«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер» атты



жүктеу 10.2 Mb.
Pdf просмотр
бет87/92
Дата09.02.2017
өлшемі10.2 Mb.
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92

 

 

 

 

704 

 

*Во-первых, логические игры дают пищу для ума с раннего возраста.*Во-вторых, задания 



всегда  создают  условия  для  опережения  развития  способностей.*В-третьих,  поднимаясь, 

каждый раз самостоятельно до своего «потолка», ребенок развивается наиболее успешно.  *В-

четвертых, логические игры очень разнообразны по своему содержанию, а кроме того, он не 

терпят  принуждения  и  создают  атмосферу  свободного  и  радостного  творчества.*  В-пятых, 

играя, нужно сдерживаться, не мешать ребенку самому размышлять и принимать решения, не 

делать за него то, что он может и должен сделать сам.   

 

Многообразие занимательного материала - игр, задач, головоломок, дает основание для 



их классификации, хотя довольно трудно разбить на группы столь разнообразный материал, 

созданный математиками, педагогами, методистами.Классифицировать его можно по разным 

признакам: по содержанию и значению, характеру мыслительных операций, а также и признаку 

общности, направленности на развитие тех или иных умений.  

 

 

 



Исходя из логики действий, осуществляемых решающим, разнообразный элементарный 

занимательный материал можно классифицировать, выделив в нем условно 3 основные группы: 

развлечения, математические игры и задачи, развивающие (дидактические) игры и упражнения. 

Основанием для выделения таких групп является характер и назначение материала того или 

иного вида.   

 

 



Обучение  математике  детей  дошкольного  возраста  немыслимо  без  использования 

занимательных  игр,  задач,  развлечений.  При  этом  роль  несложного  занимательного 

математического материала определяется на основе  учета возрастных возможностей детей и 

задач  всестороннего  развития  и  воспитания:  активизировать  умственную  деятельность, 

заинтересовывать  математическим  материалом,  увлекать  и  развлекать  детей,  развивать  ум, 

расширять, углублять математические представления, закреплять полученные знания и умения, 

упражнять в применении их в других видах деятельности, новой обстановке. 

Используется занимательный материал (дидактические игры) и с целью формирования 

представлений,  ознакомления  с  новыми  сведениями.  При  этом  непременным  условием 

является применение системы игр и упражнений. 

 

Дети  очень  активны  в  восприятии  задач-шуток,  головоломок,  логических  упражнений. 



Они  настойчиво  ищут  ход  решения,  который  ведет  к  результату.  В  том  случае,  когда 

занимательная задача доступна ребенку,  у него складывается положительное эмоциональное 

отношение к ней, что и стимулирует мыслительную активность. Ребенку интересна конечная 

цель: сложить, найти нужную фигуру, преобразовать, которая увлекает его.  

При  этом  дети  пользуются  двумя  видами  поисковых  проб:  практическими  (действия  в 

перекладывании, подборе) и мыслительными (обдумывание хода, предугадывание результата, 

предположение  решения).  В  ходе  поиска,  выдвижения  гипотез,  решения  дети  проявляют  и 

догадку,  т.  е.  как  бы  внезапно  приходят  к  правильному  решению.  Но  эта  внезапность, 

безусловно, кажущаяся. На самом деле они находят путь, способ решения лишь на основании 

практических  действий  и  мысленного  обдумывания.  При  этом  дошкольникам  свойственно 

догадываться  только  о  какой-то  части  решения,  каком-то  этапе.  Момент  появления  догадки 

дети, как правило, не объясняют: "Я подумал и решил. Так надо сделать".   

В  процессе  решения  задач  на  смекалку  обдумывание  детьми  хода  поиска  результата 

предшествует  практическим  действиям.  Показателем  рациональности  поиска  является  и 

уровень  самостоятельности  его,  характер  производимых  проб.  Анализ  соотношения  проб 

показывает,  что  практические  пробы  свойственны,  как  правило,  детям  средней  и  старшей 

групп. Дети  осуществляют поиск или путем сочетания мысленных и практических проб, или 

только  мысленно.  Все  это  дает  основание  для  утверждения  о  возможности  приобщения 

дошкольников в ходе решения занимательных задач к элементам творческой деятельности. У 

детей формируется умение вести поиск решения путем предположений, осуществлять разные 

по  характеру  пробы,  догадываться.Разновидностью  математических  игр  и  задач  являются 

логические  игры,  задачи,  упражнения.  Они  направлены  на  тренировку  мышления  при 



705 

 

выполнении  логических  операций  и  действий:  "Найди  недостающую  фигуру",  "Чем 



отличаются?", "Мельница", "Лиса и гуси", "По четыре" и др. Игры  - "Выращивание дерева", 

"Чудо-мешочек",  - предполагают строгую логику действий.   Занимательный 

математический материал является хорошим средством воспитания у детей уже в дошкольном 

возрасте интереса к математике, к логике и доказательности рассуждений, желания проявлять 

умственное напряжение, сосредоточивать внимание на проблеме. 

 

Литература: 



 

1. Баряева Л.Б., Кондратьева С.Ю. Математика для дошкольников в играх и упражнениях. 

-  СПб.:  КАРО,  2007.  2.  Белошистая  А.,  Игровая  ситуация  на  занятиях  по  математике. 

Дошкольное  воспитание.  -  2007.  -  №10.  3.  Гурьянова  Ю.Ю.  Математические  игры  и 

головоломки для малышей. - М.: ООО «ИД РИПОЛ классик», ООО Издательство «ДОМ. XXI 

век», 2002. 

4. Сербина Е.В. Математика для малышей: Кн.для воспитателя детсада. 

5. Михайлова З.А. Игровые занимательные задачи для дошкольников: Математика от трех 

до  семи:  Учебно-методическое  пособие  для  воспитателей  детских  садов/  Никитин  Б.П. 

Ступеньки творчества или развивающие игры.. Давайте поиграем: Математические игры для 

детей 5-6 лет. Кн.для воспитателей дет.сада и родителей. 

6.  Л.Г.Петерсон,  Е.Е.Кочемасова.  «  Игралочка:  практический  курс  математики  для 

дошкольников. Методические рекомендации. - М.: Баласс, 2004 (2-е изд.), - 176с. 

 

 



МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ  

АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕУ ТІЛІНЕ ҮЙРЕТУ 

 

Джангильдинова  Қизат Хайратовна, Тусупбаева Сайрамгуль Жумагалиевна 



«Қуаныш» балабақшасы КМҚК Қарағанды қаласы 

 

 



Халқымыз ерте заманнан бастап, бала тәрбиесіне ерекше мән берген. «Шешеге қарап қыз 

өсер, әкеге қарап ұл өсер», « бала нені білсе жастан, ұядан өле – өлгенше соны таныр қиядан» 

сияқты мақал-мәтелдер оған дәлел. Сонымен бірге, ақын- жазушыларымыз да балаға үлгі- өнеге 

берерлік,  санасын  өсіріп,  адамгершілікке  баулитын,  әділдік  нұрын  себетін,  қиялық  өрлетіп, 

елім-  жерім  деп  атамекенін  сүйетін,  оны  қорғауға  дайын  ер  азаматты  өсіруге  арналған  бай 

балалар әдебиетін қалыптастырады. Бұл тағылым ақын – жазушыларымызға, халқымызға өте 

көне  замандардан  үлгі  ретінде  ертегі,  аңыз,  өтірік  өлең,  мақал-  мәтел,  жұмбақ,  жаңылтпаш 

ретінде  жеткен.  Бұлардың  бәрі  халқымыздың  өмір  салтында  бала  тәрбиесінің  жоғары 

бағаланғанын  дәлелдейді.  Ол  халқымыздың  өнегелі  дәстүрі  болып  қалыптасып  бекіген. 

Халықтың  бүкіл  өмірінде  қалыптасқан  тағылымы  мол  дәстүр  мектепке  дейінгі  ұйымдардың 

тәрбиесінде  көркем  шығарма  ретінде  бағдарламаға  кірген.  Бұл  –  халқымыздың  тәрбие 

дәстүрінің жалғастығының көрінісі. 

Осы  мәселенің  маңыздығына  орай  А.Меңжанова,  Ә.Әмірова,  Р.Нұрмұхаметова, 

Ғ.Таубаева  т.б.  сияқты  ғалымдарымыз  мектепке  дейінгі  ұйымдардағы    оқытылатын  көркем 

шығарманың тәрбиелік мәнін зерттеген. 

Негізінен алғанда көркем шығарма жасанды тілдік орта қызметін атқарып, байланыстырып 

сөйлеуге үйретуде үлгі болады. Бірақ ол көркем шығарманың бір қыры ғана, көркем шығарма 

соншалықты саналуан қырлы адамға әсері де, маңызы да өте күшті. 

Барлық ғылыми еңбектерде көркем шығарманың баланың ақыл- ойын дамытудағы ролін 

жоғары бағалаған. Баланың ақыл – ойын дамыту  ата- ана туған- туысқан қоғам, халқымыз үшін 



706 

 

өте маңызды мәселе, сондықтан көркем шығарманың тәрбиелік мәніне ғалымдар ерекше назар 



аударып отырған. Көркем шығарма балаға тәрбиелік әсер ету үшін балалар көркем шығарма 

кейіпкерлерімен  бірге  қуану  -    қайғыруды  үйренеді,  көркем  шығарма  балаларға  тән  ерекше 

сезім  дүниесін  ашып,  жеке  адамға,  кейіпкердің  жан  дүниесіне  деген  қызығушылығын 

тудырады. Осыған орай балалар өз төңірегіндегілердің,  жақын адамдардың, туыстардың көңіл- 

күйін  байқай  бастайды,  аяушылық  жақсы  көру,  қайғыру,  ұнату  сезімдері  туады.  [1.  191-б].

 

Осыдан балада адамгершілік сезім- қайырымдылық қасиет, әділетсіздікке қарсы тұру қабілеті 



ояна  бастайды.  Бұл  адалдық  нағыз  азаматтық  қасиеттердің  қалыптасуына  негіз  болады. 

В.Белинский: «Сезім – білімге жол ашады, шындықты сезбеген оны түсінбейді және оны тани 

да білмейді» деген болатын. Осы асыл қасиетті көркем шығарма тәрбиелейді. 

Баланың сезімі тәрбиеші таныстырған шығарманың тілін түсініп оны ұғу кезінде дамиды. 

Көркем  шығарма  сөзі  балаға  ана  тілінің  әдемілігін  түсінуге,  оны  меңгеруге  көмектеседі, 

қоршаған  ортаны  эстетика  тұрғысынан  қабылдауға,  сонымен  бірге  этикалық,  адамгершілік 

түсінігінің қалыптасуына көмектеседі. 

Көркем шығарма тек тәрбие құралы ғана емес, ол – тілді үйренудің үлгісі. Бұл мәселеге көп 

көңіл  бөліне  бермейді.  Шындығында,  тілдің  нағыз  оқытушысы  –  көркем  әдебиет.  Көркем 

әдебиетті  оқи  отырып,  қалай  көркем  сөйлеуге  болатынын  үйренуге  болады.  Өйткені  көркем 

шығарма- дұрыс, шебер сөйлеудің нақты үлгісі. Оған еліктеуге, одан үйренуге болады.  

Балабақшада  ,  мектепте  ауыз  әдебиеті  түрлерінен  шағын  әңгімелер,  аңыздар,  ертегілер, 

тақпақтар  мақал  –  мәтелдер,  жұмбақтар  қолданылды.  Асқан  адамгершілік,  өте  дәл  рухани 

байлық  өткір  мысқыл,  тілінің  көркемдігі  түсініктілігі  –  шағын  көлемдегі  ауыз  әдебиеті 

шығармаларының  ерекшеліктері.

[2.  25-б]. 

  Көркем  шығармамен  балаларды  таныстыруды 

ауыз әдебиетінен бастаған дұрыс.   

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Балаларды  сөйлеу  тіліне  үйретудегі  ең  үздік  үлгісі  –  ауыз  әдебиеті.  Ауыз  әдебиетінің 

тіліндегі  басқа  әдеби  шығармаларда  кездеспейтін,  айтылуы  жағынан  бір  –  біріне  ұқсас 

сөздердің шығармада орналасуының өзі балалар ұғымына өте жеңіл. 

Ертегілер  –  балаларға  күшті  әсер  ететін  құрал.

[3.  23-б]. 

    Ертегіні  балалар  қызыға 

тыңдайды,  ертегідегі  қиял  баланың  ойына  қозғау  салады,  өмірді  әр  қырынан  танытады, 

балаларда алуан түрлі сезімді оятып, сана – сезімі мен ақыл – ойын дамытады, олардың ерте 

қалыптасуына  күшті ықпал жасайды. Ертегілер – сан ғасырдың сынынан өткен асыл қазына, 

ол  қырлана,  сырлана  келіп  талай  екшеуден  өтіп,  тілге  жеңіл,  ойға  жатық  қалыпқа  түскен. 

Байланыстырып сөйлеуге үйретуде ауыз 

әдебиетін пайдалану амалдары 

Ертегі арқылы 

Мақал- мәтел арқылы 

Әңгіме арқылы 

Жұмбақ арқылы 

Тақпақтар арқылы 

Жаңылтпаш арқылы 


707 

 

Сондықтан  ол  балаға  түсінуге  жеңіл,  қызықты,  бала  қиялына  қанат  бітіретіндей  дәрежеге 



жеткен,  ол  баланы  қызықтырып,  еліктіріп  әкетеді.  Балалар  ертегілердің  бәрін  жақсы  көреді. 

Алайда хайуанаттар жайындағы ертегілерге  балалар көңілін көбірек аударатыны байқалады. 

Ертегіден балалар көп нәрсе үйренді. 

Балабақшада,  балалар  тек  ертегілермен  ғана  емес,  балалар  әдебиетінің  әр  түрімен 

таныстырылады. 

[4.  132-б]. 

Ертегінің  бай  фантастикасы  балалардың  ойына  қозғау  салып, 

өмірдің неше алуан сырларын танытады, сана – сезімі мен ақыл – ой қызметінің дамуына, ерте 

қалыптасуына көмектеседі. Ертегіні балалар сүйсіне тыңдайды, себебі ғасырлар бойы ұрпақтан 

– ұрпаққа айтылып, әбден шешіліп, халықтың даналық тапқырлық ой – пікірлері жинақталып, 

көркем әрі жеңіл тілмен берілетіндігінде. 

Ауыз әдебиетін тәрбиеде қолданудың мақсаты – баланы жақсы мінез – құлықтан, жақсы 

қасиеттерден  үлгі  алуға  үйрету,  тәрбиелеу,  жаман  мінез  –  құлықтан,  жаман  қасиеттерден  

жиіркендіру, жиіркенуге баулу. 

Ауыз  әдебиеті  тілі  –  бүкіл  халыққа  өнеге,  соның  ішінде  балабақша  үшін  нақты  үлгі. 

Баланың  тілін  дамыту,  оларды  байланыстырп  сөйлеуге  ауыз  әдебиеті  тілінің  үлгісі  арқылы 

үйретіледі. 

Баланың мектепке дейінгі кезеңі – оның жеке қасиеттерінің қалыптасып, дамитын кезеңі, 

сондықтан да бала өз ана тілінде сөйлеуі қажет. Бұған ата – аналар да ерте бастан көңіл бөлгені 

жөн.  Сөздің  баланың  психикалық  дамуында  ерекше  мәні  зор.  Барлық  негізгі  психикалық 

процесстер де адамның жеке тұлға болып қалыптасуы да тілдің дамуымен тығыз байланысты. 

Сондықтанбалалардың тілінің дамуына қатысты бағыттарды анықтау көкейкесті мәселелердің 

бірі болып табылады. 

Қазіргі  таңда  тілді  дамыту  мектепке  балаларды  дайындаудағы  басты  міндеттерінің  бірі 

болуы керек. Балалардың ана тілін үйренуі мектепке баланы дайындаудың басты міндеттерінің 

бірі. 


Мектептегі оқыту процесі көбіне ауыз екі сөздің байланысы болып келеді. 

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда 4 негізгі мақсат қарастырылады. 

1.Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын дамыту. 

а)  айналадағы  дүниені,  табиғатты  бақылату,  таныту  арқылы  сөздік  қорларынжаңа 

сөздермен байыту, баланың ауызша сөйлеген сөздерін тыңдап, өзіне қойылған сұраққа диалог 

түрінде жауап беруге үйрету. 

ә) заттардың атын (ойыншық, гүл, жапырақ) т.б. сөздерді үйрету 

б) заттың санын, сапасын, түр – түсін, пішінін білдіретін сөздерді меңгерту, 

в) заттың іс – әрекетін білдіретін (жүрді, оқыды, екті т.б.) сөздерді әрі қарай меңгерту

г) үстеу сөздерді (қасында, үстінде, асты, жоғары т.б.) қосып айтуға үйрету. 

 2.  Сөз  дыбыстарын  дұрыс  айту.  Сөйлеуде  ауыз  қуысы  арқылы  дұрыс  дем  алып,  дем 

шығара білуге үйрете отырып дауыссыз, қатаң, ұяң дыбыстарды естілуіне қарай дұрыс, анық 

айтуға үйрету. 3-4 сөзден тұратын сөйлемдер құрату. 

3. Грамматикалық  категорияларды меңгерту. Зат есімге іс – әрекетті білдіретін сөздерді 

қосып  сөйлем  құрату.  Сөздерді  септеп,  жіктеп,  жекеше,  көпше  (менің  досым,  біздің 

ойыншықтарымыз) айтуға үйрету. 

4.  Байланыстырып  сөйлеуін  дамыту.  Күнделікті  сабақта  естіген,  білгенін,  ойын,  серуен 

кезінде  көрген-түйгенін,  сурет  және  оқылған  ертегілер  мазмұнын,  ұнатқан  ойыншықтары 

жайында ауызша, сұрақ қоя отырып, әңгімлей отырып,  қысқа ертегілерді кейіптендіре білуге 

үйрету. 


Сөйлеу  тілі  дегеніміз  –  туа  біткен  қабілет  және  оны  әрбір  адам  өз  бетінше  меңгереді. 

Қалыпты тілдік даму барысы белгілі бір заңдылықтарға сәйкес жүзеге асады, олар жасқа сай 

шарттар болуы мүмкін немесе өзіндік ерекшеліктерге байланысты болуы мүмкін. 

  Үш жастағы балалар үш – төрт сөзден тұратын қысқа сөйлемдермен сөйлейді. Біртіндеп 

сөйлемдер көлемі ұлғая түседі, бірақ кейбір қателіктер ұшырасып отырады 


708 

 

  Үш жастан жеті жасқа дейінгі  аралықта сөйлеу тілі  дамуының мектепке дейінгі   кезеңі 



деп  аталады.  Сондықтан  балабақша  кезеңі  балалардың  дамитын,  қалыптасатын  кезеңі 

болғандықтан тілін дамытуға ерте бастан көңіл бөлген жөн. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 



 

1.

 



Меңжанова  А.К.  Балаларды  көркем    шығарма  туындылары  арқылы 

адамгершілікке тәрбиелеу.- 1991.-

[1. 191-б].

 

2.



 

Әмірова  Ә.С.  Ересектер  тобындағы  балаларды  қазақ  балалар  әдебиеті  арқылы 

адамгершілікке тәрбиелеу.  – Алматы,1994.-

[2. 25-б].

 

3.

 



Нұрмухаметова Р.Ә. Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ фольклоры арқылы 

эстетикалық тәрбие беру. –Алматы, 2004.-

[3. 23-б].

 

4.



 

Таубаева  Ғ.З  Мектепалды  дайындығында  оқу  –  тәрбие  үрдісінде  балалар 

әдебиетін пайдалану. – Алматы, 2005. -

[4. 132-б].

 

 

 



МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕГІ ТОПТАРЫНДАҒЫ ҰОІӘ ҮРДІСІНДЕ  

ЖӘНЕ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРДЕ АҒЫЛШЫН, ОРЫС ТІЛДЕРІ БОЙЫНША 

 БИЛИНГВАЛДЫҚ КОМПОНЕНТТІ ҚОЛДАНУ 

ДырымбетоваА.П., Әділхан З.Т. 



                                 «Қуаныш» б/бақшасы, КМҚК. Қарағанды қаласы. 

 

 



Біздің мемлекетіміздің болашағы мұнаймен газ,өндірістік алыптарға ғана 

тәуелді емес,біздің болашағымыз ол өсіп келе жатқан ұрпаққа сапалы білім беруімізге 

байланысты. Білім беру жүйесінің сапасына қарап мемлекеттің болашағын айқындауға 

болады. Жаңа технологиялардың,жаналықтардың шығуы,біз білмейтін даму жүйесінің 

глобализациялануы 21 ғасырды Білім Ғасыры деуге болады.Сондықтан нық айта аламын білім 

беру жүйесіне қызмет ету ол дегеніміз мемлекетіміздің болашағына қызмет ету. 

                                                                                                               Н.А.Назарбаев. 

 

Көпұлтты мемлекетіміздің болашағы-ол қазіргі өсіп келе жатқан балалар,мектепке дейінгі 



жастағы  балалар,оқушылар.Олардың  тұлғалық  және  маман  ретіндегі  құзыреттіліктері 

қазір,бүгін  қаланады.Құзыреттіліктері  келешекте  өмірде  өз  орындарын  табуда,кез  келген 

мамандардың саласында өздеріне нық  сенімді болуларына,тұлға болып қалыптасулары үшін 

жан-жақты  дамыған  құзыретті  тұлғаны  қалыптастыруда,тәрбиелеуде  тиімді  әдіс-тәсілдерді 

қолдану мәселесі қазіргі таңда бізді ойландырады. 

Еліміздің 

басшысы 

Н.А.Назарбаев 

Қазақстан 

азаматтарының 

үш 

тілді: 


қазақ,орыс,ағылшын  білулерінің  маңыздылығын  айтты.Қазақстанда  мемлекет  тілін 

дамытуға,үйренуге  көңіл  бөлініп  жатқанын  елбасымыз  айта  кетті.  «Бірақ  бұл  дегеніміз 

еліміздің  азаматтарын  тек  қана  қазақ  тілімен  шектеу  емес».  «Біз  үшін  орыс  тілі  де  өте 

маңызды,орыс тілі арқылы біз әлемдік мәдениетке шықтық,шағамыз.Ағылшын тілі ол қазіргі 

таңда  жаңа,тың  технологияларды,жаңалықтарды  меңгеруде  барлығымыз  үшін  қажет»-деді 

Н.А.Назарбаев.[1, с.15] 

Н.А.Назарбаев  Қазақстанда  мектепке  дейінгі  мекемелердегі  білім  беру  жүйесінде 

үштілділікті  дамыту  жайлы  тапсырма  берді.Бірінші-мектепке  дейінгі  білім  беру 

мекемелеріндегі  қаізргі  заманауи  білім  беру  әдістерін  енгізу.Екінші-тәрбиеленушілердің 

жүйелі түрде білім алуларының бағдарламаларын қарап шығу.үшінші-мектепке дейінгі білім 



709 

 

беру  деңгейінде  күнделікті  үштілділікті  енгізуге  қолайлы  жағдай  жасау.Осылай  біз  тілдерді 



меңгерудегі  логикалық  жүйеге  қол  жеткіземіз.Балабақша  деңгейінде  –әліппесі,мектепте-

базалық деңгейде,университет,колледждерде-мамандық деңгейінде мңгеріледі. 

Қазіргі  таңда  тілді  қатынасқа  түсу  үшін  қолдана  білетін,  өз  ойын  еркін  жеткізе  білетін 

тұлғаны қалыптастыру,білім беру жүйесінің негізгі мақсаттарының бірі. «Тілдік тұлға» тек қана 

әңгімелесу  қабілеттерін  көрсету  ғана  емес,әңгімелесу  барысында  түсініп қана  қоймай  жауап 

беретін,өзге тілді өз ана тіліндей меңгеріп,өз ойын сол тілде еркін жеткізетін тұлға.Қазіргі еңбек 

нарқы,мамандардың ақпараттық,әлеуметтік-саяси,мәдениеттік білімді,қатынасқа еркін түсетін 

қабілітті,білік дағдылары жетік болған мамандарды қажет етеді. [1, с.16] 

Үштілділік  құзыреттілік,тұлғаның  мамандық  саласында  да,әлеуметтік  мәдени  ортада  да 

өзін  көрсете  білуіне  оң  әсер  етеді.Мәдени  қарым-қатынас  негізінде  адами,іскерлік  қарым-

қатынасқа еркін түсуіне мүмкіндігі мол тұлғалар. 

Қазіргі  таңда  үштілді  меңгеруде,оқытуда  мектепке  дейінгі  мекемелерде  білім  беру 

жүйесін,бір  жүйеге  түсіру  қажет,ол  өз  тарапынан  тілді  меңгеруде  базалық  негізін  қалаушы 

деңгейге жағдай жасайды,кейнбастапқы,орта,жағарғы білім алу деңгейлерінің іргесін қалайды. 

[2, с.26] 

Тілді  меңгеруде  мекепке  дейінгі  жастағы  балалардың  жасы  өте  қолайлы,баланың 

зейіні,логикалық  ойлауы,есте  сақтау  қабілеті  барлығы  тілді  меңгеруге  өте  тиімді 

кезеңде.Осыған негізделіп үштілді меңгеру өте ерте жастан,мектепке дейінгі жастан оқытып 

уйрету керек екендігі туындайды,тілді ары қарай меңгеруі үшін сөздік қоры жинақталады. 

Осы  келтірілген  дәлелдемелерге  негізделіп  үштілді  меңгерудің  ең  тиімді  тәсілдерін 

іздеуге,әдістемелік құралды жетілдіруге қажеттілік туды. 

Тілді меңгеруде мектепке дейінгі жастағы балалардың жасы өте қолайлы екені белгілі,бұл 

жаста баланың есте сақтау қабілеті жақсы дамыған,сондықтан тілді меңгеруді дұрыс жүйелі 

түрде тиімді жүргізу керек. 

«Үштұғырлықтың»  өзектілігі  де  тәжірибиелік  маңыздылығында.Тәрбиеленушілер  алған 

тәжірбиелік қорларын,білімдерін мектепте қолдана алады.Мектепке келгенге дейін тілді ары 

қарай  меңгеруге  деген  қызығушылықтары  қалыптасып,белгілі  білімге  ие  болады,бұл  өз 

тарапынан бастауыш мектеп бағдарламасын меңгеруді жеңілдетеді. 

Ұлттық бірлігіміздің,рухани байлығымыздың негізін қалаушы болып мемлекеттік тіліміз 

анықталған.Мектепке  дейінгі  жастан  бастап,ықпал  етуші,қоғамдық  өмірге  белсенді 

қатысушы,өзге  қарсыласарына  төеп  бере  алушы  азаматты  қалыптастыру  үшін  мемлекеттік 

тілді меңгеру әрбір Қазақстан азаматының міндеті мен борышы. 

Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілді меңгеру қажетілігінің өзектілігі қазіргі таңда 

әлемдік тенденцияның ұштастырылуында,экономика,мәдениет және саяси салаларында. 

Тұлғаның  әлеуметтік  ұстанымының  кең  мағынада  анықтаушысы  болып  функционалдық 

сауаттылығы  көрінеді,алған  білімін  қолдана  білетіндігі,бұл  дағдыға  біз  мектепке  дейінгі 

мекемелерде оқытып,үйретіп,тәрбиелеп бастауымыз қажет. [3, с.17] 

Осыған байланысты көптілділікке,қостілділікке оқыту, білім беру саласындағы ең өзекті 

бағыттардың  қатарына  енеді.Мектепке  дейінгі  мекемелерінің  педагогарының  тәжірибиесіне 

сүйенсек мектепке дейінгі жастағы балалардың оқу іс-әрекетінің негізгі түрі ол ойын. 

Ойын-мектепке дейінгі жастағы баланың негізгі іс-әрекеті,егер ойын барысында жетістікке 

жету  үшін  сөздік  іс-әрекетке  түсу  керек  болса,ол  қиындықсыз  оны  меңгереді.Ойын  әдісі 

балаларға  да,педпгогтарға  даұнайды,бұл  әдіс  қызықты  және  тиімді.Мұның  мақсаты 

қарапайым,педагог  ойындар  өткізеді,сол  ойынның  барысында  балалар  тілді  меңгерудегі 

білімдерін жетілдіреді. 

Тағы  да  үштілді  меңгерудің  тиімді  тәсілі  ол  музыка.Музыка  балалардың  қоршаған 

ортатадағы  әдемілікті  сезініп,қабылдауында  маңызды  орынға  ие.Музыканың  әсерлілігінен 

балалар тілді тез меңгереді. 



710 

 

Жалпы  алғанда  ойын  мен  музыканы  педагогтардың  қолдану  тәжірибиесі 



көрсеткендей,тәрбиеленушілердің  интеллектуалды  белсенділіктерінің  артуына  ықпал 

етеді,бұдан  шығатын  қорытынды  оқу  іс-әрекетінің  тиімділігі,әсіресе  билингвальды 

негізде.Қызығушылықтары  төмен  балаларда  мұндай  оқу  іс-әрекеттеріне  зор  ынтамен 

қатысады. [4, с.22] 




жүктеу 10.2 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет