Қазіргі еліміздегі инновациялық экономиканың дамуы, оның қадамы туралы айтсаңыз?



жүктеу 1.01 Mb.
Pdf просмотр
бет4/8
Дата11.01.2017
өлшемі1.01 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

 

Þ

¾

жатқан жобаның бірі тілінде кемістігі бар



Болашаққа қажет маман

Болашаққа қажет маман

Басты мақсат – 

Басты мақсат – 

ұрпақ тәрбиесі

ұрпақ тәрбиесі

www.jasqazaq.kz

№47 (619) 18 қараша 2016 жыл

6

«Қазақстан инновациялық индустрияландыру шеңберінде 

құрылған экономиканың жаңа секторлары экономикалық 

өсімнің драйверлеріне айналуда. Көптеген өңдеуші салалар өсім 

көрсетіп отыр»

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық 

нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауынан

АЙМАҚ

АЙМАҚ

Елімізде «Индустриялық- 

инновациялық даму» бағдарламасының 

алғашқы бесжылдық белесінде отандық  нім 

ндірісін  рістетуге жол ашқан жаңа жобалар 

іске қосылды. Индустрия игілігі экономиканың 

зекті буыны саналатын  ндіріс саласына 

жаңа леп әкеліп, отандық  німнің  рісін 

кеңейтті. «Индустриалдық-инновациялық 

даму» бағдарламасы дем берген жобалар 

сәтімен сабақтасып, жаңа жұмыс 

орындары ашылды.

 

 ¾

Үдемелі индустриялық- 

инновациялық дамыту ж ніндегі 

2010-2014 жылдарға арналған 

мемлекеттік бағдарламасының 

бірінші бесжылдығы аясында 

Маңғыстау облысында жалпы 

инвестиция к лемі 218,8 млрд 

теңгені құрайтын 33 жоба 

жүзеге асты. Олардың ішіндегі 

ең ірі және әлеуметтік маңызы 

бар жобаларға тоқталсақ, 

Түркия мемлекетінің «АТМ 

Групп» серіктестігі 10 млрд 990 

млн теңге инвестициясымен 

Ақтау қалалық әуежайында 

халықаралық жолаушы 

терминалының құрылысы мен ұшу-қону 

жолағын қайта жаңғырту, 1 млрд 210 млн 

теңге инвестицияға облыс орталығында жаңа 

нан зауыты, Шетпе селосындағы «Каспий 

цемент» және Ақтауда «Каспий Битум»  ндіріс 

орындары ашылды. 

Маңғыстау облысының индустриалдық-

инновациялық даму басқармасының басшысы 

Нұрбек Қарасаев алғашқы бесжылдықта 2013 

жылы шілде айында Елбасы Н.Назарбаев 

телек пір арқылы ашқан Шетпедегі 

«Каспийцемент» зауыты жаңа әдіспен, саз, құм, 

темір кені және гипс қоспалары арқылы құрғақ 

жолмен цемент  ндіреді. Маңғыстау ауданынан 

еңсе к терген алып зауыт  з  німдерін Батыс 

Қазақстанның барлық облыстарындағы 

құрылыс нысандарына ж нелтуде. Қуаттылығы 

жылына 800 мың тонна цемент  ндіруге 

қауқарлы зауытта бүгінде 300-ден аса жұмысшы 

бар, – деді. 

Елбасы Н.Назарбаев «Нұрлы жол – 

болашаққа бастар жол» Жолдауында: «Нұрлы 

жол» цемент, металл, техника, битум, 

жабдықтар  ндіру мен соған сәйкес қызметтер 

сияқты экономиканың басқа да салаларына 

мультипликативті әсер етеді» деген болатын. 

Бүгінде мемлекет тарапынан қолдау тапқан 

жарқын жобалар жемісін беріп, экономикалық 

бәсекелестік қабілетті арттыруға мол септігін 

тигізіп отыр. Мәселен, индустрияның иінін 

келтіріп,  ндірісті  лкеміздің  ркендеуіне  ң 

берген «Каспий Битум» кәсіпорны  ткен жылы 

жол құрылысына қажетті  німнің жаңа үлгісін 

ндіріске енгізді.

– Жолдардың тамырына қан жүгірткен 

битум зауыты 2015 жылы 375 мың тонна мұнай 

ңделсе, 299, 2 мың тонна мұнай  німдерінің 

қоспаларын шығарса, 69,6 мың тонна битум 

шығарды.  ндіріс ошағы елімізде тұңғыш рет 

ыстыққа да, суыққа да т зімді түрлендірілген 

битум  ндіруді қолға алды. Бұл отандық  нім 

республика к лемінде Елбасының «Нұрлы 

жол» бағдарламасы бойынша салынып 

жатқан жолдардың сапасын арттырып, 

жарамдылығын ұзақ мерзімге созуға 

мүмкіндік береді. Сонымен қатар «Батыс 

Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық к лік 

дәлізінің құрылысына жұмсалады, – деді 

облыстық индустриалдық-инновациялық даму 

басқармасының басшысы Нұрбек Қарасаев.

Оның айтуынша, «Үдемелі индустриялық- 

инновациялық даму» бағдарламасының бірінші 

бесжылдығында индустрияландыру картасына 

енген барлық жобалар жемісті жүзеге асып, сәтті 

қортындыланды. 



 ¾

Þ

∂ 

Облыстық индустриалдық-инновациялық 

даму басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, 

индустрияландырудың екінші бесжылдығында 

аймағымызда инвестиция к лемі 163,1 млрд 

теңгені құрайтын 28 жобаны іске асыру 

жоспарланған.  ндірісті  лкенің тынысын 

ашатын жарқын 

жобалардың жүзеге 

асуымен 3074 

тұрақты жұмыс 

орны құрылмақ.

Облыстық 

индустриалдық-

инновациялық даму 

басқармасының 

басшысы Нұрбек 

Қарасаев «Алғашқы 

бесжылдықтың 

аяқ алысына 

келсек,  ткен 

жылы  ңірімізде 

«КУДУ Индастриз 

Қазақстан» ЖШС 

Канада елінің 

инвестициясымен 

«Бұрандалы сорғы 

ндіру зауытын» 

іске қосты. Жылына 

800 дана бұрандалы 

сорғы шығаруға мұүмкіндігі бар  ндіріс орнына 

370 млн теңге инвестиция тартылған болатын. 

Сондай-ақ денсаулық сақтау және әлеуметтік 

қызмет саласында Sofie Medgroup к псалалы 

емханасы  з жұмысын бастады. Жаңа үлгідегі 

технологиямен жабдықталып, жылына 13 

мың науқасқа 

қызмет к рсететін 

емханаға 3 млрд 

882 млн теңге 

инвестиция 

салынды», – деді.

Ел 

экономикасының 



орнықты  суін 

қамтамасыз 

етуге, отандық 

німнің бәсекеге 

қабілеттілігін 

арттыруға 

бағытталған 

индустриялық- 

инновациялық 

бағдарлама 

шеңберінде 

ағымдағы жылы құны 88,6 млрд. теңгені 

құрайтын 10 жобаны іске қосып, 628 жаңа 

жұмыс орнын құру жоспарланған. 

– Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жаңа 

жаһандық нақты ахуалда:  сім, реформалар, 

даму» Жолдауында «Біз қазірдің  зінде 

индустриялық-инновациялық дамудың 

екінші бесжылдығын бастадық, яғни шикізат 

ресурстарына ғана қарап қалмайтын экономика 

құрудамыз» деген болатын. Техника мен 

ғылым дамыған ғасырда экономикамызда 

бәсекеге қабілеттілік үшін инновациялық 

жобалар болуы шарт. Мәселен, биыл к ліктік 

және телекоммуникациялық инфрақұрылым 

саласында «Ақтау солтүстік теңіз терминалы» 

ЖШС «Ақтау халықаралық теңіз-сауда 

портын солтүстік бағытта кеңейту жобасын» 

жүзеге асырды. Жылына 2,5 млн тонна құрғақ 

жүк қабылдауға қауқарлы порт арқылы 

республиканың  зге  ңірлерімен және шет 

мемлекеттермен барыс-келіс артып, алыс-беріс 

ширай түседі. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде 

Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен 

индустрияландыру бағдарламасының бірінші 

жартыжылдықтағы қорытындысына арналған 

«Қуатты Қазақстанды бірге к ркейтеміз» 

жалпыұлттық телек пірінде «Қазақстан Пайп 

Трейдерс» ЖШС елімізде алғаш рет «премиум» 

санаттағы газды- герметикалық кескінделген 

құбырлар  ндіретін зауыт іске қосылды. Құны 

12 млрд теңге болатын инвестициялық жобаға 

мемлекет тарапынан инфрақұрылымды тартуға 

к мек к рсетілді. Аталмыш зауытта жылына 

45 мың тонна жоғары қысымды, газды- 

герметикалық кескінделген құбыр шығарылады, 

– облыстық индустриалдық-инновациялық 

даму басқармасының басшысы Нұрбек 

Қарасаев.

Ұлт к шбасшысы Н.Назарбаев елдің 

шығысында логистикалық хаб және батысында 

теңіз инфрақұрылымын құруды жалғастыруды 

қажеттігін тапсырды. Батыс бағытта Каспий 

порты арқылы экспорттық әлеуетті арттыруға 

Құрық портынан ауқымды паромдық  ткел 

және Боржақты-Ерсай теміржол желісі 

ықпал ететін айтты. Аймағымызда к лік 

және логистиканы дамыту мақсатында 

«Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ қарасты Құрық 

портында паром кешенін салу және әмбебап 

жүк-жолаушылар паромдарын пайдалану 

жобасының 1 кезеңі 2016 жылдың аяғында іске 

қосылып, 249 жұмыс орны құрылмақ. Еліміздің 

к ліктік-логистикалық инфрақұрылымының 

дамуына дем беріп, транзиттік әлеуетті 

арттыруға жол ашатын жобаға 32 млрд 100 млн 

теңге инвестиция салынды. 

Облыстық индустриалдық-инновациялық 

даму басқармасының басшысы Нұрбек 

Қарасаевтың хабарлауынша, Индустрияландыру 

картасы аясында алдағы уақытта 3 млрд 754 

млн теңге инвестицияға жылына 7380 мың кВт 

электр қуатын беретін Маңғыстау облысында 

күн және жел электрстансалар құрылысы 

жүргізіледі. «Индустриалдық-инновациялық 

даму» бағдарламасы шеңберінде Маңғыстауда 

алғаш рет «Ақтау трансформатор зауыты» 

ЖШС жылына 1000 дана трансформатор 

шығаратын «Электрсауыт жабдықтарын 

ндіру және қуаты 6-10-35 кВт классты қуатты 

трансформаторларды ж ндеу» жобасын жүзеге 

асырады. Аталмыш мемлекеттік бағдарлама 

аясында 640 млн теңгеге керамзит тасын 

ндіру зауыты салынып, жылына 100 мың дана 

керамзит  ндіріледі.

ï

Þ  



Þ  

 

 

Оңтүстік Қазақстанда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен ауыл шаруашылығы 

еңбеккерлерінің күніне арналған дәстүрлі «Алтын күз – 2016» салтанатты шарасы болып 

өтті. Ауыл шаруашылығы саласының жетістіктері баяндалған мерекеге келушілерді 

облыс әкімі Жансейіт Түймебаев құттықтап, биылғы жылдың өңір шаруаларына берекелі 

болғанын атап өтті. Сондай-ақ өңір басшысы келер жылға 6 млрд 47 млн теңге субсидия 

бөлінгенін жеткізді. Бұл туралы Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Облыс басшысы түрлі 

ауыл шаруашылық  німдерін 

ндіруден І орын алған озат 

аудан, қалаларды атап, арнайы 

мүсін мен облыс әкімінің 

сертификаттарын табыстады. 

Мәселен, астық  ндіруде 

Қазығұрт ауданына ешкім 

тең келмесе, жүгері  ндіруде 

Отырар ауданы, мақсарыда 

Т ле би, Оңтүстіктің бренді 

болып табылатын мақта 

бойынша Мақтарал ауданы 

үздік деп танылды. Ал бақша 

німдерін жинау бойынша 

шардаралықтар к ш бастаса, 

к к ністе Сарыағаш, жеміс-

жидекте Түлкібас, сүт 

Арыс қаласы, ет  ндіруде 

Ордабасы шаруаларының 

мерейі үстем болды. «Сыбаға» 

бағдарламасының орындалуы 

ж нінен түркістандықтар 

ерлеп, «Алтын Асық» 

бағдарламасы шеңберінде 

Бәйдібек озық шықты. 

Ал озық инвестициялық 

жобаларды іске асыруда 

Шымкент қаласы басым 

болса, ауыл шаруашылығы 

жәрмеңкесін ұйымдастыруда 

Сайрам  рлеп, ауыл 

шаруашылығы саласының 

дамуына ғылыми тұрғыдан 

үлес қосудан Мақтаралдың 

беделі биік болды.

Айта кетейік, облыста 

мақтаның 80 пайызын 

Мақтарал ауданы  ндіріп 

отыр.  рине, ғылым мен 

еңбекті ұштастырған 

сәтте кез келген қамалды 

бағындыруға болады. 

Мақта шаруашылығындағы 

ғылыми-зерттеулерді 

дамыту арқылы отандық 

бәсекеге қабілетті 

мақтаның жаңа сорттарын 

шығару, мақта  ндірудің 

тиімділігін, инновациялық 

технологияларды  ндіріске 

ендірумен Мақтарал 

ауданында Қазақ мақта 

шаруашылығы ғылыми-

зерттеу институтының 

ғалымдары айналысып, 

бірқатар жетістіктерге жетті.



Индустрияландыру – 

Индустрияландыру – 

игі жобалар иіні

игі жобалар иіні

Мақтарал мақта 

Мақтарал мақта 

өндіруден алда

өндіруден алда

Ел 


Тәуелсіздігінің 25 

жылдығына орай 

Абай атындағы 

Қазақ ұлттық 

педагогикалық 

университетінің 

(ҚазҰПУ) 

ұйымдастыруымен 

«Нұрлы үмітін 

арқалаған 

STUDENTS LIVE» 

атты студенттік апталық аясында «Кім 

жүйрік?...» атты велошеру өтті. Спорттық 

шара келер жылы 28 қаңтар мен 8 ақпан 

аралығында Алматыда өтетін XXVIII 

қысқы жүниежүзілік Универсиаданы 

қолдау мақсатында, сонымен қатар 

студенттер арасында салауатты өмір салтын 

қалыптастырып, қаламыздың экологиялық 

жағдайын жақсарту мақсатында 

ұйымдастырылды.

Салтанатты әрі к ңілді шараға 

университеттен 100-ге жуық студент 

қатысты. Велошерудің ерекше идеясы 

салауатты  мір салтын ұстанушы жастар 

арасында жоғары қолданысқа ие болды. 

Шара «Спартак» стадионы алаңында 

ткізілді. Спорттық-мәдени шараға қатысқан 

университет студенттері патриотизмнің 

маңызды элементтерінің бірі – онымен 

етене байланысып жатқан ұлттық рух пен 

ұлттық патриотизмді ұлықтады. Жастардың 

айтуынша, бұның  зі қосымша біріктіруші 

фактор есебінде болған. 

Велошеру велоспорттың бірнеше 

түрінен  ткізілді. Атап айтар болсақ, 

қыздар арасында 100 және 500 метрлік 

велоспринт, ұлдар арасында 1000 метрге 

жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаздар 

анықталды. Рет-ретімен келер болсақ, қыздар 

арасында 100 және 500 метрлік қашықтықта 

мәреге бірінші болып, Жаратылыстану және 

география институтының студенті Айшуақ 

Пархат жетті. Жігіттер арасында 1000 метрге 

созылған велокросс сайысының жүзден 

жүйрігі болып Жаратылыстану және география 

институтының студенті Ықтияр Тағаев атанды. 

Велошеруді ұйымдастырған 

университетіміздің Жастар ісі ж ніндегі 

комитетінің қызметкерлері шара соныңда 

барлық қатысушыларға спортқа деген 

ұмтылысы мен белсенділігі үшін алғыс 

білдіріп, белсенді студенттерді арнайы «Алғыс 

хаттармен» марапаттады. 

Жас спірімдердің спортқа деген 

қызығушылықтарын арттыру, қала 

әкімдігінің бастамасын қолдауға бағытталған 

мұндай шаралар жақын болашақта елімізде 

велоспорттың танымалдылығын арттыратыны 

анық. 


¾

 

¾



¾  

Þ

 

  ә ¾ , ә

 

  ә  

 

  ө Þ  

¾

 

«Кім жүйрік?...» велошеруі

«Кім жүйрік?...» велошеруі

Павлодарлық Бекзат 

Смағұлов ағылшын 

суретші-иллюстраторы Руф 

Сандерсонның «Алтын бие», 

«Мәртебелі Гатто» және 

«Сиқырланған орамал» 

атты кітаптарын қазақ тіліне 

аударып шықты.

Қазіргі таңда Астана 

қаласындағы ҚР ұлттық 

академиялық кітапханасының 

ақпараттық мәдени қызмет б лімінде 

менеджер болып жұмыс істейтін талапты 

жастың айтуынша, бұл шығармаларды 

тәржімалауға «Фолиант» баспасынан ұсыныс 

түскен. 

Алдағы уақытта Бекзат Смағұлов 

«ЭКСПО-2017» к рмесінде шетелдіктерге 

қазақтың ұлттық  нері мен тарихын, 

салт-дәстүрін таныту мақсатында белгілі 

жазушылардың еңбегін ағылшын тіліне 

аударуды жоспарлап отыр.

Сандерсонды қазақша сөйлетті

Сандерсонды қазақша сөйлетті


... Арқаның бет қаратпас сеңдей 

сірескен қытымыр да қатал қысында 

Астана көшелерін бойлап жоқ іздеген 

жолаушы келе жатыр. Соңына ерткен 

бір қауым ел бар. Ел дегенде де 

университетті енді ғана бітірген бір топ 

студент. Бірақ жолаушы жалғыз! Ол 

өзінің ойымен ғана оңаша арпалысып 

келеді. Мынау ертіп келе жатқан 

өрімдей жастардың тағдырына 

алаңдайды. Жүз ойланып, мың 

толғанып тоқтаған бұл шешімі дұрыс 

па, бұрыс па? Діттегенін бағындырып, 

арманын мақсатқа айналдыра алса 

жақсы, ал кері кетсе, бұл көзсіз 

тәуекелдің өтеуі не болмақ? Қалай 

дегенмен де соқа басы емес, өзіне зор 

сенім артып, соңынан бір сөзге келмей 

ерген бір топ жәудіркөздің келешегі 

үшін жауапты ғой. Осы бір тынымсыз 

ой көңілін бір кемірсе, сақылдаған 

қара суыққа шыдамай дірдек қаққан 

жастардың жан қиналысын ішпен сезіп, 

жүрегі қан жылайды. Иә, жолаушы 

серіктес боп ерген қасындағы жанның 

ешбіріне көрсетпей үнсіз егіліп 

келеді. Ол біледі: көз жасын көрсетіп, 

осалдық таныту – өзін асқар тау, 

алып қорғанына балап, тұлға тұтқан 

балаң танымды, аппақ сенімді бір-ақ 

сәтте күйретіп кетерін. Сондықтан да 

жанарын жасқа жасырып шылайды. 

Ой үстінде келе жатып елемепті. 

Енді байқады: жанарын жапқан сол 

жас мұзға айналып үлгеріпті. Көзі 

айналасын айқындап тұрғанымен, 

жансыз шыны секілді, ашып-жұму 

қиындап барады. Не істеу керек? 

Жолаушы іштей шешімге келді: бұлай 

осалдық танытуға болмайды. Шегінерге 

жол жоқ! Өнер жасықтарға қол емес, 

өнер – жанкештілік. Ендеше алға қойған 

сол ұлы мақсат жолынан айнымау 

керек, адаспау шарт! Ал оның іздегені – 

өнердің жоғы еді... 

Осыдан тура 8 жыл бұрынғы бір үміт пен 

мың күдік арпалысқан бұл сезім қазір ақиқат 

ауылынан алыстау к рінетіні рас. Бірақ титтей 

жалғандығы жоқ. 1926 жылдары алғашқы қазақ 

театрын құрушылар кедергі қиыншылықтан 

қалай  тсе,  нердегі жолын енді бастағалы 

тұрған жас театрдың алдынан да талай 

сын күтіп тұрды. Иә, олар – бейбіт күннің 

батырлары.  у баста ғимараты да, қойылым 

к рсетер сахнасы да жоқ бір топ студент 

режиссер, ұстаз Нұрқанат Жақыпбайдың 

бастамасымен  нердің ұлы сапарына шығады. 

Ел аралап, декорацияларын тасып жүріп, 

жер-жерлерде  нер к рсетеді. Кезіндегі 

ойын қоятын ғимараты болмай, халық 

к п жиналған шулы орта, жәрмеңкелерде 

к рерменін қуантқан қазақ  нерінің абыздары 

– Қалибек Қуанышбаев, Елубай  мірзақов, 

Серке Қожамқұлов, Иса Байзақов,  міре 

Қашаубаевтар секілді бұл жастардың да 

нердегі соқпағы халықтың ортасынан 

басталды. 

«...Бірде Қаллеки – Қалибек Қуанышбаев 

театрында қойған кезекті қойылымымыздан 

кейін декорацияларымызды алып, 

Жастар сарайына қарай келе жатқанбыз. 

Балаларды алға жіберіп,  зім соңдарынан 

еріп келемін. Қолымызда қытайдың ала 

с мкесі, декорацияны к тере алмай қинала 

мықшыңдаймыз. Далада 40 градус аяз. Жел 

улеп, қар борап тұр. Кендір жіп қолдарын 

қиып жіберген болу керек, оның үстіне 

аяз қосылып, актриса қыздарым шыдамай 

жылап келе жатыр. Беттері әбден домбығып, 

қып-қызыл болып кеткен. Осы к ріністі 

к ріп шыдай алмадым, еркімнен тыс менің 

де к зімнен жас парлады. Бірақ онымды 

к рсетпеуге тырысып келемін. Сеніп келе 

жатқандары – мен, жүрегімнің нәзіктігін 

к рсетіп, сол сенімдерін күйретіп алудан 

қорықтым. Бір уақытта жасым қатып 

қалыпты. Кірпігімде кәдімгідей мұз пайда 

болып, к зімнің алдында бейнебір әйнек 

тұрғандай жаба алмаймын. Шынымды 

айтайын, шошып кеттім. Жолшыбай «Абай» 

қонақүйі кездесе кетті де, дереу сонда 

бұрылдым. Ал балалар болса, ештеңені сезген 

жоқ, әрі қарай кетіп бара жатыр. Ғимараттың 

іші жылы ғой, к зімде қатып тұрған мұз 

бірден еріп кетті. Жанарымның аман 

екенінен к зім жеткеннен кейін, қуанып 

кеттім. Дереу балалардың соңынан жүгірдім. 

Қатарынан қалып, қайта ілескенімді ешкім 

де байқамай қалды. Осы күн әлі есімнен 

кетпейді» – деп  ткен күннің естелігімен 

б ліскен режиссердің с зін шәкірті  діл 

Ахметов жалғады: «Кейбір кезде осындай 

қиындыққа шыдамай, жастық жалынмен 

қолды бір-ақ сілтеп театрдан кетіп қалғымыз 

келетін. Шыдамай кетіп қалғандар да 

болды. Баламыз ғой, ағайдың к зқарасынан 

именіп, ол кісіге к рсетпей жасырып жылап 

та алатынбыз. Бірақ ұстазымыздың бәрін 

ішпен біліп жүретінін біз де сезетінбіз. 

Үміт үзілуге шақ қалған сондай күндерде 

Нұрқанат ағамыз: «Шыдайық, балалар. 

Ең бастысы еңбектенейік! Еңбектің 

жеңбейтіні жоқ.  лі-ақ к ресіңдер, 

ертең осы күндерімізді еске алып күліп 

отыратын боламыз» – деп әрқайсымыздың 

жанымызға сенім ұялатты. 

Астанадан Жастар театрын ашу жайлы 

алғаш ұсыныс түскенде бәрін тастап, 

жылы орнын суытып, үйренген ортасын 

қиып Алматыдан жыраққа қоныс аудару 

оңай болмады. Шәкірттерінің оқуы, ал 

режиссердің ұстаздықтан б лек, Ғ.Мүсірепов 

атындағы балалар мен жас спірімдер 

театрында ұзақ жылдан бері етіп келе жатқан 

қызметі бар. Достары да, жақындары да, 

сырласар ортасы да осында. Қалай дегенмен, 

Алматы – мәдениеттің ошағы ғой. Сондықтан 

алғашында бір шешімге келуде қатты 

қиналды: «Бірді мыңға сата ма» («Абай»), әлде 

бәрін жалғыз арманының жолында құрбан 

ете ме? Режиссер арманын таңдады! 39 жыл 

қызмет еткен құтты орны – театрын, отбасын 

қалдырып, оқуын енді тәмамдағалы отырған 

шәкірттерін ертіп тәуекел сапары – арманның 

ұлы жолына бағыт бұрды. 

Театр ашу жайлы ұсынысты қабыл алуын 

алса да, баратын жер, табан тірейтін баспанасы 

жоқ бір қауым ел екі б лмелі пәтерді қанағат 

тұтады. Қара басын емес, әуелі шәкірттерінің 

қамын алдыңғы орынға қойған режиссер 

пәтерді басы бүтін жас сахнагерлерге босатып 

беріп,  зі Қалибек Қуанышбаев атындағы 

академиялық музыкалық драма театрының 

үшінші қабатындағы кеңістіктің тарлығынан 

тік кіріп, тік шығатын аядай ғана б лмені екі 

жыл тұрақ етеді. Сол шағын б лмеде бүгінгі 

театр мамандары мен к рерменінің аузының 

суын құртып, тамсантқан жаңалыққа толы 

нер туындылары  мірге келді. «Қиналдық, 

бірақ қинала жүріп алдағы жарқын күндерден 

бір сәт те үмітімізді үзбедік. Уақытпен 

санаспай жұмыс істедік. Бізде сенетін де, 

арқа сүйеп, иек артатын да ешкім болмады. 

Сондықтан  зімізге, екі қол мен жүрегімізге, 

маңдай терімізге сендік. Түні бойы отырып 

таң атқанша кәст м тігеміз, киім үлгілерінің 

эскизін жасаймыз. Басында арнайы суретшісіз, 

кеңесшісіз жұмыс 

істедік.  йткені оған 

беретін ақшамыз болған 

жоқ. Базарға барып 

арзан бағамен мата, 

целлофан, жылтыр 

қағаздарды сатып 

әкелеміз де, түнімен 

киім тігіп, декорацияны 

дайындаймыз. Күндіз 

қойылымға дайындық 

жүргізіп, кешкісін 

спектакль ойнап жүрдік. 

Ас мәзіріндегі басты 

тамағымыз – нан мен 

майонез болды. Соны 

талғажау етуге, қанағат 

тұтуға тура келді. Қазір 

мұның бәрі  тірік 

сияқты к рінеді. Бірақ 

біз осындай жолдан, осы 

қиындықтардан  ттік 

және ол қиындық бізді 

кәдімгідей шыңдады. 

Мәселен, Сұлтан 

Раевтың «Меккеге қарай 

ұзақ жол...» әфсанасын 

алып 2011 жылы Алматы 

қаласына фестивальге 

қатысуға келгенде, 

«Жетісу» қонақүйінде 

түнімен к з ілмей кенеп 

қаптан спектакльдің кәст мін даярлағанымыз 

бар. Жігіттер қиып, қыздар жағы тігіп отырды. 

С йтіп, таңды к збен қарсы алып, тұтас бір 

қойылымның киімін  з қолымызбен тігіп 

шықтық. Ертеңінде спектакль ойнадық. 

Еңбегіміз жанып – Гран-примен Астанаға 

оралдық. Жоқшылық бізді қиялдауға үйретті. 

Соның арқасында қиялымыз ашылып, аз 

мүлікпен үлкен қойылымдар сахналауға 

дағдыландық. Ол к шіп-қонуға да ыңғайлы 

болды. Спектакльдерімізде ауыз толтырып 

айтарлықтай, артына тығылып кемшілігімізді 

жасыратындай, бай декорация бізде болған 

жоқ. Барлық салмақ актерлерге түсті. Біз 

кедей  мір сүрдік, бірақ сахнамыз салтанатты 

к рінді. Себебі оны таза маңдай тер еңбек 

пен жастықтың жалыны жандандырды, сән 

кіргізді. Сахнадан жас жүректің лүпілі сезіліп 

тұрды. Қалай дегенмен, жастықтың аты – 

жастық қой. Біздің табысымыздың негізгі кілті 

де, ерекшелігіміз де бәлкім, осы жастығымызда 

шығар» – деп суреткер сыр ашты. 

Жастар театрының қойылымдарын жіті 

бақылар жан, шынымен де, сахна т рінен 

еліміздің к птеген академиялық театрларына 

тән сықиған, қозғалмайтын декорацияны 

емес, жалындаған жастардың жастық лебін 

сезер еді. Режиссер Нұрқанат Жақыпбайдың 

реформаторлығы да сол – қойылымдарында 

мүлік емес, бірінші кезекке үнемі актерлердің 

зі шығады. Сондықтан да сахна суреткерінің 

әр қойылымы үздіксіз қозғалысқа түсіп, тірі 

ағза секілді  нердегі  мірін сүріп жатады. 

Рас, бір қараған кісіге режиссердің 

кісікиіктеу к рінетіні, сырбаз да тәкаппарлау 

әсер сыйлайтыны бар. Киім кию ерекшелігі 

мен шаш қою үлгісі де суреткерді к п ішінен 

даралайды. Сырт к зге қаталдау к рінетін 

болмысы да сан адамды қаймықтырады, 

маңғаз мінезі алдына барғанның мысын 

басады. Бірақ алғашқы сезім алдамшы.  нер 

иесін әңгімеге тартып, к ңіл кілтін таба 

алсаңыз, Нұрқанат Жақыпбайдан асқан 

ақжарқын, арманшыл адамды таппайсыз. 

Шешіліп бір с йлеп кетсе, бұл кісіге жетер 

әңгімешіл жанды кезіктіре қоюыңыз екіталай. 

Бірақ қай кезде де тәртіп пен шыншылдықты 

бірінші кезекке қояды. Шәкірттерінің к ңіл 

түкпіріне мәңгілікке ұялатуға тырысатын 

ұлағаты да осы – адамгершілік пен жан 

тазалығы. Ұстаз Нұрқанаттың әр дәрісі сайын 

айтатын ақылы шәкірттерінің арасында 

қазірдің  зінде қанатты с зге айналып үлгерді: 

« нерде жақсы актер болу үшін –  мірде 

жақсы адам болу керек», «Басқалар неге озып 

кетті деп ойлама, мен неге қалып қойдым деп 

ойла», « р спектакльді бастағанда соңғы рет 

ойнағандай ойна!». Міне, осылай жалғасып 

кете береді, кете береді. 

Ал режиссер Нұрқанаттың табиғаты мүлдем 

б лек. Жоғарыда айтылған мінездемеге үш 

қайнаса сорпасы қосылмайды. Сахнада 

ол  ктем, талапшыл. Жаңа ғана мәпелеп, 

ақылымен аялап отырған шәкірттеріне енді 

шүйлігеді. Аламанға қосар арғымақты арам 

терінен арылтар бапкердей әр актерін аяусыз 

қинайды. «Жеңілдің асты, ауырдың үстімен» 

жүргеннен шын  нер тумайтынын режиссер 

жақсы біледі. Сондықтан да қиналудың – 

шыңдалу екенін әр сахнагердің санасына 

мықтап сіңіргісі келеді. Жаңа қойылымға 

дайындық жүргізіп жатқан  нер иесінің 

әрекетін сырттай бақылар болсаңыз, с зсіз 

осындай ойға берік бекисіз. Сахнаның арғы 

бетінен бергі бетіне секіріп, цирк әртістерінше 

шеңбер жасай билеп, тынымсыз әрекет 

үстіндегі ақ тер-к к тер болған актерлердің жан 

алысып-жан беріскен шымылдық артындағы 

нер үшін күресі шын сүйсінтеді. 

Нұрқанат Жақыпбай талапшыл ғана 

емес, ойшыл режиссер, суреткер тұлға. 

рдайым шәкірттерін театрда басқаша 

мір бар екендігіне, театрда басқаша 

ойнап, басқаша ойлау керектігіне сендіреді. 

Сахнада тұрмыстық танымнан ұзап, қиял 

мен арман биігінен тіл қатуға үйретеді. 

Сондықтан да Нұрқанат Жақыпбайдың 

шәкірттері «хас сұлудың к з жасындай 

м лдір  нердің» сұлулығының сырын жете 

ұғынады. Жалақысының аздығы, қысқа жіптің 

күрмеуге келмей келте тартып жатқандығына 

қарамастан, тоның ішкі бауындай жарасып, бір 

әкенің балаларындай тату-тәтті ғұмыр кешуде. 

«Мен жастарға үнемі келешегіміз деп 

қараймын. Олар қай кезде де сол жастығымен 

ұтады. Бүгінде олар айлығының аздығына, 

баспанасының жоқтығынан қарамай, 

уақытпен санасуды ұмытып,  зін тұтастай 

нерге арнап жатса – ол да сол жастық 

жалынның арқасы. «Мен халқыма керекпін! 

Мен – елімнің ертеңімін» деген жалғыз-ақ 

сенім оларды алға жетелейді.  йтпесе, дәл 

қазір, шынын айтқанда, сол жастардың үйі де 

мықты емес, жалақысы да қалта к термейді. 

Жалпы қазақ театрларының жалақысы 

мардымсыз болса, біздің театр мүлдем аз 

алады. Дегенмен, бұл балалар оны айтып 

жатқан жоқ. Қалай театр деген 

киелі мекеннің табалдырығын 

аттайды,  зінің үйі жоқ екенін, 

жалақысының аздығын, 

күйбең тірліктің басқа да 

қиыншылығын ұмытып, 

саф сұлу  нердің сиқырына 

арбалады» – дейді режиссер. 

Есепсіз т гілген маңдай 

тер, адал еңбектің қай кезде де 

теуі болған. Бүгінде жас театр 

елорда т рінде жаңа ғимаратқа 

ие болып, т л театрының 

тұсауын кесіп жатса – бұл 

да сол  нерге деген шексіз 

махаббат пен ешбір  теусіз 

еселене т гілген маңдай тер, 

қажыр-қайраттың, тұғырлы 

табандылық пен ерік-жігердің 

жемісі деп білеміз. Жастар 

театрының жаңа ғимаратқа 

к шуі – Астана тұрғындары 

үшін ғана емес, жалпы  нер 

әлеміндегі үлкен жаңалық 

болды. Күләш Байсейітова 

атындағы бұрынғы Ұлттық 

опера және балет театры 

енді жас театрдың іргелі 

қарашаңырағына айналды. 

Осындай толқынысты сәттегі сезімімен 

б ліскен суреткердің: «Бұл ғимараттың тарихы 

үлкен ғой. Кезінде ұлы Күләш апамыздың 

атындағы театр болған. Осы аяулы есімнің  зі 

бізге үлкен жауапкершілік жүктейді» деуі де 

жас театрдың  нердегі  рісіне  лшем, алдағы 

күндерде атқармақ айтулы туындыларының 

талғам деңгейі мен к ркемдік келбетіне таразы. 


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> 46-ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары
2016 -> №70 (858) Сенбі, 3 қыркүйек
2016 -> Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж
2016 -> ҚазаҚстан Республикасының Мәдениет Және споРт МинистРлігі МинистеРство культуРы и споРта Республики казахстан
2016 -> Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2016
2016 -> 2016 жыл №89 (8009 ) 12 Қараша сенбі (Жалғасы 3-бетте)
2016 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ

жүктеу 1.01 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет