«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер» атты



жүктеу 10.2 Mb.
Pdf просмотр
бет9/92
Дата09.02.2017
өлшемі10.2 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   92

дайындалу уақытына, жобаны зерттеу қызметінде. 

1. Сабақта АКТ қолдану моделі: 

- компьютерлік презентациялар көрсету; 

- жауаптарды таңдаумен тест жүргізу; 

- электронды  оқулықтарды қолдану

2. Сабақтан тыс жерде АКТ қолдану моделі; 

- интернеттен және басқа ақпарат көздерінен ақпарат іздеу

- қоршаған әлем туралы ақпаратты жазу және бекіту; 



47 

 

- презентацияларды қолдануымен сөз сөйлеуді дайындау және аз сөйлеу. 



Ақпараттық технологияны барлық сабақтада қолдану тиімді. 

Ақпараттық технологияны қолданып өткен сабақтың құрылымы: 

- Айқындылық; 

-Логикалық үйлесімділік; 

- Ақпараттық сыйымдылық; 

Сонымен,  қазіргі  ақпараттану  заманында  оқытуды  ақпараттық-коммуникативтік 

қамтамасыз  етудің  мәні  зор  екені  даусыз.  Сондықтан  да  мен  сабақтарымда  осы  технология 

негіздерін қолданамын.  

Оның мүмкіншіліктері: Activ Studio бағдарламасында сабақтың әдістемелік құрылымын 

сақтай  отырып,  флипчарттар  дайындау,оқушылардың  ғаламторға  еркін  кіріп  ,  ақпаратпен 

қамтылу  мүмкіндігі  ,  сабақтың    аудио-видео  технологиясымен  жаблықталуы,  ең  бастысы  , 

оқушылардың сабаққа қызығушылығы артып,креативтік іс-әрекетпен айналысуға мүмкіндік 

ала алады. 

Ақпараттық технологияның сабақ үрдісінде қолдану нәтижесі: 

1.  Ғылым  негізін  түсіну,  ғылым  жүйелігін  жүзеге  асырудың  басты  шарттарының  бірі 

екендігіне көз жеткізеді; 

2.  Дүниеге  ғылыми,  диалектикалық,  материалистік  көзқарасты  қалыптастыру,  оқу 

мазмұнының  бір-бірімен тығыз байланыста болуын қамтамасыз етеді. 

3. Оқушының жалпы ақыл-ой , дене қимылы,көңіл күйінің үйлесімді дамуына әсер етеді. 

4.  Қазіргі  өндірістің  ғылыми  негізін  меңгеру  ,  техникалық  процестер  мен  құрылымы, 

оның негізгі принциптерін түсіну жүзеге асады. 

5.Тәрбиенің  барлық  түрлеріне  әсер  етеді  және  адамгершілік  ,  саяси-  идеялық  , 

эстетикалық,  еңбек  тәрбиесінің  бірлікте  болуына  бағытталады,  оқушылардың  еңбегінің 

мазмұнынан байқалып,олардың алған білімінің жүйелеуіне негіз болады. 

6.  Оқу  мерзімін  тиімді  пайдалануда  артық  қайталауды  болдырмауға  педагогикалық 

ықпал береді. Осының негізінде оқу тәрбиелік процесін беруді басқару жүйесі қалыптасады. 

Сонымен , ақпараттық технологияны қолданып, сабақты ұтымды жүргізу оқытушыдан 

терең  білімділікті,  оқу  үрдісін  шеберлікпен  ұйымдастыруды  талап  етеді.  Мұндай 

сабақ  материалдары  әр  алуан  ғылымдағы  өзара  байланыстарды  оқушылардың 

зерделеуіне,олардың білімін арттыруға мүмкіндік береді. 

 

Пайдаланған әдебиеттер: 



 

1. Аюбаева Т. Ақпараттық технологиялар оқыту үрдісінде. //Қазақстан мектебі 2008ж. 

2.  Доллинер  Л.  Ақпараттық  коммуникациялық  оқыту  технологияларының  мәселелері 

және болашағы. «Информатика негіздері» ғылыми-әдістемелік журналы, 2008,№1,2. 

3. Мейірманқұлова Т. Білім берудегі инновациялық технологиялар. Алматы, 2013ж 

4. ҚР Білім туралы Заңы. 

5. Интернет  ресурстары. 

 

 



АҚПАРАТТЫҚ-КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ОҚЫТУШЫНЫҢ БАСТЫ САПАСЫ 

 

Какенова Эльмира Тарбакбаевна 



Астана қаласы Гуманитарлық колледжі 

 

 



Бүгінгі өзгермелі әлемде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі басты талаптар 

мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, әлемдік білім кеңістігіне бетбұрыс жасауда. 



48 

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 



Ұлттық  университетінде  оқыған  «Инновациялар  мен  оқу-білімді  жетілдіру  арқылы  білім 

экономикасына»  атты  лекциясында  осы  мәселені  айқындай  отырып,  былай  деп  айтқан  еді: 

«Жеке  тұлғаны  функционалдық  әзірлеу  тұжырымдамасынан  жеке  тұлғаны  дамыту 

тұжырымдамасына  көшу  жүріп  жатыр.  Жаңа  тұжырымдама  білім  берудің  даралық  сипатын 

көздейді, ол әрбір нақты адамның мүмкіндіктерін және оның өзін-өзі іске асыруы мен өзін-өзі 

дамытуға қабілеттілігін ескеруге мүмкіндік                     береді» [1]. 

2011-2020 жылдарға арналған жалпы білім беруді дамыту бағдарламасында мектептерде 

интеллектісі  жоғары,  дене  бітімі  түзу,  рухани  жағынан  дамыған                                        Қазақстан 

Республикасының  азаматын  қалыптастыру,  тез  өзгеретін  әлемде  оның  табысты  болуын 

қамтамасыз  ететін  білім  алудағы  қажеттілігін  қанағаттандыру,  бәсекеге  қабілетті  адами 

капиталды  дамыту  мәселесі  қарастырылады.  Бұл  тұжырымдамада  «бастауыш  мектептің 

бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, жеке қабілетін ашуға және дамытуға 

бағытталып, оның қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, шығармашылықпен өзін-өзі 

көрсетуін қалыптастыру қажеттігі» көрсетілген [2]. 

Отандық  білім  беруді  дамытудың  негізгі  бағыттары  ізгіліктік,  түлғалық,  тұлғалы-

бағдарлы,  іс-әрекеттік,  құзыреттілік  тұрғыдан  білім  беру  ретінде  айқындалып  отыр.  Оның 

мәнісі  –  әрбір  білім  алушының  қайталанбайтын,  ешкімге  ұқсамайтын  даралық  ретінде 

қалыптасуын, студенттің өзіндік тұлғалық мүмкіндіктерін жүзеге асыруды қамтамасыз етуге 

барлық жағдайды тудыру. 

Бүгінгі  білім  берудің  жаңа  талаптарына  сәйкес  оқытушы  студенттерге  тек  білім,  білік, 

дағдылар  жиынтығын  меңгертіп  қана  қоймай,  студент  тұлғасын  дамытуға,  өмірлік 

проблемаларды өз бетімен шешуге, тұлғаның өзін-өзі анықтауына, өзін-өзі жүзеге асыруына 

мүмкіндік беретін білімділік, тәжірибе және түрлі қабілеттердің жиынтығын меңгеруі қажет. 

Олай  болса,  студенттің  базалық,  әлеуметтік  және  білімдік  құзыреттілігін  қалыптастыру 

жағдайы  білім  беру  жүйесіндегі  оқытушылардың  кәсіби  құзыреттілігін  қалыптастыруды 

жетілдіруді талап етері сөзсіз.  

Оқытушылардың ақпараттық-кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың негізгі шарты өзін-

өзі  өзектендіру,  жетілдіру  болмақ.  Педагогтың  өзін-өзі  жетілдіру,  өзектендіру  мәселесі 

классикалық педагогика өкілдері Дж.Дьюи, Я.А. Коменский, И.Г. Песталоции, Макареньконың 

еңбектерінде,  қазақ  ағартушылары  А.Құнанбаев,  Ы.Алтынсарин,  А.Байтұрсынов  т.б., 

еңбектерінде орын алған. Ал педагогикадағы кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру мәселесі Г.В. 

Вайлер,  Дж  Равен,  А.К.  Маркова,  М.М.  Чошанов,  В.В.  Сериков,  Н.В.  Кузьмина  т.б., 

қазақстандық ғалымдар                               Ү.Б. Жексенбаева, К.С. Құдайбергенова, Г.Құлжанбекова, 

А.О.  Серикова  т.б.  еңбектерінде  қарастырылған.    Жалпы  құзыреттіліктің  мәні  және  оның 

жіктелуі мәселелерін А.К. Маркова, Б.Т. Кенжебеков, Дж.Равен, Ю.Г. Татур, И.А. Зимняя, С.Е. 

Шишов,  М.А.  Ғалымжанова,  М.А.  Абсатова,  Н.М.  Аблязимова  және  т.б.  өз  еңбектерінде 

қарастырады.  

Бүгінгі күнге дейін кәсіби құзыреттілік туралы ғылыми көзқарастар ішінде оның мәнін, 

құрылымын  анықтау  бойынша  бірнеше  бағыттар  қалыптасты.  Олардың  ішінде  негізгі  екі 

бағытты: тұлғалық-профессиографиялық және тұлғалық–іс-әрекеттік бағыттарды ерекше бөліп 

көрсетуге болады [3].  

Бүгінгі күні білім берудің құндылық-мәндік сипаттамасы ғылыми-зерттеу және жобалық 

іс-әрекет  міндеттерін  толық  жүзеге  асыратын  зияткерлік  кәсіби  ортаны  қалыптастырумен 

байланысты болу керек.  

Ақпарат қоғамның ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық дамуының басты 

көзіне  айналып,  ғылымның,  техниканың  және  өндірістің  әр  түрлі  салаларының  жылдам 

дамуына айтарлықтай ықпал етеді, білім беруді жаңарту үрдісінде маңызды орын алады. Кәсіби 

орта ғылымда және өндіріс үрдістерін басқару саласында жаңа ақпараттық технологияларды 

пайдалана  отырып  кәсіби  жетілу  үшін  толық  мүмкіндік  береді.  CALS-технологиясын  – 

жобадағы  нысанның  өмірлік  айналымын  үздіксіз  ақпараттық  қолдауды  енгізу  арқылы 



49 

 

ақпаратты  талдау  өнеркәсібі  саласындағы  инновациялық  технологиялар  білім  беру  үрдісін 



жаңа деңгейге көтереді. 

Қоғамның барлық салаларында ақпараттық компьютерлік технологияларды пайдалануды 

кеңінен  тарату  компьютерлік  және  ақпараттық  технологиялар  саласында  құзыреттілігі  бар, 

оларды  кәсіби  іс-әрекетінде  тиімді  пайдалануға  қабілетті  жаңа  сипаттағы  маманды  даярлау 

қажеттігін  айқындады.  Ақпараттық-кәсіби  құзыреттілік  өмір  бойында  сапалы  үздіксіз  білім 

алуға  мүмкіндік  беріп,  бәсекеге  қабілетті,  мансапқа  қол  жеткізген,  әлеуметтік  мәртебесі 

тұрақты маман болуына жағдай жасайды. 

Бейімді  жеке  тұлғаның  маңызы  зор  интегративті  сипаттамалары  бәсекеге  қабілетті, 

еңбекте жемісті әрі сәтті болу. Құзыреттілік бәсекеге қабілеттіліктің бір түрі болып табылады. 

Жалпыланған түрде мұғалімнің құзыреттілігі жеке тұлғаның кез келген салада табысты кәсіби 

іс-әрекетті атқару үшін қажетті қабілетінің, қасиеттерінің жиынтығы дегенді білдіреді.  

Ақпараттық  құзыреттілік  маңызды  құзыреттіліктің  бірі  болып  табылады.  Ақпараттық 

құзыреттілік  –  ақпараттық-байланыс  технологиялар  (АБТ)  саласындағы  білім  мен  біліктің 

жүйелі  құрылымы  және  оларды  қолдану  тәжірибесі,  сондай-ақ,  компьютер,  интербелсенді 

тақта, принтер, факс, модем т.б. жаңа технологиялық құралдарды пайдалана отырып, өз білімі 

мен білігін жетілдіру, өзгеріс үстіндегі жағдайларда немесе аяқ асты ахуалдарда жаңа шешім 

қабылдай алу қабілеті. 

Ақпараттық 

құзыреттілік 

оқытушылардың 

кәсіби 

іс-әрекетінің 



мынадай 

қосылғыштарынан тұрады: 

 

ғылыми пән ретінде информатиканың негізгі ұғымдары мен әдістері туралы теориялық 



білім; 

 



компьютердің көмегімен ақпаратты ұсыну, сақтау, өңдеу және тарату тәсілдері

 



операциялық  жүйелерді,  операциялық  жүйелердің қондырмаларын  және  операциялық 

қабықтарды пайдалану арқылы жеке компьютерде жұмыс істей алу білігі мен дағдылары; 

 

ақпаратты Ғаламторда тарата алу; 



 

телекоммуникациялық технологияларды қолдану дағдыларына ие болу. 



 

Ақпараттық құзыреттіліктің қалыптасуына мыналар қажет: 



 

болашақ іс-әрекеттің құндылық-мәндік бөлшектерінің дамуына жағдай жасау; 



 

өз мамандығын жүйелі әрі тұтас көре білуге ықпал ету



 

оқыту  барысында  білім  мен  дағдыларды  игерумен  қатар,  «тудырушы»  ойлауды 



дамытып,  қабылдаған  ақпаратты  көп  нұсқалы  іс-әрекетте  қолдана  алу  қабілетін 

қалыптастыруға мүмкіндік беретін технологияларды пайдалану. 

Ақпараттық  қоғамға  өту  адам  өмірінің  барлық  саласына  өзгерістер  енгізеді.  Бүгінде 

заманауи оқытушыларға қойылатын талаптар бұрынғы талаптардан өзгеше. Олар: 

 

ақпараттық-байланыс  технологиялары  мен  техникалық  құралдарды  шебер  пайдалану 



арқылы ақпарат көздеріне кедергісіз қол жеткізе білу; 

 



ақпараттық-байланыс технологияларын тиімді таңдай отырып, кең көлемдегі ақпаратты 

дер кезінде, жылдам әрі сапалы түрде өңдей білу; 

 

реттелген байланыс ортасына ие болу;    



 

игерген білімі негізінде жаңа білімді тудырып, оны кез келген іс-әрекетте қолдана білу; 



 

кәсіби оңтайлық, әлеуметтік белсенділік таныта білу; 



 

аралас салада құзыреттіліктерге ие болу; 



 

жылдам әрі тиімді шешім қабылдай алу; 



 

өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі көрсете білуге, өзін-өзі дамытуға қабілетті болу. 



Ақпараттық  құзыреттілік  адам  өмірінің  материалдық  ортасын  қалыптастырып,  тұлға 

аралық қатынастарды жүзеге асырудың негізгі құралы қызметін атқарады [4].  

О.М. Атласова пікірінше, кәсіби құзыреттілік дегеніміз – кәсіби іс-әрекетке деген айқын 

даярлығы,  іске  деген  қатынасы,  жеке  тұлғалық  қасиеттері,  өз  жұмысына  жаңаша, 

шығармашылықпен қарауға деген ұмтылысы. 


50 

 

И.Б.  Бичева  педагогикалық  кадрлардың  кәсіби  құзыреттілігінің  дамуын  қарастыра 



отырып,  кәсіби  іс-әрекет  субъектісінің  кәсіби  ортада  өзін-өзі  танытудың  жеке  тәсілдерінің 

қалыптасуын қамтамасыз ететін жеке-дара ерекшелігінің даму үрдісін анықтайды. 

Білімділік  қалыпты  деңгей  болып  табылады,    ал  кәсіби  құзыреттілік  бір  сәттілік  талап 

деңгейінен  жоғары,  ол  еңбекке  деген  шығармашылық  қатынастың,  қалыптың  аясынан 

шығудың қажетті алғышарты болып табылады.   

В.А.  Исаев  маманның  бәсекеге  қабілеттілігі  мәселесін  қарастыра  келе,  білім,  білік, 

дағдылардан тұратын негізгі біліктілікті ғана емес, кәсіби қызметті жүзеге асыру барысында өз 

біліктілігін  өзектендіре  алатын  шынайы  дәлелденген  қабілетті  анықтайтын  ұғымды  енгізу 

қажеттігін дәлелдейді.  

Ол үшін өз ісін, орындайтын жұмысының мәнін, алға қойған мақсатқа жетудің тәсілдері 

мен  құралдарын  жете  аңғару  қажет.  «Құзыреттілік»  ұғымы  арқылы  автор  қызметкердің  өзі 

қызмет ететін кәсіби іс-әрекетке және кәсіби өріске қатысты кәсіби біліктілігі мен тәжірибесін 

тиімді жүзеге асыра білу қабілетіне айналған білімінің тереңдігі мен сипатын анықтайды [5].  

Жоғарыда айтылғандардан көретініміз, ақпараттық-кәсіби құзыреттіліктің қалыптасуын 

оқытушының кәсіби негізгі білім мен білікті игеруі деп қарастыру мүмкін емес. Педагогикалық 

үрдісті жоспарлағанда  оны оқытушының дайындығының мақсатына байланысты күрделі  әрі 

көп  жоспарлы  құбылыс  ретінде  қарастырған  жөн,  оның  ішінде  ең  бастысы  құндылық 

бағдарларды  қалыптастыру  мақсаты,  өзін  және  кәсіби  өрісін  жете  түсінуі,  болашақ  кәсіби 

қатынастар стилі, жалпы мәдениеті мен өзінің шығармашылық әлеуетін дамыта  алу қабілеті 

дегенді білдіреді. 

Осылайша,  жалпы  білім  беру  нәтижесінде  оқытушылардың  бойында  ақпаратты  өз 

бетінше іздестіру, таңдау, ұйымдастыру, ұсыну, тарата алу, нысандар мен үрдістерді жобалай 

алу  қабілетін  көрсететін  құзыреттің  ең  маңызды  түрлерінің  бірі  -  ақпараттық-кәсіби 

құзыреттілік қалыптасады. 

 

Пайдаланған әдебиеттер: 



 

1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы.» – 

Алматы: Білім, 1997. – 176 б. 

2.  Қазақстан  Республикасы  2011–2020  жылдарға  арналған  білім  беруді  дамытудың  

мемлекеттік бағдарламасы – Астана, 2010 ж. 

3.  Бидайбеков  Е.Ы.    Подготовка  специалистов  совмещенного  и  информационного 

профиля в Республике Казахстан. -Алматы: АГУ им. Абая, 1998. – 123 с. 

4.  Зимняя  И.А.  Компетентностный  подход  в  образовании.  Проблемы  качества 

образования. – М., 2004. – С. 34-38. 

5.  Кенжебеков  Б.Т.  Маманның  кәсіби  құзыреттілігінің  теориялық  негізі  //Бастауыш 

университет. – 2005, №3. – Б. 3-7. 

 

 



АТА-АНАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР 

 

Искакова Ф.М. 



Қарақаралы ауданы Бесоба ауылы №8 орта мектебі 

 

Ата-аналармен  жүргізілетін  психологиялық  жұмыстың  мақсат  міндеттері  айқындалып,  



жоспар бойынша жүзеге асырылады. 

Ата-аналарды психологиялық сүйемелдеудің негізгі ережелері ата  –аналардың  үздіксіз 

психологиялық қолдауы үрдісінде психолог балаларды оқыту мен тәрбиелеуге ата-аналардың 

қатынасын  дамытуға  және  талқылауға,  ұстаздардың  ,  әкімшілік  жұмыстарының  ерекшелігін 

талдау  мүмкіндігі  бар,  бұл  білім  беру  жағдайындағы  дау-дамайларды  шешуге  байланысты 

қарым-қатынастағы жақтардың түсінісіп жақындауына ықпалын тигізеді. Ұстаздар, ата-аналар 



51 

 

және  балалар  арасындағы  өзара  қатынастың  демократиялық  стилін  дамыту  тұрғысындағы 



қозғалыс  көзделіп  отыр.  Сондай-ақ  ата-аналардың  дау-дамайға  көзқарасын  өзгерту 

болжамдалады.  

Басқаша  айтқанда,  қиын  жағдайларды  шешу  кезінде  ересектердің  дербес  әрекеті  және 

өнімділік үлесі көбейеді. Бұл елеулі нәрсе: психологиялық қолдаудың үздіксіздігі қатынастағы 

«балдық» болып табылмайды, керісінше, өзін-өзі дамыту, өзіндік бірегейлігін сақтай отырып 

әлеуметтік бейімделуге кең өріс береді. 

Өкінішке қарай , әлеуметтік және педагогикалық зерттеулер көрсеткендей, көптеген ата-

анаға  педагогикалық  және  психологиялық  білім,  тәрбиелік  біліктер  ,  кейде  тіпті  отбасылық 

тәрбиенің  мүмкіндіктерін  дұрыс  түсіне  білу  жетіспейді  екен.  Көбіне  ата-аналар  тәрбиенің 

қандай  факторлары  балалар  қабілетінің  дамуына,  олардың  мектеп  пен  қоғамға  бейімделуіне 

қандай  факторлар  ықпал  ететінін  және  қандай  факторлар  кедергі  болатынын  түсінбейтін 

көрінеді. 

Тәрбиенің  әр-түрлі  тәсілдері  бар  бұл  тәсілдердің  барлығы    табиғатқа  сәйкестік 

ұстанымына  негізделмей,  баланың  және  оның  отбасының  психологиясын  ескермей  іске 

асырылса нәтижесіз болады. 

Отбасындағы  тәрбиенің  тиімділігі  ата  аналар  өзінің  тәрбиелік  міндетін  қалай 

түсінетіндігіне байланысты,олар психологиялық-педагогикалық білімді, тәрбиенің әдістері мен 

амалдарын  қаншалықты  меңгергеніне  байланысты,  бұл  ретте  мектеп  пен  кәсіби  педагогтар 

және психологтардың жәрдемі қажет. 

Психологиялық  кеңес  беру  жұмысында  педагог  ата-аналардың  психологиясын  түсініп, 

ескеріп әрекет етуі қажет. Шынында да , кейбір ата-аналар өздерін бала ретінде сезінгісі келеді 

, педагог тарапынан кеңес және демеу күтеді.Кейбіреуі кеңесті де, сынды да көтере алмайды. 

Әрбір  отбасының  өзінің  мәселелері,  ерекше  қарым-қатынас  ахуалы  болады.  Балаға  көмек 

көрсеткіміз  келсе  ең  алдымен  ата-аналардың  жай-күйін  түсінуіміз  керек  .  Баланы  ғана  емес 

оның ата-анасын да жақсы тани білу қажет.  

Ата-аналармен  қарым-қатынаста  психологтердің  ақыл-кеңесі  пайдалы.  Мектептің 

психологиялық қызметі әрбір оқушыға психологиялық-педагогикалық төлқұжат ашады.  

Ата-аналармен  жеке  кездесуде  бала  психодиагностикасының  кейбір  қорытындылары 

мәлімденіп,  баланың  артта  қалып  жатқан  сапаларын  дамыту  үшін  не  істеу  қажеттігі 

талқыланып отырады. 

Ал мұны ата-аналарға кімдер үйретуі керек?   Баланың мектептегі оқу нәтижесі көбіне –

көп  оған  ата-анасының  қаншалықты  көмектесіп,  қаншалықты  қолдап  отыратындығына 

байланысты болады. Ата-аналармен жұмыс жүргізудегі тиімді тәсілдердің бірі олардың тәрбие 

принциптерімен  ,  отбасында  сақталуы  тиіс  ересектер  мен  балалар  арасындағы  өзара  қарым-

қатынас негіздерімен таныстыратын жадынамалар, әдістемелік ұсынымдар жасау мақсатында 

«Ата  –  аналармен  жүргізілген  жұмыстарға  психологиялық  сүйемелдеу»  атты    кітапша 

құрастырдым. 


52 

 

Бұл кітапшада ата-аналармен жұмыс жасауда  қажетті  материалдар мысалға отбасының 



басты қызметтері  ,  басты міндеттері,баланың күн тәртібін ұйымдастырудағы отбасының іс-

әрекеті,отбасын зерттеуде  ережелерді  сақтау, ата-аналарға түрлі  тақырыптарда жаднамалар, 

ұсыныстар,  тестер,  сауалнамалар,  суицидтің  алдын-алу  жұмыстары,  кәсіп  таңдау,  ҰБТ-ға 

байланысты  жұмыстар, ата-аналарды диагностикалау сияқты жұмыстар жинақталған.  

Диагностикалық –талдау жұмыстарын ата-аналармен өзара іс-әрекеттің ең қызықты әрі 

жауапты  бағыты  деуге  болады.Онсыз  мектеп  пен  отбасы  қарым-қатынасының  күрделі 

қиылыстарында  тізгінді  қолда  ұстау  мүмкін  емес.  Ата-аналардың  пікірлерін  зерттеу, 

нәтижелерін біріктіріп талдау арқылы педагогтер ата-аналардың мектепке, ондағы оқу-тәрбие 

үрдісіне  ,  педагогтердің  жеке  тұлғасына  деген  жағымды  және  жағымсыз  көзқарастарын 

айқындайды.Ата-аналардың  өзара  қарым-қатынасын  ,  мектепте  жүріп  жатқан  құбылыстарға 

реакциясын  сергек  қабылдап,  соның  негізінде  іс-әрекетін  түзетіп,  ұтымды  арнаға  бағыттап 

отыруға  болады. 

Адамзаттың  өміріндегі  ең  қымбаттысы,  көз  қуанышы-бала.  Бала-дербес  тұлға.Оның 

бойындағы  табиғи  қасиеттер,  адамгершілік  құндылықтары  отбасында,  мектепте,  әлеуметтік 

ортада  нәрленеді,  толысып,  әрленеді.  Барлық  бала  жақсы  және  жаман  әдеттерді  өзі  өскен 

шаңырақтан үйренеді. 

Ата-ана бала дамуының жас және тұлғалық ерекшелігін тиісінше білмегендіктен, кейде 

өз  түйсігі,  өз  шешімі  бойынша  тәрбиелей  береді.  Мұндай  отбасыларда,  әдетте,  ата-ана  мен 

балалар  арасындағы  тұлғараралық  қарым-қатынас  болмайды,  соның  салдарынан  көбіне 

жағымсыз  болып  келетін  сыртқы  ықпалға  басымдық  беріліп,  баланың  отбасы  ықпалынан 

тысқалуына әкеліп соқтырады. 

«Жас  бала  дегеніміз  –  ұрығын  жарып,  жаңа  көктеп  келе  жатқан  жас  шыбық,  ал  ұстаз 

болса-жаңадан  қылтиып  өсіп  келе  жатқан  нәзік  өсімдікті күтуші  бағбан»  деп  В.Г.Белинский 

айтқан. 


Бұл  орайда  мектептің  де  атқаратын  рөлі  зор.  Өйткені,  отбасы  тәрбиесі  мен  мектептегі 

тәрбие бір-бірімен тығыз байланысты. Баланың басты ұстазы ата-анасы. 

Ұлттық  бірыңғай  тестілеуден  жеңіл  және  тиімді  өту  үшін  ата-аналар  рөлі  ерекше 

маңызды.  Тестіге әзірлік кезінде баланың өз күштері мен уақытын тиімді пайдалануына тек 

ата-ана пәрменді көмек бере алады. Отбасында да психологиялық  дайындық, тұрақты ахуал 

қажет.  


Ұлттық  бірыңғай  тестілеу  оқушы  өміріндегі  алғашқы  күрделі  сындардың  бірі  болып 

саналады: қиындыққа берілмеу, алда-жалда жолы болмай қалса, оған мойымау керектігін ата-

ана жақсы түсіндіре білуі керек. 

Ата-ананың қандай толқулары болмасын балаға берілмей тұрмайды. Жауапты сәттерде 

үлкендер өз эмоцияларын тежеп ұстай білгендері абзал. Осындай мәселелер төңірегінде ата-

аналарға арнайы дәріс беріліп, кеңес, тренингтер жүргізілген абзал. 

 

 

 



 

53 

 

 Психологиялық  қолдаудың  негізгі  жұмысы  дайындық  кезінде  жүргізіледі.  Сынып 



жетекшімен тығыз байланыста жұмыс жасай отырып, қауіп-қатер тобына жататын оқушылар 

айқындалып, ата-аналармен бірге отырып түлектерге көмек көрсету жолдары анықталса. 

Оқушыларға  әлеуметтік-психологиялық  көмек  көрсету  барысында  ең  маңызды  мәселе-

оқушыларды жағымсыз жағдайлардан сақтау және болдырмау үшін жұмыс жасау. 

Баланың  қолайсыз  жағдайға  қалуының  себебі  ата-ана  тарапынан  балаға  тиісті  көңіл 

бөлінбеуі, психологиялық климаттың балаға жағымсыз әсер етуі, құрбы құрдастарының әсері, 

ұлттық  бірыңғай  тест  жағдайларында  әсіресе  төмен  нәтижеге  ие  болғанда  өздерін  ұстай 

алмауына  жол  бермеу  үшін,  қамқорлық  пен  қолдау  көрсету  өте  маңызды.  Бұл  жастағы 



жүктеу 10.2 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   92




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет