Қазіргі таңда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы



жүктеу 0.64 Mb.
Pdf просмотр
бет4/6
Дата28.04.2017
өлшемі0.64 Mb.
1   2   3   4   5   6

V. Қорытынды: Мұғалімнің тапсырмасы  

Саматта 5 алма бар еді. Оған тағы 3 алма берді. Ол оның 

2-уін Айнашқа берді. Саматта қанша алма қалды? 

Шешуі: (5+3)-2=6 



 

44 


 

 

 



 

 

 



 

 

Жауабы: 6 алма 



- Есепті неше амалмен шығардық? (2) 

 -Сонымен,  балалар  бүгін  сендер  қандай  есептерді 

шығарып  үйрендіңдер  (екі  амалмен  орындалатын 

есептер)  



VІ.  Үйге  тапсырма:  №4  жаттығудың  2-3  бағандарын 

орындау 


VІІ. Соңында оқушылардың білімі бағаланады. 

(Математика:  Жалпы  білім  беретін  мектептің  2-

сыныбына  арналған  оқулық  //  Т.Қ.Оспанов,  т.б.-

Алматы:Атамұра, 1998.-Б.54-55.) 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

САБАҚ 4. 

ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ САБАҚ 

 

Сабақтың тақырыбы: 3-ті қосу және  азайту 



 

45 


 

 

 



 

 

 



 

 

Мақсаты:  ондықтан  аттап  3-ті  қосу  және  азайту 



тәсілдерімен  таныстыру 

Міндеттері :  

1)  екі  амалмен  шығарылатын  есептерді  шығару 

біліктерін  қалыптастыру;  теңдік,  өрнек  туралы 

ұғымдарын бекіту 

2) дене тәрбиесін беру 

б) ойлауларын, есте сақтау қабілеттерін  дамыту 

Қажетті  құралдар:  «Денсаулық  рухының»  бейнесі, 

тоқылдақтың, 

түймедақтың, 

спортшының, 

дәрігердің  суреттері,  «сиқырлы  суреттер  -  күн,  ауа, 

су», компьютер, т.б. дидактикалық материалдар 

Сабақтың  түрі:  жаңа    материалды    түсіндіру 

мақсатында 

валеология 

сабағымен 

бірлескен 

интеграциялық  сабақ 

Сабақтың құрылымы: 

І.Ұйымдастыру кезеңі 

ІІ. Ауызша есептеу  

ІІІ. Жаңа  материалды  түсіндіру 

ІV.  Өткен  материал  бойынша  білім,  білік,  дағдыны 

бекіту-оқулықпен жұмыс 

     V. Қорытынды  

VІ. 

Үй тапсырмасын беру 

VІІ.   Бағалау 

 

                                

 

 

Сабақтың  барысы 



І.Ұйымдастыру кезеңі 

-  Балалар,  бүгінгі  сабағымызда  «Денсаулық  мерекесі» 

болады. 


 

46 


 

 

 



 

 

 



 

 

Денсаулығы ананың, 



Денсаулығы баланың, 

Денсаулығы қарттың да, 

Қамқорлығы ғаламның- 

деп,  кәне,  денсаулық    мерекесін  бастайық.  Балалар, 

біздің  мерекемізге  баршамызға  күш-қуат  беріп, 

денсаулық сыйлайтын «Денсаулық рухы» қонаққа келді 

(көңілді  әуен  ойналып,  әдемі,  аппақ  қыз  бейнесінің 

суреті ілінеді).  

Білесің бе,  досым сен 

Оқу үшін не қымбат? 

Ең қымбатың –денсаулық, 

Соны түсін, сырын бақ. 

- Денсаулық рухының бізге арнап әкелген сыйлығы бар. Ол 

сыйлықты  кім  сабаққа  жақсы  қатынасады,  сол  балаға 

береді. Ал егер барлығымыз сабаққа жақсы қатыссақ, онда 

барлығымызға беріледі. 

- Сабаққа жақсы қатынасамыз ба? (Ия)  

-Ендеше,  балалар,  бері  қараңдар.  Денсаулық  рухы  біздің 

мерекемізге  асығып  келе  жатқанда,  қолындағы  сендерге 

арнап әкеле жатқан тілегі түсіп қалыпты, ол оны таба алмай 

тұр.  Кәнекей,  көмектесіп  жіберейікші  (Қыздың  қолында 

«денсаулық-» деген сөз жазылған қатты қағаз болады. Жеке 

қағаздарда  «зор  байлық»,  «бақыт»,т.с.с.  сөздер  жазылады. 

Балалар  «Денсаулық-зор  байлық»  деген  нақылды  таңдап 

алады). 

ІІ. Ауызша есептеу 

-Балалар,  біздің  халқымыз  бірнеше  ауруға  ем  ретінде 

«түймедақ»  деген  дәрілік  шөпті  пайдаланған.  Денсаулық 

рухы  осы  гүлді  бізге  сыйлағысы  келіп  тұр.  Ол  үшін  мына 

есептеулерді ауызша орындауымыз керек (Түймедақ гүлінің 

күлтелерінде ауызша есептеулерге мысалдар жазылады) 



 

47 


 

 

 



 

 

 



 

 

ІІІ. Жаңа материал бойынша жұмыс 

8+3=(8+2)+1=11 

9+3=(9+1)+2=12 

11-3=(11-1)-2=8 

12-3=(12-2)-1=9 

11 дегеніміз -3 және неше? 3 және 8, өйткені 8+3=11. 

12 дегеніміз- 3 және неше? 3 және 9, өйткені 9+3=12. 

Қалталы 

полотнода 

дөңгелектер, 

үшбұрыштардың 

модельдері арқылы бейнелеу жүзеге асырылады. 

ІV. Оқулықпен жұмыс 

 1. № 2 жаттығу:«Сиқырлы суреттер» ойыны. 

 Ойынның    дидактикалық  мақсаты:  ондықтан  аттап  3-ті 

қосу және азайту туралы оқушылардың білімдерін бекіту 

Құрал-жабдығы:  плакатқа  салынған  күн,  су,  ауаға 

байланысты сюжетті суреттер.   

Мазмұны:  Ойын  шарты  бойынша  суреттердің  астында 

қатты  қағазда  мысалдар  жазылып  тұрады.  Мысалдарды 

орындап  болған  соң  қағаздың  екінші  бетін  ашады,  сонда 

әрбір суреттің атауы анықталып: «Күн, су, ауа-дертке дауа» 

деген нақыл шығады. Мысалдар 2-жаттығудан алынады. 



2.  Орман емшісі-тоқылдақ, 

     Сабаққа келді тоқылдап. 

     Тапсырмасын ала келді

      Көңілге түрлі ойды сала білді. 

Тоқылдақтың тапсырмасы- № 3 жаттығу: Есеп шығару 

5)

 

Есеп мазмұны бойынша жұмыс 

а)  Есептің мәтінін оқыту. 

ә) Мазмұнда не жайында айтылғанын анықтау 

6)

 

Есепті талдау 

а) Асханаға барлығы қанша картоп әкелінді? 

Әкелінгені  20 кг және 15 кг 

ә)  Қанша картоп жұмсалды? 



 

48 


 

 

 



 

 

 



 

 

Жұмсалғаны- 5 кг 



б) Есепте бізден нені сұрап тұр? 

Қалғаны-? 

в)  Барлығы  қанша  кг  картоп  әкелінгенін  қалай  білеміз? 

(20+15). 

г) Қалғанын қалай табамыз? (20+15)-5 

3) Есептің шешуі мен жауабын жазу  

Ш:(20+15)-5=30 

Ж:30 кг 

       4) Есепті шешкеннен кейін жүргізілетін жұмыс 

Есепті неше амалмен шығардық? (2) 

Есептің  шешімінің  дұрыстығын  қалай  тексеруге 

болады? 


(30+5)-15=20; :(30-20)+5=15; 15-(30-20)=5 

   3. Спортшымыз-шеберміз, 

       Шыныққан біздің денеміз. 

       Ешқашан да ауырмай

       Жеңістерге жетеміз. 

-

 

Балалар,  бізге  денесі  шымыр  спортшы  тапсырма 



әкеліпті. 

Спортшының  тапсырмасы- № 4 жаттығу: Есеп шығару (№3 

жаттығу сияқты орындалады). 

 Сергіту сәті 

Сағаттың тіліңдей, иіліп оңға бір. 

Сағаттың тіліңдей, иіліп солға бір. 

Оң аяқ, сол аяқ 

Жаттығу оңай-ақ. 

    4.  Тіс ауырса,                                               Барлық бала, 

          Іш ауырса,                                               Барлық адам 

          Бізге дәрі береді                                     Оны жақсы 

көреді. 


     - Өлеңде кім жайында айтылған? (дәрігер)       

 

49 


 

 

 



 

 

 



 

 

     -  Ендеше,  балалар,  бізге  компьютер  арқылы  электронды 



хат келіпті. Бұл хатты бізге дәрігер жіберіпті. 

Дәрігердің  тапсырмасы-шығармашылық  жаттығу:2, 

3, 5 сандарын пайдаланып, мәні 4-ке тең өрнектерді жаз. 

   2+5-3; 5+2-3; 5-3+2; 5-(3-2) 



5.  -  Балалар,  енді  бәріміз  бүгінгі  мерекеміздің  «Денсаулық 

күнінің»  белгісін  (эмблемасын)  салайық:  №6  жаттығуды 

орындау 

18+3=21; 28+3=31; 38+3=41; 48+3=51; 58+3=61; 68+3=71;  

78+3=81; 88+3=91.    

V. Үй тапсырмасы: №5 жаттығуды орындау. 

VI.    Қорытынды:  Жаңа  материал  бойынша  оқушыларға 

сұрақтар  қойылып,  олардың  білімді  меңгеру  деңгейі 

айқындалады.                                                                   

-  Дұрыс  айтсаңдар,  бүгін  сабаққа  барлығын  жақсы 

қатыстыңдар. 

Денсаулық  рухы  сендерге  өте  риза  болып,  дендеріңнің 

саулығын тілеп, өз сыйлығын ұсынады. 

VII. Бағалау 

(Математика:  Жалпы  білім  беретін  мектептің  2-

сыныбына  арналған  оқулық  //  Т.Қ.Оспанов,  т.б.-

Алматы:Атамұра, 1998.-Б.55-56.) 

 

 

 

 

 

САБАҚ 5. 

САЯХАТ САБАҒЫ 

 

Сабақтың тақырыбы: 7-ні қосу және азайту 



 

50 


 

 

 



 

 

 



 

 

Мақсаты:  ондықтан  аттап  7-ні  қосу  және  азайту 



тәсілдерімен    таныстыру;  7-ні  қосу  және  азайтудың 

кестелік 

жағдайларын 

екі 

амалдан 

тұратын 

өрнектермен, 

есептеулермен 

байланысты 

іс-

әрекеттерде  қолдануға  машықтандыру;  екі  амалмен 

шығарылатын 

есептерді 

шешу 

біліктіліктерін 

қалыптастыру. 

Міндеттері :  

1) теңдік, өрнек туралы ұғымдарын бекіту 



2) ақыл-ой тәрбиесін беру 

б) ойлауларын, есте сақтау қабілеттерін  дамыту 

Қажетті құралдарматематикалық ребус, барыстың, 

Роботтың,  көгершіннің  суреті,  зәулім  биік  үйлердің, 

компьютердің,  ұялы  телефонның,    тік  ұшақтың 

макеттері,  Ғарыш  бейнесі,  ұлағатты  сөз  жазылған 

плакат.   

Сабақтың  түрі:  жаңа    материалды    түсіндіру 

мақсатына құрылған саяхат сабақ 

Сабақтың құрылымы: 

І.Ұйымдастыру кезеңі 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 

ІІІ. Ауызша есептеу 

     ІV. Жаңа материал бойынша жұмыс 

      V. Оқулықпен жұмыс 

     VІ. Жаңа материалды бекіту.    

    VІІ. Үй тапсырмасын беру   

VІІІ. Қорытынды 

ІХ. Бағалау 

 

Сабақтың  барысы 

 

І.Ұйымдастыру кезеңі 

 

51 


 

 

 



 

 

 



 

 

-



 

«Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ»-

деген  данышпан,  дана  халқымыз.  Ендеше,  балалар, 

бүгін  біз  сабағымызда  бір  сәт  болашаққа  саяхат 

жасап  көрейікші.  Сендер  сабақта  тапсырмаларды 

орындай отырып, көз алдарына болашақтың жарқын 

көрінісін  елестетін  боласыңдар.  Айтыңдаршы, 

«болашақ»  дегенде  сендер  ой  елегінен  қандай 

сөздерді өткізіп, көз алдарында нені елестетесіңдер? 

(плакатқа  маркермен  «робот,  зәулім  биік  үйлер, 

компьютер,  ұялы  телефон,  ғарышқа  ашық  жол, 

т.с.с.» сөздер жазылады).  

-

 

Дұрыс,  балалар,  ендеше  саяхатымызды  бастайық.  1-



ші  тапсырма  біздің  логикалық  ойлау  қабілетімізді 

дамытуға арналған, яғни математикалық ребус шешу 

(ребустың  шешуі-Барыс.  Осы  тұста  балалардың 

назарын  барыстың  суретіне  және  оның  астына 

жазылған құпия сөзге аудару керек). 

-

 



Балалар,  мына  жерде    болашақ  туралы  құпия  сөз 

жазылған.  Оны  сендер,  бүгінгі  сабаққа  белсене 

қатынасып,  тапсырмалардың  барлығын  дұрыс,  әрі 

жылдам  орындасаңдар,  білетін  боласыңдар  (құпия 

сөздің беті «Білгенге-маржан» деген сөз жазылған ақ 

қағазбен жабық тұрады). 

 ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 

-

 



Балалар, бізге сабаққа Робот келіпті. Ол сендердің үй 

тапсырмасын  қаншалықты  дұрыс,  әрі  сапалы 

орындағандарынды  тексереді.  Сендер  тапсырманы 

оқисыңдар,  егер  дұрыс  болса,  Роботтың  қолындағы 

көк  шам  жанады,  ал  қате  болса,  онда  қызыл  шам 

жанады.  Кәне,  тексеруге  кірісейік  (үй  тапсырмасы 

тексеріледі). 


 

52 


 

 

 



 

 

 



 

 

-



 

Міне,  балалар,  болашақта  біздің  барлық  іс-

әрекетімізге бағыт беріп отыратын осындай Роботтар 

болады екен. 



ІІІ. Ауызша есептеу 

-Балалар,  кәне  енді  есептеу  дағдыларымызды  жетілдіру 

үшін  мына  өрнектердің  мәнін  ауызша  табайық,  сонда 

сендер  біздің  болашақта  қалаларымыз  қалай  көркейетінін 

көретін  боласыңдар.  (зәулім  биік  үйлердің    беттерінде 

ауызша есептеулерге мысалдар жазылады) 



ІV. Жаңа материал бойынша жұмыс 

А)  компьютердің  бетінде  шаршылардың  суреттері 

бейнеленеді 

(жаңа 


материал 

әдістемеге 

сәйкес 

түсіндіріледі). 



7+7=(7+3)+4=14 

14-7=(14-4)-3=7 

-

 

Балалар,  осылайша  болашақта  әркім  компьютер 



арқылы  өз  білімін  жетілдіретін  болады.  Электронды 

оқулықтар  пайда  болады,  яғни  мына  сендердің 

алдарында  жатқан  оқулықтар  компьютерде  теріліп, 

әрбір  адам  компьютерден  өзіне  керегін  оқитын 

болады. 

V. Оқулықпен жұмыс 

-

 



Енді,  балалар,  оқулықтағы  1-  жаттығудың  ә-сіне 

қарайық.  Бұл  жаттығу  біздің  бүгін  танысқан 

ондықтан  аттап  7-ні  қосу  және  азайту  тәсілдерін 

терең меңгеруге арналған. Қазір мен кез келген топқа 

ұялы телефон арқылы қоңырау соғамын. Ал, сендер, 

ең  алдымен  топта  тапсырманы  қарап  шығып, 

орындаңдар да,  ұялы телефонға кім жауап беретінін 

анықтаңдар 

(балалар 

ауызша 


тапсырманы 

орындайды). 



 

53 


 

 

 



 

 

 



 

 

-



 

Міне,  балалар,  болашақта  әрқайсымызда  ұялы 

телефон арқылы хабарласуға мүмкіндік болады.  

   

№ 3 жаттығу:  

-

 



Балалар, кім маған электронды почта деген не екенін 

түсіндіреді? 

-

 

Ендеше  әрбір  топ  компьютерлерінді  іске  қосыңдар. 



Мүмкін  сендерге  электронды  почта  арқылы 

хабарлама келген шығар.  

-

 

Келіпті  ме?  Тапсырманы  орындайық.  Сосын 



тексереміз  (компьютердің  бетінде  3-  жаттығу 

тапсырмалары  жазылады.  Балалар  оны  өз  бетімен 

орындайды). 

-

 



Міне,  балалар,  болашақта  біздің  әрқайсымыздың 

үйімізде  компьютер  болып,  біз  бір-бірімізге 

электронды  почта  арқылы  хат-  хабар  жіберіп 

отыратын боламыз. 

Балалар, енді барлығымыз ғарышқа саяхат жасайық. 

Кәне,  ұшуға  дайындалыңдар.  Дайынбыз  ба?  Ендеше 

ұшамыз (Тік ұшақ ғарышқа ұшып барады). 

-        Балалар,  сендер  неше  және  қандай    планеталар  

бар екенін білесіңдер ме? 

-

 



Ең алдымен, Жерге жақын Марсқа барайық. Марсты 

аралау үшін бізге есеп шығару керек. Оқулықтағы 4- 

жаттығуды орындаймыз. 

   № 4 жаттығу: Есеп шығару 



7)

 

Есеп мазмұны бойынша жұмыс 

а)  Есептің мәтінін оқыту. 

ә) Мазмұнда не жайында айтылғанын анықтау 

8)

 

Есепті талдау 

а)  Дүкеннен  қанша  қап  картоп  сатып  алынды?  (9,  яғни 

ол белгілі). 

Картоп-9 қап 



 

54 


 

 

 



 

 

 



 

 

ә) Ал қанша қап сәбіз сатып алынды? (5 қап кем, яғни ол 



белгісіз, қанша қап сәбіз сатып алынғаны айтылмаған). 

Сәбіз-? 5-еуі кем 

б)  Оны  табуға  бола  ма?  (Болады,  5  қап  кем  сатып 

алынғандықтан, 9 қап болуға 4 қап жетпейді, яғни сәбіз 

9-5 қап сатып алынған). 

в) Есепте бізден нені сұрап тұр? 

- Барлығы қанша қап көкөніс сатып алынғанын?  

Картоп-9 қап 

                                              ?   

Сәбіз-? 5-еуі кем 



3) Есептің шешуі мен жауабын жазу  

Ш: 9+(9-5)=13 

Ж:13 қап көкөніс сатып алынды.  

       4)  Есепті  шешкеннен  кейін  жүргізілетін  жұмыс 

(Әдістеме бойынша) 

Есепті неше амалмен шығардық? (2) 

-

 

Міне,  балалар,  Марсқа  ендік  (Марс  планетасы 



туралы шағын әңгіме айтылады). 

-

 



Сонымен, Марсқа саяхатымыз аяқталды. Енді келесі 

планетаға-  Юпитерге  барайық.  Ол  үшін  оқулықтағы 



6-  жаттығуды  орындаймыз  (6-  жаттығу  жазбаша 

орындалады: 17+7, 27+7, 37+7, 47+7 т. с. с) 

-

 

Міне,  балалар,  Юпитерге  ендік  (Юпитер  планетасы 



туралы шағын әңгіме айтылады). 

-

 



Сонымен,  Юпитерге  саяхатымыз  аяқталды.  Енді 

келесі  планетаға-  Сатурнға  барайық.  Ол  үшін 

оқулықтағы 

шығармашылық 

тапсырманы 

орындаймыз 

(Жасыл 

қоршауға 



алынған 

тапсырманың  мүмкін  жағдайлары  қарастырылады: 

(8+3)-10=1, (8-3)-4=1) 


 

55 


 

 

 



 

 

 



 

 

-



 

Міне,  балалар,  Сатурнға  келдік  (Сатурн  планетасы 

туралы шағын әңгіме айтылады). 

-

 



Сонымен,  Сатурнға  саяхатымыз  аяқталды.  Енді 

Жерге  қайтып  оралайық.  Біраз  планеталарды 

араладық,  олар  өте  көп,  қалғанына  келесі  жолы 

келеміз. 



VІ. Жаңа материалды бекіту 

 -  Кәне,  енді  парашюттерімізді  дайындап,  Жерге 

түсейік.  Ол  үшін  әрбір  парашюттегі  тапсырмаларды 

орындауымыз  керек  (5  топқа  ондықтан  аттап  7-ні  қосу 

және  азайту  тәсілдерін  бекітуге  тапсырмалар  беріледі). 

Қай  топ,  бірінші  орындайды,  сол  топ  Жерге  бірінші 

болып  түседі  (әр  топтан  бір  оқушы  түсіндіре  отырып, 

ауызша  жауап  береді.  Осылайша  балалардың  жаңа 

білімді меңгеру деңгейі айқындалады). 

-

 



Болашақта  осылайша  Ғарышқа  жол  ашылып, 

әрқайсымыз сапар шеге алатын боламыз.  



VІІ.  Үй  тапсырмасын    «Бейбітшілік  құсы»  көгершін 

әкеледі: №2, 5 жаттығуларды орындау. 

-

 

Біздің,  сабағымызға  «Бейбітшілік  құсы»  көгершін 



ұшып  келді.  Бұл  болашақта  барлық  әлемде 

бейбітшілік 

болады 

дегеннің 



белгісі, 

соғыс 


болмайды, әрбір халық, әрбір ұлт тату-тәтті, бақытты 

өмір сүретін болады. 



VІІІ. Қорытынды 

-

 



Сонымен,    бүгін  сабаққа  барлығын  жақсы 

қатыстыңдар.  Ендеше  құпия  сөздің  сырын  ашайық: 

Н.Назарбаевтың  «2030  жылға  қарай  Қазақстан 

Орталық  Азия  барысына  айналады  және  өзге 

дамушы елдер үшін  үлгі болады деп сенемін» деген 

сөзі шығады. 



 

56 


 

 

 



 

 

 



 

 

-



 

Міне,  балалар,  біздің  Президентіміз  Қазақстанның 

болашағын  барысқа  теңеген.  Өйткені  барыс-  текті, 

алғыр,  тәкаппар,  батыл,  күшті  аң.  Сондықтан  біздің 

бүгінгі  сабағымыздың  да  белгісі  барыс  болды. 

Болашағымыз жарқын болсын, балалар.                                                             



ІХ. Бағалау 

(Математика:  Жалпы  білім  беретін  мектептің  2-

сыныбына  арналған  оқулық  //  Т.Қ.Оспанов,  т.б.-

Алматы:Атамұра, 1998.-Б.67-68.) 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



САБАҚ 6. 

АУКЦИОН САБАҒЫ 

 

57 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



Сабақтың  тақырыбы:  Көп  таңбалы  сандар,  оларды 

оқу, жазу және салыстыру. 

Мақсаты: көп таңбалы сандарды оқуға, жазуға және 

салыстыруға үйрету. 

Міндеттері: 

а) 

мәтінді 

есептерді 

шығару 

дағдыларын 

қалыптастыру; 

ә) 10-ға, 100-ге, 1000-ға көбейту және бөлу біліктерін 

қалыптастыру; 

б) ақыл-ой тәрбиесін беру 

в) ойлауларын, есте сақтау қабілеттерін  дамыту 

Қажетті  құралдар:  :  тақтада  ілінген  безендірулер, 

яғни  «Қош  келдіңіздер!»,  «Саудаңыз  сәтті  болсын!», 

«Біліміңе  қарап,  өзіңді  сына»  деген  плакатқа 

жазылған  сөздер  және  сатып  алынатын  заттар, 

«Қуыршақ» ойыншығы, т.б. 


Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Болашақ желтоқсан 2016 жыл
2017 -> Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң
2017 -> Мектепті сақтау – ауылды сақтау Намыс қайда? Шаңырақ
2017 -> «еуразиялық гендік қОР» ғылыми-өндірістік білім беру орталығы
2017 -> Еуропалық тұрғыдан көптілдік құзыреттілігін дамыту жолдары
2017 -> Қазақстандағы трансұлттық мультисауаттылық: ұрпақаралық оқыту
2017 -> Қараша 2015 жыл Қазақстан
2017 -> Қыжыл баспасөЗ – 2017

жүктеу 0.64 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет