Б 63(5К) ■f 94 Jew шттшш f t i f f щ



жүктеу 4.84 Mb.
Pdf просмотр
бет16/19
Дата16.01.2017
өлшемі4.84 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

ӘЛЕКЕҢЕ
Арнама
Марғүлан  Қаһан  Әлюейдің - 
Жерімен  мықты  Әнтейдің
Жетпіске толған жасына,
Жаралған ардан жетелі,
Ай  маңдай торсық  шекелі
Құдды  бір  Будда  басына,
Күмбездей  басты  бүркелей 
Күлдіреуіштенген  күркелей,
Бүйра жал толқын  шащына 
Кемеңгер  қоңыр дидары 
Битабар  балуан  тұлғалы
Сүйекті  сүңғақ  бойына,
Елу жыл  болмай  тынымы. 
1
Қаазба да жазба білімі
Т елегей -  теніз ойына.
Зиялы  қауым  жиналып,
Жастары  жайнап  нүрланып,
Шешендер  сайрап  сұңқылдап,
Мешеулер  мыжып  мыңқылдап,
Шайырлар  лаулап  аңқылдап, 
Ән-күй.би  толқып  былқылдап  - 
Мерекей  көңпін  көтерген
Мерейлі думан тойына.
1974
 ж

і  
Әмен  Әзиев,
жазушы, профессор
АКАДЕМИК  МАРҒҰЛАННЫҢ  МҰРАСЫ
Ғүлама  ғалым,  академик  Әлкей  Хақанүлы  марғүлан  өткен 
1999  жылы  мамыр  айында  95  жасқа  толды.  Оның  алдағы  100 
жылдық  мерейтойы  аталып  өткенге  дейін  Қазақстанның  Білім 
беру  және  ғылым  министрлігі  мен  Ұлттық  ғылым  академиясы, 
LLI.UJ.  Уәлиханов  атындағы  тарих  жене  этнология  институты, 
Ә.Х. Марғүлан атындағы археология институты, академик Әлкей 
Марғүлан  атындағы  халықаралық  қор  өзара  бірлесе  отырып, 
Әлекеңнің  өсімін  есте  қалдыру  щараларына  кірісуде.  Атап 
айтқанда,  ғалымның  үзақ  жылдар  бойы  сарыла  зерттеген,  жаз 
айларында  жиі-жиі  сапарға  шығып,  анық-қанығына  барған, 
жинағаң терген тарихи ғылыми мұралары жалпы  14 том болады
деп топшыланып  отыр.
Міне,  1998  жылы  желтоқсан  айында  Әлекеңнің  ғылыми
мүраларының ішінде “Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дандыбай 
мәдениеті” деп аталатын бірінші кітабы “Атамұра” корпорациясы 
арқылы  (президенті  Мұхтар  Қүл-Мүхаммед)  жарыққа  шығып, 
зерделі  қауымның  қолына  тиді.  Қуанышты  нәрсе  сод  кітапқа 
біздің  түңғыш  Президентіміз  Нүрсылтан  Әбішүлы  Назарбаев 
Әлекеңнің  мұрасына  зор  қүрмет  көрсетіп,  оқырманға  арнау  сез 
жазыпты.  Сондай-ақ,  кітаптың  бас  редакторлығына  Нүрекеңнің 
өзі,  орынбасарлығына  көрнекті  тарихшы,  академик  Манаш 
Қозыбаев  белгіленіпті.  Редакциялық  алқаның  мүшелігіне 
Ш.Ч.  Шокин,  К.А.  Ақышев,  А.Н.  Нысанбаев,  К.М:  Байпақов, 
Ш.П. Ыбыраев,  И.Н. Тасмағамбетов секілді атырапқа аты мәлім, 
белгілі ғалымдар,  қайраткерлер және Әлкей Хақанүлының қызы
Данел  Марғүлан  қатыстырылыпты.
Кітаптың  соңғы  қорытынды  сөзінде  айтылғандай,  қалың
оқырманға  үсынылған  бүл  бағалы  монографиялық  еңбек 
академик  Ә.Х.  Марғүланның  көп  жылдық  археологиялық 
зерттеулерінің  игі  жемісі  болып  табылады.  Шынында,  Орталық 
Қазақстан  -   Сарыарқа  тым  ертедегі  қола  дәуірінің  сан  алуан
207

ғажайып ескерткіштері  мол ушырасатын өлке екенін ғалым ерте 
білген.  Әлекеңнің  көзі  тірісінде  оның  алдында  осы  аталған 
даланың өте  көне дәуіріндегі бастапқы түсті  металдарды өндіру 
және  оны  өңдеу  шежірелерін  зерттеу,  баяндау,  өндірістің 
басталуы  мен  дамуының  анықтау  қупия  сырларын  анықтау 
міндеті  тұрды.  Бәрінен  бұрың  ол  көне тайпалардың тұрмыстық,
шаруашылық,  этникалық  және  мәдени  ^арихы  жайындағы  аса 
қиын  мәселелерге  жете  көңіл  аударды.  Соның  арқасында,  бұл 
күрделі  кітап  нағыз  іргелі  зерттеу  еңбек болып  қаланды.  Мұнда 
сонау  алыстағы  қола  дәуіріндегі  этно-мәдени  тұтастықтардың 
даму  үрдістері  білгірлікпен,  шындық  тұрғысында  анықталды. 
Қазақ халқының ең түпкі  атасы -  сақ тайпасының турмысы  мен 
мәдениетіне негіз болған андрон мәдениетінің соңғы дәуірі егжей- 
тегжейлі зерттелді және талданды. Ғалымның тынымсыз жүргізген 
археологиялық қазбалары Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің 
басталуын және мәдениетінің дамуын жан-жақты анықтауға жол 
ашты. 
'
Әлекең  муны  осы  кітабында  үш  кезеңге  топтастырған  екек 
Олар:  біздің  заманымыздан  бұрынғы  III  мың  жылдықтың  соңы 
мен  біздің  дәуірімізден  бүрынғы  XVI  ғасыр  арасын  қамтитын 
алғашқы  кезең;  одан соң тағы да біздің дәуірімізден бүрынғы екі 
сатыдан  түратын,  өркендеп  дамыған,  XVII-  XV  ғасырлар  (Нүра) 
және  XIV-XII  ғасырлар  (Атасу)  арасындағы  кезеңі;  соңғы  үшінші 
кезеңі  де  екі  сатыдан  түрады  екен.  Олар  біздің  дәуірімізден 
бүрынғы  ХІІ-ХІ  ғасырларды  қамтитын  өтпелі  кезең  мен  Беғазы- 
Дәндібай (б.з.б. X- VIII ғғ.) мәдениетінен тұрады. Әлкей марғүлан 
сынды атақты ғалымның анықтауы және дәлелдеуі бойынша, бүл 
кезеңцердің  әрқайсысынан  қалған  көне  белгі  баршылық.  Олар 
бізге талай таңғажайып ол ескерткіштердің сырын ашқан. Беғазы- 
Дәндібай  мәдениеті  солардың бірі.
Орталық  Қазақстанның,  былайша  айтқанда,  Сарыарқаның 
көне дәуір мёдениетін зерттеуді Әлекең қырық жыл бойы назардан 
таса  қалдырған  емес.  Көбіне  жалғыз-жарым  емес,  жасақталған 
экспедициямен  жүретін.  Мен  1969  жылы  сондай  бір  сапарына 
арнайы қатыстым.  Онда біз Қарағандыда тұратынбыз.  Екі тәулік 
бойына  біздің  үйде  бөгелген  ол,  Қарағандыдан  Баянауыл
X   208

бағытына  қарай  аттанысымен,  80  шақырым  жердегі  Далба 
тауындағы Бүқар жыраудың жерленген жеріне соқты. Әбден көне 
тартқан  мазарын  көрді.  Қүран оқыды.  1920-1921  жылдарда осы 
арада  бала  оқытқанын  еске  оралтты.  Бүдан  кейін  Қарқаралыға 
қарай бағыт алатын қырдың қара жолымен жүріп, Қарасор көліне, 
Қоянды  жәрмеңкесінің  орнына  келдік.  Егіндібұлақ  ауданындағы 
Едірей  тауларын,  Түндікті  өзенін  шарладық.  Әйгілі  күйші 
Тәттімбеттің бейітіне бөгелдік.  Мүндағы аруаққа да тағзым еттік. 
Содан  Бақты,  Тастемірші  тауларындағы  неше  түрлі  тас 
мүсіндерді,  тасқа  жазылған  жазуларды  тамашаладық.  Әлекең 
бәрін де суретке түсіртеді, қағазға жазып апады. Менің туған жерім -  
Кент  тауындағы  Қызыл-Кеніш  сарайының  басына  амалсыздан 
түнеп  қалған  кезіміз  де  болды.  Себебі,  өзі  аңсағаң  оңтүстіктегі 
Қызыларай  тауының  шоғырына  кіретін  Беғазы  шыңына  ол  күні 
жете  алмадық.  Келесі  тәулікте  Қарқаралының  солтүстік 
батысындағы  Бесоба  қүпияларын  ашуға  жүмылған  экспедиция
Әлекеңді  алаң  етті.
Сарыарқаның  кіндігі  — Қызыларай,  Қазақстанның  кіндігі  -  
Ұлытау екен ғой. Мүны мен осы жолы Әлекеңнің аузынан естідім. 
Қарқаралы  мен  Балқаштың  тең  ортасындағы  Қызыларайдың 
қарағай  орманы,  түсі  қызғылт,  жақпар  тастары  ғажап.  Әлекең 
соның баршасын  қызықтап,  батыстағы  Беғазыға  кештетіп жетті.
Ертесіне, өзі 1948 жылы қайталап ақтарған, одан кейін бірнеше 
мәрте  үңіле  зерттеген  Беғазы-Дәндібай  ескерткіштерін  көрді. 
Шетінен  қашалған,  салмағы  әрқилы,  ең  жеңілі  бір  тоннаға 
жуықтайтық  ылғи  жалпақ,  гранит  тастарды  көргенде  мен  өзім 
қайран  қалдым.  Бүның бәрін басқа бір жердегі ашық карьерден 
тапқан,  қашаған,  осы  араға  әкелгендер  — біздің  дәуірімізден 
бүрынғы  адамдар.  Әлекеңнің айтысына  қарағанда,  бүлар  біздің 
арғы  бабаларымыз  көрінеді.  Сол  ғажап  ескерткіштерді 
сипаттайтын суреттер мына кітапқа көптеп берілген екен.
Беғазы-Дәндібай  ескерткіш тері  өзінің  құрылымдық 
күрделігімен,  көрнектілігімен,  сәулет  қүрылыстарын  салудың 
жоғары  техникасымен  назар  аударады.  Ғаламат  сирек  тастар, 
обалар,  кесенелер,  мүсіндер  сонау  қола  дәуірінің  ең  жетілгең 
жоғары дамыған дәуірі  екені  Әлекеңнің жаңадан  шыққан  бірінші
209

томында  айырықша дәлелденген.  Көне  қүрылысшылар өздеріне 
арналған  мекендерді,  кесенелерді  ылғи  ірі,  қақпақ  тастардан
салуда  аса  шеберлік танытқан. 

Я
Қола заманында алғашқы адамзат қоныстанған қүрылыстар 
жалғыз  Беғазы  тауынан  ғана  емес,  Орталық  Қазақстандағы 
Тоқырауын,  Нүраі  Сарысу,  Есіл,  Ш ідерті,  Түндік,  Жарлы 
өзендерінің  бойларынан  да  кездеседі.  ^ола  дәуірінің  соңына 
таман  тастардан  қоныстар  турғызу  мықты  өріс  алыпты.  Жеке- 
жеке ошақтары бар, көп бөлмелі турғын үйлер де пайда болыпты. 
Қүрылысқа  қашалған  гранит тастарды  пайдаланып  отырыпты.
Беғазы-Дәндібай  мәдениетін  зерттегенде,  Әлекең  көне 
тайлалардың  мал  өсірудегі,  кен  қазудағы  және  металл 
балқытудағы  шаруашылық  әдістеріне  де  мән  берілті.бул  кәсіп 
басталқы  қауымдастық  өмірде  еркектерді  жетекші  орынға 
шығарылты.  Тайлалардың  басты  тірш ілік  саласы  саз- 
балшықтарды  ертеу,  қүм,ыра  жасау  енерімен  байланысты 
болылты.  Кітапта  солардың  ондаған  әдемі  суреттері,  тамаша 
үлгілері де жеткілікті усынылған. Мәселен, бірқатар білезік, сырға, 
алқа,  кемер  белдік  тэрізді  зергерлік  бұйымдардың  нәзік,  сұлу 
ернектері, оймыштары, бейнелері кез тартады. Әшекейлі заттарды 
жасауда туған халқымыздың әбден қалылтасқаң ұлттық енерінің 
сыр-сылаты  кітаты  оқыған  сайын  қайран  қалдырады. 
Щ
Сарыарқа  даласының  қола  дәуірінде  керамика  енері 
айырықша дамыған  екен.  Бүл женінде  Әлекең:  “Жазба деректер 
болмағандықтан,  керамика  қола  заманының  мерзімін  анық 
керсететін  бірден-бір  дерек  кезі  болып  табылады”,  -  дейді. 
Шындығында,  сәулет  қүрылыстары  сияқты,  бүл  мерзімде  әр 
кезеңнің  керамикасы  езіндік  түр-силатымен  нешеме  алуан 
әшекей-өрнектерімен және жасалу мәнері-тәсілімен ерекшеленетіні 
даусыз.  Академик  Ә.Х.  Марғүлан  Беғазы-Дәндібай  қорығында 
қазба  жұмыстарын  жүргізгенде,  қоныстар  мен  кесенелерден 
табылған керамиканың түрі мен өрнектері жаллы бір-біріне үқсас 
екеніне  жете  назар  аударды.  Ол  көп  топш ылаулар  мен 
сипаттамалар  айтқанда,  оларды  езіндік  қайталанбас  енер 
туындылары  дел  санады. 
Я

Бұл  күрделі  үлкен  ғылыми  еңбектен  менің  тағы  бір 
байқағаным,  Әлекең  Орталық  Қазақстан  даласынан  табылған 
үлкенді-кішілі  көне  кешендерді,  шаруашылық,  тұрмыстық 
деректерді  бір  жүйеге  келтірген  екен.  Академик  өзінің  осы 
кітабында  мынадай  түжырым  жасапты:  “Беғазы-Дәндібай 
мәдениеті Оңтүстік Сібірдегі  Карасук мәдениетінен белек, өзіндік 
дербес  жағдайда  дамығанын  атап  өтуіміз  керек.  Беғазы- 
Дәндібайдың  материалдық  мәдениеті  туралы  аса  бай  ғылыми 
мәліметтер жиынтығы бүл мәдениеттің бастауын Оңтүстік Сібірден 
емес,  Орталық  Қазақстандағы  кене  металлургия  орталығынан 
іздеу керек екенін және дәлірек айтқанда, оның Карасук мәдениетіне
тигізген зор ықпалын айқын аңғартады”. (390 б).
Бүл  дәйекті  пікір  бізге  көп  жайды  үқтырады.  Байыптап
бағдарласақ,  көне дәуір  мәдениетіне  тереңірек үңілсек,  әлемдік 
еркениетке  қазақ  елінің,  оның  ішінде  Орталық  Қазақстанның 
қосқан  үлесі  зор  екенін  түсінеміз.  Демек,  атақты,  көрнекті 
ғалымның  артында  қалған  асыл  мүраларының жинақталып,  14 
том  болып  шығатыны  біздің  өскелең  халқымыз  үшін  үлкен 
қуаныш арнаған және осы кітаптың бірінші бетіне басылған алғы 
сөзі  мүны  толық  дәлелдейді.  Тек,  сөз  соңында,  “Атамұра” 
корпорациясына  айтар  базынамыз,  Әлекеңнің  келесі  томларын 
шығарғанда,  оны  тираждан  қыспау  қажет.  Бүндай  аса  бағалы, 
рухани  асыл  дүниенің  халыққа  барынша  мол  тарағаны  жөн.  ад 
көрнекті  ғалымның  артындағы  зиялы  ұрпаққа  қалдырып  кеткен 
әрбір  жазбасын  ешбір  шашау  шығармай,  асқан  үқыптылықпен 
қүрастыруда  Ш.Ш.  Уәлиханов  атындағы  тарих  және  этнология 
институтының шығармашылық үжымы  мен басшылығына табыс
тілейміз!...
2000
 ж.
211

Ж олдасбек  ҚҰРМ АНҚҰЛОВ,
әалым
  I
ҒАЛЫМДАРДЫҢ ҒАЛЫМЫ  ӘЛКЕЙ  МАРҒҰЛАН
Қоғамдық ғылымдардың барлық саласынан терең білімі бар, 
соңына  мол  мұра  қалдырған  Әлкей  Хақанулы  Марғұлан 
ағамыздың  барлық  еңбегін  бір  мақалаға^ сыйғызу  мүмкін  емес. 
Олар  туралы  жазылып  та  жүр,  әлі  талай  іргелі  зерттеулердің 
жарық  көрері  хақ.  Сондықтан  Әлекеңнің  Қазақстан  ғылымында 
кенжелей дүниеге келіп,  аз уақытта халқымыздың көне заманғы, 
жазба  мәліметтері  жоқ,  сырлары  жер  қатпарлары  арасында, 
жартастар  бетінде,  үйілген  обалар  мен  тебе  болып  қираған 
қалалар  астында  сақталған  талай  жарқын  беттерін  ашқан 
археология  ғылымына  сіңірген  зор  еңбегімен  қысқаш а 
таныстырып  өтейік. 
Ж
Қазақстанда 1946 жылы Ғылым академиясы қүрылған кезден 
бастап археологиялық зерттеулер жүйелі түрде жүргізіле бастады. 
Осы  жылы  тарих,  археология  жэне  этнография  институты 
қүрылып,  археология  бөлімі  ашылды.  Әлекең  ұзақ  жыл 
жетекшілік  еткен  түңғыш  Орталық  Қазақстан  археологиялық 
экспедициясы  кең  даланың  көне  заман  түрғындарының  тарихи 
сырын  ашуға  сапар  шекті.  Сол  жылы  барлау  жұмыстарының 
нәтижесінде Сарысу мен оған құятын үлкенді-кішілі Жезді, Кеңгір, 
Атасу,  т.б.  өзендер  бойынан  әр  заманнан  қалған  жүздеген 
ескерткіштер ашылып, Сарыарқаны босыған аң мен мал соңынан 
көшіп жүрген мәдениеті төмен ел мекен еткен деген үғымныңтеріс 
екендігі  дәлелденді.  Келесі  жылдары  Сарысу,  Нүра,  Тоқырауын 
өзендерінің салаларынан тас дәуірінің тұрақтары,  қола дәуірінің 
зираттары мен елді мекендері, сақтардыңобалары, түркі-қыпшақ 
тайпаларының  тас  қоршаулары  мен  мүсіндері,  орта  ғасырлық 
кесенелер мен қалалар табылып зерттелді. Осылай үш-төрт жыл 
көлемінде  Ертіс  пен  Торғай,  Есіл  мен  Шу  аралығында  көне 
өркениет  куәларының  көп  табылуы  ең  алдымен  Әлкей  ағаның 
осы  өлкеге  байланысты  тарихи  деректерді  терең  білетіндігінің 
арқасында  еді.  Ол  Ленинград,  Мәскеу,  Орынбор,  Омбы,  Қазаң
212
X

т.б.  қелалардың  архивтерінен,  кітапханаларынан  қазақ  жеріне 
келіп-кеткен,  зерттеген,  орта  ғасырлық  саяхатшылар  мен 
ғалымдардың, одан бергі XVII-XIX ғасырларда Европа және Россия 
шенеуніктерінің  әскери  қызметкерлерінің,  саяхатшыларының, 
ғалымдардың барлығының дерлік деректерін жинаған. Екіншідең 
жер танығыштығы, тарихи топографияны жетік білетіндігі де көп 
пайдасын  тигізді.  Әдетте  адам  баласы  қай  кезеңде  болсын 
табиғат шаруашылығына жайлы келетін жерлерді мекен еткен ғой. 
Сондықтан да Әлекең алғашқы жылдары өзен-көл жағалауларың 
ағаш  өскен,  шөбі  шүйгін,  суы  мен  мол  бұлақтары  бар  тау 
аңғарларын байыптап қарап, ертеде кен өндіріп, мыс, алтың күміс 
балқытып  орындарды  да  назарынан  тыс  қалдырмаған.  Оның 
табиғи байқағыштығы,  оқығаң  көрген  мағлүматтарын  өмір бойы 
үмытпайтын  зеректігі  көп  кісінің  бойынан  табыла  бермейтін 
ерекше қасиеті еді. Оны мен 1978 жылы ол кісі “Биғазы-Дәндібай 
мәдениеті” деген  үлкен  еңбегін  баспаға дайындап жатқан  кезде 
екі-үш  ай  басылған  беттерін  оқысып,  суреттерін  дайындауға 
көмектескен  кезімде  кердім.  Кейбір  кезде  тексте  берілген 
сілтемелердегі  басылмай  қалған  авторлардың  аты-женін, 
еңбегінің  атын  және  беттерін  жадынан  айтатын.  Оны  кейіннен 
салыстырып қарағанымда дәл шығатын. Демалып отырған кезде 
өзі жиырма жылдай бүрын болып кеткен сол кезде зерттеу жүргізіп 
жатқан Ақадыр, Жаңаарқа  ауданының кейбір  кісілерің  олардың 
сол кезде 5-10 жастағы балаларының атарын атап, сүрастырып,
келесі жылы барғанда сәлем айт дейтік
Әлекең археология ғылымына мамандар даярлауға кеп көңіл
бөлген.  Экспедиция  құрамында  қазір  тарих  ғылымына  кең 
танымап ғалымдар К.А. Ақышев, Ә.М. Оразбаев, М.Қ. Қадырбаев, 
А.Г. Максимова, Т.Н. Сенитова,  Г.И.  Пацеевич, С.М. Ақынжанов,
С. Жолдасбаев қызмет істеп, есіп  шыққан.
Ә.Х.  Марғүлан  археология  ғылымының  барлық  салаларын
жетік  меңгерген  ғалым.  Оның  неолит  кезеңінің  қабірлерінің 
сипаттарынан  басталып,  қола  дәуірінің  барлық  кезеңдері 
ескерткіштері, кен өндіріп, мыс балқыту тәсілдері мен орындары, 
түркі-қыпшақ  тас  мүсіндерінің  сырлары,  ертедегі  суландыру 
жүйелері мен тоғандары, көне сәулет енері, енер туындылары орта
213

ғасырлық үйтастар  мен дыңдар,  қалалар  мен  кесенелер туралы 
жазған еңбектері қазір жеке-жеке ғылыми зерттеу тақырыптарына 
айналды.  Әлекең,  әсіресе,  қола  дәуірін,  оның  ішінде,  қола 
дәуірінің  ең  кемелденген  ерте  темір  дәуіріне  немесе  ерте 
көшпелілер  дәуіріне  өтер  кезеңі  Беғазы-Дәндібай  мәдениетін 
терең зерттеді. Өйткені б.з.б. II мыңжылдықта, қола дәуірі кезінде
бұрын табиғат берген азықлен күн көріп журген халық үлкен-үлкен 
түрақты  қоныстарға  орналасып,  шымнан,  тастақ  бөренеден  үй 
түрғызып,  қолына төрт түлік мал асырал,  кетлендеп егін егіп, кен 
өндіріп,  мыс  балқытып,  қоладан  құрал-сайман  құйып,  саздан 
ыдыс жасауды  кәсіп етуді үйренеді,  өндірген өнімдері өз қажетін 
етеуден артылыл, тауар алмасып, алғаш сауда ісінің басталуына 
мүмкіндік туғызады. Археологиялық қазбадан табылған Оңтүстік 
Сібір  бүландарының  мүйіздері  мен  одан  жасаған  бүйымдары, 
ертеден  отырықшылық  мәдениеті  дамыған  Орталық  Азияның 
айналмалы  тұғырда  жасалған  көзелері  т.б.  заттарға  қарағанда 
Орталық  Қазақстанның  тайпаларының  өндірген  мысы  мен 
қоласы талай жерлерге таралған Қола дәуірі кезінде қазіргі қазақ 
халқының шаруашылығының, түрмыс-салтының, әдет-ғүрпы мен 
өнерінің іргетасы  қаланады. 
:'$ Я Ш
Қола  дәуірінің  жүздеген  ескерткіш і  Әлекең  мен  оның 
ізбасарларының  зерттеуміне  тарихқа,  энциклоледиялық 
еңбектерге  енді.  Ғұлама  ғалымның  тарих,  әдебиет,  өнертану, 
әсіресе археология саласында ашқан жаңалықтары мен еңбектері 
жоғары  бағаланыл,  Ғылым  академиясының  Ш.  Уәлиханов 
атындағы  сыйлығы  мен  Қазақстан  Мемлекеттік сыйлығын  алды.
Ә.Х.  Марғүлан  талмай  ізденгіш ,  күн  жылынып,  жаз 
басталысымен  далаға  аттанар  еді.  Қызмет  қуу,  даңққүмарлық, 
даңғазалықты  ұнатпайтын  қарапайым  кісі  болатын.  Әлі  есімде, 
1974  жылы  сол  кісінің  тапсырмасымен  Павлодар  облысы, 
Баянауыл  ауданында  Әулие  Қызылтау  ішіндегі  Тағыбай  бүлақ 
қонысын қазып жатқан кезімізде аяқ астынан Әлекең келді. Қазба 
жүмысын М.Қ. Қадырбаев басқаратын. Оның алдында біз Ақтөбе 
облысында  болып,  сарматтардың  обаларын  зерттеп,  бірқатар 
әсем  бүйымдар  тапқан  болатынбыз.  Әлекең  алдымен  қазып 
жатқан қонысымызды көріп, табылған заттарды көріп, ризалығын

білдірді. Мир Касымұлы ол кісіге Ақтөбедегі обалардан табылған 
заттарды көрсетті. Әлекең әр затқа балаша қуанып, “Поздравляю, 
великолепные  находки”  деп  қайта-қайта  құттықтайды.  Кейіннен 
білдік,  Алматыда  академик  Әлкей  ағаның  70  жылдығын  атап 
өтпекші болып жатқанына қарамастан далаға  шығып  кетіпті.
Ә.Х.  Марғүлан  соңғы  рет  экспедицияға  1976  жылы  жазда 
Жезқазған облысы, Ақадыр ауданындағы Атасу қонысын  қазып 
жатқанымызда  келіп,  мыс  балқытылған  пештерді  көріп  қуанып
қайтты.
Әлекең  халық  арасында  аса  сыйлы,  құрметті  болатын. 
Соңынан  облыс  әкімі,  аудан,  басшылары  ілесіп,  сый  құрмет 
көрсетіп  жүретін.  Әр  тоқтаған  жері  жиынға  айналатын.  Өзімен 
жүздесеміз, әңгімесін тыңдаймыз деп лек-легімен келіп жататын. 
Күндіз  қазбаны  көріп  қайтқан  соң,  кеш  түсе  Әлекең  әуелі  сол
төңіректің аңыз-әңгімелерің  атақты  кісілері,  әйгілі  бәйге  бермес 
сәйгүліктері,  жүйрік  тазы,  қыран  қүсы  туралы  майын  тамыза 
әңгімелей  келе,  қазақтың  кене  тарихын  бүкіл  дүниежүзілік 
тарихпен салыстыра отырып баяндап,  кейде түн жарымы,  кейде 
таң сыз бергенге дейін отырушы еді. Тыңдаушылары қатты риза 
болатын. Сол ризашылық пен ғүлама ғалымға деген қүрмет белгісі 
vaoair  vsmk’ui  япяпынлэ  сактаүлы.  Оның  көрінісі  Қазақстандағы
жүгіріп жүрген
1998 ж.

Ж арыле ап  Бейсенбаев
жазуиіы
КЕҢ ОЙДЫҢ КЕМЕЛ  БИІГІ
-  Ә,  кед  кед  - деді  академик  есіктен  кіріп  келе  жатқан  мені 
көріп. 
I  
I
-  Ассалаумағалейкум,  Әлеке!  -  деп  ұмтылып  барып  төрдегі 
жумсақ диванда  отырған  ақсақалдың қолын  апдым.
-  Анау  орындықты  әкеліп,  бері  жақынырақ  жайғас,  -  деді 
Әлекең.
(Ш ет керек  түрәан  арқалы  орындықты  сүйрей  көтеріп 
әұламаның алдындаәы аласа столдың бір шетіне мен де жанаса 
келіп  отырдым.  Стол  үстінде  шаәын  дәптер  жатыр.  Беті 
ширатпа араб жазуына толы. Жанында қаламсап).
Академикті  80-ге  келген  жасымен  құттықтап,  денсаулығын 
хал-жағдайын  сұрастырып  жатырмык
-  Жақсы,  жақсы.  Кешелері  ғана  ауруханада  аз  күн  жатып 
келген бетім. Соңғы кездері осылайша ауық-ауық емдік курс алып 
қайтатын  «әдет»  тапқанмын.  Кәрілік  келгесін  адам  бір  ауық 
денсаулығына да  қарамаса  болмайды  екек  Әйтпесе  осы  жасқа 
дейін  ауруханаға  үйір  болмаған  адаммын  ғой.  Қазір  жағдайым, 
көңіл-қошым жақсы. Міне, ертелі бері жұмыс істеп отырмың - деп 
алдындағы  дәптерді  нұсқады.
- Соңғы  шыққан  «За рубежомды» оқыдың ба? Сонда жазған 
ғой.  Адам  бойында  секесеннен  асқаннан  кейін  еңбек  қабілеті 
артатын  кезең  туады  деп.  Сол  дүрыс.  Қазіргі  кезде  жүмысқа 
ықыласымның тәуір екенін өзім де байқап жүрмік  Ісім өнімді.
Содан кейін маған қарады.
- Сөйтіп «Лениншіл жастан» келдім де. Сендердің газеттеріңді 
жақсы  білемін.  Анау  отызыншы  жылдары  оған  біраз 
мақалаларымды  да  жариялатқанмын.  Өзін  кеп  жылдар  бойы 
жаздырып алып та түрдым. Халыққа, жастарға керек дүниелерді 
мол шығарасыңцар.  Өзінің тиражы қанша қазір?
- 300  мыңцы  теңіректеп  түр.  Әлеке!

-  Е,  талай  адам  оқиды  екен  ғой.  Бір  өзі  қаншама  жасты
тәрбиелеп жатыр десейші.
- Сол қалың оқырманға Сіздің 80 жылдығыңызға байланысты
тоймақала дайындау маған жүктеліп еді.
- Өзін жазасың ба?
\
 
- Иә.
Онда әуелі сған ескертерім, бұған дейінгі көп дүниелерде м«ні 
көбінесе  этнограф  ретінде  басыңқырап  айтып  жүр.  Соған 
қарағанда менің екі ғылым докторы екінімді көп жұрт біле бермейді 
ғойдеймін 1946жылы «Қазақ халқының эпикалық шығармалары» 
атты  тақырылты  қорғал,  филология  ғылымының  докторы 
атанғанымнан  басқа,  ВАК  кейіннен  маған  Ежелгі  Қазақстан 
жеріндегі мәдениет пен өнер үлгілерің қалалар мен сәулет өнерінің 
тарихын,  қазақтың  халық  өнерін  зерттеген  бірқатар  кіталтарым 
мен  еңбектерім  үшін  өнертану  ғылымының  докторы  атағын 
қорғатпай-ақ  берген.  Сондықтан  да  мен  өзімді  ең  әуелі 
енертанушымың  одан  кейін  Шоқанды  зерттеушімін  (оған  қанша 
жылымды  арнадым),  сосын  ғана  барыл  әдебиетшімін, 
этнографлын,  археологпын  дел  есептеймін.  Осылай  дел
жазарсың.
-  Мақүл,  Әлеке.  Халқымызға  Сіздің  жан-жақты,  ғылым 
салаларын  меңгерген  ғүламалығыңыз  жақсы  мәлім.  Сіз  жазған 
талай-талай мәйекті дүниелеріңізді бәріміз де іздел жүріл тамсана 
оқимыз.  Осындайда  оқырман  кекейінде  Сіздің  ғылымға  қалай
келгеніңізді  білсек дейтін  сауалдың түратыны  да  анық.
(Әлекең кеп бегелген жоқ. Аздал тотығыңқырапшыққан майда 
үнмен сөйлеп кетті. Асылы, Әлекеңнен әңгіме тыңдаудан жалығу 
еш  мүмкін  емес.  Аслай-саслай  бірқалылты  әуенмен  есілген  үн 
әркімді де шалқыған ой дариясына бастал кетеді. Қазақ тіліндегі 
небір  шүрайлы,  ажарлы  сөздерді  кең  қолдана  отырып  шешен 
сөйлейтін  ғүлама  кепке  белгісіз  жайлар  жайында  ағыл-тегіл
толқытады).
- Мені тікелей ғылымға әкелген бірден-бір адам Мүхтар.  1924 
жылы  Семейде  педагогикалық  техникумның  үшінші  курсінде 
жүргенімде,  бізге  сол  кезде  Ленинград  университета  оқитын 
Мүхтар  Әуезов  келіп  әдебиеттен  сабақ  берді.  Мүхтардың  ол
Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Монография өиделіп, толықтырылган бесінші басылымы
buuk -> Қүрал болумен бірге, сол кездегі иіаруаиіы
buuk -> {С Қырыкбай Мніанұлы Алдабергенов Ерлаи Мұхтарұлы Арын
buuk -> Монография «Тұран-Астана»
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі а. Р. Ерментаева
buuk -> КітлихлиАсъі Жүсіпбек Аймауытов
buuk -> Бағдарламасы бойынша шығарылды
buuk -> Д. филология ғьш ы мдары ны ң кандидаты
buuk -> Казакстан республикасыньщ б1Л1м жэне рылым министршг1

жүктеу 4.84 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет