«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер» атты



жүктеу 10.2 Mb.
Pdf просмотр
бет14/92
Дата09.02.2017
өлшемі10.2 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   92

дыбыс – «ө» дыбысы. Ол сөздің басында тұр. Ал қане, «ө» дыбысынан басталатын сөздерді кім 

көп біледі екен?» деп оқушыларға белгілі бір уақыт аралығында сөздер тауып жазуға тапсырма 

береді /3/. 

Сабақта  жаңа  дыбыстармен  танысуда,  «Сөз  ойла,  тез  ойла»  ойыны  тиімді.  Ойынның 

шарты: сөзді дұрыс оқып айтқан балаға жұлдызшалар беріледі. Кім көп жұлдыз жинайды, сол 

жеңеді. 


Сол  сияқты  тән  дыбыстарды  үйрету  барысында  «Сен  жалғастыр»  ойынын  ойнатуға 

болады.  Ойынның  мақсаты:  Басталған  буынға  буын  қосып,  сөз  құрауға,  зейінділікке  баулу. 

Мұғалім сөздің басқы буынын айтады, ал оқушылар оны аяқтайды. Мысалы: і-ні, і-шік, іс-кер, 

іл-гек, і-рім-шік, т.б. 

«Кім жылдам?» ойының мақсаты: сөздегі төл дыбысты анықтап үйрету. Бұл ойынға төл 

дыбыстан  басталатын  заттық  суреттер,  әр  дыбысқа  бір  неше  суреттер.  Оқушының  алдына 

суреттерді қояды да атайды, сосын оларды бірінші дыбысына қарай топтастыруын сұрайды. 

(Қ) – қалам,қарындаш,қағаз.  

(Ә) – әже,әтеш,әке /4/. 

«Кім зерек?» ойыны оқушылардың жылдам ойлау қабілеті мен зейінін дамытады. Алдын 

ала сандар ретсіз, шашыраңқы түрде тақтаға жазылады да тақтаға 2-3 оқушы шығады. Мұғалім 


79 

 

атаған санды оқушылар жылдам тауып, түрлі түсті бормен домалатып белгілеуі тиіс. Кім көп 



санды белгілесе, сол жеңімпаз атанады. 

«Түстер» ойыны. Мақсаты: өткен тақырыптар бойынша сөздерді бекіту. Топта ойналатын 

бұл ойынның ережесі бойынша әр топ бір түсті заттарды атау керек. Қай топ бір түске қатысты 

сөздерді көп атаса, сол топ жеңімпаз.  

«Сөз  жарысы»  ойынын  кез  келген  тақырыпты  өткен  кезде,  нәтиже  сабақта    ойнатуға 

болады.  Мысалы,  «Азық-түлік»  тақырыбы  бойынша  өткенді  пысықтау  кезінде  үш    оқушы 

тақтаға  шығып  сөздер  жазады.  Бір  оқушы  сүт  тағамдарын,  екінші    оқушы  азық-түліктерді, 

үшінші оқушы ет тағамдарын жазады, кім бірінші болып жазып бітірсе, сол оқушы жеңімпаз 

болады. Бұл ойын оқушыларға өте ұнайды, оқушылар белсене қатысады. 

«Моншақ»  ойыны.  Ойынның  мақсаты:  Жуан,  жіңішке  түбірлі  сөздерді  қайталау  және 

ажырата  білу.  Ойынның  шарты:  Қатты  қағазға  жуан  және  жіңішке  түбірлі  сөздерді  жазу. 

Сыныпты екі топқа бөліп, қағазға жазылған сөздерді тарату. Белгіленген уақыттан кейін әр топ 

бір жуан, бір жіңішке түбірлі сөздерден жіпке моншақ тізулері қажет. Қай топтың моншағы 

бірінші тізілсе, сол топ жеңеді /4/. 

«Аукцион» ойыны. Ойынның мақсаты: сөздік қорларын молайту. Пәнді сүюге тәрбиелеу. 

Ойынның шарты: сынып екі топқа бөлінеді. Тақтаға қағазға жазылған сөзді іліп, бұл сөзге әр 

топ қанша ұпай беретінін анықтап алу. Ең көп ұпай берген топқа сөзді ашып, дұрыс аудармасын 

сұрау. Егер команда дұрыс жауап берсе, берілген ұпайлар команданың қорына көшеді. Дұрыс 

жауап бермесе, ұпай екінші командаға көшеді. Ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады. 

Тиімді  қолдана  білген  ойын  арқылы  білім  беру  сапасын,  яғни  оқушылардың  сабаққа     

қызығушылығын  жоғарылатуға,    қиын  грамматиканы  оңай,  әрі  қызықты  етіп  түсіндіруге, 

оқушы  белсенділігін  арттыруға  болады.  Қытай    даналығында:  «Маған  айтсаң,  мен  ұмытып 

қаламын; маған көрсетсең, мен есімде сақтаймын; ал өзіме әрекет жасауға мүмкіндік берсең, 

мен  үйренемін»  деп  айтылғандай,  біз    балаға  бір  ақпаратты  тек    айтып    қана    қойсақ,  ол 

ұмытып    кетуі    мүмкін,  көрсетсек    есінде    қалуы    мүмкін,  ал  ойын    үрдісінде 

баланың  өзіне  жасауға  мүмкіндік  берсек, бала  өзі  үйреніп  кетуі  әбден  мүмкін. 

Қорытындылай  келе,  дидактикалық  ойындар  оқушылардың  таным  белсендігін 

жандандыратын,    өздігінен  ойлауын  дамытатын  тәсілдердің  бірі.  Олар  кез-келген  оқу 

материалын  қызықты  да  тартымды  қылып,  оқушылардың  көңіл-күйін  көтеруге,  өздерінің 

жұмыстарына  қанағаттануға  және  білім  үрдерісін  жеңіл  меңгеруге  көмектеседі.  Сабақ 

барысында  ойын  арқылы  дамытуға  арналған  тапсырмалар  жүйелі  бағытталып, 

ұйымдастырылып отырса сонда ғана мұғалімнің сабақ  мақсатына жеткізуіне мүмкіндік береді. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 



 

1.  Иманқұлова  С.  «Жаңаша  оқыту  әдістемесі»//  Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық 

университетінің хабаршысы, Филология сериясы, 2006 ж., №1. 

2.  Комышева  А.В.  «Игровые  методы  обучения  иностранным  языкам»//Қазақ  тілі 

әдістемесі, 2008 ж., №1. 

3. ҚұлжановаН. «Ойын мақсатын талдау және ойын мәні»// Қазақстан мектебі.- 2001, №1. 

4. Қазақ тілі (дидактикалық материалдар) /Алматыкітап, 2010ж. 

 

 



БАСТАУЫШ  СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ТІЛІН  ДЕҢГЕЙЛІК ОҚЫТУ 

ТЕХНОЛОГИЯСЫ 

 

Жолжанова З.У.,Нұрмағанова Г.Ш. 



Қарағанды қаласындағы Ғабиден Мұстафин атындағы №83 ЖББОМ 

 

 



80 

 

Қазақстан Республикасының «Тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі 



талабы-мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек».Орыс мектептерінде 

өтілетін қазақ тілі сабақтарының мақсаты-оқушылардың сөздік қорын дамыту,оқу техникасын 

қалыптастыру,дұрыс сөйлеуге,сауатты жазуға үйрету,сөйлем құрлысын меңгерту,қазақ тіліне 

тән  дыбыстарын  айтып,сөз  ішінен  ажырата  білуге  үйрету.Сондықтан  оқушылардың  білімін 

арттыру үшін сабақта жаңа технологияларды қолдана білу керек.«Технология»гректің «teche»- 

өнер,шеберлік  және  «logos»-ғылым  деген  сөзінен  шыққан,яғни  «шеберлік  туралы  ғылым» 

деген  мағынаны  білдіреді.Оқыту  технологиясы  мен  әдістеме  ғылымы  бір-бірімен  тығыз 

байланысты.  

Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» 

деген сұрақтарға жауап іздесе,оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген 

мәселенің  шешімін  іздейді.Олардың  мақсаты  бір,яғни  оқытудың  тиімді  жолдарын 

қарастыру.Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады.Қазіргі 

кезде  оқу  процесінде  оқытудың  қалыптасқан  негізгі  әдістерімен  қатар  оқытудың    жаңа 

әдістері,яғни  инновациялық  әдістері  де  жиі  қолданылады.Бүгінгі  күннің  өзекті  мәселесі-оқу 

процесінде  оқытудың  озық  технологиясын  қолдану  болып  табылады.Сондықтан  да  біздің 

мектептің  мұғалімдері  үнемі  ізденіс  үстінде.Олар  заман  талабына  сай  оқушылардың  білімін 

тереңдету  үшін,  тілге  деген  қызығушылығын  арттыру  үшін  көп  еңбек  етуде.Бастауыш 

сыныптарының басты талабы- сабақтың сапасын арттыра отырып сабақ түрлері мен әдістерін 

білімділік,танымдылық деңгейге жеткізу.Осы мақсатта бастауыш сынып мұғалімдері сабақ өту 

әдістерін  толықтырып  отырады.Қазіргі  уақыт  талабына  сай    мен  өз  сабақтарымды  жаңаша 

ұйымдастырып,тың  ізденістерге  талпынып  отырамын.Сабақ  өткізу  барысында  оқушыларды 

халық педагогикасы негізінде тәрбиелеп,оқушылардың сабаққа қызығуын арттырып,сабақ беру 

әдісінің  тиімді  түрлерін  пайдаланып  келемін.Мен  қолданатын  сабақтың  жаңа  түрлері  де 

сабақтың  мазмұнын,мақсатына,жүру  барысына  қарай  дамытпалы  саяхат  сабақ,ертегі  сайыс 

сабақ,ойын,жарыс  сабағы,тест  әдісімен  өткізіліп  келеді.«Қазақ  тілін    деңгейлік  оқыту 

технологиясы»-  кеңінен  қолданылып  жүрген  технологиялардың  бірі.Бұл  технология 

оқушылардың ізденушілік, өзіндік жұмыс істеу,білімді сапалы қабылдау,шығармашылықтарын 

арттыра 


түсуге 

бағыттайды,мәселені 

тиімді 

шешудің 


жаңа 

мүмкіндіктерін 

анықтайды.В.П.Беспалько оқу материалын меңгерудің  4 деңгейін ұсынады: 

1.Оқушылық 

2. Алгоритмдік 

3. Эвристикалық 

4. Шығармашылық 

Ғалым оқушылық деңгейден бастап шығармашылық деңгейге дейінгі даму кестесін былай 

көрсетеді.  Оқушылық    деңгейде  білімнің  берілуі,деңгейлік    тапсырмалардың  іске  асырылуы 

бағдарлама  талабына  сәйкестігінебайланысты.Алгоритмдік  деңгейде  оқу  материалдарының 

түсініктілігі,мазмұны 

деңгейлік 

 

тапсырмалардың 



күрделене 

түсуінен 

аңғарылады.Эвристикалық  деңгейде білімнің берілуі  жүйелілігі,сабақтастығы іздендірушілігі 

басым  болып,  деңгейлік  тапсырмалардың  танымдық  жағынан  жетілуіне,тереңдетілуіне  

айрықша  назар  аударылады.  Шығармашылық  деңгейдебаланыңдарындылығы,таланты 

тапсырмаларды  орындаудағы  ізденімпаздығы  танымдық,рухани  интелектуалдық  шеберлікке 

ұштасады.Сонымен,  оқыту  технологиясы    бұрыннан  келе  жатқан  педагогика  жетістіктерін 

пайдалана отырып,оны жаңа әдістермен байытып,білім алуды оқушының  өзіндік іс-әрекеттері 

арқылы ұйымдастыруды талап етеді.Егер аз  уақыттың ішінде оқушы көп тапсырма орындап 

үлгерсе,ол  оқушының  іскерлігі,шеберлігі.  белсенділігі  мен  қабілеттілігі  жоғары.Оқушының 

осындай зеректігін одан әрі дамыту үшін де деңгейлік тапсырмалар  қажет.Мұғалім  деңгейлік 

тапсырмалар  арқылы    сабақта  оқушының  танымдық    ойын,белсенділігін,икемдігін  арттыру 

жұмыстарын    шеберлікпен  жүргізе  алады.Оқушыларға  деңгейлік  тапсырмалар  беріледі. 

Деңгейлік  тапсырмалар  үш  деңгейде  жүргізіледі.Әр  сыныпта  оқушылардың    өз  бетімен  

жүргізген  жұмыстары  тоқсандық  қорытынды  жұмыстары,  бақылау  жұмыстары  есепке 

алынады.Әр  оқушының  жеке  даму    көрсеткіші  жасалады.Оқушы  өзін-өзі  бақылайды.Жыл 



81 

 

соңында  әр  оқушының  білім  сапасының  қорытындысы  шығады.Жыл  бойы  құрылған  әр 



оқушының  білім  сапасының  мониторингісінен  оның  білім  деңгейі  анықталады.Оқушы  жыл 

бойы  өзінің  қалыс  қалған  жақтарын  есепке  алып  отырады.Деңгейлік  тапсырмаларды  құруға 

қойылатын талаптар  мынадай:Біріншіден,мұғалім  деңгейлік тапсырма  құрылатын  сыныптың 

бағдарламасын,мемлекеттік,стандартты,базалық  оқу  жоспарын  толық  білуі  тиіс.Екіншіден, 

оқушының 

психологиялық 

ерекшелігі,қабілеті,білім 

деңгейі 


назарға 

алынғаны 

жөн.Үшіншіден,оқушылардың басқа пәндерден алған білімдері ескеріліп,пәнаралық байланыс 

жүзеге  асырылады.Төртіншіден,деңгейлік  тапсырмалар  қызықты  ,баланың  ойлау  қабілетін   

дамытатын,көркемдігі  жоғары,тілі  түсінікті  болуы  қажет.Бесіншіден,тапсырмалар  біртіндеп 

күрделене  келіп,оқушының  жеке  тұлғалық  қасиетін  қалыптастыру  мақсатына  сай  мазмұны 

терең,жан-жақты  болғаны  жөн.Деңгейлік  тапсырмалар  дегеніміз-оқушылардың  ойлау,сөйлеу 

қабілетін 

дамытатын,әлеуметтік 

көзқарасын 

қалыптастыратын,ізденушілікке 

баулитын,жеңілден қиынға,қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыс 

жүйесі.Мұндай  жұмыс  жүйесі  үш  деңгейлік  тапсырмалардан  тұрады:Бірінші  деңгей 

тапсырмалары 

мемлекеттік 

стандарт 

талабына 

сәйкес,бағдарлама 

мөлшерінен 

аспайтын,оқушының  жас  ерекшелігіне  сай  болады.Оқушылар  бағдарламаға  байланысты 

лексикалық 

тақырыптар 

мен 

тілдік 


ережелерді,жазба 

жұмыстарын 

орындайды. 

Тыңдап,айтып,оқып,аударып,жаза алады.Айтқанды түсінеді,сұрақтарға жауап береді.Естігенін 

қайталап  айтады.Жеңіл  ережелерді  жаттап  алады.Фонетиканы  толық  меңгереді. 

Грамматикалық, лексикалық тапсырмаларды игереді.Мәтінмен жұмыс жасайды. Екінші деңгей 

тапсырмалары түрленіп,күрделене түседі.Оқушылар бағдарламаға сай тақырыптарды меңгеру 

барысында жұмыстың барлық түрлерімен танысады.Оқушы өз бетімен ізденеді,жеке қабілетіне 

қарай  еңбек  етеді.  Оқушының  тапсырманы  орындау  көрсеткіштері  міндетті  деңгейден 

әлдеқайда  жоғары  болады.  Осындай  талаптарға  байланысты  оқушы  сөздерді  дұрыс 

құрастыру,сөйлемді  толықтыру,сұраққа  жауап,диалог  құру  сияқты  тапсырмаларды  еркін 

меңгере  бастайды.  Үшінші  деңгей  тапсырмалары  танымдық-іздену,алған  білімді 

жинақтау,бекітуге бағытталады. Ситуацияға байланысты әр түрлі нұсқада диалог құрады.Мәтін 

бойынша  сұрақ  қояды.Талдау,жинақтау,салыстыру  жұмыстары  жүргізіледі.Бірінші  сатыда  

оқушы мұғалім көмегімен бағдарлама бойынша  тиянақты білім алады,не оқыса соны қайталап 

айтып  береді,орындаушылық  қызмет  атқарады.Екінші  сатыда  осы  алған  білімін  тереңдетіп, 

түрлендіріп,өзгертілген тапсырмалар орындау арқылы оқушы өз бетімен еңбек етеді.Үшінші 

сатыда  танымдық-іздену  жолындағы  тапсырмалар  орындап,бала  өз  тұжырымын 

жасайды.Сонымен  педагогика  ілімінде  қолданылатын  деңгейлік  тапсырмалар  арқылы  оқыту 

дегеніміз-оқыту  үрдісінің  белгілі  түрі  және  сапалы  оқытуды  ұйымдастыру  түрлерінің 

жиынтығы,оқыту  жүйесі.Оқушылардың  сөйлеу  тілін  дамыту  үшін  жүргізілетін  деңгейлік 

тапсырмалар-бір  жағынан,оқушының  білімін  дамытушы,ал  екінші  жағынан,  әдістемелік 

міндеттерді жүзеге асырушы. 

ҚОСЫМША 


4-сыныпқа арналған тапсырмалар 

1-деңгейлік тапсырма 

Сөздердің жуан жіңішкелігіне қарай бөліп,көптік жалғауын жалғаңдар. 

Бала,мұғалім,оқушы,адам,көзілдірік,қоржын,кебеже,кеме,қаз,үйрек,қой,ешкі,сиыр, 

шаңырақ,сырға,көпір,етік,тас,өзен,көл,ағаш,үй,тал. 

2- деңгейлік тапсырма 

Көп  нүктенің  орнына  көрсетілген  қосымшалардың  тиістісін  қойып,олардың  түрліше 

жалғау себебін түсіндір (-дан,-ден,-нан,-нен,-тан,-тен) 

ата...үйрен,ағам...сұра,гүл...жаса,төсек...тұрды. 

3- деңгейлік тапсырма 

«Менің әжем»,«Менің анам», «Менің әкем», «Менің ағам» деген тақырыптардың біріне 

шығарма жаз. 

1-деңгейлік тапсырма 

Берілген сөздерді буынға бөліп жаз,қандай буын екенін анықта (ашық,тұйық,бітеу) 



82 

 

Алатау,ақын,жұрт,жапырақ,алмас,құмырсқа,ерте,сен 



2-деңгейлік тапсырма 

Кестені толтыр 

Берілген сөздерді қалай тасымалдауға болатынын дефиспен көрсет. 

Әже,ата,мұғалім,дәрігер,мектеп,оқушы,дәптер,кітапхана,балмұздақ, 

қант, әңгіме, бозторғай. 

3-деңгейлік тапсырма 

Дауыссыз дыбыстан басталатын екі мақал жаз,мәнін аш. 

1-деңгейлік тапсырма 

Дауысты дыбыстан басталған сөздерді теріп жаз. 

Отан,ел,халық,жел,дала,жауын,үй,сөз,таң,ірімшік,өрік,әріп,қызыл,ыдыс 

2-деңгейлік тапсырма 

Мектеп,оқушы,қыз,жақсы,сүйкімді,бала,үлгілі,үлкен,көк, нан,жалау,тәтті. 

3-деңгейлік тапсырма 

Сөздерді сөз таптарына ажыратып,тиісті бағанға жаз. 

Екі,үш,төрт,бес,жиырма,дәптер,домбыра,отыр,тұр,жүр,бар,күл,гүл,ақ, 

жасыл, сұлу,ән,кіші,ащы,өзен. 

Зат есім.Сан есім. Сын есім.Етістік. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер 



 

1.Беспалько В.П, Слагаемые педагогической технологии.М,Педагогика.1989-190б. 

2.Жолымбетов К.Қазақ тілін оқыту методикасы.А.Қазақ университеті,1991.20б. 

3.Жұмабаев М.Педагогика Алматы,Рауан,1993,154б. 

4.Қайырбеков А.Қазақ тілі.1-сынып,Алматы, «Атамұра»,2011ж. 

5. Қайырбеков А.Қазақ тілі.2-сынып,Алматы, «Атамұра»,2011ж 

6. Қайырбеков А.Қазақ тілі.3-сынып,Алматы, «Атамұра»,2011ж 

7. Қайырбеков А.Қазақ тілі.4-сынып,Алматы, «Атамұра»,2011ж 

8. Маманов Ы.Орыс мектептеріндегі қазақ тілін оқыту.А,1997.71б. 

9.Оралбаева  Н.,ЖақсылықоваК.Орыс  тіліндегі  мектептерде  қазақ  тілін  оқыту 

әдістемесі.Алматы.1998.56б. 

10.Савин Н.В.Педагогика,Алматы,мектеп,1983,336б. 

11.Сарыбаев Ш.Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері.А,1959. 

 

 



БІЛІМ   ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МӘСЕЛЕСІ 

 

Омарова А.К. Касымова Н.К. 



ҚМББ «Болашақ» колледжі 

 

   



Білім берудегі  жүйесіндегі педагогикалық технологиялар мәселесі  көмегімен жаңа білім 

беру парадигмасы іске асатын құрал ретінде қарастырылады. Білім беру технологияларының 

даму  тенденциялары  тұлғаның  өзін-өзі  тануына  және  өзін-өзі  дамуына  мүмкіндік  беретін 

гуманитарлық  білім  берумен  тікелей  байланысты.  "Білім  беру  технологиялары", 

"педагогикалық технология" терминімен қатар ''оқыту технологиялары” термині қолданылады. 

Оның  біріншісі  көлемді  болып  келеді.  Өйткені,  білім  беру  технологиясында  оқушының, 

үйренушінің тұлғалық сапасын дамыту және құрумен байланысты болатын тәрбиелік аспекті 

бар. 


“Оқыту технологиясы – белгіленген мақсатқа нәтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде 

оқытудың формасы, әдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген 



83 

 

оқытудың  мазмұны  жүзеге  асырылады”,  –  деп  С.Әбенбаев  айта  келіп,  оның  құрылымын 



төмендегідей етіп көрсетеді [1]: 

-оқытудың мақсаты; 

-білім берудің мазмұны

-педагогикалық  өзара  әрекеттестіктің  құралы  (оқыту  және  мотивация),  оқыту  процесін 

ұйымдастыру; 

-оқушы, оқытушы; 

-әрекеттің нәтижесі (сонымен бірге кәсіптік даярлықтың деңгейі). 

Сонымен қатар, С.Әбенбаев нақтылы педагогикалық процесті талдап жүзеге асыруды “... 

оқыту технологиясын жобалау процесі деп атауға болады” деп айта келіп, оның құрылымын 

төмендегідей анықтайды: 

-оқу жоспары және бағдарламасына сай оқытудың мазмұнын таңдау; 

-оқытушы  бағдарлай  алатын  оқытудың  басымды  мақсатын  таңдау,  яғни  жобалау 

барысында  білім  алушыларда  қандай  кәсіптік  және  тұлғалық  сапа  қалыптасады,  міне  соны 

анықтау; 

-мақсаттарға немесе басымды бір мақсатқа негізделіп оқыту технологиясын таңдау; 

-оқыту технологиясын талдап жасау. 

Педагогикалық  зерттеулердің  нәтижелеріне  сәйкес  білім  берудің  қазіргі  заманғы 

технологиясының  нұсқауы,  төмендегі  принциптердің  қатысуымен  жасалуы  тиістігі 

анықталуда: 

-дидактикалық жүйені көрсететін технологияның бүтіндік принципі; 

-қойылған  мақсатқа  жету  үшін  нақты  педагогикалық  ортада  технологияларды  қайта 

өндіру принципі; 

-сәйкес  келетін  педагогикалық  жүйелердің  өзін-өзі  дайындау  механизміне  әсер  ететін 

факторлардың приоритеті және педагогикалық құрылымдарының сызықтық емес принципі; 

-оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына және оның танымдық қабілеттілігіне оқыту 

процесінің бейімделу принципі; 

-біріктірілген  білімдерді  құру  үшін  оптимальді  жағдай  жасайтын  оқу  ақпараттарының 

потенциалды көп болу (артық болу) принципі. 

Педагогикалық технологияның міндеттері: 

-әр  түрлі  қызмет  саласындағы  іскерлік  пен  дағдылардың  шыңдау,  білімнің  тереңдігін, 

беріктігін арттыру; 

-мінез – құлықтағы әлеуметтік құнды әдеттер мен формаларды нығайту және арттыру; 

-технологиялық құрал-саймандармен жұмыс істеуге үйрету; 

-технологиялық ойлау дағдыларын дамыту; 

-оқу міндеттері мен қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруда технологиялық тәртіпке сай 

нақты әдеттерді тәрбиелеу. 

Педагогикалық 

технология 

әр 

түрлі 


жағдайлардағы 

нақты 


өзара 

іс-


қимылдарды, жүйеленген, бағдарланған, оқыту  және тәрбиелеу  стандарттарына сай тәсілдер 

негізінде компьютер мен техникалық құралдар қолдану арқылы да ұйымдастырылады. Бүгінгі 

таңда  білім  беру  жүйесінің  құрылымдарында  оқытудың  айқындалған  көптеген 

технологияларын  пайдаланып  жатқандығы  белгілі.  Болашақ  маманға  тәжірибе  беруде 

ақпаратпен жұмыс істеу әдістеріне, жаңа білімдерді құру әдістеріне, ең маңыздысы - әлемнің 

дамуы  туралы  білімдердің  қажетті  деңгейін  қалыптастыратын  әдістерге  үйрету.  Сондықтан 

әрбір оқытушыға және оқушыға "оқыту" мен "үйрену" процестерін игеру үшін 3 тілді меңгеруі 

қажет: ана тілін, ғылым тілін және технология тілін. Сонымен технология көмегімен білімдерді, 

іскерлікті, дағдыларды игеру процесінде тұлғалық қасиеттің дамуында нәтижелі шешімге жету 

мүмкіндігі  қамтамасыз  етіледі.  "Педагогикалық  технология"  оның  ішінде  "оқыту 

технологиясы"  ұғымын  анықтауда,  басым  көпшілік  мамандар  оларды  үш  маңызды 

жағдайлармен біріктіреді: 

-  іс-әрекетінің  жиынтығы  түріндегі  қажет  ететін  үлгіні  дәл  анықтау  негізінде  оқытуды 

жоспарлау; 



84 

 

- оқытуды талап ететін әрекетті қалыптастыруды іріктеген  қатаң тізбекті әрекеті түріндегі 



оқытудың барлық процесін "бағдарламалау". 

-  алғашқы  белгіленген  эталонмен  оқытудың  нәтижесін  салыстыру.    М.Чошанов  оқыту 

технологиясы  негізінен  педагогикалық  процестегі  «Қалай  нәтижелі  етіп  оқыту  керек?» 

мәселесін  шешуге  бағытталатынын  айтады.  Оқыту  технологиясы  жөніндегі  ой-пікірлерді 

саралай келе, біздер оны: біріншіден, оқытудың мақсатқа сәйкес нәтижесіне қол жеткізудегі 

нақты  қадамдарды  және  олардың  үйлесімділігін  зерделейтін  ғылым  саласы;  екіншіден, 

оқытудың нақты жағдайда нәтижелі жүзеге асырылуын белгілейтін жобалау немесе модельдеу; 

нақты оқыту процесін нәтижелі етіп оқытудағы процес деп білеміз. 

Б.Қуанбаева  өзінің  зерттеуінде  әдістемелік  жүйені  технологиялық  негізде  жетілдіруді 

төмендегідей дидактикалық талаптарының орындалу негізін белгілейді: 

а) оқытудың мақсаты диагностикалық операционалды анықтаулы тиіс, яғни иерархиялық 

тізбек түрінде берілген мақсаттар таксономиясы құрылуы қажет

ә) білім мазмұны мақсаттар таксономиясына сәйкес анықталып, оны анықтау принциптері 

ізгілендіру тұрғысында қайта қаралуы қажет; 

б) оқытудың белсенді әдістерін басым түрде түрде пайдаланып, оқыту әдістерінің басты 

аспектілерін ескерілген үш деңгейлі моделі құрылып, кеңінен пайдалануы қажет

в)  оқытудың  формасы  оқушының  жеке  даму  траекториясын,  сондай-ақ  педагогикалық 

жағдаяттарға  сәйкес  жеке,  жұптық  және  топтық  формалардың  тиімді  үйлесуін  қамтамасыз 

ететіндей түрде жетілдіруі тиіс; 

г) оқыту құралдарын жетілдіру компьютерлік техника мен ақпараттық технологияларды 

олардың дидактикалық мүмкіндіктері нақты анықталып, дәстүрлі құралдармен үйлесімді бірге 

пайдалануға бағытталуы қажет [2]. 

Жалпы  "Педагогикалық  технология"  түсінігі  қаншалықты  қолданыста  болғанымен,  ол 

жөніндегі түсінік ұғыныңқы болмаған. Білім берудің қазіргі кездегі практикасында бұл ұғым 

стандартты  емес  ғылыми  көріністерде  ереже  ретінде  қолданылып,  педагог  жұмыстарының 

өндірілген әдіс-тәсілдерін, құралдарын білдіреді. В.П.Беспалько технологияны түсіну үшін ең 

алдымен  педагогикалық  іс-әрекеттің  өндірушілік  белгісіне  көңіл  аудару  қажеттігіне  зейін 

аударады, әлеуметтік тұрғыдан бұл белгі, технологияның басқа белгілерінен оның жалпылық 

сипатымен байланыстылығын сипаттайды. Қазіргі білім беру технологияларын Г.К. Селевко 

технологияның классификациялық параметрлері тұрғысынан: қолдану деңгейі, негізгі дамыту 

факторы, меңгеру тұжырымы, жеке тұлғаның құрылымына бағдарлау, мазмұн сипаты, басқару 

типі, ұйымдастыру формалары, балаға ықпал ету тәсілдері, әдістердің басымдылығы, жетілдіру 



жүктеу 10.2 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   92




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет