«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



жүктеу 15.04 Mb.
Pdf просмотр
бет99/134
Дата22.04.2017
өлшемі15.04 Mb.
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   134

                                                                   «Ойын баланың алдынан өмір есігін  

                                                                  оның шығармашылық қабілетін дамытады. 

                                                              Ойынсыз  ақыл  ойдың  қалыптасуы  мүмкін  емес». 

 

                                                                                                             (В. А. Сухамлинский). 



 

        Баланың өмірге қадам басқандағы алғашқы қимыл әрекеті – ойын, сондықтанда 

оның мәні ерекше. Ойын өсіп келе жатқан бала ағзасына ауадай қажет. Ойын арқылы 

баланың  дене  құрылысы  жетіліп,  өзі  жасаған  қимылына  сенімі  артады.  Баланың 

бойында  ойлау,  тапқырлық,  ұйымдастырушылық,  шыдамдылық,  белсенділік 

қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. 

Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті.  

      Ойында әр баланың ұстанымы белсенді болады: ол өзі ойнағысы келгенде және 

ойынға қызыққанда ойнайды, ойнауға керек жолдасты белсене іздейді, олармен белгілі 

қарым-қатынаста  болады.  Балалар  ойынды  өздері  ойлап  табады,  ұйымдастырады, 

өздері ойнайтын топ құрады, олардың құрамын да өздері өзгертеді. Балалар ұжымдық 

ойнау  кезінде  топтасады,  сөйтіп  олардың  арасында  жолдастық  қатынастар 

қалыптасады. Мұндай ойындар мен жаттығулар, қызығы да құпиясы мол танымдық 

ойын  тапсырмалар  арқылы  балалардың  танымдық  қызығушылықтары  артады, 

ізденгіштікке,  тапқырлық  пен  алғырлыққа,  ұшқыр  ойлай  білуге,  табандылыққа 

үйретеді, 

құрбыларымен 

жағымды 

қарым-қатынас 

жасау 

дағдыларын 

меңгертеді.Сондай-ақ  ой-өрісті  кеңейтіп,  балалардың  зерделі  тынығуларына 

мүмкіндік 

береді. 

      Ойын  баланың  дүниетанымын  кеңейтумен  қоса,  мектеп  жасына  дейінгі  баланың 

жеке  басының  дамуына  игі  ықпалын  тигізетін  жетекші  құрал.  Бала  ойын  арқылы 

өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын 

ұғынып, 

еңбек 

дағдысына 

үйрене 

бастайды.  

Өйткені алдымен ненің болсын бастар қайнар көзі болатын белгілі. Демек, ойынды бар 

өнердің бастауы деп білеміз. Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды, ал еркіндік дегеніміз 

барлық дамудың баспалдағы.   

       Ойын  –бір  жағынан  баланы  бірден  қуаышқа  бөлесе,  екінші  жағынан  ойын 

әрқашан  болашаққа  бағытталған.  Өйткені  ойын  барысында келешек  өміріне  ықпал 

ететін  рухани  адамгершілік  сезім,  қасиеттер  мен  дағдылар,  икем  қалыптасады.     

Баланың  ойын  кезіндегі  қимыл-  қозғалысы  дене  бітімін  жетілдірсе,  ал  қарым- 

қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне 

әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі 

ақпараттар алады, дүние сырын ашады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, 

өсіретін 

әрі 

тәрбиелейтін 

негізгі 

әрекет- 

ойын.     

       Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, 

сюжеттік  ойындар, дидактикалық  ойын  элементерін  пайдаланудың  маңызы  өте  зор. 

Дидактикалық  ойындар  баланың  ақыл-  ойын  дамытып,  сабаққа  деген 

727 

 

727 



 

қызығушылығын 

арттырады.  

Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  зейіні  тұрақсыз,  импульсивті  болғанымен, 

қабылдау 

есте 

сақтау 

мүмкіндіктері 

жақсы 

дамыған. 

     Тіл  дамыту,  сауат  ашу  сабақтарында  да  ролдік  ,сюжеттік  ойындарды  қолдануға 

болады.    Сюжетті-рөлді  ойында  бала  ойын  мазмұнын  түсінікті  етіп  жеткізуге  тырысады, 

оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал 

еңбек  ұжымдық  іс-әрекетке  біріктіреді  және  шығармашылық  іс-әрекетке  бағдарлайды. 

Сюжетті-рөлді ойындарда балалар ересектердің өмірі мен іс-әрекетін қайталайды. Олардың 

қарым-қатынасын  көрсетеді.  Мысалы:  «Дүкенде»,  «Дәрігерде»,  «Кітапханада»,  «Қонақта» 

және т.б ойындарды ойнау барысында үлкендерге еліктей отырып, олар өз рөлін және ойын 

логикасын  жасайды.  Мысалы,  сатып  алушының  рөлінде  бала  өзінің  алғандары  үшін  ақша 

төлемей кетуге болмайтындығын түсінеді. Дәрігердің рөлі оны шыдамды болуға және ауруға 

талап  қоя  білу  және  тағы  басқаға  да  міндеттейді.  Сонымен  қатар,  бұл  ойындар  балалрды 

кішіпейілдікке,  басқармашылдыққа  тәрбиелейді.  Балалардың  сөздік  қорын  молайтып,  тіл 

байлығын 

дамытады. 

      Дидактикалық ойындарды оқыту процесінде кеңінен пайдалана отырып балалардың тілін 

дамытудың тиімділігін арттыруға болады. Әрбір ойынның өзіндік ережесімен ойнау тәртібін 

біліп, рөлдік сипатын сақтап, дұрыс ұйымдастыра білу қажет. Ол балалардың білімге деген 

ынта-ықыласын  оятып.  Танымалдылық  белсенділігін  арттыруға  үлкен  жол  ашады. 

Дидактикалық 

ойындардың 

мазмұны 

мыналарды 

қамтуы 

тиіс. 


Олар:-дидактикалық  ойындар  нақты,  қысқа,  қызықты  тартымды  болуы  міндетті; 

-дидактикалық  ойындарға  тапсырмалардыңбіртіндеп  күрделенуі  және  олар  ақыл-ой  іс-

әрекетінің 

тәсілдерін 

меңгеруге 

ықпал 


ету 

қажет; 


-ойындардағы тапсырмалардың әр түрлі тәсілдермен орындалуын қадағалау және оқытудың 

тәрбиелік 

ықпалын 

күшейтуге 

ықпал 

етуі 


керек; 

-дидактикалық  ойын  тәрбиеленушінің  жас  ерекшелігіне,  бағдарламадағы  материалдарға 

оның  ішіндегі  нақты  сабақтың  мазмұнына  сай  болып,  тапсырманың  мәнін  ашу  керек. 

      Дидактикалық  ойындарда  қолданылатын  материалдар  мен  көрнекіліктер  қарапайым 

болып, 

олардың 


жасалу 

мен 


дайындалуы 

тез 


әрі 

жеңіл 


болуы 

шарт. 


Тәжірибеден  байқағанымыздай,  дидактикалық  ойындарда  балалардың  сөйлеу,  ойлау,  есте 

сақтау қабілеті дамиды. Бұл ойындар алған білімін бекітуге ықпал жасайды. Дидактикалық 

ойындарға «Қуыршақты киіндір», «Не жоқ?», «Тап», «Жоғары-төмен», «Сиқырлы сандық», 

«Ғажайып қаржын», «Тез ойлан», «Көршілер», «Орынды тап», «Қай вагонға мінемін?» т.б 

ойын  түрлері  оқушының  сабақта  тапсырманы  орындау  кезінде  қызығушылығын  туғызып, 

белсенділігін 

арттырады. 

Ойын  жаттығулар  жүргізілсе  де,  сабақта  көп  уақыт  алмайды.  Олар  баланың  белгілі  бір 

қабілетін  жетілдіруге  бағытталған.  «Кім  не  істеді?»  «  не  қалай  дыбыстайды?»,  «Қай 

дыбыстан  басталады?»  осындай  ойындарды  түрлендіріп  отырудың  пайдасы  зор. 

Дыбыстарды дұрыс  есту  мен  айтуға төселген  бала дұрыс оқу мен жазуға тез бейімделеді. 

       Балалардың 

тілін 

дамытуды 



қимыл-қозғалыс 

ойынының 

орны 

ерекше. 


Қимыл-қозғалыс  ойын  белгілі  бір  іс-әрекеттен  тұрады.  Бұл  ойын  түрі  оқушының  барлық 

психологиялық қабілетін дамытады. Қимыл-қозғалыс ойындар өзінше баланың өмірге деген 

көзқарасын  қалыптастыруына  әсерін  тигізеді.  Қимылды  ойында  балалар  санамақтар, 

өлеңдер,  тақпақтар  қолданады  «Ұшты  ұшты»,  «Ормандағы  аю»,  «Мысық  пен  торғайлар». 

Ұлттық  ойындар:  «Ақ  сандық,  көк  сандық»,  «Екі  аяз»,  «Асық  ойыны»,  «Арқан  тарту», 

«Аңдардың 

айтысы», 

«Орамал 


тастамақ». 

Мысалы: «Ақ сандық, көк сандық» атты ойында балалар мынандай өлең сөздерін жаттайды: 

«Ертең 

ауылым 


көшеді, 

Уық 


бауын 

шешеді, 


Қара 

қойым 


қашады 

Құмалағын 

шашады... 

Ақ 


сандық, 

көк 


сандық 

728 

 

728 



 

Арқан 


тарт, 

кілем 


арт!» 

-осындай қимылды ойындар балаларды шапшаңдыққа ептілікке тәрбиелейді және ой-өрісін, 

тілдерін 

дамытады. 

      Құрылыс ойындары арқылы да балалардың тілдерін дамытуға болады. Бұл ойында әдемі 

ғимараттар  құрылысын  жасап,  оның  бояуларының  бір-бірімен  келісімді  болуын 

жоспарлайды,  қадағалайды,  құрылыс  материалдарын  пішіні,  түсі  бойынша  симметриялы 

орналастырылып, оларды көлемі (кең, тар), биіктігі(биік, аласа) бойынша салыстырылады. 

Ойын барасында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. 

Өзінің  және  жолдастарының  тұрғызған  құрылысының  сапасына  баға  береді. 

       Балалардың  тілін  дамытуда  кейіптендіру  ойындарының  маңызы  зор.  Балаларға  таныс 

ертегі, әңгіме негізінде құрылады. Мысалы: «Қуыршақтар театры», ертегілерді рөлге бөліп 

ойнау.  Жан  дүниесіне  жарқын  рөлдерді  өздері  орындауға  талпынады.  Мұндай  ойындарда 

ауыз  әдебиеті  улгілері  пайдаланатындықтан,  олар  балалар  өміріне  жарқын  сезім,  қуаныш, 

белсенділік, шығармашылық енгізеді, тілін дамытады. Осындай қасиеттер тәрбиеленушінің 

тұлғасының 

қалыптасуына 

маңызды 


рөл 

атқарады. 

     Алты  жасар  балалардың  қолының  бұлшық  еттерімен  саусактарының  әлсіздігі  (қарым-

қатынас  үйлесімділігі,  оралымдығы  мен  қимылының  шапшаңдығы)  жоғары  деңгейде 

дамыған. Әр бес саусақ адамның негізгі бес ішкі органның қызыметіне қатысты барлығын 

ересек (басбармақ-бастың, шынашақ-жүректің, сұқ саусақ-асқазанның, ортан қол-бауырдың, 

аты жоқ саусақ-ішектің) саусақтар қызметі арқылы баланың шаршағанын бәсеңдетіп, негізгі 

органдар 

жұмысын 

жақсартуға 

болады. 

Мысалы 


«Қуырмаш» 

ойыны: 


Қуыр,қуыр,қуырмаш 

Бас 


бармақ 

балалы 


уйрек, 

Тауықтарға 

тары 

шаш 


Ортан 

терек,шылдыр 

шүмек 

Кішкен 


бөбек. 

Сен, 


тұр-қойыңа 

бар! 


Мына 

жерде 


құрт 

бар, 


Сен, 

тұр-қозыңа 

бар! 

Мына 


жерде 

май 


бар... 

Сен, 


тұр-жылқыңа 

бар! 


Мына 

жерде 


қытық 

бар.., 


Сен, 

тұр-түйеңе 

бар! 

Қытық,қытық... 



...Ал 

сен 


алаңдамай 

Қазан 


түбін 

жалап 


Үйде 

жат! 


-деп ойын арқылы балалардың денсаулықтарын көніл бөліп, тілдерін дамытуға және көңілін 

көтеруге 

болады. 

       Ойын  баланың  жан  серігі,  қай  бала  болмасын  ойнап  өседі,  ойын,  сырттай  қарағанда, 

қиындығы  жоқ,  оп-оңай  көрінуі  мүмкін.  Ал  іс  жүзінде  бала  үшін  ойынға  қатысты 

басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Ойынға зер салып, ой 

жүгіртіп карар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді – мағыналы істер туындап өрбитінін 

байқаймыз, өйткені ең алдымен не нәрсенің болсын жол бастар қайнар көзі болатыны белгілі. 

        Аталған ойындары қолдану барысында менің байқағаным, ойын-кезінде бала мінезі 

ашылып, оз білгенімен бөлісіп, «Мен» деп өзін жеке тұлға ретінде көрсетіп, оның бойында 

достарына, тобына, командасына деген ерекше сезім пайда болады.  Бүлдіршіндер өз ойын 

еркін  жеткізе  алады,  сабаққа  белсенділікпен,  қызығушылықпен  қатысады.  Әр  сабақта 

балалар  өз  пікірлерін  айтып,  қойылған  сұрақтарға  дұрыс  жауап  бере  алады.  Баланы  ана 

тілінде  дұрыс  сөйлеуге  үйрету  арқылы,  олардың  бойындағы  тілдік  мәдениетін 

қалыптастыруды осылайша жүзеге асыруға болады. 

      Ойын  кезіндегі  баланың  психологиялық  ерекшеліктері:  бала  ойланады,  эмоциялық 

әрекетке  ұшырайды,  белсенділігі  артады,  ерік  қасиеті,  қиял  елестері  дамиды.  Мұның  бәрі 

баланың  шығармашылық  қабілеті  мен  дарынын  ұштайды.  Ойын  үстінде  бала  бейне  бір 

өмірдің өздігіндей қуаныш, реніш сезімге бөленеді. Ойын арқылы балалардың сөйлемдерді 

айту, сөйлем құрай білу, сурет бойынша әңгіме құрап айта білу, сондай - ақ әр баланы сөйлете 

отырып  өз  ортамен  қарым  -  қатынасқа  түсіп  ашылуына  себеп  болады. 

      Ойындарда 

күтілетін 

нәтижелер: 



729 

 

729 



 

1.  Ойын  -  тәрбие  құралы,  ақыл  -  ойды,  тілді  ұштастырады,  сөздік  қорды  молайтады,  өзін 

қоршаған 

ортаны 


танып, 

мейрімділік 

сезімге 

тәрбиелейді. 

2. 

Еркін 


мінез 

– 

қасиеттерін 



бекітеді, 

адамгершілік 

сапаны 

жетілдіреді. 



3. 

Ұжымдық 


сезім 

әрекеттері 

өсе 

түседі. 


4. 

Эстетикалық 

тәрбие 

беру 


құралына 

айналады. 

5. 

Еңбек 


тәрбиесін 

беру 


мақсаттарын 

шешуге 


мүмкіндік 

береді. 


6. 

Дене 


күшінің 

жетілуіне 

көмектеседі. 

Демек,  ойын  баланы  жан  -  жақты  жарасымды  тәрбиелеудің  психологиялық  және 

физиологиялық  негіздері  болып  табылады.  Ойын  баланың  көңілін  өсіріп,  бойын  сергітіп 

қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы танып түсінуге де әсер етеді. Балалар ойын арқылы 

тез тіл табысып бір – бірімен жақсы қатынаста болады. Ойын үстінде де бала өз денсаулығын 

қимыл  арқылы  нығайтады.  Ойынның  қандай  түрі  болмасын  атадан  балаға  яғни  ұрпақтан 

ұрпаққа ауысып отырады. Халық ойындары өмір қажеттіліктерінен туады. Психологиялық 

жақтан 


денсаулықты 

нығайтуға 

негізделген. 

     Қорыта 

келе 

айтқанда: 



Ойын мектепке дейінгі балалардың негізгі іс - әрекеті. Ойын балалар өмірінің нәрі, яғни оның 

рухани  жетілуі  мен  табиғи  өсуінің  қажетті  алғы  шарты.  Ойын  арқылы  балалар  қоғамды 

тәжірибені 

меңгереді, 

өзінің 

психологиялық 



ерекшеліктерін 

қалыптастырады. 

Бір  сөзбен  айтқанда,  ойын  баланың  жан  -  жақты  дамуын  көздейтін,  оның  тілін 

жаттықтыратын,  қимыл  -  қозғалысын  жетілдіретін,  белсенділігін  арттыратын,  басқа 

адамдармен  қарым  -  қатынасын  реттеп,  құрдастарымен  ұйымшылдығын  арттыруға  негіз 

болып табылады. Ойын - бала үшін біліктіліктің қайнар көзі. Сондықтан жас өрендер ойнай 

отырып ойлай білсін. 

  

1. Бүлдіршіндерге арналған тілашар. Әдістемелік нұсқау. 



2.М.Жұмабаев 

Педагогика 

– 

Алматы: 


Рауан 

1993 


ж. 

– 

112 



б. 

2.  Керімбаев  Р.,  Керімбаева  Б.  Дидақтикалық  ойындар  «Қазақстан  мектебі»  №1,2006ж 

3.Темірбеков 

А.,  Балаубаев  С.  –  Психология  Алматы  1996  ж  –  230  .б 

4. 

Федоренко 



– 

Мектепке 

дейінгі 

балалардың 

тілін 

дамыту 


5. Ядэшко – Мектепке дейінгі педагогика 

 

 



 

 

ОЙЫН АРҚЫЛЫ БАЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ 

Кульжанова А.Ж  

КГКП № 16 д/с Алтынай 



 

            Ойын – мектеп жасына дейінгі кезеңде басталып, адаммен өмір бойы ілесіп жүретін 

ерекше  қызмет  түрі.  Қазақ  халқында  «баланы  ойын  өсіреді»  деген  даналық  сөз  бар.  Бала 

ойнап жүріп ойланады, жүйкесі тынығады, көңілі өсіп, ойы сергиді, денесі шымырланады. 

Ойын  арқылы  тұрмыс-салт,  әдет-ғұрып,  ұлттық  ерекшелік,  дәстүр  жайлы  танымы,  түйсігі 

қалыптасады. Ойын – баланың жан серігі. Қай бала болмасын ойнап өседі. Ойын сырттай 

қарағанда қиындығы жоқ, оп-оңай көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты 

басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Ойынға зер салып, ой 

жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді-мағыналы істер туындап өрбитінің 

байқаймыз.  Өйткені,    ең  алдымен  не  нәрсенің  болсын  жол  бастар  қайнар  көзі  болатыны 

белгілі. Сон-дықтан да ойын – бала бойындағы қандай да болмасын бір өнердің бастауы деп 

білеміз. Өйткені, болашақ ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлерінің нышаны 

ойын  үстінде  көрінеді.  Сол  ойын  арқылы  шынығып,  өзінің  бойындағы  табиғи  дарының 

шыңдай түседі. Жазушы Е.А. Аркин өз сөзінде былай деген екен: «Балаға қуаныш сыйлай 


730 

 

730 



 

отырып,  оқыта-тәрбиелеуге  міндеттіміз».Балаға  білім  беруде  ойын  арқылы  жан-жақты 

дамыту жүйесін құру проблемасы туып отыр. Білім жүйесін жаңаша ұйымдасты- ру кезінде 

баланы  дамыту,қалыптастыру  сапалы  білім  беру  үрдісін  дұрыс  ұйымдастыру  қажеттілігі 

тууда. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде оқу-тәрбие үрдісін іске асырудың бір жолы 

балаларды ойын арқылы оқыта отырып дамыту. Біздің тобымызда ойын арқылы оқытуды 

жаңаша  ұйымдастыру  дәл  қазіргі  уақытта  қажет  деп  отырмыз.  “Ой-ойыннан  басталады  ” 

десек, баланың ойын жетілдіріп сабаққа қызығуын, белсенділігін арттыру үшін тәрбиешілер  

қолданатын  басты  әдісі  ойын  болуы  керек.  Ойын-  бала  үшін  оқу  да,  еңбекте.  Ойын- 

айналадағы  дүниені  танудың  тәсілі.  Ойын  балаларға  өмірде  кездескен  қиыншылықтарды 

жеңу  жолын  үйретіп  қана  қоймай,  ұйымдастырушылық  қабілетін  қалыптастырады.  В. 

Сухомлинский: “ Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес, 

ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі 

жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз  – 

ұшқын білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жаңар оты” деген ой айтады. Ойын екі түрлі 

уақыттық  бағытты  қамтиды:  қазіргі  және  болашақ.  Біржағынан  бала  бірден,  осы  мезетте 

қуанышқа  бөленеді;  екінші  жағынан  ойын  әрқашан  болашаққа  бағытталған,  өйткені  ойын 

барысында  тұлғаның  келешек  өміріне  ықпал  ететін  сапалы  қасиеттері  мен  іскерлік 

дағдылары  қалыптасады.Ойында  ең  алғаш  баланың  дүниеге  әсер  етуді  қажетсінуі 

қалыптасады және көрінеді, ойынның негізгі, жалпы мәні де осында. Ойын жөнінде айтылған 

философиялық  көзқарастар  әлем  мәдениетімен  тығыз  байланысты.  Сонау  ерте  замандағы 

эллиндік және римдік халықтар өмір сүрген дәуірдің өзінде-ақ ойынды балаларды тәрбиелеу 

құралына жатқызып, жауынгер ұландарды дайындау үрдісіне қосқан. Сондықтан да, қазіргі 

заман талабына сай бала тәрбие- сінде, балалар ойындарына ерекше мән беріліп отыруы тиіс 

деп,  ойлаймыз.        Егер,  біз  осы  жобамызда  жазғандай  балалармен  ойын  арқылы  жұмыс 

жасайтын  болсақ,  онда  біз  баланың  құндылығын,  жан-жақты  білімді  болуын  дамыта  оты- 

рып, мақсатқа жетер едік. Ойынмен ұйымдастырылған іс - әрекет балаларға көңілді, жеңіл 

келеді.  Сондықтан  ойынды  іріктеп  алуға  нақтылы  сабақтың  мақсаты,  мүмкіндіктерімен 

жағдайларын ескеруге ерекше назар аударған жөн. 

          Ойын – балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына 

ойын  азық»  деп  бекер  айтпаған.  Өйткені,  ойын  үстінде  баланың  бір  затқа  бейімділігі, 

мүмкіндігі  және  қызығуы  анық  байқалады.  Ойын  мазмұны  мен  түріне  қарай:  мазмұнды-

бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. 

Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған 

қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек 

ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың 

өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады. 

Бала  алған  рөлдеріне  сай  кейіпкердің  киімін  киіп,  қимылын,  дауыс  ырғағын  мәнерлі 

жеткізуге  тырысады,  көркемдік  сабақтардан  (ән-саз,  бейнелеу  өнері  сабақтары)  алған 

білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу 

өнері  сабақтарында  жасаған  ыдыс,  үй  жиһаздарын,  қағаздан  құрастырған  заттарды  ойын 

құралы  ретінде  пайдаланады.  Мазмұнды-бейнелі  ойынның  ерекшелігі:  оны  балалардың 

өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. 

Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін. Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі 

үй  құрылысын  жасап,  оның  бояуларының  бір-бірімен  келісімді  болуын  қадағалайды. 

Құрылыс материалдарын пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі 

(кең, тар), биіктігі (биік, аласа) бойынша салыстырады.  Ойын барысында шығармашылық 

танытып,  жаңа  мазмұн  ойластырып,  белсенділік  көрсетедіДидактикалық  ойын  барысында 

есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтар мен 

әр  түрлі  саздық  аспаптардың  дыбыс  шығару  ерекшелігін  ажыратуға,  заттарды  пішініне, 

түсіне,  көлеміне  қарай  іріктеуге,  әр  түрлі  қимылдарды  орындауға  үйренеді.  Ауызша 

ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына 

еліктеу  қабілеттері  жетіледі.  Ертегі  немесе  әңгіменің  мазмұны  бойынша  бөлек-бөлек 


731 

 

731 



 

суреттерді  пайдаланғанда  оларды  белгілі  бір  тәртіппен  жинау  үшін  байқағыштық  пен 

тапқырлық  көрсетеді.  Қимыл-қозғалыс  ойынында  балалар  санамақтар,  өлеңдер,  тақпақтар 

қолданады. Бұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, 

кеңістікті,  уақытты  бағдарлауға  үйренеді,  батылдық,  тапқырлық,  қайраттылық,  достық, 

жолдастық  көмек,  тәртіптілік,  ойын  ережесіне  бағына  білу  сияқты  адамгершілік  сапалар 

тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдық 

мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның 

қай түрі болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.    

Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның 

мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер 

бала  бола  ма?»  деп  айтқандай  баланың  өмірінде  ойын  ерекше  орын  алады.  Жас  баланың 

өмірді  тануы,  еңбекке  қатынасы,  психологиялық  ерекшеліктері  осы  ойын  үстінде 

қалыптасады.  Ойынды  зерттеу  мәселесімен  тек  психологтар  мен  педагогтар  ғана  емес, 

философтар,  тарихшылар,  этнографтар  және  өнер  қайраткерлері  мен  бала  тәрбиесін 

зерттейтін  ғалымдар  да  шұғылданды.  Көптеген  балалар  жазушылары  бала  ойынының 

психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені 

де  мәлім.  Балалар  ойынында  кейде    өлең-тақпақтар  жиі  кездеседі.  Ол  өлең-тақпақтардың 

негізгі  мақсаты  тапқырлыққа,  шапшаңдыққа,  ептілікке  баулу,  қиялына  қанат  беріп,ойын 

ұштау,  өз  бетімен  іскерлікке,  қысылған  жерде  дұрыс  шешім  қабылдауға  тәрбиелеу.  Бұған 

қоса кез-келген ойынның аяғында жеңу бар да, жеңілу бар. Жеңгендер әрі қарай өз биігінде 

қалуға  тырысса,  жеңілгендер  айып  тартады.  Ол  көбінесе  тақпақ  айту,  ән  салу,  би  билеу 

түрінде  болады.  Бұдан  қай  ойынның  да  түпкі  нысанасы  -  балалардың  бойында  өнердің, 

білімнің,  тәрбиенің  нұрын  себу,  өлең,  тақпақ  айтуға  төселдіру  екенін  аңғару  қиын  емес. 

Жалпы ойынның қандай түрі болмасын, атадан балаға, ұрпақтан- ұрпаққа ауысып отырады. 

Халық  ойындары  өмірлік  қажеттіліктен  туады  да,  психологиялық  жағынан  денсаулық 

сақтауға негізделеді. Тапқыр да алғыр, шымыр да епті, қайратты да қажырлы бала өсіруді 

армандамайтын  отбасы  жоқ.  Демек  ойынның  өзі  бала  үшін  біліктің,  тәлімнің  қайнар  көзі 

болып  табылады.  Балаларға    ұлттық  ойындарды  үйретіп,  оған  өзгеше  әр  беріп,  жаңартып  

өткізіп отыруды ата-аналар, тәрбиешілер бір  сәт  те естен шығармағандары абзал. Өйткені 

жас өндір бүлдіршіндер ойнай да, күле де, ойлай да білсін!  

       Қорыта келгенде: дүниеге ұрпақ әкелген соң, оған дұрыс тәлім – тәрбие беру, әрбір ата – 

ананың парызы. Бүгінгі бала ертеңгі ел болашағы. Оларға сапалы білім, тәлім – тәрбие беру 

тек мұғаліммен ата – ананың еншісі. Мектеп жасындағы баланың адам болып қалыптасуы 

үшін мектеп пен отбасының парызы басын тең ұстауы қажет. Ендеше, ата – ана мен ұстаз өз 

перзентін мәдениетті адамгершілігі мол, білімді, құзіретті, ата салтын, ана тілін қастерлейтін 

ұлтжанды туындап отырса, біздің жобамыз осы мәселені шешуге қызмет ететін құрал деп 

санаймыз. 

 

      Қолданылған әдебиеттер тізімі: 



«Казахские детские игры» кітабы авторы: Молдагаринов Аскар Алма-Ата  «Жалын» 1987 г. 

«Қазақтың ұлттық ойындары» кітабы авторы: Базарбек Төтенаев 

Алматы «Қайнар» баспасы 1994 ж. 

«Шынашақ» кітабы. Құрастырушылар – М. Әлімбаев, Қ. Баянбаев. 

Алматы «Балауса» 1992 ж. 

 

1.Бала тәрбиесі, № 12, 2007ж. 



2.Бала тәрбиесі, № 5, 2007ж. 

3.Қазақстан мектебі, № 2, 2007ж. 

4.Тәрбие құралы (мұғалімдер мен ата – аналар үшін), №4, 

5.2007ж. 

«Қазақстан мектебі» журналы № 9-10 20 

 

1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   134




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет