Қазіргі таңда елімізде болып жатқан өзгерістерге байланысты әлеуметтік


§2.  Педагогика пәнінен аудиториядан тыс жұмыстарды ұйымдастыру



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет5/6
Дата03.05.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6
§2.  Педагогика пәнінен аудиториядан тыс жұмыстарды ұйымдастыру 
 
Студенттердің  педагогикалық  олимпиадасы  болашақ  мұғалімдердің  өз 
мамандықтарына деген дайындық деңгейін байқау, педагогикалық мамандыққа 
деген  қызығушылықты  қалыптастыру,  мамандыққа  бағытталған  ойлауды 
дамыту мақсатында жүргізіледі. 
Олимпиадаға  қатысушы  факультеттер  педагогика  кафедрасына,  яғни 
ұйымдастырушы  ұйымға    4-6  адамнан  құрылған,  педагогика  пәнін  жақсы 
меңгерген  топ  жібереді.  Олимпиада  сайысы  топтық  және  жеке  сайыс  түрінде 
өтеді.  
Педагогика  пәні  бойынша  олимпиада  өткізудің  мақсаты  болашақ 
мұғалімдердің  жалпы  педагогикалық  дайындығын  қалыптастыру,  кәсіптік 
біліктілігін  арттыру,  студенттердің  шығармашылық  шеберлігін  дамыту,  оқу-
танымдық іс-әрекеттерін белсендіру болып табылады. 
Бұл олимпиада 2 тур бойынша өткізіледі: 
I. Теориялық білімдерін сынау. 
Студенттердің  теориялық  білім  деңгейлерін  бақылауға  және  бағалауға 
арналған педагогикадан тест алынады. 
 Оның  мақсаты:  студенттердің  бағдарлама  бойынша  меңгерген  білімдерін 
тексеру,  педагогикалық  құбылыстар  мен  процестердің  мәнін  түсіну, 
педагогикалық ойлауларының қалыптасу деңгейін анықтау. 
Берілген  тапсырма  топтың  барлық  мүшелерінің  қатысуымен  өтеді. 
Сайыстың ұзақтығы – 45 минут. Сынақтан өткен командалар іріктеліп, екінші 
турға жолдама алады.  
II. Шығармашылық тур. 
   1. Команданы таныстыру сайысы «Мамандығын қорғау». 
Сайыстың  мақсаты:  мамандық  ерекшелігін,  қоғамның  сұранысын 
қанағаттандыруға  байланысты  оның  қажеттілігін  топтық  сахналық  көрініс 
арқылы жеткізу. 
Сайысқа бөлінетін уақыт 5-7 минут. 
Сайыс желісі келесі өлшемдер бойынша бағаланады: 
1.
 
педагогикалық бағыттылығы; 

 
69 
2.
 
компоненттердің  мазмұндылығы  (нақтылығы,  логикасы,  қазіргі 
жағдайдағы білім беру талаптарына сәйкестілігі, жетекші идеясы); 
3.
 
ұйымдастыру бірлігі; 
4.
 
көрнекілігі; 
5.
 
әртістік шеберлігі
6.
 
өзін-өзі көрсету мәдениеті; 
7.
 
уақытты тиімді пайдалана білуі. 
2.  Мерзімді  педагогикалық  басылымдардан  жастарды  тәрбиелеуге 
байланысты мақалаларға немесе  студенттердің рефераттарына пікір жазу, 
баяндау
Сайыстың  мақсаты:  студенттердің  ғылыми-зерттеу  жұмыстарына 
жүргізілген  сараптама  бойынша  олимпиадаға  қатысушылардың  талдау 
мәдениеті  қалыптасуының  деңгейін  және  педагогикалық  эрудиция  деңгейін 
анықтау. 
    ¤лшемдері: 
-  мақаланың көкейкестілігі; 
- ғылымилығы; 
- құндылығы; 
- мазмұндылығы; 
-  қандай оқырман қауымға арналғандығы; 
- практикада қолданылуы; 
- пікір берушінің стилі (логикасы, қысқашалығы, нақтылығы, мазмұны және 
қорытындысы).  
Бөлінетін уақыт - 45 минут. 
 3. Педагогикалық жағдаяттар сайысы. 
   Сайыстың  мақсаты:  мектеп  өмірінде  кездесетін  әртүрлі  жағдаяттардан 
шығудың  алғашқы  кәсіптік  білім,  білік,  дағдыларының  олимпиадаға 
қатысушыларда қалыптасуын  байқау. 
   Әр  команда  педагогикалық  жағдаятқа  байланысты  көрініс  дайындайды 
және қарсылас командаларға оның шешімін өзара табу ұсынылады. 
Педагогикалық көріністе төмендегі мәселелер қарастырылуы тиіс: 
8.
 
таңдап алынған көріністің көкейкестілігі; 
9.
 
педагогикалық жағдаяттың тәрбиелік мәні; 
10.
 
әртістік шеберлігі; 
11.
 
эмоциялығы; 
12.
 
ақиқаттылығы. 

 
70 
Педагогикалық  жағдаяттың  шешімі  төмендегі  өлшемдер  бойынша 
бағаланады:  
- көрсетілген көріні арқылыі педагогикалық ұжымның назарын аудара білу, 
көріністегі алынған негізгі қозғаушы күш, қарама-қайшылықты анықтау; 
-   дұрыс шешудің педагогикалық жолдарын таңдау, амалдарын ойластыру; 
 тәрбиелік мәнін айқындау
Көрініске - 7-8 минут, шешімін табуға 3-4 минут уақыт беріледі. 
     4. «Көрермендермен жұмыс» сайысы. 
   Мақсаты:  команда  мүшелерінің  ұйымдастырушылық  қабілеттерін, 
әртістік шеберліктерін байқау.  
Сайысқа  қатысушы  командалар  аз  уақыт  аралығында  -  3-5  минут  ішінде 
көрермендерге  ойын  үйрету,  тақпақ  жаттату,  би  үйрету,  т.с.с.  тәрбиелік  мәні 
бар қысқаша шара ұйымдастыру керек. 
¤лшемдері: 
13.
 
ұйымдастырушылық қабілеттері; 
14.
 
қарым-қатынас қабілеттері; 
15.
 
танымдылық қабілеттері; 
16.
 
адамдар тобымен жұмыс жүргізе білу шеберліктері; 
17.
 
жүйелілігі; 
18.
 
нақтылығы. 
5. «Педагогикалық техника » сайысы
Сайыстың 
мақсаты: 
сайысқа 
қатысушылардың 
педагогикалық 
шеберліктерін, сөйлеу мәдениетін, әдептіліктерін қалыптастыру. 
Бұл сайыс педагогикалық техниканың екі топ компонентерінің үйлесуімен 
жүзеге асырылады. 
Бірінші  топ  компоненттері  бойынша  өз  дене  бітімін,  қимыл-қозғалысын 
басқара  білу,  келбет-пішіні,  қас-қабағы  арқылы  көңіл-күйін  білдіру,  сөйлесу 
шеберлігімен,  дауыс  ырғағымен,  дикциясымен  қатынасты  үйлестіре  алу 
қабілеті,  әлеуметтік  байқағыштығы,  өз  қиялын  басқара  білуі  арқылы  берілген 
тапсырманы орындау талап етіледі. 
Екінші  топ  компоненттері  бойынша  оқыту  мен  тәрбие  жұмысын 
ұйымдастыра  білу,  конструктивтік  техниканың  болуы  негізге  алынады.  Жеке 
адамға, ұжымға ықпал ете отырып, сайыскер  тез арада өзінің коммуникативтік 
білгірлігін, шығармашылықпен жұмысты ұйымдастыра білу шеберлігін көрсете 
алуы керек.  

 
71 
Мысалы: Сабақ басталды. Сіз сабақ түсіндіре бастадыңыз. Оқушы сабаққа 
кешігіп  кірді.  Кешіккен  оқушыға  назар  аударып,  дауыс  ырғағы  мен 
мимикаңызды келтіріп, мына шарттарды  орындаңыз: 
1.
 
Талап етіп: «Тез отыр!». 
2.
 
Таң қалып: «Күтпеген едім». 
3.
 
Жаратпай: «Сабаққа кедергі келтірдің».  
4.
 
Қуанышпен: «О, Асан келді сабаққа!». 
¤лшемдері: 
19.
 
балалармен тіл табыса білу стилін таңдау; 
20.
 
сөйлеу мәдениеттілігі; 
21.
 
дауыс ырғағы; 
22.
 
эмоционалдық ырғақ /тон/; 
23.
 
педагогикалық  әрекеттердің  басқа  да  тәсілдерін  қолдану 
еркінділігін күшейту бейімділігі. 
 
 6. «Білім теңіз, мектеп кеме» атты қабырға газетін шығару сайысы. 
Аталмыш    сайыстың  мақсаты:  студенттердің  шығармашылық  ойлау 
қабілеттерін дамыту. 
         Әр  команда  қабырға  газеті  арқылы  қазіргі  білім  беру  жүйесі,  оқу-
тәрбиеге  байланысты  жаңалықтар,  қызықты  оқиғалар,    пікірлер,  тілектер, 
олимпиада жөніндегі мәліметтерді сурет түрінде бейнелейді. 
¤лшемдері: 
24.
 
өзектілігі; 
25.
 
талапқа сай болуы
26.
 
мазмұндылығы; 
27.
 
көріктілігі; 
28.
 
маңыздылығы; 
29.
 
көркемдік –безендендірулері; 
-    шығармашылықтары. 
 
Әділ-қазылар мүшелерінің  олимпиадаға қатысушыларды бағалау 
қағазының үлгісі 
 
«Мамандығын қорғау» сайысы бойынша  ұпай қоятын бағалау қағазының 
үлгісі 
 

 
72 
Әділ-қазының аты-жөні__________________________________ 
                               
 
Р
/
с 
Оли
мпиада 
қатысу
шы- 
лардың 
кодтары 
Бағалау өлшемдері 
 
Ұ
пай 
С
аны 
Педаго
гика- 
лық 
бағыт- 
тылығ
ы 
Комп
онент-
тердің 
маз-
мұндылы
ғы 
Ұй
ымдас 
тыру 
бірлігі 
К
өрне- 
кі
лігі 
Ә
ртіс- 
т
ік 
ше- 
б
ерліг
і 
1   
 
 
 
 
 
 
Әділ-қазылардың қолы__________________ 
Есте  ұстанатын  мәселе:  ең  жоғары  ұпай  –  10.  Әр  бөлімге  2  ұпайдан 
қойылады,  2  ұпай  жақсы  қанағаттанған  кезде,  1  ұпай  қанағаттанған  кезде,  0 
ұпай - қанағаттанарлықсыз кезде қойылады. 
 
      
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI 
1.
 
Абдуллина  О.А.  Общепедагогическая  подготовка  учителя  в  системе 
высшего педагогического образования. – М.: Просвещение, 1990. – 141 с. 
2.
 
Айтмамбетова Б. Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігі.- Алматы: 
РБК, 1995. 
3.
 
Алдамұратов Ә., т.б. Жалпы психология.-Алматы: Білім, 1996.- 224 б. 
4.
 
Алтынсарин  Ы.  Мұсылманшылықтың  тұтқасы.  Шариат-ул-ислам/ 
Дайындаған А.Сейдімбеков. - Алматы: Қазақстан; ТПО Қаламгер, 1991. - 80 б. 
5.
 
Бабанский 
Ю.К. 
Оптимизация 
процесса 
обучения. 
Общедидактический аспект.– М.: Педагогика, 1977.-254 с. 
6.
 
Бержанов К., Мусин С. Педагогика тарихы.-Алматы: Мектеп, 1971. 
7.
 
Венгер Л.А., Мухина В.С. Психология.- М.: Просвещение, 1988.-336 с. 
8.
 
Гоноболин  Ф.Н.  О  педагогических  способностях  учителя.  //Вопросы 
психологии и личности. – М.: Просвещение, 1960. – С. 197-213. 
9.
 
Гоноболин Ф.Н. Психология. – Алматы: Мектеп, 1976. – 236 с. 

 
73 
10.
 
Жарықбаев  Қ.,  Қалиев  С.  Қазақ  тәлім  –  тәрбиесі.  –  Алматы:  Санат, 
1995. – 350 б. 
11.
 
Жұмабаев М. Педагогика.-Алматы:Ана тілі, 1992.-160 б. 
12.
 
ИгибаеваА.К.  Педагогические  олимпиады  школьников  //  Положение, 
программы и методические рекомендации.- Алма – Ата: РИК, 1991. 
13.
 
Ильин Т.А. Педагогика. – Алматы: Мектеп, 1977. –486 б. 
14.
 
Ковалев  А.Г.  Личность  воспитывает  себя.  –  М.:  Политиздат,  1983.  – 
256 с. 
15.
 
Кайкаус. Қабуснама. – Алматы: Балауса, 1992. – 160 б. 
16.
 
Керімов  Л.К.  Қиын  оқушылар  және  оларды  қайта  тәрбиелеу 
мәселелері.-Алматы, 1991. 
17.
 
Коджаспиров Г.М., Коджаспирова  А.Ю.  Педагогический  словарь.-М.: 
Изд.центр «Академия», 2000.-176 с. 
18.
 
Крупская Н.К. Таңдамалы педагогикалық шығармалары.-      Алматы: 
Мектеп, 1973.-726 б. 
19.
 
Кузнецова  Л.В.  Азаматтық  неден  басталады.-  Алматы:Мектеп,  1988.-
200 б. 
20.
 
Кузьмина  Н.В.  Психологическая  структура  деятельности  учителя.  – 
Гомель: ГГУ, 1976. – 57 с. 
21.
 
Қазақ  тілі  терминдерінің  салалық  ғылыми  түсіндірме  сөздігі: 
Педагогика  және  психология/  Жалпы  ред.  басқ.-  А.Қ.Құсайынов-  Алматы: 
Мектеп, 2002.- 256 б. 
22.
 
Қоянбаев Ж.Б. Педагогика.-Алматы:Рауан, 1992.- 240 б. 
23.
 
Қоянбаев  Ж.Б.,  Қоянбаев  Р.М.  Педагогика.-Астана:  Л.Н.Гумилев 
атындағы Еуразия университетінің баспасы, 1998.- 378 б. 
24.
 
Құнанбаев  А.  Екі  томдық  шығармалар  жинағы  //  Екінші  том.- 
Алматы:Жазушы, 1986. - 210 б. 
25.
 
Лихачев Б.Т. Педагогика.-М.:Юрайт, 1999.- 464 с. 
26.
 
Оразбекова К. Иман және инабат.- Алматы. «Ана тілі», 1993.- 152 б. 
27.
 
Педагогика // Под ред. П.И.Пидкасистого. - М., 1998. 
28.
 
Платонов  К.К.  Структура  и  развитие  личности.  –  М.:  Наука,  1972.  – 
216 с. 
29.
 
Подласый И.П. Педагогика: М: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС , 1999.- 
Кн.1: - 256 с. 
30.
 
Подласый И.П. Педагогика: М: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС , 2000.-
Кн.2: Процесс воспитания.- 256 с. 

 
74 
31.
 
Роштопшин  П.  Психология  и  педагогика.-М.:  Издательство  «Приор», 
2000. - 68 с. 
32.
 
Сағытаев Т.С. Педагогикалық шеберлік негіздері.  Қарағанды,1996. –1 
22 б. 
33.
 
Сағытаев 
Т.С. 
Педагогикалық 
практиканы 
ұйымдастыруға 
студенттерге методикалық нұсқау. Қарағанды: ҚарМУ  баспасы, 1989. 
34.
 
Сейталиев К.Б. Тәрбие теориясы. - Алматы: Мектеп, 1986.-150 б. 
35.
 
Сластенин В.А. и др. Педагогика. - М.: «Школа-Пресс», 1998. 
36.
 
Табылдиев  Ә.  Халық  тағылымы:  Қазақтың  халық  педагогикасы  және 
тәрбие. – Алматы: Қазақ университетi, 1992. 
37.
 
Ушинский  К.Д.  Избранные  педагогические  сочинения.  –  М.,  1964.  – 
Т.1. – 482 с. 
38.
 
Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тәрбие. – Алматы: Бiлiм, 1995. – 232 б. 
39.
 
Философия.  Жоғары  оқу  орындарына  арналған  оқу  құралы.-Алматы: 
Рауан, 1991.-320 б. 
40.
 
Харламов И.Ф. Педагогика. – М.: Высшая школа, 1990.- 576 с. 
41.
 
Хмель Н.Д. Педагогический процесс в общеобразовательной школе. – 
Алматы: Мектеп, 1984. – 134 с. 
42.
 
Штейнер Р. Воспитание ребенка с точки зрения духовной науки / Пер. 
С нем.- М.: «Парсифаль», 1993.-40 с. 
43.
 
Щуркова  Н.Е.  Программа  воспитания  школьников.  –  М.: 
Пед.общество России, 1998. – 48 с. 
44.
 
Щуркова  Н.Е.  Воспитание:  новый  взгляд  с  позиции  культуры.  –  М.: 
ОЦ Педагогический поиск, 1998. – 78 с. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
75 
 
 
 
 
Қосымшалар 
 
Қосымша1 
Жалпы педагогикалық ойлардың даму кезеңдері 
 
Аты- 
жөндері 
Жылдары 
Ой- пікірлері 



Демокрит 
(ежелгі 
грек 
философы) 
460-370 
ж.ж. б.э.д. 
«Адамдар  табиғатынан 
емес, 
көп 
жаттығудың 
нәтижесінде  жақсы  адам 
болып қалыптасады» 
«Оқу 
тек 
еңбектің 
арқасында 
керемет 
нәрселер жасап шығарады» 
Сократ,  
Платон, 
Аристотель 
 (ежелгі 
грек 
философтары) 
469-399 
ж.ж. 
б.э.д. 
427-347  ж.ж. 
б.э.д. 
384-
322ж.ж.  б.э.д. 
Тәрбиені 
мемлекет 
тарапынан 
ұйымдастыру, 
тәрбие  беруді  мемлекеттік 
іс деп қарауды ұсынды. 
«Егер  кебіс  тігуші  олақ 
болса,  мемлекет  бұдан  көп 
зардап шеге қоймайды - бар 
болғаны  азаматтар  біршама 
нашар  киінеді,  ал  егер 
шәкірт  ұстазы  өз  міндетін 
нашар  орындаса,  онда  елде 
надандар  мен  бұзақылар 
көбейіп кетеді» (Платон) 
Марк 
Фабий 
Квинтилиан 
(ежелгі 
рим 
35-96 ж.ж. 
«Шешендікке 
тәрбиелеу 
туралы» 
еңбегінде 
риторика 
мектебінде  мұғалім  болып 

 
76 
педагогы) 
істеген 
тәжірибесіне 
қорытынды 
жасайды. 
Балардың  тілін  дамытуға 
ерекше  мән  берді,  тілді 
және 
музыканы 
оқыту 
баланың  дұрыс  сөйлеуін 
дамытады  деп    санайды. 
Баланың  логикалық  жүйелі 
ойлауын 
дамыту 
үшін 
математиканы 
оқытуды 
қажет деп есептеді. 
Тертуллиан 
Августин 
Аквинат 
(Европадағы 
шіркеу 
қызметкерлері) 
 160-222 
ж.ж. 
 354-  430 
ж.ж. 
 1225-1274 
ж.ж. 
 
Кең  мағына  беретін 
педагогикалық 
трактаттарды уағыздады. 
 
Эразм 
Роттердамский 
(голланд)  
Витторино  де 
Фельтрэ 
(итальяндық) 
Томас 
Мор 
(ағылшын) 
Франсуа  Рабле 
(француз) 
 Мишель 
Монтень 
(француз) 
Қайта 
өрлеу дәуірі 
1466-1536 
ж.ж. 
 
 
1378-1446 
ж.ж. 
 
1478-1535 
ж.ж. 
 
1494-1553 
ж.ж. 
 
1533-1592 
ж.ж. 
« 
Мен 
адаммын, 
сондықтан 
адамға 
қатыстылардың 
барлығы 
маған таңсық емес» ұранын 
көтерді. 
Гуманист 
педагогтар 
балаларға  дене  тәрбиесін, 
эстетикалық 
тәрбиені, 
математика, 
астрономия, 
механика, 
жаратылыс 
ғылымдарын оқыту арқылы 
білім  беруді  талап  етті. 
Қоғамдық  тәрбие  беруді 
жақтады. 
Я.А.Комен
1592-1670 
Педагогиканың 

 
77 
ский 
(чех 
педагогы) 
ж.ж. 
философиядан 
бөлініп 
шығуы  мен  оның  ғылыми 
жүйеге енуі Я.А.Коменский 
есімімен байланысты.  
1657ж. 
«Ұлы 
дидактика»  атты  еңбегі 
Амстердамда жарық көрді. 
Сыныптық-сабақ 
жүйесінің  негізін  салды, 
оқыту 
принциптерін, 
әдістерін, 
формаларын 
тұжырымдады. 
Бүкіл 
тәрбие 
ісі 
Коменскийше табиғатқа тән 
жалпы 
заңдылықтарға 
сәйкес  болуы  тиіс.  Ол 
адамды 
табиғаттың  бір 
бөлігі  ретінде  алып  қарап, 
тәрбие 
ісін 
адамның 
табиғатына  сәйкес,  оның 
табиғи 
қабілеті 
мен 
қасиеттерін 
дамытуға 
бағыттап жүргізу керек деп 
кеңес  берді.  Осы  талап 
оның  бүкіл  педагогикалық 
іліміне  еніп,  «табиғатқа 
сәйкестік  принципі»  деп 
аталды. 1631ж. «Тілдер мен 
барлық ғылымдардың ашық 
есігі»  оқулығы,  1648  ж. 
«Әлемді 
суреттеп 
бейнелеу», 
«Жастарға 
арналған 
мінез-құлық 
ережелері» 
еңбектері 
жарық көрді. 
Джон  Локк 
1632-1704 
«Тәрбие 
жөніндегі 

 
78 
(ағылшын 
педагогы) 
ж.ж. 
ойлар»  «Ақылды  тәрбиелеу 
туралы» атты еңбектері бар.  
¤здігінше 
ойлау 
дағдыларына  үйрету,  еркін 
тәрбиелеуді жақтады. ¤зіне-
өзі 
сенімді, 
іскерлік 
қасиеттері 
бар, 
адамгершілік 
сенімдері 
берік  адамды  тәрбиелеуді 
ұсынды. 
Ж.Ж.Руссо 
(француз 
ағартушысы) 
1712-1778 
ж.ж. 
1756-1762  ж.ж.  «Юлия, 
немесе 
Жаңа 
Элоиза», 
«Қоғамдық  келісім  шарт 
туралы»,  «Эмиль,  немесе 
Тәрбие  туралы»  еңбектері 
жарық 
көрді. 
Ол 
адамдардың 
табиғи 
бостандығы  мен  теңдік 
идеясын 
уағыздады. 
Педагогикалық 
бағдарламасының  орталық 
бөлімі- 
ерікті 
түрде 
тәрбиелеу. 
И.Г.Пестал
оцци  (швейцар 
педагогы) 
1746-1827 
ж.ж. 
«Гертруда 
балаларын 
қалай  оқытады»,  «Аналар 
кітабы», 
«Бақылау 
әліппесі»  «Сан  жөнінде 
көрнекі 
ілім» 
 
атты 
еңбектері бар. 
Адамды 
дамытудың, 
тәрбиелеудің  басты  құралы 
еңбек  деп  санады,  оқуды 
өнімді 
еңбекпен 
ұштастыру,  соның  ішінде 
қолөнері 
мен 
ауылшаруашылық 

 
79 
еңбегімен 
ұштастыру 
мәселесін 
көтерді. 
Тәрбиенің негізгі мақсаты - 
қоғам 
өміріне 
белсене 
қатысатын 
жан- 
жақты 
дамыған 
адамды 
қалыптастыру деп білді. 
Моральдық  тәрбиенің 
негізі жанұяда қалыптасады 
деді.  Оны  діни  тәрбиемен 
байланыстырды. 
Дінді 
сынағанымен,  егер  адам 
құдайды  қадірлесе,  бір-
біріне 
туыс 
болып 
табылатын  барлық  адамды 
да қадірлейді деп есептеді. 
Қарапайым 
білім 
берудің жүйесін жасады. 
И.Ф.Гербар
т 
(неміс 
педагогы) 
1776-1841 
ж.ж. 
«Тәрбие 
мақсаттарының  негізіндегі 
жалпы  педагогика»  (1806), 
«Психология 
оқулығы» 
(1816), 
«Психологияны 
педагогикаға 
пайдалану 
жөніндегі 
хаттар»(1831), 
«Педагогика 
лекцияларының 
очеркі» 
(1835) атты еңбектері бар. 
Тәрбиенің 
мақсатын 
этикадан  шығарды.  ¤зінің 
этикалық 
теориясына 
сүйене 
отырып, 
ол 
тәрбиенің мақсаты - адамда 
ізгілік  пен  жақсылықты 
қалыптастыру,  бұл  ізгілік 
пен  жақсылық  та  мәңгі 

 
80 
және 
өзгермейді 
деп 
тұжырымдады. 
Бүкіл 
тәрбие  процесін  үш  салаға 
бөлді:  басқару,  оқыту  және 
адамгершілік тәрбие.  
А.Дистерве
г 
 
(неміс 
педагогы) 
1790-1866 
ж.ж. 
1835 
жылы 
«Неміс 
мұғалімдерінің 
білімін 
жетілдіруге 
басшылық» 
еңбегінің  бірінші  бөлімі 
педагогика 
мен 
дидактиканың 
жалпы 
мәселелеріне,  ал  екінші 
бөлімі әрбір пәндерді оқыту 
әдістемесіне арналды.  
Халықтық  тәрбие  беру 
идеясын жақтады. 
В.Г.Белинс
кий 
А.И.Герцен 
Н.А.Добро
любов 
Н.Г.Черны
шевский 
(орыс 
демократ 
ағартушылары) 
1811-1848 
ж.ж. 
1812-1870 
ж.ж. 
1836-1861 
ж.ж. 
1828-1889 
ж.ж. 
 
  «Ойлау»,  «Орыс  тілі 
грамматикасының 
негіздері» «Кім жазықты?», 
«¤ткендер  мен  ойлар»,  т.б. 
еңбектері 
бар. 
Демократиялық  прогресшіл 
педагогиканың 
негізін 
қалады. 
Л.Н.Толсто
й 
Н.И.Пирог
ов 
1828-1910 
ж.ж. 
1810-1881 
ж.ж. 
Сословиелік  мектепке 
және    ерте  мамандыруға 
бағыттайтын 
жалаң 
мағыналық  білім  беруге 
жалпы  адамзаттық  тәрбие 
идеясын 
қарсы 
қойды. 
Ондай  тәрбие  қоғамдық 
өмірге 
жоғары 
адамгершілікті, 
ой-өрісі 
жан-жақты 
дамыған 

 
81 
адамды  тәрбиелеуге  тиісті 
деді. 
К.Д.Ушинс
кий 
(орыс 
педагогы) 
1824-1871 
ж.ж. 
«Балалар  әлемі»,  «Ана 
тілі» 
оқулықтарын, 
«Педагогикалық 
антропология», 
«Швейцарияға 
педагогикалық 
саясат», 
«Адам 
тәрбиесі», 
т.б. 
еңбектері бар. 
1840  жылы  Москва 
университетінің 
заң 
факультетіне  түсіп,  1844 
жылы бітіріп шығады. 1846 
жылы 
Ярославльдегі 
Демидов 
заң 
лицейіне 
профессор 
қызметін 
атқарушы 
болып 
тағайындалады. 
Педагогикалық 
пікірінің  ең  негізгі  мәні  - 
әрбір 
елде 
халықтың 
мақсат-мүддесіне, 
мұқтажына  сәйкес  өзіндік  
ағарту  жүйесі  болуы  керек 
деген халықтық идея. 
Ш.Уәлихан
ов 
Ы.Алтынса
рин 
А.Құнанбае
в 
(қазақ 
ағартушылары) 
1835-1865 
ж.ж. 
1841-1889 
ж.ж. 
1845-1904 
ж.ж. 
Мектеп 
оқуының 
ғылыми  негізде  құрылып, 
табиғаттың 
сырларын 
ашуға 
бағытталуын, 
халықтың  жаппай  білім 
алуын,  қазақ  халқының 
алдыңғы 
қатарлы 
мәдениетті  елдерді  қуып 
жетуін аңсады.  
Д.Дьюи 
1859-1952 
Прагматиктік 

 
82 
Э.Торндайк 
(американ 
педагогтары)   
ж.ж. 
1874-1949 
ж.ж. 
педагогиканың 
негізін 
қалады  (жеке  тұлғаның 
дамуында 
тұқым 
қуалаушылық 
факторын 
жетекші  роль  атқарады  деп 
таниды). 
П.П.Блонск
ий 
(орыс 
педагогы) 
1884-1941 
ж.ж. 
«Педагогика» (1922 ж.), 
«Педагогика 
негіздері» 
(1925  ж.)  атты  еңбектері 
бар. 
С.Т.Шацки
й 
(орыс 
педагогы) 
1878-1934 
ж.ж. 
РСФСР Наркомпростың 
бірінші 
тәжірибелік-
көрсеткіштік 
станциясын 
басқарды, 
оқыту 
мен 
тәрбиелеудің 
жаңаша 
жолдарын 
іздестіру 
барысында 
ғылыми-
эксперименттік 
жұмыс 
жүргізді.  
А.Байтұрс
ынов 
 
 
 
 
Ж.Аймауытов 
 
 
М.Жұмабае
в 
(қазақ 
ағартушылары) 
1873-1937 
ж.ж. 
 
 
 
1889-1931 
ж.ж. 
 
 
1893-1938 
ж.ж. 
«Әліпби», 
«Тіл 
құралы», 
«Әдебиет 
танытқыш»  аты  еңбектері 
бар.  Қазақ  тілін  оқыту 
әдістемесінің 
негізін 
қалады. 
«Психология»,«Тәрбиег
е  жетекші»,  «Комплексті 
оқыту 
жолдары» 
атты 
еңбектері бар.  
«Педагогика» оқулығын 
жазды. 
Н.К.Крупск
ая 
(орыс 
педагогы) 
1869-1939 
ж.ж. 
Жаңа  кеңес  мектебін 
қалыптастыру, 
сыныптан 
тыс 
уақытта 
тәрбие 
жұмыстарын  ұйымдастыру, 

 
83 
пионер 
қозғалысы 
мәселелерімен айналысты. 
А.С.Макар
енко 
(орыс 
педагогы) 
1888-1939 
ж.ж. 
 
1920-1928 
ж.ж. 
заң 
бұзушы 
жас 
балалар 
(кейіннен 
М. 
Горький 
атымен 
аталады) 
колониясын 
басқарды. 
«Ұстаздық  дастан»  еңбегін 
жазды. 1928-1935 ж.ж. Ф.Э. 
Дзержинский 
атындағы 
еңбек 
коммунасын 
басқарды. Балалар ұжымын 
құру 
және 
оған 
педагогикалық  басшылық 
жасау 
принциптерін 
ұсынып,  оны  практикада 
тексерді,    саналы  тәртіпті 
қалыптастыру, 
жанұяда 
баланы 
тәрбиелеу 
проблемаларын 
зерттеді. 
«Мұнара  үстіндегі  таулар» 
повесі 
(Дзержинский 
коммунасы),  «Ата-аналар 
үшін  кітап»,  «Балаларды 
тәрбиелеу  туралы»,  т.б. 
еңбектері бар. 
В.А.Сухом
линский 
(орыс 
педагогы) 
1918-1970 
ж.ж. 
 
Жастарды  тәрбиелеудің 
моральдық  проблемаларын 
зерттеді.  «Балаға  жүрек 
жылуы», 
«Коллективтің 
құдіретті 
күші», 
«Мектептің 
жас 
директорымен 
сырласу», 
т.б. еңбектерін жазды. 
 
 
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет