Б 63(5К) ■f 94 Jew шттшш f t i f f щ


§ Орталық  Қазақстанда  осыдан  аттай  2  мың  жыл  бұрын



жүктеу 4.84 Mb.
Pdf просмотр
бет15/19
Дата16.01.2017
өлшемі4.84 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
§
Орталық  Қазақстанда  осыдан  аттай  2  мың  жыл  бұрын 
қалыптасқан «Беғазы-Дандыбай мәдениеті», бүгінгідей батыстан 
немесе мүхиттың арғы жағынан әкелінген мәдениет емес.
Ол осы өңірде лайда болып, гүлденіп дамыған төл мәдениет. 
Әрине,  оны  томаға түйық жағдайда  қалыптасты деуге  келмейді. 
Керісінше,  Жезқазған  аймағында  бұдан  екі  дәуір  бұрын  металл 
қорытылған.  Ғни,  Ж езқазған  өңірі  түсті  металлургияның 
дүниежүзіндегі  аса  маңызды  орталығына  айналған.  Бүгінгі 
Қаракерей даласы, солтүстік Бетлақдала, Атасу алқабы, Ұлытау 
аймағында  атазаманғы  кен  қазған,  мал  бағыл,  егін  еккен 
қалашықтардың  жұрты  жатыр.  Соның  барлығын  түгендей  келе 
ғұлама,  өзі  ашқан  өркениет  қақы нда  бүлтартпайтындай 
археологиялық дәлелдерді  көлденең  тартады.
-  Қазақ  әдебиеттану  саласын  да  Әлкей  Марғүлансыз
елестету мүмкін емес қой. 
лг  -  ‘  ^
Иә,  солай.  1929  жылы  оқу  бітіріл  келе,  Алматыдағы  Білім 
министрлігінің  жанындағы  «Жаңа  әлілби»  комитетінде  қызмет 
істеген.  Министрліктен  Әлекеңе  өзге  мамандармен  бірге,  араб 
қарпінен  латынға  көшу  мәселесін  шешуді  тапсырады.  Осы 
мақсатпен Әлекең «Еңбекші қазақ» газетіне дүркін-дүркін мақала 
жазған.  Оған  қоса  1920-1921  жылдары  Әбубәкір  Диваев
т

экследициясы  жинаған  қазақ  ауыз  әдебиетін  жүйелеуді  қолға 
алады.  Ол  туралы  «лекең былай дейді:
«Сол 
күннен  бастап,  Ә.  Диваевтың  экспедиция 
материалдарын  тәртіпке  түсіре  бастадым.  Бұл  топтағы  көп 
дәптерлерді  Ә.  Диваев  Жетісу,  Сырдария  өлкесін  зерттегенде 
жазып  алған,  кейбірін  қолжазба  түрінде  тапқан.  Оның  барлық 
жазып алғаны -  екі жүз қырық дәптер,  болмаса сегіз мың беттік 
фольклор қазынасы.... -  Қорқыт, Алпамыс, Қамбар, Қозы Көрпеш -  
Баян  сұлу,  Едіге,  Ер  Тарғын...  Бір  Қорқыт  хикаясының  өзі  сегіз 
дәптер...  қария  сөздер,  мақал-мәтелдер,  Асан  қайғы,  Бұхар 
жырау,  Абылай,  Әбілқайыр  туралы  аңыздар.  Осы  қазынаны 
көруге құмар үш жазушы -  Мухтар,  Сәкен,  Ілияс болатын  Сәкен 
күн сайын  келіп, Асан  қайғы, эпос жырларын  көп сұрайтын еді». 
Ә.  Диваевтың  бүл  алтын  қазынасы  бізге  сол  қалпында  келіп 
жетпеді.  Ол әркімнің қолына түсіп, жоғала бастады.  Қалғандары 
Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының  кітапханасы  мен  Орталық
мұрағатта  сақтаулы  түр...
-  Ақталған  Сәкен  мен  Ілиясты  және  Мухтарды  ауызға
алғаны  түсінікті.  Әсіресе,  Әлекеңнің  Коммунистік  партияға 
мүшелікке  өтуге  талпынбай  өтуі, таңқаларлық.
- Әлекең 1985 жылы қаңтарда дүниеден озды. Одан төрт жыл 
өткесін  барып,  Әлихан  Бөкейханов,  Ахмет  Байтұрсынов, 
Міржақып  Дулатов,  Жүсіпбек  Аймауытов,  Mafжaн  Жумабаев,
Мустафа  Шоқайлар ақталғаны  белгілі.
Егер  сол  арыстарымыз  Әлекеңнің  көзі  тірісінде  ақталғанда, 
бүгінге  дейін  біз  білмейтін  қаншама  сырдың  тиегін  ағытар  еді. 
1931-38  жылдары  Мәскеу жақта  жүргендіктен  ғана  аман  қалған 
Әлекең,  ғүмырының  соңына  шейін  «Могиканның  соңғы 
туяғындай» күй кешті. Ешқандай қызметке, дәлірегі — коммунистік 
партияға  мүшелікке  өтуге  ұмтылмады.  Өйткені,  Әлекең  іштей, 
сөзсіз,  коммунистік  жүйеге  қарсы  болатын.  Жалындап  түрған 
жастық  шағында  өзі  аялы  алақанын  көрген  Алаш  абыздарын, 
ешқандай  аяусыз  қырқып-қырқып  түскен  коммунистік  пышаққа 
іші жылымай өткені — ақиқат. Сондықтан мундай партия қатарынан 
өзін  көргісі  келмеуі  — ерлік деп  бағалауға  лайық.  Әйтпесе,  улы 
ғалым  екені  әлдеқашан  мойындалған  түлғаға  партияның  електі
есігі айқара ашыла салары анық болатын.
195

Арыстар  дегеннен  шығады.  Әлекең,  Сәкен  Сейфуллиннің 
«Тар жод тайғақ кешу» романы бұрынғыдан қысқарып шыққанын 
жиі  айтатын.  Себеп,  сол  шақтағы  бір  ықпалды  адамдардың 
туысқандары  жасаған  қылмыс  жайлы  ашық  баяндаулары 
алынып  тасталыпты.  Енді,  баяғы  толық  нұсқасымен  қайта 
бастырту  міндет,  меніңше.
-  Халқымыздың  ертегі,  аңыз  әңгіме,  жырлары  бергі  XV- 
XIX  ғасы рларда  пайда  болған  деген  Кеңестік  ғылыми 
түжырымды  да  талқандаған  Әлекең  ғой.
-  Оның  рас.  Әлекең қайтыс болған  1985 жылы  күзге  салым, 
«Ежелгі  жыр  аңыздар»  атты  әйгілі  еңбегі  жарық  көрді.  Кітап 
тікелей  белгілі  ғалым  Рахманқұл  Бердібаевтың  бөлсенділігімен 
«Жазушы»  баспасынан  еш  кезексіз  басылып  кетті.  Әлекеңнің 
жоспардағы  кітаптары  баспада  сүрленіп  жатқанда,  аяқ  астынан 
шыққан  осы  кітап,  ғылыми  орта  үшін  үлкен  жаңалық  болып 
қабылданды.  (Осы  орайда,  Рахманқүл  Бердібаевтың 
азаматтығын  атап  айту,  парыз  деп  ойлаймын.  Өзі  баспада 
істемесе де,  жолын тапты  әйтеуір).
Жаңалық  болатыны  -   эпос  тудырған  ортаның  мәдениетке 
қосқан  үлесі,  ең  ескі  дәуірдегі  халықтық  аңыздары,  ежелгі 
ғасырлардағы  ерлік  бейнелер,  кісі,  ел  аттары  олардың  тарихи 
негізі,  «Манас»  жырының  қай  кезде  шыққаны  туралы,  Қорқыт 
туралы  қазақтың  қария  сөздері  атты  тақырыптардағы  тың 
зерттеулер,  ежелгі  ғүн,  түркі,  оғыз,  қыпшақ  замандарында  туып 
бізге  жеткен  әдеби  үлгілерді  сөз  етеді.  «Ер  Төстік»,  «Манас», 
«Алпамыс»,  «Қозы  Көрпеш  -   Баян  сүлу»,  тағы  басқа  жырлар, 
ертегілер  бәзбіреулер  айтып  жүргендей  XV  ғасырдан  бергі 
мұралар  емес,  біздің  дәуірімізге  дейінгі  ғүн  заманынан  келе
жатқанын  дәлелдейді. 
Я
Ғалымның  телегей-теңіз  біліміне  таңқаласыз.  Қызық  үшін
мына  үзіндіні  келтіре  кетелік: 
I
«Қытай  жазбаларында  ол  кездегі  ғұн,  үйсін,  қаңлылар 
өздерінің қоғам қорғайтын батыр, ерлерін көбінесе «тәңірі» - «күн» 
деп  атайтын  болған.  «Тәңірі»  ескі  үйсіндердің  тілінде  «мықты», 
«ер»,  «құдіретті»  деген  мағынада  жүмсалып,  кейін  табынатын 
нәрсеге (көбінесе аспанға) айналады.
196

Ә.  Марғұлан  жүмыс  үстінде


4  
к
5

X
ф
Q.
Ф
-8-
z
о
*
s
5
с
ц-
z
со
с;
г
Q.
Г С
Ф

Дала  кезген  данышпан
Монголия  экспедициясы

Академик  Ә.  Марғүланның  жүмыс  кабинеті

Бетпақ  даладағы  экспедиция
Сарыарқа  төсінде

Сары даланың төсіндегі ои

>
А
Ә .  М арғұлан С ары арқада

Балқаш  өңірінде

Балбал  таспен  сырласу

т
Ж
%

Ш
В
ф
 «вР*
-
•#&£ 
*4**^
Үлытау  даласында

Шәкірттерге  кеңес
Қарқаралы  қазбасы

штВш
Алтын  Шоқы  -  Сарыарқа  белінде

Экспедиция  нәтижесін  талқылау

Ғүн,  үйсің  қаңлы  дәуіріндегі  ерлік жырға  мазмүн  болған  бір 
әңгіме туралы қытай тарихы былай жазады: «Үйсіндер ғүндармен
І
аталас. Олардың ұлыс басқаратын биін (тәңірісін) ғүндар өлтіріп, 
оның  жетім  қалған  жас  баласы  жапан  түзде  жалғыз  қалады. 
Баланы маса талап, жүдете бастағанда,  қүстар келіп қанатымен 
I  масаны қуып, бөрінің қаншығы кеп оған сүтін емізеді. Ғүндардың 
«тәңірісі»  оған  қайран  қалып,  баланы  «киелі»  санап,  асырауға 
I  үйіне алдырады. Бала ержетіп «көкбөрі» (ер, батыр) атын алғанда, 
I] 
ғүндардың тәңірісі  оны  қолбасы  қояды...

Үйсіннің  жылқысы  қытай  әскерлерінің  ерекше  назарын 
аударады. Боз ат мінген үйсіннің жігіттері қытайларға «тәңірідей» 
керінеді. Сондықтаң  қытай хандары үйсіннің бектеріне ездерінің 
қыздарын  беріп,  жақын  болып,  үйсін  арқылы  ғұн  жүртын 
билемекші  болады...  Ылғи  күріш,  мейіз  жеп  өскен  қытай 
хандарының  қыздары,  малшылықпен  айналысқан  көшпенді
?  түрмысқа  көп  уақыт  көндіге  алмайды.  Бүл  туралы талай  ертегі, 
әңгімелер  туып,  үйсіндер  алған  қытай  хандарының  қыздары 
*  «мекіре қатын» аталады.  Бүлардың «мекіре» аталуы, біріншіден 
олардың денесі  ете  нәзік  болғандықтан  болса,  екіншіден,  үйсін 
көзіне  олардың  түрі  мекіре  балық  сияқты  керінгендіктен  болса
керек...

Бергі кездегі ертегі әңгіме бойынша осындай «мекіре қатынды» 
Асан қайғы да алып, бірақ одан  «бала тумапты» деседі.
Бүл  үзінділердің  тарихқа  да,  тілге  де  қатысуы  екенін  керіп
I I   отырсыздар.
Зерттеуден  бүдан  басқа  да  талай  қызғылықты  деректерді
I  келтіруге  болады:

«...  Әсіресе,  «Манас»  пен  (В.В.  Радлов бойынша) Күлтегінге
арналған басталуы бір-біріне өте жақык
Осындағы  қырғыздың  «Манасын»,  алтай  халқының  «Алып
Манашын»,  қазақтың  «Алпамысын»  Әлекең тегі  бір жырлар деп
қарастырады. Исі түркіге ортақ мүраларды зерттеуде де Әлекеңе
теңдес  табу  қиын.  Демек,  ол  кісіні  бүкіл  түркі  әлемі  ардақтауға
түрады.
Мұсылман  діні  келгенге  дейінгі  дәуірді  Әлекең  көзмаиын 
таусып  көп  зерттеген  ғалымдардың  бірі.  Сол  түркі  заманын

197

зерделеу қиынның қиыны. Өйткені, ол кезеңнен жеткен тастардағы  I 
жазудан басқа жазба жәдігерлік жоқ. Арабша жазғандықтан ғана  | 
бізге  жеткен  екі-үш  адамды  білеміз.  Олар:  әл  Фараби,  Жүсіл  | 
Баласағүни,  Махмуд  Қашқари,  Ғисамадин  әл  Сығанақидың  I 
арабша  жазылған  өлеңдері  ғана  жетті.  Түркінің  сонша  қүдіретті  I 
империясында  жазу  мәдениеті  жоғары  дәрежеде  дамығаны  | 
мәлім.  Турасы  -   мүсылман  діншілдері  де  (Римде  кітаптарды  I 
өртеген  христиан  діншілдері  секілді)  түркі  қағанаты  шығарған 
кітаптар  мен  қолжазбаларды  өртеген  болуы  керек.
Әгәрәки,  жоғарыдағы  «Күлтегін»  сынды  жәдігерліктер тасқа 
қашалмағанда,  тарихта  түркі  дәуірін  дәлелдеу  тіптен  мүмкін 
болмас еді. Содан да Әлекең ауыз әдебиетіндегі ежелгі ғүң түркі, 
оғыз,  қыпшақ  іздеріне  үңілді.  Оғыз  мемлекетінің  өкілі  Қорқытты 
сегізінші ғасырдың қойнауынан  іздеген де, ғылымда осы түсінікті 
орнықтырған да Әлекең. Тек қазақ емес,  қырғыз ауыз әдебиетін 
зерттеуде де  ең  сүбелі  үлес  қосқан  ғалымдардың санатында.
Әдебиеттің  аударма  саласымен  де  айналысып  көрген  екен. 
Мәселең Ч. Диккенс, А. Куприн, А. Серафимович, Мамин-Сибиряк 
шығармаларын  тәржімәлаған.  Ш оқанның  кейбір  хаттарын 
қазақшадан орысшаға аударғаны бар. Ад  «Манастың» бір бөлігі
-   «Көкетай  ертегісінің»,  Шоқан  аударған  орыс тіліндегі  тамаша 
нүсқасын, 
қырғызш адағы 
түпнүсқасымен 
салыстыра 
қазақшалағаны  керемет үтымды  шыққан.
Күлтегін  жазуында:
Төбеде  көк тәңірі,, 
<
Астында қара жер болғанда.
Манастың  басталуы:
Жер-жер болғанда,
Су-су  болғанда. 
щш
Өзге  үқсастықтан  тағы  мына  жолдарды  салыстыруға 
болады: 
|  
'  - 
-ЩШ
Күлтегін  жазуында:
1.  Үсте тәңірі  баспаса,
Астында  жер  айырылмаса.
2.  Жалаңаш  елді  тонды  қылдым,
Шығай ерді бай  қылдым.

Аз елді  көп  қылдым.
(С.Е.  Малов,  стр 31) 
f  
«Манас»  жырында:
1.  Жер айрылып  су шығып,
Көк айрылып  күн  шығып.
2.  Атсыз келген  шораға,
Аттан тұлпар мінгіздім.
Тозып келген шораға,
Тон  мықтысын  кигіздім.
- Айтпақшы,  тұңғыш  ғылыми  мақаласы  қашан  жазылғаң  не
туралы екенін  айтуды  кейінге қалдыра бердік?...
- Өзінің әңгімелеуінше, 1926 жылы Ленинградтағы Шығыстану 
институтының 
бірінші 
курсын 
бітіргесін, 
профессор
С.И.  Руденконың экспедициясына  қатысады.  Экспедиция  міндеті -  
Маңғыстау  халқының  мәдени  мұрасын  зерттеу  болған.  «Бірде, 
түнде  бір  ауылға  жақындадық,  дейді  Әлекең.  Сол  кезде 
домбыраның  күмбірлеген  даусы  естіледі.  Руденко  бастаған  топ, 
ат басын тартып, тыңдай қалғанымең ауыл иттері ат дүбірін есітіп 
қалып,  «аттандап»  әкетеді.  Сол  түнде  адайдың  бір  шалының 
«Ақсақ қүланды» жарты сағат төгілте тартқанына бәрі тебіренеді. 
«Бір өкінішті жағдай  «Ақсақ қүланды»  мәдениетіміз бен өнеріміз 
дамып түрған осы заманда дәл сондай етіп ешкімнің орындағанын 
көре алмадым» деген сөзінің жаны бар. Сол сапардан оралғанын
алғаш  «Адайлар»  атты  мақала жазыпты.
ТҰНЖЫРЛАРМЕН  ТІЛДЕСКЕН  ҒҰЛАМА

Сол  жылы  екінші  бір  экспедиция  Мәскеуден  Батыс 
Қазақстанды  зерттеуге  шыққан.  Әлекеңнің  айтуынша,  оның 
қүрамында әйгілі Әлихан Бекейханов болыпты. Ол шақта Әлихан 
атамыз  «хан  түқымы»  атанып,  көзге  шыққан  сүйелдей  керіне 
бергесін  шығар,  Мәскеуде түрған.  Ғүмырбаянына үңілсек,  1922- 
1927  жылдарда  Мәскеудегі  КСРО  Орталық  баспасының  қазақ 
бөлімшесінде  қызмет  істеген  екен.  Аталған  экспедицияны, 
әсіресе, Әлихан Бөкейхановты жергілікті жәмиғат тетенше ыстық
199

ықыласпен  қарсы  алған.  Қазақ  салтында  тек  ерекше  сыйлы 
адамға қонақасыға қүлың тай сойылады. Алаш ардақтысын жүрт 
тай сойып құрметтеген.
-  Әлекең  ғылымның  нешеме  саласын  терең  зерттеген 
әмбебап  ғалым  рөтінде  жазғаны,  жинаған  деректері  ұшан- 
теңіз.  Жалпы  мақалаларын  машинкаға  өзі  басушы  ма  еді?
-  1983 әлде 1984 жылы қызы Дәнел Ә/іекеңнің бір мақаласын 
дереу  бастырту  керек  болғасын  әр  бетіне  60  тиыннан  телегені 
есімде.  Асықпаған  жағдайда  қолжазбасын  пүлымен  қоса  бізден 
беріп  жіберетін.  50-60  тиын  ол  кезде  кәдімгідей  ақша.  Сондай, 
адал адам.  Ешкімнің еңбегін жемейтін.
Кезінде  Мүхтар  Әуезов,  Ілияс  Есенберлин  қатарлы  кісілер 
жеке  машинистка  үстағаны  мәлім.  Олардың  мүмкіндіктері, 
қаржылары  бар  болды.  Әлекеңнің  олай  істеуге  жағдайы 
кетермеді.
Арабша  жазғанын  кебіне  Зейтүнә  деген  бір  апайға 
бастыртатынбыз. Себебі, Зейтүнә тэте жазуды білетіндіктен тура 
кирилшегетүсіріп беретін. Орысша қолжазбаларын энциклопедия 
редакциясына  апаратын  едік.  Ондағы  қыздар:  «Әлекеңнің 
қолжазбасының бір беті машинкамен екі бет шығады. Уақытымыз 
жоқ» десіп қиналып қалатын. Өте үсақ жазатын-ды. Шамасы қағаз 
да қат болған шығар.
-  Кандидаттық  еңбегі  «Историческое  значение  ярлыков  и 
пайзе»  деп  аталыпты.  Бірақ  оның  алдында  берілген  тақырып 
басқа екен.  Неге?
- Расында отызыншы жылдарда академик С.Ф. Ольденбургтің 
жетекшілігімен «Ежелгі ШығысТүркістан мәдениеті» деген атаумен 
қорғамақ болса керек.  Шығыс Түркістаннан әкелінген деректерді 
жүйелеу және содан ғылыми еңбек қорғау тапсырылғак Кейіннең 
яғни,  1940 жылдардың басында езің айтқан тақырыпта қорғаған 
Жетекшісі -Д Ю . Якубовский.  Біздің болжауымызша, аталған екі 
академик дарынды  жас ғалымға таласып  қалуы  да  ғажап  емес. 
Әйтеуір,  4-5  жыл  кешігіп  барып  кандидаттыққа  қолы  жеткен. 
Сондағы оппоненттері дүние жүзіне белгілі ғалымдар С.Е. Малов 
пен (Бичуринді сынаған қытайтанушы) Н.В. Кюнер. Демек, мүндай 
кешелі  ғалымдар  мән  берген  тақырыптың  Кеңес  ғылымы  үшін

таңызы  жоғары  болғаны  анық.  Әлекеңмен  аспирантурада  бірге 
оқыған  жастар  -   (кейіннен  «Еңбек  Ері»)  А.П.  Окладников  және 
және А.Н. Бернштам, С.П. Толстов, К.В. Сальников, И.И. Смирнов 
сынды  кілең ұлылар.  Осыдан-ақ,  ортасы  осал  болмағанын  көре
аламыз?
- «Халық жауы» атанып атылып кеткен арыстарымыздан кімді
ауызға  көп  алушы  еді?
-  Хамза  Абдуллинді  жақсы  көретін,  тонның  ішкі  бауындай
араласып,  сырласып  жүретін.  Хамзамен  Омбыда  Мағжанның 
үйінде танысыпты. Мағжан мен Хамза етжақын туысқан. Екеуінің 
әңгімесі  тек  Мағжан  жайлы  болатын.  Сондықтан  бірде  мағжан 
шығармаларын  бастыру  жөнінде  Бейбіт  Қойшыбаев  екеуміз 
Орталық  комитетке  хат  жазғанымыз  бар.  Себеп,  Мағжан  60- 
жылдарда негізінен ақталған Оған Әлекең қол қойғанымен, Ғабит
Мүсрепов  пен  Ғабиден  Мүстафин  көнбеді.
-  Енді  тас  мүсіндер  (түнжырлар)  қақындағы  зерттеулеріне
келсек?
-  Бүл  орайда,  «Ұлытау төңірегіндегі  тас  мүсіндер»  атты  бір 
мақаласының  әр  жерінен  үзінді  келтірсек  жөн  секілді.  Еңбек 
«Ежелгі мәдениет куәлары»  атты  біріккен жинақта жарық көрген 
(«Ежелгі  мәдениет  куәлары»,  «Қазақстан»  баспасы.  Алматы  -  
1966 жыл).  Кітап  редакциясын басқарған  Әлекеңнің өзі.
«Сыртқы  қүрылысы  бойынша  тас  мүсіндер  екі  түрде 
кездеседі:  бір  тобы  граниттен  жасалған  төрт  бұрышты  тас 
шарбақтың күншығыс жиегінде, екінші тобы үйген тас обалардың 
күниығыс жақ етегінде. Тас мүсіндердің бұлай  кездесуі екі түрлі 
дәуірді көрсетеді: бірінші тобы ҮІ-ҮІІІ ғасырлардағы Түркі қағанаты 
кезіндегі  жүртшылық  салтымен  байланысты  болса,  екінші  тобы 
ҮП-ХІІІ ғасырлардағы Орталық Қазақстанды мекендеген Қыпшақ
тайпаларынан қалған ескерткіш білдіреді...».
«Халық аузында сақталған тарихи аңыздар бойынша, ас беру
тойына  әрбір  тайпалардың  елшілері  қатынасып,  өлген 
адамдарының  басына  ескерткіші  бірлесе  отырып  орнатқан,  әр 
тайпаның өкілі салт бойынша бір-бір тастан қоятын болған... Тас 
бағаналар тізбегінде мықты үлыстар орнатқан балбалдар қашан 
да  қүрметті  орында  түрады...  Орхон  жазуларындағы  деректер
201

бойынша Түркі қағандарының шарбақтарындағы бас балбалдар 
көбінесе  қырғыз бен тардүш тайпаларынікі...»
«...Өлген  адамның  басына  ескерткішті  өзінің  тірі  күнінде 
жасаған үйіне үқсатып қою көшпелі елдің салты болған. Сондықтан 
үйген оба, тұрғызған дың, үйтастардың бәрі де түр жағынан жазғы 
киіз үйге үқсаған...»
«Өткен  ғасырдың  60-жылдарына  дейін  тас  мүсіндердің  бір 
тобы  Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу  кешендер  қасында  тұрғанын  көп 
ғалым  жазған.  Бүл  ескерткішті  көрген  академик  В.В.  Радлов  ол 
кешеннің қай кезде жасалғанын, оның қасындағы тас мүсіндердің 
онымен  қандай  байланысы  барын  айырып  біле  алмаған, 
сондықтан  қате  пікірлер  айтып,  Қозы  Көрпеш  кешенін  орта 
ғасырлардың  соңғы  кезінде  салынған  қүрылыс  болу  керек  деп 
топшылаған...  Аягөз бойындағы  Қозы  Көрпеш  пен  Баян сүлудың 
шошақ кешені толып жатқан дың, діңгектердің бір түрі.  Бұл дың, 
үйтастардың  ерекшелігі  -   олардың  барлығы  ислам  діні  Орта 
Азияға  тарамай  түрған  кезде  (ҮІ-Х  -  ғасырларда)  жасалған 
естеліктер...»
«Мәселенің үласқан бір жері академик Радловтың қате пікірін 
Е. Баранов одан әрі ушықтырған. Барановтың ойынша, «қазақтар 
мүсылман  дінін  тұтады,  мұсылман  діні  бойынша  молаларға  тас 
мүсіндер  қоюға  болмайды,  сондықтан  сөз  болып  отырған 
мүсіндер қалмақтардан қалған» дейді...»
«Ибн-Фадланның айтуынша,  (X ғ.) оғыздар өлген  адамының 
тұрпатын  ағашқа  қиып  түсіріп,  оны  әдейілеп  салған  үйдің  ішіне 
сақтайтын болған.  Рубруктың айтуынша (XII ғ.) қыпшақтар өлген 
кісілерінің кескінін тасқа  қиып,  әркім өзінің шамасынша,  не үйген 
обаның,  не  тас  кешеннің  алдына  қоятын  болғак  Сондай,  әйгілі 
қүрылыстан  біздің  заманымызға  жеткен  тамашасының  бірі  -  
«Қозы  Көрпеш  пен  Баян сүлу кешені...»
«Қарттардың айтуынша, Ұлытау төңірегіндегі тас мүсіндердің 
бір  талайын  патша  тұсындағы  үлықтар  бүлдірген.  Олар  жеңіл- 
желпі  мүсіндерді  қопарып  алып,  қомбалдарының  бастарын 
сындырып,  музейлерге  апарып  сату  мақсатымен  қалаға  алып 
кетіп отырған. Ұлықтар көбінесе жүмсақ (қүмайт, мергель) тастан 
жасалған  және  суреттері  сәтті  шыққан  мүсіндерге  өте  құмар 
болған...»
202

«Орталық  Қазақстанды  мекендеген  таипалардың  көпшілігі, 
оның  ішінде  оғыз  бен  қыпшақтардың  әдетінде  «жай  тасын», 
«жүлдыз  тасты»  қасиетті  санап,  онда  ауа  райын  өзгертетін 
керемет  бар,  ол  қүт  орнатады,  бақыт  әкеледі  деп  түсінген, 
сондықтан  көктен  түскен  жүлдыз  тасты  (метеорит)  ерекше 
қасиеттеп, жолға шыққанда оны өзімен бірге ада жүретін. Бұл жай 
таспен  байланысты  наным  қазақ  арасында  соңғы  кезге  дейін
болды...»
«Орталық Қазақстанның тас мүсіндері кейде антропологиялық 
кескіні өзгеше, жалпы түлғасы басқарақ, зор денелі, сом түлғалы, 
дембелше,  жақ  сүйектері  онша  шығыңқы  емес,  кеуделі 
адамдарды  кескіндейді...  Мүнда  жалпақ  бет  мүсіндермен  қатар 
кең  маңдайлы,  ат жақты,  сопақ  бетті  адамдардың  мүсіндері де 
аз  емес.  Мүсіндердің  көпшілігінің  көз  алмасы  шығыңқы,  түрі 
миндаль  форымдас  болып  келеді.  Мүсіндердің  кепшілігі  үлкен 
қоңқақ  мүрынды,  танауының түрі  не дөңгеленіп,  не  үшбүрышты 
болып келеді. Бұл антропологиялық деректер Орталық Қазақстан 
мен Торғай даласын кейінгі заманға дейін мекендеген қазақтардың
түріне дәл  келеді...»
Жалғыз мақаланы көктей шолып, әр жерінен келтіргіміз келген
деректері  осындайлық.  Басқасын  санамалап  шығу  мүмкін  емес.
-  Бір  өзі  институтқа  татитын  әлкейтану  енді  ғана 
басталмақ.  Сіз  бен  біз  теңіздің  тамшысын  тартқандай  ғана 
күйдеміз.  Тіпті,  сәулет өнері  жайлы  зерттеулері  қақында  әлі
жақ  ашқан  жоқпыз?
- Сәулет өнері туралы кенен еңбектерін де түгесіп талдап шығу
келешектің ісі.  Біздің айтпағымыз, тағы да жалғыз мақаласының 
көлемінде  («Ерте  дәуірдің  архитектурасы»).  Мүнда  да  Әлекең 
ғана  жасай  алған  байыпты  байлам,  парасатты  пайымдар
жеткілікті.  Кейбіреулерін  келтіре  кетелік:
«Қола дәуіріндегі  түрғын  үй  қүрылыстары  біркелкі  жер  кепе
болып  келеді...»
«Қола  дәуіріндегі  Атасу  қыстағы,  Атасу  езенінің  бір  саласы
Мыңбай  сай  бүлағының  кең  алабында  орналасқан.  Бүл  қыстақ 
15  мың  шаршы  метр  мөлшердегі  алаңда  созылып  жатыр. 
...Олардың  конструкциясындағы  ерекшелік,  қабырғалары  жерге

тіке  қазылып  көмілген  үлкен  гранит  тақта  тастармен  қапталған 
Жер-қабырғаларды қаптау үшін үзындығы 150 сантиметрден 180
сантиметрге дейінгі тақта тастар қолданылғак..»
«Бүғылы  немесе  Алексеев  қыстақтарындағы  үлкен  үйлерде 
кемінде 40-30 адам түрғаң ал қыстақтағы адамның жалпы санан 
300-500 адам  мөлшерінде жобалауға болады».
«Оңай  жығып-тігетін  жазғы  үйлердің*үлгілері  қола  дәуірінің 
соңғы  кезінде  Қарасұқ  мезгілінде  (біздің  заманымыздан  IX-VIII 
ғасыр  бұрын)  шыға  бастады...  Арба  үстіне  орнатқан  үйдің 
формасы да Қарасүқ мезгілінен бері белгілі болған..»
«Кейбір материалдарға қарағанда үйсін гуньмосының ордасы 
ішінде  құрылыс  салынбаған,  ол  тек  қабырғамен,  жалмен  және 
ормен  қоршалған алаң болып  келеді... Үйсін обаларын қазғанда 
одан  штукатур  (сылау),  өңдеу  материалдары  табылды...»
«Қазақстан  территориясындағы  қыстақ-кенттердің  тарихын 
шолудың көрсетуінше, қоғамның дамуына қарай, олардың бірте- 
бірте  жүйелі  түрде  өркендегенін  көреміз.  Бұлардың  ең 
ертедегілері тек ішкі үлкен ашық алаңды қоршаған бір ғана қамал 
қабырғасы  болатын.  Оның  ішінде  тек  тізілген  киіз  үйлер  тобы 
тұратын  еді...»
«Кейінірек,  феодалдық  қоғам  қалылтасуының  алғашқы 
кезінде,  талқа  жіктелудің  өсуі  және  бүқара  арасынан  тайпа 
көсемінің бөлініп шығуымен байланысты, бекініс қабырғалардың 
ішінен  қамал  ретінде  екінші  қорған  түрғызу  қажет  болды.  (Күйік 
қала)  Берік қамал тайпа  көсемінің не  ру басылардың жеке басы 
мен  мүлкін  сақтау  мақсатымен  салынды...»

Осынау үзын сонар сүхбатымызда, кейде ғұламаның небәрі 
бір мақаласының деңгейінде қалып жатсақ,  кінә бізден емес дел 
ойлаймын.  Естуімізш е,  20-25  томға  жетеқабыл  Әлекең 
еңбектерінің  «түйе  боталағандай»  анда-санда  жырымдалып 
жариялануында  түр  мәселе.
Еңбектерінде  толығырақ  жарияланғандай  керінгені  «Қазақ 
халқының қолданбалы өнері» атты  3 томдық.  Оның өзі орысша. 
Ол қай жылдары баспаға үсынылған? Сондай-ақ, үстазыңыздың 
80,  90  жылдық  мерейтойларына  куә  болыпсыз.  Енді  100 
жылдығын  атап  өтпекпіз.  Нені  алдымен  ескерген  абзал?

-1984 жылы Әлекеңнің 80 жылдығы жетім қыздың тойындаи 
дәрежеде  өткізілді.  Олай  дейтінім,  Қазақстан  Ғылым 
Академиясының сонша салтанатты, үлкен-үлкен залдары турып, 
ұлттық 
ғылымымыздың 
маңдайына 
біткен 
жарық 
жұлдыздарының  бірі  Әлекеңнің  тойын  Тарих  институты 
директорының  кабинетінде  ілтипатында  шек  болмады,  көбі
көшеде  тұрды.
«Қазақ  халқының  қолданбалы  өнері»  кітабы  70-жылдары 
баспаға  үсынылған  Содан  1986  жылғы  аласапыран  кезінде  1- 
томы,  іле  1987  жылдың  соңында  2-томы  жарық  көрді.  3-томы 
біршама кешеуілдеп 1994 жылы оқырман қолына тиді. Сол  1994 
жылы Әлекеңдей біртуар үлының 90 жылдығын Қазақстан халқы 
дүрілдетіп  атап  өтті.  Шын  мәнінде  тәуелсіз  елдің  ұлттық
ғылымының мерейтойына  айналды.
Ад  100  жылдық  мерейтойы  ЮНЕСКО  деңгейіне  шығуынан
асқан  қуаныш  болар  ма?  Сөйтіп,  Әлекеңнің  айы  халқы
Тәуелсіздік  алғасын  ғана  оңынан  туды.  Өз  бағасын  алды.  Нені
алдымен  ескеру  керек  десеңіз,  сөзсіз  еңбектерін  жариялату
мәселесі  бірінші  кезөкте.  Биыл  10  томдығы  жарық  көріп  бітпек
екек  Меніңше,  аз.  15  томға  жеткізілсе.  Оның үстіне  Елбасы  өзі
қадағалап  отырған,  мәдени  мүраның  салмақты  бір  парасы
Әлекеңнің еңбектері емес  пе?
Әңгімелескен 
Даежан  БЕЛДЕУБАЙҮЛЫ.
(№ 4, Қаңтардың 22-сі, 2004 ж.
“Ана тілі” газеті)
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет