Қазіргі таңда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы



жүктеу 0.64 Mb.
Pdf просмотр
бет2/6
Дата28.04.2017
өлшемі0.64 Mb.
1   2   3   4   5   6

 

 

 

 

 

 

 

МАТЕМАТИКАДАН ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС 

САБАҚТАРДА ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА 

ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ 

 

 

18 


 

 

 



 

 

 



 

 

Математиканы  оқытуды  жаңашылдық  тұрғысынан  



ұйымдастыру  оқудың  дәстүрлі  түрінен  әрекетшілдікке 

ауысу арқылы жүзеге аса отырып, оқушының оқу әрекетінің 

белсенді  субъектісі  болуына  мүмкіндік  береді.  Мұның  өзі 

сабақты  әртүрлі  жаңа  технологиялар  бойынша  жобалауды 

қажет етеді.  

Ғылыми-педагогикалық  әдебиеттерде  педагогикалық 

технологияның мәнін ғалымдар түрліше анықтайды: 

-

 



практикада  іске  асырылатын  белгілі  бір 

педагогикалық 

жүйенің 

жобасы 


(В.А.Беспалько); 

-

 



 педагогикалық 

мақсатқа  қол  жеткізу 

жолындағы қолданылатын барлық қисынды 

ілім 


амалдары 

мен 


әдіснамалық 

құралдарының  жүйелі  жиынтығы  және 

жұмыс істеу реті (М.В.Кларин); 

-

 



оқыту 

формаларының, 

әдістерінің, 

тәсілдерінің, 

амалдарының, 

тәрбие 


құралдарының  әлеуметтік  жиыны  мен 

бірлігін 

анықтайтын 

психологиялық-

педагогикалық  нұсқаулардың  жиынтығы 

(Б.Т.Лихачев); 

-

 

балаға  педагогтың  шынайы  өзара  әрекетін 



қамтамасыз  ететін  қолданбалы  ғылыми 

педагогикалық пән (Н.Е.Щуркова); 

-

 

қойылған  мақсатқа  сәйкес  білімді,  білікті, 



дағдыны  және  қатынасты  құрастыру, 

қалыптастыру  мен  бақылау  бойынша 

операциялардың жиыны (А.К.Колеченко); 

-

 



шығармашылықпен  терең  ойластырылған 

көптеген 

факторлардың 

үйлесімділігін, 

оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз 


 

19 


 

 

 



 

 

 



 

 

ететін 



оқу-тәрбие 

процесінің 

жанды 

құрамдас бөлігі (Ш.Т.Таубаева, Б.Т.Барсай), 



т.б.       

Математикадан 

дәстүрлі 

емес 

сабақтарда 

мынадай  оқытудың  жаңа    технологияларын  пайдалануға 

болады: 

Интеграциялық технологиялар – бұл оқу тақырыптары, 

оқу  проблемалары  және  басқа  да  оқытуды  ұйымдастыру 

формалары деңгейінде әртүрлі пәндік білім, білік, дағдының 

интеграциясын қамтамасыз ететін дидактикалық жүйелер. 



Ойын  технологиялары  –  оқу-тәрбие  міндеттерін 

шешуге  бағытталған  әртүрлі  ойындарды  қолдануды 

көздейтін дидактикалық жүйелер.  

Ойын технологиясы мәнді  өмір  жағдаяттарын  жобалау 

және  оның  шешуін  іздестіруге  құрылады,  жетекші  әдісі  - 

ойын.  Оны  ұйымдастыру  түрлері:  рольдік  және  оқиғалық 

ойындар,  саяхаттық  және  дидактикалық  ойындар,  іскерлік 

ойындар. 

Ойын  -  шығармашылық  мақсатқа  бағытталған  іс-

әрекет,  оны  жүргізу  процесінде    балалар  қоршаған 

болмыстың құбылыстарын терең танып - біледі. 

Дидактикалық 

ойын 

оқушылардың 



ақыл-ой 

белсенділігін  тәрбиелеудің  маңызды  құралы  бола  отырып, 

бағдарлама  материалының  негізі  тақырыптары  бойынша 

алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді, 

балалардың  сабақ  үстіндегі  жұмысын  түрлендіре  түседі, 

оқуға  ықылас  қоюына  баулиды  және  зейінін,  ойлау,  есте 

сақтау процестерін дамытады. 

Тренинг  технологиялары  –  белгілі  бір  шешімдерді 

орындауға  бағытталған  іс-әрекеттер  жүйесі.  Оған    тұлғаны 

инттелектуальды  дамыту  және  басқару  міндеттерін  шешу 

бойынша 


жүргізілетін 

психологиялық 

тренингтерді, 


 

20 


 

 

 



 

 

 



 

 

іскерлік  қарым-қатынас,  тұлғаны  дамыту,  тіл  табысу 



тренингтерін  де жатқызуға болады. 

Ақпараттық-компьютерлік  технологиялар  –  ЭЕМ-дер 

мен олардың желілері, әсіресе дербес компьютерлер арқылы 

ақпаратты алуды, қайта жасауды, жеткізуді, сақтауды және 

пайдалануды көздейтін дидактикалық жүйелер. 

 

Дәстүрлі  емес  математика  сабақтарында  ақпараттық 



технологияларды пайдаланудың тиімділігі ретінде мынадай 

мәселелерді атап өтуге болады: 

-

 

оқушылар  өздеріне  қажетті  ақпаратты  жедел  түрде 



алады; 

-

 



білім сапасын арттыруға септігін тигізеді; 

-

 



көзбен  көріп,  қолмен  ұстап  сезіну  немесе  құлақпен 

есту мүмкіндіктері болмайтын түрлі құбылыстар мен 

әртүрлі  тәжірибе  нәтижелерін  көріп,  сезінуге 

мүмкіндік береді; 

-

 

оқушылардың 



танымдық 

қызығушылығын 

арттырады, оқу іс-әрекетін белсендіреді

-

 



оқушылардың  ой-өрісін,  дүниетанымын  кеңейтуге 

ықпал етеді, т.б. 

Жаңа ақпараттық технологиялар дәстүрлі түрде оқытуға 

жаңаша  сипат  беріп,  оқу  материалын  түсіндіру  процесін 

оңтайландырады  және  балалардың  оқуға  деген  ынтасын 

арттыруға ерекше ықпал етеді.  

Компьютер  оқушылардың  математикадан  өзіндік 

жұмысын  тез  және  қарқынды  түрде  ұйымдастыруға 

көмектеседі.  Мәселен,  Microsoft  Word  мәтін  редакторында 

оқушыларға  әртүрлі  жазбаша  тапсырмаларды  өз  бетінше 

орындатуға  болады.  Оқушылар  компьютерде  есептеу 

мүмкіндігін  пайдалана  отырып,  оның  нәтижелерін  табуға 

үйренеді. 

Мұндағы 


мұғалімнің 

негізгі 


мақсаты 

оқушылардың  қатесіз,  сауатты  есептеуін  қадағалау  болып 



 

21 


 

 

 



 

 

 



 

 

табылады.  Жұмыстың  бұл  түрі  оқушылардың  жазба 



жұмыстарын  орындауға  қызығушылықтарын  арттырады, 

себебі  олар  қаламның  көмегімен  дәптерде  есептеуге  аса 

ынта танытпайды және өте баяу есептейді. Бірақ, бұл жазба 

жұмыстарын  толық  компьютерде  орындату  дегенді 

білдірмейді,  тек  баланы  ынталандырудың  бір  түрі  ретінде 

пайдалану дегенді меңзейді.  

Сонымен  бірге  оқушыларға  шығармашылық  ойын 

түрлерін  құруға  тапсырма  беруге  болады.  Оған  біршама 

уақыт  беру  қажет,  себебі  оқушы  алдына  қойылған 

проблеманы  шешу  үшін  жан-жақты  ізденеді,  отбасымен 

ақылдасады, 

әртүрлі 


әдебиеттерді 

қарастырады, 

сыныптастарымен, мұғаліммен ақылдасады. Оқу процесінде 

әртүрлі  танымдық  ойындарды,  логикалық  сипаттағы 

ойындарды пайдалануға болады. 

Электрондық  байланыс  жүйелерінде  оқыту  мынадай 

сұрақтардың шешімін табуды көздейді: 

1. Нені  оқыту керек, яғни компьютерлік жүйеге  енгізілетін 

тақырыптарды саралау қажет. 

2. Оны қандай ретпен, тәртіппен оқыту керек, яғни тақырып 

арасындағы байланыс, сабақтастық қатаң ескерілуі қажет. 

3.  Қалай  оқыту  керек?,  яғни  тиімді  әдіс-тәсілдерді  таңдап 

алған жөн. 

Осы  үш  сұрақтың  шешімін  табу  ақпараттық 

технологиялар  арқылы  математиканы  оқыту  әдістемесінің 

негізін құрайды. 

Сонымен  бірге  математика  сабақтарында  компьютерді 

оқушылардың  іс-әрекетін  жедел  бақылауды  ұйымдастыру 

құралы  ретінде  пайдалануға  болады.  Оның  мынадай 

артықшылықтары бар: 

-

 

әрбір оқушы өз қарқынымен жұмыс істейді; 



-

 

тексерілушіге жеке тест беру мүмкіндігі бар; 



 

22 


 

 

 



 

 

 



 

 

-



 

компьютер 

нәтижелерді 

бағалаудың 

шынайылығын қамтамасыз етеді; 

-

 



уақытты үнемдейді; 

-

 



қолайлы интерфейспен қамтамасыз етеді; 

-

 



ақпараттың аздығымен ерекшеленеді; 

-

 



тест  нәтижесін  автоматты  түрде  тексеруге 

мүмкіндік береді; 

-

 

мұғалімнің  ролі  өзгереді,  енді  ол  бақылаушыдан 



кеңес берушіге ауысады. 

Проблемалық  оқыту  технологиялары  –  оқытудың 

эвристикалық 

әдістерін 

пайдалану 

арқылы 

оқу 


проблемаларын  және  жағдаяттарын  шешуге  бағытталған 

дидактикалық жүйелер. 



Деңгейлік  саралап  оқыту  әр  оқушының  қабілеті  мен 

мүмкіндік  деңгейіне  орай  оқытуды,  оны  оқушылардың 

әртүрлі  топтарының  ерекшелігіне  сәйкес  бейімдеуді, 

ыңғайлауды  көздейтін  педагогикалық  технология  болып 

табылады. 

 

Аталған  технология  негізінде  мынадай  деңгейлік 



тапсырмалар ұсынылады: 

1.

 



Оқушылық деңгейдің тапсырмалары  жаңа тақырыпта 

меңгерілген  білімнің  өңін  өзгертпей  қайталап, 

пысықтауына мүмкіндік беретін тапсырмалар.  

2.

 



Алгоритмдік  деңгейдегі  тапсырмалар  -  өтіп  кеткен 

материалдарды  реттеуге  және  жүйелеуге  берілген 

тапсырмалар. 

Олар 


өзгертілген 

жағдайлардағы 

тапсырмаларды  талдап,  бұрынғы  тапсырмаларға  ұқсас, 

бірақ  оларды  орындау  үшін  алғашқы  алған  білімдерін 

түрлендіріп пайдалануды қажет етеді. 

3.

 



Эвристикалық  деңгейдегі  тапсырмаларды  орындау 

білімді  сапалы  жаңа  деңгейде  қолдануға  мүмкіндік 

береді,  яғни  бұл  тапсырмалар  жаңа  жағдаяттарды  да 


 

23 


 

 

 



 

 

 



 

 

қамтиды. 



4.

 

Шығармашылық  деңгей  тапсырмалары:  оқушылардың 

шығармашылықпен  жұмыс  істеуін  талап  ететін 

тапсырмалар. 

 

Біз 


жоғарыда 

математикадан 

дәстүрлі 

емес 


сабақтарда 

қолдануға 

болатын 

оқытудың 

жаңа 

технологияларының  бірнешеуіне  тоқталдық.  Әрине, 



сабақтың  мақсаты  мен  мазмұнына  сәйкес  басқа  да  жаңа 

педагогикалық  технологияларды  пайдалануға  болады.  Ол 

мұғалімнің  кәсіптік  даярлық  деңгейіне,  шығармашылық 

ізденісіне және педагогикалық шеберлігіне байланысты. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

САБАҚ 1. 

ЕРТЕГІГЕ ҚҰРЫЛҒАН САБАҚ 

 

Сабақтың тақырыбы: 5 саны және цифры  

Мақсаты: 5 саны және цифрымен таныстыру 

Мiндеттерi: 

 

24 


 

 

 



 

 

 



 

 

1) Заттарды санау арқылы 5 санын енгiзе отырып, 5 



санын  шығарып  алумен  және  5  цифрымен  таныстыру. 

Бес  көлемiндегi  сандық  және  реттiк  сан  есiмдердi 

пайдалана  бiлудi,  5  санын  оның  алдындағы  санмен 

салыстыра бiлудi үйрету, бесбұрышпен таныстыру; 

2)  Қасиеттi  төрт  түлік  малды  қастерлеуге  баули 

отырып, оқушылардың бойында адамгершiлiк сапаларды, 

еңбексүйгiштiктi  тәрбиелеу

3)  Оқушылардың  логикалық  ойлауларын,  қиялын 

дамыту. 

Қажетті  құралдар:  төрт  түлік  малдың  және 

олардың  төлдерінің  суреттері;  текеметтің  суреті, 

дидактикалық материалдар, т.б. 

Сабақтың түрi - ертегiге құрылған аралас сабақ 

Сабақтың құрылымы: 

І.Ұйымдастыру кезеңі 

ІІ. Өткендi қайталау  

ІІІ. Жаңа материал бойынша iстелетiн жұмыс 

     ІV. Оқулық бойынша жұмыс 

     V. 

Қорытынды

 

 

 

Сабақтың барысы 

1. Ұйымдастыру кезеңі 

«Жалғастыра  санау»  ойыны  (4-ке  дейiн  тура  бағытта 

және 4-тен бастап керi бағытта). 

2. Өткендi қайталау 

-  Балалар,  сендер  өткен  сабақта  4  санын  үйренумен 

қатар  ата-бабаларымыз  ерекше  қастерлеген  төрт  түлiк 

малмен  де  танысқан  болатынсыңдар.  Кәне,  ендеше 



жұмбақтар  шешу  арқылы  төрт  түлiк  малдарды    есiмiзге 

түсiрейiк. 



 

25 


 

 

 



 

 

 



 

 

1. Төрт түлiктiң бiрi, 



Қамбар ата пiрi (Жылқы); (суретi iлiнедi). 

2. Қос мүйiздi, төрт сирақты, 

Сыйлайды балдай ақ бұлақты (Сиыр);(суретi iлiнедi). 

3. Кiшкене ғана бойы бар, 

Айналдырып киген тоны бар (Қой); (суретi iлiнедi). 

4. Өзi үлкен жануар, 

Үстiнде екi тауы бар (Түйе); (суретi iлiнедi). 

- Дұрыс, балалар. Ендi осы суреттегi малдарды санайық 

(1, 2, 3, 4). 

-Бүгiн  бiздiң  математика  сабағымызға  осы  төрт  түлiк 

малдың төлдерi қонаққа келiптi. 

3.  Жаңа  материал  бойынша  iстелетiн  жұмыс:  5 

санын шығарып алу. 

- Сонымен, тақтада қанша малдың суретi iлулi тұр?  (4). 

-  Ендеше  бiзге  сонша  төлдiң  суретiн  iлу  керек.  Яғни, 

сонда төлдер қанша болады? (Төртеу). 

- Жылқы сүйедi баласын "шұбарым" деп,  

"Жүгiруден жазбаған тұлпарым" деп. 

-Ендеше,  бүгiн  бiзде  қонақта  жылқы  малының  төлi  – 

құлын (сурет iлiнедi). 

-Сиыр сүйедi баласын"торпағым" деп, 

"Қараңғыға баспаған қорқағым" деп. 

- Келесi қонағымыз – бұзау (суретi iлiнедi). 

- Қой сүйедi баласын"қоңырым" деп, 

  Ешнәрсенi бiлмеген "момыным" деп. 

-Бұл қонағымыз – қошақан (суретi iлiнедi). 

-Түйе сүйедi баласын "тайлағым" деп, 

"Жабу жапса, жарасқан жайнағым" деп. 

- Бұл қонағымыз – ботақан (суретi iлiнедi). 

-  Балалар,  осы  төлдерге  қоса  бiзге  қонаққа  ешкi 

малының төлi - лақ та келiптi. 



 

26 


 

 

 



 

 

 



 

 

-Сонда төлдер нешеу болды? (4+1=5). 



-Малдар көп пе, төлдер көп пе? Қайсысы аз? Егер 5-тен 

1-дi азайтсақ, қанша болады? (5-1=4). 

-Балалар, 

бiздiң  қонақтарымыз  сендерге  арнап 

өздерiнiң әнiн әкелiптi және сендердiң сандар мен цифрлар 

туралы  бiлiмдерiңдi  тексергiсi  келедi.  Сондықтан  сендер 

әндi тыңдай отырып, мазмұнында айтылған сандарға сәйкес 

кеспе  цифрлар  кассасынан  цифрларды  тауып,  көрсетiп 

отырыңдар.  Кәне,  барлығымыз  кеспе  цифрлар  кассасын 

аламыз. 


(Магнитофоннан  Ә.  Табылдиевтiң  сөзiне  жазылған 

"Беске дейiн" өлеңi басқаларға таныс әуенмен айтылады). 



Беске дейiн 

(Сан үйрету) 

 

Бiр дегенiм таяқ қой, 

Бiрдi бiрге таяп қой. (1 цифры көрсетiледi) 

Екеу болар қос таяқ, 

Екеу  қолда,  қос  аяқ.  (оқушылар  2  цифрын  кеспе 

цифрлар кассасынан тауып көрсетедi) 



Цифры оның тап мына

Ұқсайды бiр аққуға. 

Екi мен бiр болар үш, (3 цифры көрсетiледi) 

Цифры оның -ұшқан құс. 

Үш пен бiрiң төрт екен,  

Төртеу санның көркi екен. (4 цифры көрсетiледi) 

Төрт аяқты жануар, 

Үстел, төсек... тағы бар. 

Төрт аяқпен нық тұрар, 

Төрт бiрлiктi ұқтырар. 

Бiр, екi, үш және де, 

 

27 


 

 

 



 

 

 



 

 

Төрт цифрын бiлесiң, 



Төрт пен бiрiң бес ендi, 

Қиын емес есебi,  

"Бес" дегеннiң цифры  

Қарап  тұрсаң  оп-оңай  (Мұғалiм  5  цифрына 

оқушылардың назарын аударады) 



"Үштiң" басын қайырып, 

Қоя салған жай бұрып. (Ә. Табылдиев) 

Мұғалiм  баспа  және  жазбаша  5  цифрын  көрсетедi  де, 

балаларға  малдар  мен  төлдердiң  санын  цифрлар  арқылы 

белгiлеудi 

тапсырады 

(Балалар 

сәйкес 

цифрларды 



полотноларына қыстырып, оны мұғалiмге көрсетедi). 

4. Оқулық бойынша жұмыс 

"Төлдердiң  айтысы"  ертегiсiнiң  мазмұнына  сай 

жүргiзiледi. 

Мұғалiм 

әңгiмелейдi: 

Гүрiлдеп 

аққан 


өзеннiң 

жағасындағы  шалғынға  осы  төлдер  өзара  жиналып,  бiр-

бiрiнен: 

-  Иемiз  қайсымызды  жақсы  көредi?  -  деп  сұрапты. 

Сонда лақ тұрып: 

-  Әрине,  менi  жақсы  көредi.  Адам  бiздiң  сүтiмiздi, 

мамықтай түбiтiмiздi пайдаланады, - дейдi. 

- Ол, рас па, балалар? (Ия). 

-  Ендеше,  балалар,  лақ  бүгiн  математика  сабағына 

сендерге  арналған  тапсырма  әкелiптi.  Лақтың  бiзге  көп 

пайдасы  бар  екен,  сондықтан  бiз  оның  тапсырмасын 

орындайық.  Бiзге  лақ  адам  мүшелерi  туралы  жұмбақ 

әкелiптi. 

Бiрi үлкен, бiрi кiшi,  

Туысқан бiрге бес кiсi (Бес саусақ). 

-Кәне, барлығымыз саусақтарымызды  санайық. 



 

28 


 

 

 



 

 

 



 

 

-Дұрыс,  ендеше  5  цифры  қызылмен  көрсетiлген 



оқулықтың бетiн ашайық. 

а) Оқулықтағы сурет бойынша жұмыс жүргізіледі. 

-Балалар, лақтан кейiн құлын сөз алып былай дейдi: 

-Лақ, сен орынсыз мақтанасың. Малда бiзден ешқайсын 

аспайсыңдар.  Бiз  майданның  да,  еңбектiң  де  тұлпарымыз. 

Бiздiң етiмiз азық, қымызымыз ем, - дейдi. 

-Рас  па,  балалар.  Ендеше  құлынның  тапсырмасын 

орындайық. 

Сергiту сәтi- құлынның тапсырмасы.  

Он қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ. 

Алақанды ашайық,  

Бестi беске қосайық. 

ә) Кесiндiлердi өлшеу. 

Осыдан кейiн бұзау сөз алады. 

-Сендер  босқа  мақтанасындар.  Ием  менi  жақсы  көредi. 

Адамның  тiршiлiгiне  ең  пайдалысы  -  мен.  Шелек-  шелек 

сүт,  қарын-қарын  сары  май,  қап-қап  құрт,  iрiмшiк  бiзден 

шығады.  Бiз  сойса-  соғым,  жексе-  көлiк  бола  аламыз.  Мен 

тұрғанда сендер неге мақтанасындар? 

-Балалар,  сендерге  бұзау  "Саусақ  санау"  ойынын 

ұсынып  отыр  (Тақтаға  бiр  оқушы  шығарылады,  ал  қалған 

оқушылар мұғалiмнiң айтуымен өзара ойнайды): 

Қуыр, қуыр, қуырмаш, 

Балапанға бидай шаш! 

Тауықтарға тары шаш! 

Бас бармақ, 

Балалы үйрек, 

Ортан терек, 

Шүлдiр шүмек, 

Кiшкене бөбек. 

Сен тұр - жылқыңа бар! 

Сен тұр - сиырына бар! 

Сен тұр - түйеңе бар! 

... Ал сен алаңдамай,  

Қазан түбiн жалап, 

Үйде жат. 

Мына жерде құрт бар, 

Мына жерде май бар... 


 

29 


 

 

 



 

 

 



 

 

Сен тұр -қойыңа бар! 



Сен тұр -қозыңа бар! 

 

Мына жерде қатық бар... 

Қытық, қытық! 

 

Осыдан кейiн қошақан сөз алады: 

-Бәрiң  де  босқа  мақтанасыңдар.  Ием  бәрiнен  де  менi 

жақсы  көредi.  Сақылдаған  сары  аязда  тоңғызбайтын  жылы 

пима,  жылы  тондар  менiң  жүнiм  мен  терiмнен  жасалады. 

Менiң  жүнiм  киiм  ғана  емес,  төсенiш,  желге  пана  да 

болады. Адамға менен пайдалы ешқайсың жоқ. 

-Балалар, ендi осы қойдың жүнiнен жасалынған бұйым-

текеметке  көңiл  аударайық  (суретi  iлiнедi,  текемет  туралы 

қысқаша түсiнiк берiледi). 

Мұғалiм 

шақырылған 

оқушыға 

текеметтегi 

геометриялық  ою-өрнектердi  тауып,  олардың  былай  аталу 

себебiн  түсiндiрудi  ұсынады.  Ақырында,  бесбұрышты  ою-

өрнектер қарастырылады. 

б)  Оқулықтағы  бесбұрыштардың  суреттерi  және 

шығармашылық тапсырма бойынша жұмыс iстеледi. Ертегi 

жалғастырылады.  

Қозының сөзiн бөлiп, ботақан: 

-  Бәрiнен  кем  бiз  бе  екенбiз?  Адам  бiздiң  тәттi 

шұбатымыз  бен  мамықтай  жүнiмiздi  пайдаланады.  Күш 

көлiгi боламыз, жүнiмiзден түрлi киiм жасалады, - дейдi. 

Ботаның  тапсырмалары  карточкаларға  жазылған  екен. 

Карточкалармен  жұмыс  iстеуге  оқушыларды  таңдап  алу 

үшiн қаламақ айтылады: 

 

Өгiз семiз, 

Жылқы қоңды, 

Түйе қомды, 

     Ешкi майлы,  

Шажырқайлы. 

Сиырым сүттi, 

Саулығым құтты. 

 

 

 


1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет