Қазіргі жағдайдағы оқытудың өзекті мәселелері



жүктеу 21.74 Kb.
Дата16.11.2022
өлшемі21.74 Kb.
#24013
Қазіргі жағдайдағы оқытудың өзекті мәселелері
Сабақтағы кері байланыс бастауыш сынып, Баяндама Мұғалімнің әдістемелік шеберлігін арттыру жолдары, Баяндама тақырыбы Мұғалім қызметі , Педагогикалық ағартушылар

Қазіргі жағдайдағы оқытудың өзекті мәселелері


Еліміздің өркендеп қанат жайып өсіуне, қоғамның дамуы мен заман ағымындағы болып жатқан соңғы жаңалықтар мен өзгерістер білім беру саласының алғашқы сатысы болып жүзеге асырылады. Заман талабына сай білім беру саласына да көп көңіл бөлініп отырғаны баршаға мәлім.
Педагогика ұзақ жылдар бойы ақпарат жинау барысында, педагогикалық ғылымдардың салалы жүйесіне айналды. Қазіргі заманғы ғылыми дифференциацияға, оқытудың бөліну аймағындағы тенденцияға енеді. Оқу орындарының оқу-тәрбие процесіндегі оқыту, тәрбиелеу заңдылықтарын қарастыратын ғылыми базалық пән жалпы педагогика.
Педагогика – кең ауқымды ғылым. Оның шұғылданатын оқу және тәрбие мәні мен олардың барша байланыстарын жеке бір ғылым шеңберінде қамту мүмкін емес.
Педагогика дамудың ұзақ жолын басынан кешіріп, көптеген білімдер жинақтап, бүгінгі күнде ғылыми білімдердің кең тармақты жүйесіне айналып отыр. Сондықтан бүгінгі педагогиканы тәрбие жөніндегі ғылымдар жүйесі деп атаған дұрыстау келеді.
Бүгінгі таңда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналуда. Дүниежүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артып, адамның болашағы оның алған білім сапасының көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты болады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу» – делінген.
Бұл білім мекемелерінің мұғаліміне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық нұсқаны кез келген үлгімен құруға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: қазіргі білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда.
Атап айтқанда:
- Білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамыуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламасының нақтылауымен байи түсуде;
- Ақпараттық дәстүрлі әдістер ауызша және жазбаша, телефон немесе радио байланыс қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығыстырып орын беруде;
- Баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
Қазіргі таңда қоғам білім беру жүйесінен экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге сай болуды талап етіп отыр. Бұл мәселе туралы Қазақстан Республикасының тұғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» жолдауында былай деген: «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландыруының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс».
Бүгінгі күні еліміздің білім беру жүйесіндегі негізгі тұлға педагог болғандықтан, оқытудың жаңа деңгейіне көшуге байланысты сапалы білім беру міндеті мұғалімге жүктеледі. Мұғалім оқыту әдістемесіне жаңалықтарды енгізіп, шығармашылықпен айналысып, үнемі өз білімін жетілдіріп отыру керек. Білімді жаңғыртудың басты мақсаты білім беру жүйесінің тұрақты дамуынан және оны ХХІ ғасыр қажеттілігіне сай қамтамасыз етуден тұрады. Қазіргі таңдағы білім беру саясатының ең бірінші міндеті – жоғары сапалы білім беруге қол жеткізіп әрі оны тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өзекті де, өміршең қажеттілігіне сәйкестендіру. Үздіксіз білім берудегі математика рөлі көзге ұрып тұрады. Мәселенің бәрі мынаған келіп тіреледі: математиканы қалай оқыту керек және оқу процесінде нені басты назарда ұстауға тиіспіз? Математикалық білімді қалай оқыту туралы алуан түрлі теориялық ізденістерде, нақты практикалық міндеттерді шешуде математикалық әдістерге байланысты пікірлердің орын алуы – орынды құбылыс.
Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік-педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттердің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияларды пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан мұғалімнің біліктілігін көтеру мен шығармашылық педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгеруі маңызды.
Осының бәрі қордаланып келгенде, ұстаздар қауымының тұрақты да, жүйелі қайта даярлануы мен кәсіби біліктілігін көтеріп отырудан хабар береді. Осы орайда жеті модульге негізделген Кембридж Бағдарламасының түйінді идеяларымен таныстық. Ұнаған тұсы – Бағдарламаның негізінде оқушылар белсенді іс-әрекет иесі бола отырып, өзінің зерттеулеріне сүйене отырып ой қорыта алуы.
Оқушылардың қызығушылығын қанағаттандыратын «жаңа тұрпатты» сабақ қандай болмақ? Сабақ – оқушы мен мұғалім арасындағы білім алуға негізделген үрдіс. Жеті модульді тереңірек түсіну – сабақты жаңаша жоспарлауға мүмкіндік беретінін байқауға болады. Сабақтың мақсатын дұрыс айқындау, «мұғалім — оқушы, оқушы — оқушы» коммуникативті қарым – қатынасын оңтайлы ұйымдастыруға жол ашады. Мұғалімді оқушыға тек қана білім беру ғана емес, сонымен қатар, әрбір оқушының бойында шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары туралы ізденістер толғандырады. Сондықтан, рольдік ойындар, талдау, проблемалық мәселелерді шешу – жаңа форматты сабақтың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.
Осы мақсатты алға қойып, өз тәжірибемізде оқытуды жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында әрбір сабақ түрлендіріп өткізу күнделікті дағды болып қалыптасты. Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда осы әдіс-тәсілдердің маңызы ерекше екендігін баса айтуға болады. Олай дейтініміз, бұл әдістер оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді.
Білімді даралап-саралап берудің басты бағыттарының бірі дарынды, талантты жасөспірімді оқыту. Кейінгі кезде мұндай өзекті мәселеге әлемдік педагогикада қызығушылық бары байқалады. Соның бір айғағы-жоғары қабілетті Еуропалық ассоциация құрылды. Мұндай саясат Қазақстанда жүріп жатыр. Тұңғыш ел басымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің балаларымыз біліктілігі жоғары мамандар болады. Оларға жағдай жасау керек» деген.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Тұңғыш Елбасымызың «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасы мен «Дарын», «Болашақ» бағдарламаларында, Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында оқушыларға нәтижеге бағытталған білім беру арқылы оның ресурстық мүмкіндіктері мен шығармашылық дағдыларын дамытуға қолайлы жағдай туғызу – ең негізгі міндеттер деп айқындалған. Қоғамдық дамудың қазіргі үрдісі әлемдік білім беру жүйесінің алдына жаңа әлеуметтік тапсырыс ретінде өз мақсатына іске асыру үшін өз іс-әрекетін тиімді жоспарлай алатын, танымдық қызметіне алынған ақпараттарды орынды пайдалана білетін, түпті нәтижеге жету үшін әртүрлі топтардағы адамдармен тиімді қарым-қатынас диалогіне түсе алатын білімді тұлғаны тәрбиелеу мәселелерін қойып отыр. Бұл мәселелерді оңтайлы шеше білу білім берудің әлемдік және ұлттық кеңістігіндегі іргелі проблема болып отыр. Оқу-тәрбие үрдісін білім беру тұрғысынан ұйымдастыруда жаңа технологиялар мен озат тәжірибелерге сүйене отырып тұлғаға бағдарланған білім беруде үштілділік, әлеуметтік-тұлғалық білімділікті өзектендіру арқылы оқу үрдісін өзгертуді зерттеу – педагогика ғылымында туындап отырған қазіргі негізгі бағыттың бірі.
Бүгінгі таңда Қазақстанның білім беру жүйесіндегі басым бағыттардың бірі – жаңаша инновациялық көптілді білім беру моделін құру болып табылады. Заманауи мектеп бітірушілеріне шет тілін сапалы меңгеру – өмірден туындап отырған қажеттілік. Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы шет тілін еркін меңгеру сұранысын жоғарылатып, теориялық және практикалық білімді терең де сапалы меңгеру шеберлік пен дағдысын талап етіп отыр. Көп тілді оқыту негізінде бейімдеу – дамыған тұлғаның әлемдік өркениетін кеңістігіндегі бәсекеге қабілеттілік кепілі. Қазіргі жастар өздерінің алдына үлкен мақсат қоя біледі. Олар шетелде білім алуды армандайды. Қазіргі мәліметтерге сүйенсек, шет елде оқуға талапкерлер көбінесе тілдік мәселеде қиналады. Дәлірек айтсақ, нақты саналатын пән терминологиясынан көп қиналады. Себебі, ол сөздер күнделікті өмірде көп қолдана бермейді. Сол себепті, жекелеген пәндерді ағылшын тілінде оқыту заман талабы. Осы бағытта мектептерде көп тілдік орта қалыптастыруда кешенді әрекеттер ұйымдастырылуда. Жекеленген пәндер ағылшын тілінде оқылады. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артуына септігін тигізеді. Білімді дайын қалпында қабылдамай, оны өздігімен қалыптастырудың тұлғаны дамытатындығы, өздігімен құрастырылған білімнің есте ұзақ мерзімде сақталатындығы тәжірибе жүзінде дәлелденіп келеді. Қайталау мен жаттауға негізделген білім (репродуктивтік) тек есте сақтау дәрежесінде болса, құрастырылған білім (конструктивтік) үйренушіден түсіну, қолдану, талдау, ақпарат негізінде жаңа мазмұн құрастыру және бағалау сияқты белсенді әрекеттерді талап етеді. Сол себепті, пәндерді жекелей бермей, мазмұны жағынан ұқсас пәндерді біріктіре беруді тәжірибеге енгізіп келеміз. Нәтижесінде оқушы алып жатқан білімін қайда қолданатынын ұғынып, оқуға деген ынта-жігері артады. Атап айтсақ, мектептерде математика/физика, математика/география, математика/музыка, қазақ тілі/ағылшын тілі, қазақ тілі/орыс тілі/информатика, физика/химия, физика/тарих, химия/информатика т.с.с. кіріктірілген сабақтар өткізілуде. Мысалы, география/математика кіріктірілген сабағы арқылы оқушылар Еуразия материгін математикалық аппараттар арқылы тереңірек зерттеп, географиялық есептеулерді жүргізеді.
Білім беру тәсілдерін инновациялық технологиялар негізінде жетілдіру, оқыту мен тәрбиелеу ісін ізгілендіру, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып даралап, саралап оқыту арқылы оқушыны дамытуда білім, білік, дағдыны жетілдіруге негізделген білім беру педагогикада адамның өзін тануын және тұлғаның психикалық, физикалық саулығын қамтамасыз ету мәселелерін алға шығарып отыр.
Білім берудің өзекті мәселелеріне зерттеу жүргізу еліміздің білім беру мәселелерін тиімді шешуге, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, 12 жылдық мектеп бағдарламасына сәтті көшуге септігін тигізетіні анық.
жүктеу 21.74 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет