Қазіргі таңда елімізде болып жатқан өзгерістерге байланысты әлеуметтік


Оқыту мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет6/6
Дата03.05.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6

Оқыту мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту 
бағдарламасы – бойынша сабақта және сабақтан тыс уақытта жүргізілетін 
тәрбиелік шара 
                
 Қай  заманда,  қай  қоғамда  болмасын  адам  мен  табиғат  -  егіз.  Бұларды 
бірінен-бірін  ажырату  мүмкін  емес.  Сол  себепті  де  табиғат  пен  қоғам 
арасындағы  қарым-қатынастың  үйлесімді  дамуы,  әрбір  адамның  деңсаулығы, 
рухани  және  табиғи  өсуі  мен  болашағы  үшін  ауадай  қажет  екендігіне 
адамдардың көзін жеткізу бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. 
Экологиялық  тәрбие  экологиялық  білімнің  бір  бөлігі  болып  табылады. 
Қоршаған  ортаны  қорғау  мәселесі  -  ол  ұжымдық  сипаттағы  әрекет. 
Экологиялық сана тек іс-әрекет процесінде қалыптасады. 
Табиғатты  оқып-үйренуде  тек  қана  сыныптағы  сабақпен  шектелетін 
мұғалімді табу қиын, ол міндетті түрде сыныптан тыс уақытта мектептің негізгі 
міндеттерін  шешуге  көмегін  тигізетін  алуан  түрлі  тәрбиелік  мәні  бар  іс-
шараларды  өткізеді.  Сыныптан  тыс  жұмыстың  басты  бағыты  –  бағдарламада 
қаралған білімді тереңдету, балалардың жан-жақты дамуына ықпла ету. 
Әлемде демократиялық  құрылым  тараған  сайын  қазіргі  қоғам  жастары  кез 
келген  қиыншылықтарды  жеңуге,  өз  мәселелерін  өздері  шешуге,  әртүрлі 
жағдайларға  сын  тұрғысынан  қарауға,  екі  ұйғарым  пікірдің  біреуін  таңдауға, 
саналы шешім жасауға үйрену қажеттілігі туындайды. 
Оқу мен жазу арқылы дамыту бағдарламасының мақсаты – барлық жастағы 
оқушыларға  кез-келген  мазмұнға  сын  тұрғысынан  қарауды  сабақта,  сабақтан 
тыс  уақытта  үйрету.  Сын  тұрғысынан  ойлау  белгілі  бір  идеяларды  қабылдай 
отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға 

 
85 
қарсы қоя салыстыру, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап 
зерттеу, оларға сеніммен қарайтын белгілі бір жүйелікке түсіріп қолдану болып 
табылады.  Жас  балалар  өз  даму  деңгейіне  байланысты  ойы  шыңдалып,  кез 
келген нәрсеге сын көзбен қарай алады. 
   
 Тақырып: «Айналадағы ортаны қорғау және экологиялық 
мәселелер» 
 
 
Мақсаты:  жастарда  қоршаған  табиғи  ортаға  саналы,  табиғатқа    ұқыпты 
түрде қарап, оның байлықтарын үлкен парасаттылықпен пайдаланатын, табиғи 
ресурстарды  байыта  түсудің  қажеттігін  түсінетін,  табиғатты  қорғауға  белсене 
қатысатын көзқарас қалыптастыру. Қойылған мәселелердің шешімін өз бетімен 
табу арқылы сын тұрғысынан ойлаудың дамуына мүмкіндік беру. 
Сынып оқушылары  топ болып отыру үшін парталар алдын-ала ыңғайланып 
қойылады. 
           Тақтаға балаларға арналған ереже жазылады: 

 
мұғалімді тыңдау 

 
қол көтеру 

 
сөзді бөлмеу 

 
уақытты үнемдеу. 
Топтық жұмыстарды бағалауға арналған өлшемдер: 

 
тақырыпты түсіндіре білу; 

 
мәнді, орынды сұрақтар қою; 

 
мысалдардың сәйкестігі; 

 
топтарына өзара көмек; 

 
жобаны қорғау. 
Міндеттері: 
1. Мазмұнға байланысты: 
Айналадағы  ортаны  қорғау  және  экологиялық  мәселелер  жайлы  толық 
ақпарат  алып,  өз  білімдерімен  салыстырып,  талдау  жасау  мүмкіндігі 
аңықталады. 
2. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту. 
Берілген  ақпаратты  зерттеп,  талқылап,  экология  жайлы  алған  білімдерін 
салыстырып, талдау жасау мүмкіндігі жасалады. 
3. Топпен жұмыс. 

 
86 
Шығармашылық  жұмыстарды  іске  асырып,  бірлесіп,  кішігірім  топтарда 
жұмыстар жасай отырып, қорытынды жасайды, ұжымдағы іс-әрекет іске асады. 
Көрнекі – құралдар: экологиялық тәрбиелік мәні бар кітаптар көрмесі, кесте 
картасы, оқушылар есте сақтайтын ереже-плакат. 
Барысы: 
Оқушылардың  еркін  ойлауына,  тақырыпты  ашық  талқылауына  мүмкіндік 
беру үшін оларды топқа бөліп алады.                                                                                               
   1. Тақырыпқа қызығушылықты ояту сатысы. 
 Тақырып:  «Айналадағы ортаны қорғау, экологиялық мәселе».    
І. Ой қозғау стратегиясы. 
     Жеке жұмыс: 
а)  Балаларға  бес  минут  ішінде  айналадағы  қоршаған  ортаны  қорғау, 
табиғат,  экологиялық  мәселелер  жайлы  не  білетіндерін,    тақырып  төңірегінде 
ойларына  не  келеді,  соны  жинақтап  жазу  керектігі  тапсырылады.  Тапсырма 
жеке орындалады. 
    Жұппен жұмыс: 
б)  Табиғат,  экология,  айнала  қоршаған  орта  жайлы  берілген            
тапсырманыны екі адам бірігіп ой бөлісіп, пікірлесіп, жұпта талқылайды.  
      Топпен жұмыс: 
в)  Берілген  тапсырма  бойынша  балалар  шағын  топта  өз  ойларын  ортаға 
салып,  талдап,  талқылап,  ақпараттары  кеңейтіледі,  әрбір  оқушыда 
жауапкершілік сезім пайда болады да, араларынан бір спикер сайланып, ортаға 
жинақталған мәліметтерді  баяндайды. 
Бұл  іс-әрекеттерден  байқауға  болатын  жағдай  -  балалардың    жаңа 
материалды  меңгеруге  дейінгі  ақпараттарының  қаншалықты  бар  екенің 
бақылау, тексеру, ойлау қабілеттіліктерінің құндылығын бағалау. 
Оқушылардың  оқу-танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру және іске асыру 
әдістерін  негізге  алып,  оқу  материалын  оқытушы  бірізділікпен  жүйелі 
деректерге  сүйеніп,  балалардың  білімін,  білігін,  дағдысын  қалыптастыру 
мақсатында жаңа материалды бастапқы біліммен байланыстыра баяндайды.        
Әрбір  уақыт  кезеңіңде  зейіннің  тұрақтылығын  қамтамасыз  ете  білу 
бағытында  проблемалық  сұрақтардың  туындауына  мүмкіндік  беріп, 
оқушылардың  қызығушылықтарын  арттыруға  назар  аудару  қажеттігі 
туындайды. 
1.
 
Мағынаны ажырату сатысы. 

 
87 
Мұғалім хабарлаған жаңа ақпаратты әр оқушы өз жазғанымен салыстырады 
да, келесі тапсырманы орындайды. 
«Білемін. Үйрендім. Білгім  келеді» атты кестені толтырады. 
Мысалы: 
 
            Білемін 
        Үйрендім 
  Білгім 
келеді 
Ауа, 
су, 
өсімдіктер, 
жан-
жануарлар. 
Қызыл 
кітапқа 
енгізілген 
сирек кездесетін 
өсімдіктер, 
жануарлар, т.б. 
Экология 
«ойкос» деген грек 
сөзі,  «үй  баспана» 
дегенді  білдіреді.  
Бұл  ұғымды  неміс 
биологы Э.Геккель 
енгізген. 
(1968 ж.)  
Экологиял
ық қауіптен 
қорғау 
жолдары. 
Қалдықсы
з өндірістерді 
ойлап табу. 
 
Барлық  топтың  мүшелерінің  шығармашылығын  дамыту  мақсатында 
уақытты  үнемдеу  арқылы  оқушылардың  барлығын
 
тыңдауға  мүмкіндік 
беріледі. Кестеге толықтырулар, ұсыныстар, жаңа ойлар қосуға болады. 
Кестені  толтырып  болған  соң,  топтан  бір  спикер  шығып,  жұмыстарын 
қорғайды. 
3  –  сатысы  -  «Айнала  қоршаған  ортаны  қорғау»  атты  оқу-  тәрбие 
сағатының келесі желісінің тапсырмасы. 
Оқушылар  ауызша,  жазбаша    жинақтаған  материалдарын  біріктіріп, 
кіріктіріп,  толықтырып,  бір  жүйеге  келтіріп,  өз  ойларын  сурет  арқылы 
бейнелеп,  оның  қаншалықты  құнды  екендігін  дәлелдейді.  Топтағы  оқушылар 
«Табиғатты қорғау» тақырыбы бойынша сурет салады. 
Бұл  оқыту стратегиясы – негізгі идеяны суреттеу  деп аталады. 
Осы  оқыту-тәрбиелеу моделінен көретініміз: 
1.
 
Оқыту-тәрбиелеудің  мақсаты  психологиялық  –педагогикалық  тұрғыдан 
орындалады. 
2.
 
Оқушылар жаңа ақпаратпен өз ақпараттарын салыстыра алады. 
3.
 
Оқыту,  тәрбиелеу  процесіне  барлық  оқушылар  толығымен  белсенді 
араласа алады. 
4.
 
Пікір алмасу жүзеге асады. 

 
88 
5.
 
Оқушылардың ақыл-ой әрекеттері белсендіріледі және оларда сын 
тұрғысынан ойлай білу әрекеті дамытылады. 
Қорыта келгенде, М.Жұмабаев айтқандай жеке тұлғаның жан көріністерінің 
үш  түрінің:  ақыл  көріністері  (таным  процестері),  ішкі  сезім  немесе  көңіл 
көріністерінің  (сезімдері  мен  эмоциялар)  және  қайрат  көріністерінің  (ерік 
процестерінің) дамытылуы –  оның сын тұрғысынан ойлауымен байланысты. 
 
 
Қосымша 3 
Кәсіптік білім үйрену, ұстаздық және қазы болу туралы 
Ей,  перзентім  біліп  алғын,  әуелі  кәсіп  туралы  баяндаймын.  Кәсіп  деген 
дүкеншілік  емес.  Әрбір  адам  бір  істі  қолына  алса,  оны  жақсы  біліп,  әдістерін 
үйреніп,  құпия  сырларын  игеріп,  машықтануға  міндетті.  Сонда  ғана  ол 
кәсібінен  көп  пайда  табады.  Адам  баласы  өнерді  игеріп  пайдалануға 
талаптанады.  Кәсіп  деген  шын  мәнінде,  есепсіз  көп.  Әр  қайсысын  жеке-жеке 
талдау мүмкін емес, талдайтын болсақ сөз көбейіп кетеді. 
  Ілімнің  сипаты  үш  түрлі  деуге  болады:  кейбір  кәсіпке  байланысты  ілім: 
ілімге  байланысты  кәсіп,  қайырымдылық  және  қисынды  дәлелдемелерге 
қатысты әдет, тәртіптер. Кейбір кәсіпке байланысты ілімге тәуіптік (дәрігерлік), 
инженерлік, жер өлшеу (геометрия), ақындық және осыған ұқсас ілімдер кіреді. 
Ілімге  байланысты  кәсіпке:  музыка,  құрылысшы,  жер  асты  құбырлары  мен 
құдық арқылы су алу кәсібі сияқтылар жатады. Бұлардың әрқайсысының өзіне 
тән қағидалары бар. Егер сен сол қағидалары мен тәртіптерін білмесең, қанша 
мықты болсаң да, тек таңданудан басқа ешнәрсе қолыңнан келмейді. 
Көпшілікке  таныс  кәсіпті  айтудың  қажеті  жоқ.  Алайда  мен  өз  білгенімді 
алдыңа  тартып  әрқайсысының  тәртібін  баяндаймын.  Бұлар  екі  жағдайдан  шет 
қалмайды:  біріншісі,  замана  ағымы  мен  тұрмыс  тауқыметіне  байланысты 
жағдайда  осы  өнеркәсіптің  бірін  пайдалануға  мәжбүр  боласың.  Сондықтан 
түрлі  өнеркәсіп  сырларынан  түсінігін  болған  жөн.  Егер  өнеркәсіпке  мұқтаж 
болмасаң,  ұлықтардың  бірі  болуың  ықтимал.  Ұлық  болған  жағдайда  да 
өнеркәсіп, түрлі ілімді білгенің өзіне жақсы. ¤йткені өз басын  өзгеге үлгі-өнеге 
көрсететін дәрежеде болуы шарт. (Мысалы, ілім шариғатта қазы, ғұлама, ұстаз 
және  мүфти  әрбір  мәселеде  басқаларға  үлгі-өнеге  көрсетпей,  дүние  қоңыз 
болуы өздеріне жарасымды іс емес). 
  Жалпы  өнер,  кәсіптің  ішінен  ілімге  талапкер  болсаң,  өте  ұқыпты  әрі 
ынсап-қанағатты  бол.  Ілімге  дос  болғын  келсе,  уақытты  босқа  өткізуді 

 
89 
дұшпаным  деп  түсін.  Сабырлы  әрі  салмақты  болып,  жеңілтек  желөкпелер 
қатарына  қосылма.  Кеш  жатып,  ерте  тұр.  Кітап  оқу,  сабақ  беру  мәселесіне 
ерекше көңіл бөл. ¤з ісіңнен зерігуші болма, оқығаныңды жаттай қайталаумен 
жақсы  біліп  алғын.  Нені  естісең,  соңы  көңіліңнен  қайталап  өткізіп,  жадыңа 
сақтауға  тырыс.  Кітап,  қағаз,  қалам,  қаламұштағыш  сол  сияқты  тағы  да  басқа 
қажетті  заттарды  әрдайым  өзіңнің  жаңына  қойып,  басқа  нәрселерді  маңына 
жуытпа. Аз сөйлеп, ұзақ ойланғын. Егер әрбір азаматтың табиғаты осы сипаттас 
болса, ол сөзсіз заманының озық адамы болады. 
Ей,  перзентім,  мүфти  болсаң,  адал  бол,  ар-намыс,  мисабың  болсын. 
Оқығаныңды  жатқа  біліп,  сабақ  беру  ісіне  көп  машықтан,  екі  жүзді  опасыз 
болма, денеңдегі киіміңді таза ұста. Біреу сұрау берсе, жауабың дайын болса да, 
ойланып жауап бер. Біреуді қасақана мұқату үшін іс істеме. 
¤з  көзқарасыңды  қорғауға  мықты  бол.  Екі  түрлі  түсінігі  бар  сөзге 
қанағаттанушы  болма,  сенімді  адамдардың  хаты  болмайынша,  есіткен  жел 
сөздерді басшылыққа алмағын. 
Әрбір кітап пен дәптерді бірінші орынға қойғын, тура сөзді тыңдағың келсе, 
сөздің ішкі мағынасына үңіл. Әрбір адамның анық айтпаған сөзін есітпеген бол 
да,  өзіңе  арнайы  айтылмаған  сөзден  сақтанудың  қажеті  жоқ.  Ауыздан  ауызға 
тарап жүрген сөзден хабарсыз болма, оның мән-мағынасын түсініп алғын. 
  Жан  күйдіріп  сөйлеме.  Егер  біреумен  сөз  жарыстырғың  келсе, 
қарсыласыңды  байқа,  егер  онымен  тартысуға  күшің  жетсе,  әңгіме  жалғассын 
десең,  айтқан  сөзіңді  бірнеше  нақты  мысалдармен  дәлелдеп  сөйле.  Немесе 
сөзінді қысқартып, бір мысалмен ғана сөйле, әр сөзіңді бір-біріне қарсы қойма. 
Алғашқы айтқандарыңды соңғы сөзің жоққа шығармасын. 
Егер  шариғат  заңының  білгірлері  сөз  жарыстырғысы  келсе,  сен  сөзіңді 
бірінші қалыптасқан әдет-ғұрыптан бастап, сол әдет-ғұрыптарға сәйкес келетін 
өмірде бар жағдайлардан баяндағын. Сөз жарысында себептілік пен себепсіздік, 
мүмкіндік  пен  мүмкінсіздік  қосылып  кетсе,  айыбы  жоқ.  Сөзіңнің  түпкі 
мақсатын айқындай баяндап, көркем сөйлеуге тырысқын. 
Тым ұзақ немесе тым қысқа және мағынасыз сөз сөйлеме. 
  Ей, перзентім, егер сөз құмар болсаң, ақын болғын, көп жағдайды жадыңа 
сақтай білгін. Кім болса сонымен тартысып, сөз жарыстыруға қызықпа. 
  Мінбеге  шығып  алып,  көңілің  қалаған,  аузыңа  түскен  сөзді  айта бермей, 
мақсатыңды  қысқа  әрі  сұлу  сөзбен  сөйлегін.  Киген  киімің  өзіңе  қонымды,  әрі 
таза болсын. 

 
90 
Сөзің  әсерлі  болсын,  есіткен  жұрт  әр  сөзіңе  ризалансын,  ду  қол 
шапалақтаумен  қарсы  алып,  мәжілісті  қыздыра    сөйле.  Жұрт  жыласа,  сен  де 
жыла. Мінбеде томсырайған тоң мінез, салғырт, салқын сөзді болма. Әрдайым 
қимыл-әрекет  үстінде  көптің  көңілін  аудара  сөйле.  Сөйлеген  кезде 
тыңдаушылардың  ықыласына  қарай,  көпшілік  сөзіңді  тыңдағысы  келсе 
сөйлегін, егер аңыз, күлдіргі әңгіме тілесе, талабын орында. Жұртшылық сенің 
сөзіңе ықыласын аударып, қарыздар болған соң еш нәрседен тартынба. Жаман 
сөзіңді  жақсылау  бағамен  сата  бер.  ¤йткені  қарыздар  болса,  базарға  салған 
малың өтпей қалмайды. 
Сақтанғаның  жөн,  сенің  сөзіңді  жұртшылық  қадірлесе,  өзіңе  бәсекелес 
дұшпан  пайда  болуы  ықтимал.  Дұшпаңына  да  дәлелді  жауабын  дайындап, 
жеңіп  шығуды  ойыңнан  шығарма.  Жеңіс  болмаған  жерде  тұру  қажетсіз. 
Мінбеде  тұрған  кезде  біреу  сұрау  берсе,  жедел  жауап  қайтар,  егер  жауабың 
білмесең «бұл мәселеге жауап беруім бұл жерде орынсыз, қажет десең үйге бар, 
үйде  жауап  беремін»  дегін.    Олар  дөрекілік  көрсетіп,  қағаз,  хат  жазса  (оларға 
қарсы): «Бұл мәселе - дінсіздер мәселесі, мұны сұрағандар дінсіздер» деп жауап 
бергін.  Бір  мәжілісте  айтқан  сөзіңді  жадыңда  сақта..  оны  қайталап  айтып, 
абыройсыз болмағын. Әрдайым қарапайым әрі көңілді жүр. Базарда,  басқа да 
көпшілік  орындарда  көп  сөйлемесең,  көптің көзіне  құрметті  көрінесің.  Жаман 
істен  өзіңді  аулақ  ұстағын.  Мінбеде  тұру  тәртібін  сақта,  тәкаппарлық,  жалған 
айту, пара алу сияқты істерден бойынды таза ұстағын. Сен нені істеуге шамаң 
келсе,  жұртқа  да  сол  сияқты  істі  орындауға  тапсырма  бер.  Қызметсіз  ғалым 
болма,  білімді  жақсы  үйренгін.  Білгеніңді  жақсы  сөз  өрнектермен 
жұртшылыққа хабарлап, оның іске асуына көңіл бөл. Мағынасыз талап қойып, 
жұртқа мазақ болма. 
   Ей,  перзентім,  егер  даналықтың  жоғары  дәрежесіне  көтеріліп  қазы 
болсаң,  салиқалы  ой,  салмақты  мінез  иесі  болғын.  Оралымды  ойы  бар,  алдын 
болжай  білетін  зерек,  жұрттың  ішкі  жан  дүниесін  зерттеп  білетін  саясат  иесі 
болуың  керек.  Әрбір  ру  топтарының  әдет-ғұрпы,  жол-жоралғысы  мен 
қауымның  өзіне  тән  діни  дәстүрлерінен  хабарын  болсын.  Қазылықтың  нәзік 
тәсілдеріне  жетік  болғын.  Егер  алдыңа  келген  жәбірленушінің  куәсі  болмаса, 
зұлымдық бел алып, оның ақысы өнбейтін хәлде болса, жәбірленушіні қолдап, 
оның ақысын өндіріп бер. 
   Әңгіме. Табаристанда Абул Абас Русий ұлық қазы еді. Ол жұрттан асқан 
ғалым, алдын болжай білетін іскер адам еді. Күндердің күнінде алдына бір кісі 
келіп, бір адам жайлы шағымын айтады. Қазы оның қарсыласынан жауап алды. 

 
91 
Ол  мойындамай,  Қазы  танған  адамнан  ант  ішесің  бе  деп  сұрады.  Ол  кісі  ант 
ішуге дайынмын деп жауап берді. 
  Қазы  дау  иесінен  куәң  бар  ма,  деп  сұрады.  Ол  адам  «жоқ»  деп  жауап 
берді. «Куәлерің болмаса, мен оған ант ішкіземін» деді. Сол кезде дау иесі зар 
жылап: «Ей, қазы, оған ант ішкізбе. ¤йкені ол жалған ант ішуден қорықпайды. 
Керісінше жалған ант ішудің өте шебері»- деді. Қазы: 
  - Мен шариғат жолынан шыға алмаймын. Сен не куәңді тап немесе ол ант 
ішсін»- деді. 
  Дау иесі қазының алдына құлап, зарын айтып «Ей, қазы, менің куәм жоқ, 
ол сөзсіз ант ішеді. Тек мен сорлаймын. Бір амалын жасамасаң, мені қайығыға 
қалдырарсың»,-деді. 
  Қазы дау иесінің арызын тыңдап, оның сөзі шын екеніне сеніп «қалай сен 
оған жүз ділдә бердің?»-деді. 
  Дау  иесі  «Бұл  адам  неше  жылдан  бері  менімен  дос  еді.  Кенеттен  бір 
кәнизәк қызыметкерге ғашық болды. Кәнизәктің құны жүз елу ділдә екен. Бұл 
досымның  тек  елу  ділдәдан  басқа  теңгесі  жоқ  екен.  Ертелі-кеш  жан-жаққа 
шапқылап, қайыршылық халге душар болып жүрді. Бір күні екеуміз кең далаға 
сейілге шығып, тамашалап жүріп бір жерге барып отырдық. Бұл досым кәнизәк 
жайлы  зарын  айтып  жылады.  «Сенімен  жиырма  жылдан  бері  доспын,  енді 
менің мүшкіл жағдайыма рахым еткін»,-деді. Лажсыздан жағдайына мейірімім 
түсіп:  «Ей,  достым,  сенде  кәнизәктің  құнына  жететін  қаржы  жоқ.  Сенің 
жағдайыңды  түсініп,  жәрдем  бере  алатын  адамың  бар  ма?»-дедім.  Ол  «жоқ, 
менің  тағдырымды  тек  сен  шешпесең,  жағдайым  нашар»,-деді.  Мен  оған 
«барым жүз ділдә ғана, оны бірнеше жылдан бері бейнеттеніп жиған едім, міне 
осы  ділдәмді  саған  берейін.  Сен  оны  өзіңнің  елу  ділдәңә  қосып  сүйген 
кәнизәгіңді  алғын  да,  бір  ай  онымен  бірге  тұрып,  бір  айдан  соң  сатып,  менің 
ділдәмді  қайтарғын»,-дедім.  Менен  бұл  жауапты  есіткен  соң,  өзінің  басын 
жерге иіп, антын айтып: «бір айдан артық ұстамаймын, бір айдан соң не пайда, 
не зиянына кәнизәкті сатып, ділдәңді өзіңе беремін»,-деді. Сонан кейін мен жүз 
ділдәні белімнен шешіп бердім. Ділдәні берген кезде екеумізден басқа тірі жан 
жоқ  еді.  Төрт  ай болды,  кәнизәкті де  сатпайды,  менің  ділдәмді де  бермейді»,- 
деді  дау  иесі.  Қазы:  «сен  ділдәні  берген  кезіңде  қайсы  жерде  отырған  едің»,-
деді. Дау иесі «Пәлен дарақтың астында отырған едік»,-деді. 
Қазы:  «Не  себепті  куәлерім  жоқ  дейсің»,-деп,  қазы  (дау  иесінің 
қарсыласына  қарап):  «Сен  осы  жерде  отыр»  деді,  дау  иесіне  «Тез  бар  да, 
дараққа  айтқын,  қазы  сені  менің  алдыма  келіп  куәлік  берсін»  деді.  Қарыздар 

 
92 
бұл  сөзді  естіп,  білдірмей  миғынан  күлді.  Дау  иесі:  «Ей,  қазы,  дарақ  менің 
айтқан  сөзіме  келмесе  не  істеймін?»  деді.  Қазы  «менің  мөрімді  алып  бар  да, 
дараққа  айтқын,  «бұл  қазының  мөрі:  қазы  маған  тапсырды,  келуің  қажет,  бұл 
жайлы көрген істеріңді баяндайсың деп айтқын», деді. Дау иесі қазының мөрін 
алып,  дараққа  қарай  тартты.  Қарыздар  қазының  алдында  қалды.  Қазы  басқа 
адамның  дауымен  шұғылданып,  қарыздарға  қарамады.  Біраздан  соң  қазы 
қарыздарға  қарап  «Жаңағы  дау  иесі  дарақтың  жанына  барып  жетті  ме  екен?» 
деді.  Ол«жеткен  жоқ»  деп  жауап  берді.  Қазы  басқа  даумен  шұғылдану  ісін 
жалғастыра берді. 
  Дау  иесі  дарақтың  қасына  барып,  қазының  мөрін  көрсетіп,  «Ей,  дарақ, 
сені қазы шақырып жатыр» деді, біраз күтіп тұрды. Дарақтан ешқандай жауап 
есітпей, қапаланып қайтты. Қазының алдына келіп: «Ей, қазы, дараққа мөріңді 
көрсетіп шақырғаныммен ол келмеді»,- деді. Сонда қазы: «Сен білмедің, дарақ 
келіп, куәлік беріп кетті», -деді. Сонан соң қазы дау иесінің қарсыласына қарап: 
«Егер  алтының  болса,  алған  алтыныңды  қайтар,  болмаса  кәнизәкті  сатып 
қарызыңнан  құтыл»,-деді.  Қарыздар:  «Ей,  қазы,  мен  қасында  отырмын, 
ешқандай дарақ келіп, саған куәлік берген жоқ қой»,- деді. Қазы: «Егер сен бұл 
адамнан  алтын  алмаған  болсаң,  неліктен  мен  сенен  дау  иесі  дараққа  жетті  ме 
екен  деп  сұрағанымда,  сен  «жеткен  жоқ»  деп  жауап  бердің.  Сен  неге:  «қайсы 
дарақ, дау иесі қай жаққа кетті? Мен оны білмеймін» деп жауап бермедің-деді. 
Қазы қарыздарды мойындатып, алған қарызын дау иесіне өндіріп берді. 
  Ей,  перзентім,  білгенің  жөн,  үкімнің  бәрін  кітапқа  жазылғанға  қарап 
шығармайды.  Қазы  өз  көргенімен,  жоғарыда  айтылған  айла-әдіспен  ақиқатты 
шындатып үкім шығарады. 
(Кайкаустың «Қабуснамасынан» үзінді) 
 
 
Қосымша 4 
          Педагогика  пәнінен  студентердің  білім  деңгейін  бақылау 
бойынша тест тапсырмалары 
 
1.
 
Бұл  адамның  бұрын  алған  тәрбиесі  негізінде  қандай  да  бір  іс-әрекетті 
орындай білуге деген қабілеттілігі 
а/ әдіс 
б/ дағды 
с/ біліктілік 

 
93 
д/ нышан 
е/ зандылық 
2.
 
Гимназия қандай оқу орны? 
а/ негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламарларын іске асыратын 
оқушылардың  бейімділігі  мен  қабілетіне  сәйкес  терендетіп,  салаға  бөліп, 
саралап оқытуды көздейтін жалпы орта білім беретін оқу орны 
б/ негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, 
әрқайсысы  дербес  жұмыс  істей  алатын  үш  сатыдан  -бастауыш,  негізгі  және 
жоғары сатылардан тұратын жалпы  орта білім беретін оқу орны 
с/  орта  кәсіптік  білімі  бар  мамандар  даярлаудың  білім  беру 
бағдарламаларын  іске асыратын оқу орны  
д/ кәсіптік жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және 
қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын жоғары оқу орны 
е/ негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдғрламаларын іске асыратын, 
жоғары сатыдағы оқушыларды кәсіби бағдарлап оқытуды көздейтін жалпы орта 
білім беретін оқу орны 
3.
 
Я.А.Коменский адамның өсіп жетілуіндегі жас ерекшеліктерді негізге ала 
отырып,  бір-бірімен  байланысты  құрылған  оқудың  төрт  сатылы  кезеңін  бөліп 
көрсетті,  соның  ішінде  оларға  сай  құрылған    «Ана  тілі  мектебі»    қай  жасқа 
негізделді? 
а/ баланың туғанынан - 6 жасқа дейін 
б/ 6-дан -12 жасқа дейін 
с 12-ден -18 жасқа дейін 
д/ 18-ден-24 жасқа дейін  
е/ 24  әрі қарай 
4.    Әрбір  оқу  пәні  бойынша  меңгеруге  тиісті  білімнің,  біліктілік    пен 
дағдылардың мазмұны мен көлемін айқындайтын құжат 
а/ оқу бағдарламасы  
б/ оқу жоспары 
с/ оқулық 
д/ тәрбие жоспары 
е/ күнтізбелік жоспары    
5.
 
Орта  кәсіптік  білімі  бар  мамандар  даярлаудың  білім  беру 
бағдарламаларын іске асыратын оқу орны 
а/ лицей  
б/ гимназия  

 
94 
с/ колледж 
д/ элитарлық мектеп 
е/ жалпы білім беретін мектеп 
6. «Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім. Еліміздің аз ғана 
жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі 
орын мұғалімдікі»- деп айтқан зиялы қайраткер кім? 
а/ А. Байтұрсынов 
б/ М. Дулатов 
с/ Ж. Аймауытов 
д/ М. Жұмабаев 
е/ Ш. Құдайбердиев 
7.
 
Барлық  ғылым  қоғамның  қажеттілігінен  туындайды.  Педагогиканың 
пайда болуына қандай қажеттілік себеп болды? 
а/ тәрбиенің міндетін анықтау қажеттілігі  
б/ тәрбиенің мақсатын анықтау қажеттілігі  
с/ адам өмірінің мағынасын анықтауға жауап іздеу қажеттілігі 
д/жасөспірімді өмірге дайындаудың тиімді жолдарын іздеу қажеттілігі 
е/ барлық жауап дұрыс 
8.
 
Бітірушілердің  білімі  туралы  құжатында  көрсетілген      кәсіптік  қызметті 
орындауға  немесе  білімін  жалғастыруға  деген  кәсіби  даярлығының  түрі  мен 
дәрежесі 
а/ іскерлік  
б/ дағды 
с/ біліктілік 
д/ қабілеттілік 
е/ талант. 
9.
 
Төменде  көрсетілген  жағдайлардың  қайсысы  отбасында  «қиын» 
жеткіншектің пайда болуына ықпал етеді деп ойлайсыз? 
а/ баланың күнделікті жүріс-тұрысын қадағаламау  
б/ баланың көзінше арақ-шарап ішу, дау-жанжал, ұрыс-керіс туғызу 
с/ жастайынан еңбектену әдет-дағдыларын қалыптастырмау 
д/ баланың жан дүниесіне көңіл аудармау, жанұяның ажырасуы және жаңа  
адамның отбасы мүшесі болып енуі 
е/ барлығы ықпал етеді 
10.
 
Тұлғаны тәрбиелеудің мақсаты 
а/ адамгершілікке тәрбиелеу 

 
95 
б/ еңбекке тәрбиелеу  
с/ эстетикалық, дене тәрбиесін беру 
д/ жан-жақты жетілдіріп тәрбиелеу, тәрбие жұмысын кешенді жүргізу 
      е/экологиялық, экономикалық тәрбие беру 
11.
 
Белгілі бір мәселені шешу үшін таңдап алынған жол, қолданылатын 
айла мен  әрекеттер жиынтығы 
а/ мақсат  
б/ міндет 
с/ әдіс 
д/  мазмұн  
е/  тапсырма 
12.
 
К. Д. Ушинскийдің педагогикалық теориясы 
а/ әрбір жеке халықтың мақсат-мүддесіне, мұқтажына сәйкес өзіндік  ағарту 
жүйесі болуы керек деген халықтық идея 
б/ балаларға қарапайым білім беру 
с/  моральдық  тәрбиенің  үш  көзі  -  табиғи  нышандар,  моральдық  дағды, 
сананы дамыту 
д/ табиғи тәрбие, еркін тәрбие  
е/ оқыту, басқару, адамгершілікке тәрбиелеу 
13.
 
Педагогика пәні- 
а/ адамның адамды тәрбиелеуі 
б/ тәрбиелік іс-әрекет  
с/ арнайы ұйымдастырылған әлеуметтік сала 
д/ тәрбие тұралы ғылым 
е/ жауаптары дұрыс 
14.
 
Мектептегі әдістемелік жұмыстардың дербес формасын көрсетіңіз  
а/ мектептің педагогикалық кеңесі 
б/  пән бойынша ашық сабақ өткізу  
с/  мектептің әдістемелік кеңесі 
д/ сынып жетекшісінің әдістемелік бірлестіктері 
е/ шығармашылық топтар 
15.
 
Педагогика ғылымының негізгі ұғымдары 
а/ даму, таным, материя  
б/ түйсік, сезім, ойлау 
с/ оқыту, білім беру, тәрбие, педагогикалық үрдіс. 
д/ қоғам, халық, адам 

 
96 
е/ тәрбие, өзін-өзі тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу 
16.
 
Мұғалім  іс-әрекетінің  құрылымындағы  балалармен  дұрыс  қарым-
қатынас жасай білу, педагогтың әдептілікті дамытуына жататын қабілеттілік 
а/ ұйымдастырушылық 
б/ конструктивтік 
с /зерттеушілік 
д/ дидактикалық 
е/ коммуникативтік 
17.
 
Қоғам  мүшелерінің  адамгершілік,  интеллектуалдық,  мәдени  және 
дене  дамуы  мен  кәсіби  біліктілігінің  жоғары  деңгейіне  қол  жеткізуді  мақсат 
ететін үздіксіз тәрбиелеу мен оқыту процесі  
а/ оқыту  
б/ білім беру 
с/ тәрбиелеу 
д/ өзін-өзі тәрбиелеу 
е/ қайта тәрбиелеу 
18.
 
Жеке адамға ықпал ететін факторлар 
а/ ойын, іс-әрекет, тәрбие 
б/ еңбек, оқу, білім 
с/ өзін-өзі тәрбиелеу, белсенділік 
д/ мектеп, орта, жанұя  
е/ тұқымқуалаушылық, орта, тәрбие 
19.
 
Педагогика ғылымының салалары 
а/ педагогика тарихы 
б/ психология 
с/ әлеуметтану 
д/ философия 
е/ логика 
20.
 
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері  
а/ жеке адамның санасын қалыптастыру 
б/  қоғамдық  мінез-құлық  тәжірибесін  қалыптастыру  және  іс-әрекетті 
ұйымдастыру 
с/ іс-әрекетті және мінез-құлықты ынталандыру 
д/ әңгіме,эксперимент, байқау, сұрақ-жауап 
е/ бақылау, өзін-өзі бақылау және тәрбиеде өзіне-өзі бағалау 
21.
 
Жеке тұлғаны дамытушы және қалыптастырушы факторлар 

 
97 
а/ ойын, іс-әрекет, тәрбие 
б/ еңбек, оқу,білім 
с/ өзін-өзі тәрбиелеу, белсенділік 
д/ тұқымқалаушылық, орта, тәрбие 
е/ мектеп, отбасы, орта 
22.
 
Педагогика ғылымының салалары  
а/ оқыту, тәрбие беру, дамыту 
б/ дидактика, тәрбие теориясы 
с/ ғылым және тәжірибе  
д/  мектепке  дейінгі  балалар  педагогикасы,  мектеп  педагогикасы,  орта, 
жоғарғы  мектеп  педагогикасы,  педагогика  тарихы,  дербес  пәндерді  оқыту 
әдістемесі, әскери педагогика 
е/  педагогика теориясы, педагогика тарихы 
23.
 
Еңбек  арқылы  тәрбиелеу  принципінің  мәні  туралы  мына  өлең 
шумағының авторы кім? 
Ақылды сол - ынсап пен ар сақтайды, 
Арсыз сол - арамдықпен жан сақтайды. 
Адал сол - таза енбекпен күнін көріп, 
Жаны үшін адамшылық ар сақтайды 
а/ М. Жұмабаев 
б/ А. Байтұрсынов 
с/ С. Сейфуллин 
д/ А. Құнанбаев 
е/ Ш. Құдайбердиев 
24.
 
Тұтас педагогикалық процестің негізгі мақсаты 
а/ адам факторын жеделдету 
б/ жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруды іске асыру  
с/ жеке тұлғаның жан-жақты даму зандылықтарын зерттеу 
д/ жеке тұлғаны ұжымда тәрбиелеу  
е/ тәрбие мен білім беру бірлігін іске асыру 
25.
 
Тәрбие үрдісінің зандылығы  
а/ әрбір жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қарым-қатынасы 
б/ қоғамдық мәні зор адамгершілік сапаларын қалыптастыратын өзекті тірек  
с/ бағыт-бағдарлы ұйымдастырылған тәрбие жұмыстарының қорытындысы 
д/  педагогикалық  құбылыстар  мен  процестердің  бір-бірімен  объективті 
түрде байланысып жатуы 

 
98 
е/ жеке тұлғаға айналадағы қоршаған заттар мен нәрселердің, табиғи және 
әлеуметтік құбылыстардың ықпалы 
26.
 
Педагогиканың құрамдас бөліктері 
а/оқыту психологиясы, тәрбие психологиясы 
б/ педагогикалық шеберлік, халық педагогикасы 
с/ мектепке дейінгі педагогика, жоғары мектеп педагогикасы 
д/ педагогиканың жалпы негіздері, дидактика, тәрбие теориясы, мектептану 
е/ барлығы дұрыс 
27.
 
Ақыл-ой,  еңбек,  адамгершілік,  эстетикалық,  экологиялық  тәрбие, 
т.б.  
а/ оқытудың принциптері 
б/ оқытуды ұйымдастырудың формасы 
с/ тәрбиенің құрамдас бөліктері 
д/ педагогиканың ұғымдары 
е/ педагогиканың салалары 
28.
 
Оқыту мен тәрбие қоғамның мұқтаждығына байланыстылығы неге 
жатады? 
а/ тәрбиенің принциптері 
б/ дидактикалық принциптер 
с/ тұтас педагогикалық принциптер 
д/ оқыту әдістері 
е/ тұтас педагогикалық процестің зандылықтары 
29.
 
Айнала  қоршаған  орта,  бүкіл  әлем,  тұтас  дүние  туралы,  ондағы 
адамның  орны,  тіршіліктің  мән-мағынасы  туралы  көзқарастар,  пікірлер  мен 
түсініктердің жүйеленген жиынтығы 
а/ таным 
б/ дүниетаным, дүниеге көзқарас 
с/ педагогикалық озат тәжірибе 
д/ ұжымның қалыптасуы  
е/ оқу-танымдық іс-әрекет 
30.
 
Ғылыми  педагогикалық  зерттеу  әдістерінің  бірі  -  эксперимент 
әдісінің компоненті 
а/ ұзақ уақыт, қысқа мерзімде жүгізілетін эксперимент 
б/ уақыты, құрылымы, мақсаты, ұйымдастыруы 
с/ жай және күрделі 
д/ қалыптастырушы, бақылаушы 

 
99 
е/ лабораториялық, табиғи, кешенді 
 
Тәрбиенің негізгі мақсаты- 
а/ оқушыларға жан-жақты білім беру 
б/ отбасының мәдени потенциалын көтеру 
с/ жан-жақты, үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру   
д/ қоғамның қажеттіліктерін өтеу 
е/ белсенді азамат тәрбиелеу
 
 
Оқыту мен тәрбиеге қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесі  
а/ педагогикалық процестің принциптері 
б/ педагогикалық процестің әдістері 
с/ педагогикалық процестің зандылықтары 
д/ педагогикалық процестің құралдары 
е/ педагогикалық процестің түрлері 
 
Жеке  тұлғаның  белгілі  іс-әрекетінің  нәтижесін  танытатын  психикалық 
қасиет/нышан 
б/ талант 
с/ қабілет 
д/дағды 
е/ ынта 
 
Дағды дегеніміз- 
а/ жеке тұлғаның бір істі игеруде алдына қойған мақсатын жете түсінуі 
б/ дарындылықтың жоғарғы дәрежесі 
с/ нерв жүйесіндегі іштен туған анатомиялық-физиологиялық өзгешеліктер 
д/ жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық үрдісі 
е/ меңгерудің ең жоғары өлшемімен сипатталатын әрекет
 
 
Ғылыми  білім  жүйесі,  дүниетаным,  сенім,  адам  мұраты  қай 
компоненттерге жатады? 
а/ педагогикалық процестің компоненттері  
б/ тұтас педагогикалық процестің компоненттері 
с/ дүниеге көзқарастың құрылымдық компоненттері 
д/ оқыту процесінің компоненттері 
е/ тәрбиенің компонеттері 
 
Оқытудың мотивтері 
а/ кез келген әрекетке іштей ояну. 
б/ өзін-өзі тәрбиелеу. 
с/ тұлғалық-мағыналық карым-қатынас 

 
100 
д/ сапалы әдет-дағдыларды бойына қалыптастыруы  
е/ барлық жауап дұрыс 
 
Педагог  ғалымдар  Л.  И.  Рувинский,  В.А.Кан-Калик  шығармашылық  
тұрғыда бөлген педагогикалық міндеттері  
а/ білімділік, дамытушылық, тәрбиелік 
б/ стратегиялық, тактикалық, оперативтік  
с/ дағды, іскерлік, қабілеттілік 
д/ демократиялық, либералдық 
е/ оқыту, білім беру, тәрбиелеу 
 
Жеке тұлғаның дамуындағы белсенділіктер 
а/ іс-әрекет, қарым-қатынас 
б/ жақын, орта, қашық перспективалар 
с/ тәрбие, өзін-өзі тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу 
д/ қарым-қатынас, таным, өзін-өзі тәрбиелеу  
е/ білім, сана, адам мұраты 
 
Бұл  шақта  жастардың  организімі,  қанқасы  мен  бұлшық  еттері,  ішкі 
органдары  тез  дамиды,  өмір  жолына  көз  жібереді,  жолдастық  сезім,  достық 
қарым-қатынастары жақсы дамиды, келешек мамандықты саналы түрде тандау 
мүмкіндігі болады 
а/ жеткіншектік шақ 
б/ жасөспірімдік шақ 
с/ бастауыш мектеп шағы  
д/ мекепке дейінгі шақ. 
е/ кәмелеттік жастың бірінші кезеңі 
 
Адрагогика педагогика салаларының қай түріне жатады? 
а/ қолданбалы педагогика 
б/ коррекциялық (арнайы) 
с/ педагогика тарихы 
д/ жалпы педагогика 
е/ жас ерекшелік педагогикасы 
 
Педагогика пәнінің негізгі қарастыратын мәселелері 
а/ тәрбие, білім беру жұмысы 
б/ арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс 
с/ тәрбие мен дамытудың заңды байланысын зерттеу 
д/ қоғамдағы адамдардың ерекше тәрбие функциясы 
е/ барлық жауап дұрыс 

 
101 
 
Педагогикамен байланысты ғылымдар 
а/ тарих, тіл, әдебитетпен 
б/ философия, экономика 
с/ психология, философия, анатомия, биология 
д/ этика, эстетика, география 
е/ анатомия, физиология, дене тәрбиесімен 
 
Үлгермейтін  оқушылармен  жеке  арнайы  жұмыс  ұйымдастырудың  
жолдары 
а/ баланың мінез-құлық, жеке ерекшелігін зерттеп білу 
б / оқушылардың білім деңгейін зерттеп білу 
с/ қандай оқу материалдарын білмейтіндігін анықтау 
д/ қосымша сабақтар ұйымадастыру 
е/ барлық жауап дұрыс 
 
Оқытудағы теория мен тәжірибенің байланыстылық принципінің мәні 
а/  оқу  материалын  ұмытпастай  еске  сақтау,  оны  өмірде  қолдана білу  үшін 
жағдай жасайды  
б/ оқу маериалын терең меңгеруге жағдай жасайды 
с/ оқу материалы терең күнделікті өмірде қолдануға жол ашады  
д/ оқу материалын нақты етіп танытады 
е/ теорияның өмірде растығын дәлелдейді 
 
Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы - сабақтың негізгі белгілері 
а/сабақ кестесі бойынша мұғалім басшылығымен ұйымдастырылады 
б/ сынып оқушыларына мұғалімнің білім беруі жүзеге асырылады 
с/  сабақ  кестесімен,  оқушы  құрамымен,  белгілі  бір  уақытта,  мұғалімнің 
басшылығымен ұйымдастырылатын оқыту процесі 
д/ сынып мұғалімінің сабақ кестесі бойынша жүргізетін оқыту жұмысы 
е/ оқыту процесінде мұғалім мен оқушылардың бірлескен жұмысы 
 
Осы күнгі сабаққа қойылатын педагогикалық талаптар  
а/ сабақта оқушылардың белесенділігін арттыру  
б/ пәнаралық байланысты жақсарту 
с/ сабақтың мақсатын айқындап, формаларын түрлендіру  
д/ сабақтың  мақсатын, оқыту  әдістерін,  оқушының өз  бетімен  әрекеттерін, 
пәнаралық байланысты, сабақ формасын жақсарту 
е/ сабақ мазмұнын, әдстерін, формаларын түрлендіру 
 
Түсіндіру, әңгіме, лекция сияқты оқыту әдістерінің тобы 
а/ танып-білу, ұйымдастыру әдістері  

 
102 
б/ оқу әрекеті үстінде ынталандыру әдістері 
с/ көрнекі оқыту әдістері  
д/ оқытуда байқау-бақылау жасау әдістері  
 
Мақтау, мадақтау, жарыс тәрбие әдістерінің тобы 
а/ жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері 
б/ қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру әдістері 
с/ іс-әрекетті және мінез-құлықты ынталандыру әдістері 
д/ бақылау, өзін-өзі бағалау әдістері 
е/ педагогикалық талап, қоғамдық пікір 
 
Сабақ процесінде оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастырудың мәні 
а/ оқыған матриалды терең меңгерту үшін 
б/ материалды пысықтау үшін 
с/ оқығанды біліп жаттығу  
д/ оқыған материалға мысалдар табу, шығармашылығын дамыту үшін 
е/ теория мен тәжірибенің байланысын жақсарту үшін 
 
Оқыту әдістерін нәтижелі қолдану неге байланысты  
а/ мұғалімнін шеберлігіне  
б/ оқыту пәнінің  ерекшелігіне  
с/ тақырып мазмұнына  
д/ оқушының танып-білу қабілетіне 
е/ оқу пәніне, тақырып мазмұнына, мұғалімнің әдістемелік шеберлігіне 
 
Қазақстан Республикасының білім беру мазмұнын аңықтайтын құжаттар 
а/ тәрбие жоспары 
б/ сабақ жоспары 
с/ тұжырымдамалар 
д/ бастауыш білім беру стандарты, мемлекеттік стандарт, оқу жоспары, оқу 
бағдарламалары 
е/еңбек туралы заң 
 
Сананы қалыптастыруға негізделген әдістер тобы 
а/ қоғамдық пікір, педагогикалық талап 
б/ үлгілілік, жаттығу, бақылау 
с/ түсіндіру, әңгіме, лекция, диспут 
д/ мақтау, мадақтау, жазалау, жарыс 
е/ мұғалімнің сөзі, үйрету, жаттықтыру 
 
Дидактика - бұл 
а/ адамның анатомиясын, физиологиясын зерттейтін ғылым 

 
103 
б/ білім беру мен оқыту теориясын зерттейтін педагогиканың бөлімі 
с/ жан-жақты тәрбиені қарастыратын тарау. 
д/ жан туралы ілім 
е/ философиялық ұғымдарды аңықтайтын ғылым 
 
Педагогика  ғылымына  «педагогикалық  процесс»  ұғымын  алғаш  енгізген 
педагог 
а/ Ю.К.Бабанский 
б/ П. Каптеров 
с/ Ж.Б.Қоянбаев 
д/ Н.И.Лихачев 
е/ И.А.Сластенин 
 
Оқушыларға кәсіптік бағдар беруде басшылыққа алынатын факторлар 
а/ оқушының белгілі бір кәсіпке бейімділігі 
б/ оқушының белгілі бір кәсіпке деген сүйіспеншілігі 
с/ жергілікті жердің мүмкіндігі  
д/  оқушының  денсаулығы,  бейімділігі,  сол  кәсіпке  деген  сүйіспеншілігі, 
материалдық база 
е/ кәсіптік мамандықты оқытатын адамның білгірлігі 
 
Эстетикалық тәрбиенің қайнар көздері 
а/ табиғат, еңбек 
б/ әдебиет, мәдениет 
с/көркемөнер шығармалары, табиғат, тұрмыс-салт 
д/адамгершілік қарым-қатынас 
е/ән, музыка, сурет 
57. Дене тәрбиесінің мәні 
а/ күш-қуатын арттыру 
б/ бейімділігін дамыту 
с/денсаулығын жақсарту 
д/еңбекке төзімділігін, денсаулығын, бейімділігін дамыту 
е/ақыл-ой, күш-қуатын арттыру 
58. Ұжымды қалыптастыру шарттары 
а/ белгілі бір топқа бірігу 
б/ ұжымның ортақ мақсатының болуы, оны орындау жолында бірігу 
с/ ұжымға мұрындық болатын белсенділердің болуы 
д/ ұжым мүшелерінің бір-бірімен достасуы 
е/ төменгі топтың жоғарғы топқа бағынуы, оған есеп беруі 

 
104 
59.  Мұғалімнің кәсіптік сапасын айқындайтын факторлар 
а/ өзі оқытытын  пәнді терең білу 
б/ өзінің кәсіптік білімін үздіксіз көтеріп отыру  
с/ өз пәнін, оқытудын әдістерін жетік меңгеру 
д/  өз  пәнін,  оны  оқыту  әдістемесін  терең  меңгеру,  жеке  тұлғалық 
сапасының, кәсіптік білімінің жоғары болуы  
е/ ой-өрісінің кең болуы, сөйлеу мәдениетінің жоғары болуы 
 
Оқушылардың    бойында  білім,  көзқарас,  сенім  жүйесін  қалыптастырып, 
сол  арқылы  олардың  қоршаған  ортаға  деген  жауапкершілік  қарым-қатынасын 
жан-жақты дамыту мақсатын көздейтін тәрбиенің құрамды бөлігі 
а/ эстетикалық тәрбие 
б/ адамгершілік тәрбие 
с/ экономикалық тәрбие 
д/ экологиялық тәрбие 
е/ ақыл-ой тәрбиесі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Дұрыс жауаптарының коды 
 
Сұ
Дұр
Сұ
Дұр

 
105 
рақ 
номері 
ыс 
жауабы 
рақ 
номері 
ыс 
жауабы 

С 
31 
С 

а 
32 
А 

Б 
33 
С 

А 
34 
Д 

С 
35 
С 

Е 
36 
Е 

Д 
37 
Б 

С 
38 
Д 

Е 
39 
Б 
10 
Д 
40 
Е 
11 
С 
41 
Б 
12 
А 
42 
С 
13 
Е 
43 
Е 
14 
Б 
44 
А 
15 
С 
45 
С 
16 
Е 
46 
Д 
17 
Б 
47 
А 
18 
Е 
48 
С 
19 
А 
49 
А 
20 
Д 
50 
Е 
21 
Д 
51 
Д 
22 
Д 
52 
С 
23 
Д 
53 
Б 
24 
Б 
54 
Б 
25 
Д 
55 
Д 
26 
Д 
56 
Е 
27 
С 
57 
Д 
28 
Е 
58 
Б 
29 
Б 
59 
Д 
30 
б 
60 
Д 
Мазмұны 
 
 

 
106 
 
Түсініктеме 

1-
бөлім 
Педагогиканың жалпы 
мәселелері 

§1 
Қазіргі кездегі педагогика 
ғылымы, оның негізгі 
категориялары 
 

§2 
Педагогика ғылымдарының 
жүйесі, оның басқа ғылымдармен 
байланысы. Ғылыми - 
педагогикалық зерттеу әдістері 
 
 
1

§3 
Тәрбиенің қоғамдық құбылыс 
ретіндегі мәні. Тәрбие мен өмір 
бірлігі 
 
1

§4 
Тәрбие  процесінің  мәні  мен  
мазмұны. Тәрбие әдістері 
 
2

§5 
Жеке тұлға, оның қалыптасуы 
мен дамуы туралы түсінік 
 
3

§6 
Дүниеге көзқарас – жеке 
тұлғаны қалыптастыру көзі 
 
4

§7 
Педагогикалық қарым-
қатынас, педагогикалық өнер және 
шеберлік 
 
5

2-
бөлім 
Педагогика пәнін оқытуды 
ұйымдастыру 
5

§1 
Педагогика пәнінен семинар 
және практикалық сабақтарды 
өткізу жолдары 
 
5

§2 
Педагогика пәнінен 
аудиториядан тыс жұмыстарды 
ұйымдастыру 
 
7

 
Пайдаланылған әдебиеттер 
тізімі 
8

 
Қосымшалар 
8

 
107 

 
 
 

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Болашақ желтоқсан 2016 жыл
2017 -> Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң
2017 -> Мектепті сақтау – ауылды сақтау Намыс қайда? Шаңырақ
2017 -> «еуразиялық гендік қОР» ғылыми-өндірістік білім беру орталығы
2017 -> Еуропалық тұрғыдан көптілдік құзыреттілігін дамыту жолдары
2017 -> Қазақстандағы трансұлттық мультисауаттылық: ұрпақаралық оқыту
2017 -> Қараша 2015 жыл Қазақстан
2017 -> Қыжыл баспасөЗ – 2017

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет