Қазіргі таңда елімізде болып жатқан өзгерістерге байланысты әлеуметтік



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет1/6
Дата03.05.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6

 

 

 

 

 

Түсініктеме 
 
  Қазіргі таңда елімізде болып жатқан өзгерістерге байланысты  әлеуметтік 
және  материалдық  құндылықтарды  жасауда  жан-жақты  үйлесімді  дамыған,  өз 
алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, әр істе белсенді шығармашылық 
әрекет жасауға қабілетті тұлғаны қалыптастыру көкейкесті мәселе болып отыр. 
Бұл  мәселенің  шешімін  табу  қоғам  иелерін  тәрбиелеу  мен  оқыту  мәселесіне 
жаңаша  көзқарасты  талап  етеді.  Сондықтан  әрбір  адам  педагог  болмаса  да, 
оның  педагогика  ғылымы  саласынан  білімі  болуы  -  өмірдің  шарты. 
Педагогиканың негізгі қағидаларын меңгеру адамдардың рухани дамуына жол 
ашып, олардың арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттейді. 
  Ұлы  Мағжан  бабамыз  «Тәрбиедегі  мақсұт  адамды  ћәм  сол  адамның 
ұлтын, асса, барлық адамзат дүниесін бақытты  қылу. Ұлт мүшесі - әрбір адам 
бақытты  болса,  ұлт  бақытты,  адамзат  дүниесінің  мүшесі  -  әрбір  ұлт  бақытты 
болса,  адамзат  дүниесі  бақытты.  Қысқасын  айтқанда,  тәрбиеден  мақсұт  адам 
деген атты құр жала қып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару»
1

деп, терең ой айтқан болатын. Бабамыздың зерделі ойын іс жүзіне асыру үшін 
әрбір  адамның  педагогикалық  білім  негіздерін  меңгеруіне  қол  жеткізу  керек. 
Осы  мақсатпен  біз  «Педагогика  негіздері»  атты  оқу-әдістемелік  құралды 
ұсынып отырмыз.  
  Ұсынылып  отырған  оқу-әдістемелік  құралдың  бірінші  бөлімінде  әрбір 
адамның  педагогика  ғылымына  қатысты  білуі  қажет  негізгі  мәселелер 
қарастырылады.  Ал  екінші  бөлім  тікелей  педагогика  пәнін  оқытуды 
ұйымдастыруға бағытталып, әдістемелік сипатқа ие болады. 
   Бірінші  бөлім  болашақ  мамандардың  педагогикадан    теориялық  білімін  
жетілдіруді  көздейді.  Онда  әрбір  ұғымға  нақты  анықтамалар  беріліп,  олардың 
мазмұндық  сипаттамасы  ашып  көрсетілген,  мұның  өзі  теориялық  мәселелерді 
терең меңгеруге мүмкіндік береді. 
  Екінші  бөлімде  бірінші  бөлімде  қарастырылған  кейбір  мәселелерді 
оқытудың  жолдары  қарастырылып,  семинар  және  практикалық  сабақтарды 
өткізуге әдістемелік нұсқаулар беріледі және педагогикадан аудиториядан тыс 
жұмыстың  бір  түрі  -  олимпиаданың  үлгісі  көрсетіледі.  Сөйтіп,  жас 
оқытушыларға әдістемелік тұрғыдан көмек көрсету мақсатын көздейді. 
  Қосымшаларда 
педагогика  ғылымы  туралы  білімді  жетілдіруге 
бағытталған материалдар ұсынылады.  
                                                 
1
 М.Ж±мабаев. Педагогика.-Алматы:Ана тілі, 1992.- 14-15 беттер.
 

 

  Бұл  оқу-әдістемелік  құралда  педагогика  ғылымының  негізгі  мәні  ашып 
көрсетіліп, тәрбие мәселесі туралы сөз болады. Сондықтан ол адам тәрбиесімен 
айналысатындар  мен  педагогика  ғылымына  қызығушылық  білдірген  барша 
қауым үшін пайдалы болады деп сенеміз.     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1-бөлім.  Педагогиканың жалпы мәселелері 
 
§1. Қазіргі кездегі педагогика ғылымы, оның негізгі категориялары 
 
  Тәрбие  беру  ісінің  адамзат  қоғамында  тамыры  тереңге  жайылған.  Ол 
алғашқы  адамдармен  бірге  пайда  болды.  Балалар  ешқандай  педагогикасыз 
тәрбиеленді, тіпті оның бар екенін де ешкім білген емес. Тәрбие туралы ғылым 
кейіннен пайда болды. Ол барлық белгілері бойынша кейіннен қалыптасқан жас  
ғылымдар  санатына  жатады.  Алғашқы  тәжірибелер,  эмпирикалық  мәліметтер, 
күнделікті  өмір  тәжірибесінің  қорытындылары  теория  ретінде  саналмайтыны 
анық, олар тек қайнар көздер мен кейінгінің алғышарттары болады. 

 

  Қандай да  болмасын  ғылым саласының  пайда  болуының алғашқы  себебі 
өмірдің  қажеттілігінен  туындайтыны  белгілі.  Адамдар  өмірінде  білім  ерекше 
рольге ие болатын уақыт келді. Қоғамның дамуы өскелең ұрпақты тәрбиелеудің 
қандай  деңгейде  қойылғанына  байланысты  болатындығы  анықталды.  Осыдан 
келіп  тәрбиелеу  жөніндегі  іс-тәжірибені  жинақтау,  жастарды  өмірге 
дайындайтын арнайы оқу-тәрбие мекемелерін құру қажеттілігі туындады. 
  Ежелгі  дүниедегі  неғұрлым  дамыған  мемлекеттерде  -    Қытайда,  Үндіде, 
Египетте,  Грецияда  тәрбиелеу  тәжірибелерін  жинақтауға  алғашқы  қадамдар 
жасалды, теориялық бастамалар етек алды. Ол кезде адамның табиғаты туралы 
барлық  білім  философияда  беріліп,  онда  алғашқы  педагогикалық  ой-пікірлер 
пайда болды (Қосымша1). 
  «Педагогика»  -  гректің  «пайдос»  -  бала,  «аго»  -  жетектеу  деген  сөзінен 
шыққан, тура аударғанда «пайдагогос»  - «бала жетектеуші»  - деген мағынаны 
білдіреді. Ежелгі Грецияда қожайынның баласын мектепке апаратын құлдарды 
педагогтар  деп  атаған.  Кейіннен  бұл  сөз  жаңа  мағынаға  ие  болып,  «баланы 
өмірге  жетектеу»  дегенді  білдірді  де,  тәрбие  мен  оқыту  ісімен 
шұғылданатындарды педагогтар деп атайтын болды. 
  Педагогикалық 
еңбектерде, 
оқу 
құралдарында, 
сөздіктер 
мен 
энциклопедиялық  басылымдарда  педагогика  ұғымына  әртүрлі  анықтамалар 
береді және оның ғылым ретіндегі пәнін де түрліше көрсетеді. 
  Педагогиканың неғұрлым жиі кездесетін анықтамаларының төмендегідей 
нұсқаларын ұсынуға болады: 
  Педагогика- тәрбие туралы ғылым.  
   Педагогика- өскелең  ұрпақ тәрбиесі туралы ғылым.  
  Педагогика- адамды тәрбиелеу туралы ғылым. 
  ХХ  ғасырдың  ортасына  дейін  педагогиканы  балаларды  тәрбиелеу  және 
оқыту  туралы  ғылым  деп  түсініп  келді.  Тек  соңғы  онжылдықта  ғана 
мамандандырылған педагогикалық басшылық балаларға ғана емес, ересектерге 
де  қажет  екендігі  анықталды.  Сондықтан  қазіргі  кезде  педагогиканың  қысқа 
және жалпы салыстырмалы түрде алғанда нақты анықтамасы адамды тәрбиелеу 
туралы ғылым дегенге саяды. 
   «Тәрбие» ұғымы бұл жерде кең мағынада қолданылып тұр, яғни ол білім 
беру, оқыту, дамыту ұғымдарын өзара біріктіреді. 
  Әрбір  ғылымның  зерттеу  объектісі  мен  зерттеу  пәні  болады.  Объект  - 
осы ғылым зерттейтін болмыс аумағы, пән - осы ғылым ұстанымы тұрғысынан 
объектіні көре білу тәсілі. 

 

  Педагогика  ғылымның  объектісі  мен  пәнін  анықтауда  әртүрлі  пікірлер 
қалыптасқан. 
  Педагогика ғылымның зерттейтін объектісі - адам; ал кейбір әдебиеттерде 
тәрбие  мен  білім  беруді  объектіге  жатқызады  да,  осы  іс-әрекеттерде  пайда 
болатын қатынастар жүйесін оның пәні ретінде анықтайды (П.И.Пидкасистый). 
Ал  көптеген  әдебиеттерде  педагогиканың  пәні  –  адамды  адам  етіп  тәрбиелеу 
(С.П.Баранов,  П.Р.Болотина,  Т.В.Воликова,  В.А.Сластенин);  тәрбие  заңдары 
(Б.Лихачев);  тәрбие  іс-  әрекеті  (В.В.Краевский);  тұтас  педагогикалық  процесс 
(Н.Б.Хмель, 
Б.Лихачев); 
арнайы 
ұйымдастырылған 
тәрбие 
саласы 
(И.Ф.Харламов) ретінде қарастырылады. 
  Осы 
анықтамалардың  ешқайсысын  жоққа  шығармай,  неғұрлым 
жалпылама  түріне  тоқталамыз:  педагогика  -  тәрбие  туралы  ғылым. 
Жоғарыда  айтылған  анықтамаларға  сүйене  отырып,  педагогика  пәнін 
оқу-тәрбие  мекемелерінде  жүзеге  асырылатын  тәрбие  іс-әрекеті  ретінде 
анықтаймыз. 
  Педагогика  өзінің  күшін  қоғамда  туындайтын  тәрбие,  білім  беру,  оқыту 
проблемаларын  шұғыл  шешуге  бағыттайтын  қолданбалы  ғылым  ретінде 
қарастырылады. 
  Педагогика  ғылымының  қайнар  көздері:  көп  ғасырлар  бойы  адамдардың 
іс-әрекеттерінде,  салт-дәстүрлері  мен  халықтық  педагогикасында  жинақталған 
тәжірибе;  философиялық  еңбектер;  ағымдағы  әлемдік  және  отандық  тәрбие 
беру  практикасы;  арнайы  ұйымдастырылған  педагогикалық  зерттеу 
мәліметтері; жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі. 
  Педагогика пәнін және оның зерттейтін салаларын толық түсіну үшін ең 
алдымен негізгі педагогикалық категорияларды қарастыру қажет. 
  Әрбір  ғылымның  өзіне  тән  тану  саласы  және  ғылыми  ұғымдары  бар. 
Мысалы,  философияда  мұндай  ұғымдар  -  болмыс,  материя,  қозғалыс, 
саясаттануда  -  қоғамның  өндіргіш  күштері  мен  өндірістік  қатынастары,  ал 
педагогикада - тәрбие, білім беру, оқыту.  
  Категориялар  (ұғымдар)  -  объективтік  құбылыстарды,  қасиеттерді  және 
қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы. Сонымен бірге категориялар - біздің 
санамыздың сатылары. 
  Педагогикалық  категориялар  арқылы  педагогикалық  құбылыстарды,  
олардың  өзара  байланысын  танып-білуге  болады.  Педагогикада  «мақсат», 
«әдіс», «құрал», «даму», «қалыптасу» сияқты ұғымдар да кездеседі. Бірақ олар 

 

барлық ғылымдарға ортақ ұғымдар болғандықтан, педагогикада тек оқу, тәрбие 
мәселелеріне сәйкес қарастырылады. 
  Тәрбие жайында осы уақытқа дейін әртүрлі пікірлер айтылып келеді: 
  а)  Тәрбие  -  ересек  адамдардың  балаларға  ықпал  жасауы.  Бұл  жағдайда 
бала  пассивті  объект  ретінде  қарастырылады.  Ол  педагогикалық  процестің 
субъектісі  бола  алмайды,  яғни  өздігінен  ойланып,  белсенді  іс-әрекет  жасау 
ролін атқармайды. Мұнда тәрбиеге бір жақты анықтама беру байқалады. 
  ә)  Тәрбие  -  баланың  өздігінен  табиғи  және  еркін  дамуы  үшін  жасалатын 
жағдай.  Бұл  жерде  балаға  толық  ерік  беру  мәселесіне  көңіл  аударылып,  ал 
тәрбиенің ролі бүркемеленіп, елеусіз қалып отыр. 
  б)  Кейде  тәрбиені  практикалық  тұрғыдан  бір  жақты  жалаң  тәжірибеге 
сүйеніп  түсіндіреді.  Мұндай  пікірді  қуаттаушылар  прагматиктер:  олардың 
айтуынша,  тәрбие  баланы  тұрмыс  қалпына  бейімдейді,  сондықтан  ол  өзінің 
күнін көруге пайдасы бар білімді, білікті және дағдыны меңгеруі қажет. 
  Ғылыми  педагогика  тәрбиені  қоғамдық  құбылыс,  қоғамдық  категория 
ретінде  қарастырып,  қоғамның  тәрбиесіз  өмір  сүре  алмайтындығын 
философиялық тұрғыдан түсіндіреді. 
  Тәрбие - жеке тұлғаны қалыптастыруға мақсатты түрде бағытталған және 
ұйымдастырылған  процесс.  Педагогикада  «тәрбие»  ұғымы  кең  және  тар 
әлеуметтік  мағынада,  сонымен  бірге  кең  және  тар  педагогикалық  мағынада 
қолданылады. 
  Кең  әлеуметтік  мағынада,  тәрбие  -  аға  ұрпақ  өкілдерінің  жинақтаған 
тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізу. Тәжірибе деп барлық адамдарға белгілі білім, 
білік, ойлау тәсілдерін, адамгершілік, этикалық, құқықтық ережелерді,  яғни бір 
сөзбен  айтқанда,  адамзаттың  тарихи  даму  процесінде  жасалынған  рухани 
мұраны айтады. 
  Тәрбие адамзат қоғамымен бірге  қалыптасып, оның өмірі мен дамуының 
құрамдас  бөлігі  саналады,  сондықтан  қоғам  бар  жерде  тәрбие  де  өмір  сүріп, 
баршаға ортақ және мәңгілік категория ретінде әрекет етеді. 
  Көптеген философтар қоғамдық өмірді басқаратын заңдарға талдау жасай 
отырып,  тәрбие  мен  қоғамның  өндіргіш  күштерінің  даму  деңгейі  арасындағы 
объективті  байланысты  анықтады.  Тәрбие  қоғамның  дамуына  әсер  етеді,  өз 
кезегінде  қоғам  тәрбие  үшін  мүмкіндіктер  жасайды.  Тәрбиенің  бағыты  мен 
сипаты  өндіргіш  күштердің  даму  деңгейі  мен  өндірістік  қатынастардың 
сипатына сәйкес келеді. Сондықтан тәрбие нақты тарихи сипатқа ие болады. 

 
10 
  Қоғамдық-экономикалық  формация  типінің  өзгеруі  тәрбие  типінің 
өзгеруіне  әкеліп  соқтырады.  Қоғамдық  қатынастардың  өзгеруі  тәрбиенің 
мақсатын,  міндеттерін,  формалары  мен  ұйымдастыру  жолдарын  түбегейлі 
өзгертеді.  ¤мірдің  әлеуметік  жағдайы  да  тәрбиенің  сипатын  және  оның 
адамдардың санасы мен мінез-құлқына әсерін өзгертеді. 
  Қоғамда  таптардың  пайда  болуымен  байланысты  тәрбие  таптық  сипатқа 
ие  болады.  Ол  үстемдік  етіп  отырған  тапқа  қызмет  етеді,  осы  тап  өкілдері 
тәрбиенің бағытын, мақсатын, мазмұны мен формасын анықтайды. 
  Тәрбиенің  кең  әлеуметтік  мағынада  алғанда,  нақты  әлеуметтік,  әсіресе 
педагогикалық мәні - тәрбиемен, яғни жинақталған тәжірибені жеткізумен тек 
маман  педагогтар  арнайы  құрылған  оқу-тәрбие  мекемелерінде  айналысады. 
Қазіргі  қоғамда  өзінің  күшін  тәрбиеге  бағыттайтын  институттардың  тұтас 
кешені әрекет етеді, олар - жанұя, бұқаралық ақпарат құралдары, әдебиет, өнер, 
еңбек ұжымдары, құқықтық тәртіп орындары. 
  Тар әлеуметтік мағынада, тәрбие деп қоғамдық институттардың адамға, 
оның бойында белгілі бір білім, көзқарас пен сенім, адамгершілік құндылықтар, 
саяси  бағдар,  өмірге  дайындықты  қалыптастыру  мақсатымен  ықпал  жасауын 
айтады. 
  Осыған 
байланысты 
әртүрлі 
сұрақтар 
туындайды: 
қоғамдық 
институттардың қайсысы тәрбиенің тағдырына неғұрлым жауапты болады? 
  Әрине, тәрбиенің табысты болуы барлық институттардың өзара бірлесіп, 
ұйымдасқан  түрде  жұмыс  істеуіне  байланысты  екеніне  күмән  келтіруге 
болмайды.  Дей  тұрғанмен,  қоғамда  тәрбиелік  ықпал  ету  орталығы  арнайы 
ұйымдастырылған,  мамандандырылған  педагогтар  басқаратын  оқу-тәрбиелік 
мекемелер екендігі даусыз. 
  Кең  педагогикалық  мағынада  алғанда,  тәрбие  деп  -  оқу-  тәрбие 
мекемелерінде арнайы дайындалған мамандар арқылы тұлғаны қалыптастыруға 
бағытталған  біртұтас,  саналы  ұйымдастырылған  педагогикалық  процесті 
айтады. 
  Тар  педагогикалық  мағынада,  тәрбие  дегеніміз  –  нақты  тәрбиелік 
міндеттерді шешуге бағытталған тәрбие процесі мен оның нәтижесі. 
  Педагогикада  басқа  әлеуметтік  ғылымдардағы  сияқты,  «тәрбие»  ұғымы 
тұтас  педагогикалық  процестің  құрамды  бөліктерін  белгілеу  үшін  де 
пайдаланылады. Мысалы, «дене тәрбиесі», «эстетикалық тәрбие», т.с.с. 
  Педагогиканың  келесі  негізгі  ұғымы  -  оқыту.  Оқыту  -  білім  берудің 
жолы. Оқыту оқытушы мен оқушылардың біріккен іс-әрекеттері, сондықтан да 

 
11 
ол  екі  жақты  біртекті  процесс:  біріншіден,  оқытушы  оқушыларға  білім  беріп, 
олардың  білік,  дағдысын  қалыптастырады,  екіншіден,  оқушы  таным 
міндеттерін  жете  түсініп,  жаңа  білімді,  білікті,  дағдыны  игереді  және  оларды 
өмірде қолданады. 
  Білім  –  адамның  ғылыми  фактілерді,  ұғымдарды,  ережелерді,  заңдарды, 
қағидаларды түсінуі, есінде сақтауы және қайта жаңғыртуы. 
  Білік – меңгерген білім мен өмірлік тәжірибе негізінде тез, нақты, саналы 
орындалатын практикалық және теориялық іс-әрекетке даярлық. 
  Дағды  -  бұл  қайта-қайта  жаттықтырудың  нәтижесінде  орындалатын 
практикалық әрекет. 
  Педагогикада  тәрбие  мен  оқыту  ұғымдары  бірыңғай  және  тұтас  процесс 
болып  қарастырылады.  Оқыту  әрқашан  тәрбиелік  сипатқа  ие  болады,  сол 
сияқты кез келген тәрбиеде оқытудың элементтері кездеседі. Сондықтан оқыта 
отырып - тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып - оқытамыз. 
  Білім беру -  оқыту нәтижесі. Тура мағынасында ол оқып- үйренілетін пән 
туралы түсініктің, ұғымның қалыптасуын білдіреді. Білім беру деп табиғат пен 
қоғам  жайында  ғылымда  жинақталған  білім,  білік,  дағды  жүйесін  жеке 
тұлғаның  меңгеруін  және  оны  өмірде  тиімді  етіп  қолдана  білуін  айтады.  ХІХ 
ғасырда білім алу адамды қалыптастырумен теңестірілді.   Қазіргі кезде адамзат 
қоғамында орасан зор білім жүйесі жинақталған, оны ұзаққа созылған оқудың 
нәтижесінде  де  толық  меңгеру  мүмкін  емес.  Сондықтан  қазіргі  кезде  білімді 
адам деп жүйеленген білімнің белгілі бір көлемін меңгерген және саналы ойлай 
білетін адамды айтады. Білімділіктің басты өлшемі - білім жүйелілігі мен ойлау 
жүйелілігі. Сатылары бойынша білім беру бастауыш, орта және жоғары білім 
беру болып бөлінеді. 
  Білім беру сипаты мен бағыттылығына қарай жалпы білім беру, кәсіптік 
және политехникалық болып бөлінеді. 
  Жалпы  білім  беру  табиғат,  қоғам,  адам  туралы  ғылымның  негіздерінен 
мағлұмат  береді,  диалектикалық-материалистік  көзқарасты  қалыптастырады, 
танымдық қабілеттерді дамытады. 
  Кәсіптік  білім  беру  кәсіптік  оқу  бөлімдерінде,  арнайы  және  жоғары  оқу 
орындарында жүзеге асырылады. 
  Политехникалық  білім  беру  қазіргі  өндірістің  негізгі  принциптерімен  
таныстырады,  тұрмыста  және  күнделікті  өмірде  қолданылатын    қарапайым 
еңбек құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады. 
 

 
12 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
§2. Педагогика ғылымдарының жүйесі, оның басқа ғылымдармен 
байланысы. Ғылыми - педагогикалық зерттеу әдістері 
 
  Қазіргі  кездегі  ғылыми  педагогика  педагогика  ғылымының  тарихымен 
тығыз  байланысты.  Тарихи  принцип  дегеніміз  қандай  да  болсын  ғылым 
дамуының  аса  маңызды  принципі,  өйткені  өткенді  зерттеу,  оны  қазіргімен 
салыстыру осы заманғы құбылыстардың дамуының негізгі кезеңдерін жақсылап 
қадағалауға  немесе  өткеннің  бағалы  тәжірибелері  мен  жетістіктерін 
пайдалануға  көмектесіп  қана  қоймайды,  сондай-ақ  қателіктерді  қайталаудан 
сақтандырады  және  болашаққа  жол  сілтейтін  ұсыныстарды  неғұрлым  негізді 
ете түседі. 
  Сонымен  педагогикалық  ғылымның  саласы  ретінде  педагогика  тарихы 
педагогикалық ілімдердің тарихын зерттейді. 
  Жалпы  педагогика  -  адам  тәрбиесінің  жалпы  заңдылықтарын  оқытатын, 
тәрбие  мекемелерінің  барлық  типтеріндегі  оқу-тәрбие  процесінің  жалпы 
негіздерін  құрайтын  негізгі  ғылыми  оқу  пәні.  Жалпы  педагогика  төрт  бөлімді 
құрайды:  жалпы  негіздері,  дидактика  (оқыту  теориясы),  тәрбие  теориясы, 
мектептану. 
  Мектепке 
дейінгі  және  мектеп  педагогикасы  жас  ерекшелік 
педагогикасына жатады. 

 
13 
  Ересектердің  педагогикалық  проблемаларымен  айналысатын  салалардың 
ішінде жоғары мектеп педагогикасы тез дамып келеді. Оның пәні - жоғары оқу 
орындарындағы  оқу-  тәрбие  процесінің  заңдылықтары,  жоғары  білім  алудың 
өзіне тән проблемалары. 
  Еңбек  педагогикасы  білімді  жетілдіру  проблемаларымен,  есейген  жақта 
жаңа  білімді  меңгеру,  мамандықты  игеру,  қайтадан  мамандар  даярлау 
проблемасымен айналысады.  
  Әлеуметтік  педагогика  жүйесінің  ішінде  жанұялық  педагогика,  түзеліс 
еңбек педагогикасы (тәртіп бұзғандарды қайта тәрбиелеу, т.б.) сияқты салалар 
бар. 
  Түзеліс-еңбек  педагогикасы  -  қылмыскерлерді  қайта  тәрбиелеудің 
теориялық негіздері мен практикалық қолданысын ашып көрсетеді. 
  Ақыл-ойының  дамуында  табиғи  кемістігі  бар  адамдарды  тәрбиелеу  мен 
оқыту мәселесімен арнайы педагогика айналысады. Сурдопедагогика - саңырау, 
мылқау  және  керең  балаларға,  тифлопедагогика  -  соқыр  балаларға, 
олигофренопедагогика  –  ақыл-ойы  кеміс,  логопедия  -  тілінің  кемістігі  бар 
балаларға білім және тәрбие беру проблемаларын зерттейді. 
  Педагогика  ғылымдарының  негізгі  тобын  дербес  пәндерді  оқыту 
әдістемесі  құрайды,  ол  барлық  оқыту-тәрбие  мекемелеріндегі  нақты  оқу 
пәндерін оқытудың  заңдылықтарын  зерттейді.  Әрбір  педагог  өзінің  жүргізетін 
пәнінің әдістемесін терең меңгеруі тиіс.  
  Педагогикалық  ғылымдар  салалары  өзара  бірыңғай  байланысып,  басқа 
ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. 
   Философиялық    ғылымдар  педагогикаға    тәрбиенің  мағынасы  мен 
мақсатын 
анықтауға, 
адамзат 
болмысы 
мен 
ойлауының 
жалпы 
заңдылықтарының  әрекетін  дұрыс  түсінуге  көмектеседі,  ғылым  мен  қоғамда 
болып  жатқан  өзгерістер  туралы  шұғыл  ақпарат  бере  отырып,  тәрбиенің 
бағытын нақтылауға жәрдемдеседі. 
  Философия  табиғат  пен  қоғам  дамуының  жалпы  заңдарын,  түбегейлі 
мәселелерін  зерттейді,  өмір  шындығын  танып  білу  жөніндегі  көзқарастың 
негізгі  жүйесі  болып  табылады,  адамды  күшті  идеялық  сенімге,  айқын  түсіне 
білушілікке тәрбиелейді. 
  Педагогика  материалистік  диалектиканың  қарама-  қарсылықтардың 
бірлігі мен күресі, сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне ауысуы және терістеуді 
терістеу сияқты негізгі заңдарын тәрбие, білім беру және оқыту процестерінде 
шығармашылықпен пайдалануды көздейді. 

 
14 
  Ғылыми  философия  әртүрлі  заттарды,  құбылыстарды,  оқиғаларды  терең 
және жан-жақты зерттей білуді талап етеді. 
  Сондықтан  ол  басқа  ғылымдар  сияқты  педагогиканы  диалектикалық 
әдіспен  қаруландыра  отырып,  тәрбие  және  оқыту  мәселелерін  ғылыми 
тұрғыдан  шешуге  көмектеседі.  Мысалы,  адамгершілік  және  эстетикалық 
тәрбиеге байланысты мәселелер зерттелгенде, педагогика этика мен эстетикаға, 
ал  оқыту  мен  білім  беру  проблемалары  зерттелгенде  таным  теориясына 
сүйенеді.  
  Сонымен  диалектикалық  және  тарихи  материализм  педагогика  ғылымы 
үшін  тәрбиенің  теориялық  және  практикалық  мәселелерін  шешуге  үлесін 
қосады. 
  Педагогика 
психологиямен  тығыз  байланысты.  Егер  психология 
психикалық  процестерді  (түйсік,  қабылдау,  зейін,  ес,  ойлау  және  т.б.)  және 
адамның  дербес  ерекшелігін  (темперамент,  мінез,  қабілет),  яғни  адам 
психикасының  даму  заңдылықтарын  зерттейтін  болса,  ал  педагогика  осы 
мәселелерді терең пайдалана отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру үшін тәрбие 
мен оқыту, білім берудің тиімді әдістері мен құралдарын анықтап ашады. 
   Педагогика  мен  психология  ғылымының  зерттейтін  объектісі  -  адам. 
Бірақ  зерттеу  екі  бағытта  жүргізіледі  де,  бір  нәтижені  көздейді.  Мысалы, 
психология  -  адамның  мінез-  құлқындағы  түрлі  ерекшеліктерінің  механизмін 
ашуды  қарастырса,  ал  педагогика  -  адамның  мінез-құлқын  тәрбиелеудің 
әдістері мен тәсілдерін іздестіреді. 
  Анатомия  мен  физиология    адамның  биологиялық  мәнін  -  жоғары  нерв 
қызметінің  дамуын  және  нерв  жүйесінің,  1-  ші,  2-  ші  сигнал  жүйесінің 
ерекшеліктерін, сезім органдарының, тірек- қимыл аппаратының, жүрек-тамыр 
мен тыныс алу жүйесінің дамуы мен қызмет етуін түсінуге негіз болады. 
  Педагогиканың  тарихпен,  әдебиетпен,  географиямен,  антропологиямен, 
медицинамен,  экономикамен,  заң  ғылымымен  байланысты  екендігі  белгілі. 
Адам,  оның  тіршілік  ету  мекені,  оның  өмірі,  даму  жағдайы  педагогтардың 
назарынан тыс қалмауы тиіс. 
  Педагогикалық  нақты  мәселелерді  зерттеп,  жинақтауда  әлеуметтану 
ғылымының маңызы өте зор. 
  Әлеуметтану  ғылымы  әлеуметтік  ортаның  адамға  ықпалын,  адамдар 
арасындағы  әлеуметтік  қатынасты  қарастырады.  Жас  ұрпақты  дамыту, 
тәрбиелеу  және  қалыптастыру  проблемаларын  зерттеу  процесінде  педагогика 

 
15 
ғылымы  әлеуметтік  орта  мен  тәрбие  жайындағы  мәліметтерді  әлеуметтану 
ғылымы тұрғысынан қарастырып, шешім қабылдайды. 
  Соңғы кезде педагогика ғылымы кибернетика жетістіктерін де пайдалана 
бастады. 
  Кибернетика грек сөзі, бұл - басқару өнері деген мағынаны білдіреді, ол 
ХХ  ғасырдың  40-жылдарының  аяғында  қалыптаса  бастады.  Кибернетика  - 
күрделі  машиналардағы,  тірі  организмдегі,  қоғамдағы  процестердің  жалпы 
заңдылықтарын  зерттеп  басқаратын,  олардағы  ақпараттарды  беретін  ғылым. 
Кибернетиканың  негізгі  салалары:  ақпарат  теориясы,  автоматтар  теориясы, 
бағдарламалау теориясы. 
  Педагогикалық  процесті  ойдағыдай  басқару  және  жетілдіру  үшін 
кибернетиканың бағдарламалап оқыту теориясына сүйеніп, оқыту мен бақылау 
машиналарын, техникалық құралдарды кеңінен пайдалану қажет. 
Объективті шындықты танып-білу жолдары, тәсілдері зерттеу әдістері деп 
аталады. 
Тәрбиенің нәтижесі тек қана тәрбиешінің тиімді әдістерді қолдана білуі мен 
педагогикалық  шеберлігіне  байланысты  емес,  ол  әртүрлі  факторларға 
байланысты.  Басқа  дәл  ғылымдарға  қарағанда,  педагогикалық  құбылыстарды 
зерттеулердің  өзіндік  ерекшеліктері  бар.  Мысалы,  дәл  ғылымдар  бойынша 
экспериментті қайталап жүргізуге болады. Егер бұрынғы жағдай ескеріліп, сол 
кезеңдегі  материалдар  пайдаланылса,  эксперименттің  нәтижесі  өзгермейді.  Ал 
педагогика  ғылымы  бойынша  экспериментті  қайталап  жүргізу  тиімді  нәтиже 
бермейді.  ¤йткені  педагогикалық  зерттеудің  объектісі-  адамды  тәрбиелеу. 
Сондықтан  педагогикалық  процеске  ішкі  және  кейбір  сыртқы  факторлар 
(әлеуметтік және микроортада кездесетін түрлі жағдайлар және т.б.) әсер етеді. 
Міне,  осы  тұрғыдан  қарағанда  ғылыми-педагогикалық  зерттеу  әдістері 
тәрбиеленушіге зиян келтірмейтіндей бағытта қолданылуы қажет.  
Дәстүрлі зерттеу әдістері деп қазіргі педагогикада бұрыннан қолданылып 
келе жатқан, Платон мен Квинтилиан, Коменский мен Песталоцци пайдаланған 
әдістерді  айтады.  Оларға  бақылау,  тәжірибені  оқып-үйрену,  әңгімелесу,  т.б. 
жатады. 
Бақылау  деп  әдеттегі  жағдайда  педагогикалық  құбылыстарды  қабылдау 
арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. 
Жоспарда  бақылаудың  мақсаты  мен  міндеттері,  объектісі,  жүргізілу  әдісі  мен 
техникасы дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде шығармашылықпен жасалған 
жоспар  зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми бақылау 

 
16 
зерттейтін педагогикалық құбылысты дұрыс және шын дәлдікпен жазып алуды 
талап етеді. 
Тәжірибені  оқып-үйрену  -  тәрбиенің  тарихи  байланыстарын  анықтауға 
бағытталған  танымдық  іс-әрекетті  білдіреді,  мұрағат  материалдарын,  тақырып 
бойынша негізгі әдебиеттерді оқып-үйренумен байланысты. 
Педагогикалық әңгімелесу - зерттеушінің зерттелушінің ішкі әлеміне терең 
үңіліп  қарауына,  оның  жасаған  қылықтарының  себебін  айқындауға  мүмкіндік 
беретін  бірден-бір  әдіс  болып  табылады.  Зерттелушінің  адамгершілік, 
дүниетанымдық,  саяси  және  т.б.  көзқарастары  туралы  ақпаратты  да 
әңгімелесудің  көмегімен  алуға  болады.  Әңгімелесу  -  өте  күрделі  және  үнемі 
сенімді  ақтай  бермейтін  әдіс.  Әңгімелесудің  нәтижелерінің  сенімділігін 
күшейту үшін төмендегідей шаралар пайдаланылады: 
-  әңгімелесушінің  дербес  ерекшеліктері  ескерілген  әңгіменің  нақты 
жоспарының бар болуы; 
-    зерттеушіні  қызықтырып  отырған  мәселелерді  әртүрлі  жағдайларда 
талқылау; 
-    негізгі  және  жанама  сұрақтардың  және  әңгіме  жасаудың  әдістері  мен 
тәсірдерінің нақты көрсетілуі. 
«Эксперимент» сөзі латын тілінен аударғанда,  «тәжірибе», «сынау» деген 
мағынаны білдіреді. 
Педагогикалық  эксперимент  деп  нақты  жағдайды  есепке  алып,  тәрбиелік 
процесті  әдейі  зерттейтін  ғылыми  тәжірибені  айтады.  Педагогикалық 
экспериментке  сүйеніп,  зерттеуші  тәрбиенің  тиімді  тәсілдері  мен  әдістерін, 
формалары мен мазмұнын тексереді. 
Эксперименттік  зерттеулердің  нәтижелері  әдеттегі  жағдайда  жүргізілген 
педагогикалық 
жұмыспен 
салыстырылады. 
Сондықтан 
эксперимент 
мәліметтерін  салыстыру  үшін  екі  объекті  алынады:  эспериментті,  бақылау. 
Экспериментті  объектіде  эксперимент  зерттеушінің  ғылыми  жазба  ұсынысы 
бойынша, ал бақылау объектісінде әдеттегі жағдай бойынша жүргізіледі. 
Педагогтар жүргізетін эксперименттің түрлері көп, олар зерттеу мақсатына, 
объектісіне, өткізілетін орны мен уақытына байланысты бөлінеді. 
Зерттеу  мақсатына  байланысты  эксперимент  түрлері:  1)  тиянақтаушы  2) 
тексеруші  3)  қалыптастырушы.  ¤ткізу  орнына  қарай:  табиғи  және 
лабораториялық болып келеді. 
         Тәрбие процесі ұжымдық сипатқа ие болады. Оларды оқып-үйренудің 
неғұрлым көп қолданылатын әдістері - белгілі бір жоспар бойынша өткізілетін 

 
17 
процеске  қатынасушыларды  жаппай  сұрау.  Бұл  сұрақтар  ауызша  (интервью) 
немесе жазбаша (сауалнама түрінде) болуы мүмкін. 
  Сонымен  бірге  шкалалау,  әлеуметтік  өлшем  әдістемесі,  салыстыру 
зерттеулері  пайдаланылады.  Бұл  әдістер    педагогикаға  әлеуметтанудан 
енгендіктен, оларды әлеуметтану әдістері деп те атайды. 
Сауалнама  алу  -  арнайы  жасалынған  сұрақтардың,  яғни  сауалнамалардың 
көмегімен  материалды  бұқаралық  жинау  әдісі.  Ол  адамның  қойылған 
сұрақтарға  ашық  жауап  беруіне  негізделеді.  Сауалнамалардың  әр  түрлері 
болады:  1)  ашық  -  жауапты  өз  бетімен  тиянақтауды  талап  етеді;  2)  жабық  - 
дайын жауаптардың біреуін таңдап алады; 3) атаулы; 4) атаусыз. 
Ұжым  арасындағы  қарым-қатынастарды  талдауға  мүмкіндік  беретін 
әлеуметтік өлшем әдістерін жиі қолдануға болады (таңдап алуға негізделеді).         
Сонымен  бірге  математикалық  және  кибернетикалық  зерттеу  әдістері 
пайдаланылады,  олар  көбінесе  зерттеу  нәтижелерін  сандық  тұрғыдан  өңдеу 
үшін қолданылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
18 
 
 
 
 
 
 

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Болашақ желтоқсан 2016 жыл
2017 -> Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң
2017 -> Мектепті сақтау – ауылды сақтау Намыс қайда? Шаңырақ
2017 -> «еуразиялық гендік қОР» ғылыми-өндірістік білім беру орталығы
2017 -> Еуропалық тұрғыдан көптілдік құзыреттілігін дамыту жолдары
2017 -> Қазақстандағы трансұлттық мультисауаттылық: ұрпақаралық оқыту
2017 -> Қараша 2015 жыл Қазақстан
2017 -> Қыжыл баспасөЗ – 2017

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет