«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



жүктеу 15.04 Mb.
Pdf просмотр
бет21/134
Дата22.04.2017
өлшемі15.04 Mb.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   134

Пайдаланған әдебиеттер: 

1.

 



Ахметов С. Бастауыш кластарда білім берудің жолдары, Алматы.Рауан.1994. 

2.

 



Абдуллина О.А. Общая педогическая подготовка учителей.М.1990. 

3.

 



Әбиев Ж., С.Бабаев,А.Құдиярова. Педогогика. А., Дарын., 2004. 

4.

 



Бейсенбаева А.А. Педагогикалық лекциялар циклі.Ред.Басыл. 

5.

 



Бабаев С.Б.,Оңалбек Ж.К. Педагогика негіздері, Алматы "Заң әдебиеті" 2005жыл, 228 бет. 

6.

 



Ғ.Ақманбетов,Т.дәуітов,А.Жақыпов. Педагог этикасы.А.1969ж. 

7.

 



З.Ә.Әбілова. Этнопедагогика. А.1997ж. 

8.

 



Мамандыққа кіріспе.А.1991ж. 

9.

 



Нұрғалиева Г.Қ., Ахметова Г., Тілеова С.С. Кәсіптік білім беру негіздері. Алматы., 2004. 

 

 



 

 


152 

 

152 



 

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЕСІ 

 

Мусаева Г.О., бастауыш сынып мұғалімі 

№16 ЖББ ОМ, Қарағанды қаласы 

 

    Бүгінгі мұғалімдердің басты міндеттердің бірі – білім беру жүйесін жаңарту болып 

саналады. Бастауыш сынып оқушылары үшін ең беделді адам-ол өзінің ұстазы. Оқушылар әр 

пәннен алатын білімдерін мұғалім арқылы қабылдайды. Бастауыш мектепте оқыту мазмұнын 

жаңарту  жұмыстары  бағдарламаға  сай  жүргізіліп,  оқыту,  тәрбиелеу,  дамытудың  жаңа 

мүмкіндіктері  ашылды.  Білім  саласындағы  түбегейлі  өзгерістер  ұстаздардан  үлкен 

жауапкершілікті  талап  етеді.  Қоғамның  дамуы  келешек  ұрпаққа  білім  беруші  мұғалімнің 

біліктілігіне тікелей байланысты. Осыған байланысты оқушылар арасында өзара  түсіністік 

және 

ұжымдық 


қарым-қатынасты 

орнатып, 

оқушылардың 

сенімсіздіктерін 

жойып,  мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын критериалды бағалау болып табылады. Кез-

келген мұғалім критериалдық бағалауды қолданбас бұрын оның өзіне тән терминологиясын 

толық меңгерген жөн.  

Балалардың    білім  сапасын  арттыруда  мұғалім  бала  дамуының  мынадай  негізгі 

белгілерін:  дербестігін,  проблемалық  ситуация,  шығармашылық  таным  әрекетін, 

диалектикалық ойлауы т.б. қадағалап, балалармен жеке — дара жұмыстар жүргізеді. Білімнің 

жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет – ақ. Жаңалықты меңгеру мен 

жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әртүрлі кедергі жасайтыны белгілі. 

Сондай  педагогикалық  технологиялардың  бірі  —  оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан 

ойлауды дамыту. 

Сын  тұрғысынан  ойлау  —  өз  алдына  сұрақтарға  жауап  іздеп,  жан-жақты  пікірлесіп, 

талдау  жасап  отыру.  Бала  санасын  сол  тақырыпқа  байланысты  ояту,  ой  шақыру,  ойын 

тұжырымдау,  қасындағы  балалармен    пікірлесу,  топтасу.  Сын  тұрғысынан  ойлау  –  сынау 

емес, шыңдалған ойлау. Жас балалардың да бұл жұмысы дұрыс ұйымдастырылған жағдайда 

өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. 

Қазіргі кезде оған жететін жаңа педагогикалық технологияларда баршылық. Соның бірі 

—  критериалды  бағалау  жолдары.  Біз  бұл  бағалау  жолын  сын  тұрғысынан  ойлау 

технологиясы арқылы жүзеге  асыра  аламыз. 



Критериалды  бағалау  оқушының  оқу  нәтижелерін  білім  беру  мақсаттары  мен 

мазмұнына  сәйкес  келетін,  білім  беру  үдерісіне  қатысушылардың  (оқушылар,  мектеп 

әкімшілігі,  ата-аналар,  заңды  тұлғалар  және  т.б.)  барлығына  алдын  ала  таныс,  ұжым 

талқысынан  өткен,  нақтыанықталған  өлшемдер  арқылы  оқушылардың  оқу  жетістіктерін 

салыстыруға негізделген үдеріс.  Біз бұл бағалау жолын сын тұрғысынан ойлау технологиясы 

арқылы жүзеге асыра аламыз. Сын тұрғысынан ойлау  - өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, 

жан-жақты пікірлесіп, талдау жасап отыру. Бала санасын тақырыпқа сай ой шақыру, ойын 

тұжырымдау,  қасындағы  балалармен  пікірлесу,  топтасу  арқылы  білімдері  молаяды.  Сын 

тұрғысынан ойлау  – сынау емес, ойлау, алдыға жетелеу. Жас балалардың да бұл  жұмысы 

дұрыс  ұйымдастырылған  жағдайда  өз  даму  деңгейіне  сәйкес  ойы  шыңдалып,  белгілі  бір 

жетістіктерге  жетері  сөзсіз.  Сабақ  барысында  алынған  білім  сын  тұрғысынан  талданып, 

меңгерілген біліммен салыстырылып, өзіндік түсінік пайда болады. Критерийлер - оқытудың 

міндеттерін  жүзеге  асыратын  өлшемдер,  атап  айтқанда,  оқушылар  жұмыс  барысында 

орындайтын іс-әрекеттер тізбесі. Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, 

онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте 

егер  баламен  бірге  оның  жұмысында  мұндай  бағалауға  не  әкелгенін  және  бағалау 

өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін 

не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, 

орындаушы болып келген, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне 

ерекше мән беруіміз керек. Бастауыш сыныптардың негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, 

білімге және оқуға деген сенімін нығайту, іскерлік пен дүниетанымын қалыптастыр, оқуға 


153 

 

153 



 

деген  қызығушылығын  оятып,  ынтасын  арттыру  болып  табылады.  Критериалды  бағалау 

әдісі  арқылы  бізде  оқушының  ең  алдымен  қызығушылығын  оята  аламыз,  белсенділігін 

арттырамыз, өз ойын ашық айтуға үйретеміз, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырамыз, 

соңғысы жинаған түрлі бағалау жинаған ұпай арқылы өзін-өзі бағалайды.              

      Критериалды бағалау-оқушы бойындағы үрейленуді басады және оқушы бойында 

өзін өзі бағалау, өз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік  қабілетінің дамуына ықпал етеді. 

Мұндай бағалау кезінде оқушы өзін басқа оқушымен салыстырмай өз мүмкіндігін бағалап, 

жетістікке жету жолдарын іздейді және жетістікке жету жолын табуға әректтенеді. Бағалау 

парағы  арқылы  ата-аналармен  байланыс  орнатылады.  Бұл  жерде  ата-ана  да  баласының 

жетістіктері мен олқылықтарын көріп. оны жоюға жұмыс жүргізеді. Бағалау критерилерімен 

танысып,  хабардар  болады.  Оқушыны  сабаққа  белсене  қатыстыру  үшін  әр  сабақ  барысын 

жеке  формада,  жаңа  әдісте  жүргізу  шарт.  Оқудың  әдіс-тәсілдері,  формалары  талаптарға 

лайық  болуы,  жастардың  бойында  ақпараттық  мәдениетті  қалыптастыру  үшін,  ұстаз 

ақпараттық технологияны  өз іс-әрекетінде тиімді, сауатты ұйымдастыруы қажет. 

      Критериалды  бағалауды  не  үшін  енгізуге  болады?  Оны  енгізудің  мақсаты 



қандай?  деген  сқраққа  жауап  іздеп  көрелік:  біріншіден,  бастауыш  сыныптарда  оқыту 

сапасын  арттыруға  болады;  екіншіден,  оқушыларды  ір  түрлі  тапсырма  беру  арқылы 

шығармашылыққа  баулуға  ойлау  қабілеттерін  дамытуды  жетілдіреді;  үшіншіден,  алдыға 

мақсат  қоя  білуге  және  бала  бойында  сенімділікті  ұялатуды  көздейді.  Ал  критериалды 



бағалау төмендегі міндеттерді айқындауға мүмкіндік береді: 

 



Сабақтың әр  бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға; 

 



Өтілген материалды еске түсірге; 

 



Оқушының даму жетістігін бақылауға; 

 



Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын жоюға

 



Сабақ барысында алған бағасының  әділдігіне көзін жеткізуге; 

 



Кері байланыс арқылы оқушының білімі мен ойын білуге;. 

      Білім  сапасын  көтеру  мақсатында  түрлі  жаңалықтарды  мектеп  өміріне  енгізіп 

жүрміз. Білімнің сапасын көтерудің қазіргі таңда жолдары көп. Ең бастысы білімді де білікті, 

ұшқыр  ойлы  шығармашылық  қабілеті  мол  ұстаздың  шәкіртімен  бірлесе  еңбек  етуі  талап 

етіледі. Критериалды бағалаудың маңыздылығына тоқталсақ. 

 



бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды; 

 



баға оқып- зерделенген материал бойынша ғана қойылады; 

 



өзінің  оқу  жетістіктерінің  деңгейін  анықтау  үшін  және  ата-  аналарға  оқушының 

бағалау парағы ұсынылады; 

 

оқушының оқуға және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады



Мұғалімдерге  критериалды  бағалауды  қолдануға  әр  пәннен  нұсқаулық  дайындап, 

бағалау  А,В,С,Д  критерийлері  арқылы  жүргізуге  болады.  Әрбір  критерий  тапсырмаларды 

жүйелі бағалауға арналған. Бұл критерийлер арқылы бағалау үшін әрбір оқушыны жеке және 

топтық  жұмыстарын  бағалауға  арналған  тиімді  дескрипторлер  құрылады.  Әрбір 

дескрипторлер арқылы бала өз жұмысын бағалай алады. Бастауыш сыныптарды бұлардың 

ішінде айтылған А,В,С критерилерімен бағалауға болады. Мұндай бағалау бастауыш сынып 

оқушыларының өз деңгейлеріне сай келеді. 

Бастауыш  сынып  оқушылары  өз  беттерінше  А,В,С  критерийлері  арқылы  өз 

кемшіліктерін таба алады, дұрыстығына назар аударады. Бастауыш сынып оқушыларының 

білімін  мұндай  бағалау  бастапқы  кезде  аздап  қиындық  туғызады.  Бірақ  келе-келе  баланы 

қалыптастыруға  болады.  Бастауыш  сынып  оқушыларын  критериалды  бағалау  жүйесінің 

жеңіл түрі алынады. Мұндай бағалау жүйесінде біз балаларды оқытуда жеке жұмыс, топтық 

жұмыс, ой қозғау, ББҮ кестесі (INSERT), топтастыру, рефлексия сияқты бірнеше әдістерді 

қолдана  аламыз.  Осындай  әдістерді  пайдаланған  кездерде  кейде  мүлдем  сабаққа 

қатыспайтын  балаларымыз  өздігінен  қол  көтеріп,  аз  да  болса  өз  ойын  айтып,  аз  да  болса 

нақты  екі  үш  сөйлем  жазып,  жеке  жұмыс  жүргізуге  талпынады.  Критериалды  бағалау 

жүйесін әрбір сабақта тиімді пайдалануға болады. Әрбір жаңа сабақты оқытуда тек бір «A» 


154 

 

154 



 

критериін  алуға  да  болады.  Өткен  сабақтарды  қайталауда  «B»  критериін  алуға  болады. 

Сабақты  қорытындылағанда  «C»  критериімен  бағалау  тиімді.  Бастауыш  сыныптардағы 

оқытудың  мазмұнында  оқытылатын  пәндер  ерекше  орын  алады.  Мұнда  пәннің  алдына 

қоятын  ең  негізгі  мақсат,  міндеттерінің  бірі:  оқушының  оқу-танымдық  әрекетін 

қалыптастыруды оқытудың жаңа технологияларын оқу үдерісіне еңгізудің маңызы ерекше. 

Бүгінгі  білім  беруде  оқушыны  білімділік,  іскерлік,  шығармашылық  әдістерге  баулудың 

жолдарын  іздестіре  отырып,  мұғалім-шәкірт  арасында  рухани  және  сезім  бірлестігін 

айқындайды. 

    Қазіргі  жаңашыл  ұстаз  жаңа  технологияларды  өмірге  енгізуге  дайын,  оқу-тәрбие 

ісіне  жанашырлық  танытатын,  қоғамның  ең  озық  бөлігінің  бірі.  Оқу-тәрбие  үдерісінің 

мазмұнына  және  ұйымдастырылуына  комплексті  тұрғыда қарайтын,  зерттеушілік  ыңғайға 

бейім,  теория  мен  практика  іс-әрекетін  біріктіре  білетін,  өмірлік  құндылық  қағидалары 

адамгершілік,  ізгілік,  еңбекқорлық,  парасатты  мінез  -  құлық  қасиеттерді  бойына  сіңірген 

ұстаз.  Бүгінгі  заман  талабы  -  жан-жақты  дамыған,  өзіндік  «мені»  қалыптасқан  тұлға 

тәрбиелеу.  Оқушы  тұлға  болып  қалыптасуы  үшін  оның  бойында  түрлі  жағдаяттағы 

проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды 

өз бетімен табуға, талдауға, алған білімдерін өмірде қолдануға бейімдеу болып табылады.  

     Қорыта  айтқанда,  бүгінгі  оқушының  білім  сапасын  критериалды  бағалау  жүйесі 

арқылы жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан көз жеткізуге 

болады.  Критериалды  бағалау  жүйесі  оқушының  белсенділігін  арттыруды,  оқу  үдерісінде 

жарыса,  бәсекелесе  білім  алуға  қол  жеткізеді.  Заманауи  тәсілдің  ең  негізгі  ерекшелігі 

оқушылардың  алған  білімдерін  жай  ғана  иеленіп  қоймай,  оларды  орынды  жерде  қолдана 

білуіне  басты  назар  аудару  болып  табылады,  ал  ХХІ  ғасырда  талап  етілетін  дағдылардың 

мәні осында. 

 

Пайдаланған әдебиеттер 

1.

http://www.google.kz



 К.Құдайбергенова. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критериі 

//  «Білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және  практикалық нәтижесі» 

атты халықаралық ғылыми–практикалық конференцияның материалдары. 2008. 

2. Мектеп №05. 2008 

3.Бастауыш мектеп 2009. 01. №1 

4.Жаңа білім беру технологиясы мен әдіс тәсілдері 

5.  Көкіжанова  Г.К.  Оқушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалау  білім  сапасын  басқарудағы 

негізгі критерий – Педагогика, 2009 ж. 

 

 

БИЛИНГВАЛЬНЫЙ КОМПОНЕНТ КАК НЕОТЪЕМЛЕМАЯ ЧАСТЬ 



СОВРЕМЕННОГО ЛОГОПЕДИЧЕСКОГО ЗАНЯТИЯ 

 

Масленникова И. А. 



Негосударственное учреждение учебный центр «Erfolg» 

 

 



Изучение  государственного  языка  является  одной  из  актуальнейших  задач 

современного образования. Особенно это относится к детям дошкольного возраста. Именно 

в  этом  возрасте  закладываются  основы  знаний,  умений  и  навыков,  которые  ребёнок 

развивает и совершенствует в дальнейшем школьном обучении.  

 

В  последнее  время  стал  очень  актуальным  термин  «билингвальное  обучение». 



Билингвизм (двуязычие) – это функциональное свободное владение и использование двух 

языков.  В  нашей  республике  это  государственный  (казахский)  и  русский  языки. 

Целенаправленное  использование  этих  двух  языков  в  процессе  обучения  и  является 

билингвальным образованием.  



155 

 

155 



 

 

Для  большинства  дошкольников  нашего  учебного  центра  русский  язык  –  первый 



язык,  на  котором  они  учатся  говорить,  думать,  общаться  с  окружающими.  Однако,  дети, 

начиная со второй младшей группы, приобщаются к казахскому языку, который слышат от 

воспитателей  и  преподавателей  различных  дисциплин  в  течение  всего  дня  пребывания  в 

центре. Именно с младшего дошкольного возраста необходимо развивать интерес детей к 

казахскому  языку,  осваивая  разговорный  язык,  связанный  с  бытовой  сферой  общения  и  с 

окружающей действительностью.  

 

У ребёнка с младшего возраста воспитывается уважение и интерес к казахскому языку  



как  к  государственному.  Цель  билингвального  образования  –  формирование  готовности 

детей  к  дальнейшему  изучению  государственного  языка,  стремления  к  общению  со 

взрослыми.  

 

Содержание  знаний  дошкольников  по  государственному  языку  отражено  в 



программах  обучения  и  воспитания  «Зерек  бала»  и  «Біз  мектепке  барамыз».  Из  этих 

программ  можно  выделить  пять  основных  задач  обучения  детей  дошкольного  возраста 

казахскому языку: 

1.

 



Формирование устойчивого, заинтересованного, уважительного отношения детей к 

государственному языку; 

2.

 

Воспитание  правильного  произношения  дошкольниками  специфических  звуков 



казахского языка ([ә], [ө], [ү], [ұ], [і], [ғ], [қ], [ң], [һ]); 

3.

 



Формирование элементарной детской диалогической и монологической речи; 

4.

 



Развитие культуры речи дошкольников; 

5.

 



Обогащение  и  активизация  словаря.  Перенос  слов  на  государственном  языке  из 

пассивного словаря детей в активный. 

Конечно, главная роль в изучении государственного языка отводится специальным 

занятиям, которые проводит дипломированный специалист. Но освоение детьми казахского 

языка  не  ограничивается  лишь  этими  занятиями.  В  нашем  учебном  центре  двуязычие 

применяется повсеместно: при проведении занятий воспитателями, при общении помощника 

воспитателя с детьми, при проведении музыкальных и хореографических занятий, а также на 

всевозможных мероприятиях центра (праздники, конкурсы, эстафеты и многое другое).  

 

Кроме  того,  билингвальный  компонент  активно  используется  и  при  проведении 



логопедических  занятий,  независимо  от  формы  их  проведения.  Фронтальные 

(общегрупповые),  подгрупповые  и  индивидуальные  логопедические  занятия  проводятся  с 

систематическим использованием слов, фраз и выражений на государственном языке. Во – 

первых,  на  логопедических  занятиях  закрепляется  языковой  материал,  изученный  детьми 

ранее на занятиях по изучению казахского языка. Во – вторых, это является пропедевтикой 

изучения казахского языка дошкольниками. В – третьих, это активизирует интерес детей к 

логопедическим занятиям и внимание родителей к ним.  

 

В  начале  2016  –  2017  учебного  года  в  нашем  центре  логопедом  было  проведено 



анкетирование  родителей  всех  детей,  посещающих  НУ  УЦ  «Erfolg».  Было  опрошено  185 

человек. Среди прочих, в анкете был вопрос: «Считаете ли вы необходимым билингвальный 

компонент (слова, фразы и выражения на казахском и русском языках) на логопедических 

занятиях?»  Среди  вариантов  ответа  были:  «Да,  считаю»,  «Нет,  не  считаю»,  «Затрудняюсь 

ответить». Получены следующие результаты: 

1.

 



«Да,  считаю»  -  153  человека,  что  составляет  83%  от  общего  количества 

респондентов; 

2.

 

«Нет, не считаю» - 23 человека (12% от общего количества респондентов); 



3.

 

«Затрудняюсь ответить» - 9 человек (5% от общего количества респондентов); 



Из результатов анкетирования следует, что подавляющее большинство родителей  

детей, посещающих  НУ УЦ «Erfolg» (83%), выступают за изучение государственного языка 

их детьми, за использование билингвального компонента на логопедических занятиях. 

 

 Билингвальный 



компонент  является  неотъемлемой  частью  современного 

логопедического  занятия.  Он  используется  на  любом  этапе,  будь  то  артикуляционная 



156 

 

156 



 

гимнастика, физпауза или другой этап. Примеры использования билингвального компонента 

на логопедических занятиях: 

1.

 



Организационные моменты занятия: приветствие (со взрослым человеком: 

«Сәлеметсіз  бе»,  с  игрушкой  –  гостем  занятия:  «Сәлем»);  прощание  (со  взрослым:  «Сау 

болыңыз», со сверстником: «Сау бол»); 

2.

 



Название дыхательных и артикуляционных упражнений произносится на русском  

и  казахском  языках  («Слон»  -  «Піл»,  «Лягушка»  -  «Бақа»,  «Собака»  -  «Ит»,  «Лошадка»  - 

«Ат», «Часы» - «Сағат», «Забор» - «Шарбақ»  и многие другие); 

3.

 



Выполнение простых инструкций логопеда («Заходи» - «Кір», «Стой» - «Түр», 

 «Слушай»  -  «Тыңда»,  «Двигайся»  -  «Қозғал»,  «Садись»  -  «Отыр»,  «Возьми  стул»  - 

«Орындықты ал» и многие другие); 

4.

 



Обогащение словаря детей словами на казахском языке в соответствии с 

изучаемой  лексической  темой.  Например,  осень  –  күз,  лист  –  жапырақ,  жёлтый  –  сары, 

красный – қызыл, дождь – жаңбыр, холодно – суық и другие; 

5.

 



Физпаузы на казахском языке. Например,  

Біз аяқпен топылдаймыз, 

Біз қолмен шапалақтаймыз, 

Баспен біз шайқаймыз, 

Қолды жоғары көтереміз. 

Одан кейін түсіреміз, 

Одан кейін ақырын 

Орнымызда жүгіреміз. 

В  начале  учебного  года  логопедом  совместно  с  преподавателем  казахского  языка 

составляется  перспективное  планирование  билингвального  компонента  по  месяцам 

обучения. В зависимости от возраста дошкольников  речевой материал на государственном 

языке  усложняется  и  увеличивается  в  объёме.  В  системе  логопедических  занятий 

билингвальный  компонент  внедряется  при  организации  и  проведении  сюжетных  игр, 

игровых ситуаций и драматизаций. Важно, чтобы у детей возникла связь между словом на 

казахском языке и предметом, между фразой и действием. 

Важно, чтобы логопед, использующий слова, фразы и выражения на государственном 

языке, сам правильно и чётко произносил специфические звуки казахского языка, правильно 

обозначал ударение в словах. С этой целью в нашем центре преподаватель казахского языка 

проводит консультации с воспитателями, педагогами и персоналом. Дошкольники слышат 

правильную речь на государственном языке. 

Цель билингвального образования – формирование двуязычных (а в перспективе – и 

трёхъязычных)  личностей,  способных  свободно  осуществлять  коммуникативно  – 

деятельностные операции на двух (трёх) языках во всех жизненных ситуациях. Посильный 

вклад  в  приобщение  дошкольников  к  государственному  языку  вносит  логопед.  Одним  из 

подтверждений этого является ребёнок, идущий по коридору нашего центра, и говорящий 

своей маме: «Это не просто упражнение «Часы». Это «Сағат».  

Таким  образом,  дошкольники  овладевают  государственным  языком  не  только  на 

специально организованных занятиях, но и на занятиях с логопедом. 

   

 

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДА ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯ 



МҮМКІНДІКТЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 

АСПЕКТІЛЕРІ  

 

Шутенова С.С., Нүркенова Г.Қ., Есмагулова А.А. 



ЖММ «Болашақ» Академиясы 

 


157 

 

157 



 

XXI  ғасырда  болашақ    мамандарды  даярлауға,  олардың  кәсіби  бейімделуін 

қалыптастыру мәселелері - кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Сондықтан біз болашақ 

педагог  маманның  жаңа  педагогикалық  заманауи  технологияларды  қолдануға  даярлығын 

қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасадық. Болашақ мамандардың жаңа 

заманауи  педагогикалық  технологияларды  қолдануға  даярлықты  қалыптастыру  мына 

көрсеткіштерді қамтиды: 

Қазіргі  таңда  білім  берудің  өзіндік  жаңаша  үлгісі  қалыптасуда.    Бүгінгі  педагогика 

ғылымының  бір  ерекшелігі  –  баланың  тұлғалық  дамуына  бағытталған  жаңа  оқыту 

технологияларын шығаруға ұмтылуы. 

Тиімді оқыту жолдарын бүкіл әлем педагогтары қарастыруда. Нәтижелі оқыту мәселесі 

педагогика мен психологияның соңғы жаңалықтарын қолдану негізінде жүргізілуде. 

Қазіргі  кезде  ақпараттық-коммуникациялық  технологияны  дамыту  білім  беру 

саясатының  ажырамас  бөлігі  болып  табылады.  Біз  "ақпараттық  жарылыс"  дәуірінде  өмір 

сүріп отырмыз. Ғылыми білім мен ақпарат көздерінің мөлшері тез өсуде. Ақпараттандыру - 

жеке  және  заңды  тұлғалардың  ақпаратқа  деген  талаптарын  қанағаттандыру  мақсатында 

ақпараттық  және  коммуникациялық  технологияларды  пайдалану  негізінде  ақпараттық 

қорлар  мен  жүйелерді  қалыптастыруға  және  дамытуға  бағытталған  ұйымдастырушылық, 

әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс.  

Мемлекеттікті  нығайту  және  ұлттық  қызығушылықтардың  дамуы  мәселелерінде 

ақпараттық  технологияларды  енгізуді  қолдану  және  кеңейтуде  үлкен  қажеттілік  туындап 

отыр.  


Сонымен  бірге  білім  беруді  ақпараттандыру  жағдайында  болашақ  педагог 

мамандардың ақпараттық сауатылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы 

сияқты қабілеттерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. 

Ал,  қазіргі  таңда  жоғарыдағы  аталған  мәселе  қалай  жүзеге  асырылып  жатыр  деген  сауал 

туындайды. Әсіресе, мемлекеттік тілде осы бағыттағы мәселелерді әлі де жеткілікті деңгейде 

емес. 


Психологиялық-педагогикалық  ғылымда  өңделеген  қызмет  принципіне  сәйкес 

болашақ  педагогтардың  жеке  тұлғаларының  кәсіби  қасиеттерінің  дамуы  тек  қоғамдық 

тәжірибені  меңгеру,  болашақ  педагог  мамандардың  өздерінің  белсене  қызмет  ету  арқылы 

жүзеге асатын меңгеру негізінде ғана жүре алады. Адамзат мәдениетінің қол жеткізулеріне 

ие болу үшін әр жаңа ұрпақ осы қол жеткізулер үшін істелген қызметке ұқсас қызметті жүзеге 

асыруы  керек.  Осыған  байланысты  болашақ  педагог  мамандардың  мамандандырылған 

қызметіне сәйкес оқу қызметін ұйымдастыру маман даярлау жүйесінің қажетті кешені болып 

табылады.  

Сондықтан 

ұрпақ 


тәрбиесімен 

айналысатын 

әлеуметтік, 

педагогикалық, 

психологиялық  қызметтің  тиімділігін  арттыру,  оны  жаңа  сапада  ұйымдастыру  қажеттігі 

туындайды.  Бұл  үшін  әрбір  оқытушының  заманауи  іс-әрекеттің  ғылыми-педагогикалық, 

психологиялық  негіздерін  меңгеруі  мақсат  етіледі.  Заманауи  технологияны  пайдалану 

міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейге жеткізеді.  

Қоғамда  ақпараттандыру,  есептеу  техникасы  құралдары  кеңінен  таралуымен 

байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де 

елеулі  ықпал  етеді.  Білім  беру  жүйесіндегі  қайта  құрулардың  негізгі  субьектісі  -  мұғалім. 

Қазіргі  мектепке  шығармашылық  ізденіс  қабілеті  дамыған,  жаңа  педагогикалық 

технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Ол 

бір  уақытта болашақ педагог-психолог және оқу процесін ұйымдастырушы технолог бола 

білуі керек. 

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің 

нәтижесін көретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбіне жаңашыл, заманауи болып табылады. 

Оқытудың жаңа технологиялары мынандай негізгі  принциптерді басшылыққа алады: 

оқыту мен тәрбиенің бірлігі, оқушыға өз бетімен әрекет ету әдістерін меңгерту,  оқушының 


158 

 

158 



 

танымдық және кәсіби икемділігін дамыту, оқушыға ізгілік тұрғысынан қарау, оқу процесін 

оқушының сезінуі.  

Педагогикалық инновацияларға:  

1)  жаңа  емес,  бірақ  өзінің  өзектілігін  жоймаған  және  педагогика  ғылымы  мен 

практикасы  жүйесін  қамтитын,  әлі  толық  жетілдірілмеген  оқу-тәрбие  үдерісін 

оңтайландырудың жалпы идеялары мен практикалық технологияларын; 

2)  ізгілік  педагогикасының  барлық  қағидалары  мен  практикалық  технологиялары 

жиынтығын қарастыруды; 

3)  жаңа  идеяларға  негізделген  педагогикалық  үдерістерді  ұйымдастыру  мен  басқару 

амалдарын; 

4) ақпараттандыру мен жаппай коммуникациялаудың жаңа идеялары мен құралдарына 

негізделген технологияларды жатқызуға болады». 

Оқыту технологиясы және оқытудың жаңаша технологиясы және заманауи технология 

ұғымдарын  нақты  анықтамалар  негізінде  түсіндіре  аламыз.  Бұл  тұрғыда  мынандай 

қорытынды жасаймыз: 

-

 

оқыту  технологиясы  –  оқушылардың  өнімді  қызметін  ұйымдастыруға  мүмкіндік 



беретін оқыту жағдайлары, атап айтсақ, әдіс-тәсілдер, құралдар жиынтығы; 

-

 



жаңаша  оқыту  технологиясы  -  диагностиканы  басшылыққа  алған  жеке  тұлғаға 

қарай бағыттаған мақсатты,  сапалы оқу әрекетін ұйымдастыру; 

-

 

заманауи технология материалдық еңбек өнімдерінің жақсартылған сапасына қол 



жеткізуге  және  қоғам  мен  жеке  тұлғаны  дамытуға  негізделген  мақсатты  өндірістік  және 

әлеуметтік  жүйеде  теориялық  және  тәжірибелік  жағынан  жаңалықтарды  қолдану  болып 

табылады. 

Болашақ мұғалімдерді даярлауда кәсіптік АКҚ-ты қалыптастыру жалпы педагогикалық 

және  пәндік  құрама  болып  екіге  бөлінеді.  Жалпы  педагогикалық  құрама  -  бұл  оқыту  мен 

тәрбиелеу  процестерінде  ақпараттық  және  коммуникациялық  технологияны  қолданудың 

жалпы  бағыты;  пәндік  құрама  -  оқу  пәндерінің  (педагогика,  психология  және  т.б) 

ерекшеліктерін бейнелейтін спецификалық бағыт.  

Әрбір білікті ұстаз  жаңа технологияларды меңгере отырып, өзінің білгенін оқушыларға 

жақсы түсіндіре білсе, сол мұғалімді біліктілігі жоғары жаңа формациядағы мұғалім деп айта 

аламыз.  "Әрбір елдің тілін, өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағдысына кіреді" деген 

ұлы  ақын  Абай  атамыз.  Абай  атамыз  айтқандай,  мұғалімдеріміз  білікті  оқушыларымыз 

ынталы білімді болса, Елбасымыз айтқандай 50 елдің қатарына өз жетістіктеріміз бен және 

жана технологияларымызбен ойланбай-ақ кіре аламыз деп ойлаймын. 

 

Жаңа технологияларды енгізу барысындағы педагогтың даярлығы 

Педагог нені білу керек 

Педагог не істей алу керек 

Педагог қандай іс әрекеттерді 

дұрыс ұйымдастыру керек 


159 

 

159 



 

1.Жаңа 


технология 

көмегімен 

шешілетін 

мәселелерді ; 

2.Жаңа 

технологияны 



қолдану арқылы алынатын 

нәттижелерді; 

3. 

Жаңа 


технология 

мәнін,алынатын 

нәтижелердің  теориялық 

негізін; 

4.Жаңа 

технологияда 



мұғалім қолданылатын әдіс 

–тәсілдерді;  

5. 

Оқушыларды 



жаңа 

технологияда 

жұмыс 

істеуге үйрету әдісін; 



1.Оқу 

бағдарламасының 

түрлендірілген 

нұсқаларын 

құрастыру ; 

Дамыта оқыту бағытында; 

Модульдік курс үшін; 

Әлеуметтендіру бағытында; 

Ұжымдық жүйеде оқыту; 

Басқа технологиялар үшін; 

2.Күнтізбелік- 

тақырыптық 

жоспарлау. 

3. Әр сабақты жоспарлау  

4.Жаңа  технология  бойынша 

жүргізілетін  әртүрлі  типтегі 

сабақ жоспарларын жасау. 

5. Оқу модулін құрастыру. 

6. Оқу жобаларының мазмұның 

анықтау. 

1.Жаңа 

технологияда 



пайдаланылатын 

жекелеген 

әдістер мен тәсілдерді қолдану.  

2.  Әртүрлі  типтегі  сабақтарды 

өткізу. 

3. Өткізілген сабақтарға талдау 

жасау. 

4.Жаңа 


технологияда 

қолданылатын 

оқу 

әрекеттерінің 



әдістерін 

оқушыларға үйрету. 

 

Қазіргі  жағдайда  мұғалімнің  ақпараттық-коммуникациялық  құзырлығы  кәсіби 



мамандықтың құрамды бөліктері болып табылады. Сондықтан бұл мәселе мектепке болашақ 

мұғалімдерді  даярлаудың  көкейкесті  мәселерінің  бірі  ретінде  айқындалады.  Ол  мына 

мәселелерді қамту керек: 

Педагогикалық жоғарғы оқу орындарында ақпараттық-коммуникациялық құзырлықты 

қалыптастыруды 3 кезеңге бөлуге болады. 

Жалпы АКҚ-ты қалыптастырудың құрамына мына дағдылар енеді. 

1. Ақпараттық бөлік: 

- түрлі ақпарат көздерінде ақпараттарды іздеу; 

- қажетті ақпараттарды табуда түрлі ресустарды (кітап, журнал, электрондық құралдар, 

Интернет) қолдану; 

- табылған ақпараттарды сынау арқылы қажетті ақпараттарды сұрыптай білу; 

-  кесте,  диаграмма,  кескін  және  т.б  тәсілдерді  қолдану  арқылы  ақпараттарды 

түрлендіру; 

-  ақпараттық  және  коммуникациялық  технологиялардың  мүмкіндігін  ескере  отырып, 

қолданушыға ақпараттарды жеткізу тәсілдерін таңдау. 

2. Ақпараттық және коммуникациялық техника бөлігі: 

-  арнаулы  компьютердің  құрылымын  түсіндіру  және  оның  негізгі  құрылғыларының 

мәнін негіздеу; 

-    нақтылы  есептерді  шешуде  ақпараттық  және  коммуникациялық  технологияларды 

таңдау; 


- ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және жеткізу әрекеттеріне ақпараттық технология мен 

басқа  технологиялардың  мүмкіндігін  пайдалана  отырып,  олардың  өзара  байланыстық 

қызметтерін негіздеу. 

3. Операциялық жүйе бөлігі: 

- Windows операциялық жүйесінің қолданушылық интерфейсін баптау; 

- файлдар мен бумаларды құру; 

файлдар мен бумаларды көшіру, өшіру және аттарын қалпына келтіру; 


160 

 

160 



 

-  Windows  операциялық  жүйесінің  негізгі  терминдерін  қолдану:  программа  терезесі, 

сұхбат  терезе,  меню,  құралдар  тақтасы,  сұхбат  терезелері  мен  құралдар  тақтасын  басқару 

элементтері (батырма, есептегіш, жылжымалы тізім, жалауша және т.б) 

4. Қолданбалы программалар бөлігі:  

- Word мәтіндік редакторында қарапайым мәтіндерді құру мен оны редакторлеу; 

- құжаттарды жіберуді ұйымдастыру; 

- құжаттарды өңдеуді автоматтандыру; 

- Excel-де формулалар мен функцияларды қолдану арқылы есептеулер жүргізу: Excel 

құрал арқылы диаграммалар мен графиктеді тұрғызу

- түрлі іздеу жүйелері арқылы Интернетте ақпараттарды іздеу; 

- электрондық хаттарды құру мен оны алу; 

- компьютерлік презентацияларды құру мен қолдану. 

Жаңа  ақпараттық  технологияның  мүмкiндiктерiн  пайдалану:  жаңа  ақпараттық 

технологияның  мүмкiндiктерi  туралы  бiлiм;  коммуникациялық  қызметтердi  пайдалану 

дағдысы;  бiлiм  беру  процесiнiң  ерекшелiктерiн  ескере  отырып,  педагогикалық 

программалық  құралдарды  қолдану  және  оларды  өз  қызметтерiмiзге  сәйкес  бейiмдеп 

пайдалану. 

Заманауи қызметпен айналасатын ұстаз, толық әлеуметтік бетбұрыс алғандығына орай, 

оның қоғамдағы орны өзгеріп, кәсіби еркіндікке, өзін - өзі толық басқару мүмкіндігіне қолы 

жеткендігін  дәлелдеп  жату  артық  болар.  Инновация  бұл  дайын  жаңалық  ендіру,  немесе 

тексеруден өткізу емес, бұл жаңалықты өз ортасынан іздеп табу, оның негіздемесін жасау, 

сынақтан өткізу, тарату секілді процестерді қамтиды. 

Заманауи  оқыту  қоғамдағы  жылдам  туындайтын  үзілістерге  тұлғаның  даярлыққа 

бағдарлануы,  кәсіби  қабілеттің  дамуы,  ойлауды  әр  алуан  формасы  мен  басқа  адамдармен 

әріптестікке  бейімделумен  сипатталады.  Заманауи  оқытудың  жалпы  жіктемесін  төртке 

бөледі: болашаққа оқытудың ашықтығы, күнделікті құндылықтарды асыра бағалау негізінде 

өзін  айқындау  қабілеті,  жаңа  жағдайларда  біріккен  әрекетке  қабілеттілік.  Бұл  педагогтан 

заманауи мінез – құлық талап етеді, яғни педагогикалық іс - әрекеттегі жүйелі және белсенді 

шығармашылығы талап етеді. 

Қазақстан қоғамының қазіргі заманғы даму кезеңінде ғылымының және білім берудің 

дамуы әлеуметтік-экономикалық жүйенің бәсекелі маманды даярлау жағдайында алдыңғы 

қатарлы  мемлекеттің  қатарына  енді.  Өмірімізде  болып  жатқан  түбегейлі  өзгерістер 

қоғамымызға  жаңа  талаптар  қойып  отыр.  Осыған  орай  бүгінгі  жаңа  технологияны  оқып-

үйрену, болашақ ұстаздардың кәсіби ойлауын дамыту, кәсіби білімін, шеберлігін жетілдіру, 

үнемі ізденіс үстінде жүруіне жол ашу ерекше орын алады. 

Қазіргі кезеңде білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-

қатынас, жаңаша ойлау қалыптасуда. 

 



жүктеу 15.04 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   134




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет