Қазіргі таңда елімізде болып жатқан өзгерістерге байланысты әлеуметтік


§ 7. Педагогикалық қарым-қатынас, педагогикалық өнер және



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет4/6
Дата03.05.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6
§ 7. Педагогикалық қарым-қатынас, педагогикалық өнер және 
шеберлік 
 
Қарым-қатынас  –  адамның  рухани,  қоғамдық  және  тұлғалық  жағынан 
көрінуінің маңызды ортасы, адамдармен өзара түсіністікке қол жеткізу құралы. 
Қарым-қатынас қоғам өмірінде бірнеше маңызды функцияларды атқарады: 
-
 
коммуникативтік  -  адамдармен  тіл  табысуды 
қамтамасыз ету; 
-
 
ақпараттық  -  адамның  білім,  білік,  дағдыны 
игеруіне, рухани жетілуіне ықпал ету
-
 
психотерапевтік  -  дарындылардың  басқаларға 
салауатты ықпалы; 
-
 
педагогикалық - сананы қалыптастыру; 
-
 
гедонистік  -  адамды  қарым-қатынас  жасаудың 
нәтижесінде рухани қанағаттандыру, ләззат алу; 
-
 
адамгершілік- эстетикалық; 
-
 
діни.                        
Педагогикалық  қарым- қатынас жүйесінің құрылымы: 
1)
 
бастапқы кезең - қарым-қатынасты модельдеу 

 
46 
2)
 
тікелей қарым-қатынасты ұйымдастыру 
3)
 
қарым-қатынасты меңгеру 
4)
 
Жүзеге асырылған қарым-қатынасты талдау. 
Қарым-қатынас  стилі  тәрбиеші  мен  тәрбиеленушінің  әлеуметтік-
психологиялық  өзара  әрекетіндегі  дербес  психологиялық  ерекшеліктері  екені 
белгілі: 
1)
 
бірлескен шығармашылық қызметке әуестену негізіндегі қарым-қатынас 
2)
 
Достық ықылас негізіне құрылған қарым-қатынас стилі 
3)
 
Дистанциялық 
4)
 
Демократиялық 
5)
 
Қорқыту 
6)
 
Әзіл-қалжың аралас қарым-қатынас 
     Педагогикалық  өнер  деп  тәрбиешінің  психологиялық-  педагогикалық 
білім,  білік,  дағды  жиынтығын  терең  меңгерумен  қатар,  оның  кәсіптік 
құмарлығын,  терең  педагогикалық  ойлауы  мен  жігер-нанымын,  өмірге 
адамгершілік-  эстетикалық  қатынасын,  сенімі  мен  еркін  айтады.  Мұның 
барлығы тәрбиенің тиімділігі мен сапасын қамтамасыз етеді.  
Педагогикалық  өнер  тұтас  құбылыс  ретінде  бірнеше  компоненттерден 
тұрады. Олардың ішінде: 
1. Мақсат жүйесі (бағдарлау мен ынталандыру).  
Мақсат  барлық  педагогикалық  іс-әрекетті  мағыналы  ете  отырып,  қалған 
компоненттерді  өзара  байланыстырып,  біріктіреді.  Адамгершілік  тәрбие  беру 
мақсатының жүйесін жалпы адамзаттық және адамгершілік-эстетикалық мұрат, 
яғни  жеке  тұлғаны,  оның  барлық  мәнді  күштерін  жан-жақты  дамыту  идеясы 
анықтайды.  Тәрбиеші  дүниетанымдық,  азаматтық,  ақыл-  ой,  құқықтық, 
экологиялық, еңбек, политехникалық тәрбиенің негізгі бағыттарын практикада 
жүзеге асырумен өзара байланыста нақты көре білу керек. 
Педагогикалық мақсаттың мәнін түсіну, оны іс жүзінде жүзеге асыра білу - 
тәрбиеші  жұмысының  сапасы  мен  тиімділігін  анықтайтын  шарт  болып 
табылады.  
2.  Тәрбиеленуші  туралы  педагогикалық  әлеуметтану,  психология  және 
физиологиялық тұрғыдан білімі. 
3.  Тәрбиешімен  өзара  қарым-қатынасты  ұйымдастырудың  этикалық-
эстетикалық  принциптері:  1)  мақсатқа  талпынушылық  пен  болашаққа 
ұмтылушылық.  Мақсатқа  талпынушылық  -  адамның  өз  мінез-құлқын  тұрақты 
өмірлік  мақсатқа  бағындыруы  және  оның  бұлжытпай  іске  асырылуы  бола 

 
47 
отырып, демократиялық қоғамда жеке тұлғаның адамгершілік,  қоғамдық және 
тұлғалық  мәні  зор  сапасы  ретінде  айқындалады.  Тәрбиеші  үшін  бұл  тәрбие 
мақсатын  жақсы  біліп  қана  қоймай,  әрбір  тәрбиеленушінің  бойында  мақсатқа 
талпынушылықты  тәрбиелеу  қажеттілігін көрсетеді. 2) принципшілдік  (айтқан 
сөзінде  тұру,  бір  бағытты  ұстану;  «принцип»  латын  сөзі  -  негізгі,  бастапқы 
дегенді білдіреді) пен әділдік. Тәрбиешінің қашанда педагогикалық ар-ожданы 
жоғары  тұруы  керек,  этикалық  нормаларды  сақтай  білуі  тиіс.  Принципшіл 
педагог өзіне және тәрбиеленушіге қойылатын талапты қай уақытта болмасын 
(жұмыс 
барысында, 
мінез-құлқында, 
адамгершілік 
қатынастарда) 
төмендетпейді. Этикалық-эстетикалық принциптерге тәрбиешінің қатаң сүйенуі 
тәрбиеленушіге  үлгі-өнеге болады, жүрегінде сенім отын тұтады. 3) талап  қоя 
білушілік, адамның жеке басын құрметтеу мен сыйлау. А.С.Макаренко өз ісінде 
осы  принципке  сүйене  отырып,  былай  деген  еді:  «адамға  барынша  үлкен 
талаптар  қою керек, бірақ сонымен бірге оны барынша  құрметтеу керек». Бұл 
принципті сақтау адамның дұрыс дамуын қамтамасыз етеді, тәрбие жұмысына 
ерекше  ынтаны  тудырады.  4)  сенім  білдіру,  шұғыл  шешім  қабылдай  білу  мен 
нақтылық.  Педагог тәрбиеленушіге  сенім  білдірмесе,  оны  тәрбиелей  алмайды. 
Әрине, тәрбиеленушінің сенімді ақтамайтын кездері болады. Осының өзі, яғни 
сенімді  ақтамауды  талдау,  оған  баға  беру  де  ерекше  педагогикалық  мәнге  ие 
болады.  5)  тәрбиеші  мен  тәрбиеленушілер  қарым-қатынасында  іскерліктің, 
жинақылықтың,  тәртіп  пен  өз  ойын  айта  білушіліктің  болуы.  Жұмыстағы 
сәттіліктер  психологиялық  өзара  әрекетті,  өз  күшіне  сенімділікті  тудырып, 
жақсы  адамдық  және  іскерлік  сапаларды  жетілдіреді.  6)  жеке  тұлғаның 
(тәрбиеленушінің)  өмірінің  жақсаруына  қызығушылықтың  болуы,  оны 
қызықты,  мәнді  етуге  талпыну.  7)  қарым-қатынастың  жоғары  этикалық  және 
эстетикалық  стилі  мен  сипатын  қалыптастыру.  ¤зара  қарым-қатынасты 
адамгершілік мұраттарды ұстану, сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу, өзін-өзі ұстай 
білу ескерілуі шарт. 
4. Педагогикалық өнердің келесі компоненті - тәрбиешінің тәрбиеленушінің 
әлеуметтік мінездемесі мен оның топтағы өзара қарым- қатынасын білуі. 
Әлеуметтік  әдістеме  тәрбиешіге  ұжым  туралы  мәлімет  алуға,  яғни  кімнің 
көшбасшы екендігін анықтауға, ұжымдағылардың өзара қарым-қатынасын, кім-
кіммен  араласып,  өзара  жақсы  көзқараста,  кертартпалар  кім  екендігін  көруге 
мүмкіндік  береді.  Осы  мәліметтерге  сүйене  отырып,  белсенділерді 
қалыптастыруға, 
тәрбиеленушілердің 
өзара-қатынасын 
ұйымдастыруға 
болатыны сөзсіз. 

 
48 
Әлеуметтік мінездемені табиғи мінездемемен шатастыруға болмайды. 
Әлеуметтік  бақылау  -  сол  сәтте  ғана  объективті  түрде  қалыптасқан  бейне, 
оны педагогикалық құралдар көмегімен өзгертуге болады. 
5. ¤нертану, сахна өнері, сөйлеу өнерінен хабардар болу. 
Педагог  техникалық  тәсілдер,  әдістер,  қарым-қатынас  шеберлігінің 
көмегімен  өмірлік,  шындық  қатынастарды  айқын  ашып  көрсете  алады. 
Адамның  нақты  бейнесі  мен  психологиясын  көрсететін  әдеби,  музыкалық, 
бейнелеу  өнері,  өзіндік  экрандық  шығармалар  педагог  үшін  адамтанудың 
маңызды оқулықтары болып табылады. 
Сахна өнері мен сөз өнерінің педагог үшін маңызы зор, ол өзін-өзі ұстауға, 
анық сөйлеуге тәрбиелейді. 
Педагогикалық 
өнердің 
осы 
компоненттерін 
игеру 
тәрбиешіні 
педагогикалық шеберлікке жетелейді. 
Шеберлік  іс-әрекетте  көрінеді.  Ол  «педагогикалық  іс-  әрекеттің  жоғары 
деңгейі...  белгілі  бір  уақыт  аралығында  педагогтың  жоғары  нәтижелерге  қол 
жеткізуі...  »  немесе  «оқыту  мен  тәрбиелеудің  жоғары  және  тұрақты  деңгейде 
жетілдірілген  өнері»  немесе  «мұғалімнің  әдістемелік  өнер  туралы  ғылыми 
білім,  білік,  дағдылары  мен  жеке  тұлғанық  қасиеттерінің  жиынтығы» 
(А.И.Щербаков) ретінде анықталады.  
Педагогикалық  шеберлік  іс-әрекетте  көрінгенімен  (Н.В.Кузмина),  оған 
келіп тірелмейді және арнайы біліктердің жоғары деңгейімен сипатталғанымен, 
бұл  ең  бастысы  емес.  Педагогикалық  шеберліктің  мәні  тәрбиешінің  жеке 
тұлғасына,  оның  ұстанымы  мен  іс-әрекетті  жоғары  кәсіптік  деңгейде  басқару 
қабілеттеріне байланысты. 
Тәрбиешінің  шеберлігі  тәрбиелік  іс-әрекетте  көрінеді,  оған  мынадай 
компоненттер  жатады:  мақсат,  құралдар,  объект,  субъект,  осы  аталғандар  оны 
басқа іс-әрекеттен ажыратып тұрады. 
Тәрбиеші  жұмысының  мақсатын  қоғам  анықтайды,  яғни  тәрбиешінің  өз 
еңбегінің соңғы нәтижелерін таңдап алуға еркі жоқ, оның әрекеті жеке тұлғаны 
жан-жақты дамытуға бағытталуы тиіс. 
Тәрбиелік іс-әрекеттің объектісі - адам, ол табиғаттың өлі материалы емес, 
қайталанбас өзіндік сапалары бар, өзгеріп отыратын белсенді тіршілік иесі. Сол 
сияқты,  тәрбиелік  іс-  әрекеттің  «объектісі»  бір  уақытта  оның  субъектісі, 
педагогикалық  ықпалға  әртүрлі  қарайтын,  оны  өзінің  ішкі  әлемі,  өз 
тұжырымдары бойынша қабылдайтын тіршілік иесі де болады. 

 
49 
Субъект  -  тәрбиеленушіге  ықпал  ететіндер  -  тәрбиеші,  ата-  ана,  ұжым. 
Тәрбиеленушіге ықпал етудің негізгі құралы - тәрбиешінің жеке тұлғасы, оның 
білімі  мен  біліктілігі.  Егер  тәрбиеленуші  тәрбиешінің  жеке  тұлғасын 
қабылдамаса, оның білімі мен іс-әрекетіне сын көзбен қараса, онда олар оның 
ықпалына қарсы шығады. Нағыз тәрбиеші жеке тұлғаға адамгершілік тұрғыдан 
жағымды әсер ететін адам ғана болады. 
          Тәрбиенің басты құралдары - тәрбиеленушілер атқаратын іс-әрекеттің 
әртүрлі түрлері: еңбек, қарым-қатынас, ойын, оқу. А.С.Макаренко өзінің тәрбие 
жүйесінің  орталығын  -  ұжымдық  іс-  әрекет  ретінде  ұйымдастырылған 
өндірістік еңбек деп санады. 
           Педагогикалық  шеберліктің  мәнін  тұлғалық-әрекеттілік  тұрғыдан 
былай  түсінуге  болады:  шеберлік  -  кәсіптік  іс-әрекетті  өздігінен 
ұйымдастырудың  жоғары  деңгейін  қамтамасыз  ететін  жеке  тұлғаның 
қасиеттерінің кешені. Мұндай маңызды қасиеттерге мыналар жатады: тәрбиелік 
іс-әрекеттің 
гуманистік 
бағыттылығы, 
тәрбиешінің 
кәсіптік 
білімі, 
педагогикалық қабілеттілік пен педагогикалық техника. 
Жеке  тұлғаның  бағыттылығын  мұрат,  қызығушылық,  құндылық  бағдарлар 
құрайды. 
           Тәрбиешінің  бағыттылығын  құрайтын  құндылық  бағдарлар:өзіне-өзі 
сену  бағдары;  педагогикалық  ықпал  құралдарына  бағдар;  тәрбиешіге,  ұжымға 
құндылық бағдар; тәрбиелік іс-әрекеттің мақсатына- гуманистік стратегия. 
          Педагогикалық  шеберліктің  негізі  -  кәсіптік  білім,  оның  негізгі 
ерекшелігі - кешенді түрде болуында, тұлғалық әсемденуінде, яғни тәрбиешінің 
жеткізе білуінде. 
2-бөлім.  Педагогика пәнін оқытуды ұйымдастыру 
 
§1. Педагогика пәнінен семинар және практикалық сабақтарды өткізу 
жолдары 
 
Тақырыбы:  Қазіргі  кездегі  педагогика  ғылымы,  оның  практикамен 
байланысы.  Педагогика  ғылымдарының  жүйесі,  басқа  ғылымдармен 
байланысы.  
Мақсаты: «педагогика», «тәрбие», «білім беру», «оқыту», «педагогиканың 
объектісі мен пәні», «педагогика ғылымдарының жүйесі», «әдіснамалық негізі», 
«педагогиканың  пәнаралық  байланысы»  негізгі  ұғымдарын  меңгерту; 
педагогика  ғылымының  пайда  болуы  мен  дамуы  кезеңдерімен  таныстыру; 

 
50 
педагогикалық  ғылымдар  жүйесін,  оның  басқа  ғылымдармен  байланысын 
қарастыру. 
Жоспар 
1.
 
Педагогика ғылымы туралы түсінік. 
2.
 
Жалпы педагогикалық ойлардың даму кезеңдері.  
3.
 
Педагогиканың негізгі ұғымдарына (тәрбие, білім беру, оқыту) сипаттама. 
4.
 
Педагогикалық ғылымдар жүйесі. 
5.
 
Педагогиканың басқа ғылымдармен өзара байланысы. 
 
Ұсынылатын әдебиеттер 
 
1.
 
Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – Алматы: Санат, 1995. – 
350 б. 
2.
 
Жұмабаев М. Педагогика.-Алматы:Ана тілі, 1992.-160 б. 
3.
 
Ильин Т.А. Педагогика. – Алматы: Мектеп, 1977. –486 б. 
4.
 
Қоянбаев Ж.Б. Педагогика.-Алматы:Рауан, 1992.- 240 б. 
5.
 
Қоянбаев  Ж.Б.,  Қоянбаев  Р.М.  Педагогика.-Астана:  Л.Н.Гумилев 
атындағы Еуразия университетінің баспасы, 1998.- 378 б. 
6.
 
Лихачев Б.Т. Педагогика.-М.:Юрайт, 1999.- 464 с. 
7.
 
Педагогика / Под ред. П.И.Пидкасистого.-М.:1998 
8.
 
Подласый  И.П.  Педагогика:  М:  Гуманит.  изд.  центр  ВЛАДОС  ,  1999.- 
Кн.1: -256 с. 
9.
 
Сластенин В.А. и др. Педагогика.- М.: «Школа-Пресс», 1998.- С.211-225. 
10.
 
Харламов И.Ф. Педагогика. – М.: Высшая школа, 1990.- 576 с. 
 
 
Әдістемелік нұсқаулар 
 
Бұл тақырып педагогика ғылымының адамдар туралы ғылымдар жүйесінде 
алатын  орны  мен  оның  өзіне  тән  ерекшеліктеріне,  ғылыми-терминологиялық 
аппаратына мазмұндық сипаттама беруге арналады. 
Педагогиканың  адам  тәрбиесі  туралы  ғылым  екендігін  ашып  көрсету 
маңызды. 
Оқып-үйренілетін  материал  педагогиканың  зерттеу  объектісі  мен  пәні, 
негізгі ұғымдары, пайда болуы мен даму кезеңдері туралы мағлұмат береді. 

 
51 
Педагогикалық ғылымдар жүйесіне сипаттама бере отырып, педагогиканың 
басқа ғылымдармен  байланысын ашып көрсету тиімді. 
Төменде  ұсынылатын  тапсырмалар  осы  мәселелерді  қамтиды  және  
студенттердің  өз  білімдерін  бақылауға,  тексеруге  көмектеседі,  педагогикалық 
ұғымдар  мен  терминдерді  дұрыс,  әрі  нақты  қолдануға  үйретеді.  Тапсырмалар 
мынадай  сипатта  ұсынылады:  бақылау  тестілері,  кестелерді  толтыру, 
сөзжұмбақтар шешу, ауызша бақылау сұрақтарына жауап беру, педагогикалық 
ой-пікірлер мен еңбектердің мазмұнына талдау жасау, өзіндік жұмыс. 
Практикалық      тапсырмалар 
 
1-тапсырма.  Тест  сұрақтарының  ішінен  дұрыс  жауапты  көрсетіңіз. 
Педагогика - әзәзіл ғылым, орнына дұрыс қойылмаған бір сөз айтылатын ойдың 
мағынасын  түгелімен  өзгертіп  жіберуі  мүмкін.  Сондықтан  педагогикалық 
ұғымдар мен терминдерді дұрыс және нақты қолдануға үйреніңіздер. 
І- нұсқа. 
  І. Педагогика дегеніміз не?  
А) Педагогика баланың даму заңдылықтарын зерттейді және оны тәрбиелеу 
жолдарын анықтайды 
Ә) Педагогика - адамды тәрбиелеу, білім беру және оқыту туралы ғылым 
Б) Педагогика - тәрбиешінің тәрбиеленушіге ықпал ету өнері 
В)  Педагогика  жас  ұрпақты  оқыту  мен  білім  беру  мәселелерін  оқып-
үйренумен айналысады 
Г) Педагогика- адамды тәрбиелеу туралы ғылым. 
ІІ. Педагогиканың зерттеу объектісі не? 
А) Адам 
Ә) Бала 
Б) Қоғам 
В) Табиғат 
Г) Тәрбие заңдылықтары. 
ІІІ. «Эмиль, немесе тәрбие туралы» (1762 ж.) еңбегінің авторы кім? 
А) Я.А.Коменский 
Ә) Дж. Локк 
Б) Ж.Ж.Руссо 
В) И.Г.Пестолацци 
Г) И.Ф.Гербарт 
ІV. Тар әлеуметтік мағынада «тәрбие» деген не? 

 
52 
А) Тәрбие- ересек адамдардың балаға ықпалы 
Ә)  Тәрбие  -  баланың  өздігінен  табиғи  және  еркін  даму  үшін  жасалатын 
жағдай 
Б) Тәрбие - жеке адамды қалыптастыруға бағытталатын процесс 
В) Тәрбие- қоғамдық құбылыс 
      Г)  Тәрбие-  қоғамдық  институттардың  адамға,  оның  бойында  білім, 
адамгершілік  қасиеттер  мен  өмірге  дайындықты    қалыптастыру  мақсатымен 
ықпал жасауы. 
V. Түзеліс- еңбек педагогикасы қай салаға жатады? 
А) Педагогика тарихы 
Ә) Жалпы педагогика 
Б) Жас ерекшелік педагогикасы 
В) Еңбек педагогикасы 
      Г) Арнайы педагогика. 
ІІ нұсқа 
  І. Педагогика қандай сөзден шыққан?  
А) Пайдагогос (грекше «пайдос» -  бала - ер бала және «аго»- жетектеу)  
Ә) Андрогогика (грекше «андрос»- ер адам және «аго»- жетектеу) 
Б) Антропогогика (грекше «антропос»- адам) 
 В) Антропология (грекше «антропос»- адам және «логос»- ғылым) 
      Г) Педология (грекше «пайдос»-  бала, «логос»- ғылым). 
  ІІ. Педагогиканың зерттеу пәні не? 
А) Оқыту 
Ә) Білім беру 
Б) Тәрбиелеу 
В) Оқу процесі 
      Г) Тәрбие іс-әрекеті. 
ІІІ. «Ұлы дидактика» (1657 ж.) еңбегінің авторы кім? 
А) Я.А.Коменский 
Ә) Дж. Локк 
Б) Ж.Ж.Руссо 
В) И.Г.Пестолацци 
Г) И.Ф.Гербарт 
ІV. Оқыту дегеніміз не? 
А)  Оқыту  -  мұғалімнің  оқушыларға  оларды  өмірге  дайындау  мақсатымен 
білім беруі 

 
53 
Ә)  Оқыту  -  білім,  білік,  дағдыны  меңгерту  мақсатымен  оқушылардың 
өзіндік оқу жұмысын ұйымдастыру 
Б) Оқыту - оқушыларда білім, білік, дағдыны қалыптастыруға бағытталған 
мұғалім іс-әрекеті  
В)  Оқыту  -    білім,  білік,  дағдыны  меңгертуге  және  танымдық  қасиеттерді 
дамытуға бағытталған оқытушы мен оқушы іс-әрекетінің екі жақты сипаты 
Г) Оқыту -  оқытушы мен оқушының өзара қарым-қатынасы. 
V. Жоғары мектеп педагогикасы қай салаға жатады? 
А) Педагогика тарихы 
Ә) Жалпы педагогика 
Б) Жас ерекшелік педагогикасы 
В) Еңбек педагогикасы 
      Г) Арнайы педагогика. 
  ІІІ нұсқа 
  І. Педагогика ғылымының алдына қойған міндеттері қандай? 
А) Жас ұрпақты тәрбиелеу, оқыту 
Ә) Тәрбие заңдарын таныту, педагогикалық теориялармен қаруландыру 
Б) Тәрбиені адамды рухани дамыту факторы ретінде оқып- үйрену 
В)  Қазіргі  кездегі  білім  беру  мен  адамдарды  оқыту  проблемаларын  оқып- 
үйрену 
      Г)  Адам табиғатын зерттеу. 
ІІ. «Тәрбие жөніндегі ойлар» (1693 ж.) еңбегінің авторы кім? 
А) Я.А.Коменский 
Ә) Дж. Локк 
Б) Ж.Ж.Руссо 
В) И.Г.Пестолацци 
Г) И.Ф.Гербарт 
ІІІ. Кең әлеуметтік мағынада «тәрбие» деген не? 
А) Тәрбие - ересек адамдардың балаға ықпалы 
Ә)  Тәрбие  -  баланың  өздігінен  табиғи  және  еркін  даму  үшін  жасалатын 
жағдай 
Б) Тәрбие - жеке адамды қалыптастыруға бағытталатын процесс 
В) Тәрбие- қоғамдық құбылыс 
      Г)  Тәрбие-  аға  ұрпақ  өкілдерінің  кейінгі  ұрпаққа  жинақталған 
тәжірибені жеткізу процесі.             
ІV. Педагогиканың әдіснамалық негізі не? 

 
54 
А) Қарапайым білім беру теориясы 
Ә) Мемлекеттің білім беру саласындағы тұжырымдамасы 
Б) Жоғары жүйке қызметі туралы теория 
В) Философиялық теориялар 
Г) Тұтас педагогикалық процесс тұжырымдамасы. 
V. Сурдопедагогика қай салаға жатады? 
А) Педагогика тарихы 
Ә) Жалпы педагогика 
Б) Жас ерекшелік педагогикасы 
В) Еңбек педагогикасы 
      Г) Арнайы педагогика. 
  ІV нұсқа 
І. Тар әлеуметтік мағынада «тәрбие» деген не? 
А)  Тәрбие  -  нақты  тәрбиелік  міндеттерді  шешуге  бағытталған  тәрбие 
процесі мен оның нәтижесі 
Ә) Тәрбие - ересек адамдардың балаға ықпал жасауы 
Б) Тәрбие - қоғамдық құбылыс 
В)  Тәрбие  -  баланың  өздігінен  табиғи  және  еркін  дамуы  үшін  жасалатын 
жағдай 
 Г) Тәрбие- жеке адамды қалыптастыруға бағытталған процесс. 
ІІ. «Педагогикалық антропология» (1867 ж.) еңбегінің авторы кім? 
А) Л.Н.Толстой 
Ә) Н.И.Пирогов 
Б) К.Д.Ушинский 
В) П.П.Блонский 
      Г) С.Т.Шацкий 
ІІІ. Білім беру дегеніміз не? 
А) Білім беру - жүйелі білім, білік, дағды мен ойлау тәсілдерінің көлемі 
Ә) Білім беру - жинақталған біліктер мен дағдылар 
Б) Оқушылардың материалистік көзқарасын қалыптастыру 
В) Мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу 
       Г) Адамды өмірге дайындау. 
ІV. «Тәрбие теориясы» педагогиканың қай саласына жатады? 
А) Педагогика тарихы 
Ә) Жалпы педагогика 
Б) Жас ерекшелік педагогикасы 

 
55 
В) Еңбек педагогикасы 
      Г) Арнайы педагогика. 
V. Педагогикамен байланысты «жан туралы ілім» 
А) Философия 
Ә) Психология 
Б) Құқықтану 
В) Әлеуметтану 
      Г)  Кибернетика 
 
Дұрыс  жауаптар  коды 
                         І нұсқа 
Сұрақт
ар 





Жауапт
ар  
а, 
г 
а 
   
б 
г 
в 
                        ІІ нұсқа 
Сұрақта
р 





Жауапт
ар 
А 
г 
а 
в 
б 
                  ІІІ нұсқа 
Сұрақта
р 





Жауапт
ар  
ә 
ә 
г 
      
в 
г 
                    ІV нұсқа 
Сұрақта
р 





Жауапт
ар  
А 
б 
а 
ә 
ә 
  
2-тапсырма.  Педагогика  ғылымының  пайда  болуы  мен  дамуы  кезеңдері 
бойынша студенттерге кестені толтыру ұсынылады.  
Аты-жөндері 
Туған 
жылдары 
Негізгі еңбектері 
 
1592-
«Ұлы дидактика» 

 
56 
1670 ж.ж. 
Джон Локк 
1632-
1704 ж.ж. 
 
Ж.Ж.Руссо 
 
«Эмиль, 
немесе 
Тәрбие туралы» 
 
1746-
1827 ж.ж. 
«Гертруда 
балаларын 
қалай 
оқытады» 
 
1776-
1841 ж.ж. 
«Тәрбие 
мақсаттарының 
негізіндегі 
жалпы 
педагогика» 
А.Дистервег 
 
«Неміс 
мұғалімдерінің 
білімін 
жетілдіруге 
басшылық» 
 
1824-
1871 ж.ж. 
«Балалар әлемі» 
Ы.Алтынсарин 
1841-
1889 ж.ж. 
 
 
1889-
1931ж.ж. 
«Тәрбиеге 
жетекші» 
А.Байтұрсынов 
1873-
1937 ж.ж. 
 
 
1893-
1938 ж.ж. 
«Педагогика» 
Н.К.Крупская 
1869-
1939 ж.ж. 
 
 
1888-
1939 ж.ж. 
«Ұстаздық 
дастан» 
В.А.Сухомлинск
ий 
 
«Балаға 
жүрек 
жылуы» 
 
3-тапсырма.«Терминдер сыры» парасат ойыны. 
 Ойын шарты бойынша студенттер бірнеше топқа бөлінеді. Әрбір топ қағаз  
бетіне  жазылған  бірнеше  сөздерді-ұғымдарды  алады.  Әрбір  топ  осы 

 
57 
ұғымдардың    бірнеше  анықтамасын  өзара  келісіп,  ұсынуы  керек.  Содан  кейін 
әрбір  топ  өз  жұмыстарының  нәтижесін  талқыға  салады.  Ойын  педагогтың 
практикалық  іс-әрекетіне  қажетті  терминдер  мен  ұғымдар  туралы  түсінік 
қалыптастыруды көздейді. 
Ойынға қатынасушыларға таратылатын терминдер: 
Тәрбие, оқыту, білім беру, білім, білік, дағды, жеке тұлғаны қалыптастыру, 
жеке тұлғаны дамыту. 
4-тапсырма.  Педагогикалық  ғылымда  жүйесі  бойынша  «Педагогиканың 
салалары» атты сөзжұмбақ құрастыру ұсынылады. 
5-тапсырма.  Педагогиканың  басқа  ғылымдармен  байланысын  блок-схема 
түрінде көрсету ұсынылады.  
    
Тақырып бойынша сөздіктер 
 
«Педагогика»-  гректің  пайдагогос:  «пайдос»  -  бала,  «аго»  -жетектеу  деген 
мағынаны білдіреді. 
Педагогика -  тәрбие туралы ғылым. 
Педагогика-өскелең ұрпақ тәрбиесі туралы ғылым. 
Педагогика –адамды тәрбиелеу туралы ғылым. 
Педагогика  ғылымының  зерттейтін  объктісі-адам,  ал  кейбір  әдебиеттерде 
тәрбие  мен  білім  беруді  объектіге  жатқызады  да,  осы  іс-әрекеттерге  пайда 
болатын қатынастар жүйесін оның пәні ретінде анықтайды.  
Педагогика пәнін оқу-тәрбие мекемелерінде жүзеге асырылатын тәрбие іс-
әрекеті ретінде анықтаймыз.  
Педагогика  өзінің  күшін  қоғамда  туындайтын  тәрбие,  білім  беру,  оқыту 
проблемаларын  шұғыл  шешуге  бағыттайтын  қолданбалы  ғылым  ретінде 
қарастырылады. 
Педагогикалық  ұғымдар  арқылы  педагогикалық  құбылыстарды,  олардың 
өзара  байланысын  танып-білуге  болады.  Негізгі  педагогикалық  ұғымдар 
тәрбие, білім беру, оқыту болып табылады. 
Тәрбие – ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы. 
Тәрбие-баланың өздігінен табиғи және еркін дамуы үшін жасалатын жағдай. 
Тәрбие-жеке  тұлғаны  қалыптастыруға  мақсатты  түрде    бағытталған  және 
ұйымдастырылған процесс. 
Тәрбие-аға ұрпақ өкілдерінен жас ұрпаққа жинақталған тәжірибені жеткізу.  

 
58 
Тәрбие- балабақшалардың, мектептердің, жоғары оқу орындарының адамға, 
оның бойында белгілі бір білім, көзқарас пен сенім, адамгершілік құндылықтар, 
саяси  бағдар,  өмір  сүруге  дайындықты  қалыптастыру  мақсатымен  ықпал 
жасауын айтады.   
Тәрбие- оқу-тәрбие мекемелеріндегі барлық оқу-тәрбие процесін қамтитын, 
арнайы  ұйымдастырылып,  белгілі  бір  мақсатқа  бағытталған  тәрбиешілердің, 
ұжымның ықпал етуінің әсерімен жеке тұлғаны қалыптастыру.  
Тәрбие-нақты  тәрбиелік  міндеттерді  шешуге  бағытталған  тәрбие  процесі  
мен оның нәтижесі. 
Оқыту- білім берудің жолы. 
Оқыту- мұғалім мен оқушылардың біріккен іс-әрекеттері. 
Оқыту  барысында  мұғалім  оқушыларға  білім,  білік  және  дағды 
қалыптастырады, ал оқушылар оларды игеріп, өмірде қолданады. 
Оқыту - адамның танымдық белсенділігін  ояту және қанағаттандыру. 
Оқыту-  адамның жан-жақты дамуына әсер ету. 
Білім беру - оқыту нәтижесі 
Білім беру - табиғат пен қоғам жайында  ғылымда жинақталған білім, білік, 
дағды  жүйесін  жеке  тұлғаның  меңгеруі  және  оны  өмірде  тиімді  етіп  қолдана 
білуі. 
Білім  беру  -адам,  мемлекет  және  қоғам  мүддесіне  сай  белгілі  бір  білім 
жүйесін меңгеру процесі мен нәтижесі. 
Білім  беру    оқу  мекемелеріндегі  оқыту  барысында  педагогтардың 
басшылығымен жүзеге асырылады. 
 
 
Тақырыбы: Тәрбиенің жалпы әдістері және олардың өзара байланысы 
Мақсаты:  «тәрбие  әдістері»,  «тәрбие  тәсілдері»,  «тәрбие  құралдары» 
ұғымдарын  меңгерту;  тәрбие  әдістерінің  жіктемесімен  таныстыру  және  әрбір 
жеке  әдістің  сипаттамасын  ашып  көрсету;  олардың  арасындағы  өзара 
байланыстың сипатын анықтау; тәрбие әдістерін педагогикалық-психологиялық 
негізде таңдау өлшемдерін және оларды мектеп тәжірибесінде жүзеге асырудың 
озат  үлгілерін  көрсету;  тәрбие  әдістерін  жетілдірудің  кейбір  жолдарын  бөліп 
көрсету. 
   
Тақырыптың негізгі мәселелері: 
 

 
59 
1.
 
Тәрбие әдістері туралы ұғым. 
2.
 
Тәрбие әдістерін топтастыру. 
3.
 
Тәрбие әдістеріне сипаттама. 
4.
 
Тәрбие әдістерін дұрыс таңдау және оларды тиімді пайдалану.  
 
Ұсынылатын әдебиеттер 
 
1.
 
Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім – тәрбиесі. – Алматы: Санат, 1995. – 
350 б. 
2.
 
Жұмабаев М. Педагогика.-Алматы:Ана тілі, 1992.-160 б. 
3.
 
Қоянбаев Ж.Б. Педагогика.-Алматы:Рауан, 1992.- 240 б. 
4.
 
Қоянбаев  Ж.Б.,  Қоянбаев  Р.М.  Педагогика.-Астана:  Л.Н.Гумилев 
атындағы Еуразия университетінің баспасы, 1998.- 378 б. 
5.
 
Лихачев Б.Т. Педагогика.-М.: Юрайт, 1999.- 464 с. 
6.
 
Новые  технологии  воспитательного  процесса  /  Н.Е.  Щуркова, 
В.Ю.Питюков, А.П.Савченко, Е.А.Осипова.-М. :МП «Новая школа», 1994.-112 
с.  
7.
 
Педагогика / Под ред. П.И.Пидкасистого.-М., 1998. 
8.
 
Подласый  И.П.  Педагогика:  М:  Гуманит.  изд.  центр  ВЛАДОС  ,  2000.-
Кн.2: Процесс воспитания.- 256 с. 
9.
 
Роштопшин  П.  Психология  и  педагогика.  -  М.:  Издательство  «Приор», 
2000. - 68 с. 
10.
 
Сейталиев К.Б. Тәрбие теориясы.-Алматы:Мектеп, 1986.-150 б. 
11.
 
Сластенин  В.А.  и  др.  Педагогика.-  М.:  «Школа-Пресс»,  1998.- 
С.211-225. 
12.
 
Табылдиев  Ә.  Халық  тағылымы:  Қазақтың  халық  педагогикасы 
және тәрбие. – Алматы: Қазақ университетi, 1992. 
13.
 
Харламов И.Ф. Педагогика. – М.: Высшая школа, 1990.- 576 с. 
14.
 
Щуркова  Н.Е.  Программа  воспитания  школьников.  –  М.: 
Пед.общество России, 1998. – 48 с. 
15.
 
Щуркова Н.Е. Воспитание: новый взгляд с позиции культуры. – М.: 
ОЦ Педагогический поиск, 1998. – 78 с. 
 
Студенттердің тақырып бойынша орындайтын дербес жұмыстары 
және олардың өзін-өзі тексеруге арналған  бақылау сұрақтары 
 

 
60 
      1.  Педагогика  оқулығынан  және  оқу  құралдарынан  тәрбие  әдістерінің 
анықтамаларын  көшіріп  алыңыз.  Тәрбие  әдістерін  талдау  кезінде  төмендегі 
белгілерге назар аударыңыз: 
-
 
әдіс - оқушыларды тәрбиелеу мақсаты мен мазмұнын іске асыру тәсілі; 
-
 
әдіс - тәрбиенің мақсаты мен нәтижесінің өзара байланыстыру тәсілі; 
-
 
әдіс  -  педагог  пен  оқушылар  ұжымдарының  әсер  ету  және  өзара 
әрекеттесу тәсілі.  
2. «Тәрбие әдістері», «тәрбие тәсілдері», «тәрбие құралдары» ұғымдарының 
ара жігін ашып көрсетіңіз. 
3. Тәрбие әдістерінің даму тарихын оқып-үйреніп, оларды жіктеудегі түрлі 
көзқарастарды талдаңыз. 
4. Тәрбие әдістерін топтастырудың шарттары қандай? 
5.  Жекеленген  тәрбие  әдістері  мен  тәсілдеріне  сипаттама  беріңіз,  нақты 
әдісті  немес  тәсілді  таңдап  алудың  шарттарын  анықтаңыз.  6.  Мына 
тақырыптарға  және  өзініңіздің  қалауыңыз  бойынша  басқа  тақырыптарға 
(проблема бойынша)  реферат жазыңыз.            
Реферат тақырыптары 
1.
 
Ғылыми  педагогика  мен  халық  педагогикасындағы  тәрбие 
әдістерінің  өзара  сабақтастығы,  оларды  қазақ  мектептерінде  қолданудың 
жолдары. 
2.
 
Мектеп  оқушыларының  әлеуметтік  белсенділігін  тәрбиелеудің 
тиімді әдістері. 
3.
 
Тәрбие әдістерін таңдап алу жолдары. 
7. Мүмкіндігіне қарай мектепке барып, сынып жетекшілерінің сабақтан тыс 
уақытта  өткізетін  тәрбиелік  іс-шараларына  қатынасып,  онда  қандай  тәрбие 
әдістері қолданылғанын бақылаңыз. 
 
Практикалық тапсырмалар 
 1-тапсырма.  Тәрбие  әдістерінің  топтастырылуына  байланысты  төмендегі 
сөйлемдердің  бос  жеріне  қажетті  сөзді  қойыңыз  (үйрету,  мадақтау,  қоғамдық 
пікір, диспут, жазалау): 
1.
 
..................  -  бұл  ұжымдық  зерттеу  әдісі  мен  тәрбие  әдісінің 
аралығындағы  негізгі  талаптың  бейнеленуі,  ал  талап  –  нақты  міндет,  оны  іс-
әрекет процесінде орындау қажет. 
2.
 
Баланың  орындағыштық,  сыпайылық,  мұқияттылық,  табандылық 
сияқты қасиеттерін қалыптастыруда .................... әдісін қолданамыз.  

 
61 
3.
 
Балаға  қоғамдық  талап  қою,  оның  мінез-құлқындағы  байқалатын 
теріс қылықтарды ............... арқылы тежеуге болады.  
4.
 
................ - бұл баланың жағымды мінез-құлқын ынталандыру. 
5.
 
Жоғары  сынып  оқушыларының  пайымдауын  (пікір  айтуын),  баға 
беруін, сенімін қалыптастыру әдісі ............... деп аталады. 
Жауаптары:1) қоғамдық пікір; 2) үйрету; 3) жазалау;  
4) мадақтау; 5) диспут. 
2- тапсырма. Педагогикалық есепті шешу ұсынылады: 
     Жексенбі күні Айдар әкесімен бірге орманға саңырауқұлақ теруге барды. 
Күні бойы орман кезіп, шаршаған, ашыққан олар трамвайдың ішінде бір-біріне 
қарама-қарсы отырған еді. Кезекті аялдамадан трамвай қозғалған кезде, Айдар 
отырған  орындықтың  тұсына  бір  әйел  келіп  тұрды.  Үстіне  әдемі  мерекелік 
көйлек  киіпті.  Айдар  орын  беру  керектігін  түсінді,  тіпті  орнынан  тұрғысы 
келгендігін қимылмен байқатты да, бірақ әйелдің өзіне көңіл бөлмегенін көріп, 
терезеге бұрылып отыра берді. Әкесі  орнынан тұрды.  
- Отырыңыз! - деген әкесінің даусын Айдар естіді. Оның құлағының ұшына 
дейін қызарып, орнынан ұшып тұрып: 
-    Отыр!  Мен  түрегеп  тұрам,  -  деді.  Әкесі  Айдардың  ісінің  солай  болу 
керектігін ұғып, орнына отыра бере, сыбырлай сөйлеп: 
- Байқампаз болу керек, балам! - деді. 
Талдауға арналған сұрақтар
1. Айдар нені сезінді, ол оның мінез-құлқына қалай әсер етті? 
2. Айдардың әкесі қандай педагогикалық әдісті пайдаланды? 
 
3-тапсырма.  «Тәрбие  әдісі»  тақырыбына  байланысты  педагогикалық  тест 
құрастыру тапсырылады.  
 
 
Тақырып бойынша сөздіктер 
 
Әдіс  (Метод;  грек.  methodos-  теория,  ілім,  зерттеу  жолы)  –  көздеген 
мақсатқа жетудің бірыңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. 
Тәрбие әдісі - қойылған мақсатқа жету жолы. 
Тәрбие  әдісі  –  ересектер  мен  балалардың  арасындағы  қоғамдық  қарым-
қатынастардан  туындаған  тәрбиелік  әрекеттестік  тәсілдерінің  жиынтығы.  Ол 
балалардың 
тіршілік, 
әрекет, 
қарым-қатынастарын 
ұйымдастырып, 

 
62 
белсенділігін  арттырып,  тәртіпке  келтіруді  көздейді.  Тәрбие  әдістерінде 
тәрбиешінің тұлғалық ерекшелігі, кәсіптік құзыр деңгейі айқындалады. Тәрбие 
әдістеріне  бақылау,  өзін-өзі  бақылау,  өзін-өзі  тәрбиелеу,  әрекеттерді 
ұйымдастыру және т.б. жатады. 
Тәрбие  әдісі  -  тәрбиелік  өзара  әрекетті  жүзеге  асырудың  неғұрлым  жалпы 
тәсілдерінің, тәрбиелік міндеттерді шешу тәсілдерінің жиынтығы. 
Тәрбие  әдістерін  таңдап  алу  тәрбиенің  мақсатына;  іс-әрекеттің  жетекші 
түріне; тәрбиенің мазмұны мен заңдылықтарына; нақты міндеттер мен оларды 
шешу  шарттарына;  тәрбиеленушілердің  жас,  дербес  және  жыныстық 
ерекшеліктеріне;  тәрбиеші  мен  тәрбиеленушілердің  арасындағы  өзара  қарым-
қатынасқа байланысты. 
Тәсіл  -  әдістің  құрамды  бөлігі,  жеке  әрекет.  Тәсіл  деп  бір  ғана  ықпалды 
айтса, әдіс - тәсілдер жиынтығы. 
Тәсіл – белгілі бір жағдайларда педагогикалық тұрғыдан ықпал ету жолы. 
Тәрбие құралдары – тәрбие процесін ұйымдастыруды және жүзеге асыруды 
көздейтін,  оқушыларды  дамыту  қызметін  атқаратын  материалдық  объектілер 
мен рухани мәдениет заттары.  
Тәрбие  құралдары  -  тәрбиеленушілер  атқаратын  әртүрлі  іс-әрекет  түрлері: 
еңбек, ойын, оқу, қарым-қатынас, таным.  
Тәрбие  құралдары  әдістер,  тәсілдермен  өзара  бірлікте  қолданылады.  Оған 
материалдық және идеалдық болмыс элементтері жатады. Құрал ретінде ұжым, 
іс-әрекеттің  түрлері,  сонымен  бірге  материалдық  және  рухани  мәдениеттің 
(кітаптар, кинофильмдер, музыкалық шығармалар, т.с.с.) заттары  әрекет етеді. 
Әрбір  құрал  белгілі  бір  тәрбие  міндеттерін  шешу  үшін  қолданылуы  қажет. 
Педагог  қолданатын  тәрбие  құралдары  неғұрлым  көп  болса,  соғұрлым  оның 
кәсіптік қызметі тиімді болады.  
 
 
 
Тақырыбы: Жеке тұлға, оның қалыптасуы, дамуы және  тәрбиесі
Мақсаты:  жеке  тұлғаның  даму  процесі,  оның  заңдылықтары  және 
қозғаушы  күштері,  әлеуметтік  мәні  жөніндегі  әртүрлі  теориялық  ағымдарды 
түсіндіру,  тұлғаның  дамуына  және  қалыптасуына  ықпал  ететін  факторларды 
айқындау. 
 
                                      Жоспар 

 
63 
 
1.
 
Адам, жеке адам, тұлға ұғымдарына түсінік. 
2.
 
Жеке адамның даму факторлары. Даму мен тәрбиенің өзара байланысы. 
Жеке адамның қалыптасуында тәрбиенің жетекші ролі. 
3.
 
Тұлғаға әсер ететін негізгі факторлар. 
4.
 
Тұлға дамуы  мен қалыптасуындағы негізгі қозғаушы күш пен қарама-
қайшылықтар. 
5.
 
Жеке тұлғаның дамуында іс-әрекеттің, қарым-қатынастың  ролі. 
6.
 
Бала дамуының жас кезеңдері және оларға сипаттама. 
 
                       Ұсынылатын әдебиеттер 
 
1.
 
Алдамұратов Ә., т.б. Жалпы психология.-Алматы: Білім, 1996.- 224 б. 
2.
 
Ковалев  А.Г.  Личность  воспитывает  себя.  –  М.:  Политиздат,  1983.  – 
256 с. 
3.
 
Кайкаус. Қабуснама. – Алматы: Балауса, 1992.- 160 б. 
4.
 
Кузнецова Л.В. Азаматтық неден басталады.- Алматы: Мектеп, 1988.-
200 б. 
5.
 
Қоянбаев Ж.Б. Педагогика.-Алматы: Рауан, 1992. - 240 б. 
6.
 
Қоянбаев  Ж.Б.,  Қоянбаев  Р.М.  Педагогика.-Астана:  Л.Н.Гумилев 
атындағы Еуразия университетінің баспасы, 1998.- 378 б. 
7.
 
Құнанбаев А. Екі томдық шығармалар жинағы // Екінші том.- Алматы: 
Жазушы, 1986.-210 б. 
8.
 
Лихачев Б.Т. Педагогика.-М.: Юрайт, 1999.- 464 с. 
9.
 
Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность.- М., 1975. 
10.
 
Оразбекова К. Иман және инабат.- Алматы. «Ана тілі», 1993.- 152 бет. 
11.
 
Платонов  К.К.  Структура  и  развитие  личности.  –  М.:  Наука,  1972.  – 
216 с. 
12.
 
Теория  и  практика  воспитания  :  Учебное  пособие  /  Под  ред. 
Л.А.Байковой, Л.К. Гребенкиной, О.В. Еремкиной.-Рязань, 1997.-175 с. 
13.
 
Харламов И.Ф. Педагогика. – М.: Высшая школа, 1990.- 576 с. 
14.
 
Штейнер Р. Воспитание ребенка с точки зрения духовной науки / Пер. 
С нем.- М.: «Парсифаль», 1993.-40 с. 
15.
 
Щуркова  Н.Е.  Программа  воспитания  школьников.  –  М.: 
Пед.общество России, 1998. – 48 с. 
Әдістемелік нұсқаулар 

 
64 
Қоғамды өркендетудің міндеттерін ойдағыдай шешудің шарттарының бірі – 
жастарды  заманға  сай  тәрбиелеу.  Сондықтан  адамның  дамуы  мен 
қалыптасуындағы тәрбиенің шешуші ролін ашып көрсету тиімді болады.  
Адам,  жеке  адам,  тұлға  ұғымдарына  түсінік  беріледі.  Баланың  дамуына, 
қалыптасуына ықпал ететін негізгі факторлар (тұқым қуалаушылық, әлеуметтік 
орта, тәрбие) туралы мағлұмат беру өте маңызды. Жеке адамның дамуы үнемі 
жетіліп  отыратын  заңды  процесс  болғандықтан,  оның  әрбір  саласы  белгілі 
жағдайларға,  іс-әрекетке,  айнала  қоршаған  өмірге,  адамдармен  қарым-
қатынасқа тікелей байланысты  болатыны мазмұндалады. 
 
 
Студенттердің тақырып бойынша орындайтын өзіндік жұмыстары 
және оларға арналған бақылау сұрақтары 
 
1. Реферат дайындау: 
а) Тұлғаның қалыптасуында тәрбиенің шешуші ролі. 
ә) Тұлғаның қалыптасуында іс-әрекет пен қарым-қатынастың шешуші ролі. 
б)  Тұтас  педагогикалық  процесс  үрдісінде  балалардың  жас  және  дербес 
ерекшеліктерін есепке алу. 
в) Жедел даму (акселерация) және адамның әлеуметтік есеюі. 
2. Тұлғаны әлеуметтендіру жолдары қандай? 
3. Баланың дамуына әсер ететін негізгі факторлар қандай? 
4. Адамның тек өзіне ғана туа берілетін қандай нышандарды білесіз? 
5.  Әлеуметтендіру  факторларының  жіктелуі  -  макрофактор,  мезофактор, 
микрофакторларға сипаттама беріңіздер. 
 
Студенттердің дербес жұмыстарына арналған бақылау сұрақтары 
1. Адамның дамуы өте күрделі процесс екенін дәлелдеңіз. 
2. Тұқым қуалаушылықты зерттейтін пәннің тақырыппен байланыстылығы. 
3.  Жеке  адамның  дамуында  әлеуметтік  және  биологиялық  өзара 
байланысты түсіндіріңіз. 
4. Баланың дамуына қандай жағдайлар кері ықпал жасайды деп есептейсіз? 
Оны болдырмаудың шараларын бөліп көрсетіңіз. 
 
Практикалық тапсырмалар 
 

 
65 
1-тапсырма.  Тақырыпты  өмірмен  байланыстыру  мақсатында    мерзімді 
басылымдардан  балаға  әсер  ететін  факторларға  байланысты  материалдарды 
талдау. 
2-тапсырма.  Балаға  ата-анасынан  қандай  белгілер  беріледі?    Дұрыс 
жауабын беріңіз. 
 
Жауаптар нұсқалары 
1Ойлау тәсілдері, ақыл-ой іс-әрекеттерінің ерекшеліктері 
2.
 
Мінездері 
3.
 
Нерв жүйесінің типтері, темперамент 
4.
 
Әртүрлі іс-әрекет түрлеріне бейімділіктері 
5.
 
Адамға ғана тән туа берілетін нышандар 
6.
 
Терілерінің, шаштарының, көздерінің түр-түсі, қанның тобы, резус-
фактор 
7.
 
Әлеуметтік тәжірибе 
8.
 
Адамгершілік сапа 
9.
 
Ойлау, есту, сөйлеу ерекшеліктері. 
Дұрыс жауаптары:  3,5,6  
3-тапсырма. Педагогикалық  жағдаят, есептерді шешу және жаттығуларды 
орындау ұсынылады. Мысалы: 
Әңгіме анасы мен баласының арасында өрбиді. 
-  Сен неге бүгін күні бойы мектептен шықпай қойдың? 
-  Тек мені ғана емес, бәрімізді де қамап қойды. 
-  Кім сендерді қамады? Тағы бірдеңені бүлдіргенсің ғой? 
-  Жоқ,  ештеңе  де  бүлдірген  жоқпын.  Бізді  сынып  жетекші  жібермей, 
бәрімізді хормен өлең айтуға дайындыққа апарды. 
- Қашаннан бері сен әншілікке жазылып едің? 
-   Мен жазылған жоқпын, мені қуып апарды. 
-  Не дейсің, қуып апарғаны қалай? 
- Туу апа, қалай түсінбейсіз? Оқу ісінің меңгерушісі сыртқы есіктің алдында 
тұрды  да,  сынып  жетекші  киім  ілгіш  жанында  тұрды.  Бізді  сабақ  біткен  соң 
қатарға тұрғызды да, залға алып келіп, өлең айтқызды. 
-  Ал енді мұның несі жаман? 
- Мені зорлап ән айтуға мәжбүр етті, ал мен өлең айтқанды жек көремін. 
Талдауға арналған сұрақтар 

 
66 
 1. Осы диалогта баланың қандай психологиялық ерекшелігі көрінеді? Осы 
ерекшелікті баланың анасы мен мектеп педагогтары қалай ескеріп отыр? 
2. Сіздің пікіріңіз қандай? 
4-тапсырма. Кестеде тақырыпта кездесетін сөздер  берілген.  Белгілі уақыт 
аралығында оларды тез табуға машықтаныңыз. 
ж 
Е 
л 
М 
У 
қ 
а 
л 
Ы 
Т 
е 
Д 
д 
А 
У 
с 
а 
т 
П 
Ұ 
а 
Д 
а 
М 
І 
с 
ә 
р 
Е 
л 
д 
Е 
р 
ә 
Л 
е 
у 
қ 
К 
ғ 
о 
Й 
б 
П 
О 
р 
м 
а 
Е 
а 
и 
Е 
е 
Е 
А 
т 
е 
б 
Т 
н 
Б 
Б 
с 
Д 
К 
і 
т 
і 
Т 
е 
р 
А 
н 
А 
Т 
и 
п 
л 
А 
р 
ә 
Л 
ы 
Г 
О 
г 
и 
е 
Н 
в 
т 
А 
ш 
А 
Н 
а 
к 
т 
Ы 
м 
 
Кездесетін  сөздер:  адам,  педагогика,  тұлға,  тәрбие,  әлеуметтік  орта, 
қалыптасу, іс-әрекет, нерв, нышан, бала, таным, қабілет, ой жедел даму.                                                                
                                      
Тақырып бойынша сөздіктер 
 
Тұлға-  адамдар  арасындағы  өзінің  ұстаным-орнын  еркін  және 
жауапкершілікпен  анықтайтынқоғамның  өкілі  ретіндегі  адам.  Қоршаған 
ортаман,  қоғамдық және адамдық қарым-қатынастар жүйесімен, мәдениеттпен 
өзара  әрекет  ету  барысында  қалыптасады.  Адам  тұлға  болып  тумайды, 
әлеуметтену процесінде тұлға болып қалыптасады.                                                               
          Қалыптасу  -  адамның  жеке  тұлға  болуы,  оның  ересектікке  қол 
жеткізуі.                                                                                            
Жеке  тұлғаны  қалыптастыру  -  күрделі,  қарама-қайшылықты  процесс. 
Оған  организмнің  өсуі  мен  жетілуі  процестері,  әртүрлі  ықпалдар,  мақсатқа 
бағытталып, ұйымдастырылған тәрбие кіреді. 
Даму - табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән қасиет. Даму деп бір 
күйден,  екінші  сапалы,  неғұрлым  жетілген  күйге  ауысу  тән  өзгерісті  түсінуге 
болады,  яғни  даму  алға  қарай  жүруді  білдіреді,  ол  құлдырауға,  артқа 
шегінушілікке, жойылуға қарама-қайшы. 

 
67 
Жеке тұлғаның  дамуы дегеніміз - оның жүйке жүйесіндегі функционалдық 
мүмкіншіліктерінің,  психикалық  процестерінің,  адамгершілік  қасиеттерінің, 
білімінің,  көзқарастарының,  оқу  қабілетінің,  адамзат  жасаған  материалдық 
және  рухани  байлықты  игеруінің  және  сол  байлықты  келешекте  жасауының 
күрделі процесі. 
Адамның  дамуына  ықпал  ететін  факторларға  тұқым  қуалаушылық, 
әлеуметтік орта, тәрбие жатады. 
        Тұқым  қуалаушылық  -  ата-анасынан  ұрпақтарына  қандай  да  бір 
белгілердің,  ерекшеліктердің  берілуі.  Тұқым  қуалаушылықты  тарататындар–
гендер  (грек  тілінен  аударғанда-  «туа  біткен»),  сондықтан  оны  зерттейтін 
ғылым генетика деп аталады. 
Адамның  дамуы  күрделі  процесс,  оған  табиғи  және  әлеуметтік  орта 
ықпал жасайды.  
Табиғи орта - бұл түрлі табиғат жағайларының адам тұрмысына, қызметіне 
ықпал жасауы. 
Әлеуметтік  орта  -  жеке  тұлғаның  дамуына  ықпал  жасайтын  қоғамдағы 
әлеуметтік қатынас, адамдар, олардың іс-әрекеттері. Сонымен бірге әлеуметтік 
орта  ұғымына  қоғамдық  құрылым,  өндірістік  қатынастар  жүйесі,  өмірдің 
материалдық жағдайы, өндірістік және әлеуметтік процестердің жылжу сипаты, 
т.б. енеді (алыс орта).   
Тәрбие  - қоғамға саналы азаматты - жеке тұлғаны бере алатын басты күш. 
Тәрбиелік  әсердің  тиімділігі  оның  белгілі  бір  мақсатқа  бағытталуына,  жүйелі 
түрде жүргізілуіне және дұрыс басшылық жасалуына байланысты. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет