Қазіргі таңда елімізде болып жатқан өзгерістерге байланысты әлеуметтік


§3. Тәрбиенің қоғамдық құбылыс ретіндегі мәні. Тәрбие мен өмір



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет2/6
Дата03.05.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6
§3. Тәрбиенің қоғамдық құбылыс ретіндегі мәні. Тәрбие мен өмір 
бірлігі 
  
  «Тәрбие» кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті 
азық  беріп,  сол  жан  иесінің  дұрыс  өсуіне  көмек  көрсету  деген  сөз 
(М.Жұмабаев)
1

  Педагогиканың  мәңгілік  мәселелерінің  адамға  тәрбиенің  әсерін  күшейту 
болып келеді. Жеке тұлғаны мақсатты түрде қалыптастыру мен дамыту ғылыми 
тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған тәрбие арқылы жүзеге асырылады. 
  Тәрбие  бар  жерде  дамудың  қозғаушы  күштері,  қоғамның  және  табиғи 
ортаның қолайлы әсері, барлық қоғамдық институттардың жұмысы ескеріледі. 
  Тәрбиенің қазіргі ғылыми анықтамасы, яғни жеке тұлғаны мақсаты түрде 
қалыптастыру  мен  дамыту  процесі  ретіндегі  тұжырымдамасы  педагогикалық 
идеялардың    ұзаққа  созылған  қайшылықтарының  нәтижесінде  пайда  болды.
 
Сонымен  қазіргі  кезде  педагогикада  тәрбиеге  былайша  анықтама 
беріледі: 
  «Тәрбие  -  халықтың  ғасырлар  бойы  жинақтап,  іріктеп  алған  озық 
тәжірибесі  мен  ізгі  қасиеттерін  жеке  тұлғаның  бойына  сіңіру,  оның  қоршаған 
ортаға қарым-қатынасын, дүниетанымын,  өмірге деген көзқарасын және соған 
сәйкес мінез-құлқын қалыптастыру». 
  Тәрбиенің  негізгі  мақсаты  -  дені  сау,  ұлттық  сана-сезімі  оянған,  рухани 
ойлау  дәрежесі  биік,  мәдениетті,  парасатты,  ар-  ожданы  мол,  еңбекқор,  іскер, 
бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу. 
  Тәрбиелеу  барысында  өзін-өзі  тәрбиелеу  және  қайта  тәрбиелеу  ерекше 
мәнге ие болады. 
  Тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу - жеке тұлғаны қалыптастырудағы тұтас 
процестің екі жағы. 
  ¤зін-өзі  тәрбиелеу  -  адамның  өз  мінез-құлқына  өзі  баға  бере  алуы,  жеке 
басын  жетілдіру  бағытында  жақсы  қасиеттерді  қабылдауы  мен  жағымсыз 
                                                 
1
 
М.Ж±мабаев. Педагогика.-Алматы:Ана тілі, 1992.- 13-бет.
 

 
19 
қылықтарды  жоюға  бағытталған  саналы  және  мақсатты  іс-әрекеті.  Бұл  жерде 
адам өзін-өзі тәрбиелеуші субъект, өз бақытын өзі жасаушы ретінде көрінеді. 
  Қайта тәрбиелеу адамдардың қате көзқарастарын, пікірлерін, бағаларын 
қайта  құруға,  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  процесін  күрделендіретін  мінез-
құлықтың теріс жақтарын қайта жасауға бағытталады. 
  Қиын  балаларды  қайта  тәрбиелеу,  қоғамдық  орында  тәртіп  сақтау  және 
заң  нормаларын  ұстау,  оларды  оқушылардың  күнделікті  әдет-дағдыларына 
сіңіру  мемлекеттік  міндет  ретінде  қарастырылады.  Бұл  істі  шаруашылық, 
әкімшілік,  ішкі  істер  органдары,  қоғамдық  ұйымдар,  мектептер  және 
жанұялардың бірлесе атқаруы көзделеді. 
  Әлеуметтану мен заң ғылымдарында, психологиялық және педагогикалық 
әдебиеттерде  кәмелетке  жасы  толмаған  құқық  тәртібін  бұзушылар, 
педагогикалық  тәртібі  нашар  оқушылар,  «қиын»  балалар  сияқты  терминдік 
ұғымдар  кездеседі.  Біріншісіне  кәмелетке  жасы  толмаған  құқық  тәртібін 
бұзатындар, небір жағымсыз жағдайларға байланысты дау-жанжал шығаратын, 
арақ-шарап  ішіп,  жеке  меншік  пен  қоғамдық  мүліктерге  қол  сұғатындар 
жатады.  Олардың  мінез-  құлықтарында,  жүріс-тұрыстарында  жалқаулық, 
қатігездік,  бастаған  ісін  аяғына  дейін  атқармау,  әртүрлі  ұрлықтар  жасау,  т.б. 
қылықтар кездесіп отырады. 
  Ал  педагогикалық  тәртібі  нашар  балаларға  айналасымен  қарым-
қатынастарда  жоғарыда  айтылғандай  жағымсыз  қылықтар  мен  әдет-дағдылар 
көрсеткенімен,  мұндай  ерекшеліктер  мінез-  құлықтарында  тиянақты 
қалыптаспағандар жатады. 
  «Қиын» балалар қатарына психологиялық дамуы уақытша баяуланған, тез 
ашуланшақ,  уайымшыл,  өзін  төмен  санайтын,  мінез-құлқында  психопатиялық 
формалар  кездесетін,  кейде  ашулары  «қайнағанда»  дәрі-дәрмек  беру  арқылы 
қозу күшін тежейтін балалар жатады. 
  Ғалымдардың 
(В.А.Сухомлинский, 
Л.С.Славина, 
Г.П.Медведов, 
Л.М.Зюбин,  Э.Г.Костяшкин,  Г.А.Уманов,  Л.К.Керімов,  т.б.)  зерттеу 
жұмыстарының  дәлелдеуінше,  қиын  оқушылардың  пайда  болуына  үш  фактор 
себепші болатыны анықталған: 
1)
 
жанұя  тәрбиесінің  дұрыс  ұйымдастырылмауы,  яғни  тұрмыстағы  ұрыс-
талас, дау-жанжал, маскүнемдік, т.б.; 
2)
 
мектептегі  оқу-тәрбие  жұмыстарын  ұйымдастыруда  кеткен  кемшіліктер, 
яғни  жекеленген  оқушылардың  мінез-құлық  ерекшіліктерін,  ынта-ықыласын, 
қызығушылығы мен талап-тілегін ескермеу; 

 
20 
3)
 
жұртшылықтың тәрбие процесіне толық көңіл аудармауы салдарынан бос 
уақыттың ұтымды ұйымдастырылмауы. 
  Қиын балаларды қайта тәрбиелеу процесіне қойылатын шарттар: 
1)
 
әрбір  қиын  баланы  жан-жақты  зерттеп,  мінез-  құлықтарының  бағыт-
бағдарын  айқындау,  оның  ішіндегі  адамгершілік  ниеттегі  қасиеттерін  іріктеп 
алу; 
2)
 
әрбір  оқушының  адамгершілік  сынды  тәжірибелерін  құра  біліп,  соның 
негізінде  тәртіпті,  айналасындағы  өмірге  дұрыс  көзқарасты,  ұжымдық  қарым-
қатынас дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру; 
3)
 
әрбір  жеке  тұлғаның  ерекшеліктері  мен  мүмкіндіктеріне  және 
шығармашылық  талап-тілектеріне  орай  қабілеті  мен  икемділіктерін  дамыту, 
қоғам жұмыстарына қатыстыру; 
4)
 
 кейбір  қиын  оқушылардың  оқу-тәрбие  процесінде  және  ұжымдық  өмір 
қарым-қатынастарында  ұсқынсыз  ауытқушылықтар  болса,  дер  кезінде  қол 
ұшын беріп, одан сақтандыру, оны туғызатын себептерді жою. 
          Тәрбие қоғамдық  құбылыс ретінде    өскелең  ұрпақтың  қоғам өміріне, 
тұрмысқа,  қоғамдық-өндірістік  іс-әрекетке,  шығармашылыққа,  руханилыққа 
енуінің,  олардың  адам,  дамыған  жеке  тұлға,  қоғамдық  өндіргіш  күштердің 
маңызды  бөлігі,  өз  бақытын  жасаушы  ретінде  қалыптасуының  күрделі  және 
қарама- қайшылықты әлеуметтік-тарихи процесі болып табылады. Ол қоғамдық 
даму пен ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етеді.  
       Тәрбиенің  қоғамдық  құбылыс  ретіндегі  мәні  төмендегідей  негізгі 
белгілер арқылы сипаталады: 
а)  тәрбие  қоғамдық  өмірге  және  өндіргіш  еңбекке  өскелең  ұрпақтың 
бейімделуі  мен  қоғамдық-тарихи  тәжірибені  ауыстыруға  деген  практикалық 
қажеттіліктен пайда болды; 
ә)  тәрбие  -  мәңгілік,  аса  қажетті  және  жалпы  категория,  ол  адамзат 
қоғамының    пайда  болуымен  бірге  пайда  болды  және  қоғам  өмір  сүріп 
тұрғанда,  ол  да  өмір  сүре  береді.  ¤йткені  ол  қоғамның  өмір  сүруі  мен 
сабақтастығын    қамтамасыз  етеді,  өндіргіш  күштерді  дайындап,  адамды 
дамытуға  ықпал  жасайды.  Тәрбие  ұғымы  жалпылық  сипатқа  ие  болады.  Онда 
тәрбиенің  басқа  қоғамдық  құбылыстармен  өзара  тәуелсіздігі  мен  өзара 
байланысы көрсетіледі. Тәрбиеге адамды оқыту мен білім беру жатады
б)  тәрбие  қоғамдық-тарихи  дамудың  әрбір  сатысында  өзінің  атқаратын 
қызметі, мазмұны мен формасына сәйкес нақты тарихи сипатқа ие болады. Ол 

 
21 
қоғам  өмірінің  сипаты  мен  ұйымдастырылуымен  сәйкестендіріліп,  өз 
уақытының қоғамдық қайшылықтарын бейнелейді; 
в)  өскелең  ұрпақты  тәрбиелеу  әлеуметтік  тәжірибенің  негізгі  бөліктерін 
меңгерудің негізінде жүзеге асырылады. 
         Сонымен  қоғамдық  құбылыс  –  тәрбие  -    қоғам  мен  индивид  өмірін 
қамтамасыз  ету  тәсілі  ретінде  қажет,  ол  нақты  тарихи  жағдайларда  жүзеге 
асырылады; оның жүзеге асырылуының негізгі өлшемі жеке тұлға қасиеті мен 
сапасының өмір талаптарына сәйкестік деңгейі болып табылады. 
          Тәрбие  және  өндіргіш  күштер.  Тәрбие  басқа  қоғамдық  құбылыстар 
жүйесінде  әрекет  етеді.  Қоғамның  өндіргіш  күштерін  дайындау  негізгі 
қоғамдық  қажеттілік,  тәрбиенің  қоғамдық  құбылыс  ретінде  пайда  болуының, 
өмір  сүруінің  және  дамуының  негізі  болып  табылады.  Сондықтан  тәрбиенің 
қоғамдық  құбылыс  ретіндегі  мазмұнының  негізі  әрқашан  өндірістік  тәжірибе 
мен  еңбек  ету  дағдысын  меңгеру  болып  табылады.  Ғылыми  педагогика 
қоғамның өндіргіш күштерінің жалпы білім алу дайындығын қамтамасыз ететін 
өндірістік  еңбек  пен  политехникалық  білімнің  тәрбиемен,  оқытумен 
байланысын тағайындайды. 
             Сондықтан  қоғамдық  құбылыс  ретінде  тәрбиенің    негізгі 
функциясы - қоғамның өндіргіш күштерін дайындауға қызмет ету. 
 Тәрбие  және  экономикалық  базис.  ¤ндіргіш  күштердің  даму  деңгейі  
меншік  қатынастары  мен  қоғамдық  қатынастар,  экономикалық  базис 
сәйкестігін  тағайындауға  мәжбүр  етеді.  Бұл  қатынастардың  сипаты  өндіргіш 
күштерді дайындаумен, тәрбиенің сипаты оның бағыттылығымен, мазмұнымен, 
формалары және әдістерімен айқындалады. 
         ¤ндірістік және тәрбие қатынастарының арасында өзара байланыс пен 
өзара  тәуелділікті  орнату  қиын,  әрі  қарама-  қайшылықты.  Негізінен  қоғамдық 
өмірдегі  тәрбиенің  ролі  мен  орны  қоғамның  жағдайына,  ең  алдымен,  ондағы 
меншік  қатынастары  мен  өндірістік  қатынастарға  байланысты.  Осыдан  тығыз 
диалектикалық  өзара  әсер  пайда  болады:  меншік  қатынастары,  қоғамдық 
қатынастар  тәрбиенің  сипатын  анықтай  отырып,  оның  функциясын  кеңейтіп, 
байытады,  ал  тәрбие  өз  кезегінде    өндірістік  және  меншік  қатынастарын 
жетілдіріп, дамытып отырады.  
         Тәрбие  және  тіл.  Тәрбие  мен  тіл  қоғамдық  құбылыс  ретінде  қоғам 
өмірінде маңызды роль атқарады. Екі құбылыс та тарихи процесс пен қоғамның 
өмір сүруін қамтамасыз ететін мәңгілік категориялар болып табылады. Тәрбие 
мен тіл өскелең ұрпақты өмірге дайындауды жүзеге асыруды көздейді. 

 
22 
         Тәрбие  өзінің  атқаратын  қызметіне  сәйкес  ұрпақтар  сабақтастығын, 
қоғамдық  тәжірибені  ауыстыруды  қамтамасыз  етеді.  Ал  тіл  -  қоғамдық 
тәжірибені,  ақпаратты  бір  ұрпақтан  екіншісіне  жеткізу  құралы.  Тілдің 
атқаратын нақты педагогикалық және әдістемелік функциялары:    
          тіл - педагогикалық қатынас құралы;  
          тіл- таным мен даму құралы
     
 
          тіл- педагогикалық ойды жеткізу, ұйымдастыру, ықпал ету құралы; 
          тіл- адамды оқып- үйрету құралы. 
Тәрбие  және  қоғамдық  сана  формалары.  Қоғамдық  сананың  маңызды 
формасы  -  идеология.  Идеология  әлемнің  бейнесі  мен  құбылыстарын 
түсіндіретін  идеялар,  көзқарастар,  теориялар  жүйесін  білдіреді.  Оған 
философиялық,  адамгершілік,  саяси,  экономикалық,  құқықтық,  эстетикалық 
идеялар енеді. 
Идеологиялық білім - адамның табиғат пен қоғам дамуының заңдары туралы 
негізгі  идеялар  жүйесін  меңгеруі,  әртүрлі  идеологиялық  бағыттарды  білуі, 
оларға сын көзбен қарау қабілетінің болуы. 
Идеологиялық  тәрбие      қоғамдық  өмірде  жүзеге  асырылады,  адамдарға 
дүниетаным  негіздерін,  терең  сенімдерді,  болмыс  құбылыстарына  идеялық-
эмоциялық қатынасты қалыптастыруды көздейді.  
Саясат белгілі бір әлеуметтік топтардың, таптардың талап- мүдделері мен 
олардың 
қоғамның 
ішкі 
өмірі 
мен 
халықаралық 
қатынастарды 
ұйымдастырудағы  іс-әрекетінің  принциптерін  өмірде  бейнелеу  мен  жүргізуді 
білдіреді. Идеологияның бір бөлігі ретінде саясат тәрбиені өзінің қоғамда және 
өскелең  ұрпақтың  санасында  орын  алуы  үшін  пайдаланады,  соған  сәйкес 
идеялық саяси тәрбие жүзеге асырылады.  
Қоғамдық  сана  формасына  жататын  мораль  -  адамның  бір-  біріне  деген 
қатынасын  белгілеп,  тарихи  өзгеріп  отыратын  нормалардың,  принциптердің, 
ережелердің  белгілі  жиынтығы.  Мораль  принциптері  мен  ережелерін  орындау 
қоғамдық  пікірге  негізделген.  Оның  ережелерін  бұзғаны  үшін  ешкім  заң 
бойынша қылмысқа тартылмайды, бірақ оның әсері құқықтан кем емес. Мораль 
-  адамдардың  адамгершілік  дамуының  ең  жоғарғы  сатысы.  Адамгершілік 
тәрбиесі  адамгершілік  ұғым,  принциптер,  мінез-құлық  нормалары  жайында 
біліммен қаруландырады. Адамгершілік ұғымдарды тек қана жаттап алып, есте 
сақтап  қана  қоймай,  оларды  оқу-тәрбие,  еңбек  процесінде  іске  асыру  қажет. 
Сонда ғана адамгершілік принциптері моральдық сенімге айналады.   
 
Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: 

 
23 
-  адамның  әрбір  жеке  қасиетінің  (гуманизм,  адалдық,  батылдық,  т.б.) 
жиынтығы болатын адамгершілік сенімді, сезімді және әдетті қалыптастыру; 
-  адамдарға  құрмет  сезімін  дамыту,  кішіпейілдікті,  қайырымдылықты 
тәрбиелеу; 
-  жеке мүддені қоғамдық мүддемен ұштастыра білуге тәрбиелеу; 
-  патриотизм мен интернационализмге тәрбиелеу. 
 
Қоғамдық сананың формасы  болып  табылатын  құқық  - мемлекет пен  ар-
ожданның  бағынышты  күшіне  негізделген  адамдар  арасындағы  нормалар  мен 
ережелердің  жиынтығы.  Оның  негізгі  мақсаты  -  қоғамдық  меншікті  қорғау, 
халық  үкіметін,  демократияны,  мемлекеттік  заңдылық  нормаларын,  адамның 
құқықтары мен бостандығын қорғау. Біздің елімізде демократиялық құқықтық 
мемлекет  орнату  күн  тәртібіне  қойылуға  байланысты  құқықтық  сананың 
маңызына  назар  аударылып,  құқықтық  тәрбиенің  ролін  арттыру  көзделуде. 
Құқықтық  нормаларды қоғамдық қатынастардың нақты практикасына ендіруге 
құқықтық сананы жетілдіру, азаматтардың  санасын ояту, қоғамдық пікір беделі 
мен заңның күшін мемлекеттік құқық қорғау органдарының көмегімен күшейту 
арқылы қол жеткізуге болады.  
Құқық  қоғам  өмірінде  бірнеше  маңызды  әлеуметтік  функцияларды 
атқарады.  
Құқықтың негізгі қайнар көзі мемлекеттік құқықтың мәнін ашып көрсететін 
Ата Заң болып табылады. Ата Заңның негізінде қоғамдық өмірдің әрбір саласы 
(еңбек,  азаматтық,  меншік,  кәсіпорын,  кооперация,  қоршаған  ортаны  қорғау 
туралы,  әкімшілік,  отбасылық,  қылмыстық)  бойынша  заң  актілері  жасалып, 
әрекет етеді. Мұнда құқықтың реттеуші функциясы көрінеді.  
Тәрбиелік функциясы демократиялық құқықтық мемлекетте адам тәртібінің 
негізі - оның белсенді және саналы түрде адамгершілік пен құқық нормаларын 
орындауы болып табылады. Осында педагогикалық және заң ғылымының өзара 
әрекеті      негізделеді:  педагогика  адамгершілік  нормаларын  тәрбиелеуден 
құқыққа қарай, юриспруденция - құқықтан адамгершілікке қарай жылжиды. Екі 
ғылым  да  бір  міндетті  -  адамға  адамгершілік  құқықтық  мәдениетті 
қалыптастыруды көздейді.  
Құқықтың  қорғау  функциясы  азаматтарды  заңды,  құқықты  бұзудан    және 
қылмыстардан  қорғайды.  Оны  арнайы  құқық  қорғау  органдары:  сот, 
прокуратура, адвокатура, нотариус орындайды.  
Педагогикада құқықтың тәрбиелік функциясы негізгі орын алады, ол реттеу 
және қорғау функцияларымен өзара байланыста әрекет етеді.  

 
24 
Құқықтық  тәрбиенің  жүйесі  құқықтық  сананың  құрылымы  (құқықтық 
сауаттылық,  адамгершілік-құқықтық  және  саяси  сезімдер,  құқықтық  ойлау) 
туралы ғылыми түсініктер арқылы анықталады. Құқықтық тәрбиенің мақсаты 
құқықтық  мемлекеттің  азаматын  қалыптастыру,  оның  бойында  құқықтық 
мәдениетті тәрбиелеу. 
         Ғылым - табиғат, қоғам және ойлау дамуының мәні, өзара байланысы 
мен  объективті  заңдары  туралы  білімге  негізделген  қоғамдық  сананың 
формасы. 
         Ғылыми  білім  қоғамдық  құбылыс  ретіндегі  тәрбие  мазмұнының 
маңызды компоненттерінің бірі болып табылады. 
         Ғылыми  тәрбие  таным  процесінде  жүзеге  асырылып,  жеке  тұлғаны 
дамытуға,  табиғат,  қоғам  құбылыстарына  аналитикалық,  шығармашылық 
қатынастарды қалыптастыруға бағытталады. 
        Қоғамдық сананың формасы ретінде өнердің негізгі атқаратын қызметі 
-  дүниені  көркемдік  тану,  өмірге  эстетикалық  қатынасты  қалыптастыру,  жеке 
тұлғаның  азаматтық  және  рухани  адамгершілік  қасиеттерін  тәрбиелеу. 
Эстетикалық  тәрбие  -  адамның  өмірдегі,  өнердегі,  табиғаттағы  әсемдікті, 
асқан сұлулықты сүйсіне сезім ұнатуы, дұрыс ұғынып, ләззат алуы. Көркемдік 
негіз еңбекті одан сайын қасиеттендіреді, тұрмысты сәндендіреді және адамның 
жоғары моральдық қасиетін қалыптастырады.  
        Қоғамдық  сананың  тағы  бір  формасы  -  дін.  Имандылық  тәрбие 
жаратушының  барлығына  күмәнсіз  сену,  илану  ғана  емес,  сонымен  қатар  бұл 
сенім-білімдерді  күнделікті  тұрмыста,  адамдармен  қарым-қатынаста,  мінез-
құлықта  қалыптасқан  оңды,  игілікті  әдет-дағдыға  айналдыру,  жақсылыққа 
пайдалана  білу  керек.  Діни  тәрбие  мен  адамгершілік,  мінез-құлық  тәрбиесі 
бөлінбей,  ажырамай,  қосарлана,  қатар  жүргізілуі  -  негізгі  шарт,  бұлжымас 
қағида.Оларды  біріктіретін,  ең  әуелі  -  әділет,  ынсап,  ұят,  Құран  аяттары  мен 
пайғамбар хадистері. 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
25 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
§4. Тәрбие  процесінің  мәні  мен  мазмұны. Тәрбие әдістері 
 
        Тәрбие  -  жеке  тұлғаны  мақсатты  түрде  қалыптастыруға  бағытталған 
процесс.  Бұл  тәрбиеші  мен  тәрбиеленушілердің  арнайы  ұйымдастырылып, 
басқарылатын  және  бақылауға  алынатын  өзара  іс-әрекеті,  негізгі  мақсаты  - 
қоғамға керекті және пайдалы жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі кезде тәрбие 
процесін  осы  қойылған  мақсатқа  жетуге  бағытталған  тәрбиеші  мен 
тәрбиеленушілердің  тиімді өзара ықпалы (ынтымақтастығы) деп түсінеді. 
       Тәрбие процесінің ерекшеліктері: 
1)
 
мақсатқа бағыттылығы; 
2)
 
көп факторлығы (объективті және субъективті); 
3)
 
ұзаққа созылатындығы: 
4)
 
үздіксіздігі; 
5)
 
кешенділігі; 
6)
 
нәтижелерінің вариативтілігі (бір мәнге ие болмауы) мен белгісіздігі
7)
 
екі жақты сипаты. 
         Тәрбие  процесі  диалектикалық  сипатқа  ие  болады.  Бұл  оның  үздіксіз 
дамуы үстінде қозғалмалы, жылжымалы, өзгермелі болуынан туындайды. 

 
26 
          Тәрбие  процесінің  диалектикасы  ішкі  және  сыртқы  қарама- 
қайшылықтардан  көрінеді.  Осы  қарама-қайшылықтар  процестің  үздіксіз 
ағымын ұстап тұратын қозғаушы күшті тудырады.  
       Жеке  тұлғаның  қалыптасуының  барлық  сатысында  көрінетін  негізгі 
ішкі  қайшылықтардың  бірі  -  жаңа  қажеттіліктердің  пайда  болуы  мен  оларды 
қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы қайшылықтар. Осының нәтижесінде 
адам  өз  тәжірибесін  белсенді  түрде  толықтыруға,  кеңейтуге  тырысады,  жаңа 
білім  мен  мінез-құлық  түрлерін  меңгереді,  нормалар  мен  ережелерді  игереді. 
Бұл  сапалар  қандай  бағытқа  ие  болатыны  көптеген  жағдайларға:  іс-әрекетке, 
жеке  тұлғаның  белсенділігі  мен  өмірлік  ұстанымына  байланысты.  Тәрбиенің 
негізгі  қызметі  -  жеке  тұлғаның  қалыптасуына  дұрыс  бағдар  беру,  ал  ол 
қозғаушы  күштер,  мотивтер,  қажеттіліктер,  тәрбиеленушілердің  өмірлік 
жоспары  мен  құндылық  бағдары  туралы  терең  білімнің  бар  болуы  негізінде 
ғана іске асырылады. 
         Сыртқы 
қайшылықтарға 
мектеп 
пен 
отбасы 
арасындағы 
қайшылықтар  -  кейбір  отбасы  тарапынан  педагогтың  талаптарына  қарсы  келу 
әрекеттері;  ақпарат  мазмұндас  қайшылықтар  -  сөз  бен  істің  арасындағы 
қайшылықтар; 
тәрбиеленушілердің 
сыртқы 
әсерлері 
мен 
ішкі 
талпыныстарының арасындағы қайшылықтар жатады. 
          Тәрбие  процесі  -  күрделі  динамикалық  жүйе.  Қазіргі  теориялық 
педагогикада  тәрбие  процесі  жүйесінің  төмендегідей  өлшемдер  бойынша 
құрылған моделі белгілі: тәрбие процесінің мақсаты мен міндеттері, мазмұны, 
процестің  жүру  шарттары,  тәрбиеші  мен  тәрбиеленушілердің,  қолданылатын 
әдістер, формалардың, процестің даму сатыларының, т.б. өзара байланысы. 
          Мақсатты  өлшем  бойынша  тәрбие  процесінің  құрылымы  міндеттер 
жиынтығынан  тұрады.  Қазіргі  кезде  тәрбие  процесі  мынадай  міндеттерді 
шешуге бағытталған: 
-
 
жан-жақты  және  үйлесімді  дамыған  жеке 
тұлғаны қалыптастыру; 
-
 
жеке 
тұлғаның 
адамгершілік 
сапаларын 
қалыптастыру; 
-
 
адамдарды ғылым, мәдениет, өнер саласындағы 
қоғамдық құндылықтарға тарту; 
-
 
қоғамның  демократиялық  жаңаруына,  жеке 
тұлғаның  құқықтары  мен  міндеттеріне  сәйкес  келетін  өмірлік  ұстанымды 
тәрбиелеу; 

 
27 
-
 
жеке  тұлғаның  мүмкіндіктері  мен  ынтасын, 
әлеуметтік  талаптарын  ескере  отырып,  оның  қабілетін,  қызығушылығын 
дамыту; 
-
 
жеке  тұлғаның  маңызды  әлеуметтік  қызметін 
дамыту. 
Тәрбие процесінің жүру тиімділігін қамтамасыз ететін компоненттердің 
өзара  байланысы  мен  тәуелділігі  өлшемі  бойынша  құрылымы  мыналарды 
қамтиды:  а)  тәрбиенің  нақты  мақсаты  мен  міндетін  айқындайтын  процесті 
жобалау;  ә)  материалдық  (еңбек,  табиғат  қорғау),  қоғамдық  (ұжымдық, 
ұйымдастыру-басқару,  қарым-қатынас),  рухани  іс-әрекетті  ұйымдастыру;  б) 
адамдар  арасындағы  қатынасты  реттеу;  в)  қорытындыларды  шығару  және 
бақылау. 
Педагогикалық  әрекеттер  жүйелілігі  өлшемі  бойынша  тәрбие  процесінің 
құрылымы  мынадай  компоненттерден  тұрады:  1)  жалпы  нормалар  мен 
талаптармен  танысу;  2)  қатынастарды  қалыптастыру;  3)  көзқарастар  мен 
сенімдерді  қалыптастыру;  4)  жеке  тұлғаның  жалпы  бағыттылығын 
қалыптастыру.  
         Тәрбие тиімділігі мыналарға байланысты: 
1)
 
қалыптасқан тәрбиелік қатынастарға байланысты; 
2)
 
әрекет  етудің  мақсаты  мен  ұйымдастырылуының  сәйкес    келуіне 
байланысты; 
3)
 
әлеуметтік практика мен тәрбиеленушіге тәрбиелік ықпал ету сипатының 
сәйкестігі; 
4)
 
объективті және субъективті факторлардың бірлесіп әрекет етуі; 
5)
 
тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі; 
6)
 
педагогикалық ынтымақтастыққа қатынасушылардың белсенділігі; 
7)
 
оқыту мен даму процестерінің тиімділігі; 
8)
 
тәрбиелік ықпалдың сапасы
9)
 
тәрбиеленушінің  «ішкі  аймағына»  (мотивтер,  қажеттіліктер,  эмоциялар, 
интеллект) ықпал етуді күшейту (Г.И.Щукина); 
10)
 
 педагогикалық  ықпалдың  тәрбиеленушілердің 
вербальды  және  сенсамоторлы  процестерінің  даму  деңгейіне  сәйкестігі 
(Г.И.Щукина); 
11)
 
тәрбиеленушілердің  өзара  қарым-қатынастарын 
күшейту мен сапасын жақсарту. 

 
28 
Тәрбиенің  мазмұны  дегеніміз    -  жеке  тұлғаның  білімдерінің,  сенімдерінің, 
дағдыларының,  сапалары  мен  қасиеттерінің  жиынтығы.  Ақыл-ой,  дене,  еңбек, 
политехникалық,  адамгершілік,  құқықтық,  идеялық-саяси,  эстетикалық  тәрбие 
тәрбиенің  басты  мақсаты  -  жан-жақты  және  үйлесімді  дамыған  жеке  тұлғаны 
қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
Соңғы  жылдары  тәрбие  процесінің  мазмұнына  деген  көзқарас  тез  және 
түбегейлі өзгерді. Сондықтан тәрбиенің қазіргі кездегі идеологиясының негізін 
төмендегідей  идеялар  құрайды:  1)  тәрбие  мақсатының  нақтылығы,  шындыққа 
сәйкестігі.  
Бүгінгі  күндегі  тәрбиенің  нақты  мақсаты  -  адамды  қабілеті  мен 
дарындылығына сүйене отырып, жан-жақты дамыту. Бұл мақсатқа жету құралы 
-  адамның  мәдениеттің  базалық  негіздерін  игеруі.  Осыдан  келіп  тәрбие 
мазмұнының  негізгі  ұғымы  -  жеке  тұлғаның  базалық  мәдениеті  туындайды: 
экономикалық  мәдениет,  еңбек  мәдениеті,  саяси,  демократиялық,  құқықтық, 
адамгершілік, экологиялық, көркемдік, тағы басқа мәдениеттер; 
2) балалар мен ересектердің бірлескен іс-әрекеттері; 
3) өзін-өзі анықтау. 
Тәрбие мазмұнының маңызды элементі - адамның өмірлік өзін- өзі анықтау 
мәдениеті.  ¤мірлік  өз  орнын  табу  кәсіптік,  тіпті  азаматтыққа  қарағанда  кең 
ұғым.  ¤зін-өзі  анықтау  мәдениеті  адамды  өз  өмірі  мен  өз  бақытының  иесі 
(субъектісі) ретінде сипаттайды. 
4) тәрбиенің тұлғалық бағыттылығы. 
Тәрбиенің  негізгі  орталығы  -  бағдарламалар,  шаралар,  формалар  мен 
әдістер  емес,  адам  болу  керек,  сондықтан  адамның  дара  қабілеттері  мен 
қызығушылықтарын, жауапкершілік сезімдерін, т.б. дамыту керек. 
5) еріктік; 
6) ұжымдық бағыттылық. 
Тәрбиенің  практикалық  мәнін  көтеру  керек.  Жақсы  ұйымдастырылған 
тәрбие  адамды  өмірдегі  үш  рольге  –  азамат,  жұмысшы,  отбасы  иесі  ретінде 
дайындауы керек. Енді олардың нақты сапаларын көрсетейік. 
      Азамат  
Азаматтық  міндеттерді  орындау  -  қоғам,  ел,  ата-ана  алдындағы  борыш 
сезімі. 
Ұлттық мақтаныш пен патриотизм сезімі. 
Мемлекеттің  Ата  Заңын,  мемлекеттік  өкіметті,  Ел  Президентін,  мемлекет 
белгілерін (елтаңба, ту, әнұран) сыйлау. 

 
29 
Елдің тағдырына жауапкершілікті сезіну. 
Қоғамдық тәртіп пен қарым-қатынас мәдениеті. 
Елдің ұлттық байлықтарына, тілге, мәдениетке, дәстүрлерге сыйлы қатынас. 
Қоғамдық белсенділік. 
Демократиялық принциптерді сақтау. 
Табиғатқа аялы көзқарас. 
Адам құқықтары мен бостандықтарын сыйлау. 
Белсенді өмірлік ұстаным. 
Құқықтық сана мен азаматтық жауапкершілік. 
Шыншылдық, қайырымдылық, әділдік. 
¤з ісі мен қылықтарына жауапкершілік. 
Интернационализм, басқа елдердің халықтарын сыйлау. 
      Жұмысшы       
Тәртіптілік пен жауапкершілік. 
Еңбекке қабілеттілік пен жинақылық. 
Жалпы, арнайы және экономикалық білім. 
Саяси білім. 
Еңбекке шығармашылық қатынас. 
Тапсырылған істі тез және сапалы орындауға тырысу. 
Кәсіптік мақтаныш, шеберлікті сыйлау. 
Саналылық, сыпайылық, ұқыптылық. 
Еңбек іс-әрекетінің тәжірибесі. 
Эмоциялық өндірістік мәдениет. 
Еңбекке, өмірге, іс-әрекетке эстетикалық қатынас. 
Ұжымшылдық, жұмыс істей білу іскерлігі. 
Инициативтілік, кәсіпқойлық. 
Ел, қоғам игілігі үшін ұзақ және жемісті еңбек етуге  дайындық. 
Іскерлік және кәсіпкерлік. 
Еңбек нәтижесіне жауапкершілік. 
Еңбек адамдарын, өндіріс шеберлерін сыйлау. 
 
 
Отбасы иесі 
Еңбексүйгіштік, жауапкершілік. 
Сыпайылық қарым-қатынас мәдениеті. 
Қоғамдық ортада өзін-өзі ұстай білу. 

 
30 
Тазалық, гигиеналық дағдылар. 
Денсаулық, белсенді өмір сүру әдеті. 
Бос уақытты ұйымдастыру мен өткізу іскерлігі. 
Жан-жақты білімділік. 
Құқықтық нормалар мен заңдарды білу. 
Практикалық психология мен этиканы білу. 
Балаларды тәрбиелей білу. 
Некеге отыруға және отбасылық міндеттерді орындауға даярлық. 
¤з  ата-анасын, қарттарды сыйлау, т.б. 
Тәрбие әдісі - қойылған мақсатқа жету жолы. Тәсіл - әдістің құрамды бөлігі, 
жеке әрекет. Тәсіл деп бір ғана ықпалды айтса, әдіс - тәсілдер жиынтығы. Құрал 
- бұл тәсіл де, әдіс те емес. Мысалы, еңбек - тәрбие құралы, ал көрсету, еңбекті 
бағалау, ондағы қателікті көрсету - тәсілдер. Сондықтан кейде тәрбие әдістерін 
тәсілдер мен құралдар жүйесі ретінде анықтайды.  
Тәрбие әдістерін таңдап алу шарттары мыналар болып табылады: тәрбиенің 
мақсаты  мен  міндеттері;  тәрбие  мазмұны;  тәрбиеленушілердің  жас 
ерекшеліктері;  ұжымның  қалыптасу  деңгейі;  тәрбиеленушілердің  дербес  және 
тұлғалық ерекшеліктері; тәрбие жағдайы (материалдық, психо-физиологиялық, 
санитарлық-гигиеналық,  педагогикалық  жағдаяттар);  тәрбие  құралдары; 
педагогикалық біліктілік деңгейі; тәрбие уақыты; күтілетін салдарлар. 
Қазіргі  кезде  тәрбие  әдістері  мақсатты,  мазмұндық  және  процессуальдық 
жақтарды  қамтитын  интегративті  сипаттамаға  сәйкес  топтастырылады.  Осы 
сипаттамаға сәйкес тәрбие үш топқа бөлінеді (Ю.К.Бабанский бойынша): 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тєрбие єдістері 
Іс-єрекетті ±йымдастыру 
мен ќоѓамдыќ мінез-ќ±лыќ 
тєжірибесін ќалыптастыру 
єдістері 
Жеке т±лѓаныњ 
санасын 
ќалыптастыру 
єдістері 
Мінез-ќ±лыќ 
пен іс-єрекетті 
ынталандыру 
єдістері 
Єњгіме 
Т‰сіндіру 
Пайымдау 
Лекция 
Этикалыќ 
єњгіме 
Иландыру 
Диспут 
Баяндама 
¤неге 
Баѓа беру 
Пікірін айту 
 
С
 
 
Е 
 
Н 
 
І 
 
М 
 
Ж
 
А 
Т 
Т 
Ы 
Ѓ 
У 
 
Жаттыѓу 
‡йрету 
Педагогикалыќ 
талап 
Ќоѓамдыќ пікір 
Жаттыќтыру 
Тєрбиелік 
ситуациялар 
М
О
 
Т 
И 
В 
А 
Ц 
И 
Я 
 
Жарыс 
Мадаќтау 
Жазалау
 
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет