«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер» атты



жүктеу 10.2 Mb.
Pdf просмотр
бет8/92
Дата09.02.2017
өлшемі10.2 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   92

кеңейткен жағдайда компьютер мен компьютерлік бағдарламалардың білім беру саласындағы 

рөлі одан сайын күшейе түседі. 

Ғылым  үшін  бір  құбылыстың  атын  атау  ғана  маңызды  емес,  сонымен  қатар 

категориялардың  қалыптасқан жүйесінде  осы  құбылыстың  орнын табу да маңызды. 

Бүгінге дейін белгілі болған категориялар қатарынан технологияның орнын табуға әрекет 

етейік. Оқыту технологиясы дегеніміз оқыту түрі ме, әдісі ме, құрылымы ма әлде қандай да бір 

басқа жаңа категория ма?  


41 

 

Егер компьютер мен компьютерлік бағдарламалар оқу үдерісін қалыпты күйде қарастыру 



кезінде біз үшін жай оқыту құралы болса, онда технология да жай оқыту құралы деп есептеледі. 

Мұндай пікірдің  қисыны қарапайым  әрі  түсінікті. Алайда құрал  – анықтамаға  сүйенсек, бұл 

оқытушының  немесе  мұғалімнің  оқу  үдерісінің  тиімділігін  көтеру  үшін  өз  қызметінде 

қолданатын дүниесі. 

Технологиялық оқытуда оқытушы оқу үрдісіне тікелей қатыспаса да болады. Енді, осы 

тұжырымды анығырақ қарастырайық. Жалпы, педагогика жайлы оқулықта оқытушының оқыту 

барысында  қолданатын  дүниесі  оқыту  құралы  деп  аталатынын  оқимыз.  Ал,  технологиялық 

оқыту  үдерісінде  оқытушының  өзі  жоқ  болғандықтан,  технология  оқытушы  тарапынан 

қолданыла  алмайды.  Әйтсе  де,  технология  оқыту  құралы  деп  аталмағанымен,  бұрын  соңды 

пайдаланылмаған  және  өздігінен  оқып-үйрететін  һәм  тексеретін  жаңа  оқыту  құралы  ретінде 

қабылданады.  Олай  болса,  технология  оқыту  құралының  дәстүрлі  анықтамасына  сәйкес 

келмейді. Ол оны жаңа мазмұнмен толықтырады. 

Проекторлар, аудио және бейне магнитофондар, теледидарлар секілді біз үйреніп қалған 

құралдарға  қарағанда  технологияның  орындайтын  қызметі  (бірінші  кезекте,  оқыту-үйрету 

қызметі)  мейлінше  көп.  Ендеше,  технология  бұл  оқытушыға  оқыту  тиімділігін  арттыруға 

мүмкіндік беретін жай оқыту құралы ғана емес, оқытудың күллі қызметін орындайтын және 

оқу үдерісінің барлық кезеңдерінде жұмыс істей алатын маңызды құрал. Сондай-ақ, ол – бүкіл 

оқу үдерісін сапалы жаңа деңгейге де көшіретін, зор мүмкіндіктері бар, жоғары деңгейдегі жаңа 

оқыту құралы.  

Дегенмен, бұл технологияны қолдану арқылы оқытудың әрдайым жақсырақ, тиімдірек әрі 

сапалырақ бола беретінін білдірмейді. Сонымен, оқыту технологиясы оқытушының көмегінсіз 

(лекцияларда да, семинар сабақтарында да) өз бетінше оқу үдерісін жүзеге асыруға қабілетті, 

жаңа деңгейдегі оқыту құралы екені түсінікті.  

Компьютердің  ешқандай  жаңа  нәрсе  жасамайтынын  айта  кеткен  жөн.  Оқытатын 

бағдарламаларға  енгізілетін  оқу  материалының  мазмұнын  пән  оқытушылары  дайындайды. 

Демек,  оқу  материалы  оқушыға  компьютер  арқылы  адамнан  беріледі,  бірақ  оқулықтың 

мазмұнын өзінше түсіндіретін және қайта айтып беретін жай оқытушыдан емес, тікелей осы 

компьютерлік бағдарламаны жасаушы автордан беріледі. Яғни, оқушы оқытатын компьютерлік 

бағдарламаға енгізген оқулықтың авторымен жанама түрде байланысады[5]. 

Мұнда  оқытатын  әр  бір  компьютерлік  бағдарламаның  белгілі  бір  оқу  мазмұнын  емес, 

сонымен  қатар  оқу  материалын  ұсынудың  ерекше  түрлерімен  де  сипатталатыны  байқалады. 

Оқу материалын ұсыну формалары әртүрлі болуы мүмкін. Мәселен, алдымен мәтін беттерін 

ұсынып,  кейіннен  бақылау;  автордың  түсініктемесі  бар  бейне  үзінділерді  көрсету;    ойын 

ережелерін  (жаңа  оқу  ұғымдарын)  меңгеруге  бағытталған  іскерлік  ойындарды  өткізу,  т.б. 

Ұсынылған оқу материалына сәйкес, оқушыдан оны меңгерудің қандай да болсын әдісі де талап 

етіледі. Осылайша, технологияға оқу материалының мазмұны ғана емес, оны меңгеру әдістері 

де  енгізіледі.  Бұл  әдістерді  де  оқытатын  компьютерлік  бағдарламаның  авторы  анықтайды. 

Сондықтан,  компьютер  осы  бағдарламаларды  жасаушы  автордың  ниеттері  мен  тілектерін 

жеткізуші рөлін атқарады. 

Оқыту  технологиясы  жаңа  оқыту  бағдарламаларын  құрастыруға  арналмаған.  Дәлірек 

айтқанда,  олар  жаңа  бағдарламаларды  құрастырмайды,  тек  оқытады.  Оқыту  технологиясы 

берілген  пән  бойынша  оқу  үдерісін  өз  бетінше  жүргізуге  қабілетті  оқыту  құралы  міндетін 

атқарады.  Сонымен,  технология  –  күні  бүгінге  дейін  еш  қарастырылмаған  оқыту  үдерісін 

жүргізуге арналған оқыту құралының  мүлдем жаңа түрі. Оқыту құралдарының екі түрі бар. 

Қорыта айтқанда, оқыту  технологиясы – бұл оқытудың негізгі қызметтерін орындайтын 

және педагогтың қатысуынсыз жүзеге асыратын екінші реттегі оқыту құралы. Ол дидактикалық 

мүмкіндіктерді кеңейте отырып, оқытуға мүлдем жаңа сапалы сипат  береді  және оқушының 

жеке  қажеттіліктерін  толығырақ  қанағаттандыруға  һәм  жеке  қабілеттерін  дамытуға  елеулі 

септігін тигізеді. 

 

Қолданған әдебиеттер тізімі: 



42 

 

  



1.  Назарбаев  Н.Ә.  «Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  -  Қазақстан  дамуының  басты 

бағыты» Ел президентінің халыққа жолдауы, 2012 ж. 

2. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы.  2007 ж. 

3. Смирнова С.А. Педагогика: теории, системы, технологии. –М., 2006. 

4.  Васильев  В.В.  Информационное  обеспечение  упарвления  общеобразовательной 

школой. – Воронеж, 2008. 

5.  Халықова  К.З.,  Абдулкәрімова  Г.А.  Педагогикалық  инфороматика  /білім  беруді 

ақпараттандыру. –Алматы, 2007. 

 

 

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, 



ДАМЫТА БІЛІМ БЕРУ 

 

Жаукеева Г.Т. 



Қарағанды қ., «№64 негізгі орта мектебі» КММ 

 

 



Қазіргі заманда Қазақстанның өзіне ғана тән ұлттық сипаты бар білім беру жүйесін одан 

әрі дамыту, білім беру сапасында әлемнің басқа да алдыңғы қатарлы беделді де, белді елдерімен 

қатар жұмыс жасау, қазақ тілін дамытуда өзіндік үлес қосу, бүкіл әлемдік деңгейге көтеру, білім 

беру ісінде әлеуметтік кеңістікке шығу – алдағы тұрған міндеттер. 

Білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі жаңа оқыту технологияларын дайындауды талап 

етеді. Білім беруді ақпараттандырудың теориясы мен әдістемесі мынадай зерттеу бағыттарынан 

тұрады:  қазіргі  ақпараттық  қоғам  мен  ғаламдық  коммуникация  жағдайында  білім  беру 

мазмұнын жетілдіру; оқушының ақыл-ой әлеуетін дамыту; бірлескен ақпараттық желілер мен 

ғаламдық коммуникациялар базасында жұмыс істейтін  «виртуалдық»  білім беру;  оқушының 

ақыл-ой қуатының деңгейін белгілеудің, оның білімі мен жетістігін бақылау және бағалаудың 

компьютерлік тестілеуші, диагностикалаушы әдістемелерін жасап дайындау. 

Бүгінгі  күні  арнайы  мектептерде  де  ақпараттық  технология  кең  көлемде  қолданылады. 

Электронды  бағдарламалар,  көмекші  құралдар,  компьютерлік  тапсырмаларды  оқытушылар 

өздері құрады және пайдаланады. 

Осыған орай қазақ тілі сабақтарын оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қарастыруда заманауи 

оқыту  талаптарына  сай  сабақтарда  ақпараттық  технологияларды  қолдану,  оқыту  үрдісінің 

тиімділігін арттырып, балалардың оқу материалдарын игеру дәрежесін жоғарылатады. 

Күнделікті  сабаққа  бейне,  аудио  қондырғыларын,  теледидар  мен  компьютерді  қолдану 

айтарлықтай  нәтижелер  беріп  келеді.  Заман  ағымына  сай  ондай  қондырғылар  оқушылардың 

қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап 

көруге, не тыңдауға, алған мағлұматты нақтылауға  мүмкіндік береді. Оқушылардың өздері де 

алынған ақпаратты көшіріп алып, онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады.  

Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе 

бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін 

көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. 

Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет. 

Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге қазақ тілі мен әдебиет 

сабақтарындағы оқу үрдісін түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте 

отырып,  оқушылардың  дүниетанымдарын  кеңейтуге  және  қабілеттерін  көре  біліп,  оны 

дамытуға толық жағдай жасауы. 

Сабақта компьютерді пайдаланудың тиімділігін былай саралап көрсетуге болады.  

Оқушы мен мұғалімнің позитивтік оң қатынаста болуына ықпал етеді. Олай дейтініміз, 

оқушылар компьютермен тікелей қатысты болғандықтан өзін еркін сезінеді. 


43 

 

Компьютермен жұмыс барысында оқушылардың белсенділік, жауапкершілік және өзіндік 



шығармашылық  қабілеттері  қалыптасады.  Оқушы  өз  бетінше  еңбектенеді.  Өз  еңбегінің 

нәтижесін  көреді.  Өзін-өзі  қадағалауға  мүмкіншілік  туады.  Тапсырмаларды  мұғалімнің  

көмегінсіз орындайды. Сол арқылы ойлау және есте сақтау қабілеттері дамиды. 

Берілетін  материал  бірсарынды  болып,  тек  мұғалім  ғана  сөйлейтін  болса,  балалар  тез 

шаршап  қалады  да,  сабақ  сәтсіз  аяқталады.  Осындай  көңілсіз  жағдайларды  болдырмау  үшін 

қазақ тілі мен әдебиет сабағында компьютер арқылы оқушылардың белсенділігін арттыратын 

элементтер  қолданылады.  Мысалы,  СТО  стратегияларын,  дидактикалық  үлестірмелер,  түрлі 

ребустар, суреттермен жұмыс кросвордтарды жатқызуға болады. 

Қазіргі  кезде  оқу  үрдісінде  интерактивті  тақта  мүмкіндіктерін  кеңінен  қолдану  сипат 

алуда.  Үкіметіміздің    білімге  деген  қамқорлығының  арқасында  мектептер  заманауи 

технологиялармен  жабдықталу  үстінде.  Осы  орайда  интерактивті  тақталардың  алатын  орны 

ерекше.  Activstudio  бағдарламасымен  қамтамасыз  ету  арқылы  интерактивті  тақтамен  оқыту 

технологиясы  –  оқу  үрдісін  белсенді,  қарқынды  етудің  бірден-бір  жолы.  Интерактивті  тақта 

мүмкіндіктерін  пайдалана  отырып  өткізген  сабақтар  мұғалімнің  оқу  процесінде  уақытын 

үнемдеп  оқушыларға  көптеген  ақпараттарды  беруге  көмектеседі.  Ол  әр  түрлі  түспен 

көркемделіп, дыбыстармен, мултьмедиялық-операциялық ортамен құрылған сабақ. Activstudio 

бағдарламасының  көмегімен  жасалатын  дыбысты,  суретті  сабақ  көрнекілігі  флипчарттарды 

сабақ  барысында  тиімді  қолдану  сабақ  үрдісінің  сапасын  арттырып,  оқушылардың 

қызығушылығы  мен    ақпараттық  мәдениетін  арттыруына  және  мұғалімнің  сабақ  кезеңдерін 

жүзеге  асыру,  уақытын  үнемдеуіне  септігін  тигізетініне  бүгінгі  таңда  көзіміз  жетіп  отыр. 

Интерактивті тақтаның керемет мүмкіндіктері оқушыларды таңғалдырады, шабыттандырады.  

Мысалы, 5-сыныпта интерактивті тақта көмегімен өткен «Нан дастарқанға қалай келеді?» 

сабағы үй тапсырмасын тексеру бойынша кестеден ұн тағамдарына байланысты сөздерді тауып 

оқып,  сөйлем  құрастыру;  тақтадағы    ребусты  шешу.  Сабақтың  реті  төмендегі  бөлімдерден 

құрылды. 

1.Оқушылар  берілген  кестедегі  әріптерден  ұн  тағамдарына  байланысты  10  сөзді  тауып 

жазып, сол сөздермен сөйлемдер құрастырды. 

Б  


С  

А  


Қ  

Т  


А  

Б  


А  

Р  


Т  

Н  


А  

Н  


А  

У  


Ы  

О  


Қ  

К  


Ү  

Л  


Ш  

К  


Қ  

Ұ  


Ж  

Е  


Ш  

Е  


Е  

А  


Й  

А  


Р  

М  


Л  

П  


Ш  

М  


А  

Қ  


А  

2.Берілген жаңа сөздердің аудармасын сызба арқылы дұрыс таба алды. 

3.Нанның келу ретін слайд арқылы түсіндірдім. 

4.Оқушылар мақал-мәтелдерді дұрыс құрап, аударды. 

5.Етістіктерді  үш  шаққа  қойып,  жалғауларын  жалғап,  тақтадағы  жасырын  тұрған 

жауаптармен тексерді. 

6.Нанға байланысты тыйым сөздермен жұмыс жүргізіліп, сөзжұмбақ шешілді. 

Сабақты  бекіту  ретінде  нанның  дастарқанға  келу  жолының  ретін  дұрыс  орналастыру 

жұмысы  тапсырылды.  Сабақта  оқушылар  интерактивті  тақтаны  қаламның  көмегімен  еркін 

қолдана отырып, әр берілген тапсырманы қызығушылықпен орындады.  

Оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор. Заман талабына 

сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде бұл  оқытудың жаңа технологиясының бір түрі  ретінде 

қарастыруға болады. Заманауи ақпараттық  құралдармен жұмыс істеудің ең маңызды жағы  – 

мәтінмен  толықтырып,  дыбыстық  түсініктемелер  қосып  презентациялар  түрінде  қолдануға, 

ғылымның басқа салаларымен байланыстыра отырып пайдалануға болады. 

Компьютерлік оқыту үрдісі барынша қызғылықты, балалардың оқу материалдарын толық 

меңгерулеріне  қызығушылықтарын  тудырды  және  төмендегідей  тиімді  жақтарын  көрсетті: 

оқушының  уақытын  үнемдейді;  оқушы  оқу  материалын  іздеп  отырмайды;  таңдап  алған 



44 

 

хабарды  баспаға  шығару  мүмкіндігі  бар;  сарамандық  жұмыстар  жылдам  түсіндіріледі; 



бағдарламаны  меңгеруге  арналған  тест  сұрақтарымен  қамтамасыз  етілген;  көрнекілік 

құралдарға деген мұқтаждықты азайтады; оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңітуге, тану 

үрдісіне ықпал етеді; зерттеушілік қабілеті бар тұлға қалыптасады. 

Қорыта келгенде ақпараттық технологияларды қолдану барысында оқушылардың сабаққа 

деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға бормен 

жазып  түсіндіргенінен  әлдеқайда  тиімді,  әрі  түсінікті.  Меңгерілуі  қиын  тақырыптарды 

компьютердің көмегімен түсіндірсе жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер : 



 

1.  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жж.  арналған 

Мемлекеттік бағдарламасы. ҚР Президентінің 07.12.2010 ж. №1118 Жарлығымен бекітілген. 

2. Мұхамеджанова А. Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану тетіктері. 

/Журн. Қазақстан мектебі 2006, №4 

3. Мұхаметжанова С.Т, Жартынова Ж.Ә, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың 

әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008ж. 

4. Педагогика журналы №2, 2009ж. 

 

 

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ҚОЛДАНУ - ЗАМАН 



ТАЛАБЫ 

 

Абельдинова А.А, Макетова М.Р 



ҚМББ «Болашақ» колледжі 

 

 



ХХІ  ғасыр  ақпарат  ғасыры  болғандықтан  адамзатқа  компьютерлік  сауаттылық  қажет. 

Білім берудің негізгі мақсаты  – білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс-тәсілдері 

мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. 

 Осы  мақсатты  жүзеге  асыруда  ақпараттық  технологияны  пайдалану  әдісі  зор  рөл 

атқарады.  Осы  орайда  ел  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  халыққа  жолдауындағы  «оқу 

үрдісінде  ақпараттық  технологияларды  білім  беру  саласын  жақсартуда  қолданыс  аясын 

кеңейту  керек»  деген  сөзін  басшылыққа  ала  отырып,  сабақта  жаңа  ақпараттық 

технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек[1].  

Ақпараттық  технологияларды  сабақта  пайдаланудың  негізгі  мақсаты:  Қазақстан 

Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны 

пайдалану  Қазақстан  Республикасындағы  ақпараттық  кеңістікті  әлемдік  білім  беру 

кеңістігімен сабақтастыру болып табылады. 

Қазақстан  Республикасының  білім  беру  жүйесін  ақпараттандыру  еліміздің  даму 

стратегиясының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. 

Білім  беру  үрдісін  ақпараттандыру-жаңа  ақпараттың  технологияларды  пайдалану 

арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-

тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын арттыруды негіздейді. 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында:  «Білім  беру  жүйесінің  басты 

міндеті-ұлттық  және  азаматтық  құндылықтар  мен  практика  жетістіктері  негізінде,  жеке 

адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар 

жасау,  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  

ғаламдық коммуникациялық желіге шығу»-делінген. 



45 

 

Осыған орай бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, білік дағдыларын игертіп қана 



қоймай,  қабылдауын,  ойлауын,  қиялын,  сезімдерін,  яғни  жан-жақты,  азат,  шығармашыл,  өз 

бетімен, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері тұр. 

Қазіргі  оқыту  барысында  қолданылып  жүрген  көптеген  технологиялар  жеке  тұлғаның 

жетілуіне,  оқытудың  тиімділігінің  негізін  құруға  бағытталған.  Соның  бірі-ақпараттық-

коммуникациялық технологияларды пайдалану білім сапасын арттырудың тиімді жолы болып 

отыр. 


Ақпараттық-коммуникациялық  технология  электрондық  есептеуіш  техникасымен 

жұмыс  істеуге,  оқу  барысында  компьютерді  пайдалануға,  модельдеуге,  электрондық 

оқулықтарды,  интерактивті  тақтаны  қолдануға,  интернетте  жұмыс  істеуге,  компьютерлік 

оқыту бағдарламаларына негізделген. 

Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты-оқушылардың 

оқу материалдарын толық меңгеруі үшін  оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді 

ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру 

программалары,  оқыту  программалары  сияқты  программалық  өнімдер  қызмет  етеді.  Білім 

саласында компьютер оқу үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады.  

Жалпы оқушылардың ақпараттық технология негіздерінен алған білімі арқылы: 

 1. Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады.  

2. Шығармашылық қабілеттері артады.  

3. Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады.  

4.Оқушылар өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды.  

5. Компьютерлік сауатты болуға үйренеді.  

Ақпараттық  технологияның  мұғалім  жұмысына  ең  тиімдісі  –  оқушылардың  білім 

олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар.  

Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдер шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу 

бағытында құруды талап етеді.  

Сондықтан,  ХХІ  ғасыр  –  информатика  ғасыры,  яғни  ақпараттандыру  технологиясы 

дамыған заманда  мемлекетіміздің болашағы  –  жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, 

жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап 

етеді. 

 Компьютер  және  ақпараттық  технологиялар  арқылы  жасалып  жатқан  оқыту  процесі 



оқушының  жаңаша  ойлау  қабілетін  қалыптастырып,  оларды  жүйелік  байланыстар  мен 

заңдылықтарды  табуға  итеріп,  нәтижесінде  –  өздерінің  кәсіби  потенциалдарының 

қалыптасуына жол ашады.  

Қазіргі  таңда  білім  жүйесінің  барлық  саласы  компьютерленген  сондай-ақ, 

ақпараттандыру тәсілінің тиімді жетістіктерінің бірі-интерактивті тақтаның қолданылуы көп 

мүмкіндікке жол ашуда. 

 Интерактивті  тақта  мүмкіндігін  пайдалана  отырып  өткізген  сабақтар  мұғалімнің  оқу 

процесінде  уақытын  үнемдей  отырып,  оқушыларға  көптеген  ақпараттарды  беруге 

көмектеседі[2].  

Интерактивті 

тақтаның 

керемет 


мүмкіндіктері 

оқушыларды 

таңғалдырады, 

шабыттандырады, қызықтырады. Оқушылар ойнап отырмыз деп ойлайды, шындығында олар 

қызығып, таңғалып, шабыттанып отырып білім алады деп ойлаймыз. 

Соңғы кезде білім беруде АКТ пайдалану бағыттары табысты дамып келеді. 

 Оқыту  үрдісінде  ақпараттық  технологияның  инновациялық  құралдарын  қолдануда 

оқытудың  тек  қана  формасы  мен  әдісі  өзгеріп  қана  қоймайды,  сонымен  бірге  оқу  үрдісін 

жаңаша басқару және қадағалау әдістерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. 

И.В.Роберт  ақпараттық  технологиялар  орталарын  пайдаланудың  келесі  педагогикалық  

мақсаттарын анықтайды. 

1.  Ақпараттық  технологияларды    қолдану  негізінде    оқу-  тәрбие  үрдісінің  барлық 

деңгейін жетілдіру: 


46 

 

- оқыту үрдісінің ықпалы мен сапасын арттыру: 



- танымдық қызметінің екпінділігін арттыру. 

- пәнаралық байланысты тереңдету. 

- қажетті ақпаратты іздеуді оңтайландыру жәңе көлемін ұлғайту. 

2. Оқушы тұлғасын дамыту , ақпараттық қоғам шартында өмір сүруге даярлау: 

- ойлардың түрлі формаларын дамыту, 

- коммуникативтік қабілеттерді дамыту, 

- күрделі жағдайларда оңтайлы шешім немесе шешу нұсқаларын қабылдау дағдыларын 

қалыптастыру. 

-  компьютерлік  графика,  мультимедиа  технологиясын  пайдалану  арқылы  эстетикалық 

тәрбие беру. 

- ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, мәселені немесе жағдайды модельдеу біліктілігін 

дамыту, ақпаратты өңдей білу. 

- эксперименталдық- зерттеушілік қызметті іске асыра білуді қалыптастыру. 

3. Қоғамның әлеуметтік тапсырысын орындау: 

- ақпараттық сауаты бар тұлғаны даярлау. 

- компьютерлік орталарды пайдаланушыны даярлау. 

Оқушылардың  пәнді  жақсы  игеруінің  басты  шарты  оқытушының  осы  сабаққа  деген 

қызығушылықты    тудыра  білуінен  басталады.  АКТ  –  педагогтың  мүмкіндігін  күшейтетін 

құрал  ,  бірақ  ол  оқытушыны  алмастыра  алмайды.  АКТ  қолдану  мақсаты  –  сабақты 

компьютермен сүйемелдеу ісін жүргізуге асыру, яғни: 

-Компьютер арқылы оқу сапасының артуына ықпал жасау; 

-Оқыту  аймағының  кеңеюіне  байланысты  оқушының  білім  деңгейінің    қоғамның 

әлеуметтік талабына сай болуы, 

-Компьютерлік  технологияның  бұрынғы  дәстүрлі  пәндерге  енгізілуі,  оның  игеру 

мүмкіншіліктерін арттыру. 

Компьютермен оқытудың  өз мақсаты, мазмұны, формасы және ерекше өткізу тәсілі бар 

екені белгілі. Осындай сабақтар жасаудың мынадай  негізгі кезеңдері болады: 

- Оқыту мақсатын анықтау; 

-Өтілетін  тақырыптың,  бөлімнің  материалдарын  талдау,керектілерін  таңдап  алу  және 

оның сценарийін құрастыру. 

- Сабақты жүргізудің бағдарламасын жасау. 

-Оқу үрдісінде компютерлік сүйемелдеуі бар сабақты кіргізу. 

Компьютерлік тестілеуді енгізу арқылы оқушылар жұмысының  тиімділігі мен мазмұны 

туралы кері байланыс қамтамасыз етіледі. Компьютерлік жаппай бақылау жағдайында барлық 

оқушыларға  сұрақтар  немесе  мазмұны  бірдей  тапсырмалар  беріледі.  Оларды  орындау 

барысында  оқушылардың  арасында  ынтымақтастық,  жолдастық  сезім  пайда  болады,  бір- 

біріне сұрақтар қойып , жауаптарын толықтырады, орындалған жұмыстарды өзара тексеріп, 

іске асырады]3]. 

Оқыту үрдісінде АКТ қолдану оқушылардың өзін- өзі бақылауына өте үлкен мүмкіндік 

береді.  Өзін-өзі  бақылау  олардың  оқу  бағдарлама  материалы  мен  игерген  іскерлігі  мен 

дағдысының беріктігі толық ақпарат алуын қамтамасыз етеді[4]. 

Оқыту  жағдайындағы  ақпараттық  технологиялардың  орны:  сабақ  уақытына,  сабаққа 



жүктеу 10.2 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   92




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет