Қазіргі таңда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы



жүктеу 0.64 Mb.
Pdf просмотр
бет5/6
Дата28.04.2017
өлшемі0.64 Mb.
1   2   3   4   5   6

Сабақтың  түрі:  білім,  білік,  дағдыны  бекіту 

мақсатына құрылған аукцион сабағы. 

Сабақтың құрылымы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 

ІІІ. Ауызша есептеу 

     ІV.  Оқулықпен  жұмыс:  білім,  білік,  дағдыны  бекіту 

бойынша тапсырмалар орындау 

     V. Үй тапсырмасын беру   

    VІ. Қорытынды 

    VІІ. Бағалау 

 

 

Сабақтың барысы 

 

 

58 


 

 

 



 

 

 



 

 

І.Ұйымдастыру кезеңі 

-  Балалар  біздің  математика  сабағымыз  ерекше  сабақ 

болады, себебі бүгін сабақта аукцион болады. Аукцион-

дегеніміз  ол  сауда  жұмысы.  Бүгін  сабақта  сендердің 

білімдерін    саудаға  түседі,  яғни  сендерге  тапсырмалар 

беріледі.  Әрбір  тапсырманың  бағасы  1-5  ұпай 

аралығында  белгіленген.  Сендер  топтың  мүшелерімен 

ақылдасып,  тапсырмаларды  сатып  аласыңдар  да, 

орындайсыңдар.  Қай  топ  тапсырманы  көп,  әрі  дұрыс 

орындаса,  сол  топ  бүгінгі  аукционның  жеңімпазы 

атанады. 

1 топ – «Балдырған» 

2 топ – «Ойшылдар» 

3 топ – «Тапқырлар». 

Сонымен  қатар  әрбір  топтың  жинаған  ұпайларын 

төреші жазып отырады. Ал енді аукционды бастайық: 

 

 



Ау, жараңдар, жараңдар, 

 

 



Бәрін маған қараңдар. 

 

 



Сатпақшымын әр түрлі, 

 

 



Есептер мен мысалдар

 

 



Тектен-текке бермеймін, 

 

 



Білімдеріңді тергеймін. 

І топ: «Балдырған»: 

 

 

Біз балдырған, балдырған, 



 

 

Есеп десе қуанған. 



 

 

Білімді біз баламыз, 



 

 

Жарыстан да озамыз. 



ІІ топ: «Ойшылдар»: 

 

 



Кім көп білсе сол алар, 

 

 



Рахатын да сол табар. 

 

 



Біздер ойшыл балғындар, 

 

 



Соған бүгін жол табар. 

 

59 


 

 

 



 

 

 



 

 

ІІІ топ: «Тапқырлар»: 



 

 

Тапқырлар да қалыспас, 



 

 

 Сондықтан да ойында 



 

 

Босқа  тұру  жараспас,-деп  әрбір  топ  өз 



сәлемдемесін жолдайды. 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.  

Мұғалім 


үй 

тапсырмасы 

жазылған 

карточканы 

көрсетеді.  Әрбір  топ  алдарында  ұпай  саны  жазылған 

карточкаларды  көтереді,  қай  топ  ең  жоғарғы  ұпай  санын 

бірінші көтерсе, сол топ үй тапсырмасын оқиды. Қалған топ 

оқушылары  тексеріп  отырады.  Қате  болған  жағдайда, 

берілетін  ұпай  саны  толығымен  жойылып,  тапсырманы 

қалған  екі  топ  өзара  саудаласып,  сатып  алады  да, 

орындайды. 

ІІІ. Ауызша есептеу. 

-

 



Балалар,  тақтаға  қараңдар.  Сендерге  ауызша 

есептеуге  тапсырма  берілген.  Осы  тапсырманы 

дұрыс  орындасаңдар,  өздерін  бүгінгі  аукционның 

қорытындысы  бойынша  сатып  алатын  ойыншықтың 

атауы  шығады  (тапсырма  топтар  арасында  саудаға 

түседі, қай топ көп ұпай береді, сол топ тапсырманы 

орындайды). 

 

Ы 



 

 

 

 



90 



46 

700 


Қ 



У 

Ы 

Р 



Ш 

А 

Қ 



Р 

72-26 


Ы 

180:2 


Ш 

350х2 


Р 

72-26 


Ќ 

540:90 


У 

46:23 


А 

420:60 


 

60 


 

 

 



 

 

 



 

 

ІV.  Оқулықпен  жұмыс:  білім,  білік,  дағдыны  бекіту 



бойынша тапсырмалар орындау. 

№1,  2  жаттығулар.  Бірнеше  бірлікке  арттыруға  жанама 

түрде  берілген  жай  есепті  шығару  аукционға  түседі.  Үш 

топтың оқушыларына да тапсырманы орындау ұсынылады. 

Қай топ дұрыс, әрі сапалы жауап берсе, сол топ ұпай алады 

(оқушылардың  назарын  «кем»  қатынасының  жанама  түрде 

қолданылып тұрғанына аудару керек). 



№4,5  жаттығулар.  Әр  бағандағы  тапсырмалар  үш  топқа 

бөлініп  беріледі.  Қай  топ  тез,  әрі  тапсырманы  дұрыс 

орындайды, соған сәйкес ұпай алады. 

№6 жаттығуға оқушылардың назарын аударып, 1-сұраққа 

1-топ,  2-сұраққа  2-топ,  3-сұраққа  3-топ  оқушылары  жауап 

беру ұсынылады. Берген жауаптарына сәйкес ұпай алады. 

№8  жаттығу.  Әрбір  топқа  екі  мысалдан  бөлініп  беріледі. 

Қай  топ  бірінші  орындаса  ең  жоғарғы  ұпайды,  қалған 

топтар да тапсырманы орындау сапасына сәйкес  ұпайларға 

ие болады. 



№9 жаттығу. Әр бағандағы тапсырмалар үш топқа бөлініп 

беріледі.  Қай  топ  тез,  әрі  тапсырманы  дұрыс  орындайды, 

соған сәйкес ұпай алады. 

Шығармашылық  тапсырма  3-топқа  бірдей  ұсынылады. 

Қай топ дұрыс, әрі сапалы жауап берсе, сол топ ұпай алады. 



V. Үй тапсырмасын беру. №3,7 жаттығулар. 

VІ. 

Қорытынды. 

Төреші 


оқушылардың 

жинаған 


ұпайларының  санын  айтады.  Қай  топ  ең  көп  ұпай  жинаса, 

сол  топ  бүгінгі  аукционның  жеңімпазы  атанып,  саудаға 

қойылған қуыршақ ойыншығын алады. 

    VІІ. Бағалау 

(Математика:  Жалпы  білім  беретін  мектептің  4-

сыныбына  арналған  оқулық  //  Т.Қ.Оспанов,  т.б.-

Алматы:Атамұра, 1999.-Б.18-20.) 



 

61 


 

 

 



 

 

 



 

 

САБАҚ 7. 



ЭКСКУРСИЯ САБАҒЫ 

Сабақтың тақырыбы: Килограмм (кг) 

Мақсаты:  массаның  өлшем  бірлігі-килограммен 

таныстыру. 

Міндеттері: 

а) таразыларда заттардың массасын өлшеуді үйрету; 

ә) қосындының мәнін және қалдықты табуға берілген 

жай есептерді шығаруға дағдыландыру; 

б)  екі  таңбалы  сандардың  ретіне  байланысты  білік 

қалыптастыру; 

в)  әріптік  өрнектерді  құруға  және  олардың  мәнін 

табуға дағдыландыру;   

г) еңбек тәрбиесін беру; 

д)  зейінін,  логикалық  ойлауларын,  есте  сақтау 

қабілеттерін  дамыту 

Қажетті  құралдар:  таразылар,  1,2,5  кг  гирлер,  2  кг 

алма, 1 кг пияз, 1 кг сәбіз, 1 кг картофель, бір пакет (2 кг) 

ұн.  

Сабақтың  түрі:  жаңа  материалды  түсіндіру 

мақсатына құрылған экскурсия сабағы. 

Сабақтың құрылымы: 

І.Ұйымдастыру кезеңі 

ІІ. Ауызша есептеу 

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру 

ІV. Жаңа материал бойынша жұмыс 

V. Оқулықпен жұмыс 

VІ. Жаңа материалды бекіту 

VІІ. Қорытынды  

VІІІ. Үй тапсырмасын беру 

 

 


 

62 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



Сабақтың  барысы 

 

І.Ұйымдастыру кезеңі. 

-

 



Балалар,  бүгін  біз  массаның  өлшем  бірлігі  -

килограммен  танысамыз.  Сондықтан  экскурсияға 

шығамыз. Қайда екенін білу үшін мына сөзжұмбақты 

шешуіміз керек: 

 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

ІІ. Ауызша есептеу. 

1.

 

Алтыдағы Алматтың, 

Алтау еді жаңғағы. 

Біреуін мысық әкетті, 

Қанша сонда қалғаны? 

2.

 

Маратта он алма, 

Саматта он алма. 

Барлығын қосқанда, 

Болады жиырма алма. 

Жиырманы үш рет қосқанда

Шығады қанша алма? 

 

3.



 

Мұз айдында жиырма бала, 

Сырғанап жүр айнала. 

Б       Е      С 

А      Л      П 

Ы      С 

О     Т       Ы          З 

А       Л      Т      Ы 

Ќ     Ы     Р     Ы      Ќ 



 

63 


 

 

 



 

 

 



 

 

Сырғанамай он бала, 



Қалды қарап жағада. 

Айтшы, кәне, барлығы 

Неше бала болғаны? 

4.

 

Он алманың төртеуін, 

Асан сұрап алады. 

Айтшы сонда нешеуі 

Өз қолыңда қалады? 

5.

 

Көлден ұшты он бес құс, 

Көлде қалды он құс. 

Көлге қонды отыз құс, 

Санашы, кәне, көлде, 

Болды сонда неше құс? 

-

 

Сонымен  балалар,  сөзжұмбақтың  шешімі  не  болды? 



(базар). 

-

 



Базарда  не  істейді?  (біреулер  тамақ,  заттар  сатады, 

екіншілері сатып алады). 

-

 

Ендеше біз сендермен азық-түлік базарына барамыз. 



ІІІ.  Үй  тапсырмасын  тексеру  арқылы  сатушылар 

таңдап алынады. 

-  Кәне,  өте  зейінді,  тез,  әрі  дұрыс  есептей  алатын 

балаларды біз базарға сатушылар ретінде таңдап алайық. Ол 

үшін үй тапсырмасын тексереміз (үй тапсырмасы бойынша 

толық 

жауап 


берген 

оқушылар 

сатушы 

болып 


тағайындалады). 

ІV. Жаңа материал бойынша жұмыс. 

-

 



Сонымен біз сатушыларды анықтап алдық. Енді мен 

олардың  атқаратын  іс-әрекеттерін  түсіндірейін,  яғни 

жұмыстарымен  таныстырамын  (Тақтаның  алдында 

екі  партаны  қатар  қойып,  сәкі  жасап  қою  керек. 

Сәкіде таразы, 1,2,5 кг гирлер тұрады. Полиэтиленді 


 

64 


 

 

 



 

 

 



 

 

пакеттерде  2  кг  алма,  1  кг  пияз,  1  кг  сәбіз,  1  кг 



картофель, бір пакет (2 кг) ұн жайылып қойылады). 

-

 



Сендердің алдарында таразы тұр, бір табағына 1кг, 2 

кг,  5  кг  массасы  көрсетілген  гирді  қоясыңдар,  ал 

екінші  табағына  сатып  алушы  алатын  жеміс-

жидектерді, яғни азық-түлікті қоясыңдар.  

-

 

Ал  енді  сатып  алушылар,  назар  аударыңдар:  егер 



таразының  екі  жағы  тепе-тең  болса,  онда  сендердің 

сатып  алатын  азық-түліктеріннің  массасы  гирдің 

массасына  тең  (оқулықтағы  1-2  жаттығуларға 

қараймыз).  Ал  бір  табақ  жоғары,  екіншісі  төмен 

тұрса,  онда  сендердің  сатып  алатын  азық-

түліктеріннің  массасы  гирдің  массасына  тең  емес. 

Жоғары  тұрған  табақ  жеңіл,  ал  төмен  тұрғаны-

ауырлау. 

Тақтада  сендер  біздің  базарда  сатып  алатын  азық-

түліктердің тізімі берілген:  

     



2 кг алма 

1 кг пияз 

1 кг сәбіз 

1 кг картофель 

бір пакет  ұн 

 

Таразымен  жұмыс  істеу:  Тақтаға  бірінші  сатушы  мен 

сатып алушы шығады (мұғалім сатып алушыға не сатып алу 

керектігін айтады. Оқушы 1 кг алманы сатуды сұрайды). 

Сатушыға сұрақ: Қай гирді алу керек? (1 кг) 

(Сатушы  гирді  қояды,  екінші  табаққа  таразының  екі  жағы 

теңескенше алмаларды салады). 

-

 

Таразының  екі  жағы  теңесті,  яғни  алманың  массасы 



неге тең? (1 кг) 

 

65 


 

 

 



 

 

 



 

 

(Мұғалім 1 кг гирді алады да, 2 кг гирді қояды.) 



-

 

Нені  байқадыңдар?  (Алмасы  бар  табақ  жоғары 



көтерілді, себебі алмалар жеңіл.) 

-

 



Кәне,  барлық  алмаларды  табаққа  салайық.  Не  көріп 

тұрмыз? (Таразы теңесті, себебі гирдің массасы - 2 кг 

және алманың массасы да- 2 кг). 

Екінші сатушы шығады. 

Мұғалім:  Маған  сатып  алушы  болуға  бола  ма?  (Ия.) 

Ендеше маған барлық жеміс-жидектерді, көкөністерді (2 

кг  алма,  1  кг  пияз,  1  кг  картофель,  1  кг  сәбіз)  өлшеп 

беріңіз. 

-

 

Қай гирді алу керек? 



-

 

Менің  сатып  алғандарымның  массасы  неге  тең 



екенін тексереміз? (5 кг) 

Үшінші сатушы шығады. 

-

 

Кәне,  бір  пакет  ұнның  массасы  неге  тең  екенін 



анықтайық? 

-

 



Қандай гирді аламыз? (1 кг) 

-

 



Нені байқадыңдар? 

(Гир  салынған  табақ  жоғары  көтерілді,  яғни  ол  жеңіл. 

Массасы 2 кг гирді аламыз. Таразы теңесті, яғни ұнның 

массасы 2 кг.)  



V. Оқулықпен жұмыс.  

-

 



Балалар,  біз  сендермен  сатушының  қызметін 

үйрендік.  Ендеше  мен  «Ең  үздік  сатушы»  атағына 

сайыс жариялаймын. Кім оқулықтағы жаттығуларды 

дұрыс  орындаса,  сол  «Ең  үздік  сатушы»  атағына  ие 

болып, медаль алады. 

(Оқулықтағы №3, 4, 5 жаттығулар орындалады.) 



VІ.  Жаңа  материалды  бекіту  бойынша  шығармашылық 

тапсырма орындалады. 



VІІ. Қорытынды. 

 

66 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



Мұғалім  үздік  сатушыларды  айтады,  оларға 

медальдар табыс етіледі.  

-

 

Сонымен  балалар,  біз  бүгін  немен  таныстық  және 



базарда  нені  үйрендік?  (Массаның  өлшем  бірлігі-

килограммен  таныстық.  Жемістерді,  көкөністерді 

таразыда өлшеуді үйрендік.) 

VІІІ. Үй тапсырмасын беру: №6,16-бет. 

(Математика:  Жалпы  білім  беретін  мектептің  2-

сыныбына  арналған  оқулық  //  Т.Қ.Оспанов,  т.б.-

Алматы:Атамұра, 1998.-Б.14-16.) 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

67 


 

 

 



 

 

 



 

 

САБАҚ 8. 



«АСЫЛ МҰРА-МАТЕМАТИКТЕР ӘЛЕМІНДЕ» 

ДАНАЛЫҚ САБАҒЫ 

Сабақтың тақырыбы: Ондықтармен санау. Санға 10-

ды қосу және саннан 10-ды азайту 

Мақсаты:  жаңа  санау  бірлігі-  ондықпен  таныстыру; 

санға  10-ды  қосу  және  саннан  10-ды  азайту  тәсілдерін 

үйрету. 

Міндеттері: 

а) ондықтардың атауларын дұрыс айтуға үйрету; 

ә) ондықтарды ретімен санауды игерту; 

б) жай есептерді құрастыру жәнеі шығару біліктерін 

қалыптастыру; 

в) еңбек тәрбиесін беру; 

г) зейінін, ойлау қабілеттерін  дамыту. 

Қажетті  құралдар:  санау  таяқшалары,  санау 

таяқшаларынан  жасалынған  бумалар,  «Асыл  мұра» 

отауларына сәйкес сәндік-қолданбалы өнер туындылары, 

ашпалы-жаппалы қапсырмалар, кітапшалар, т.б. 

Сабақтың  түрі:  жаңа  материалды  түсіндіру 

мақсатына құрылған даналық сабағы. 

Сабақтың құрылымы: 

І.Ұйымдастыру кезеңі 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 

ІІІ. Ауызша есептеу 

ІV. Жаңа материал бойынша жұмыс 

V. Оқулықпен жұмыс 

VІ. Жаңа материалды бекіту 

VІІ. Қорытынды  

VІІІ. Үй тапсырмасын беру 

 

 


 

68 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



Сабақтың  барысы 

 

І.Ұйымдастыру кезеңі. 

-  Балалар,  кәне,  біз  математика  сабағымызды  қандай 

өлең жолдарымен бастаймыз? 

-

 



Кел, балалар, ойнайық, 

Ойнайық та, ойлайық. 

Қандай жұмбақ болса да,  

Шешпей оны қоймайық. 

-  Ендеше,  балалар,  сабағымызды  бастайық.  Біздің 

бүгінгі  сабағымыз  «Асыл  мұра  -  математиктер  әлемінде» 

деген  даналық  сабағы  түрінде  өтеді.  Сендер  бүгін 

бабаларымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, бүгінгі күнге 

жеткен  асыл  мұралармен  таныса  отырып,  соның  негізінде 

математикадан білімдеріңді жетілдіресіңдер. 

Ата-бабамыз  қандай  асыл  мұраларын  қалдырып 

кеткен  екен,  оны  білу  үшін  мына  алдарында  тұрған 

отауларды  аралап,  ондағы  дүниелерді  тамашалай  отырып, 

білім қорымызды молайта түсейік. 



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 

«Математика-ғылымдардың  атасы»,  «Ескісіз  жаңа 

болмайды,  есепсіз  дана  болмайды»  деп  дана  халқымыз 

бекер  айтпаған.  Ендеше,  бірінші  отау-  «Мақал-мәтелдер» 

отауын аралайық: 

Оқушылар (хормен):     Көп көрген ата бабамыз, 

                                        Солардан тәлім аламыз

-  Ия,  дұрыс  айтасыңдар  мақал-мәтелдер  -  ата- 

бабаларымыздың  көрген-білгенінен,  естіп-тоқығанынан 

түйген ой- тұжырымдары екені  анық. Сендер осы  уақытқа, 

дейін  бірнеше  мақал-мәтелдермен  таныс  болдыңдар.  Мен 

сендерге  мынадай  тапсырма  бергім  келіп  тұр,  сендер 



 

69 


 

 

 



 

 

 



 

 

отаудан бірнеше мақал-мәтелдерді оқып тұрсыңдар, ия, енді 



солардың  ішінен  математикалық  ұғымға  қатыстысын 

табыңдар: 



1-оқушы: 

Он адам жүрген жерде із қалады, 

Жүз адам жүрген жерде соқпақ қалады, 

Мың адам жүрген жерде жол қалады. 

-

 



Дұрыс таптың. Енді осы карточканың артын қарасаң, 

саған  тапсырма  бар:  «Үй  тапсырмасын  оқы!»  (үй 

тапсырмасы тексеріледі). 

ІІІ. Ауызша есептеу. 

-  Өте  жақсы.  Келесі  отауларды  аралайық.  Екінші 

отау- «Жұмбақтар» отауы 

Оқушылар(хормен): Айтқан кезде жұмбақты, 

 

 

 

 Бала ойланып тұрмапты. 

-Балалар, біздің  сабағымызға Жұмбақбай атай  қонаққа 

келіпті.  Жұмбақбай  атамызды  білеміз  бе?  Ол  кісі  жұмбақ 

ала  келіпті.  Енді  сендердің  қаншалықты  тапқыр,  алғыр, 

шапшаң  екендіктеріңді  тексерейік.  Ол  үшін  жұмбақтар 

шешеміз.  Қазір    мен  айтамын,  сендер  ойланып,  жауабын 

табыңдар: 

1.

 



Қош-қош дейін, келе ғой, 

Қошақаным еме ғой. 

Ақ ешкінің бөпесі-ай, 

Шөке-шөке, шөкетай! 

Ұнамайды ұзауың, 

Шәуім-шәуім, бұзауым! 

Жайылған тау жотасын, 

Кәуіс-кәуіс, боташым! 

Құйрық атып ұрыншақ, 

Құрау-құрау, құлыншақ! 

Тапшы өзің, ақылдым, 


 

70 


 

 

 



 

 

 



 

 

Қанша төлді шақырдым? 



2.

 

Бес алманың үшеуін, 



Досың сұрап алады. 

Айтшы, сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады? 

-

 



Өте  жақсы.  Жұмбақбай  атай  сендерге  риза.  Сендер 

тапқыр екенсіңдер. 



ІV. Жаңа материал бойынша жұмыс 

Үшінші отау- «Жаңылтпаштар» отауы. 



Оқушылар (хормен): Жаңылтпашты айтайық, 

 

 

 

Тіл ширатып қайтайық. 

- Жаңылтпаш айтуды білеміз бе? Әуел жай, одан соң 

тез  айтамыз.  Ендеше,  мына  отаудан  кім  мазмұнында 

математикалық ұғым бар жаңылтпашты табар екен? 



1-оқушы: 

Үш кіші ішік піштім, 

Бес кіші ішік піштім, 

Неше кіші ішік піштім. 

2- оқушы: 

Он қап, 

Он қапты қақ. 

-

 



Өте  жақсы.  Енді  тез  айтып  көрейікші.  Сендер 

жаңылтпаштарды  да  тез  және  жаңылмай  айтады 

екенсіңдер.  

-

 



Балалар,  біз  бүгін  сендермен  ондықтармен  санауды 

және  ондық  сандардың  атауларын  үйренеміз. 

Ондықтарды  да  тура  осы  жаңылтпаштардай 

жаңылмай санайтын болыңдар. 

1.

 

Оқушыларға  он  таяқшадан  буылған  бір 



буманы  көрсетіп,  оның  неше  ондықты 

білдіретінін  сұраймыз.  Яғни  бір  бума  -  бір 

ондық,  он  санын  білдіреді,  2  бума  -2  ондық, 


 

71 


 

 

 



 

 

 



 

 

жиырма  санын  білдіреді.  Осылайша  толық 



ондықтардың 

атауларымен 

таныстырып, 

олардың 


екі 

цифрдың 


көмегімен 

жазылатынын көрсетеміз. 

2.

 

Үш  буманы  алып,  оған  бір  буманы  қосамыз, 



яғни  3  бума  -  3  ондық  -  30  санын  білдіреді, 

оған 1 бума - 1 ондықты - 10 санын қоссақ, 4 

бума  -  4  ондық-40  саны  шығады.  Жазып 

көрсетеміз: 

3 онд.+1 онд.=4 онд. 

30+10=40 

3.

 

Төрт  буманы  алып,  одан  бір  буманы  аламыз, 



яғни төрт бума – 4 ондық - 40 санын білдіреді, 

одан  1  бума  -1  ондықты  -  10  санын  алсақ,  3 

бума  -  3  ондық  -  30  саны  шығады.  Жазып 

көрсетеміз: 

4 онд.-1 онд.=3 онд. 

40-10=30 



Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Болашақ желтоқсан 2016 жыл
2017 -> Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң
2017 -> Мектепті сақтау – ауылды сақтау Намыс қайда? Шаңырақ
2017 -> «еуразиялық гендік қОР» ғылыми-өндірістік білім беру орталығы
2017 -> Еуропалық тұрғыдан көптілдік құзыреттілігін дамыту жолдары
2017 -> Қазақстандағы трансұлттық мультисауаттылық: ұрпақаралық оқыту
2017 -> Қараша 2015 жыл Қазақстан
2017 -> Қыжыл баспасөЗ – 2017

жүктеу 0.64 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет