«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер» атты



жүктеу 10.2 Mb.
Pdf просмотр
бет12/92
Дата09.02.2017
өлшемі10.2 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   92

сұрақтарын беріп, нәтижесін тексеріп, бағалау қажет. 

Қазіргі кезде компьютерлік технологиялар шет тілін үйренушіге көптеген мүмкіндіктер 

береді. Олар: ана тілі болып саналатын шет ел адамдарының тілдерін тыңдауға, олармен қарым-

қатынасқа  түсуге,  керекті  мәтіндермен  жұмыс  істеуге  қол  жеткізеді.  Интернет  арқылы 

оқушылар тілдік қарым-қатынасқа түсе алады. Сол сияқты, тілдік қорын дамыта алады. Осыдан 

жазу іскерлігімен дағдысын жоғары деңгейде қалыптастыра алады. Ақпараттық жүйе ретінде, 

компьютер өз қолданушыларын жан-жақты ақпараттармен қамтамасыз етеді. Оған: электронды 

пошта (e-mail), телеконференция (usenet), бейне-конференция, анықтама каталогтары, жүйеде 

сөйлесу (Chat). 

Компьютерлік  оқыту  бағдарламаларының  қай  қайсы  болмасын  өз  мазмұнынан 

грамматикалық жұмыс жүргізуді тыс қалдырмайды, белгілі бір грамматикалық құрылымның 

жұмыстарын қамтиды. 

Сонымен  қатар  оқушылар  интелектуалдық,  шығармашылық  және  коммуникативтік 

істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезендерінің бәрінде 

оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады»[4]. 

Шет  тілі  оқытушысы  оқушылардың  мотивациясын  арттыру  үшін  тиімді  де,  уақытты 

үнемдейтін әдіс тәсілдерді пайдалануы қажет.  

Ғалым-әдіскер Н.Д.Гальскованың айтуынша ағылшын тілі сабағында қолданылатын әдіс-

тәсілдер төмендегідей талаптарға сай болуы тиіс: 

• оқушы  қызығушылығын  арттыру  үшін  тілді  қарым-қатынас  әрекетіне  қолдану 

қажеттілігін тудыратын қолайлы атмосфера жасау; 

• оқушы тұлғасын толығымен оқу процесіне тарту; 

• оқушының тілдік, когнитивті, шығармашылық қасиеттерін ояту, ынталандыру; 

• оқушының оқу процесінің басты тұлғасы ретінде белсенділігін арттыру

• сабақта  алуан  түрлі  жұмыс  түрлерін,  яғни  жеке,  жұп,  топ,  ұжым  жұмыстарын 

ұйымдастыру; 

• сабақта  түрлі  көрнекіліктерді,  оның  ішінде  техникалық  (үнтаспа,  компьтер, 

бейнефильмдер),  техникалық  емес  құралдарды  (суреттер,  апликация,  альбомдар,  сызбалар, 

кестелер, кроссвордтар) кең қолдану; 

• әсіресе ойындар мен ойын элементтерін жиі қолдану; 

• сабақта жаңа педагогикалық технологияларды (жоба әдісін) пайдалану [2]. 

Қорыта айтқанда, шетел тілін бастауыш сыныптан бастап оқыту тиімді, себебі балалар 

бұл  жаста  мәліметтерді  тез  қабылдайды  және  есте  тез  сақтайды.    Қазіргі  таңда  әрбір 

Қазақстандықтар үшін  ағылшын тілін білуі өте маңызды. Себебі қазіргі заман ашықтық пен 

жан-жақтылықты  талап  етеді,  сондықтан  өмірден  өз  жолын  табуға,  беделді  кәсіпті  игеруге, 

өзіне жарқын болашақ сыйлауға тырысқан адамдар үшін шет тілдерін білу қажеттілігі туындап 

отыр. Сондықтан біз де өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен кенже қалмау үшін көп 



66 

 

тілді  меңгеруіміз  қажет.  Бұл  заман  талабынан  туындап  отырған  қажеттілік.  Себебі,  бірнеше 



тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз. 

 

Әдебиеттер тізімі: 



 

1. «Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауы», «Егемен Қазақстан» газеті, 7 ақпан, 2008жыл, 

2бет 

2.http://bilimtime.kz/shyarmashyly/2053-shet-tln-oytuda-oyyn-trlern-yymdastyrudy-



dstemes.html 

3. «Қазақстан мектебі» №8, 2012ж (4-5 бет) 

4. Қазіргі білім үдерісіндегі инновациялық әдістер: Республикалық ғылыми-практикалық 

конференциясының материалдары:-Қарағанды, 2013.-Б.426-428 

 

 

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТИІМДІ 



ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛА ОТЫРЫП, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН, 

ІЗДЕНІМПАЗДЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР 

 

Жанай А. 



ЖББОМ №85 

 

 



Елбасы  Н.  Ә.  Назарбаев  «Еліміздің    ертеңі  –  бүгінгі  жас  ұрпақтың  қолында,  ал  жас 

ұрпақтың  тағдыры – ұстаздың  қолында» - деп  құрметпен  сенім білдірген еді. Осы жолда білім 

беріп жүрген     ұстаздардың атқарар ісі аумақты. Сондықтан алға қойылатын мақсат  – оқу-

тәрбие  үрдісін  ұйымдастырудың  сан  түрлі  жаңа  әдіс-тәсілдерін    іздестіру,  оқушыларда  

коммуникативті  дағдыны   қалыптастыру 

Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу сапасын жақсарту мұғалімдерге жүктелген. Мұның өзі 

оқытудың  тиімді  әдістерін  іздестіруді,  сабақ  сапасын  жаңа  деңгейге  көтеруді  талап  етеді. 

Қазіргі кезде жалпы білім беретін орта мектептердің алдында үлкен міндеттер тұр. Ол заман 

талабына сай, рухани дүниеге бай жас жеткіншектерді тәрбиелеп шығару.  

Бала  өмірінде  бастауыш  сынып  мұғалімінің  алатын  орны зор. 

Мектеп  табалдырығын  жаңа  аттаған  жас  ұланға  білім  беретін,  оның  ой  –  қиялын 

дамытатын,  рухани    дүниесін    нұрландыратын    бастауыш    сынып    мұғалімі.  Кішкентай 

шәкірттер өзінің «Ана мектебінен» яғни отбасы мектебінен алғанын енді мектепте өзінің ұстазы 

арқылы әрі қарай дамытады. 

Заман талабына сай оқу үрдісін ұйымдастыруда оқушыны өнімді әрекетке бауылу арқылы 

өз  мүмкіндігін    сезінуге,  ашуға,  өз  бетінен    білімін  толықтыруға  үйрету,  аса  қабілетті 

балалардың  танымдық мүмкіндіктеріне сай сұранысын қанағаттандыру аса маңызды. Осыған 

байланысты  баланы  зерттеу    әрекеттіне  дайындау,  оның  зерттеушілік    ізденіс    білігі  мен 

дағдыларын  қалыптастыру    қазіргі  заманға    білім  беру    ісінің    маңызды  міндеті  болып 

есептеледі.  Қазіргі таңда еліміздің барлық мектептерінде білімнің жаңа жүйесі енгізіліп жатыр. 

Мұндағы  негізгі  мақсат-жаһандану    заманында  білімнің  бүкіләлемдік  кеңістігіне  енуі. 

Сондықтан  жаңашылдық,  яғни  инновациялық  жүйе  негізінде  оқушылардың    белсенділігін  

арттыру, өзіне сенімділігін қалыптастыру, танымдық-шығармашылық қабілетін дамыту, яғни 

шығармашылық тұрғыдан  ойлай білетін дара тұлғаға терең білім беру. Болашақтың бүгінгіден 

де нұрлы болуына ықпал етіп,адамзат қоғамын алға апаратын  күш  тек білімде ғана. Қай елдің 

болмасын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның  ұлттық білім жүйесінің 

деңгейіне  ,даму  бағытына  байланысты.      Балаларға    ғылым    негізін  үйретіп,адамгершілікке 

тәрбиелейтін  мектеп  ішіндегі  негізгі  тұлға-мұғалім.    Өйткені  ол  мектеп  есігін  ашқан 

жеткіншекті мәдениетті, идеялы,қажырлы және табанды етіп қалыптастырады.  Мұғалім сынып 


67 

 

оқушыларының  толық  үлгерімі  жолында  күш-жігерін  салып  еңбек  еткенде  ғана  ,бұл 



міндеттерді орындай алады.  

Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз  көтеріп  отырғанда  ғана  мұғалім, ал оқуды, ізденуді 

тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де    жойылады.   

К.Д.Ушинский. 

Орыс  педагогі  К.Д.Ушинский      айтқандай,  қазіргі  заман  талабына  сай,  әр  мұғалім,  өз 

білімін    жетілдіріп,  ескі  бір  сарынды  сабақтардан  гөрі,  жаңа  талапқа  сай  инновациялық  

технологияларды өз сабақтарында   күнделікті пайдаланса, сабақтары  тартымды  да,  мәнді, 

қонымды,  тиімді  болары  сөзсіз.  Қазіргі  даму  кезеңі  білім  беру  жүйесінің  алдында  оқыту 

үрдісінің  технологияландыру  мәселесін  қойып  отыр.  Оқытудың  әртүрлі  технологиялары 

сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. 

Қазіргі мұғалім: 

-Педагогикалық  үрдісте  жүйелі  жұмыс  жүргізе  алатын 

-Педагогикалық өзгерістерге  те   төселетін 

-Жаңаша ойлау жүйесін меңгере   алатын 

-Оқушылармен   ортақ  тіл  табыса  алатын 

-Білімді, іскер, шебер болу керек 

Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан 

–жақты  дамыту.  Инновациялық  білімді  дамыту,  өзгеріс  енгізу,  жаңа  педагогикалық  идеялар 

мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі 

оқушы – өздігінен  білім іздейтін жеке тұрға екендігіне ерекше мән беруіміз керек  Инклюзивті 

оқыту  –  ерекше  мұқтаждықтары  бар  балалардың  жалпы  білім  беретін  мектептердегі    оқыту 

үрдісін  сипаттауда  қолданылады.  Инклюзивті  оқыту  негізінде  балалардың      қандай  да  бір 

дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік  қатынасты қамтамасыз ету, 

сонымен  бірге  оқытудың  ерекше  қажеттілігі бар    балаларға  арнайы      жағдай    қалыптастыру 

идеологиясы    жатыр.  Мектептің  бастауыш  сатысындағы  оқу  пәндері  бойынша  оқу-тәрбие 

сапасын  мониторингілеу  –оқушылар  білімін  оқу  пәндері  бойынша  мемлекеттік  міндетті 

стандарт  пен  оқу  бағдарламасына  сәйкестігін  тексеру,  олардың  білімді  меңгерудегі 

кемшіліктерін анықтау, оны жетілдіру мақсатында жүргізілетін бақылау.Могитторингтің басты 

ерекшеліетері  оқушының белгілі бір тақырыпты төмендеу меңгергенін, төмендеу баға алғанын 

байқап,  білімдегі  олқылықты  жою  мақсаттында  тапсырмалар  жүйесін  ұсынамыз;  шәкірт  өз 

кемшілігін байқайды, өз құрбыларынан қалмау  үшін не істеу керегін аңғарады; 

Өз зейінін тәрбиелейді; 

Білім жүйелігі мен тізбекті байқайды; 

Ойланып оқуға дағдыланады; 

Оқушының білімін  арттыруына жағдай туады. 

Бақылау жұмыстар талданады,                       

Баға беріледі, бір жүйеге келтіріледі.               

Бұл  технология бойынша оқушы өзінің түсіну қабілетіне байланысты берілген ақпаратқа 

сыни  түрде  қарап,  ой  елегінен  өткізеді.  Шешім  қабылдауға,өз  пікірін  анық  айтуға, 

тұжырымдама  жасауға,болжауға  тәрбиеленеді.  Әдебиеттік  оқі,  қазақ  тілі  пәндерін  оқытуда 

технологияның жағымды жақтары өте көп. 

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының 

Мақсаты: 

Барлық    жастағы    оқушыларды  кез-келген  мазмұнға  сын  тұрғысынан  қарауды  сабақта 

және сабақтан тыс уақытта үйрету. 

Міндеттері: 

-Жоспарлауға дайын болуы ; 

-Бейімделгіштігі (басқалардың идеяларын қабылдай білуі); 

-Қайсарлығы (қиын тапсырмаларды кейінге қалдырмауы); 

-Жете түсінуі (өзінің және басқа адамдардың пікірін қадағалау); 

-Коммуникативтілігі. 


68 

 

Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауды дамыту шарттары: 



-Сын тұрғысынан ойлауды тәжірибе жинауға уақыт және мүмкіндік беру; 

-Оқушылардың ойлауына жағдай туғызу; 

-Оқыту үрдісінде оқушының белсенділігін қолдау. 

-Оқушының өз пікірін білдіруге жетелеу және оның пікірін бағалау. 

Өзектілігі: 

Әдебиттік оқу,қазақ тілі,математика пәндерінде осы технология мынадай жетістіктерге 

әкеледі: 

-Оқушылардың  дұрыс  оқуын,  сауатты  жазуын  қалыптастырып  сыни  ойлау,  талдау, 

дәлелдеу, салыстыру мен түйін шығара білуге бағыттайды 

-Оқушының сабақтағы белсенділігін ояту жолдарын көрсеттеді 

Оқушыларда сабаққа қозғаушы күш пайда болады. 

3-сыныптың  әдебиеттік  оқуында  уақытты  көп  қажет  ететін  мәтіндерді  түсіндіруде  

ДЖИКСО  текнологиясын пайдалануға болады.Сыныпты 4 топқа  бөліп, мәтінің әр бөлімін  әр 

топқа  беріп  өзара талқылатып, соңынан әр топтың  ішінен спикерлер  шығып, өз бөлімдері 

жайлы  әңгімелейді.  Мұнда  уақыт  үнемді  пайдаланылып,басқа  да  жұмыс  түрлерін  жүргізуге 

көмегін  тигізеді,әрі  мәтіннің  мазмұнын    толық  ұғындыруға  және  оқушылардың  тілі,сөздік 

қорын дамытуға тиімді. 

«Бес жолды өлең жазу» тәсілі. Бұл әрбір ой толғау кезеңінде қолданылады. Әдебиеттік 

оқу  мен  қазақ  тілі  сабақтарын  байланыстыра  отырып,  «Туған  елім,  «Туған  жерім» 

тақырыптарына оқушылардың шығармашылық,ізденіс барысында бес жолды өлең жазу әр топ 

өз жұмыстарын қорғау шаралары өткізіледі. 

«Венн  диаграммасы»  екі  затты  алып,  олардың  ерекшеліктері  мен  ұқсастықтарын 

салыстыру.  Оқушылар  арнайы  тақырыптарға  суреттер  салып,  көрме  ұйымдастырады 

О.Бодықов «Ақ құс туралы аңыз», Ж.Жұмаханов  «Ер еңбекте сыналады» атты шығармаларына 

оқушылар мультфильмдер құрастырып,оны қорғайды. 

«Эссе  жазу»-жаңа  тақырыпты  өткеннен  кейінгі  алған  әсерлерін,  ой  түйіндерін    жазып, 

ортаға салады. Бастауыш сыныпта оқыған озат, ынталы оқушылардың қатары жыл сайын кеми 

беретіні бәрімізге белгілі. Тек айтқаны «орындаушы» болмауға үйренуге, өз бетімен ойлауға , 

өз  деңгейінде    білімді  меңгеруге  бағытталмаған,  тасада  қалатын  оқушыда  өзіне  деген  

құштарлығы  артады .Бүгінгі айтылып отырған дамыта оқыту мен сыни ойлау жобаларының 

философиясы-баланы  өз  бетінше  ізденуге,  шешім  қабылдауға  дағдыландыру,  даралық 

ерекшеліктерін ескерту, әріқарай  жетілдіру  болып табылады. Дамыта оқыту принциптеріне 

лайық сыни ойлау стратегиясы: 

Бірлескен топтың жұмыстары, жұптасу, джигсо,топта талқылау,еркін жазу. 

Бала  дамуындағы  оқыту  рөлін  көрнекті  психолог  А.В.Выготский  екі  аймақ  бойынша 

анықтап көрсеткен: 

Б.Д. Жақын аймағы. 

Д.Д. қол жеткен аймағы. 

Сабақтың  дамыта  оқыту  мен  сыни  ойлауға  негізделуі  басты  шарт  болған  жағдайда 

сабақтың жоспары мына үлгіде көрметіледі. 

Жеке тұлғаға бағдарланған әрекет: 

Ұйымдастыру. 

Қызығушылықты  ояту. 

Бағдар беру. 

Үлгіні  көрсету. 

Мәселе  қою. 

Ой  бөлісу. 

Пікірлер  шкаласы. 

Бақылау,бағалау. 

Соңғы нәтиже. 

Осы оқыту түрлерін жүзеге асыруда қойылатын талаптар: 


69 

 

Нашар оқитын оқушыны шамасы келгенше қабілеті жететін жерге дейін көтеру,әркімнің 



даму зонасын кеңейту; бала өз ойын қорықпай сеніммен айта алатындай,дәлелдей алатындай 

орта туғызу; 

Табиғи  ынтасын,  ықыласын  жойып  алмай,  үнемі  оның  алға  жылжуға  сұранысын, 

шығармашылығын  жетілдіру;  өз  бетінше  іздену,  көргенін,  үйренгенін  ой  қорыту  арқылы 

меңгеруге  жағдай  туғызу;  баға  қою  соңғы  нәтиже  үшін  емес,  кешегі  білім  деңгейімен 

салыстыру негізінде қойылатын есте ұстау. " Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап 

білек сыбанамыз" демекші, бүгінгі бала – ертеңгі азамат. Сондықтан қазіргі мектептің басты 

мақсаты – баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің ашылуына қолайлы жағдай жасау. 

 Білім  беру  мазмұнын  жаңарту,  үздіксіз  білім  беру  жүйесін  дамыту  -  бүгінгі  күннің 

талабы. 


 Бүгінгі оқыту жүйесінде жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп,оң  нәтижелер 

беруде.  Бастауыш  сыныптардың  жетілдірілген  бағдарламасы  әр  ұстаздан  оқу  мен  тәрбие 

бірлігін қамтамасыз ету арқылы  

Оқушылардың икемділігін , дағдыларын қалыптастыруды, бірлесе ойлау әрекетін игеруге 

жеткізетін дамыта оқытудың әдіс-амалдарын меңгеруді, пәнаралық байланысты іске асыруды, 

оқыту  ісін  оптималдандыру  идеяларын  практикаға  енгізуді  талап  етеді.Соған  сай,  сабақта 

оқушыларды  терең  де  тиянақты  білімдермен  қаруландырып,  шығармашылық  қабілетін 

қалыптастырып дамытуға жетелеуіміз керек.Бұл мұғалімдер алдына білімділік және тәрбиелік 

міндеттен басқа оқушыларды оқу еңбегіне қызықтыру, олардың өз білімін дербес толықтыру 

дағдыларын дамыту мақсатын қояды. 

В.  А.  Сухомлинский:  "Сабақ  жасөспірімдердің  интелектуалды  өмірінде  құр  ғана  сабақ 

болып қоймас үшін, ол қызықты болуы керек. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер 

үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесімен сақтаушысына, 

кітап-мәдениеттің  баға  жетпес  қазынасына  айналады"-деп  айтқан  екен.  Міне,  осыған  сай 

бастауыш  сыныпта  оқу  әрекеті  қалыптасуының  қуатты  жүретіні,  оның  мазмұны  оқу 

тапсырмалары түрінде берілетіндігі, оқу тапсырмаларын өздігімен шешіп орындайтын ортақ 

тәсілдеріне  үйрету,  бір  пәннен  алған  білім,  білік,  дағдыны  екінші  пәнді  оқытуға  тірек  ету, 

байқалған  кемшіліктерді  түзетуді  оқушылардың  өздері  орындайтындығы,  әрбір  орындалған 

тапсырманың  мақсатын  анықтауы,  т.б.  мәселелер  қамтылады.  Оны  іс  жүзіне  асыру  жүйелі 

жұмысты қажет етеді.   

Ұстаз! Осы сөзде қаншама құдіретті, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім 

жоқ. Ендеше осы қасиетті сөздің иесі болу – бақыт. 

Ы. Алтынсарин атамыз: "...жақсы мұғалім – мектептің жүрегі", - деген еді. Жүрексіз өмір 

болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің де іске аспайтыны белгілі.Әр ұстаз шығармашылықпен 

еңбек  ету  керек.  Іздену,  жаңалыққа  ұмтылу  –  бүгінгі  күннің  талабы.  Қайта  құру  өзімізден, 

өзіміздің  іс-тәжірибемізді молайтудан басталады. Ұстаз оқу мен тәрбие жұмысын ұштастыра, 

байланыстыра жүргізу қажет. Оқу-тәрбие жұмысы ұстаздардан   білімділікті, шеберлікті талап 

етеді.  Білімді  ұстаз  ғана  өз  оқушысының  алдында  беделге  ие  болады.  Мұғалім  өз 

оқушыларының пікірімен   санасып, бірімен-бірі өзара достық   қарым-қатынаста болса, оқу-

тәрбие  жұмысының  да  алға  басатыны  даусыз.    Қазір  мұғалімдердің  сабақ  берумен  ғана 

шектелмей, білім және тәрбие жұмысын бірге жүзеге асыру талап етіледі. Мұғалімнің сабағы 

өмірмен байланысты әрі білімдік, әрі тәрбиелік мақсатқа сай болу керек. 

Сонымен қатар оқушы да өзін-өзі басқару дәрежесінде болуы керек. Ұстаз берген білімді, 

тәрбиені  дұрыс  қабылдау,  көркем  әдеби  кітаптарды  көп  оқу,  пәндік  үйірме  жұмыстарына, 

әдеби-драмалық, көркемөнерпаздар үйірмесіне белсене қатысу-оқушы білімі мен тәрбиесінің 

жоғары болуына елеулі әсер етеді. Қорытындылай айтарым, жарқын,бақытты өмір сүру үшін 

жастарымыз  білімді,  саналы  азаматтар  болып  қалыптасуы  керек.  Бұл-ұстаздарға,  барлық 

жұртшылыққа  жүктелетін  ауыр  да  абыройлы  іс.  Еліміздің  білімді,  саналы  азаматтарын 

тәрбиелеп шығарудан артық ұстаз үшін бақыт болмаса керек.Уақыт талабы, кезеңі де осыны 

талап етеді. 

 


70 

 

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ  ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  



ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ. 

 

Манасова Н.О. 



Қарақаралы ауданы Бесоба ауылы №8 орта мектебі 

 

 



Оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру мәселесінің өзектілігінің артуы 

мектептегі оқу-тәрбие процесіне жаңаша тұрғыда қарап, оны оқушының білім, білік, дағдыны 

меңгеру  ғана  емес,  танымдық-шығармашылық  іс-әрекет  және  интеллектуалдық, 

шығармашылық процесс ретінде қарастыруды міндеттейді 

Өйткені,  қазіргі  кезеңдегі  қоғамның  жедел  дамуы  ғылым  мен  техниканың  дамуымен 

байланысты болса, ал болашақта ғылым мен техниканы, өндірісті дамытатын бүгінгі мектеп 

оқушылары. Сондықтан мектеп оқушыларынан үлкен жауапкершілік пен білімдарлықты қажет 

етеді. 


Педагогикалық  процесс  мұғалім  мен  оқушылардың  ынтымақтастық  қарым-қатынас 

негізінде  әр  жеке  тұлғаның  шығармашылық  қабілеттері  мен  дара  мүмкіндіктерін  есепке  ала 

отырып ұйымдастырылуы тиіс. 

Сондықтан  қазіргі  заман  мектептерінің  басты  міндеттерінің  бірі  –  оқу-тәрбие 

жұмыстарын бірегей жүзеге асыру үрдісінде оқушылардың интеллектуалдық – шығармашылық 

әлеуетін  дамыта  отырып,  әлемдік  өркениет  пен  ұлттық  мәдениеттің  үздік  үлгілері  арқылы 

шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру. 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің жеке адамды 

дамытуға  және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған  ролі  атап  көрсетілсе,  осы  заңның  41-бабында: 

«педагог  қызметкерлер  оқушылардың  мемлекеттік  білім  беру  стандартында  көздеген 

деңгейден  төмен  емес  білім,  білік,  дағды  алуын  қамтамасыз  етуге,  жеке  шығармашылық 

қабілеттерінің көрінісін, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті», - делінген. 

Жеке 

тұлға 


қабілеттілігі 

сипаты 


көптеген 

психологиялық 

зерттеулердің 

тақырыбы    болып    табылады.    Оның    қалыптасу    жолдарын    Б.  Г.  Ананьев,  Л.И.Божович, 

Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, А.В.Петровский, Д.БЭльконин т.б. зерделеген. Психологтардың 

түрліше  еңбектерінде  тұлғалық  ерекшеліктердің  басқаша  психологиялық  таңғажайыптардың 

дамуына айтарлықтай ықпалын тигізетіні туралы мәселелер айтылады. 

Шығармашылық  танымдық  іс-әрекет  нәтижесі  болып  табылады.  Танымдық  іс-әрекетті 

ұйымдастыру мәселесі бойынша зерттеу жұмыстарын ғалымдар А.Әбілхасымова, Р.Омарова, 

С.Смаилов, Ж.Қараев,С.Бегалиева, М.Құдайқұлов,  Т.Сабыров т.б. жүргізгені белгілі. 

Бастауыш  мектеп  оқушыларының  оқу  іс-әрекеті  мен  оқудан  тыс  уақытындағы  іс-

әрекетінде шығармашылық қабілетін дамыту - өскелең буынға тәлім-тәрбие берудегі күрделі 

психологиялық  әрекет  болып  табылады.  Шығармашылық  қабілеттің  дамуы  оқушылардың 

интеллектісін  дамытумен  байланысты  екендігін  негізге  ала  отырып,  оқу  үрдісін  тиімді 

ұйымдастырудың, іс-әрекеттің субъектісінің шығармашылық сапалық ерекшеліктерінің, сабақ 

кезінде және сабақтан тыс кездерінде диагностикалық және шығармашылық тапсырмаларды 

ұтымды қолданудың мәні зор. 

Жапонияда оқыту мен тәрбиелеу негізгілерінің бірі ретінде баланың идеяларын қолдау 

арқылы оның барлық кезде міндетті түрде өзімен-өзін салыстырып отыру қажет дейді. Оларда: 

“Маржанға қара, ол тапсырманы қалай шешеді, немесе ол қалай жақсы оқиды” – деп айтпайды, 

“Кешегіге қарағанда бүгін сен тапсырманы жақсы орындадың”, “сенің қабілетің жетеді” т.б. 

осындай мақтауларды  пайдаланады. Бұл оқушының ішкі  танымдық іс-әрекеттерімен сыртқы 

даулы жағдайларды шешуге көмектесетін оқу-тәрбие принципі. Оқыту процесінде өзіне мақсат 

қойып, оны орындауға тырысады. 

Барлық  балалар  үшін  шығармашылық  оқытудың  тиімділігін  айтпай  кетуге  болмайды. 

Мұны  балалар  үшін  шығармашылық  қабілетті  дамыту  мәселесі  белсенді  болып  саналған, 

оқытудың қазіргі заманғы мәселелерін талдау кезінде анықтаған болатынбыз. Үйренудің осы 


71 

 

алғашқы  формасы  –  шығармашылық  оқытудың  формасы  болып  табыладыБастауыш    сынып 



мұғалімдерінің  мақсаты-бастауыш  мектептің  педагогикалық  үрдісіндегі  инновациялық 

технологиялардың тиімділігін арттыру. 

Міндеттері: 

әр сабақта оқытудың интерактивті әдістерін қолдану

әр оқушының психологиялық,физиологиялық,жеке –дара ерекшеліктерін ескеру; 

міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу 

Бірінші сыныптан бастап, математика, әдебиеттік оқу, қазақ тілі, дүниетану пәндерінен 

оқушыларға  деңгейлеп  тапсырмалар  беріп  қалыптастырдым.  Ж.  Қараевтың  «Деңгейлеп  –

саралап оқыту» технологиясын таңдадым. 

Бұл технологияларды сабақта қолданудың тиімділігі: 

Оқушы өз бетінше жұмыс жасайды; 

Әр оқушының жеке- дара қабілеттері айқындалады; 

Оқушылар  өз  деңгейінде 

нақты бағаланады

Сабаққа  қызығушылығы 

артады; 


Даму  мониторингі  айқын 

көрініп тұрады; 

Баланы 

жастайынан 



шығармашылық    өнерге  қалай 

баулу керек? 

Психологтардың  зерттеуі 

бойынша 


 

әрбір 



жүктеу 10.2 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   92




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет