«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер» атты



жүктеу 10.2 Mb.
Pdf просмотр
бет10/92
Дата09.02.2017
өлшемі10.2 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   92

оқушылар  өз  эмоциясын  дұрыс  басқара  алмайды.  Зерттеу  мәліметтері  бойынша  өзіне  қол 

жұмсау  әрекетіне  баратын  адамдар  көбіне  өзін-өзі  төмен  бағалайтындар,  өзін-өзі  құнсыз 

сезінетін жандар. Өзін-өзі бағалай білетін оқушы өзгені де сыйлай біледі. 

«ҰБТ  тапсыратын  түлектердің  ата-анасына  психологиялық  көмек  »  атты  акция  өткізу 

барысында  ата-аналарға  арнайы  жадынамалар  таратылып,  таныстырылды.Ата-аналарға 

жасөспірімдер  арасында  өзіне-өзі  қол  жұмсаушылық  әрекеттерінің  алдын  алу 

жұмыстары  туралы  (презинтация),  сүю,  қорғау,  аялау  (бейнеролик)  ұсынылып,  тақырып 

аясында ойларын ортаға салып, ситуациялық жағдаяттар талданды. 

 

       


              

 

Сонымен  қатар  жыл  бойы  түлектермен  жаттығулар,  тәлім  алушылардың  агрессивті 



сезімдерін  қауіпсіз  күйде  айтуға  үйрету,өзімізге  және  айналадағыларымызға  зиянкестік 

жасамай ғана ашу ызаны қалай игере алу туралы талдаулар жасалынды және жалпы жүргізілген 

жұмыстар мен психологиялық зерттеулердің нәтижелері ата-аналарға ұсынылды. 

Біздің өміріміздің мәні-бала, сәні-бала! 

Салтанаты, махаббаты, мәртебесі-бала! өйткені, баланың өсуі,ұядан ұшқандағы тәрбиесі, 

отбасының көрмесі сияқты. 

Жақсы әке-балаға өмірлік азық. Жақсы ұл әулетке өмірлік қазық деген бар. Соңдықтан 

тәрбиесі, мәселесі жөнінде бөлісіп шешетін маңызды істер сан алуан.  

Біз маман педагог -  психолог ретінде,  ата-ана баланың ең басты тәрбиешісі, әрі айнадай 

өнегесі ретінде, бір-бірімізге кеңес берейік, кездесейік, сөйлесейік, бірігейік, біздің мәпелеген, 

өсірген талымыз түзу өссін! Ата-анаға көлеңкесі, бізге ізгілігі қымбат! 

Ендеше,  ата-аналармен  бірлесе  отырып  қолымыздағы  алтынымызды  жақсылап 

тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық . 

Өкінішке орай қазіргі кезде бітіруші түлектер мен ата-аналарда ең бастысы  жоғарғы оқу 

орнына түсу,қалғаны өзінен - өзі дөңгеленіп жүре береді деген қате пікір қалыптасқан. Баланың 

қабілетіне мән бермей, төменгі көрсеткіштерін жете түсінбей,тек тесттен қалмауға бел буатын 

ата-аналармен түрлі жағдаяттағы тренингтер өткізу арқылы көзқарастарын өзгертуге болады. 


54 

 

 



 

 

 



 

 

Жеке  тұлғаның  психикалық  денсаулығын  сақтау,  қорғау  үшін  ата-аналармен,  ұстаздар 



ұжымымен,  бірлескен  жұмыс  барысында  бір-бірімен  қамқорлықпен,  сыйластықпен  және 

тілектестікпен қарым-қатынас жасау стрестік жағдайлардың алдын алуға көмектесті. 

Педагогикалық-психологиялық  тұрғыдағы  дайындық  жұмыстарының  нәтижесін 

оқушылардың  өздерін  басқара  алуынан,  жағымсыз  жағдаяттарда  өзін-өзін  дұрыс  бағыттай 

алуынан, кері әсерлерге қарсы тұра алуынан, мақсат қоя білуінен, сол мақсатқа жетудегі өзіндік 

стратегияларының қалыптасуынан, қиын жағдайдан шыға алуынан, ішкі эмоциялық күйлерінің 

тұрақтылығынан, стреске бейім мінез-құлық ұлттық бірыңғай тестілеу жағдайларында өздерін 

ұстай  алуынан  анық  байқауға  болады.Сонымен  қорыта  келе,  оқушылардың  әлеуметтік  –

психологиялық  қиын  және  қауіпті  жағдайларын  ескеріп  жұмыс  жасауда  психологиялық 

қызметтің рөлі өте зор. 

Баламен үнемі терең психологиялық байланыс орнату-тәрбиенің әмбебап шарты болып 

табылады.  Бұндай  байланыс  балаға  қай  жаста  болсын  керек.  Ата-анамен  байланыста  болу 

балаға әке-шеше махаббатын қамқорлығын сезінуге мүмкіндік береді.Тәрбие диалогын қалай 

құру  керек.  Оның  психологиялық  сипаты  қандай  болу  керек.  Ондағы  басты  мақсат-ортақ 

мақсатқа  бірге  талпыну,  әр-түрлі  ситуацияларда  әке-шеше  мен  баланың  біржақты  бағыт 

ұстануы болып табылады. 

Бала  ата-анасын,  ата-ана  баласын  танымайынша  ,  іс  алға  баспайды.Осы  орайда  ата-

аналармен  бірге  өткізілетін  диагностикалық  талдау,  рөлдік  және  жағдаяттық  ойындар, 

психологиялық  тренингтер,  сауалнамалар,  тестер  арқылы  ұтымды  іске  асады.  Ата-ана 

мұғалімге көмекші, сенімді тірек болса, мұғалім де сондай болуы керек. Екі жақты байланыс 

нығайғанда ғана барлық күрделі мәселелер түйіні шешіледі.    

 

 Пайдаланылған әдебиеттер: 



 

55 

 

1.



 

«Сынып жетекшінің анықтамалығы»  №4 2011ж 

2.

 

«Тәрбие құралы» №1 2005ж 



3.

 

«Қызықты психология» №8 2012ж 



4.

 

«Мектептегі психология» №5 2005 ж 



5.

 

«Қызықты психология» №10 2012ж 



 

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ АЙНАЛЫМЫНА ТАРТЫЛҒАН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ 



АЛҚАПТАРЫН ТҮГЕНДЕУ. 

 

Шингужинова А.М. 



С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротеъхникалық университеті, 

«Жерге орналастыру» мамандығының 2 курс магистранты 

 

 

Ауыл шаруашылығы айналымына тартылған ауыл шаруашылығы алқаптарды түгендеу, 



Қазақстан  Республикасы  Жер  ресурстарын  басқару  агенттігінің  Стратегиялық  жоспары  мен 

«Жер-кадастры  мәліметтерін  қалыптастыру»  2003  бюджеттік  бағдарламасына  сәйкес  

жүргізіледі.  

Ауыл  шаруашылығы  алқаптарының  нақты  аудандарын  белгілеу  және  оларды  жұмыс 

жүргізу кезіндегі есеп деректерімен салыстыру, сонымен қатар ауыл шаруашылығы алқаптары 

түрлері  (егістік,  оның  ішінде  суармалы  егістік,  көп  жылдық  екпелер,  тыңайма  жерлер, 

шабындықтар, жайылымдар) бойынша жердің жағдайы мен пайдалануын зерделеу түгендеудің 

мақсаты болып табылады [1,2]. 

Түгендеуді ұйымдастыру мен технологиясын жүргізу ауыл шаруашылығы айналымына 

тартылған  ауыл  шаруашылығы  алқаптарды  түгендеу  бойынша  жұмыстар  бекітілген 

Техникалық спецификаға сәйкес жүзеге асырылады.  

Түгендеу, барлық ауыл шаруашылығы ұйымдарда, шаруа және фермерлік қожалықтарда 

меншік  және  шаруашылығы  (бағбандық  және  саяжай  құрылысын  жүргізу  үшін  азаматтарға 

берілген жерден басқа) жүргізу формасына тәуелсіз жер пайдаланудағы кадастрлық кварталдар 

бойынша жүргізіледі. 

Жұмыстарды атқару үшін құрамында АЖИ, жер қатынастары бойынша органдар, ауыл 

шаруашылығы, селолық әкімдер, «МемжерҒӨО» РМК бөлімшелерінің өкілдері бар комиссия, 

аудан  әкімнің  өкімімен  құрылады  [3].  Суармалы  жерлер  болған  кезде,  қосымша  су 

шаруашылығы өкілдері комиссия құрамына енгізіледі. 

Жерлерді түгендеу бойынша жұмыстар көлемі, ауданмен, олардың жинақтарымен, оның 

ішінде  алдын  –ала  облыспен  және  республикамен  белгіленген  бойынша  жыл  сайынғы 

жұмыстарды аяқтаудың қаржылық жоспарына сәйкес атқарылады.  

Жерлерді  түгендеу  бойынша  жұмыстар  «МемжерҒӨО»  РМК  –нің  өндірістік 

кәсіпорндарымен республикалық бюджет қаражаты есебінен атқарылады. 

Жерлерді түгендеу бойынша жұмыстар құрамына келесілер кіреді: 

Дайындық жұмыстары; 

Далалық жұмыстар; 

Камералдық жұмыстары; 

Материалдарды әзірлеу, бекіту және беру жұмыстары. 

Қазақстан Республикасында жер  қатынастарының дамуы жерлерді  жеке меншікке бере 

бастағаннан  соң  кең  орын  ала  бастады  [4].  Қазақстан  Республикасының  жер 

пайдаланушылардың  өздерінің  негізгі  мақсаты  ауыл  шаруашылығы  жерлерінің  приоритетін 

сақтау  және  жерлердің  құнарлығын  сақтап  қалу,орман  қорларын  қалпында  ұстау  үшін 

экологиялық, құқықтық,қоғамдық жіне басқа да жағдайларды жетілдіру болып табылады. 



56 

 

Осы мақсатты орындаудың ең маңызды құралы жер пайдалану мен қорғауды мемлекеттік 



бақылау  саналады  [5].  Мемлекеттің    жер  заңдылықтарын  бұзғаны  үшін  қолданылатын 

әкімшілік жауапкершілігң ерекше орын алады. 

Әкімшілік жауапкершіліктің маңызы мемлекетпен бекітілген жер ресурстарының басқару 

тәртібін  бұзған,басқа  жеке  меншік  иесі  мен  жер  пайдаланушылар  мен  жер  иеленушілердің 

заңдық көзқарасын және құқығын, жерді ұтымды және тиімді пайдаланудың қоғамдық және 

құқықтық  нормасын  бұзған  кінәлілерге  нормалармен  қарастырылған.Әкімшілік  құқық 

бұзушылық тәртәптерінің әсер етуі болып табылады. 

Соңғы  10  жылда  елімізде  қалыптасқан  заңнамалықтар  жер  заң  бұзушылықтарының 

азаюына жағдай жасалады. 1991жылдан бергі жер реформаларының жүрісі көрсеткендей жеке 

меншік формаларының түрлі, шаруашылық ету нысандары, қажетті қоғамдық, экономикалық, 

экологиялық және құқықтық негізсіз жүргізіліп келуде. 

Ақмола 


облысының 

ауылшаруашылық 

мақсатындағы 

жерлерін 

түгендеу,  

ауылшаруашылығы  жерлерін  пайдалануға  тарту,  2012  жылдың  24  ақпанындағы  Қазақстан 

Республикасының Жер ресурстарын басқару Агенттігінің бұйрығына №38-ОД және басшылық 

принциптеріне сәйкес 2012 жылы РМК  МемҒӨО еншілес кәсіпорны жүргізді. Ал, 2013 және 

2014  жылдары  Қазақстан  Республикасы  Өңірлік  (Регионального)  даму  Министрлігінің  Жер 

ресурстарын  басқару  комитетінің  төрағасы  бұйрықтарымен  бекітілген  2013  жылдың  5 

сәуіріндегі    №04-04/6  және  2013  жылдың  24  қазанындағы  №04-04/72  ережелерге  сәйкес 

«ГИСХАГИ» РМК  жүргізді[6]. 

Бұған  себеп  болған,  12.01.2011  жылғы  «Мал  шаруашылығын  дамытудың 

перспективалары  және  ағымдағы  жағдайы  туралы»  отырыстың  қорытындысы  бойынша 

Мемелекет  Басшысының  тапсырысын  жүзеге  асыру  және  де  20.01.2011  жылғы  «Жер-

кадастрлық ақпаратты қалыптастыру»  003 бюджеттік бағдарламасы бойынша жерді ұтымды 

пайдалану  және  айдаланылмаған  жерлерді  анықтау  сұрақтары  бойынша    ҚР  Премьер-

Министрінің кездесу хаттамысы жоспарын орындау [7]. 

Түгендеудің  басты  мақсаты  ауылшаруашылық  алаптарының  нақты  ауданын  анықтау 

және  оларды  жұмыс  жүргізілген  кездегі  деректермен  салыстыру,  сонымен  бірге 

ауылшаруашылық алаптарының түрлері бойынша жерлерді пайдалану мен жағдайын зерттеу 

болып табылады.  

Түгендеу  жұмыстарын  ұйымдастыру  және  жүргізу  технологиясы  2013  жылдың  5 

сәуіріндегі  ҚР  Өңірлік  даму  министрлігінің  Жер  ресурстарын  басқару  комитетінің 

төрағасының  №04-04/06  бұйрығымен  бекітілген  пайдалануға  тартылған  ауыл  шаруашылығы 

алқаптарын түгендеу жұмыстарының техникалық спецификациясына сәйкес жүргізілді. 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі 



 

1.Қазақстан  Республикасының  әлеуметтік-экономикалық  дамуы  мен  бюджеттік 

параметрлерінің 2009 – 2013 жылдарға арналған болжамы 

2.Үдемелі  индустриялдық-инновациялық  дамудың  2010-2014  жылдарға  арналған 

мемлекеттік бағдарламасы 02.07.2010 ж.  

3.Стратегический план Комитета МРР Республики Казахстан по управлению земельными 

ресурсами на 2011-2015годы 

4. Есполов Т.И., Сейфуллин. Управление земельными ресурсами. 2004. 

5.  Информация  о  продаже  земельных  участков  сельскохозяйственного  назначения  в 

районах Алматинской области. Талдыкорган., Обл. комитет по УЗР. 2004 г.  

6.  Оспанов  Б.  С.,  Сизов  А.П.  и  др.  Сводный  аналитический  отчет  о  состоянии  и 

использовании земель Республики Казахстан за 2014 год. Астана, 2014. С.101-125 

7.  « На главном направлении»  (Аграрный Казахстан)  - Казахстанская правда. № 21 от 

12.04.2003.г. с. 1-2 

 

 


57 

 

БАЛА БОЙЫНДА АЗАМАТТЫҚ ПЕН ПАТРИОТИЗМДІ ҚАЛЫПТАСЫРУДА  



МЕКТЕП  ПЕН  ОТБАСЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ 

 

Жумабекова Асем Жакановна  



«№54 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ 

 

 



 

        «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек

          тәрбиесіз  берілген  білім- адамзаттың қас  жауы, 

        ол  келешекте  оның өміріне апат  әкеледі».  

                                                                                                     Әбу Насыр әл Фараби 

 

        Мемлекетіміз  бен  Үкіметіміз  өскелең  ұрпақты  тәрбиелеу  мен  оқыту  мәселесіне  



шексіз  қамқорлық  жасап  келеді.  Тәрбие  жұмысын  жүргізу  -  қиын  да  күрделі  іс.  «Балаға 

берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлаудан басталады.  Себебі, 

ата-анасын сыйламаған бала жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды» деген қазақтың 

белгілі  ағартушы педагогі  Ыбырай Алтынсариннің ата-ананың бала тәрбиесіндегі  атқаратын 

рөлін айрықша атап көрсеткен бұл сөзі бүгінде өз мән-маңызын  

       Бүгінгі мектеп партасында отырған оқушы–егемен еліміздің ертеңгі болашағы. Бала 

тәрбиесі—өте  күрделі  құбылыс.  Жас  ұрпақтың  тәрбиесі–қоғам  алдындағы  ортақ  іс.  Бала 

бойында азаматтық және патриотизмді қалыптастыруда мектеп пен отбасының  

арасындағы қарым-қатынастың алатын орны ерекше.  

Баланың алғаш бастапқы тәрбие мектебі алтын бесік-отбасы болса, екіншісі, алтын ұя - 

мектебі.  Бұл  екі  ортаның  да  мақсат-мүддесі  ортақ.  Отбасы,  ата-ана  адамды  дүниеге  әкеліп, 

қалыптастырып, дамытып жетілдірсе, адам бойындағы бар игі қасиет  мектеп  қабырғасында 

қаланады. Бұл киелі жерде қызмет ететін мұғалім мен ата-анаға жауапкершіліктің үлкен жүгі 

артылған.  

Ұлы  Абай  атамыз  «Адамның  адамшылығы-ақыл,  ғылым,  жақсы  ата-ана,  жақсы  құрбы, 

жақсы ұстаздан болады» деп көрегендікпен ой түйген. Бала өміріне қажетті  тәлім-тәрбиенің 

іргетасы ата-ана арқылы отбасында қаланады. 

Отбасы–адам  тәрбиесі  үшін  ең  жақын  әлеуметтік  орта.  Отбасы  белгілі  дәстүрлердің 

жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет 

өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат 

болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі–бала тәрбиелеу.  

Отбасы  тәрбиесі–бұл  жалпы  тәрбиенің  ең  басты  бөлігі.  Мектеп  қызметі  қазіргі  заман 

талабына сай толық өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру үшін тұлғаға бағдарланған болуы 

тиіс. Демек, оқушыны өзін-өзі дамытатын мәдениет адамы ретінде қарастыратын балаға деген 

құндылық  қатынас  орнату  керек.  Оқушы  өзін  басқалардың  арасынан  шығарып,  бөлек 

қарамайынша,  өз  өмірінің  мағынасын,  өзін-өзі  жете  түсінбейінше,  толыққанды  білім  алып, 

дамуы  мүмкін  емес.  Мектептегі  тәрбие  жұмысының  нәтижелігінің  бір  ұшы  ата-аналармен, 

қоғам мен мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Бала тәрбиесі 

мен  дамуындағы  басты  рөл  атқарушы  отбасы.  Тәрбие  алдын  ала  жасалған  арнаулы  жоспар 

бойынша  мақсаты  бағыттала  және  ұйымдастырыла  жүргізіледі.  Бала  өмірінің  басым  бөлігі 

отбасында өтеді. Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы–ата-ана.  

Сондықтан  бала  мектеп  табалдырығын  аттағанға  дейінгі  оның  алғашқы  ұстазы–ата-

анасы.      Отбасы  мектеппен  бірлесіп  оқу-тәрбие  үрдісінің  не  табысты  не  табыссыз  болуын 

анықтайтын тәрбиелеуші ортаның факторларының маңызды кешенін туғызады. Қазіргі мектеп 

отбасының қолдауына бұрынғыдан да күштірек мұқтаж, бұл жерде сөз терең  

түсіністік пен өзара құрметке құрылған серіктестік жайында болып отыр. Педагогтың ата-

аналармен жұмысы ынтымақтастық болмайынша, ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне белсенді 

тартпайынша мүмкін емес. 



58 

 

Ата–ана,  мектеп,  оқушы  үш  тағаны  берік  болса,  алынбайтын  қамал  жоқ.  Елбасы 



Н.Ә.Назарбаев  «Болашақта  еңбек  етіп  өмір  сүретіндер,  бүгінгі  мектеп  оқушылары,  мұғалім 

оларды  қалай  тәрбиелесе,  Қазақстан  сол  деңгейде  болады.  Яғни  тәрбиенің  түпкі  мақсаты 

қоғамның  нарықтық  қарым–қатынасқа  көшу  кезінде  саяси  экономикалық  және  рухани 

дағдарыстарында  жеңіп  шыға  алатын  ізгілігі  мен  ХХІ  ғасырды  дамытушы,  іскер,  өмірге 

икемделген,  жан–жақты,  мәдениетті  дара  тұлғаны  тәрбиелеп  қалыптастыру»  деп  тұжырым 

жасаған.  

Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігіне  қанша  жыл  толсада  Қазақстан  кемел 

жетістіктердің  жасампаздық  істерін  төрткүл  әлемге  таныта  білді.  Кең  байтақ,  қазыналы, 

бейбітшілік  пен  тұрақтылықтың,  ынтымақтың  ордасы  болған,  Отанымыздың  өркені  дұрыс 

жайылуға тиісті. Тәрбиенің бастамасын бала жан ұядан алады. Отбасы әрбір бала үшін алтын 

бесік, сондықтан әрбір отбасы тәрбие тірегін осалдатпағаны абзал. Құрметті ата-ана, ұстаздар 

қауымы  ұрпақ  тәрбиесіне  сергек    қарау,    серпінді  тәрбие  беру  кезек  Қазіргі  заманымыз 

жақсарып, халықтың әл-аухаты артып келеді.  

Дегенмен  де  әртүрлі  діни  көзқарастағы  адамдардың  үгіт-насихатына  балалардың  еріп 

кетпеуін  қадағалағанымыз.  Ата-аналар  балаларды  мүмкіндігінше  көп  уақыт  үйде  жалғыз 

қалдырмауға, немен шұғылданатынын, мектепке қалай барып келуін, күнде қанша сабақ болып, 

қаншада  қайтатынын  біліп  отырулары  керек.  Баланың  сабақтан  тыс  уақытын  қалай 

ұйымдастыру  керек?  Олардың    кітап  оқуына,  мәдени  тынығуына  жағдай  жасап  көмектесу 

қажет. Осы орайда қаламыздағы мектептен тыс қосымша білім беру мекемелерінің алар орны 

ерекше екенін атап өткім келеді. 

«Тәрбие отбасынан басталады» десек те, күйбең тіршілікке алданып жүріп, отбасындағы 

әрбір  баланың  әрекетін,  қылықтарын  бағалап,  бағыт-бағдар  беруге  көңіл  кейде  аз  бөлінеді. 

Әрбір ата-ана баласының ынтасын, қызығушылығын байқап, оның өзін-өзі дамыту үшін жағдай 

жасап, ықпал етуі керек. Мектеп пен ата-ана ынтымақтаса жұмыс жүргізсе, балаға тиісті көңіл 

бөле білсе, олармен санаса білсе, келешектің шын жанашыры, елдің арқа сүйер азаматтары.  

Бала Отанымыздың келешегі, біздің жалғасымыз. Сондықтан бала тәрбиесі–баршамызға 

ортақ іс. Әр ата-ана өз баласын еліне, халқына шын берілген, халқын құрметтей алатын, дені 

сау, білімді, еңбексүйгіш, жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеуді борышым деп есептеуі 

керек. 

 

Пайдаланған әдебиеттер: 



 

1. «НАРЫН ТАҢЫ» газеті. 06.03.2013 

2.«АНА  ТІЛІ» газеті 3-Наурыз, 2011  8-Ақпан, 2012   

4. Құттыбаева С.Ж. Қазақстандық патриотизм мен толеранттыққа тәрбиелеу-мұғалімнің  

басты борышы. // Тарих Қазақстан мектебінде. - №4. - 2010. 

5. Назарбаев Н.Ә."Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде”Алматы, 2000. 

6.  «Тәрбие құралы». Республикалық ғылыми - педагогикалық журнал  № 5, 2009 жыл  

7. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. № 1, 2007 жыл 

8. Бегалиев Т.Б. Педагогика. Қысқаша лекциялар курсы. Тараз, 1999. 

 

 



БАЛА ЖҮРЕГІНЕ ЖОЛ ТАБУ- МІНДЕТІМ 

 

Аманбекова М.С. 



КМҚК «Гүлнұр» балабақшасы 

 

 



                                                                                  Тәрбие – білім бастауы. 

 Қазақстанда  қазіргі  уақытта  білім  беру  жүйесі  –  болашақ  ұрпақты  жан  –  жақты 

жетілдіретін, бәсекеге төтеп беруге қабілетті, сапалы адам етіп тәрбиелейтін білім беру жүйесі 


59 

 

екені  сөзсіз.Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында  оқыту  әдістерін, 



технологияларын  таңдауда  көп  нұсқалық  қағидасы  бекітілген,  бұл  білім  мұғалімдерге  өзіне 

ыңғайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен 

құруға  мүмкіндік  береді.  Жалпы  12  жылдық  мектептің  мақсаты:  жедел  дамып  келе  жатқан 

ортада өмір сүруге қабілетті, өзін-өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалаулары мен 

қоғам талабына сай, өзін көрсете білетін жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, 

отандық  және  әлемдік  мәдениеті  бойында  қалыптастырған,  бәсекеге  қабілетті, 

шығармашылығы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Осы мақсаттан төмендегі 

міндеттер  туындайды:тәрбиелеу  және  дамыту  іс-әрекетін  ұйымдастыру;  құзыреттіктерді 

қалыптастыру  және  дамыту;оқушы  жеке  тұлғасының  қалыптасуына  көмектесу,  оның  ішкі 

мүмкіншілігі, бейімділігі, мақсат-мүдделері мен шығармашылық қабілеттерінің байқалуы мен 

қалыптасуына жағдай жасау. Бұл мақсат-міндеттерді іске асыру үшін тәрбие жүйесі тұлғаны 

әлеуметтендіру  идеяларын  іске  асыра  отырып,  оқытудың  жаңа  әдістерін:жеке  тұлғалық 

қасиеттерге  бағытталған  оқытуды,  зерттеу,  жобалау  әдістерін,  денсаулық  сақтаушы  әдісін 

қолдана  отырып  тәрбие  жұмысын  ұйымдастыруы  қажет.  12  жылдық  білім  беру  жүйесіндегі 

тәрбие  берудің  ерекшелігі  –  тек  өз  халқының  ұлттық  мәдениетінің  негізінде  ғана  шектеліп 

қоймай,  жалпы  адамзаттық  және  өркениетті  дамыған  мемлекеттердің  озық  жетістіктерін, 

мәдениетін  т.б.  адамгершілік  құндылықтарын  игеру  арқылы  тұлғаның  жан-жақтылығын 

тәрбиелеу.  Қазіргі  жағдайларда  адамның  ұзақ  та  арнайы  ұйымдастырылған  өмірге  тәрбиесіз 

араласуы  өте  қиын.  Тек  тәрбие  ғана  жеке  тұлғаның  дамуының  әлеуметтік  бағдарламасын 

жүзеге  асыратын,  оның  бейімділігі  мен  қабілеттілігін  жетілдіретін  шешуші  күш. 

В.Г.Белинский;  «Тәрбие  –  ұлы  іс,  тәрбие  арқылы  адам  тағдыры  шешіледі»  деген  болатын. 

Тәрбиенің  маңыздылығы  сондай,  біздің  болашақ  ұрпағымыз  тәрбиеден  ғана  рухани  байлық 

алып, тәрбие арқылы ғана Адам болып қалыптасады. Оқу мен тәрбие егіз, оларды бір – бірінен 

бөліп  қарауға  болмайды.  Ұлы  данамыз  Әл  –  Фараби  «Адамға  ең  бірінші  білім  емес,  тәрбие 

берілуі  керек,  тәрбиесіз  берілген  білім  адамзаттың  қас  жауы»  десе,  ал  В.  Белинский  «Бала 

тәрбиесіне ерекше мән берілуі керек, тәрбиенің арқасында болашақ адамзат тағдырының негізгі 

мәселесі шешіледі» деп айтқан болатын. Бүгінгі бәсекеге қабілеттілікті талап еткен қоғамда жас 

ұрпақты сол қоғам мүддесіне сай , оның мұң –мұқтажын өтерлік , елін, жерін , халқын көзінің 

қарашығындай қорғайтын ұлтжанды , отаншыл азамат етіп тәрбиелеу көзделінеді . Сондықтан 

ұстаздар қауымының мақсаты:бүгінгі ұрпақ –еліміздің болашағын–қазіргі қоғам мұратына сай 

жан –жақты жарасымды тұлға етіп өсіру. Күн сәулесі өсімдік тіршілігіне қандай қажет болса , 

тәрбие тұлғаның дұрыс өсіп жетілуіне соншалықты қажет . Ұрпағымызға дұрыс тәрбие бере 

алсақ , оның жан дүниесі де дұрыс қалыптасып жетіледі , яғни бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп 

өседі  .  Бұл  қасиеттердің  бәрі  адамның  бойында  бала  кезінен  бастап  тұрақты  қалыптаспақ. 

Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы жақсы мен жаманды ажырата білуі өзін қоршаған 

ортасына , мұғаліміне, ата –анасына , құрбы –құрдастарына , олардың іс –әрекеттеріне және де 

басқа  да  қасиеттеріне  байланысты  .  Бала  тәрбиесі  -  өте  күрделі  процесс.  Оның  күрделігі 

бесіктен бастау алып, үнемі уақытпен, бала көңіл – күйімен, жеке қабілетімен, икемділігімен, 

тізгінді үнемі қадағалау қажеттігімен ұғындырылады. Тәрбие негізінен баланың бал дәуренінен 

бастап азамат болғанына дейін тәні мен жанына бірнеше арнамен құйылады: отбасы, мектеп, 



жүктеу 10.2 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   92




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет