Қазіргі замандағы білім беру және оның даму тенденциялары Жоспар



жүктеу 83.63 Kb.
бет1/12
Дата22.09.2022
өлшемі83.63 Kb.
#21403
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Тема №1.1. Қазіргі білім және оның ...ЛК, ПЗ,СРСП. . Берикханова А.Е. от 24.08.22.

    1. Қазіргі замандағы білім беру және оның даму тенденциялары



Жоспар

  1. Білім беру 21 ғасырдың стратегиялық басымдығы және білім берудің әлеуметтік мәні.

  2. Білім беру философиясы.

  3. Білім беру парадигмасының нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы.

  4. Білім беру саласындағы өзгерістерге әсер ететін факторлар және білім берудің даму тенденциялары.




  1. Білім беру - ХХI ғасырдың стратегиялық басымдығы және білім берудің әлеуметтік мәні. Үшінші мыңжылдықтың басында әлемдік деңгейде ғылым мен техниканың қарқынды дамуымен қатар, адамдардың арасында рухани жұтаңданудың көріністері айқын байқала бастады. Жаһандану үрдістерінің ықпалымен XXI ғасырға адамзат үлкен ғылыми-техникалық жетістіктерімен жетіп отырғаны белгілі. Жоғарғы дамыған электрондық техника, ақпараттық және өндірістік технологиялар, медицина мен генетикалық инженериядағы ашылып жатқан жаңалықтар, жасанды интеллект, физика, кибернетика т.б. салалардағы ғылыми жетістіктер адамзат қоғамының өркендеуіне, ілгері дамуына, адамдардың қол еңбектерін жеңілдетуге көп септігін тигізуде. Дегенмен, осындай жағымды жетістіктерге қарамастан қоғамда тастанды балалардың көбеюі, жасөспірімдер арасындағы қатыгездік, суицид мәселелері, қылмыскерлер санының артуы, зорлық-зомбылық пен лаңкестіліктің өсуі, т.б. жағымсыз әлеуметтік құбылыстар жиіленіп бара жатқаны байқалуда. Неліктен қоғам өркендеген сайын мұндай жағымсыз әлеуметтік құбылыстар азая түспейді? Осындай қарама-қайшылықтардың себептері неде?

Бұл парадокстың басты себептері – адамдардың құндылықтық бағдарларының өзгеруі, рухани-адамгершілік қағидаларының әлсірей бастауы, соның салдарынан азаматтық сана-сезім мен әлеуметтік жауапкершіліктің жеткіліксіз деңгейде дамуы. Сондықтан ХХІ ғасырда өндірістік, әлеуметтік қатынастардың күрделенуіне қатысты адами ресурс сапасын жақсарту мәселесі өзектеніп, білім беру ұғымына деген көзқарас әлемдік деңгейде өзгере бастады, себебі:

  • білім беру - ХХI ғасырдың стратегиялық басымдығы;

  • білім беру - мемлекеттің өркендеуінің маңызды қозғаушы күші;

  • білім беру - мемлекет бәсекелестігін сақтаудың негізгі;

  • білім беру - мемлекеттің адами капиталын қалыптастырудың іргетасы;

  • білім беру - әр тұлға үшін де, қоғам үшін де баға жетпес құндылық;

  • білім беру - адамның тұлғалық және кәсіби дамуының басты факторы.

Әр мемлекеттің әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті болуы оның жер асты байлығымен, қарулық күштерімен, экономикасының жетістіктерімен ғана өлшенбеуі тиіс, мемлекеттің дамуындағы негізгі көрсеткіштердің бірі – адами капиталдың даму деңгейі, адами құндылықтар сапасы. Осыған орай атақты Абылай ханның «Білекке сенген заманда - ешкімге есе бермедік. Білімге сенер заманда - қапы қалып жүрмейік» - деп ескерткен сөздері бүгінгі күні де білім беру жүйесінің алдында тұрған өте жауапты әлеуметтік міндет. Сондықтан күні бүгінге дейін педагогика ғылымының негізгі категорияларының бірі ретінде саналып келе жатқан «білім беру» ұғымын қазіргі таңда кең мағынадағы әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырған дұрыс.
Білім беру мәселесімен тек педагогика ғылымы ғана айналысады деп айтуға болмайды. Білім беру үрдісін философия, әлеуметтану, психология, экономика, мәдениеттану, саясаттану, т.с.с. басқа әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар өз тұрғысынан зерттеп қарастырады. Қоғамдағы көрініс тауып отырған адам іс-әрекетіне байланысты барлық әлеуметтік құбылыстардың себеп-салдары осы білім беру мазмұнынан іздестіріліп, бұл ұғымның ауқымының жылдан-жылға өзектене түсуін аңғаруға болады.
Ата-бабаларымыздан асыл мұра болып қалыптасқан әлеуметтік тәжірибені, көп жылдық ұлттық мәдениетті сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізе отырып меңгертуде білім беру үрдісінің маңызы зор. «Білім беру» ұғымы 18-19 ғасырлардан бастап ғылыми айналымға еніп (Д.Локк, И.Г.Песталоцци), бүгінде педагогиканың жетекші категорияларының бірі болып табылады.
Ғасырдан ғасырға білім беру үрдісі үздіксіз сипатқа ие болып келеді, себебі жыл сайын ғылыми білімдер көлемі көбейіп, ақпараттық технологиялардың жедел дамуына байланысты меңгерілген білімдер тез ескіріп, оларды уақыт талабына сай толықтырып, жаңартып, жетілдіріп отыру қажеттілігі туындауда. Білім беру ұғымы мазмұны жағынан да өзгерістерге ұшырап, жан-жақты кеңейе түсті. Педагогика ғылымында білім берудің түрлі анықтамалары кездеседі:

  • Кең мағынадағы білім беру - жеке тұлғаның өз өмірлік жолын құзырлы таңдау мүмкіншіліктерін кеңейтуге және өзін-өзі дамытуға бағытталған үрдіс. (А.Г.Асмолов).

  • Білім беру - жеке тұлғаның әлеуметтік жетілуі мен жеке өсуі қамтылатын, оның қабілеттіліктері мен мінез-құлқын жетілдіру үрдісі және нәтижесі (ЮНЕСКО, 1997) .

  • Білім беру – жеке тұлға мен қоғам мүддесі үшін жүргізілетін педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған әлеуметтендіру үрдісі. (Педагогикалық энциклопедия, 1999).

  • Білім беру – адам, қоғам, мемлекет мүддесіне, мақсатына бағытталған тәрбие және оқыту үрдісі (В.А.Сластенин).

Осындай және тағы да басқа білім беру ұғымына берілген анықтамалардың көптігі оның кең мағыналылығының, көп қырлылығының, әлеуметтік маңыздылығының айқын дәлелі.
Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты – білім алушыға тек академиялық білім беріп, білік пен дағдыларды қалыптастыру емес, сонымен қатар жеке тұлғаның бойында әлеуметтік құнды іс-әрекеттерге қатыса алуы үшін өзіне де, қоғамға да қажетті қабілеттерін дамыту. Осы тұрғыдан қарағанда білім берудің білім, білік пен дағдыларды қалыптастыру міндеттері арқылы жеке тұлғаның үйлесімді түрде эмоционалды, ақыл-ой, адамгершілік, рухани-құндылық, еріктік, физикалық қабілеттері жағынан толыққанды тұлға ретінде дамуы маңызды.
Білім беру үрдісі негізінде адам ғылыми-техникалық, жаратылыстану, әлеуметтік-гуманитарлық білімдер жүйесін меңгереді және мәдениет кеңістігінде өмір сүруге қажетті ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастырады. Білім алу нәтижесінде меңгерген білімдері мен дағдылары арқылы адам экономиканың, саясаттың, ғылымның, техниканың, мәдениеттің, өнердің дамуына араласып, өз үлесін қоса алады.
Білім берудің сапасы адамның білім алып жатқан мекемесінің (мектеп, жоғары оқу орындары) педагогикалық іс-әрекетіне тығыз байланысты болады. Ал жоғары білім берудің сапасы студенттердің кәсіби, оқу-танымдық, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, кәсіптік педагогикалық тәжірибе деңгейіне тікелей байланысты. Бұл кезде студенттердің басым көпшілігінде өз бетінше білім алу және шешім қабылдай алу іскерліктері бекіп, белсенділік, табандылық, төзімділік, зеректік, жауапкершілік қасиеттері айырықша көрініс табады.
Білім берудің мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде анықтайтын Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесі туралы заңнамасы бекітіліп, заман талабына сай жетілдіріліп отыруда. Заңнамалық құжаттар бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беру саясаты және жалпы орта білім берудің мақсаты анықталған.

  • Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. 27.07.2007 ж. (өзгерістер мен толықтырулар енгізілген 2022 ж.)

  • Педагог мәртебесі туралы. Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ ҚРЗ.

  • Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық орта жалпы білім беру Тұжырымдамасы.

  • Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
    Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-ІІ Заңы.

  • Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.




  1. жүктеу 83.63 Kb.

    Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет