Б 63(5К) ■f 94 Jew шттшш f t i f f щ



жүктеу 4.84 Mb.
Pdf просмотр
бет14/19
Дата16.01.2017
өлшемі4.84 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

163

Аткинсон  деген  ағылшын  саяхатшысы  болған.  Ол  1844-52 
жылдары  Зайсан  көлінде,  Өскеменде,  Аякөзде,  Семейде, 
Қапалда,  Алатауда,  Қаратауда  тағы да  басқа  қазақ жерлерінде 
болып, әдемі естеліктер қалдырғаң саяхатта туған үлының атын 
Тамшыбұлақ  қойып,  еліне  қайтқан  соң  да  сол  ел  жайлы  кітап 
шығарған екен. Жүз жиырма бес суретті бар кітап орысшаға 1865 
жылы аударылыпты. Сирек кездесетін осы кітапты мен кездейсоқ 
букинист  дүкенінен  сатып  алып  Әлекеңе  көрсетсем,  ол  кісіде 
Лондонда  шыққан,  суреттері  түрлі-түсті  бояулы  еңбектің  тел 
данасы бар екен  «Мына бір беттерінде сенің бабаларың туралы
жазылған»,  - деп жымиды. 

Я
Әлекеңнің  үғымында,  бірде-бір  ғылыми  кітапты,  сол 
бағыттағы  әдебиетті  терең  оқымай,  игермей  жазуға  болмайды. 
«Бір  кітап  жазу үшің  ең болмаса жүз  кітап  оқу  керек»  деп  түйін 
айтады. 
Д
Әлекең  өрісі  кең,  жан-жақты  ғалым.  Әр  ғылым  сала-салаға 
белініп, бірін-бірі зорға түйсінетін дәрежеге жеткен заманда бүл -  
сирек  кездесетін  қасиет.  Көне  әдебиеттен  бастап,  Әлекең 
өнертанудың,  археология  мен тарихтың қилы-қилы жолдарымен 
жүрді. Жүріп  қана  қойған жоқ, үлкен  істер тандырды.
Ғалымның  тағы  бір  тартымды  қыры,  ол  мейлінше  адад 
кішіпейіл әрі қарапайым еді.  Әлекең тек қана ғылыми шындыққа 
жүгінуді  қолдады.  Асырып  айту,  фактілерге  сүйенбей  болжам 
жасау,  бос  бөсуден  аулақ  болды.  Бір  нәрсені  қате  деп  түсінсе, 
үндемей  қалмады.  Біреудің  көңіліне  қарап  мәймөнкелемеді, 
турасың  ойындағысын  айтты.  Осыдан  болар,  Әлекеңнің  елге 
сыйлы,  үлгі  түтатын  шәкірттері  көп  болды.  Халқымыздың 
ғылыми-творчестволық  интеллигенциясының  ішінде  Әлекеңнің 
ықпалында  болмағандары  кемде-кем.  Өзіміз  де  елімзді, 
жерімізді.қала  берсе  азаматтықты  сүюді  ғалымның  еңбектері 
арқылы  білдік,  ойға  түйдік.  Соқпалы  мол  өмірдің  қиын  да, 
қызғылықты  сапарына  Әлекең  салған  ізбен  аттандық.
Бірде  маған  Әлекең:

Қалай ойлайсың,  сенің бабаларың Абылай  мен  Шоқанның 
аруағы мені қолдайма? -  деді.
166

Мен  шошып  кетіп,  сасқанымнан:  «Осыншама  еңбек  сіңірген 
сізді қолдамағанда олар мені қолдайды дейсіз бе? -  деппін -  Маған 
Сіз улылардың өз ауызынан  бата  алғандай  көрінесіз» деп  едім, 
«Ә, сопай  ма»,  - деп,  Әлекең көңілденіп  қалды.

Жүр, мен де саған батамды берейін деп, 1985 жылы шілденің 
26-сында  үйіне  апарып,  «Орталық  Қазақстандағы  Беғазы- 
Дандыбай мәдениеті» деген кітабын сыйлады. Кітапқа: «Ардақты 
Шоқанның  Мақының  жақсы  ұрпағы  Шота  Ыдырысұлына  көп 
сулулық  ойлар  айтамын»  деп  жазыпты.  Сұлулыққа  қуштар 
болған, улыларды пір тутқан ғуламаның батасы бізді бүгінге дейін 
алға жетелеп  келеді.
Әлекең мейлінше турашыд жазған сөз айтуды білмейтін жан 
еді.  Бірде  Саттар  Имашев  (партияның  идеалогия  саласындағы 
хатшысы  болатын)  Әлкеңе:  «  Көп  сөйлеп  қойдыңыз, 
қысқартсаңыз екен» дегенде, Әлекең:  «Біз көп білеміз ғой, білген 
соң сөйлейміз» - деп жауап беріпті.
Академик  Марғүлан  көптеген  өнер  қайраткерлерімен  бірге 
Қазақстан жеріндегі жаңа  ескерткіштерді  бекітетін  комиссияның 
мүшесі болды.  Бірде мүсінші Төлеген Досмағамбетов екеуіміздің 
жумысымыз  талқыға  түсетін  болып,  сұрастырсақ  Әлекең 
комиссия  жумысына  қатыса  алмайды  дегенді  естідік.  Мен  үйіне 
бардым.
Әлекең айтты:  «Мені  қайтесің,  суық тиген  еді,  мен  үшін  өзің 
дауыс  бере  сал»  деді.  Жалынып,  жалбарынып,  өзімді  жақсы 
көретінімді  пайдаланып,  бір  жағы  жұмысыма  оң  көзімен  қарар 
деген үмітпен Әлекеңді қоярда-қоймай комиссия жумысына алып 
келдім.  Жүмысымыз  етті.  Кеп  адам  жақсы  қабылдады.  Бір ғана 
адам  біздің жумысқа  қарсы  шықты.  Ол  Әлекең еді.
Әлекең өз пікірін қағазға жазып маған жіберген екен, хаты күні 
бүгінге дейін сақтаулы. Хаттың соңында бірнеше сызулар берілген 
екен.  Оқып  керейік:  «Қазақстанның  кернекті  қайраткерлеріне 
қойылатын ескерткіш авторларының есіне! Талқыға түсіп отырған 
жобаның міні көп болып,  айтылатын ойды ашық бере алмай тур 
деп  есептеймін.  Архитектуралық  сымбат,  қаладағы  ансамбль 
турғысынан  да  бул  ескерткіштерді  айшықтырақ,  керкемдеу 
жасауға  болар  еді.  Мүсіндерді  тізбектеп  тізу  мүлдем  ыңғайсыз.
167

Оларды  жеке  орналасқан  көп  қырлы  мунараларға  бөліп,  әрбір 
мұнарада барельф боп келген алтыдан сегізе дейін бейне жасауға 
балады.  Бұл ертедегі өткен адамдар мен бүгінгі адамдар үшін де 
өте үйлесімді. Мүндай шешім анағүрлым арзанға түспек, қаланың 
келбетін  жақсарта  түсуге  де  себебін  тигізеді».  Сөз  соңында 
Әлекең  мүнараның  жобасын  сызып,  сегіз  қырлы  боп  жасалған 
төрт мүнараның әр бір жағына мынадай аттар жазыпты. Беренші 
мүнара:  әл-Фараби,  әл-Жауһари,  әл-Түркістани,  Қадырғали 
Жалаири,  Мүхамед  Хайдар,  Махмуд  Қашқари,  Асанқайғы, 
Сыпыра  жырау,  Қазтуған.  Екінші  мұнара:  Бұхар  жырау,  Жанақ 
ақын,  Шөже ақың Абай,  Ыбырай,  Қурманғазы, Тәттімбет. Үшішіі 
мұнара: Ақан сері,  Біржан сад Сара, Жаяу Муса, Жамбыд  Кенен 
(8-шы жазғанын өшіріп тастапты). Төртінші мүнара: Сәкен,  Ілияс, 
Бейімбет,  Мухтар,  Сәбит,  Тайыр,  Муқан  Төлебаев,  Ахмет 
Жұбанов,  Зейін  Шашкин,  Жумағали  Саин.  Мүнда  адамның саны 
сегізден  асып  жатыр.  Муны  Әлекең  былай  түсіндіреді:  «Керек 
болса,  мұнараны  он  екі,  одан  да  көп  қырлы  қылып  жасауға 
болады.  Барельф  үшін  бул  жеңід  қолайлы».  (Жазған  күні  28
июль,  1978 ж.) 
1
Уағында  Әлекеңнің  айтқандарымен  келісе  қоймаған  едім. 
Уақыт биігінен  қарап  түрсам,  ол  кісінің айтқандарында  зор  мән- 
мағына  бар  екек  «Мунараның  қыры  он  екі,  одан  да  кеп  болуы 
мүмкін» деген де Байтүрсынов, Бөкейханов сияқты зиялылардың 
оралатынына үміттенді ме екен. Әлекең айтқан біраз идеяны мен 
Алматыдағы  Тәуелсіздік  монументінде  біршама  іске  асырдым. 
Ал  толығырақ Астанада  салынатын  «Даңк»  монументінде  (егер 
бәйгеде ұтсам) пайдаланам ба деп ойлаймын.
Ғалымның  айтқанымен  біреу  келісер,  біреу  келіспес,  еске 
мықтап устайтын бір жай, Әлекеңнің неге болсын творчестволық 
биіктіктен  қарағандығы,  оның  кез  алдында  небір  образ,  өзіндік, 
ешкімнің ойына  келе бермейтін  шешімнің турғандығы.
Асанәлі  Әшімов  үш  сериялы  «Шоқан  Уәлиханов»  атты 
фильмді аяқтамақшы болды. Кеңесші Әлкей Хақанұлы Марғулан 
еді.  Ж умыс  барысында  ғалым  Ш оқанға  қатысты  мынау 
тақырыптар шешімін тапсын деп көптеген тізімдер берді.  Соның 
бірері: 

:  ; 
. У  ч Л
168

«Шоқан салған суреттер: Ақ шәмші. Акварель. 1847ж. Обағак 
Қ/смұрын  округы  қазақтарының  қыстауы.  Акварель.  1852ж. 
Көкшетау  мен  Қүсмүрын  округтерінің жолдары.
Карта.
Қүсмүрын  округіндегі  ауылдардың  жайлауы 
Аманқарағай  пикетінің планы. Уәлихановтар ауылы 
Төлеңгірт  қыстауы.  Үзгенбай  ауылы.
Сырымбет тауы.  Тонографиялық пейзаж.
Сырымбеттегі  орта.  Уәлихановтар  ауылы.
Ордадағы  үйлердің  пландары,  архитектурасы.
Шоқанның Орталық  Қазақстандағы  ескерткіштерді  зерттеуі: 
Аяққамыр,  Алаша  хаң  Жошы  хаң  Болған-ана,Жубан-ана, 
Бақсы-мола, Тас-мола,  Қозы  Керпеш  мазарлары.
XIV  ғасырда  Тоқтамыс  салдырған  Көкшетау  облысындағы 
«Жақсы Жаңғыз тау»  атты  өлі  қаланың қалдығы.
Сілеті  өзенінң бойындағы  Қара-Оба  қаласының қалдығы. 
Дешті  Қыпшақтың  астанасы  Орда-Базар  қалдығы  — XV  ғ. 
Әбілқайыдың  тұсы.  Ұлытау  ауданының  Арғанатты  тауының 
тұсындағы 
сарайлардың 
сілемдері. 
Су 
ағатын
арықтарсистемасының  іздері.
Сарысу  бойындағы  Теректі  әулиенің  үңгірі  туралы
қазақтардың  аңызы.  Бағзы  замандағы  салған  үңгірдегі  адам
портреттері.  Теректінің  гранит  тастарына  қашап  түсірілген
бизонның,  тағы  аттың,  адам  мен  арыстанның суреттері.
Шоқан жүрген маршруттар:
Аякөз, Айғыз,  Баян-жүрек, Лепсі өзенінің алқабы.
Мың жайлау, Алакед Жоңғар жотасы, Ақсу езені.  Қапалдың 
тұсындағы  Аткинсон  суреттеп  кеткен:  «Қүдайлар  шаңырағы» 
аталған  алып  қорғандар.  Қаратад  Текелі,  Шолақ  тау  алқабы.
Ондағы  Бесшатыр қорғаны  мен тастағы  суреттер...».
Әрине,  бүл  жерде  Әлекең  киноны  түсіру  заңдылықтарын 
ескермесе де, Шоқан туралы фильм оның жүрген жерің зерттеген 
тақырыбын кеңірек аша түссін деген оймен айтып отыр. Әлекеңнің 
қазақ жерінің әрбір тасына, көне дүниеден қалған ескерткіштердің 
сынығына дейін  білетініне таңқалмауға болмайды.
169

Әлекеңнің сексеннен  асқан  шағында  бізге ақсақалды  киноға 
түсіріп  алайықшы  деген  ой  келді.  Олжас  Сүлейменовтің  кино 
өнерін басқаратын шағы еді, менің сурауыммен бір оператормең 
ұмытпасам,  Жанна  Ахметова  атты  режиссер  қызды  жіберіпті. 
Үйіне  бардық.  Аз-мүз  жүдеңкіреп,  сақал-шашы  өсіңкіреп  қалған 
кезі  еді.  Түсіруге  келдік  деген  сезім ізге  қарсы  шығып: 
«Қайтесіңдер, жасы келген адамда не түр қалды дейсің?» - дегенді 
айтты.  Дегенмең  көндірдік.  «Күміс тісім,  сүйек тісім,  алтын  тісім 
бар.  Қай  тісімді  киейін?»  деп  сүрады.  «Өзіңізге  ыңғайлысын 
көріңіз» дедік. Диванға отырғызып едік, қолп етіп төмен түсіп кеті, 
астына  екі  жастық  салып  жоғарыға  отырғыздық.  Көзілдірігі  де 
терісін төмен тартып қалған екең  көтеріп,  қалпына келтірдік.  Бір 
мезетте  қарасам,  Әлекеңнің  көзі  жарқ  еткендей  болды.  Сүлу 
толықша  келген  Жаннаға  көз  тоқтатқан  екен.  «Байың  бар  ма, 
нешедесің?» деп  сұрады.  Қолтығынан үстап  қасына отырғызды, 
біз  жұмысымызды  әрі  жалғастырдық.
Әлекең  әңгімесін  бастап  кетті:

«Ленинград университетінде оқып жүрген кезіміз.  Қүдай-ау, 
қай  профессордың лекциясы еді,академик Бартольд қой деймің 
сол кісіні тыңдап, қатар отырған Мұхтар екеуімізге артта отырған 
орыстың бүлдіршіндей екі қызы маза бермеді, шашымызға қағаз 
қыстырыпты,  алып  оқы сақ:  «Ж ігіттер,  сіздердің  бүйра 
шаштарыңыз  академик  мырзаның  лекциясын  тыңдауға  бізге 
мұрша  бермей  отыр»,  деп  жазыпты.  Таныстық,  әрі  қарай  дос 
болып кеттік. Біреуі Мүхаңды басыбайлы айналдырып алды, мен 
аман-есен  қүтылып  кеттім». 
В
Біз  бәріміз  күліп  жатырмыз.  Тағы  да  қызықты  естеліктер 
айтты.  Сөз  соңында:  «Мен  езім нің  замандастарыма, 
қүрбыластарыма мейлінше ризамын Ленинградта, Мәскеуде келе 
жатсам Қанышқа, Мұхтарға үқсас балаларды көремін. Әкелеріңді 
білуші едім деп  қалай айтамын?» - деп түйді. 
ж
Мен:  «Мүхтар  Әуезовтің  «Абай  жолы»  романына  қалай 
қарайсыз?»  деген  сүрақ  қойдым.  Романды  алдымен  мақтап- 
мақтап  алды да,  бір  кезде  «Қүнанбайдың образы  қара  бояумен 
ғана  берілгён.  Ол  сондай  кісі  ме  еді? Дана,  кемеңгер адам  емес 
пе  еді,  қаныпезер  адам  болса,  Абай  қайдан  туады?»  -  деп  бір
170

қойды. Әрине, 
мүндай сөзді Мүхаңныңжанашыржолдасы Әлекең 
ғана 
айта алатынын біз іштей түсіндік.Әлекең көне көзі көп білетін, 
бейньпеп, 
әсірелепсөйлеуге  машықтанған  адам  еді.  Мүсінші 
Хакімжан 
Наурызбаевтың  ауласында  қайың  мен  қарағайдың 
будандасқан 
түбірін көріп,  Әлекең:  «Қарағайдың қойнына қайың 
қалай кіріп 
кеткен?» - дегені әлі есімде.
Біз Әлекеңді киноға түсіріп болып енді кетейік деп жатқанда, 
ол  кісі:  «Тоқтаңдар,  мен  де  сендермен  бірге  барамын»,  -  деді. 
Қызын  шақырып  алып:  «Таксиге  маған  ақша  бер,  Мәдениет 
министірлігіне барамын» дегенді  айтты.  Мен  безекгеп:  «ақшаны 
қайтесіз, біз сізді қайда болсын апарып , қайта әкеліп тастаймыз 
ғой»,  -  деп  зорға  көндірдік.  Жаннаның  қолтығынан  ұстаған 
Әлекеңці далаға  бірге алып  шықтық.  Бізге:  «Баспаханаға  кеттік, 
менің  «Қазақтың  қолөнері»  деген  кітабым  шығады.  Соның 
гонорарын  аламыз,  сендерді  ресторанға  апарамыз»,  -  деді. 
Қоймаған  соң  баспаның  бухгалтериясына  апардық,  беретін 
ақшалары әзірге жоқ екен. «Ертең болады, қам жемеңіз. Біз өзіміз 
хабарлаймыз», - деп жатыр бухгалтерияның қыздары абыржып. 
Ақсақал аз-мұз кейіп қалды «Ертең ақша келгенде тек менің өзіме 
хабарлаңдар»,  -  деп  қыздарға  қатты  тапсырды.  Мен  көңіліне 
келтірмеуге  тырысып  «Соңынан  бере  жатарсыз,  менен  қарыз 
алуға  болады»  дедім.  Айтқанын  орындап,  ресторанға  бардық, 
үйіне ораларда: «Ақшаға барғанымды біздің үй-ішіне айтпаңдар» - 
деп өтінді.  Үй-ішіне  біз:  «Барсақ,  ешқайсы  орнында  жоқ»  - деп, 
бар кінәні Мәдениет министірлігіне жаптық.
Тағы  бір  кездескенімде  Әлекең  сәл  көңілсіздеу  болды. 
Сырымбеттегі  Шоқан  түрған  үйлерді  қалпына  келтіру  жобасын 
Әлекеңнің  ақылымен  жасап  жүруші  едім,  соны  ала  келген  едім. 
Суретті керді де: «Өзің архитекторсың, неге апапес қып боядың?» - 
деп  ренжіген  кейіппен  маған  кез тастады.  Дауысы  қатаң шықты. 
Мен қысылыңқырап қалдым.  Кінәмді мойныма алдым, шынында 
да фотокөшірме анлилин бояуымен  қызылала боп боялған еді.
Өмірінің  соңғы  күндерінің  бірінде  менімен  пенделік  әңгімеге 
көшті.  «Мен  дүниемен  қоштасатын  түрім  бар»  дегенді  айтты. 
«Өлім туралы ойламаңыз, кеп үзамай жазыларсыз» деп едім, мені 
тыңдамай сөзін әрі  қарай жалғастырды.
171

- Мені Шоқан жатқан жерге апарыңцар, сүйегімді саркофагқа
салыңдар,  -  деді. 
S   I
Біраз отырғаннан кейін: 
Щ к
- Әлеке, өлмейтін адам жоқ қой, ондай тілектеріңіз болса, бір- 
екі  ауыз  сөзді  Үкімет  басына,  қүрбы-тустастарыңызға  жазып 
кеткен  жөн  болар  еді,  - дедім.  Көп  үзамай  ол  кісі  дүние  салды. 
Жерлеуден  бір  күн  бүрын  қасында  отырып,  түнімен  күзетіп 
шықтық,  мен  оның  табыттағы  кескін-келбетін  қағазға  түсіріп,
болашақ үрпаққа  бағыштадым. 
Щ
Әлекеңдей әулие адамның көп арманы орындалған жоқ.  Ол 
кісінің  еңбектерінің  осы  күнге  дейін  жарық  көрмей  жатуы  бізді 
қинайды, бүл ғалымдар қауымына үлкен сын. Төл еңбектері түгед 
тек архивтерін жариялау ғылым үшін  көп жаңалық әкелер еді.
Астроном ғалымдардың айтуынша, бізге ең жақын жүлдыз -  
Альфа  Центаврадан  шыққан  сәуленің  бізге  келіп  жеткені  бағзы 
заманда шыққан жолаушы - сәуле көрінеді. Әлекеңнің көкірегінде 
де,  жиған-терген  архив  жиһазында  да  жарығы  мол  сан  жүлдыз 
бар. Біраз сәулелері бізге жетіп, біразі жол үстінде. Олардың сөніп 
қалмай,  не  бүрылып  кетпей  бізге  тура  жетуін  асыға  күтеміз, 
үзілмеуін  тілейміз.
2004 ж.
172

Ахат  ЖАҚСЫБАЕВ,
жазушы
АРДАҚТЫ  АҒА
Академик  Әлкей  Марғұлан  туралы  жазудың  қаншамалықты 
қиын  екендігін  айтпаса  да  болатын  сияқты.  Оның  тындырған 
істері, ежелгі мәдениетімізді зерттеуге сіңірген еңбегі, ғылымдағы 
орны, әдебиет, өнер туралы ойлары, бар өмірі кеңінен баяндауды 
керек  етеді.  Ол  ғылымдағы  жолын  туған  халқының  өткендегі 
тарихын танытып, ежелгі бай мурасын әйгілеу мақсатына арнады. 
Күні бүгінге  дейін сол мақсаттан айнымай, тынымсыз еңбек етіп
келеді.
Зор  денесімен  орындыққа  шалқая  отырып,  тыңдаушысына 
оқта-текте  көз  тастап,  үзақ  әңгімеге  берілгенде,  соншама  көп 
білетіндігін  еріксіз  мойындаймыз.  Ойын  дәлелдеу  үшін  сіз 
білмейтін,  бүрын  естімеген  небір  мысалдар  келтіреді.  Сөзді 
келістіріп,  көркем  тілмен,  шебер  баяндайды.  Әңгіме  арасында 
сізден де ойдың үғынықты  болуын талап  етеді.
Түу  бастан  Әлекеңнің  жақсылап  сонына  түсіп,  беріле 
зерттегені әдебиет болған. Ғылымның қиын саласына араласып 
жүрсе  де,  әдебиеттен  әлі  де  бой  тартқан  емес.  1925  жылы  ол 
Ленинградтағы шығыс институтының әдебиет факультетіне оқуға 
түсті.  Кейін  и н с ти ту ты   бітірерде  Абай  творчествосы  туралы 
диплом  жазды.  Институттағы  оқумен  бірге  Ленинград 
университетінің шығыс факультетінде терт жыл үзбестен лекция
тыңдады.
Ол  жылдары  шығыс  институты  мен  университетте
В.В. 
Бартольд,  Ю.В.  Крачковский,  Н.Я.  Марр,  С.Ф. Ольденбург, 
И.И. 
Мещанинов  секілді  академиктер  сабақ  беретін.  Мүнымен 
қатар  Әлекең  өнер  тарихы  институтына  барып,  атақты 
профессорлар  Б.М.  Эйхенбаумның,  В.М.  Жирмунскийдің, 
Б.М.  Энгельгардтың  әдебиет  мәселелері  туралы  лекцияларына 
қатысып жүрді. Әдебиетші талантты жастармен жақын танысып, 
біразымен дос болды. Өзбектің қазіргі белгілі жазушысы Айбекпен 
Ленинградта  бірге  оқып,  қыс  бойы  бір  пәтерде  түрыпты.  1923
173

жылдан  былай  қарай  Мухтар  Әуезовпен  арадағы  үзілмеген 
достығы  оның  тікелей  әдебиетпен  айналысуына  әсерін  тигізсе 
керек.  Сол  жылдары  Мұхтарға  еріп  бір  айдай  Шыңғыстауда 
болады,  тау-тасын  аралап,  жерімен  танысады.  Екеуі  шежіре 
қарттарды  әдейі  іздеп  барып  әңгімелерін  тыңдаудан
жалықпайтын. 
Я
Ол  содан  кейін  де  Мұхтармен  бірге  Шыңғыс  елінде  айлап 
жатып,  серуен  қурып,  көңіл  көтеріп  жүрді,  Мұхтар  екеуі 
Ленинградта оқыған жылдары да жүптарын жазбастан бір пәтерде 
түрып,  бос  уақыттарын  бірге  өткізгек  Әдебиетке  қүмар  Әлекең 
сол  кезде  Г.  Ибсеннің,  Г.  Гамсунның,  М.  Метерлингтің  кейбір 
пьесаларын қазақшаға аударды. В. ГюгоныңТаврошын”, Мамин- 
Сибиряктің бірнеше әңгімелерін аударып, жеке кітап етіп шығарды. 
Студенттік  жылдарда  Әлекең  “ Еңбекші  қа за қ”  газетіне, 
журналдарға қазақ өнері,  ән-күйлері туралы көптеген мақалалар 
жазды.
Осыған  қарамастан  Әлекең  бірте-бірте  әдебиетті  қойып, 
ғылымға  ойыса  бастайды.  Бәлкім,  ол  ғалым  ретінде  халқына 
пайдасын  көбірек  тигізетінін  сезген  де  болар.  Әлде  ежелгі 
мәдениетімізді терең зерттеп, келелі пікір айту қасиетті борышым 
деп  түсінді  ме  екен?!  Әйтеуір,  оның ғылымға түгелдей  берілуіне 
мына  бір  жағдай  себепші  болғанға  үқсайды.  Студент  кезінде 
Әлекең жаз шығысымен СССР Ғылым академиясының Қазақстан 
экспедициясының  профессоры  С.И.  Руденко  басқаратын 
этнология отрядына  қатысып,  ел аралайтын.
Мүнда  ол  жас  күнінен  жақсы  көретін  халық  өнерінің  мөлдір 
түнығына кездесіп соған барынша қүмартты. Халық өнерінің асыл 
мұралары,  ән-күй  байлығы  қатты  қызықтырды.
Үш жыл бойына экспедициямен бірге қазақ даласын аралап, 
күйлерді, жырларды жазып алып жүрді.  Профессор С.И. Руденко 
экспедицияны  бүрын  ғалымдар  аяғы  баспаған  жерлерге  бастап 
апаруды  үнататын.  Соның  бірінде  Әлекең  алғаш  рет 
Маңқыстауда,  Каспий  теңізі  бойында  боп,  небір  тамаша  күйлер 
мен әндерді естіді. Сондағы алған мол әсерлерін “Еңбекші қазақ” 
газетіне жазды.
174

Неге 
көңіл  аударып,  халық  өнерін  қалай  зерттеуді  үиреніп 
қалғандықтан  Әлекең  эр  сапардан  олжалы  оралып  отырды. 
Әлденеше 
дәптерді толтырып  қайтатын.  1927 жылы экспедиция 
Алтайға 
барды.  Бұл  жолы  Әлекең  көңілі  жүйрік,  сөзге 
шешең 
жырды тегілтіп айтатын ескі көз қарттармен көп әңгімелесті.  Қой 
бағып жүрген қарияның екі күн бойы соңынан қалмай, қойын бірге 
бағысып, одан “Қаракерей Қабанбай” және “Алтайдың алты аруы” 
жырларын жазып алды. Алтай жырларын жетік білетін  басқа да 
қарттармен  кездескені  күні  бүгінге  дейін  есінде  сақталыпты. 
Сондай қадірлі қариялардың бірі -  90-ға келген ақын Қара Ертіс 
бойындағы  XVIII  ғасырдан  бергі  аңыз-жырларды  жақсы  біледі 
екен. 
Қандай  атақты  адамдардың  болғанын,  олардан  қалған 
сөздерді 
күдірместен  жатқа  айтып  беретін.  Екі  ғасыр  әңгімесін 
сақтаған “олар жанды тарихтың өзі” дейді  Әлекең.
Алтай  сапарынан  кейін  Ленинградта  басылып  шыққан 
“Қазақтар”  деген  ғылми  жинақта  Әлекеңнің  “Наймандан”  атты 
көлемді  мақаласы  жарық  көрді.  Міне,  бүдан  былай  Әлкей 
Марғулан қазақ халқының ескі мәдени мүрасың әдеби байлығын 
зерттеуді  үлкен  мақсат  керіп,  қабілетін  соған  жұмсамақ  болды. 
Өзінің  ғылымдағы  орнын  халқының  өткендегісін  тірілтіп,  бүгінгі 
ұрпаққа  таныту  деп  ұқты.  1930  жылы  Ленинградтағы  өнер, 
мәдениет  академиясына  аспирантураға  түсіп,  Орта  Азия  мен 
Қазақстанның  көне  мәдениетін,  археологиясын  зерттеу  ісіне 
біржола  кіріскен  еді.  Аспирантурада  жүріп,,  өзі  оқыған  шығыс 
институтында  түркі  тілдері  женінде  студенттерге  сабақ  берді. 
Қазір  есімдері  әйгілі  арзеологтар  А.Н.  Бернштам,  С.П.  Толстов 
және антрополог М.М. Герасимов аспирантурада Әлекеңмен бірге
оқыған
Әлекең  ғылымда  әлі  таныла  қоймаған  тың  тақырыптарға 
айрықша  көңіл  бөліп,  зерттеумен  көзге  түсті.  Ол  1941  жылы 
“Қыпшақтар  жазуларының  тарихи  мәні’  деген  тақырыпта
кандидаттық диссертация қорғады. Ол кезде қыпшақ жазуларын
ешкім  де  зерттей  қоймаған  еді.  Әлекең  қыпшақтардың 
жазуларына,  орыс патшаларына,  Италия саудагерлеріне жазған 
хаттарына  үңіліп,  тарихи  жағдайларға  байланысты  әлеуметтік
мәнін түсіндірді.
I  
175

Біздің  тарихымызда  өте  қажет  бұл  мәселенщ  ғылым 
дүниесінде әлі күнге дейін толық зерттелмей келе жатқандығына 
Әлекең  өкініш  білдіреді.  Қыпшақтар  жазуын  жете  білу 
үшін 
Италия,  Франция  архивтерін  араламай  болмайды.  Лондондағы 
Британия  музейінде,  Барлин,  Стамбул,  Каир  қалаларындағы 
қыпшақтардың хаттары болуға тиіс. Соларды бір қолға жинақтап, 
қыпшақ  даласының  тарихын  жазсақ  қой!  Қазақтың  тегі 
қайдан 
шыққанын білгіміз келсе, қыпшақ тарихымен танысуымыз 
керек. 
Қазақтың  өткендегі  өмірін  түсіну  үшін  алдымен  қыпшақтарды 
жақсы  білуге тиістіміз.  Әйтпесе,  көп  мәселе күңгірт күйінде 
қала 
береді. Қыпшақтар ертеде Ертістен Еділге дейінгі аралықта 
көшіп- 
қонып  жүрген  Солардың  тіршілік-түрмысы,  өнері,  кәсібі, 
көшіп- 
қону тәсілі,  рухани  өмірі,  тілі  тіпті,  ою-өрнегіне дейін  қазақтарға 
көшкен  мұралар.  Демек,  біздің  халқымыз  қыпшақтардың 
мирасқорлары. Ендігі міндет- басқа тілдерді қыпшақтар жөніндегі 
қүнды деректерді  аударып,  теориялық мәселелерімен  айналысу 
қажет.  Бұл  мәселемен  айналысатын  ғалымның  бірнеше  тілді, 
әсіресе араб, парсы тілдерін білуі керек болар... дегенді айтады.
Әлкей  Марғұлан  ежелгі  мәдениетімізбен  қатар  өдебиетті де 
зерттеп,  байсалды  ғылми  тұжырымдар  жасады.  Оның  1945 
жылы  қорғаған  докторлық  диссертациясы  “Қазақ  халқының 
эпикалық  шежіресі”  деген  тақырыпқа  арналды.  Көлемі  қырық 
баспа  табақ  диссертацияда  түгелдей  дерлік  әдебиет  мәселесі 
сөз боп,  қазақ эпосы,  аңыз-ертегісі туралы ойлары жинақтапды.
Соңғы  жиырма  жылдан  бері  академик  Әлкей  Марғұлан 
Орталық  Қазақстанны ң  археологиялық  экспедициясын 
басқарады.  Орталық  Қазақстан  ежелгі  дәуірден-ақ  кен  шығару 
орталығы болған. Бүл жерлерде кен шығаруға байланысты тарихи 
белгілер  өте  көп.  Олардың  ішінде ескі  заманда тастан  қаланып 
жасалған  үйлердің  орны,  кен  қазылған  жерлер,  сәулет  өнерінің 
іздері жиі көздеседі. Қымбат мүраларды зерттеп, ғылымның игілігі 
ету -  аса бір қадірлі іс боп табылады. Осыларды Әлекең ондаған 
жылдар  қатарынан  сарыла  зерттеп,  ескі  заманның  асыл 
мүраларын жарыққа шығаруда. Жыл сайын экспедициямен бірге 
археологиялық  қазба  жүмыстарына  қатысады.

Көп  жылғы  зерттеулер  нәтижесінде  бірсыпыра  ғылми 
мақалалар  жазылып,  Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының 
журналдарында  кезінде  жарияланып  түрды.  Өзі  жазғаны  бар, 
басқа авторлармен бірлесіп жазғаны бар -  бірнеше қалың кітаптар 
жарық  көрді.  Археологиялық  зерттеулердің  қорытындылары 
“Қазақстанның ежелгі қалалары”, “Орталық Қазақстанның ежелгі 
мәдениеті”,  “Қазақстанның  сәулет  өнері”  деген  кітаптарда  жан- 
жақты  баяндалды.  Әлекеңнің  басқаруымен  өткен  жылы  “Қазақ 
ауылының  мәдениеті  мен  тұрмысы”  деген  көлемді  кітап
шығарылды.
Өткен  жылы  ол Атасу бойың  Бетпақдаланың солтүстігін  бір 
жарым  ай  аралап,  көшпелі  елдің  ізі  Бетпақдаланың  қай  жеріне 
дейін  келетінін  зерттеді.  Әлекеңнің қазіргі  негізгі жумысы -  қола 
заманның  соңғы  кезі  және  темірдің  қазақ жерінде  шығу тарихы 
боп отыр.  Бұларда жай  қарағанда ешбір сыртқы  белгі жоқ,  бәрі 
де  жер  астында  көміліп,  көзден  жасырынып  жатыр.  Әрине, 
оларды тауып жарыққа шығару үшін көптеген ғылми тәсіл керек. 
Қазір  Әлекең  осылар  туралы  монографиялық  еңбек  жазып 
жатыр. биылғы жылы бітірем бе деген ниеті бар. Мүнда Орталық 
Қазақстанның ежөлгі  мәдөниеті,  сол  кездегі тайпалардың әнөрі, 
үй  салу,  белгі  түрғызудағы  қалдырған  ескерткіштері  туралы 
айтылмақ.  Егер жинақтап айтсақ, Әлекеңнің көп жылдан соңына 
түскен  ғылми-зерттеулері  бірталай  күрделі  саланы  қамтиды. 
Қазақ халқының ежелгі  мәдениеті,  әдебиеті,  өнері,  оның рухани 
тіршілігіне  қатысты  нешө  алуан  ой  шығармалары,  сәулөт  өнврі, 
халық шеберлері жасаған дүниелер...  Әлекеңнің археологиялық 
зөртгөулері,  көбінесе  осы  мәсөлелөрді  шешугө бағытталған.
Соңғы  он  жылда  Әлвкең  өзінің  негізгі  жүмыстарын  кейінге
қапдырып, Шоқан Уәлихановтың толық жинағын шығару ісін қолға
алды. Шоқанның 5 томдық толық жинағы түгөлдвй жарық көргөлі 
отыр.  Әлекең  Шоқанның  мүрасын  іздөп  тауып,  сараптап  том- 
томға белуде қаншама уақыт,  қаншама  күш жүмсады десеңізші! 
Ұзақ айлар бойы Москва, Ленинград, Омбы, Томск архивтерінде, 
кітапханаларында отырып, шаң басқаң ескерусіз жатқаң ешкімнің 
назарында жоқ мариалдарды табу керек болды.  Осында бірдеңе 
болар-ау”  деген  документтерді  ерінбей-жалықпай  тексеріп,
177

ондаған архивтерді сүзіп шықты. Табылғандарының басын құрап, 
бір жүйеге келтіріп, топтай берді. Осылайша үздіксіз іздеуден кейін 
Шоқанның қолжазбалары, хаттары, соған қатысты документтер, 
фотосуреттер, Шоқан турапы пікірлер, естеліктер, тағы басқалары 
тегіс  дерлік  табылды.  Енді,  міне,  соның  бәрі  көпшілік  еншісіне 
айналды  десек  те  болатын  тәрізді.  Шоқанның  толық  жинағын 
шығаруда  Әлкей  Марғүланның ерекше  еЦбек сіңіргені даусыз.
Шоқанның  толық  жинағын  шығаруды  аяқтаған  соң,  Әлекең 
қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетінің өзі көп заманнан бері 
жинап  жүрген  мураларын  түбегейлі  зерттеп  жарыққа  шығарсам 
дейді.  Қазірдің  өзінде  қазақ  халқының  өнеріне  байланысты 
еңбекгің кей тараулары жазылып та қойылыпты.  Ендігі бір ойы -  
“ Қазақ  халқы ны ң  эпикалы қ  ш еж іресі”  деген  докторлық 
диссертациясын  қайта қарап,  баспаға дайындау екек
Ж ақында  ғана  Москвадан  Әлекеңе  СССР  Ғылым 
академиясының президенті М. Келдыш қол қойған хат келді. Таяу 
жылдарда  совет  елі  халықтарының  мәдениеті  мен  өнерінің  көп 
томдық  жинағын  шығару  көзделіпті.  Осы  жинақтың  еліміздің 
көрнекті ғалымдарынан түратын редакциялық советі құрамында 
Әлкей  Марғұлан  да  бар.  Ә лекеңнің  ойынша  елім іздің 
ертедегісінен  бастап  бүгінге дейінгі  мәдениетің  өнерін  қамтитын 
жинақта  Қазақстанның өзінен бірнеше том жазылуға тиіс.
Біреулер өмірінің бел ортасынан асқан соң-ақ тындырған ісін 
қанағат көріп, барды қызықтаумен жүреді. Енді біреулер бастаған 
істі жеріне жеткізсем екен деп дамыл таппайды.  Бүл дүниеде екі 
рет өмір сүрмейтіндігін білгендікген бойындағы қуат-күшін толық 
жүмсауға  тырысады.  Әлекең  болса,  “ойға  алғаң  кезегін  күткен 
істер  көп.  Соның  бәріне  тек  уақыт  керек”  дейді.  Уақыт  қадірін 
білген адамға не жетсін! 
І
1968 ж.
178

Қүлмат  Өміралиев,
еалым
ҚАЗАҚТЫҢ  КӨРНЕКТІ  ҒАЛЫМЫ
Қазақ  совет  интеллигенциясының  алғашқы  буындарының 
бірі,  Қазақстанның  көрнекті  ғалымы  академик  Әлкей  Ханайұлы 
Марғұланның туғанына  1964 жылы  майда 60 жыл толды.
Қазақтың  эдебиет  тану  ғалымы  мен  үлттық  мәдениет 
тарихының, қазақ археологиясы ғылымының өсіп дамуына елеулі 
үлес қосқан зерттеуші, қазақ археология ғылымын жасау жолында 
көп  еңбек еткен  академик  Ә.Марғұланның  есімі  республикамыз 
ғана  емес,  одан  сырт  жерлерге  де  көптен  белгілі.  Академик 
Ә.Марғүлан  -   қазақ  халқының  арғы-бергі  замандағы  саңлақ 
ойшылдары  мұралары  мен  өмірі,  қызметі  жайында  терең 
зерттеулерге негізделген еңбектер мен мақалапардың авторы. Ол -  
қазақтың  ауыз  әдебиеті  үлгілері  мен  көне  дәуірдегі  ақын- 
жазушылар,  ғалым,  тарихшылар  мұраларының  зерттеушісі 
ретінде  де,  қазақ  халқының  ежелгі  материалдық  мәдениетін 
зерттеуші этнограф, археолог ретінде де, қазақтың Шоқан сияқты 
ұлы  ғалымының  еңбегін  зерттуші,  әрі  ұлы  ақын  Абайға  қатысы 
бар  бүл  күнге  дейін  бізге  беймәлім  боп  келген  көп-көп  жазба 
деректерді  іздеуші  -   архив  қазынасын  ақтарушы  ретінде  де, 
сонымен бірге Қазақ ССР Ғылым академиясының ғылыми-зерттеу 
жүмыстарын  ұйымдастыру,  үлттық  ғылымды  керкейту,  ғылым 
кадрларын  даярлау  ісінде  қолғабысы,  жетекшілігі  мол  аға- 
ақылшы  ретінде де елеулі бедел-қурметке  ие ғалым.
Әлкей  Марғүлан  1904  жылы  15  майда  қазіргі  Баянауыл 
станциясына жақын жердегі Жасыбай көлі жағасында туды. Өзінің 
бүгінгі  көп  түрғыластары  сияқты,  әлкей  де  жас  кезінде  әуелде 
ескі ауылда оқып білім алды.  Бүл  мектепте ол араб жазуын өте 
жетік  игеріп,  қазақ  ауыз  әдебиеті  мен  Отра  Азия  халықтарына 
тән шағатай әдебиетінен хабары мол шәкірт боп шықты. Ауылда 
оқып  жүрген  кезінде,  одан  кейінгі  балалық  өмірінде  Әлкейдің 
рухани дүниесіне эсер еткең  оны  ерте оятқан  құдіретті  күш үлы
179

ақын Абай  мен  Сұлтанмахмұттың өлеңдері  болды.  Расында да, 
ұлы  ақын  Сұлтанмахмұттың,  Жаяу  Мұсаның,  әрі  сол  кезде  жас 
семинарист,  кейін  қазақтың  ұлы  ғалымы  дәрежесіне  дейін 
биіктеген  Қаныш  Сәтбаевтың  Әлкей  мен  оның  қүрбыларының
ілгері 
ум ты л уы на 
көп-көп әсер-ықпал жасағанына сөз жоқ еді.
Әлкей  1917-1919  жылдары  ауылдық  бастауыш  орыс 
мектебінде,  кейін  муғалімдер даярлайтын  курста,  ал  1921-1925 
жылдары өз кезінде өте білімді оқытушылары бар орта дәрежелі 
оқу  орны  Семейдегі  педтехникумда  оқы п  білім  алады. 
Педтехникумды бітірген соң жоғары білім алу мақсатымен, Әлкей 
Ленинградқа барып, Шығыс институтында әрі ЛГУ-дың қоғамтану 
ф акультетінін  шығыс  бөлімінде  оқиды .  Институт  пен 
университетте  Әлкей  елім іздің  аса,  көрнекті  ғалымдары, 
академиктер  В.В.Бартольд,  С.Ф.Ольденбург,  А.Н.Самойлович, 
Ю.П.Крачковский,  Е.Э.Бертельс,  С.Е.Малов,  И.И.Мещанинов, 
Л.В.Щерба,  Е.Г.Грум-Гржимайло  т.б.  лекциясын  тыңдайды, 
орыстың  бул  ірі  ғалымдарының  өнегелі  дәстүрін  бойына  мол 
сіңіреді.  Студент  кезінің  езінде-ақ  Марғулан  қазақ  халқының 
турмысы  мен  мәдениеті тарихын зерттеуге бейімделе бастайды. 
1926-1930  жылдары  практикант  ретінде  СССР  Ғылым 
академиясы  ұйымдастырған  экспедицияға  қатысып,  Қазақстан 
мен  Алтайдың  біраз  жерін  аралайды.  Профессор  С.Н.Руденко 
басқарған  антропологиялы қ  отрядта  жұмыс  істейді. 
Экспедицияда  жүріп  халықтың  ертегі,  аңыздарын,  шежірелерін, 
жырларын,  астрономиялық  ұғымдарын  жинайды.  Осылардың 
негізінде  1927  жылы  «Еңбекші  қазақ»  газетінде  Маңғыстау 
қазақтарының  түрмысы  сөз  болатын  публицистикалық  әңгімесі 
«Адайда»  деген  атпен  жарияланады.  Ал  қазақтың  найман 
бүтағының  қысқаша  тарихы  сөз  болатын  мақаласы  1930  жылы 
Ленинградта шыққан  «Қазақтар» деген жинаққа басылады.
Ә.Марғүлан  1933-1940  жылдары  Материалдық  мәдениет 
тарихының мемлекеттік академиясында (ГАИМК) аспирантурада 
оқиды.  Шығыс  институтында жүмыс істеп жүрген  Ә.Марғүланды 
1938  жылы  СССР  Ғылым  академиясы  Президиумы  шешімімен 
СССР  Ғылым  академиясының  Қазақ  филиалына,  тарих 
секторына  аға  ғылыми  қызметкер  етіп  жібереді.  Міне,  осыдан
180

былай қарай күні бүпнге деиін Ә.Марғүлан Қазақстанның ғылым 
ордасында үздіксіз қызмет істеп, оның әр алуан ғылыми-зерттеу 
жүмыстарын  үйымдастыру  шараларына  белсеңді  араласып
келеді.
Ә.Марғүланның қазақ әдебиеті тарихы  мен  қазақ халқының 
мәдениеті  тарихы  теңірегінде  барынша  енімді  зерттеу 
жүмыстарын  жүргізіп,  осы  саладан  ғылыми  мақалалар  жазуы, 
отызыншы жылдардың аяғынан  басталады.  Бүл  кезде  ол  қазақ 
халқының  тарихы,  қазақтың  батырлық  жырлары  тарихы, 
бүрыңғы жыраулар,  тарихшылар,  әрі түнғыш ғалым  Шоқан,  үлы 
Абай шығармалары төңірегінде (библиографиялық көрсеткіштерді 
қараңыз) бірнеше еңбектер мен зерттеу мақалаларын жариялады. 
Ә.Марғүлан өзінің осы еңбектері негізінде 1943 жылы Ленинградта
кандидаттық диссертация  қорғады.
Зерттеушілік өрісі жағынан Әлкей Марғүлан - әрі алуан ғылым 
саласына бой үрған, әрі бәрінен де терең ғылыми еңбектер берген 
ғалым.  Өз  зерттеу  жүмыстарының  әр  салалығына  қарамай, 
осының  бәрінде  бір  ғана  мақсатты  -   қазақ  халқының  әдеби, 
ғылыми,  мәдени  тарихының  ежелгілігін  эр  алуан  тәсілді 
зерттеулер арқылы дәлелдеу мақсатын негізгі нысана етеді. Міне, 
бүл - Ә. Марғүланның ғалымдық epic, сападағы өзіндік бір ерекше 
қасиеті.  Сонымен  бірге  Ә.Марғүланның  зерттеу  жүмысында 
Шығысты,  Орта  Азия  мен  Қазақстанды  зерттеуші  орыстың  ірі 
ғалымдарына - өзі тәлім-өнеге алған ұстаздарына тән стиль бар.
Ә.Марғүлан ертеректе зерттеген эпостық жырларды болсың 
қазіргі күнгі негізгі ғылми зерттеу объектісі болған қазақтың ежелгі 
архитектура өнері, сымбат, мүсін, сәулет, шеберлік енері тарихын 
болсын,  негізінен  екі  бағытта:  жер  қазбалары  деректерін 
экспедициялық  зерттеулер  арқылы  жинау  әрі  ежелгі,  орта 
ғасырдағы ғалымдардың, жиһанкездердің Орта Азия,  Қазақстан 
туралы  жазған  еңбектерін  зерттеу,  сейтіп,  осы  екеуін
сабақтастыра  қорытынды  жасау  бағытында  жүргізеді.
Ә.  Марғүланның  қазақ  әдебиетінде  көбірек  айналысқан
тақырыбы  — қазақтың  эпостық  жырлары  мен  ертедегі  жазба 
мәдени  мүралары,  жыраулар  емірі  дедік.  Ол  «Қазақ  халқының 
батырлық  жыры»  деген  тақырыпта  1945  жылы  докторлық
181

диссертация  (көлемі  35  баспа  табақ)  қорғады.  Бұл  еңбегінде 
Ә.Марғұлан батырлық жырды сонау ежелгі үйсін-қаңлы заманы, 
V -  VIII ғасырдағы түркі қағанаты заманы, IX -  X ғасырдағы қарлүқ 
дәуірі,  әрі  бергі  кездегі  ноғайлы,  қазақ-қыпшақ  дәуіріне  бөле, 
оларда  көрінетін  әдет,  салт,  жол-жосын,  жөн-жоралғыларды, 
түсінік-наны м ,  дүние  танымдарды  халықтың  тарихымен, 
экономикасы  тарихымен  байланыстыра  әрі  жазба  тарихта 
сақталып  қалған  ежелгі  грек  жырларымен  салыстыра,  сөйтіп, 
олардың  туу  себептерінің  тарихын  сырын  аша,  әрі  Қазақстан, 
Орта  Азия  жерінде  сақталған  қазба,  жазба  деректерден  ежелгі 
батырлық заманның ізін қуа, оларды айғаққа,  куәлікке тарта сөз 
етеді. Осы ретте қазақ әдебиетінде ертегіге айнала бастағаң бірақ 
ерлік, батырлық заманның мифтік үғымдар үстем дәуірінде, яғни 
үйсін-қаңлы  заманында  туған  «Ер  Төстік»,  «Құламерген» 
(Ақкөбек),  «Ханмерген»,  «Айтолыс»,  беріректе  жасалған 
«Қорқыт»,  «Көрғүлы»  т.б. жыр-ертегілер толық та терең зерттеу 
тапқан. Әрі оларды өз ара салыстыра отырып, жыр мотивтерінің 
уқсастық,  ерекшелік жақтарын,  мотивтің алғашқылық,  соңғылық 
ізін халықтардың қоғамдық, экономикалық тарихы негізінен келіп 
дәлелдеуді  бірінші  кезекке  қойып  отырған.  Әрі  Ә.Марғүлан 
эпостық ертегілерді Қазақстан территориясында сақталған ежелгі 
тас  кешен,  ер,  батыр,  алып  түлға  иесін  паш  етер  сым  тас, 
скульптура  ескерткіштердің,  мұнаралы  бейіт,  молалардың 
жасалу  тарихын  археологиялық  жағынан  дәлелдеу  арқылы,  V- 
VII  ғасырдан  қалған  орхон-енисей  тас  жазулары  -   жазулы 
қүлпытастарды,  ондағы  жауынгерлік  термин,  эпостық  үлгідегі 
үзікті, 
эпиграммаларды
  негізге  ала  сөз  етеді.  Міне,  осылайша 
ежелгі 
материалдық  мәдениет  пен  рухани  мәдениетті
  қатар 
алып,  біріне  бірінен  дәлед  байланыс  таба  бірлікте  қарастыру, 
зерттеу  бүл  -   академик  Ә.М арғұланның  өзіндік  ғылыми- 
лабораториялық  экспедиция-археологиялық  зерттеу  әдісі.  Бұл 
әдіс,  сайып  келгенде,  қазақ халқының 
материалдық мәдениеті 
де,  рухани  мәдениеті  де  ежелгілік,
  бұл  екеуі  де  сонау  арғы 
дәуірлерден  бері  бірімен-бірі  байланыста,  қатар  дамып  келген 
деген негізгі пікір нысанасын айғақтау әрі қазақ бертінгі кезге дейін
182

көшгелі 
ғана ел болды деген жаңсақ пікірлерді мансуққа шығару 
идеясынан  кеп туған  әдіс.
Сол  сияқты  академик Ә.Марғұлан  эпостық жырдың ежелгілі 
қазақ 
халқында,  қазақ халқына уйтқы болған байғы тайпаларда 
ақындық,  жыраулық  өнердің  де  ежелгілігін  керсетеді  деген 
идеямен  оған  дәлелді  арғысы  X  ғасырға  дейінгі  қытай 
деректерінең бергісі орта ғасырдағы араб, Орта Азия ғалымдары 
жазба деректерінен қарастыра зерттеу жүргізеді. Айталық, III-VIII 
ғасыр тарихын  сөз ететін  қытай  шежірелері түркі тайпаларында 
ақындар  жиын-тойда  домбыра  алып,  қарама-қарсы  отырып 
айтысқа  түсетінін  ескертсе,  XI  ғасырдағы  Махмуд  Қашғари 
сөздігінде  байырғы  өткен  Шеже  жырау  еске  алынады.  Ал  XIII 
ғасырда араб тарихшысы Ибнал-Асир Дәшті қыпшақтың Аталық 
жырау немесе  Кетбұға ақыны болғанын айтса, XIV ғасырдың 30 
жылдары Сарайшыққа келіп кеткен тарихшы Ибн-Батут «түріктің 
улы  жыршысын»  -  Сыпыра  жырауды  атайды.  Міне,  Ә.Марғулан 
осы ақындарды әрі XV ғасырдағы Асан  Қайғы, Жиренше шешен, 
бергісі Буқар жырау, Тәтті Қара, Шал ақындарды бұрыңғы-соңғы 
эпостық  жырлармен  байланыста,  оларды  алғаш  жасаушы 
авторлар  ретінде,  яғни  сонау  ертегі-жыр  үлгісіне  ауысқан  «Ер 
Төстік»,  «Құламерген»,  «Ханмерген»,  «Айтолыс»,  бергісі  «Қозы 
Көрпеш  -   Баян-Сулу»,  «Ер  Көкше»,  «Ер  Қосай»  т.б.  жырларды 
туғызған  эпик  ақындар  ретінде  қарайды.  Сөйтіп,  зор  ақындық 
таланттың, үлкен жыраулық өнердің қазақ халқында ете ертеде 
туып, кейінгі кезге дейін дәстүрлі сабақтастығын үзбей жеткендігін 
баяе  етеді.  Қысқасы,  қазақ  әдебиет  тану  ғылымында  50- 
жылдарға дейін бой көрсеткен кезқарас, яғни ескі мураларға деген 
бір  жақты  мадақтау  сарыны  Ә.Марғулан  мақалаларында  да 
ішінара  болғанын  есептемегенде,  оның  бул  саладан  жазған 
еңбектері  қазақ әдебиет тану ғылымында елеулі орынға  ие.
Ә.Марғуланның  «Мухаммед  Хайдар  — қазақтың  тұңғыш 
тарихшысы»  атты  мақаласында  да  қазақ  халқының  жазба 
мәдениеті  тарихы  әріде  жатыр  деген  пікір  бірінші  кезекке 
қойылады.  Шын  мәнінде  де,  қазақ  халқының  бір  бөлегінің  Ақ 
Ордадан 
бөлініп, туыстық бірлігі өте ерте дәуірде жатқан Жетісу 
халықтармен  «бірігуін»  баяндайтын  еңбек,  яғни  Сарысу — Illy —
183

Іле алқабында тілдік,  этногенездік жағынан XII—XIV ғасырларда- 
ақ бір түтастыққа келе бастаған тайпалардың ұйтқылығы негізінде 
құрылған  қазақ  халқының  алғашқы  дәуірін  баяндайтын  еңбек, 
әрі өзі осы ұйтқы тайпалардың бірі -  Дулаттан шыққан автор қазақ 
халқының тарихында да,  әрі  мәдениеті,  әдебиеті  тарихында да
көрнекті орын алмағы лайық та.
Ә.М арғүланның  ендігі  бір  мүқият  қолға  алған  игілікті 
бастамасы  -   Шоқан  мен  Абайдың  қолжазбаларын,  хаттарын 
табуы, үлы ақын Абай шығармаларының бүл күнге дейін белгісіз 
боп келген нүсқаларын іздестіруі, сонымен бірге Шоқанмен қатар 
әрі одан соң Омбының кадет корпусында оқыған  қазақ жастары 
жинаған ауыз әдебиеті үлгілері мен олардың өз шығармаларының 
қолжазбасын  қарастыруы  болмақ. 
^
Шынында да, қазақтың эдебиет тану ғылымы мен тіл білімінің 
алдында түрған қазіргі күнгі ең негізгі міндет XIX ғасырда қағазға 
түскен,  баспа  бетінде  жарияланған  барлық  әдеби  мүраларды 
мүқият іздестіру, жинастыру, оларды ғылыми текстология жасай 
отырып, бастыры шығару болса керек. Міне, мүны қазақтың ауыз 
әдебиеті, жазба әдебиеті,  әдеби тілі тарихын жасау қажеттігі де 
талап  етпек.  Осы  ретте  академик  Ә.Марғүланның  игі  істерін 
кезінде оқушы жұртшылықтың, зерттеуші жас талаптардың қуана 
қүптап отыруы толық заңды да. Айталық, Ә.Марғүлан жариялаған 
ІІІоқанның,  Абайдың  хаттары  өзінің  тілі  жағынан  сол  кездегі 
жазба  әдеби  тілді  қарастыруға  соншалық  құнды  дерек  боп 
табылмақ.
Тіпті  Ә.М арғүлан  қазақты ң  түңғыш  ғалымы  Ш оқан 
Уәлихановтың  өмірі  мен  творчестволық  қызметін  зерттеу 
саласында да елеулі жүмыстар жасады. Шоқан өмірімен ертеден 
айналысып  келе  жатқан  ғалымға  Қазақ  ССР  Ғылым 
академиясының  Президиумы  1956  жылдың  аяғында  Шоқан 
Уәлихановтың әдеби мұрасын зерттеп меңгеру әрі ол еңбектерді 
баспаға  даярлау  сияқты  қүрм етті  міндет  жүктеді.  Қазір 
Ә.Марғүланның  редакторлығымен  әрі  тікелей  араласуымен  үлы 
ғалымның  5'томдық  шығармалар  жинағының  3  томы  баспадан 
шықты. ІЛІынын айту керек, біздің қазақ баспасынан классикалық 
ғылыми  әдеби  мүралар  үлгісінде  шығарылған  бірден-бір  еңбек
184

әрі  ең  алғашқы  еңбек  -   ұлы  ғалымның  осы  томдары  болмақ. 
Жинактың  бірінші  томында  Шоқандай  қоғамдық  қайраткер, 
мемлекеттік  адам,  үлы  тарихи  түлғаның  творчестволық  өмірі 
баяндалатын  үлкен  еңбекті  академик Ә.Марғүлан  жазған.
Ұлы  ғалым  Шоқанның  өмірі  мен  творчестволық  қызметіне 
арналған бүл еңбек түптеп келгенде, Біріншідең қазақ халқы мен 
ұлы орыс халқының XIX ғасырдың басынан 60-жылдарға дейінгі 
аралықтағы  мәдени  қатынасының  тарихы;  екіншідең  орыстың 
революционер-демократтық  бағыттағы  ғалымдары  мен 
жазушыларының, әр түрлі ғылым саласының көрнекгі өкілдерінің 
Қазақстаң  қазақ  халқы  туралы  пікірлерді  мен  еңбектерінің  әрі 
қазақ халқының мәдениеті мен әдебиетіне деген зор бағалаулары 
мен  олар  төңірегінде  жүргізген  жүмьістарының  конспектілік 
ғылыми  лекциясы;  үшіншідең  осы  дәуірде  Қазақстанға  келіп- 
кеткен  орыс  ғалымдарының  қазақтарға  арналған  еңбектерінен 
хабардар  ететін  ғылыми  библиографиялық  көрсеткіш; 
төртіншісіден,  Шоқандай  үлы  ғалымның  өз  халқына  деген 
сүйіспеншілің қызғыш-қамқорлығын, келешегіне деген сенімің орыс 
халқымен  достығын  уағыздағаң  соны  тілеген  мүрат-мақсатын, 
сошалық аз  өмірінде жазып  үлгірген  орасан  зор  еңбектері  мен 
көтерген, берік үстанған идеясын, орыс халқымең оның озық ойлы 
азамат  үлдарымен  қарым-қатынасың  қысқасы,  Шоқанның  18 
жылдық өмір жолын — кадет корпусының шәкіртінен Ресейдің сол 
кездегі  алдыңғы  қатарлы  қауымы  түгел  дерлік  танып,  зор 
бағалаған  биігіне дейінгі  өсу жолын  ғылыми  тілмен  баяндайтын 
тарихи  шежіре  іспеттес.  Сондықтан  да  бұл  еңбек  Шоқан 
жайындағы  зерттеу  ғана  емес,  ол  -   қазақ  халқы  мен  орыс 
халқының  мәдени  қатынасын  зерттейтін,  осы  екі  халықтың үлы 
перзенттерінің қазақ халқының тарихы, түрмыс-салты, мәдениеті 
мен  әдебиеті,  тілі,  Қазақстан  географиясы  жайындағы 
зерттеулерімен  айналысатын  былайғы жас буын ғалымдар үшін 
дайын  түрған  деректеме  көз,  өздігінен  ізденуге  кемекші  пікір
сабақтарының тізбек түйіндері боп  шыққан.
Қазақстан  территориясында  ертедегі  дәуірден  қалған 
материалдық мәдени  мүра — ескерткіштерді  зерттеу жүмысы да 
Ө.М арғұланның  есімімен  тығыз  байланысты.  Академик
185

Ә.Марғүланның  есімі  көне  заманның  материалдық  мәдениетін, 
оның  іш інде  архитектура  ескерткіш терін  зерттеу  ісінде 
А.Ю .Якубовский,  М .Е.Масон,  С.П.Толстов,  А.Н.Бернштам, 
С.И.Руденко сияқты көрнекті совет ғалымдарының есімімен қатар
түрады.
Ә.Марғуланның  Қазақстан  территориясында  жасаған 
алғашқы  қауымының  әрі  бүл  қауым  ыдырағанға  дейінгі 
аралықтағы  құрылыс  материалдарын  баяндайтын  еңбегі 
қазақстандық  археология,  тарих  ғылымында  әрі  практикалық 
жағынан да, әрі ғылыми жағынан елеулі орынға ие. Яғни алғашқы 
қауым  тіршілігі  ізін  Қазақстан  территориясынан  табу,  олардың 
картасын  жасау,  материалдық  мүралардың  суретін  түсіру, 
оларды ж инау- бірінші жағынан, республикамыздың ғылыми елке 
тану  музейін  байыту  болса,  екінші  жағынан,  осы  дәуірден 
қазақстандық  ғылымның  өркендеуіне  мүмкіндік  жасау  болмақ, 
үшіншіден,  мүның  өзі  жергілікті  жерлердегі  мектептердің  арғы 
дәуірден  елке тану жүмысын жүргізуі үшін әрі тікелей  көрсеткіш,
әрі нақты  нүсқау да болмақ1.
Ә.Марғүланның  бүл  саладағы  еңбектерінің  бергі  дәуірге 
қатысты  бөлімі  де  барынша  терең  ғылыми  зерттеулерге  толы. 
Олай дейтініміз:  Қазақстан жерінен табылғаң  қазақ халықтығын 
қүрауға үйытқы болған ежелгі тайпалар түтынғаң солардан қапған 
материалдық  мәдени  мұралар  біз  жоғарыда  айтқан  үлкен  бір 
мақсатқа,  яғни  қазақ  халқы  көшпелі  ғана  ел  емес,  ежелден-ақ 
отырықшы,  жартылай  отырықшы,  мәдениетті  ел  болған  деген 
мақсатқа,  осы  пікірді  дәлелдеу  мақсатына  негізделе  зерттеледі. 
Айталық,  Сарысу,  Ұлытау,  Шу,  Бетпақдала  т.б.  жерлерде 
сақталған балбал тастар, тас мүсіндер, мұнаралы мола бейіттер, 
Отырар,  Тараз,  Баласағұң  Баба-ата,  Қойлық  сияқты  қалалар, 
ондағы  монша,  мешіт  медресе,  сауда  сарайы  орындары,  зор 
тастан  қаланған  үй  іргелері,  түрғылар,  үй  қабырғаларына,  түрлі 
бұйымдарға  салынған  әр  алуан  формалы  оюлар,  өрнектер, 
әшекейлер, қамап ішіндегі жер асты су қоймалары, қыш трубалар, 
су  орлар,  үлкен  кепірлер,  тоғандар,  кең арналы  канал  арықтар,  |  
суармалы  егіндік  жерлер,  су  диірмендер,  бау-бақша  орындары 
т.б.  -   мүның  бәрі  күрделі  қүрылыс  қүралдарына  иелік  еткен
186

мәдениетті,  отырықшы  халықтың  ісі.  Академик Ә.Марғұлан  осы 
мәдениетке  V—VIII,  IX—XIII  ғасырда  Орталық  Қазақстанды, 
Сарысу, Шу, Сыр, Жетісу өлкесін мекендеген қазіргі қазақтардың 
арғы  аталары  иелік  етті  дегенді  айтады,  әрі  оны  осы  мәдени 
мұраның арғы-бергі үлгілерің олардың даму, күрделену, бүл күнге 
келіп жету сияқты тарихи жолын зерттеулер арқылы даусыз түрде
дәлелдейді.
Ә.Марғүлан  100-ге  жуық  мақалалар  мен  жеке  ғылыми
еңбектер  жазды.  Республикамызда  әдебиет  пен  тарих,
археология  саласынан  жазылған  кандидаттық,  докторлық
диссертацияларға,  жеке  ғылыми  еңбектерге  арнап  берілген
отыздан  арттық  рецензиялары  бар.  Әрі  ол  көптеген  жас
ғалымдарға жетекшілік те етті.
Ә.Марғүлан Қазақ ССР Ғылым академиясы мен астанадағы
жоғары  оқу  орындарында  әрі  еліміздің  өзге  қалаларында
гуманитарлық  ғылымнан  ұйымдастырылған  кеңестер  мен
конференцияларға белсене ат салысып отырады. Ол  1932 жылы
Ленинградта болған Иран көркем өнерінің халықаралық конгресіне,
1960 жылы  ориенталистердің  Москвада  еткізілген  халықаралық
25-конгресіне  қатысты.
Ә.Марғұлан 1946 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының
мүше-корреспонденті,  1958  жылы  Қазақ  ССР  Ғылым
академиясының  академигі  боп  сайланды,  G.MapfynaHFa  1960
жылы  профессор деген атақ берілді.
1964 ж

МАРҒҰЛАН  ӨЗ  БАҒАСЫН  НЕГЕ АЛА АЛМАДЫ?
Халқымыздың біртуар ұлдарының ішінде түрлі себептермен 
көп  айтылмай  келгені  -   академик  Әлкей  Марғұлан.  Биыл 
тәуелсіздігіміздің  арқасында  ұлттық  ғылымымыздың  мерейін 
асырған тұлғаның  100 жылдық мерейтойы  ЮНЕСКО деңгейінде
тойланғалы отыр. Бүгін ұлығалымныңталантты шәкірттерінің бірі, 
тарих  ғылымының  кандидаты,  доцент  Самат  Өтениязовпен 
әңгімені  назарларыңызға 
усы нам ы з.
- Таныс-білістіктеріңіз  қай  жылдардан  басталып  еді?
-  Әуелі Әлекең менің “Аттила” атты кітабымның қолжазбасын 
оқыды.  Бұл -  1980 жыл Ұнаған болуым  керек.  Сосын  Қазақстан 
Ғылым  академиясы  Тарих  институтының  директоры,  академик 
Ақай  Нүсіпбековке  айтып  жүріп,  сол  институттың  ертедегі  және 
орта  ғасыр  тарихы  бөліміне  жұмысқа  алдырды.  Кілең  сайдың 
тасындай  шет  тілдерінің  маман-ғалымдары  қызмет  істейтін 
бөлімді  белгілі ғалым  Болат  Көмеков басқарады  екен.
Тарихқа ендеп зерттей бастадық. Дегенмен, үзамай Ұстазым 
мені шоқантануға икемдеп, баулып әкетті.  Қанша жерден саңлақ 
ғалым, сұңғыла оқымысты болса да Әлекең өз бағасын жеткілікті 
дәрежеде ала  алмай,  туған  елінде өкіметтен  өгейлік көріп  өткен
адам. 
эді
- Дәлел  керек  қой?
-  Дәлел-дәйек  сүхбаттың  ен-бойында  жеткілікті  айтылатын 
болады.  Әңгімені  әріден  бастайын.
1929  жылы  Санкт-Петербургтен  (Ленинградтан)  Шығыстану 
институтын тәмамдап  келген өрімдей жастың одан кейінгі ғүмыр 
жолы  ауырлау  болды.  Ел  ішінде  өсек-аяң  өрекпіп,  қуғын-сүргін 
өршіген уақыт. Сондықтан аспирантураны сылтау етіп, 1931 жылы 
Петербургке қайта аттанған. Одан кейін Мәскеуде қызмет істеген 
1938 жылы сол шақтағы КСРО Ғылым академиясының басшысы 
Әлекеңді  шақырып  алып,  “еліңізге  қайтыңыз"  деген  үсыныс 
жасайды.  Сөйтсе,  маман  жетіспей  жатқандықтан  сол  кездегі 
Қазақстан үкіметі басшыларының бірі Нүрмақов өтініш білдіріпті 
академияға.'Ол жақта, әрине, Әлекең үшін тыныш. Қауіпсіз. Десе 
де,  амалсыз оралған.
188

Рас, 
1940  жылы  алғашқы  ғылыми  кітабы  ("Қазақ  әдебиеті" 
Қажым  Жүмалиевпен  бірге  жазған)  жарық  көрді.  Одан  кейінгі 
еңбөггерінің  жариялануы 
өте-мөте  сирек.  Тіпті,  1951 
жылы 
“Казахстанская 
правда”  газетінде  сын  мақала  да  шыққан. 
Мазмұны  білім 
беру  ересі  ете  жоғары  институтты  бітіріп  келген 
Әлкей  Марғүландай 
білімдар ғалымдар да ештеңе бітірмей жүр 
деген  айыптауға 
толы.  Авторы  кім  дейсіз  ғой.  Әлекең  оны,  ол 
Әлекеңді 
қатты  сыйлайтын  ғалым  Мариям  Түрсынова.  Ол 
кісілердің  арасы ндағы  
сыластыққа  мен  куәмін.  Кейіннен
түсініскендері  анық.
Ал,  XIX  ғасыр  тарихын  Мариям  Сүлейменқызынан  артық 
білетін тарихшыны  кезіктірмедім.  Бүл  бағыттағы  білгір тарихшы 
Бекмахановтың кезін  біз керген жоқпыз.  Мариям -  шоқантануға 
орасан  үлес  қосқан  ғалымдардың  бірі.  Әлкей  ағаны  сынағаны 
үшін 
оны  нашар адам екен деп ойлап  қалмау керек.  Сол  кездегі 
ғылым  саласындағы  қүйтырқылықтарды  Мариямға  байланысты 
да  айта  аламыз.  Шоқантануға  ерен  еңбек  етіп  жүрген  Мариям 
апайға 
өз  бағытында  емес,  ойда  жоқ  Маңғыстау  адайларының 
тарихы туралы қорғау үсынылған Біріншіден, Кеңестік саясат үшін 
өмір 
бойы  Ресей  империясына  қарсы  соғысқан  жауынгер  елдің 
шежіресі 
маңызды  тақырып  емес еді.  Екіншідең  қанша  білімпаз 
болсаң  да  саясат  сүрлеуіне  салып  мін  тағушылар  кеп  болары 
даусыз.  Сонда  да  мықты  ғалым  дес  бермей,  ақыры 
(кандидаттықты) қорғап  шыққан.  Осы  зерттеу мүрындық болып, 
1972-73  жылдары  Салық  Зимановтың  жетекшілігімен  “Казахи 
Мангышлака XIX века” атты жинақ баспадан шыққаны бар. Сізге 
өтірік,  маған  шын,  кезінде  Англияға,  Францияға,  Испанияға 
барғанымда менің де алдымнан аталған кітапты сүрап шыққандар
аз  болмады.
-  Енді  Шоқан  және  Өлкөй  тақырыбына  оралсаңыз.
-  Шоқантану  — қазақ  ғылымының  үлкен  бір  саласы.  Оның 
ішінде 
этнография, тарих, археология, әдебиеттану, нумизматика
(тастағы  жазу),  тағы  басқа  болып  беліне  береді.  Яғни,  Шоқан 
Уәлиханов мүрасы әмбебап. Оны зерттейтін ғалым да жан-жақты 
оқымысты болуы шарт. Сол ізбасар, сез жоқ Әлкей аға болатын.
189

Қаныш  Сәтбаев  Қазақстан  Ғылым  академиясының
Президент  ретінде  Шоқан  мұраларын  түгелдей  іздеп  тауып. 
жариялату мақсатында қатарынан 6 мәрте ғылыми топ құрғызғак 
Ғалымдар  қанша  топтасса  да  ештеңе  бітіре  алмайды.  Шоқан 
еңбектері  өте  күрделі  әрі  жоғын  іздеп  табы  да  қиямет-қайым. 
Күрделі  болатыны  мысалы,  Шоқан  жолда  кезіккен  шөп,  ағаш 
немесе аңның атын қазақша (араб қарпімен), орысша, латыииа, 
иранша,  парсыша  дегендей,  жаза  берген.  Мүнан  басқа  да 
қиындықтар  көп.
Енді  тұйы ққа  тірелген  Сәтбаев  Орталық  Қазақстанда
археологиялық  экспедицияны  басқарып  жүрген  Әлекеңді 
шоқанзерттеу тобын  басқаруға  қорлап  көндіреді.  Сол-ақ екең іс 
ілгері  басады.  Маман  бәрін  ешеді деген  сөз осындайдан  шықса 
керек. Топқа бағана айтылған Мариям Тұрсынова және Палгова, 
Кармышева,  Миңғұлов  сынды  небір  білгірлер  қамтылады.  Екі 
жылдан  соң  (1958)  Шоқан  Уәлихановтың  таңдамалысы,  1961, 
1962,  1964 жылдары  I,  II,  III  томдары,  1968,  1972 жылдары  IV, V 
томдары тасқа басылған. Соның өзінде кітапқа “Едіге батыр” жыры 
мен ол туралы  Шоқанның тамаша танымдық мақалалары енбей 
қалған.  ІІІоқан “Едіге" жырының бір  нұсқасы  мен “Манастың” бір 
бөлігін  орысшаға  тәржімалаған.  Осы  аудармаларды  1904 жылы 
Веселовский өте жоғары  бағалағаны есімізде.
1985 жылғы Шоқанның 150 жылдығы қарсаңындағы науқанға 
өзім  куәмін.  Алдымен,  бұл  мәселені  1982  жылы  Мәдениет 
министрінің орынбасары  Өзбекәлі  Жәнібеков  көтерді.
Дінмұхаммед  Қонаевқа  Әлекең  хат  жазды.  Ғабит,  Ғабиден 
үшеуінің  қолын  Көмековтің  бөлімі  түгелдей  5  томдықты  қайта 
шығаруға  жұмылдырылғанбыз.  Түсініктемелері  қысқартылды. 
Орысша  5 томдық  15  мың данамен  1985-1986 жылдарда жарық 
көріп үлгерді. Қазақша небәрі жалғыз том шықты, онда да кешігіп. 
Қазақшасын  қойып,  орысша  5  томының  өзі  дүкендерге  түсіп 
үлгермей,  пышақ  үстінде  үлестіріліп  әкетілді.  Күні  бүгінге  дейін 
ІІІоқан  еңбектерінің қаттығын осыдан-ақ бажайлай  беріңіз.
Өкінішті бір жәй - Әлекеңнің Шоқан туралы жазған (20 баспа 
табақтан  астам)  кітабы  баспаға  жіберілмеді.  Мемлекеттік баспа 
комитетіне барғанымызда “Марғүланның ана баспада бөленінші,

мына  баспада  түгенінші  томы  кезекте  тур”  деген  сылтауды 
көлденеңдетті.  Жылда  сондай  сылтау  айтылатын  жэне  сол 
кезекте турғандарының езі басылмай  қалатын  Сөз боп отырған 
бір  томдықты,  академияның  вице-президенті  Жабайхан 
Әбділдинге,  академияның  төралқасына  да  апардық.  Әлекеңнің 
қызы  Дәнелдің  айтуынша,  тералқаға  усынылған  нусқасы 
қайтарылып берілмей жоғалып  кетіпті.
-  Ш оқан  муралары  түгелдей  табылып,  ғылыми
айналымға  енді  ме?
-  Бірде  Арғынбаев  екеуміз  Әлекеңнің  үйіне  барғанымызда 
Шоқанның Ленинградтан  әкелінген  бір жәшік еңбегі түгелдей  із- 
түссіз  кетті  академияда  дегені  есімде.  -   Бірақ  олардың  тізімі 
түгелдей  менде  бар,  -  деді.  Бұл  да  академияның
былықшылығының  бір  көрінісі.
Шоқан  қайтыс  болғасын  оған  әкелік  қамқорлық  жасаған 
генерал  Гутковский  бастаған  ғылыми  топ  құрылады.  Мұның  өзі 
Орыс жағрафия  қоғамының  Шоқанды  өте жоғары  бағалауымен 
байланысты. Алайда екі жылға жетер-жетпесте Гутковский шаруа 
аяқсыз  қалады.  Жариялау  мақсатында ғалымдардың қарауына 
таратылған қолжазбалар сол қалпы әркімде кетеді. Веселовский 
бірде Шоқанның 3-4 дәптерін Г ригорьевтің мурағатынан тапқанын 
ескерткен.  Меніңше,  Шоқан  мурасының  көбі  Әлекең  бастаған
топтың  арқасында  табылды.
-  Гутковский  деп  отырғаныңыз,  Сәбит  Муқановтың
Шоқан  Уәлиханов  жайлы  пьесасындағы  Катерина
Гутковскаяның әкесі  ғой?
-  Дәл  өзі.  Сәбит  Мұқановтың  бәлкім,  білместіктен  үстірт
кеткен  тусының  бірі  осы.  Көркем  шығарма  қалай  дегенмен  де 
шындыққа шіркеу келтірмеуі тиіс. Драмада  Катерина мен  Шоқан
арасындағы  махаббат  мәселесі  сөз  етіледі.  Ад  емірде,  Шоқан 
Г утковскийдің үйіне барғанда Катерина бар-жоғы екі жастағы сәби. 
Сол бір аяулы жан қолына түскен Шоқан еңбектерін жиырмасыншы 
жылдарға дейін  шашау шығармай сақтап,  70-ке келген  шағында 
мурағатқа  тапсырған.  Мәдениетті  әулеттің  ғалымға  деген  зор 
құрметінен басқа пенде ретіндегі махаббат мәселесі онда мүлде 
жоқ.  Бул жөнінде Ғабит Мүсірепов те сынап жазған.
191

150  жылдыққа  орай  1985  жылы  ғалымдардан  пікір  алу 
мақсатында драманы  оқу тапсырылды.  Мариям  Сүлейменқызы 
жоғарыдағыдай  нақты деректерді айта  келіп,  мүлдем жарамсыз 
деп дәлелдегенімен  қүлақ асқан жан болмады.  Сахналанды.
Ал  “А ққан  жүлды з”  романында  да  тарихи  деректер 
бұрмаланған.  Қысқасы,  Сәбит  ағамыздың  “Аққан  жұлдыз" 
романынан  гөрі  Әлкей  Марғүланның  “Шоқан  және  Манас",
“Көкетай  хан”  секілді  кітаптары  маңыздырақ. 
|  j
-  Энциклопедиялық  білімдарлық  Кеңес  дәуірінде  ілуде 
біреуге,  дәлірегі  -  Әлекеңе  бүйырса,  ол  кісінің  зерттеулерінің 
басында археология түр. Оны біз кезінде “Білім және еңбек” тағы
басқа  газет-журналдардан  үзіп-жұлып  оқығанымыз  бар. 
Щ
-  Әлекең  кандидаттық,  докторлық  еңбекті  филологиядан 
қорғаған.  Әрине,  ол  заманда  ғылыми  еңбекке  төрелік  айту  тек 
Мәскеудің  қүзырында.  Ад  Қазақстан  археологиясының  атасы  - 
Әлкей  Марғүлан  болып  қалары  даусыз.  Әлекең  -   ғүмырында 
мәртебелі  қызмет  істемеген  адам.  Жеткен  биігі  -   этнография 
бөлімінің  бастығы  ғана.  Қазақстанның  ұлан-байтақ  жерінде 
археологиялық  зерттеу  қажеттілігі  де  кезек  күттірмейтін  іс  еді. 
Сөйте түра, археология институты ашылған жоқ. Жері шап-шағын 
Ө збекстанның  Самархан  мен  Таш кенттегі  екі  бірдей 
археологиялық институт жұмыс  істеді.  Тек тәуелсіздік алған  соң 
ғана институтқа қолымыз жетті.  Институт ашып, Әлекеңе жағдай 
жасауға  Қазақстан  Компартиясы  Мәскеудің  қаһарынан  қорықты 
шамасы. Өйткені, аржағынан қотарып жазатын Әлкейдей ғүлама 
кешегі бүратана аталған елдің көп шындығының бетін ашары хақ 
болатын.
Археологиялық  экспедицияға  жетекшілік  етіп  жүріп,  Әлекең 
1977  жылы  өзінің  “Орталық  Қазақстандағы  Беғалы  Дандыбай 
мәдениеті” атты әйгілі жаңалығын ашты. Баспада сүрленіп кебірек 
жатып,  “Беғалы  Дандыбай  мәдениеті”  жарық  кергенде,  әлемнің 
түкпір-түкпірінен Әлекеңе ғалымдар лебізі жауып кеткек Ғылыми 
ортаның  назарын  ерекше  тартқан  еңбекті  сексенінші  жылдар 
басында  КСРО  Мемлекеттік  сыйлығына  да  ұсынуға  үйғарым 
қабылданды. 
Ч а
192

Бірауыздан  үсынып,  үйғарым  қабылданған  Академияның 
түрлі  марапат,  сыйлыққа  үсынатын  арнаулы  комиссиясы. 
Комиссия төрағасы -  Асқар Қонаев.
Арада  2-3  жыл  өтіп  кетті.  Сосын  Әлекең  күдіктенді  ме,  мені 
жүмсап, комиссия отырысының хаттамасынан Әкішев,  Байпаков 
бастаған  ғалымдарының  лебізін  жаздыртып  алды.  Олар 
обалдары  кәнеки,  қатты  мақҮаған.  Не  қылғанмен  сыйлық 
берілмеді. Ұсыныс Мәскеуге жетті ме, жетпеді ме, анық-қанығын 
білмедік.  Біздің  топшылауымызша,  Қазақстанда  да,  Мәскеуде 
де Әлекеңмен  бақталастар аз болмаған.  Бәлкім,  Мәскеу кезінде 
алаш ардагерлерімен аға, бауыр болып араласқан Әлекеңнен іш 
жиған  шығар.  Әйтеуір, осы  мәселе жүмбақ күйі қалды.
1983 жылы Қазақстан тарихының 5 томдығы жарыққа шықты. 
Ертедегі түркі мемлекеттері қақындағы бірінші томын жартылай, 
екінші томын  түгелдей  Болат  Көмеков,  үшінші томын  толық  Бек 
Сүлейменов  басқарған-ды.  Шыны  керек,  Әлекеңнің  бірнеше 
мақаласы  болмаса,  онда  үлесі  аз.  Әйтсе  де,  Қазақ  КСР 
Мемлекеттік сыйлығы берілген 4-5 адамның ішіне Әлекеңді қосып
жіберді.
ТҮРКІ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ТӨРІНДЕ  ӘЛЕКЕҢ ТҰР
Од  ол  ма?  Бізде өте  ыңғайсыз ахуал  қалыптасты. Тер төгіп 
еңбек еткен  Болат  Көмеков  пен  Бек Сүлейменов  атаусыз қалды 
да,  оның  есесіне  институт  директоры  Ақай  Нүсіпбеков, 
орынбасары  Григорий  Федорович  Дахшлегер  Мемлекеттік 
сыйлықты  иеленді.  Болмаса,  ақ  адал  еңбек  иелері  үшін  осы  екі 
бастықтың біреуі сыйлықтан бастарта алмады. Қазақстанда күні 
бүгінге  жалғасып  келе  жатқан  адал  еңбекті  белден  басудан
классикалық  үлгісі  бүл.
- Әлекең  мен  Сәтбаев  екеуінің  қарым-қатынасы  жөнінде
аз айттыңыз?
- Сәтбаев екеуі Баянауылдан. Жерлес қана емес, Әлекең оның 
туған  күйеу  баласы.
193

Қаныш  Сәтбаевтың ғылыми  еңбегін  сөз ету аз.  Оның саяси 
еңбегі  де  орасан  үлкен.  Мысалы,  М аңғыстау  облысы 
Түркіменстанға  беріліп  кетуге  айналғанда,  КСРО  Ғылым 
академиясының  президенті,  академик  Кельдыш  арқылы 
шырылдап  жүріп  Маңғыстауды  Қазақстан  қүрамында  алып 
қалған Сәтбаев. Кешегі, бүгінгі саяси жезөкшелер оны Қонаевтың 
ерлігі  қүсатып  көрсетуге  тырысып  бағуда. 
1
Әр нәрсені өз атымен атайтын  күн жетгі емес пе?
-  Аталған  «Орталық  Қазақстандағы  Беғазы  -  Дандыбай 
мәдениетінің»  мәнін түсіндіре  кетсеңіз.
-  Солтүстік  Кавказдағы  Қобан  мәдениеті  мен  Оңтүстік 
Сібірдегі Қарасүқ мәдениетіне дейінгі алқапта ешқандай өркениет 
болмаған деген байлам жасалып келген. Дүниежүзі ғылымындағы 
осы  түсінікті  Әлекең  түбірімен  өзгертті.  Ж аңалыққа  әлем 
ғалымдары  назарының бірден  ауған себебі де осында. 

Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Монография өиделіп, толықтырылган бесінші басылымы
buuk -> Қүрал болумен бірге, сол кездегі иіаруаиіы
buuk -> {С Қырыкбай Мніанұлы Алдабергенов Ерлаи Мұхтарұлы Арын
buuk -> Монография «Тұран-Астана»
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі а. Р. Ерментаева
buuk -> КітлихлиАсъі Жүсіпбек Аймауытов
buuk -> Бағдарламасы бойынша шығарылды
buuk -> Д. филология ғьш ы мдары ны ң кандидаты
buuk -> Казакстан республикасыньщ б1Л1м жэне рылым министршг1

жүктеу 4.84 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет