«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»


БАЛАБАҚШАДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІ



жүктеу 15.04 Mb.
Pdf просмотр
бет13/134
Дата22.04.2017
өлшемі15.04 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   134

БАЛАБАҚШАДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІ 

 

Аманбаева Мадина Жакатовна 

ҚМКҚ №15 «Аққу» балабақшасы 

 

 



Қытай мақалы: «Айтып бер – мен ұмытамын, 

көрсет – мен есімде сақтаймын, 

дәмін татқыз – мен түсінемін». 

Мемлекеттің,  мектептің,  балабақшаның,  ата  –  аналардың  алдында  басты  мақсаты 

баланың тек қана тәрбиелі, денісау жеке тұлға болып өсіу емес, сонымен қатар баланы  терең 

ойлауға, әр іске шығармашылықпен қарауға дағдыландыру.  

Сондықтанда  заманауи  кезеңде  тәжірбиелік  іздену  –  зерттеу  қызметіне  көп  көңіл 

бөлінеді  яғни,  даму  мен  шапшаң  ойлау  сол  жерден  табылады.  Іздену  –  зерттеу  қызметі 

мектепке дейінгі шақта пайда болады.  

Тәжірбиелік кезеңде бала субъект болып табылады, өзінің қызметін өз бетінше құрады, 

шапшаңдылық танытады, осы әрекеттер мектепке дейінгі жаста едәуір өседі. Бұл тәжірбие 

балабақшада  әлі  толық  қолданылмайды,  бірақ  маңызды  құрал  ретінде,  бастапқы  дамушы 

жеке тұлға, шапшаң шығармашыл және өзіне – өзі қызмет ету болып табылады.  

Қазіргі  заманғы  балалар  компютерленген  және  ақпаратты  ғасырда  өмір  сүреді.Тез 

өзгеретін өмірден адамнан тек қана білімді игеру ғана емес, бұл білімді бірінші өзің алу және 

оны басқару, шығармашыл және өз алдына ойлау. Баланың тәжірбиесі талаптану мектепке 

дейінгі жастағы баланың даму  аралық жүргізушінің ролінің қызметі. Тәжірбиелік барлық 

баланың қызметінде қолданылады: тамақтануда, ойында, ұйымдастырылған оқу қызметінде, 

серуенде, ұйқыда. Мектепке дейінгі шақтағы бала өз алдына зерттеуші, зерттеу қызметінің 

тәжірбиелікке қызығушылығы арта түседі.Тәжірбие ойлауды дамытуға, логиканы, баланың 

шығармашылығына көмек береді. Тәжірбие кезіндегі алған білім, есте көпке дейін сақталып  

қалады.  

Балабақшадағы зерттеудің басты ерекшелігі: 

Іс – тәжірбие баланың – басты шығармашылығының басты өзектілігі.Іс – тәжірбиелік 

балабақшада  баланың  шапшаңдылығы  көрінеді,  жаңа  білімге,  жаңа  мәлеметтерге  бағыт 

алады.  Іс – тәжірбие қызметі барлық бала өміріне кірістірілген, барлық қызмет  түрлеріне, 

сонымен қатар ойынға.   

  Балалардың  танымдық  белсенділігін  дамыту  және  тәжірбиелік  қызметіне 

қызығушылығын  арттыру  үшін  топта  тәжірбиелік  бұрышты  жабдықтау  ұсынылады. 

«Бұрыштағы» орналасқан материалдар, ретімен бөлінеді:  



-көмекші  –  аспабтар:  үлкейткіш  шынылар,  таразы,  микраскоп,  құм  сағат,  компас, 

магниттер; 



-әртүрлі жабдықтардан жасалған  құтылар; 

-табиғи жабдықтар: тастар, саз, құм, құс қауырсыны, жаңғақ, ұлу қабыршағы; 

-қайта өңделген жабдықтар: сым, мата, жүн, тері қалдықтары, пластмасса; 

-техникалық  жабдықтар:  шеге,  болт,  бұрандалы  шеге,  қыстырғыш,  құрылымдаушы 

бөлшектері; 

-медициналық жабдықтар: өлшеуіш қасық, ағаш күректер, тамшуыр, шыны сауыт; 


98 

 

98 



 

-әрқилы жиынтық, карточкалар – тәжірибе жасау сызбасы, тәжірбие жасаушының  

күнделігі; 

-тағыда  басқа  жабдықтар:  әуе  шарлары,  ұн,  тұз,  қант,  түрлі  түсті  және    мөлдір 

шынылар. 

Зерттеу мен тәжірбиенің мазмұны осы бағытта қалыптасқан: 

-материалдар; 

-табиғат құбылыстары; 

-судың күйі; 

-құм мен саздың құрамы; 

-өсімдіктер әлемі; 

-табиғат әлемі; 

Іздену мен тәжірбиенің мазмұны бойынша ретімен өткізіледі: 

Тренинг  назар  аудару,  есте  сақтау,  логикалық  ойлау  (оқу  қызметінің  алдында 

ұйымдастыру).  Іс  –  тәжірбиеде  өзін  –  өзі  дұрыс  ұстау  ережесін  қолдану.  Құрал  –  жабдық  

таңдау, өз бетімен тәжірбие бұрышына қою (шапшаңдылығы және өз бетінше жұмыс жасау). 

Балаларды екі топқа бөлу. Тәжірбиеден алған нәтижені қортындылау.  

Тәжірбиі ұйымдастыру кезінде балалардың оқыс жағдайға тап болмау үшін тәрбиеші 

мұқият әр баланы қадағалауы керек. 

Іздену  –  танымдық  жұмыс  әрекеті  үш  бағытта  өткізіледі,  әрқайсысы  көптеген 

тақырыпты ұсынады:  

Тірі табиғат. (Өсімдікке ауаның қажет екенін түсінуге тырысамыз, өсімдіктің дем алу 

кезеңі  қалай  болтыны:  жапырақтың  бір  бөлігін  вазелин  жағамыз,  қараймыз  және 

қортындылаймыз,  вазелин  жағылған  бөлігі  солып,  қурайды.  Өсімдіктерді  суарып,  күтіп 

бақылаймыз, суару арқылы өсімдіктердің сусыз өмір сүре алмайтыны жөнінде қортындыға 

келеміз).  

Өлі  табиғат.  (  Ауа,  су,  дыбыс,  жарық).  Тәжірбие  арқылы  судың  күйін  анықтайсыз: 

түссіз,  пішіні  жоқ,  иісі  жоқ,  дәмі  жоқ.  Полиэтиленді  пакет  арқылы  кеңістікте  ауаның  бар 

екенін  анықтауға  тырысамыз.  Мұзбен  қармен  әртүрлі  және  қызықты  тәжірбие  жасауға 

болады:  суды  үш  бөтелкеге  құйып,  қардан  әртүрлі  тереңдікті  қазып  салып  қоямыз. 

Анықтаймыз қай тереңдікте су тез қататынын. Сонымен қатар балаларға құммен тәжірбие 

жасаған ұнайды.  

Адам. Балалардың сезім мүшелері және олардың түсініктері туралы анықтаймыз (құлақ 

– есту, әртүрлі дыбыстарды айыру, мұрын – иіс сезу, саусақ – сипап сезу, тіл – дәмін сезу). 

Балалардың  қызығушылығын  арттыру  үшін  ойын  сюжетін  қолдану,  ертегі 

кейіпкерлерін қолдану.  

Тәжірбие  кезеңінде  осыған  орай  мынадай  қортындыға  келеміз,  тәжірбиелік  қызмет 

мектепке дейінгі шақтағы балалардың танымдық шапшаңдығын қалыптастырады, өз бетімен 

ізденуге үйретеді, тез есте сақтау қабілетін қалыптастырады.  

 

Пайдаланған әдебиеттер: 

1.

 



Отбасы және балабақша 1997 жыл №9-10 

2.

 



Макаренко А.С. «Ата – аналарға балалар жайлы» 1998 жыл 

3.

 



Жарықбаев Ж., Қалиев С. Қазақ тәлім – тәрбиесі.А.,2000 жыл 

4.

 



Отбасы және балабақша 2012 жыл №4  

 

 



 

 

 



 

99 

 

99 



 

БАЛАБАҚШАДА ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМДЫ ХАЛЫҚ ӨНЕРІ АРҚЫЛЫ 

ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

 

Иманбаева Гулайым Амановна 

 «Бәйтерек» балабақшасы КМҚК  

 

Дүниетанымның қалыптасуына адам, табиғат, қоғам тікелей әсер етеді. Себебі, адам, 

табиғат,  қоғам-  біртұтас  дүние.  Адам,  табиғат  қоғамның  өзара  бірлікте  дамитынын  

балаларға өнер арқылы түсіндірген дұрыс. Дүниені біртұтас қабылдау нәтижесінде бала 

санасында білім қоры жиналып, ой –өрісі кеңейеді.Жеке тұлғаның тұтас даму үрдісінде 

әлеуметтік  орта  мен  тәрбиелік  тәжірибе  ерекшеліктеріне  орай,  оның  дербес  өмірлік 

белсенділігінің  арқасында  дүниетаным  көлемі  де  тереңдеп  арта  бермек.  Сонымен  бірге 

жеке тұлғаның ішкі жан дүниесінің  қалыптасуына қоғамның рухани мәдениетінің даму 

деңгейі мен салт санасы ықпал етеді. Адам баласы сыртқы дүниедегі барлық құбылысты 

сезіне білуі дүниетанымының шексіздігінде. 

Халқымыз қыздарды қолөнердің кең тараған түрлері: киіз басуға, сырмақ сырып, киіз 

үйдің ішкі – сыртқы керек – жарақтарын әзірлеуге, шаруашылыққа қажетті бұйымдар жасап, 

кілем тоқуға, алаша тігуге, ши, кесте және шілтер тоқуға, киім тігуге баулып отырды. Осы 

айтылғандардың  бәрін  дерлік  ою-  өрнектермен  безендіріп,  әшекейлі  етіп  жасалатын 

болғандықтан,  жасаушыдан  ерекше  талғампаздықты,нәзік икемділікті,  жоғары  эстетиклық 

талғамды талап ететіні күмәнсіз. Осылайша қыз баланың ерекше эстетикалық дүниетанымы 

қалыптасады. 

Балабақшада  сәндік  –  қолданбалы  өнерді  түсінуінің  ерекше  мәні  бар.  Өйткені  бұл 

жастағы балалар түр – түсті, үндерді тез қабылдап, меңгереді. Осы қабілеттерді оқу – тәрбие 

үрдісінде пайдалану қажет. 

 Қазақтың сәндік – қолданбалы өнері талай жұртты таңғалдырып, тамсандырған. Өнер 

туындылары қазақтың тұрмысына ерекше әр берген. Бала әрқашан өнерге бейімделуді сурет 

салудан  бастайды.  Мұның  тәрбиелік  рөлі  де  айқын.  Бейнелеу  өнерінде  өмір  шындығы, 

айналаны қоршаған дүние, оқиға образды түрде қайта жасалып көрінеді. Бейнелеу өнерінің 

кереметтігі  өмірдегі  бар  бояу  түрінің  байлығын  ашып,  өзіне  тән  ерекшелікті 

айқындайтындығында.  Бейнелеу  өнерінің  құдіреттілігі  –  көрушіге  ерекше  ықпал  етуінде. 

Сондықтан  оның  эстетикалық  тәрбие  берудегі  көмегі  шексіз.  Баланы  қоршаған  ортадағы 

дүниедегі, табиғат көрінісіндегі әдемілік пен сұлулықты танып, сезе білуге үйретуде, жалпы 

сезімталдыққа, тәрбиелеуде бейнелеу өнері үлкен орын алады. 

 Бала  өзінің  жүйелі  түрде  оқуын  іске  асыру  барысында  өзінің  психикалық  қабілетін 

жетілдіруге, яғни қиялдау қабілетін дамыту мүмкіндігіне ие болады. 

Әрине,  қайта  құру,  яғни  қиялдау,  елестету  қабілеті  балаларда  бірдей  бола  бермейді. 

Балалардың  өмірдегі,  өнердегі  әдемілік  пен  сұлулықты  көре  көре,  сезіне  алуы  әртүрлі 

деңгейде.  Сондықтан  балабақшада  жүргізілетін  тәрбие  баланың  этика  –  эстетикалық 

мәдениетін, патриоттық сезімін, азаматтығын көтеруден басталуы тиіс. 

Баланың  өмірде  өз  орнын  таба  алатын  және  еліне  пайда  әкелетін  қоғам  мүшесі, 

қалыптасқан тұлға боуы үшін балабақшадағы  сурет салу үлкен мәнге ие. 

Баланың  дүниетанымын  қалыптасыруға  оның  әдемілік  пен  тұрпайылық  эмоциялық 

сезінуі  санасында,  тәртібі  мен  мінезінде  іс  –  әрекетін,  зұлымдық  пен  мейірімділікті, 

жексұрындық  пен  жақсылықты  сезінуі  жатады.  Өз  сезімін  өзі  билеп,  басқара  білу  де 

эстетикалық  мәдениет  белгісі.  Айталық,  нақты  заттың  бейнесін  жұмыс  үстінде  бала  сол 

заттың пішін – құрылысымен танысады, оның дүниедегі салмағы, алатын орны, мәні, түр – 

түсін қарап білуге үйренеді. Зат жөнінде жаңа бір түсінік пайда болып, олардың шындығы 


100 

 

100 



 

мен  құбылысы  туралы  ұғым  қалыптасады.  Балалар  әсіресе  кішірек  кезінде  сурет  салғыш 

болады. 

Сурет  арқылы  қолөнермен  танысып,  дүниетанымын  тереңдетеді,  өздерінің  ойын, 

айналасында көргенін суретпен бейнелеп көрсеткісі келеді. Сонымен бірге бала өзі салған 

суретіне өзі қуанып, екінші біреумен бөлісікісі келетін сезім пайда болады. 

Қол еңбегі алуан түрлі картоннан қағаздан, ағаштан, табиғи материалдан (ағаш бүрінен, 

емен жапырағынан, сабаннан, ағаш қабығынан, шабдалы сүйегінен) тері, қауырсын, мүйіз, 

жүн,  мата  қиқымдарын,  темір  –  терсек  және  т.с.с.  пайдалана  отырып  тұрмыстық 

шаруашылыққа  қажетті  бұйымдарын  жасау  жүзеге  асырылады.  Балалар  өздеріне  қажетті 

ойыншықтар,  киіз  үйдің  сүйектерін  жасап  бояйды,  үй  жиһаздарын, ұлттық  киім  үлгілерін 

пішін тігеді, төрт түлік малдардың бейнесін жасайды.   

Қол еңбегі балалардың құрастыра   білу, ойлап шығару қабілетін, шығармашылығын, 

қиялын  дамытады.  Жасалған  зат  берік,  әдемі,  сәнді  болу  үшін  бала  табандылық, 

шыдамдылық, ұқыптылыққа  ұмтылады. Осының бәрі балаларға тәрбиелік жағынан үлкен 

әсер  етеді  де,  олардың  эстетикалық  сезімі  мен  адамгершілік  –  еріктік  қасиеттерін 

қалыптастырады. 

Жаңа бағыттағы тәрбие жүйесін іске асыру үшін халықтық педагогикаға негізделген 

дәстүрлі еңбек тәрбиесінің төмендегідей бағыттарын белгілеу кере: 

-Ата – баба дәстүріне, әдет – ғұрпына, ұлттық өнер саласына арналған материалдар 



жинап, оны бала жасына лайықты етіп топтастыру, мазмұндық сабақтастығын ескеру; 

-дәстүрлі  еңбек  тәрбиесін  кешенді  жүргізу  мақсатында  тиімді  әдіс  –  тәсілдерді 



меңгеру; 

-Отбасы мен балабақша арасындағы бірлікті нығайту, еңбек тәрбиесін отбасындағы 



дәстүрлі еңбек түрлерімен байланыстыра отырып жүргізу; 

-Тәрбиешінің  баланың  жекебасының  даму  ерекшелігін,  отбасы  тәрбиесінің  өзіндік 

сипатын  жете  білуі,  осының  негізінде  еңбек  тәрбиесін  ұлттық  еңбек  дәстүріне  сәйкес 

жүргізуі; 

-  Балаларды  қазақ  халқының  дәстүрлі  еңбегіне  баулитын  ғылыми-  әдістемелік 

құралдармен,  түрлі  дидактикалық  көрнекіліктермен,  т.б.  қажетті  жабдықтармен 

қамтамасыз ету. 

 Соңғы жылдарда адам баласының өз ерекшелігі және мүмкіндігін зерттеумен көптеген 

ғылым саласы шұғылдануда. Осы бағытта балалық шаққа тән жетілуге керекті мүмкіндіктер 

туралы  көптеген  педагогтер  мен  психологтардың,  философтардың  айтқанына  қарасақ, 

әсіресе  осы  балалық  кезеңге  тән  адам  баласындағы  құпиялық  күштің  көп  екендігін  атап 

көрсетеді. 

Бала  кіші  кезінде  дүниені  көркемдеп  көруге  ең  жоғары  фантазия  түрінде  сезіну  мен 

қиялдауға икем болатыны да және олардың бірден көзге түспей, тұмшаланып тұратындығын 

да айтқан болатын. Сол себепті де баланың сәнді қолөнеріне баулуының негізінде олардың 

сурет салғыштығын, суретке ынтығуын қолдап, қоштап отыру, біріншіден, оның жалпы өнер 

саласындағы мүмкіндігін қоштау, оған жол ашып отыру керек. 

Мен өз жұмысымда  оқу-іс әрекетінен тыс уақыттарда балалардың қолдарына қағаз бен 

қарандаш  беріп    өз  бетінше  сурет    салуды  ұсынамын  .  Балалар  өз  қалауларымен    қызыға 

қағазға  бірдеме  салуға  әрекет  етеді.Ол  сызған    парақты  үйіне  алып  ата-анасына    көрсетіп 

мақтанғысы келеді.бұл жағдайат өз практикамда күнделікті кездесетін жайт. 

Көптеген мамандар балалар екі жастан бастап қолына қағаз, қалам алып, әртүрлі ирек 

сызық  шимайлай  бастайтынын  айтады.  Баланың  осы  әрекеті  көбіне  ата  –  аналары,  үйдегі 

үлкендердің жұмысы қағаз, қарындашпен байланысты болып, бала үйде жалғыз- сызғанды 

көп көріп өссе ғана әуес болады дегенді айтады. 


101 

 

101 



 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.

 

Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы.  Алматы: Рауан, 



1998 

2.

 



Әбдуалиева Ш. Халық қолөнері. Алматы: «Рауан», 1992. 

3.

 



Ұзақбаева  С.А.  Балаларға  эстетикалық  тәрбие  берудегі  халық  дәстүрі.  Алматы:  Білім, 

1990. 


 

 

БАЛАҒА БІЛІМ БЕРУГЕ НАҚТЫЛАНҒАН ӘДІСТЕР 

 

Қарағанды маңызды «Болашақ» білім беру колледжінің 



ШТ-14-1 тобының студенті Адыканова Диана 

Ғылыми жетекші педагогика пәнінің оқытушысы Әшен А.А. 

 

Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі- жаңа технология негіздері 



болып  табылады.  Оқушыларды  өз  бетімен  жұмыс  жасауға  тәрбиелеу,  үйрету, 

шығармашылық  қабілетін  дамыту.  Егеменді  еліміздің  алғы  шарттары  өркениетті  елдер 

қатарына  көтерілуі  керек  болса,  өркениетке  жету  үшін  жан  –  жақты дамыған,  рухани  бай 

тұлғаны  өсіру  керек.  Жас  ұрпақтың  бойындағы  қабілетін  көру,  оны  жетілдіру  ізденгіштік 

қасиетін дамыту мұғалімнің сабақ берудегі ізденушілік, шеберлік қабілеттеріне байланысты. 

Ж.Аймауытов «сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын 

өнер»- деген, яғни оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың әрекеті арқылы ойлау 

дағдыларын жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделуі қажет.  

Елбасы  Н.  Ә.  Назарбаев  халыққа  жолдаған  жолдауында  «Біздің  міндет  жаңа 

технологияларды,  идеялар  мен  көзқарастарды  пайдалана  отырып,  білім  мен  бәсекеге 

қабілетті ұрпақ тәрбиелеу» деп ұстаздар қауымының алдына жаңа міндеттер қойды. 

Жаңа  технологияның  басты  мақсаттарының  бірі  баланы  оқыта  отырып,  оның 

еркіндігін,  белсенділігін  қалыптастыру,  өз  бетінше  шешім  қабылдауға  дағдыландыру. 

Педагогикалық  технология  –  педагогикалық  іскерліктердің  жетістігіне  жеткізетін  ғылыми 

жобалау және нақты өндіру. Сонымен педагогикалық процесс белгілі жүйе принциптерінде 

құрылатын болғандықтан, педагогикалық технология сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Осы 

принциптерді  жалғастырмалы  орындау  оларға  объективті  қарым  –қатынастарында  және 

педагогтың тұлғасын толық көрсететін жинағы ретінде қалыптастырылады. Педагогикалық 

технологияны оны жақсы меңгеру дегеніміздің өзі  – шеберлік. Оқыту  технологисы оқыту 

мазмұнын жүзеге асыру  жолындағы алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз 

ететін  оқытудың  әдіс,  құрал  және  түрлерінің  жүйесі  болып  табылады.  Педагогикалық 

технологиы үш аспектіде қаралады: ғылыми, процессуалды –сипаттамалы, процессуалды –

әрекеттік.  Осындағы  жолмен  педагогикалық  технология  оқытудың  рационалды  жолдарын 

зерттеуші  ғылыми  ретінде,  принциптер  мен  зерттеуші  қызметін  атқарады.  Баланы 

қызықтыра тәрбиелеп басқару оқушының білімге, ғылымға деген құлшынысын күшейтеді, 

өркендеуіне өте қажет шығармашылық қасиеттерін ашады. Білімнің сапалы болуы тікелей 

мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. 

Педагогикалық  технология  дегеніміз  –  оқытушының  өзін  –өзі  ұстай  білуі, 

байқағыштығы, алғырлығы, сөзге шешендігі. Педагогикалық технология ақпаратты өңдеу, 

сақтау,  беру  әдістері  мен  құралдарының  табыстарына  байланысты  дамудың  барлық 

мүмкіндіктеріне  ие  бола  алатын  әлеуметтік  технологияның  маңызды  компоненті  болып 

табылады. Сонымен технология деп белгіленген мақсатты тиімді орындау үшін материалды 

түрлендіру  процестері  мен  әдістерінің  жиынтығы,  кешенді  бірлігін  айтуға  болады. 

Педагогикалық технологияда алғаш рет анықтама берген ғалымдардың бірі – орыс ғалымы 



102 

 

102 



 

В.  П.  Беспалько.  Ол  «педагогикалық  технологияны  практикада  іске  асатын  нақты 

педагогикалық жүйе, жоба» деп көрсеткен. Б. Т. Лихачев «Педагогикалық технологияны оқу 

үрдісіне белгілі бір мақсат көздей отырып әсер ететін педагогикалық нәтижеге жетелейтін 

бірліктердің  жүйесі»  ретінде  көрсетеді,  оның  үнемі  өзгеріп  отыратындығын  айтады. 

Қазақстандағы  Ж.  А.  Қараевтың,  Ә.  Жүнісбектің  және  тағы  басқа  ғалымдардың  оқыту 

технологиялары  белсенді  түрде  қолданылуда.  Бастауыш  саты  –  оқушының  интелектілік 

дамуының  іргетасы,  оқу  әрекетінің  қалыптасуының  қуатты  кезеңі.  Бала  мектеп  жасына 

жеткенімен, олардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдауы тұрақсыз бытыраңқы келеді. Не 

нәрсені  болса  да  білуге  құмар,  қолымен  ұстап  көзбен  көргенді  ұнатады.  Сондықтан  да 

сабақта  көрнекіліктерді,  ойын  элементтерін  қолданып  оқыту  процесін  қызықты 

ұйымдастыру  қажет.  Бастауыш  сыныпта  қолданылатын  технологиялар:  «Ойын  арқылы 

оқыту  технологиясы»,  «Модульдік  оқыту  технологиясы»,  «Сын  тұрғысынан  оқыту 

технологиясы», «Білім беруді ізгілендіру технологиясы », «Дамыта оқыту технологиясы» 



Ойындық  іс-әрекеттің  психологиалық  механизмі  жеке  бастың  өзіндік  талап 

талғамдарына 

сүйенеді. 

Баланың 


бойындағы 

білімдік,танымдық,шығармашылық 

қасиеттерін аша түсуді көздейді. 

Модульдік  оқыту  технологиясы.  Оқытудың  тұтас  технологиясын  жобалау,  алға 

қойған  мақсатқа  жетуді  көздейтін  педагогикалық  үрдіс  түзу,  мұғалімге  нәтижені 

талдап,түсіндіріп  бере  алатындай  жүйені  таңдау  және  құру.  Оқушылармен  жүргізілетін 

қиындықтың алдын алу және түзету жұмысының жүйесін  жасау. Бұл технологияның тағы 

бір  ерекшелігі  дарынды  балалармен  тұрақты  және  жүйелі  жұмыс  істеу  мүмкіндігі  болып 

табылады.  Оқу  модулі  қайта  жаңғыртушы  оқу  циклі  ретінде  құрылымды  бөліктен: 

кіріспеден,сөйлесу бөлімінен және қортынды бөлімнен тұрады. Әр оқу модулінде сағат саны 

әр түрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа,тақырыптар тобына немесе 

тарауға бөлінген сағат  санына байланысты. Кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат 

беріледі.  Барлық  қалған  уақыт  сөйлесу  бөлімінің  меншігінде  болады.  Кіріспе  бөлімінде 

мұғалім  оқушыларды  оқу  бөлімінің  жалпы  құрылымымен,  оның  мақсат-міндеттерімен 

таныстырады.  Сонан  соң  мұғалім  осы  оқу  модулінің  барлық  уақытында  есептелген  оқу 

материалын  қысқаша  сызба,кесте  және  т.б.  белгілік  үлгілерге  сүйене  отырып  түсіндіреді. 

Оқушылардың оқу материалдарын жаңғырту деңгейін,қарапайым білік пен дағдыларды және 

білімін  іс  жүзінде  бірнеше  рет  қайта  қолдануы  сөйлесу  бөлімі  сабақтарында  жүзеге 

асырылады.  Сөйлесу  бөлімінде  танымдық  процесс  сыныпты  2-6  адамнан  шағын  топтарға 

бөлу  арқылы  оқушылардың  өзара  әрекет  етуіне  құрылған.  3,4  сабақтардан  бастап 

оқушыларға  стандарт  талаптарына  сай  сараланған  тапсырмалар  беріледі.  Сөйлесу  бөлімі 

сабақтарының  ұйымдастырылу  формасы  бойынша  әр  оқушы  өзінің  қалай  және  немен 

шұғылдануы тиіс, сабақ барысында сабақтың ережелерімен немесе оның жүру барысымен 

алдын ала таныстырады.  

Сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясы.  «Оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан 

ойлауды  дамыту»  (СТО)  бағдарламасы  қазіргі  таңда  білімді,  білгенін  өмірге  пайдалана 

алатын  шәкірт  тәрбиелеуде  алатын  орны  ерекше.  Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту 

бағдарламасы – әлемнің түпкір- түпкірінен жыйылған білім берушілердің бірлескен еңбегі,ал 

бағдарламаның  негізі  Ж.  Пиаже,  Л.  С.  Выготский  теорияларын  басшылыққа  алады.  Сын 

тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың:  

 

Өз бетінше тұжырым жасау,қортындыға келу. 



 

Ұқсас құбылыстар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білу.  



 

Проблеманы шеше білу.  



 

Пікір таласты жүргізе білуге қабілеті қалыптасады.  



Сын тұрғысынан ойлаудың маңыздылығының нәтижесі:  

 



Әдіс түрлері.  

 



Белсенді практикалық іс-әрекетте болуы  

 



Басқалармен қарым-қатынас жасай білу,қорғай білу. 

103 

 

103 



 

 



Қажет болса өз көзқарасын өзгерту. 

 



Топтық тұжырымға келе білу. 

 



Топ алдына шығып,өз тұжырымын айта білу.  

Деңгейлеп  саралап  оқыту  технологиясы.  Деңгейлеп  саралап  оқыту  технологиясы 

дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға ,елестету мен есте сақтауын , белсенділігін дамытып 

,білім  сапасының  артуыны  көмектеседі.  Деңгейлік  тапсырмалардың  ауқымы  өте  кең. 

Оқулықтағы  жаттығулар  өтілген  ережелер  бойынша  қайталау,  пысықтау  бекіту 

жұмыстарына  арналған  тілдік  ,  грамматикалық  жұмыстар  жүйесі.  Деңгейлік  тапсырмалар 

құрамына  мәтіндер  ,  тренингтер  жүйесі  қамтылады  .  Бұлар  оқытудың  деңгейіне  сәйкес 

оқушыны  саралап  оқытуға  ыңғайлы,әрі  оқу  бағдарламасы  бойынша  оқушының  жас 

ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылады. Бұл технология оқушының да ,мұғалімнің де 

белсенді  шығармашылық  қызыметін  дамытуға  бағыттайды.  Деңгейлік  тапсырмалар  төрт 

деңгейде беріледі . 1-деңгейдегі тапсырмаларын орындау барысында «танып білу» және үлгі 

бойынша  «қолдану»  арқылы  орындалады,яғни  жаңа  сабақ  бойынша  берілген 

тапсырмалармен  жұмыс  жүргізіледі.  Бұл  тапсырмалар  білімнің  минималдық  шегі, 

мемлекеттік  стандарт  талабына  сәйкес  бағдарлама  мөлшерінен  аспайтын,  оқушының  жас 

ерекшеліктерне сай болады. 2-деңгей тапсырмалары түрленіп , күрделене түседі. Оқушы өз 

бетімен  керегінше  қызмет  етеді.  Оқу  мотивтері  қанағаттанарлық  дәрежеде.  Ықыласы 

жоғары.  Оқушының  қабылдауы  ,жазба  жұмыстарын  орындау  көрсеткіштері  міндетті 

деңгейден  әлдеқайда  жоғары  болады.  3-  деңгейдегі  тапсырмаларына  ,талдау 

жинақтау,қорыту  барысында  есептер  беріледі.  Ал  4-  деңгейлік  тапсырмалар  дарынды 

,ізденімпаз ,қабілеті жоғары , талапты балаларға арналады. Ондай оқушыларға мұғалім тек 

тақырыбын  ғана  береді,оқушының  өзі  мақсатын  қойады,нәтижесіне  жетеді,жазба 

жұмыстарын өз бетінше орындайды. 



жүктеу 15.04 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   134




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет