Қазіргі таңда елімізде болып жатқан өзгерістерге байланысты әлеуметтік


§5. Жеке тұлға, оның қалыптасуы мен дамуы туралы түсінік



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет3/6
Дата03.05.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6
§5. Жеке тұлға, оның қалыптасуы мен дамуы туралы түсінік 
 
Біздің  елімізде  жеке  тұлғаны  жан-жақты  дамыту  жүзеге  асырылады.  Бұл 
міндет  өсіп  келе  жатқан  адамды  дамыту  проблемасын  әрбір  ғылым  терең 
зерттегенде ғана нәтижелі шешіледі. 
Бұл  мәселемен  психология  және  педагогика,  әлеуметтану,  т.б.  ғылымдар 
бұрыннан айналысып келеді. 
         Әрбір  адам  -  ересек  болсын,  жаңа  туған  сәби  болсын  индивид 
(индивид - латынның «бөлінбейтін» деген сөзінен шыққан, дербес өмір сүретін 
организм),  биологиялық  жеке  адам.  Жаңа  туған  бала  индивид  болып  қана 
С
 
 
Е 
 
Н 
 
І 
 
М 
 
 
 
 
 

 
32 
табылады.  Адамдармен  қарым-қатынаста  болып,  ұжымдық  еңбекке  қатыса 
отырып, адам қоғамдық, әлеуметтік жан, яғни жеке тұлға болады. 
           Басқа  ғылымдармен  тығыз  байланыста  бола  отырып,    педагогика 
жеке  тұлғаның  жас  және  дербес  дамуының  заңдылықтарын  зерттейді,  әрбір 
адамның  дамудың  ең  жоғарғы  деңгейіне  жету  шарттары  мен  жолдарын 
айқындайды.  
Жеке тұлғаның тұтастығын биологиялық белгілер мен оның қоғамдық жан  
ретіндегі  ерекшеліктері  құрайды.  Бұл  белгілер  бір-бірімен  тығыз  байланыста 
жеке  тұлғаға  күшті  әсер  етеді.  Сонымен  бірге  жеке  тұлға  әлеуметтік 
сипаттамасымен де (мотивтер, қызығушылықтар, мақсат) ерекшеленеді. 
Жеке тұлға болу үшін адам психикалық дамудың белгілі бір деңгейіне қол 
жеткізіп,  өзін басқа  адамдардан бөліп тұратын  біртұтас  жан  ретінде  қабылдай 
білуі керек. 
Адамның жеке тұлға болуы, оның ересектікке қол жеткізуі  қалыптасу деп 
аталады. 
Жеке тұлғаны қалыптастыру - күрделі, қарама-қайшылықты процесс. Оған 
организмнің  өсуі  мен  жетілуі  процестері,  әртүрлі  ықпалдар,  мақсатқа 
бағытталып, ұйымдастырылған тәрбие кіреді. 
Жеке  тұлғаны  қалыптастыру  бала  туғаннан  басталады,  балалық  шақ, 
жеткіншектік және жастық шақта күшейе түседі де, ересектік шақта белгілі бір 
деңгейге қол жеткізіледі. 
Даму - табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән қасиет. Даму деп бір 
күйден,  екінші  сапалы,  неғұрлым  жетілген  күйге  ауысу  тән  өзгерісті  түсінуге 
болады,  яғни  даму  алға  қарай  жүруді  білдіреді,  ол  құлдырауға,  артқа 
шегінушілікке, жойылуға қарама-қайшы. 
Жеке тұлғаның  дамуы дегеніміз - оның жүйке жүйесіндегі функционалдық 
мүмкіншіліктерінің,  психикалық  процестерінің,  адамгершілік  қасиеттерінің, 
білімінің,  көзқарастарының,  оқу  қабілетінің,  адамзат  жасаған  материалдық 
және  рухани  байлықты  игеруінің  және  сол  байлықты  келешекте  жасауының 
күрделі процесі. 
Адамның  дамуына  ықпал  ететін  факторларға  тұқым  қуалаушылық, 
әлеуметтік орта, тәрбие жатады. 
        Тұқым  қуалаушылық  -  ата-анасынан  ұрпақтарына  қандай  да  бір 
белгілердің,  ерекшеліктердің  берілуі
2
.  Тұқым  қуалаушылықты  тарататындар–
                                                 
2
 
Ќазаќ тілі терминдерініњ салалыќ ѓылыми т‰сіндірме сµздігі: Педагогика жєне психология/ Жалпы 
ред. басќ.- А.Ќ.Ќ±сайынов- Алматы: Мектеп, 2002.- 217 б.
 

 
33 
гендер  (грек  тілінен  аударғанда-  «туа  біткен»),  сондықтан  оны  зерттейтін 
ғылым генетика деп аталады. 
           Тұқым қуалаушылық қасиеттері: 
1)
 
сыртқы белгілері (денесі, шаштың түсі, т. б.) 
2)
 
жүйке жүйесінің ерекшеліктері, қан аурулары, ергежейлік, т.б. 
Адам дамуының заңдылықтарын педагогикалық тұрғыдан зерттеу үш басты 
проблеманы  -  интеллектуальдық,  арнайы  және  моральдық  сапалардың  тұқым 
қуалау арқылы берілуін қамтиды. 
Интеллектуальдық  сапалардың  тұқым  қуалау  арқылы  берілуі  мәселесін 
қарастырғанда, зерттеулердің нәтижесі оған нақты жауап береді: қабілет тұқым 
қуалау  арқылы  берілмейді,  тек  нышан  түрінде  болады.  Организмнің 
анатомиялық-физиологиялық  ерекшеліктерінің,  демек,  қабілеттің  дамуына 
қажетті табиғи мүмкіншілікті нышан дейміз. Нышан өздігінен дамымайды, оны 
қозғау және дамыту тәрбиеге, әлеуметтік жағдайларға байланысты. 
Арнайы  нышандарға:  музыкалық,  көркем,  математикалық,  шешендік, 
спорттық, т.б.  сапалар жатады. Арнайы нышандары бар балаларға жас кезінен 
бастап қолайлы жағдай жасалса, олар жоғары нәтижелерге бірден қол жеткізеді. 
Моральдық  сапалардың  тұқым  қуалау  арқылы  берілуі  бүгінгі  күнде 
пікірталас тудырып отыр. Адамдар  қайырымды немесе қайырымсыз, шыншыл 
немесе  өтірікші  болып  туады,  қатігездік,  жексұрындық  адамға  табиғаттан 
беріледі деген пікірлер бар (М.Монтессори, К.Лоренц, Э.Фромм, А.Мичермен- 
батыс  зерттеулері,  П.К.Анохин,  Н.М.Амосов-  орыс  зерттеулері).  Мұндай 
қорытындыға  адам  мен  жануарлардың  мінез-құлқын  зерттеу  негіз  болды. 
Әрине,  бұл  зерттеулердің  арасында  нақты  пікір  күні  бүгінге  дейін 
қалыптаспаған. 
Адам  әлеуметтік  процесте  ғана,  яғни  басқа  адамдармен  қарым-қатынас, 
өзара іс-әрекет барысында жеке тұлға болып қалыптасады. 
Адамның  дамуы  күрделі  процесс,  оған  табиғи  және  әлеуметтік  орта 
ықпал  жасайды.  Табиғи  орта  -  бұл  түрлі  табиғат  жағайларының  адам 
тұрмысына, қызметіне ықпал жасауы. 
Әлеуметтік  орта  -  жеке  тұлғаның  дамуына  ықпал  жасайтын  қоғамдағы 
әлеуметтік қатынас, адамдар, олардың іс-әрекеттері. Сонымен бірге әлеуметтік 
орта  ұғымына  қоғамдық  құрылым,  өндірістік  қатынастар  жүйесі,  өмірдің 
материалдық жағдайы, өндірістік және әлеуметтік процестердің жылжу сипаты, 
т.б. енеді (алыс орта).   
         Адамға жақын орта - оның жанұясы, туысқандары, достары. 

 
34 
         Адамның дамуында жанұя үлкен роль атқарады, әсіресе адамгершілік 
және  әлеуметтік  сапалар  балалық  кезде  қалыптасады.  Р.деген  қылмыскердің 
өмірінен мысал (әлеуметтік орта) келтірейік. 
         «Ол  жақсы  жанұяда  туды,  үшінші  бала  болды.  Әкесі  басында 
жұмысшы  болып,  кейіннен  ағаш  шебері  болып  істеді.  Шешесі  балалар 
тәрбиелеумен  қатар  қоғамдық  тамақтандыру  (асхана  т.б.)  мекемесінде  жұмыс 
істеді. Жанұяда еңбек ету жағдайы үстемдік етті, сондықтан Р. еңбек етуді адам 
өмір  сүруінің  құрамдас  бөлігі  деп  қабылдады.  Бірақ  әкесі  ішуді  жек  көрмеді, 
жыл  сайын  көп іше  бастады.  Кәсіпорында оны кешіріп отырды,  өйткені оның 
қолынан бәрі келеді, шебер ретінде саналады. Ол мүлдем төмендей берді, бұл 
жанұяға әсерін тигізбей қойған жоқ: әйеліне қол көтере бастады, бұрын мүлдем 
мұндай  жағдай  болмайтын,  Р.-ны  ішімдікке  тарта  бастады.  Бірақ  Р.  әкесімен 
бірге ішкен жоқ, үйден кетіп қалуды шығарды. 
           Көше  компаниясында  Р.  бұрын  бірнеше  рет  сотталған  адаммен 
танысты,  ол  Р-ға  өзінің  жанашырлығын  білдіріп,  беделге  ие  болды.  Алғашқы 
кезде  жаңа  танысқан  адамы  Р.-ны  заңсыз  істерге  тартуға  ешқандай  талпыныс 
жасамады. 
           Содан  кейін  Р.-ның  өмірін  шұғыл  өзгерткен  оқиға  болды.  Жаңа 
танысына  әкесінің  ішкеннен  кейінгі  тәртібі  туралы  шағымдана  отырып,  ол 
мынадай  кеңес  алды:  «Сен  оны  үйрет,  ешқашан  ұмытпайтындай  етіп  ұр».  Р. 
мұны  істеді,  әкесіне  ауыр  дене  жарақатын  салды.  Бас  бостандығынан  айыру 
орнында  Р.  «досынан»  оған  көмек  беретіні  туралы  хат  алды.  Ол  еркіндікке 
шыққанда,  оның  «досы»  енді  өзінің  ісін  жасыра  алмады,  Р.-да  үнемі  заңға 
қарсы  күрестен  тұратын  өмір  басталды.  Бірнеше  рет  сотталғаннан  кейін,  өмір 
қиыншылықтарынан  соң,  шешесі  өлгеннен  кейін  (белгілі  бір  жағдайда  Р.-ның 
тәртібінің әсері бар) Р. өзінің қалай өмір сүріп жатқаны туралы ойлана бастады. 
Оның  араласатын  ортасынан  шығуға  деген  алғашқы  талпынысы  сәтсіз  болды. 
Екінші  талпыныс  ішкі  істер  органы  қызметкерлері  мен  оның  жұмыс  істейтін 
ұжымының  көмегімен  іске  асты.  Психологиялық  жағынан  ең  маңыздысы  - 
оның өнеге тұтқан адамының қатігездігі мен жауыздығын түсінуі болды». 
          Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, адамның жеке тұлғасы оның 
бүкіл  өмірі  мен  іс-әрекетінде  қалыптасады.  Адам  өзін  қоршаған  жандармен 
өзара  араласа отырып, мінез-құлық нормаларын,  адамгершілік  және  құқықтық 
ұғымдар  мен  түсініктерді,  әлеуметтік  және  мәдени  құндылықтарды  меңгереді, 
онда  үнемі  жаңа  қажеттіліктер,  қызығушылықтар  мен  мүдделер    пайда  болып 

 
35 
отырады.  Сонымен  бірге  ол  тағдырдың  тәлкегіне  түсуі  мүмкін,  адам  қандай 
күйде болмасын өз өміріне жағдай жасайды, өз жеке тұлғасын қалыптастырады. 
          Адам жеке тұлғасының қалыптасу процесінде сынақ кезеңдері ерекше 
роль  атқарады.  Белгілі  психолог  Л.С.Выготский  ең  алғаш  рет  адамның 
психологиялық дамуындағы сын кезеңдерін жүйелеуге және түсіндіруге қадам 
жасады. Бұл кезеңдер ұзаққа созылмайды, соған қарамастан осы уақыт ішінде 
адамның  психикалық,  әлеуметтік  және  биологиялық  дамуында  ірі  қайта 
құрулар мен өзгерістер болады. Сын кезеңдері: 
1)
 
2 - 3,5 жас аралығында (парапубертатный); 
2)
 
12-15 жас аралығында (пубертатный); 
3)
 
климактериялық. 
Л.С.Выготскийдің  айтуынша,  осы  кезеңдерде  болатын  қайта  құрулар, 
әсіресе психологиялық тұрғыдан қауіпті, бұл уақытта әлеуметтік орта адамға не 
жағымды, не жағымсыз ықпал жасайды. Сондықтан бұл кезеңдерге сақтықпен 
қараған жөн. 
Қоғамға  жат  қылықтардың  алдын-алу  және  болдырмау  адамдардың 
әлеуметтік  өмірін  жетілдіргенде  ғана  мүмкін  болады.  Экономикалық, 
әлеуметтік-мәдени,  тәрбиелік  және  құқықтық  шараларды  өзара  бірлікте  және 
кешенді түрде пайдалану - осы күрделі әлеуметтік проблеманы шешудің негізгі 
шарты.  Қоғамға  жат  және  әлеуметтік  қауіпті  әрекеттерді  болдырмау  оның 
пайда  болу  себептерін  анықтаумен,  оларға  ықпал  етіп  тұрған  жағдайларды 
түзетумен  байланысты.  Мұнда  негізгі  орынды  қоғамдық  қатынастарды 
жетілдіру мен адамды тәрбиелеу шаралары алуы тиіс.  
          Қылмыстың  алдын-алу  -  қоғамдық  қатынастар  мен  адамдарды 
тәрбиелеу  бойынша  қоғам  мен  мемлекеттің  жүргізетін  жұмыстарының 
маңызды бағыттарының бірі. 
           Жалпы  алдын-алу  шаралары  экономикалық,  саяси,  идеологиялық, 
мәдени-тәрбиелік,  құқықтық,  ұйымдастыру-  басқару  және  технологиялық 
сипатта болуы мүмкін. 
          Алдын-алу  шараларының  жүйесі  әртүрлі  аймақтар  мен  әртүрлі 
әлеуметтік  топтарда  өзіндік ерекшелікке ие болады. Білім беру мен тәрбиелеу 
шараларымен  қатар  тәртіп  бұзудың  алдын-алу  жоспарында  нақты  заң 
орындарының атқаратын қызметі көрсетіледі. 
         Алдын-алу  шараларының  адресаты-  бұл  заң  нормалары  немесе  қоғам 
ережелеріне қылықтары жат адамдар. Тәртіп бұзудың алдын-алу шараларының 

 
36 
жоспарына  жастарға  құқықтық,  адамгершілік,  эстетикалық  тәрбие  беру 
жолдары мен әдістері жатады. 
Алдын-алу  жұмыстарын  адамның  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасатын 
ортасынан - жанұядан, мектептен, еңбек ұжымдарынан бастау керек. 
Жеке тұлғаны дамыту және жетілдіруде тәрбие басты роль атқарады. 
Тәрбие  - қоғамға саналы азаматты - жеке тұлғаны бере алатын басты күш. 
Тәрбиелік  әсердің  тиімділігі  оның  белгілі  бір  мақсатқа  бағытталуына,  жүйелі 
түрде  жүргізілуіне  және  дұрыс  басшылық  жасалуына  байланысты.  Тәрбиенің 
әлсіздігі оның адамның санасына негізделетіндігінде болып отыр, сондықтан ол 
тұқым қуалаушылық пен орта сияқты саналылық және санасыздық түрде әрекет 
етеді.  Тәрбиенің  ролі  әртүрлі  бағаланады,  кейбіреулер  оның  күшін  жоққа 
шығарса, енді біреулері тәрбиені адам табиғатын өзгертудің жалғыз құралы деп 
есептейді.  Тәрбие  арқылы  көп  нәрсеге  қол  жеткізуге  болады,  бірақ  адамды 
толығымен өзгерту мүмкін емес. 
Тәрбие  тиімді  болу  үшін  белгілі  бір  мақсатқа  бағытталып,  жүйелі  түрде 
жүргізілуі  және  оған  дұрыс  басшылық  жасалуы  тиіс.  Осымен  жеке  тұлғаны 
қалыптастырудағы тәрбиенің ролі, орны және мүмкіндіктері анықталады.  
П р о б л е м а л ы  қ  с ұ р а қ. Ұлы адамдар айтқан тәрбиелік ықпалдың 
күші  туралы  төмендегі  пікірлерді  салыстырыңыздар.  Сіз  қайсымен  келісесіз 
және неліктен? 
«Тәрбие барлығын да жасай алады» (француз ағартушысы К.А.Гельвеций).  
«Тәрбиенің  қандай  түрінен  болсын  әр  уақытта  сақтану  керек»  (француз 
ағартушысы Ф.Вольтер).  
«Тәрбие  көп  дүниені  жасай  алады,  бірақ  ол  шексіз  емес.  Жабайы  алмаға 
дәрі берудің арқасында бақ алмаларын бергізтуге болады, бірақ бағбаншының 
қандай  өнері  болса  да,  оған  басқа  өнімді  бергізе  алмайды»  (орыс  демократы 
В.Г. Белинский). 
Тәрбие  -  бұл  адамның  даму  бағдарламасындағы  ақтаңдақтарды  толтыру. 
Дұрыс  ұйымдастырылған  тәрбиенің  маңызды  міндеттерінің  бірі  -  қабілеттер 
мен  дарын  нышандарын  айқындау,  адамның  дербес  ерекшеліктеріне,  оның 
қабілеттеріне, мүмкіндіктеріне сәйкес дамыту. 
Арнайы  зерттеулер  тәрбие  табиғи  нышандардың  негізінде  ғана  белгілі  бір 
сапалардың дамуын қамтамасыз ететіндігін көрсетеді. 
Адамның дамуына әсер ете отырып, тәрбие дамуға байланысты болады, ол 
үнемі дамудың қол жеткен деңгейіне сүйеніп отырады. Осыдан келіп, даму мен 
тәрбиенің  мақсат  пен  құрал  ретіндегі  күрделі  қарым-қатынас  диалектикасы 

 
37 
туындайды.  Тәрбиенің  тиімділігі  адамның  тәрбиелік  ықпалды  қабылдауға 
дайындық  деңгейімен  айқындалады.  Адамдар  тәрбиені  әртүрлі  қабылдайды. 
Сондықтан  негізгі  рольді  тәрбие  процесіндегі  нақты  жағдаяттар  мен 
адамдардың өзара қарым-қатынасы атқарады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
§6. Дүниеге көзқарас – жеке тұлғаны қалыптастыру көзі 
 
Дүниетаным,  дүниеге  көзқарас  дегеніміз  -  айнала  қоршаған  орта,  бүкіл 
әлем,  тұтас  дүние  туралы,  ондағы  адамның  орны,  тіршіліктің  мән-мағынасы 
туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы
3
 
         Дүниеге  көзқарас  жеке  тұлғаның  өмірлік  ұстанымын,  жалпы 
бағыттылығы мен мақсаттылығын айқындап қана қоймайды, ол адамның бүкіл 
бет-бейнесінен, мінез-құлқы мен іс-әрекетінен айқын аңғарылып тұрады. 
          Ғылыми  дүниетаным  қоғамдық  сананың  жоғарғы  формасы  болып 
табылады.  Оған  философиялық,  экономикалық  және  саяси-әлеуметтік 
көзқарастар  жүйесі  енеді.  Дүниетанымдық  идеялар  қоғамдық  сананың  басқа 
барлық  формаларына  ене  отырып,  оларды  біртұтас  және  тұтас-бағдарлық 
жүйеге біріктіреді. 
            Дүниетанымның  негізгі  ұғымдары  «дүние»  және  «адам».  Олар  - 
ажырамас бірлікте. Яғни, адамнан бөлектенген дүние және табиғат, сондай- ақ 
сыртқы дүниемен салыстырылмаған адамның іс-әрекеті, ішкі рухани өмірі жоқ, 
әрқайсысы  өз  бетінше  дүниетанымды  құрай  алмайды.  Дүниеге  көзқарасы 
арқылы  адам  өзінің  тағдыры  мен  өмірлік  ұстанымын  қалыптастырады.  Адам 
                                                 
3
 Философия. Жоѓары оќу орындарына арналѓан оќу ќ±ралы.-Алматы: Рауан, 1991.-6-бет. 

 
38 
мен  дүние  арақатынастары  бір-бірімен  жаңа  байланыста  қаралған  сайын 
сыртқы  материалдық  әлем  және  ішкі  рухани  дүние  туралы  түсініктер 
тиянақталады.  Осыдан  келіп,  дүниеге  көзқараста    біріншіден,  әлем,  табиғат 
және  қоғам  туралы,  олардың  бірлігі  туралы,  екіншіден,  адам  және  оның 
дүниедегі орны туралы, үшіншіден, болмыс пен болашақтың мән-жайы туралы 
көңілге қонымды түсініктер қалыптаса бастайды. 
            И.Ф.Харламов 
ғылыми 
дүниеге 
көзқарастың 
құрылымдық 
компоненттерінің төрт түрін көрсетті. Олар: ғылыми білім жүйесі, дүние тану, 
сенім, адам мұраты. 
             Білім  -  объективтік  дүниені  бейнелейтін  адам  баласының  мол 
тәжірибесі. 
Ертедегі  ойшылдар  тек  білім  ғана  надандықты  жоятынын,  адамдарды 
теңестіретін  күш  екеніне  мәлім  сенді.  «Ештеңе  білмейтін  және  бірдеңе 
білейінші  деп  талпынбайтын  адам  -  өте  нашар  адам»,  -  деп  ежелгі  грек 
философы Платон бекер айтпаған. Әл-Фараби айтқандай : «Білімді болу деген 
сөз  -  белгісіз  нәрсені  ашу,  игеру  қабілетіне  ие  болу  деген  сөз».  Ал  халқымыз 
«білім- ырыс қазығы»- дейді. 
Білім  арқылы  жеке  тұлға  табиғаттың  және  қоғам  құбылыстарының 
объективтік  жақтарын  зерттейді,  түсінеді,  ұғады.  Білім  тереңдеген  сайын, 
ғылыми  арнаға  түскен  сайын  одан  бастау  алатын  дүниеге  көзқарас  та 
нақтыланып,  екшеленіп,  жүйелілік,  тұрақтылық  сипатқа  ие  болады.  Білім 
адамның  көкірегіне  қоныс  теуіп,  санасына  ұялап,  оның  өмір  тәжірибесінің 
елегінен өтіп барып, сенімге айналады. 
         Сенім  -  терең,  тиянақты  ойланып  айтылған  идеялардың  жиынтығы, 
дүниеге  көзқарастың  түп  қазығы,  бағыттаушысы,  адамның  өз  ұстанымына, 
тоқыған ойына, істеген ісіне, ұмтылған мұрат-мақсатына беріктігі.                                    
          Сенімі  берік  адамның    көзқарасы,  дүниетанымы  нақты,  ісі  қонымды, 
бағыты қашан да айқын. 
            Дүниетаным  жеке  тұлғаның  табиғи  және  әлеуметтік  құбылыстарды 
түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы. 
             Дүниетаным  адам  қызметіне,  оның  белсенділігі  мен  әлеуметтік 
бағдарына шешуші ықпал тигізеді. Сондай-ақ, дүниетанымның қалыптасуы мен 
дамуының  өзі  табиғи,  әлеуметтік  және  нақты  мәдени  ортаға  тәуелді.  Осы 
тұрғыдан  алғанда,  дүниетанымды  ғылыми  және  ғылыми  емес  қарапайым  деп 
бөлуге болады. 

 
39 
          Ғылыми  емес  қарапайым  көзқрастар  күнделікті  қызмет-  әрекет 
барысында  қалыптасады,  өмірдің  қалған  салаларына  назар  аудармайды,  жеке 
фактілерден  нәр  алып,  олардың  сапалық  ерекшеліктерін  ескере  бермейді. 
Дәйекті білімнен гөрі, жалпыламалық сыдыртпа «білімпаздық» басым. Сөйтіп, 
қарапайым  дүниетанымда  мифологиялық,  діни  және  ғылыми  көзқарастар, 
материалистік және идеалистік ағымдар араласып, шатасып жатады. 
Ал  тарихи  тұрғыдан  алғанда,  қоғамдық  өмірдің  болмысы  мен  санасының 
жетілу  дәрежесіне  байланысты  ғылыми  дүниеге  көзқарастың  мифологиялық, 
діни, натурфилософиялық, философиялық түрлері қалыптасты. 
         Адам мұраты жете түсінудің жоғары кемелі, адам баласының жоғары 
мұрат-мақсаттары,  өмірге  ұмтылушылығы,  талаптанушылығы.  Мәселен,  жас 
шағының  өзінде-ақ  адамда  мұрат,  яғни  өзі  жоғары  қоятын  және  үлгі  етіп 
алғысы келген адамдардың бейнесі пайда болады.  
         Дүниеге  көзқарас  бірнеше  маңызды  қоғамдық  функцияларды 
атқарады:  а)  ағартушылық  -  ғылыми  дүниетаным  адамға  табиғат  пен  қоғам 
әлемін түсінікті етеді, ағартушылық сананы қалыптастырады, әлеуметтік, саяси, 
діни  түсінбеушіліктерден  арылтады,  әдіснамамен,  негізгі  философиялық 
принциптер  мен  болмысты  тану  әдістерінің  жиынтығымен  қаруландырады, 
адамды рухани-құндылық бағдар жүйесімен байытады; ә) тәрбиелік - адамның 
көзқарастары  мен  сенімдері  оның  бойында  адамгершілік-еріктік  сапалар  мен 
болмысқа эстетикалық қатынасты тәрбиелейді. Сенімге адалдық, оларды өмірде 
жүзеге  асыру  үшін  күрес  мінездің  беріктігін,  идеялық  тұрақтылық  пен 
сынбайтын  еріктілікті  талап  етеді.  Адамгершіліктің  бұл  сапалары  гуманизм, 
жауапкершілік, борыш, эстетикалық мұрат сезімдерімен бірлікте тәрбиеленеді; 
б) дамытушылық - дүниетаным мазмұнын меңгеру бойынша жүргізілетін ішкі 
рухани  жұмыс  ойлаудың  белсенді  әрекетін  көздейді.  Табиғат  пен  қоғам 
құбылыстарын  шығармашылықпен  түсіну,  жинақтау  қабілеттері  дамытылады; 
в)                        ұйымдастырушылық  -  дүниетаным  адамның    практикалық  іс- 
әрекетінің  бастапқы  ұстанымы  болып  табылады;  г)  болжау  -  болашақты  құру 
идеялары  мен  үрдістеріне  негізделеді,  оларды  ғылыми-теориялық  және 
практикалық тұрғыдан тұжырымдауды көздейді. 
Дүниетанымның мәнін және құрылымын түсіне отырып, бірізділік ғылыми 
интернационалдық,  гуманистік  дүниетанымның  түйіні  диалектикалық-
материалистік дүниеге көзқарас болып табылады. 
         Қазір егеменді елімізде болып жатқан жаңалықтар қоғамдық процестің 
барлық  саласындағы  демократиялық,  гуманистік  өзгерістерді  қамтып  отыр. 

 
40 
Жаңару  процесі,  алдымен,  адамның  өзінен  басталу  керек.  Себебі,  адам  - 
қоғамның  жаңа  сапалық  деңгейге  көтерілуінің  басты  тұлғасы.  Адамды  жан-
жақты,  рухани  болмысы  жоғары  етіп  тәрбиелеудің  қырлары  көп.  Оның 
алғашқы нышандары адам бойында жас кезінен қалыптасуы керек. Сондықтан 
адамды танымның басты субъектісі ретінде тарихи-қоғамдық даму тұрғысынан 
қарастыру қажет. Адамдар арасындағы барлық қарым-қатынасты адамгершілік 
пен  әділеттілік  принциптеріне  негіздеп  құруды  талап  етіп  отырған  қазіргі 
еліміздегі гуманистік, пәрменді әлеуметтік саясат та осыны көздейді. 
           Дүниеге  көзқарастың  қалыптасуы  ұзақ  және  күрделі  процесс,  оның 
барысында  жеке  көзқарастар  мен    сенім  жүйесі  қалыптасады,  дамиды,  олар 
жеке тұлғаның әрекет жасауына басшылық етеді.  
            Дүниеге  көзқарасты  қалыптастырудың  құралдарына  білім  мен 
тәрбие  беру жұмысы, бұқаралық ақпарат құралдары, өнер мен әдебиет жатады. 
             Оқу мен тәрбие жұмысы диалектикалық бірлікте жүргізілгенде ғана 
дүниеге  көзқарасты  қалыптастыруға  септігін  тигізеді.  Әрине,  білімдердің  жай 
жиынтығы  ғылыми  көзқарасты  құрай  алмайды.  Дүниеге  көзқарас  адамдардың 
саяси-әлеуметтік,  ғылыми-теориялық,  философиялық,  діни,  адамгершілік, 
эстетикалық  бағыттарының,  ой-пікірлері  мен  білімдерінің  жиынтығымен 
белгіленеді. 
             Әрбір  ғылыми  пән  дүниеге  ғылыми  диалектикалық  негіздегі 
көзқарастарды қалыптастыруда белгілі бір роль атқарады.  
Жаратылыстану 
ғылымы 
адамдардың 
материалистік 
дүниеге 
көзқарастарын  қалыптастыруға  мүмкіндік  береді.  Бұл  ғылымға  жататындар 
табиғаттың  құбылыстары  мен  процестері  және  заңдылықтары  туралы  белгілі 
бір  ұғым  жүйесін  жасайды.  Жалпы  биология  курсын  оқып-үйрену  дүниенің 
пайда  болуы,  оның  эволюциясы,  түр  өзгерістері,  адамның  шығу  тегі,  жоғары 
жүйке  қызметінің  заңдылықтары,  сананың  ролі,  т.б.  ғылыми  түсініктерді 
қалыптастыруға  септігін  тигізеді.  Физика,  химияда    мазмұндалған  негізгі 
теориялар мен заңдарды білу дүниенің пайда болуы мен дамуы туралы туралы 
түсінікті, дүниетанымдық көзқарас пен сенімді нығайтады. 
 
Гуманитарлық  ғылымдар  (тарих,  әдебиет,  қоғамтану,  т.б.)  қоғам  өмірінің 
даму  заңдылықтары  мен  адамның  қоғамда  атқаратын  ролі  және  алатын  орны 
туралы түсініктерді қалыптастыруға ықпал етеді.  
Тарих  ғылымдары  қоғамдық-экономикалық  формациялардың  ауысу 
заңдылықтарын,  қоғамның  даму  заңдарын  танып-білуге,  осы  дамудың 

 
41 
қозғаушы  күштері,  қоғамның  таптық  құрылымы,  таптар  арасындағы  тартыс 
жөнінде түсінік береді. 
            Әдебиет  адамдар  арасындағы  қарым-қатынасқа,  өмірге,  еңбекке 
жастардың  дұрыс  көзқарасын  тәрбиелейді,  өмір  шындығымен,  отандық  және 
дүниежүзілік  мәдениеттің  барлық  озық  дәстүрлерімен,  рухани  мұраларымен 
таныстырады. 
            Сонымен  оқыту  және  тәрбиелеу  жұмысы,  бұқаралық  ақпарат 
құралдары (газет, теледидар т.б.) дүниеге көзқарасты қалыптастырудың негізгі 
құралдары болып табылады. 
            Дүниеге көзқарастың қалыптасуының  жалпы өлшемдері болып: 
- ғылыми білімнің тереңдігі, оның табиғат, қоғам, ой құбылыстарының мәні 
мен заңдылықтарын түсіндіруде тұтас бір жүйеге келтірілуі; 
-  болмысты  диалектикалық  тұрғыдан  саналы  түсіндіріп,  ой  елегінен  өткізе 
білу қабілеті; 
-  әлеуметтік  белсенділік,  эмоциялық-еріктік,  қоғамдық  мақсаттылық,  іс-
әрекетті мұраттарын өмірде жүзеге асыруға бағыттау.      
Діннің  өмір  сүруі  оның  өкілдерінің  өскелең  ұрпаққа  діни  тәрбие  беруді 
қаншалықты жүзеге асыра білуіне байланысты болады. Практикалық тұрғыдан 
алғанда,  дін  өте  күрделі,  белсенді,  тәрбиелік  ықпалы  күшті  жүйе  болып 
табылады.  Көптеген  ғасырлар  бойы  діни  тәрбие  адамзаттың  ойлап  тапқан 
жалғыз    педагогикалық  жүйесі  (мақсаты,  тәлімгерлері,  тәрбиеленушілер, 
мазмұны,  құралдары  мен  әдістері,  нәтижелердің  өлшемдері  мен  бағалары) 
болып  табылады.  Күні  кешеге  дейін  діннің  атын  ауызға  алудан  жасқанып 
келгеніміз  рас.  Біз  бұрын  діннің  «апиын»  екенін  айтып,  оның  кертартпалы 
аталған  сипатын  көбірек  уағыздадық.  Соның  салдарынан  ғасырлар  бойы 
қалыптасқан  талай  айтулы    асыл  қасиеттерімізді  жоғалттық.  Соның 
нәтижесінде  «құдайсыздардың»  ғана  емес,  өткеннен  бейхабар,  тарихынан 
мақрұм,  тілінен,  дінінен  безген  мәңгүрттердің  шеттен  тыс  көбеюі  мүмкін 
болды. 
Міне,  осыларға  талдау  жасай  отырып,  қазіргі  кезеңде  дінді  қоғамдық 
сананың  ерекше  формасы,  адамзаттың  рухани  байлықтарының  бірі  ретінде 
қарастыруға  жағдай  туып  отыр.  Шындығында  адамзат  ақыл-ойы  мен 
санасының қалыптасу кезеңдеріне көз жүгіртсек, сұлулықты қабылдау, бағалау, 
танымдық  процестердің  барлығында  да  діни  наным-сенімдер  ерекше  роль 
атқарып  келгені  белгілі.  Иманжүзділікке  баулу  -    діни  уағыздардың  ежелден 
дәріптеп келе жатқан мәселесі.  

 
42 
Ислам  тәрбиесі  барлық  уақытта  да  адам  баласына  иманды  үйретеді, 
имандылыққа тәрбиелейді. Бұл діннің тәрбиелік ықпал ету әдістері: сену, күнә 
жасамау, құдайға сыйыну т.б. Діни тұрғыдан өзін-өзі тәрбиелеу әдістері: құран 
оқу, ораза ұстау, әртүрлі діни мерекелер, мешітке бару т.б. 
Діннің үш элементі:1) діни түсініктер; 2) діни сезімдер; 3) діни табыну мен 
әдет-ғұрып жораларының маңызы әлеуметтік жағдайларға байланысты әртүрлі 
болып келеді. 
Құранның  мынадай  ұлағатты  сөздері  бар:  «Ей,  адамдар...  Тегінде  атасы 
баласына  сүйеу  бола  алмайтын,  баласы  да  атасына  көмектесе  алмайтын  күн 
болатынынан сақтаныңыздар... 
Ана тілі, ана  тілегі, ана арманы, ана көркі, ана алғысы - дүниенің мәні мен 
мағынасы.  Сондай-ақ,  ана  қарғысы,  ананың  өкініші  -  өте  қатерлі.  Дүниеде 
ананың  көз  жасынан  салмақты,  одан  ауыр,  таразы  жоқ.  ¤йткені  ананың  көз 
жасы өзінің киесімен ауыр»... 
«Ананың  ақ  сүтін  емген  азамат  та,  сол  сүттің  бағасын  білген  пенде  де,  ең 
алдымен,  жақсы  жүрек,  жайдары  жаздай  мейірімді  жан,  таза  рух,  келісімді 
мінез-құлық,  қасиетке  толы  салт-сана,  ақыл-парасат,  адалдық,  инабаттылық 
бойына  толы  адам  болып  қалыптасады».  Бұл  үзінділер  инабаттылық, 
имандылық қана емес, жалпы адамгершіліктің қайнар көзі қайда екенін мегзеп 
тұрғаны  анық.  Діннің  қайтып  оралуы  -  өмірді  әлеуметтік  әділдік  пен  парасат, 
ізгілік пен әсемдік заңдары бойынша орнататын идеялық сенімі күшті, рухани 
дүниесі бай, сөзі мен ісі бірлікте болатын шынайы жеке тұлғаны қалыптастыру 
ісінің қолға алынғандығының белгісі. 
Ұлы Абайдың дін - ислам жолын жете меңгеріп, оны аса шыншылдықпен, 
ерекше  махаббатпен  таза  ұстағаны  белгілі.  Әсіресе,  оның  әйгілі  27-  ші,  38-ші  
қара  сөздері,  «Алланың  өзі  де  рас,  сөзі  де  рас»  деп  басталатын  өлеңі  - 
имандылық,  адамгершілік  мәселелерін  терең  қозғаған  біртума  дүниелер, 
оларды  тіпті  мұсылман  дінінің  көкейкесті,  зәру  проблемаларына  бағышталған 
арнайы трактаттар деп айтуға болады. 
Абайдың  үйретуі  бойынша  толық,  кәміл  мұсылман  болу  -  имандылық 
арқылы  келеді,  иман  дегеніміз  -  жаратқан  бір  Алланың  барлығына,  бірлігіне, 
яки  даралығына,  оның  адамдар  арасындағы  елшісі,  пайғамбары  -  Мұхамедке 
қалтықсыз, күмәнсіз сену, илану ғана емес, осымен қатар бұл сенім-білімдерді 
күнделікті  тұрмыста,  адамдық  қарым-қатынас,  мінез-  құлықта  қалыптасқан 
оңды,  игілікті  әдет-дағдыға  айналдыру,  жақсылыққа  пайдалану  болу  керек. 

 
43 
Абай  бұл  жөнінде  мынадай  өсиет  ұсынады:  «Құдайтағала  әрбір  ақылы  бар 
кісіге иман парыз деген, әрбір иманы бар кісіге ғибадат парыз деген екен »
4

Абаймен  замандас  қазақтың  көрнекті  ағартушысы  Ы.Алтынсарин  өзінің 
ұзтаздық еңбектерінде мұсылман дінін оқытуға үлкен мән берген. 
Мәселен,  ол  діни  тәрбие  жөнінде  «Мұсылманшылықтың  тұтқасы»  атты 
еңбек  жазып,  дін  жолын  таза  ұстау  қажеттілігі  хақында  Абай  ойларымен 
ортақтас, жақын келетін пікір айтады: 
           «Ей,  дін-қарындастарымыз,  бізге  ең  әуелі  керегірек  іс  -  сол,  әуелі 
білмек  керек  немен  мұсылман  болатынымызды.  Мумин  мұсылманның 
мұсылман  аталуы  құр  мұсылман  киімін  киіп,  мұсылман  арасында  жүргеннен 
емес.  Әуелі  иманды  болып,  ол  иман  деген  не  екенін  түсініп,  түсінген  соң  сол 
иман ішіндегі сөздерді шексіз шын көңілмен дұрыс деп білген кісіні мұсылман 
деп  атайды.  Соның  үшін  Құдай  тағаланың  пенделеріне  парыз  еткен 
парыздарының ең әуелі иман болса керек....»
5
  
Экономикалық  сана  -  ғылыми  дүниеге  көзқарастың  маңызды  құрамды 
бөлігі.  Ол  қоғамның  экономикалық  өмірін  түсінуді  қамтамасыз  етеді,  әрбір 
жұмысшыны  өндірістік  процестің  белсенді  мүшесіне  айналдырады. 
Экономикалық реформалар мен қоғамдық қатынастарды жетілдіру жағдайында 
өскелең  ұрпақтың  экономикалық  санасын  қалыптастыру  жалпыға  ортақ  және 
міндетті болып табылады.  
Экономикалық  санаға  нарықтық  экономиканы  дамытудың,  өндірістің 
тиімділігін  арттырудың,  оның  құрылымын  қайта  құрудың,  өндірістік 
қатынастарды    жетілдірудің  негізгі  заңдары  мен  басқару  жүйесі  және 
шаруашылық әдістері жөніндегі білім жатады. 
Экономикалық  сана  бірнеше  қоғамдық  функцияларды  атқарады:  а) 
ағартушылық  -  экономикалық  білімді  таратады;  ә)  дамытушылық  - 
экономикалық  ойлауды  қалыптастырады;  б)  тәрбиелік  -  шаруашылықты 
есеппен  жүргізуге,  ұқыптылыққа,  жауапкершілікке,  еңбекке  адал  қарауға, 
саналы тәртіпті сақтауға тәрбиелейді; в) ұйымдастырушылық - еңбекті ғылыми 
ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; г) эстетикалық - әрбір еңбекшінің өндірістік 
іс-әрекеттің  эстетикалық  мәнін  түсінуін  дамытады.  Тұтынушылардың 
эстетикалық  мүддесін  қанағаттандырмайтын  еңбек  өнімі  сұранысқа  ие 
болмайды да, тұтыну құнын түсіріп, өндіруші мен экономикаға зиянын тигізеді; 
                                                 
4
 А.Ќ±нанбаев. Екі томдыќ шыѓармалар жинаѓы // Екінші том-Алматы:Жазушы, 1986.-181 б. 
5
 Ы. Алтынсарин. М±сылманшылыќтыњ т±тќасы. Шариат-ул-ислам / Дайындаѓан А.Сейдімбеков.-Алматы: 
Ќазаќстан; ТПО Ќаламгер, 1991.-10-бет. 

 
44 
д)  болжау  -  өндіргіш  күштерді  орналастыруды  жоспарлау,  еңбек  өнімділігінің 
өсуін алдын-ала көре білу, жаңа тауарды өндіру, т.б.  
Экономикалық 
сананың 
функциялары 
экономикалық 
тәрбиенің 
нәтижесінде қамтамасыз етіледі. 
Экономикалық  тәрбие  -  бұл  жеке  тұлғаның  экономикалық  санасын 
қалаптастыруға  бағытталып,  арнайы  ұйымдастырылған  педагогикалық  іс-
әрекет,  арнайы  ойластырылған  жұмыс  жүйесі.  Экономикалық  тәрбие 
экономикалық  ойлауды  дамытуды,  экономикалық  іс-әрекетте  қалыптасатын 
адамгершілік және іскерлік сапаларды жетілдіруді қамтамасыз етеді. 
Адамдармен  жүргізілетін  экономикалық-тәрбиелік  жұмысы  тиімділігінің 
өлшемдері: 
-
 
негізгі 
экономикалық 
ұғымдар 
мен 
Қазақстандағы экономикалық реформалардың жетекші идеяларын білу; 
-
 
еңбекті  ұйымдастыру  мәселесіне  экономикалық 
өлшем тұрғысынан келу; 
-
 
қоғамдық мүліктерге ұқыптылықпен қарау; 
-
 
халық  шаруашылығының  жай-күйі  мен  дамуы 
үшін  қоғам  алдындағы  адамгершілік-еңбек  борышы  мен  жауапкершілікті 
саналықпен түсіну. 
 Экология  қоғамдық  сананың  формасы  ретінде  фауна  мен  флораның 
ішіндегі  өзара  әрекет  пен  өзара  қатынас  заңдылықтарын  зерттейтін 
биологиялық ғылымның бөлігі болып табылады.  
Экологиялық  санаға  экологиялық  білім,  яғни  жануарлар  мен  өсімдіктер 
әлемінде, сонымен бірге олардың өмір сүру ортасы мен жалпы қоршаған ортада 
болатын  фактілер,  деректер,  қорытындылар,  өзара  қатынастар  мен  алмасулар 
туралы  түйіндемелер  жатады.  Оның  негізгі  құрамды  бөлігі  эстетикалық  сезім 
мен экологиялық жауапкершілік болып табылады. 
Экологиялық сананың функциялары: 
1)
 
ағартушылық (экологиялық білім); 
2)
 
дамытушылық  (экологиялық  құбылыстарды  саналы  түсініп,  ой  елегінен 
өткізе білу); 
3)
 
тәрбиелік  (табиғатқа  адамгершілік  және  эстетикалық  қатынасты 
қалыптастыру); 
4)
 
ұйымдастырушылық (табиғат қорғау жұмыстарын ынталандыру);  
5)
 
Болжау - (адамның табиғатқа жасаған әрекеттерін көре білу), т.б. 

 
45 
             Дүниеге  көзқарастың  құрамды  бөлігі  -  экологиялық  сана 
экологиялық тәрбие беру процесінде қалыптасады. 
 Экологиялық    тәрбие  беру  дегеніміз  -  жеке  тұлғаның  экологиялық  білімі 
мен  тәрбиелілігін  дамытуға,  табиғатта  жұмыс  істеу  біліктері  мен  дағдыларын 
қалыптастыруға,  жоғары  адамгершілік-эстетикалық  сезімді  оятуға,  табиғат 
қорғау жұмыстарын жүргізуде жоғары адамгершілік сапалар мен табанды ерік-
жігерді игеруге бағытталған жүйелі педагогикалық іс-әрекет. 
       
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Болашақ желтоқсан 2016 жыл
2017 -> Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң
2017 -> Мектепті сақтау – ауылды сақтау Намыс қайда? Шаңырақ
2017 -> «еуразиялық гендік қОР» ғылыми-өндірістік білім беру орталығы
2017 -> Еуропалық тұрғыдан көптілдік құзыреттілігін дамыту жолдары
2017 -> Қазақстандағы трансұлттық мультисауаттылық: ұрпақаралық оқыту
2017 -> Қараша 2015 жыл Қазақстан
2017 -> Қыжыл баспасөЗ – 2017

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет