туралы  дерегі  бізге 
белгісіз болғандықтаң  әзірге “Бақатас үңгірі” деп айдар тақтық.
Міне, осы үңгірдің қай ғасырға, қай кезеңге жататыны туралы 
ғалымның ғылыми зерттеулері табылса, нұр үстіне нұр болар еді.
1998 ж

Ә. 
Жәмішев
ҒАСЫРЛАР  СЫРЛАСЫ
Ленинфадтағы Шығыс тілдері институтының аудиторияларын
бүгіл бір өзгеше әңгіме кернейді.
-  М анқыстауға.  Жөм.  Сағыз  бойына  одақтық  Ғылым
академиясынан ғылми экспедиция  шыққалы жатыр,  кімнің бірге
барғысы  келеді.
Жігіттер жеделдете қол көтеріп, жамырай сөйлеп кетті:
-  Мен барам!
-  Мені де жазыңыз! -  дегендер ішінде институт басшысының 
назары  қатар  қол  көтерген  екі жігітке туралай  ауды.  Екеуінің де 
қоңырқай жүзі албырттана нүрланып, көздерінен үшқын жарқылы
атад ы.
-  Мүхтар  Әуезов,  Әлкөй  Марғүлан!  Дүрыс,  өзгө  емес,  дәл 
сендердің  барғандарың  жақсы.  Экспедиция  баратын  жер  -
сендердің  ауылдарың  ... 
в 
.  .
Осыдан отыз жылдай бүрын болған бүл жаи Әлкеи көңілінде
дәл  бүгінгідей  сайрап  түр.  Мүхтар  семья  жайына  байланысты,
ешқайда шыға алмай қалды да, экспедициямен Әлкей ғана кетті.
- Мүқаңның сондағы қатты өкінгені-ай! -  дейді Әлекең күрсіне 
ауыр дем алып. -  Халқының мәдениетіне деген ықыласында шек 
бар  ма  еді  оның?!  Ол  мені  сол  экспедицияға  қызғана  түрып,
қызыға  шығарып салды. 
.  .
Әлкей оқи жүріп. Ленинград кітапханалары мен архивтерінің
көп дүниелерін қарап шықты. Ол кезде қазақ арасынан ешкімнің
көзі  түсіп,  қолы  тимеген  Шоқан  мен  Абай  жөнінде  архив
материалдарын жазып алып жинай жүргек
Әдебиет,  өнер,  тіл  мәселелрімен  көп  шүғылданған  Әлкеи -
республиканың 
ғылыми, 
мәдени 
өміріне 
өте 
қызу
араласушылардың  бірі.  Халхымыздың  ақындық  медөниөті,
эпостар туралы еңбектер жазылғаны да осы түс. Кеиін, яғни 1945 
жылы  ол  бүл  зерттеулер  негізінде  докторлық  диссертация 
қорғады. Сондағы ресми оппоненттері мен пікір аитушылар 
ө з ін ің
227

ұстазы -  В.А. Гордлевский, В.М. Жирмунский, А.К. Боровков, И.И. 
Мещанинов  сияқты  үлкен  ғұлама-ғалымдар.
Осындай  сан  қилы  қызу  жұмыстар  үстінде  жүріп  те  Әлкей 
естен  шығармайтын,  ойлаған  сайын  қызықтыра,  қүмарттыра 
түсетін бір жай бар. Ана жылғы ғылми сапар -  Маңғыстау сапары 
көзден  таса,  көңілден  шет  болар  емес.  Бүйрат-бүйрат  шағыл 
қүмдар  астында,  әр  түстан  қарауытқан  обалар  ішінде  белгісіз, 
алыс замандардан қирап, өшіп жеткен ымараттар қалдықтарында, 
сан-сапалық  таңбалар  бедерінде  қанд‘ай  сырлар  бар  екен?! 
Украинаның  үлы  ақыны,  қазақ  халқының  қымбат досы  -  Тарас 
Григорьевич  Шевченко  ізі де жатыр  бүл жерде.  Ол жүрген  «Ескі 
Хиуа  жолының»  астыңғы  қыртыс-қабаттарында да  не  бір ғажап 
дүниелер,  жұмбақ  сырлар  бүктесіндері  ашылмай  жатыр-ау. 
Атақты  ғалым,  саяхатшы  Семенов-Тяньш анскийді  де 
қызықтырған  бүл  өңірде  не жоқ дейсің?!
Өзінің  үстаздары  -   Сергей  Федорович  Ольденберг  пен 
Александр  Юрьевич  Якубовскийдің  айтқан  сөздері  де  Әлкей 
жүрегінің төрінде.
- Сенің туған өлкеңнің астында ғылым үшін, бүгінгі өмір қажеті 
үшін аса  маңызды дүниелер ете  кеп,  - деген  еді олар Әлкейге, - 
сен соларды,  әсіресе, халқыңның мүсің сәулет өнерінің тарихын 
зерттеуге  тиіссің. 
1
Сол Әлкей қазір бүл жөнінде одақтық көлемде белгілі, жемісті 
жүмыс  істеп  жүрген  ғалымдарымыздың  бірі  болып  отыр.  Бүл 
топқа кейініректе қазақғалымдары Т. Бәсенов, пен М. Меңдіқүлов, 
сондай-ақ  Г.Г.  Герасимов  пен  Г.А.  Пугаченкова  қосылды.  Көне 
ғасырлар  көрпесін  ашуға  Манап  Оразбаев  пен  Мир  Қадырбаев 
сияқты  жас  буын  ғалымдар  да  ден  қойды.  Бүлар  Орталық 
Қазақстанны ң  Ж езқазған,  Ұлы тау,  Сарысу,  Есіл,  Нүра, 
Қарқаралы, Атасу, Баянауыл өңірлерінен қола дәуірінің сан қырлы 
өзгешеліктерін,  тіршілік табиғатын  танытарлық  қазбалар  тапты. 
Бүлар  таулы,  өзенді  алқаптарда  тіпті  көп.  Мүнда  мал 
шаруашылығымен қатар руда өндірісі негізгі кәсіп болған.
Сәл ойлана қалған Әлекең сөзін әрі қарай жалғастырып:
-  Кейбір  бұрынғы  зерттеушілер  бағы  бір  заманда  халықтар 
қонысы  болған,  қалалар  орнаған  бұл  жерлер  енді  пайдаға
228

аспайды,  қайта өмір орнамайды, деп  келді. Ал дүрысында олай 
болмай шықты. Археологтар Яқсарта (қазіргі Сырдария) өзенінің 
бойьгнда  екі  жарым  мың  жыл  ішінде  тіршілік  үш  рет  қайта 
жанданғанын  айқындап  отыр.  Әлдеқашан  бұзылып,  тегістеліп 
кеткен 
су 
жүйелерінің 
ізі 
табылуы 
біздің 
бүгінгі 
қүрылысшыларымыз  бен  гидромелиораторларымызға  көзеуіш
деректер  берді.  Қүмға  шабуыл  қайта  басталды.  Сан  заманнан 
бері адам аяғы жетпей жатқан өлі далаға өмір төртінші рет орнап 
отыр.  Сондай-ақ  бағы  дәуірде  өткен  ата-бабаларымыздың  мыс 
пен  темірді  пайдаланғанын  ашу  арқылы  геологтарымыздың 
қолына аса қүнды  мағлұматтар түсірдік.  «Қу дала, түк жоқ» дей
берсек,  мүның бәрі  қайдан  келер еді?
Рас  ay!  Республика  өңірінде  қаншама  «Жер  астындағы
қалалар»  енді  белгілі  болып  отыр?  Қазіргі  Жамбыл  қаласының
орнында бір кезде Талас (бірқатар зерттеушілер  «Тараз» дейді)
қаласы  болған,  оның  даңқы  талай  елге  тарап  жатқан.  Мүнда
Самарқандтағы  мавзолейлерден  ешбір  кем  түспейтін  әлденеше 
әсем  қүрылыстар бар. Алматының өзі де осындай.  Шымкенттен 
Аралға дейінгі Сырдария өзенінің бойында қаншама қалалар орны 
жатыр!  Қазіргі  Сайрам  селосының  орнындағы  Исфажаб  -   бер 
жағы Талас бойы,  әр жағы  сауранға дейінгі  аралықтың орталық 
қаласы  болған.  Оның  батысындағы  Фараб  (Отырар)  округынан 
әлемге даңқы кеткен асқан білімпаз, әрі өнерпаз Әбу насыр әль-
Фараби шыққан. 
Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Монография өиделіп, толықтырылган бесінші басылымы
buuk -> Қүрал болумен бірге, сол кездегі иіаруаиіы
buuk -> {С Қырыкбай Мніанұлы Алдабергенов Ерлаи Мұхтарұлы Арын
buuk -> Монография «Тұран-Астана»
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі а. Р. Ерментаева
buuk -> КітлихлиАсъі Жүсіпбек Аймауытов
buuk -> Бағдарламасы бойынша шығарылды
buuk -> Д. филология ғьш ы мдары ны ң кандидаты
buuk -> Казакстан республикасыньщ б1Л1м жэне рылым министршг1

жүктеу 4.84 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет