Қазақстандағы инфляция моне тар лық сипатқа ие емес. Біздің банк



жүктеу 0.67 Mb.
Pdf просмотр
бет4/6
Дата01.05.2017
өлшемі0.67 Mb.
1   2   3   4   5   6

Қазақстанды картадан өшірген 

оқулық қайдан шықты?

Басы 1-бетте

Құрылыс жұмыстарына алты мердігер 

ме кеме мен мыңға тарта жұмысшы және 

46 техникалық бірлік тартылған. Бүгінге 

дейін ғимараттың қабырғаларын тұрғызуға 

400 текше метр бетон пайдаланылыпты. 

Қазір тұрғын үй кешендерінің магистралды 

ин женерлік желілерінің жобасы мен құ ры-

лысы үшін республикалық бюджеттен бө-

лін ген 11, 567 млрд теңгенің 5,891 млрд 

теңгесі игерілген. 

2012 жылы мамырдың соңын ала сы-

лақ жұмыстары аяқталып, кешен маңын 

абат тандыру ісі тамамдалуы тиіс. Сөйтіп, 

үлес керлер көптен күткен баспаналы болу 

бақытына ие болмақ. 



Сағыныш НАМАЗШАМОВА,

Алматы облысы

Соңғы екі жыл бойы жергілікті өзін-өзі 

бас қару комитеті өкілдері, прокуратура, 

по лиция, сот орындаушылары осы бір ке-

лең  сіздіктің алдын алуға дәрменсіз болып 

келді. Өскемендегі бірқатар дүкен 

 

ге 


аталмыш цех өздерінің санитарлық тұр ғы-

да сын көтермейтін майлы шұжықтар, то-

ңазытылған ет және тоқаштар мен бә ліш-

тер секілді өнімдерін жеткізіп, саудаға 

шығарудан  тайынбаған.  Ет  полу фа б ри кат-

тарын өндіретін тасадағы цех бес қабатты 

тұрғын үйдің жертөлесінде орналасқан. 

Дмитрий ФОМИН, Ворошилов көшесі, 

150-үйдің тұрғыны:

– Аталмыш цехтың қожайыны жер-

төледен терезе ойып, өз білгенін істеп 

бағуда. Ескерту жасаған тұр ғын дар дың 

бәрін балағаттап, аузына келгенін ай-

та ды. Менің әйелімді де балағаттап, 

дө рекілік  көрсетті.

Аталмыш цехтың жұмысын тоқтату ту-

ра лы сот шешімінің шығарылғанына екі 

жыл дай уақыт болыпты. Өртке қарсы қыз-

мет  пен  санитарлық-эпиде мио ло гия лық 

қа дағалау орындары да өздерінің қоры-

тынды тексерулерін әлдеқашан жария 

еткен көрінеді. «Алайда цех басшылығы 

түк болмағандай әлі де өз өнімдерін шы-

ғарып, жұмысын жалғастырып жатыр», – 

дей ді ашынған тұрғындар. Тіпті ол кінәсін 

мойындағанның орнына тұрғындардан 

бастап бірнеше адамды сотқа берген. 

Мәселенің мән-жайына қаныққан қала 

бас шылығы енді бетімен кеткен цех бас-

шысына қатаң шаралар қолдануды жос-

парлап отыр. 

Азамат ҚАСЫМ, 

Өскемен

– Әу баста тиімді болу үшін оқу шы лар-

дың киімдеріне жарыққа шағылысатын 

ленталар байлаған болатынбыз. «Сақтықта 

қорлық жоқ» деп, әуелі тәжірибе ретінде 

мектепке жақын орналасқан кейбір жаяу 

жүргіншілер жолын сары, ақ түске бояуды 

жөн көрдік. Нәтижесі көп күттірмеді. Жүр-

гі зушілер қанық түске дереу тоқтап жатыр, 

– дейді облыстық ІІД ЖПБ аға қызметкері 

Мұрат Жалғасов.

Қазір қаладағы 66 мектеп жанындағы 

жаяу жүргінші жолақтары сап-сары түске 

боял ды. Жол полицейлері ойлап тапқан 

«кө ңілді жолақтар» ата-аналар тарапынан 

да қолдау тауып отыр. 



Ақбаян БОЛАТБЕКҚЫЗЫ

ОҚИҒА


БАСТАМА

«Премьералықтар» 

пәтерлі болады

Жасырын 

цех жұмысы 

әшкереленді

Сары түс – 

тоқта!

СҮЙІНШІ!


Заңсыз, бей-берекет 

сауда орындарында алынған 

өнімнен тұтынушылардың 

улану қаупі зор. Өйткені 

ондай жерлерде сүт және 

тағы да басқа азық-түлік 

арнайы тексерусіз сатылады. 

Өскеменде осындай ет 

өнімдерін шығаратын 

жасырын цех әшкереленді.

Ақтөбелік жол 

сақшылары тағы бір мәрте 

жаңашылдықтарымен 

таңғалдырды. Жаяу 

жүргіншілер өтетін тұстағы 

ақ жолақтар сары түске 

боялды. Мұндай жолақ әзірге 

республикада тек Ақтөбеде 

болса керек. 

«Премьера» тұрғын 

үй кешенінің құрылысы 

2012 жылы аяқталады деп 

жоспарланып отырғаны 

мәлім болды. Республикалық 

бюджеттен бөлінген 17,155 

млрд теңгеге кешеннің 

құрылыс жұмыстары осыдан 

екі ай бұрын басталған 

болатын. Ал биылғы жылы 

13 млрд теңгені игеріп, 

28 тұрғын үй ғимаратын 

салу көзделуде. Мұнан 

соң үлескерлік қатысына 

байланысты қайта жасалған 

«Жетісу Жаңа Құрылыс» 

ЖШС келісімшартына сәйкес, 

әрбір үлескер пәтерлерге 

бекітілетін болады. Жуырда 

өткен үлескерлік құрылыс 

мәселесі жөніндегі штабтың 

кезекті отырысында Алматы 

облысы әкімінің орынбасары 

Болат Тәкенов осылай деп 

хабарлады.

 Қазақстан Республикасы Еңбек ко дек-

сінің 1-бабына сәйкес, iссапар – жұмыс бе-

рушiнiң өкiмi бойынша қызметкердi тұрақты 

жұмыс орнынан тыс жерге белгiлi бiр мер-

зiмге еңбек мiндеттерiн орындау үшiн жi-

беру, сондай-ақ қызметкердi басқа жерге 

оқу ға, бiлiктiлiгiн арттыруға немесе қайта 

даярлауға жiберу.

Кодекстің 152-бабына сәйкес іссапар уа-

қы тында қызметкердiң жұмыс орны (лауа-

зы мы) мен жалақысы сақталады.



Іссапарларға жiберiлетiн

қыз мет кер лер ге:

1) қызметтiк iссапарда, оның iшiнде 

жол  да болған күнтiзбелiк күндерi үшiн тәу-

лiк тiк  төлемдер;

2) баратын жерiне дейiнгi және керi қай-

ту да ғы жол жүру шығыстары;



Мен орта мектепте мұғалім болып жұмыс істеймін. Біліктілікті арттыру 

курсына сәуір айында үш күн іссапармен бардым. Бірақ есептеу бөлімі маған 

тұрғын үй жалдау шығыстары мен тәулiктiк төлемдерді тек екі күнге және бару-

келу жол шығынын төлеп отыр. «Неге үш күнге төлемейсіздер?» десем: «Жаңа 

ереже бойынша бір күн қысқартылады», – дейді. Есепшінің осы уәжі заңды ма? 

Жаңылай АЙМАХАНОВА, Оңтүстік Қазақстан облысы

3) тұрғын үй жалдау шығыстары тө ле-

недi.

Қызметкерлердi iссапарларға жiберудiң 



та лаптары мен мерзiмдерi еңбек шартымен, 

ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушiнiң 

актiсiмен айқындалады.

Мемлекеттік мекемелерде іссапар шы-

ғы старды төлеу тәртібі «Мемлекеттiк бюд-

жет тiк есебiнен ұсталатын мемлекеттiк ме-

кемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ 

Қазақ  стан Республикасының Парламенті де-

путат тарының  Қазақстан  Республикасының 

ше 


гiндегi қызметтiк iссапарлары туралы 

ереженi бекiту туралы» Қазақстан Рес пуб-

ликасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыр-

күйек тегі №1428 қаулысымен бекітілген.



Осы орайда айта кетер жайт, Өзбекстан, Қытай секілді көрші елдер 

қазақ мектептерінің оқулықтарында өздерінің тарихын, әдебиетін, гео-

графиясын қазақ тіліне аударып оқытады екен. Олар мұндай әрекеттері 

ар қылы өздерінің идеологиясын жүргізіп қана қоймай, қазақ бала ла-

рының санасын жаулауды, елдерін танытуды да мақсат етіп отыр. Өз ге 

ел осылайша оқулық арқылы кемін бүтіндеп, жетпегенін толты ру ды мақ-

 сат етсе, біз, керісінше, өз өрен де ріміздің өресін кемітетін жайт тар ға жол 

беріп отырмыз. Оқулық арқылы білім алып қана қоймай, өз елін ке ңінен 

тануына ық 

пал ете алмай отырмыз. Осындайда «біздің де оқу-

лықтарымыз ұлт мүддесіне жұмыс істейтін күнді оқушыларымыз әлі қан-

ша күтер екен?» деген ой еріксіз маза лай ды.

Нұрғис


а ЕЛЕУБЕК

ОВ (фо


то)

Осылайша олардың қылмыстары әш-

ке реленді. Тергеу кезінде жас жігіттер көлік 

айдап әкетуді былтырғы жылдан бері кә-

сіп ке айналдырғандары анықталды. Олар 

әсіресе отандық темір тұлпарларды мініп 

кетіп отырған. Айта кетсек, қолға түскен 

жігіт тердің ішінде ең кішісінің жасы 17-ге 

жаңа толыпты. 

Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты қыл-

мыстық іс қозғалды. Әзірше олардың ав-

то көлік айдап әкетуге қатысты бес оқиғаға 

қа тысы бар екендіктері анықталды. 

Дәулет САДЫҚОВ,  Семей қалалық ІІБ 

бас пасөз қызметінің бастығы: 

– Отандық көліктерді ашып кіру 

оңай. Соған қоса көбінде арнайы да-

был орнатылмаған. Кейбір көліктердің 

иесі темір тұлпарларын қараусыз жер-

лер ге қалдырып кеткен. Арнайы күзет 

болмағанын білетіндер көліктің есігін 

бұзып, оған оңай мініп кетіп отырған. 

Көз деген жерге жетіп алғасын, авто кө-

лік тің саймандарын бөлшектеп сатып 

отырған. Ал металдарды арнайы ме-

талл қабылдайтын орындарға тап сыр-

ған. 

Асыл ЖАН, 

Семей

Көлік 

ұрлағыштар 

құрықталды

ҚҰҚЫҚ ПЕН ҚҰРЫҚ

Мансұр ХАМИТ (фото)


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№94 (546) 2.06.2011 жыл, бейсенбі



www.alashainasy.kz

5

e-mail: info@alashainasy.kz

Қамшы жайлы алғашқы деректер қай кезге тән? Және қамшы қанша таспаға дейін барады?

Айбатыр Сейсенбекұлы, Тараз



?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Қамшы қазақта қашаннан бар?

Гүл патшасы кім?

СҰХБ


А

Т

Абайдың інісі, Алаштың ірісі

Бақидың емес, тұп-тура осы пәнидің 

адам қолымен жасалған «тозағы» Карлаг-

ты көріп, одан аман-есен келген осы бір 

 есім иесімен абайтану, шәкәрімтану, әуе-

зовта ну сынды үш бірдей үлкен тағылым 

сала 


сы байланысты. Одан бөлек, еліміз 

тарихы  ның елеулі оқиғаларының қағазға 

түсуінде,  мәдениет пен өнер, әдебиеттану

театр та рихы секілді іргелі ғылым сала ла-

рында Қа йым Мұхамедхановтың тамшы-

ла ған  те рі  жатыр. 



Жабал ШОЙЫМБЕТОВАбай атындағы 

Қазақ ұлттық университетінің Абай ғы-

лы ми-зерттеу орталығының атқарушы 

директоры: 

– Ақиқатында, әу бастан күні бү-

гінгі аралықта Алаш мойындаған үш 

абай танушы бар: ең біріншісі, әрине, 

Мұхтар Әуезов, содан соң Қайым 

Мұхамедханов және үшіншісі – қазірде 

көзі тірі Мекемтас Мырзахметов. Бұл 

үшеуі де – Абай үшін Алла берген 

өмірінің бар қызығынан бас тарта 

білгендер, Абай үшін арын да, жанын 

да, білімін де сарп еткен ғазиз жандар. 

Ал Абай жолы – өте ауыр жол. Қайым 

Мұхамедханов тіпті осы Абайды 

ТҰЛҒА


қорғағаны үшін репрессияға ұшырап, 

25 жылға кесілгені бізге аян. 

Маған бүгінде көп адам: «Сіз ба-

қыт 

тысыз, Қайым ағамен бірге қыз-

мет істедіңіз, сырластыңыз», – дейді. 

Шындығында, Қайым ағаның өзі өмір -

де өте қарапайым, бұл өмірде жүріп-

ақ тозақтың шетін көрсе де, өзін сонша 

мықты ұстайтын. Соның бәрін мен бүгінгі 

ұрпаққа үлгі қылып көрсетер едім. Сонда 

кейде Қайым ағаға: «Аға, сіз осы көп 

нәрсе көрдіңіз, бірақ үндемейсіз, тіпті еш 

қиындық  көр  мегендей  міз  бақпайсыз, 

неге ең құрығанда соның шет жағасын 

айт пай сыз?» – десем: «Е, ол кезді еске 

тү сіріп қажеті жоқ, ол зиян», – дейтін. 

Содан өзімінің түйгенім, қазақты өзі 

құрбан болды, сол себепті бір-бірін 

ұстап беру секілді ұсақтыққа жол беріп 

қойғанын іштей түсініп, қазбаламайын 

де 

гені шығар деп. Ұйқы-тұйқы ғұмыр 

кеш 

кен ұлттың ешбірін жамандағысы 

кел 

меген болар, үндемейтін. Ұлттың 

сон шалықты ауыр тағдырын өз бойына 

сый 

дырып, сақтап, үнсіз өзімен алып 

кетті. 

Динара МҰХАМЕДХАНОВА, қызы, 

Қайым Мұ хамедханов атындағы қордың 

төр айымы:

– Әкемді репрессияға ұшыратушы-

лар дың бар артқан кінәсі – Абайдың 

ақын 

дық ортасы тақырыбын қорға-

Абайын ардақтаған ел Қайымын да қастерлей білуге тиіс. 

Себебі Абайдың артында қалған мұраларына бас-көз болуды 

өзіне мұрат тұтып, тіпті Абайдың ақындық мектебі жайлы ауызға 

алғаны үшін ғұмырын қуғында өткізген бірден-бір тұлға осы Қайым 

Мұхамедхановтай-ақ болсын. Бұл – ардақты тұлғаның бір ғана қыры, 

ал тұтас алғанда, өз өмірін ақиқат үшін, тарихи шындық жолында 

құрбан етсе де, ешкімге мұң-зарын айтып шағынбауы – Қайымның 

қайыспас қара нарлығының нағыз дәлелі. Тәуелсіздігіміздің 20 

жылдығы осы бір ғазиз жанның 95 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс 

келіп отыр. 

Мәриям ӘБСАТТАР

Мұражай ойын-сауық отауы емес...

перзенттік парызды пайымдай алдық па?

31 мамыр – Саяси қуғын-

сүргін құрбандарын еске алу 

күні қарсаңында Астананың 

солтүстігіндегі Целиноград 

ауданының орталығы болып 

табылатын Ақмол ауылы да 

ерекше күйге енеді. Дәл осы 

күндері өңірге бұрынғы КСРО 

кеңістігінен ғана емес, 

әлемнің әр түкпірінен өткенге 

тағзым етушілер жиналып 

жататыны бар. Өйткені мұнда 

сталиндік қасірет 

жылдарында, нақтырақ 

айтқанда, сонау 1937 жылы 

НКВД-ның арнайы 

бұйрығымен салынған 

Ақмола халық жаулары 

әйелдерінің лагері, кейін 

баршаның аузында АЛЖИР 

аталып кеткен азап орталығы 

орналасқан еді. Қазақтың 

ғана емес, бүкіл адамзат 

баласы үшін аса ауыр 

саналатын сол бір қасіретті 

жылдарды мәңгі есте сақтау 

мақсатындағы азапты нүкте 

орнына «АЛЖИР» 

мемориалды мұражайы 

көтерілген. Қасіретті аза тұту 

күні қарсаңында тарихы мен 

тағылымын ұштастырған 

мұражайдың директоры 

Болат ЖҮНІСБЕКОВПЕН 

әңгімелескен едік. 

– Кеңестік қызыл империя Қазақ 

же рінде небір нәубеттің ізін қалдырды 

ғой. Соның бірі – осы АЛЖИР. Әңгі ме-

міз ді АЛЖИР тарихынан бастасаңыз... 

Мұнда қанша адам тұтқында болды? 

– Алдымен ГУЛАГ-тың тарихына кел-

сек, мұның өзі Орталық атқару комитетінің 

1934 жылғы қаулысымен құрылғаны бел-

гілі. Кейіннен елдің саяси сенімсіз аза мат-

тарын одан сайын тұқырта түсу мақсатымен 

1937 жылы НКВД-ның бұйрығымен «ха-

лық жауларының» әйелдерін, олардың 

туыс тары мен балаларын да жер аудару 

аза бы жүзеге асырыла бастады. Қараған-

ды лагерінің 17-бөлімшесінің 26-шы нүк-

тесі Ақмола өңіріндегі сол кезде Малиновка 

ата латын елді мекенінде жасақталды. Ал 

мұнда тұтқын әйелдердің алғаш табаны 

тиген мерзімі 1938 жылдың 6 қаңтары еді. 

Бұл Арқаның қақаған қысы нағыз өз қа һа-

рына мініп тұрған уақыт болатын. Ақ мола 

өңі ріне жөнелтілген жаңағы тұт қындардың 

алғашқы легі, негізінен, «халық жаулары» 

мен саяси сенімсіз аталған ерлерінің арты-

нан қайта-қайта іздеу салған әйелдері бо-

ла тын және итжеккенге айдамас бұрын, 

олар дың басым бөлігін «өз күйеулеріңмен 

жүз десетін болдыңдар» деп алдап жолға 

шы ғарған екен. Кейбір естеліктерге қа ра-

ған да, осы күнді сағына, сарыла күтіп жүр-

ген дердің бұған құлай сенгендері сон ша-

лықты – аяқастынан тұтқыннан бір-ақ 

шық қан дардың басым бөлігі темір тордың 

ар жағына сол әдемі көйлектерін киген 

күйі айдалған. Сосын 18 шаршы метрлік 

ва гон дарға 60-70 адамнан тиелген көлік 

бір сәт те-ақ жазықсыз жандарды Ақмо-

ланың ыз ғарлы топырағынан бір-ақ шыға-

рыпты. Азап ты АЛЖИР қызмет еткен нәубет 

ке зеңінде түрлі этаппен қазақ даласына 

ай далған 20 мыңнан астам «халық жау-

лары» жұбайларының адам төзгісіз тағ ды-

ры осы тө ңіректе өтті. Алдымен АЛЖИРГЕ 

келіп, осы нүктеден басқа жаққа да бөлініп 

отыр ғаны бел гілі. Лагерьлерге ауысты рыл-

ған дардан бөлек, жазасы жеңілдеулері де 

еркін қо ныс тану түріндегі режиммен осы 

төңіректе тұ рақтады, кейіннен арнаулы 

аймақтарға кө шіріліп отырды. Ал ондай 

көшірілген дер дің қолдарына «№39 пас-

порт» деген құ жат берілетін. Мұндай «№39 

паспортты» мәжбүрсіз иеленген азаматқа 

Кеңестер Ода 

ғының 39 ірі қаласында 

болуына ты йым салынды. Жоғарыда 20 

мыңнан астам тұт 

қын әйелдің табаны 

АЛЖИР ге тиді де сек, нақты осы азапты 

нүктеде өзінің кесіл ген мерзімімен отырған 

тұтқын әйелдердің саны 3000-нан асады. 

Олардың дені 5-10 жылға дейін бас 

бостандығынан айы 

рыл 

ды. 62 ұлттың 



өкілдерінен тұратын тұт қын дар болды. 

– «Атақты тұтқындар» арасында 

кім дер бар еді? Тұтқын әйелдер ара-

сында атақты тұлғалардың жарлары 

да көп болды ғой...

 – Иә. Атап айтсақ, лагерьде азапты 

өмі рін өткізгендер қатарында сол кездегі 

әй  гілі тұлғалар Тухачевская, Русланова, 

Пли   сецкая,  Майлина,  Рысқұлова,  Се ре-

бря кова секілді елге белгілі зиялы қауым 

өкіл дерінің жұбайлары болды. Ешкімге 

қиянаттай жазығы жоқ жандардың ара-

сында керемет дарындылары, жұртқа та-

ны мал болған азаматшалары да бар еді. 

Тіп ті олардың не үшін азап нүктесіне ай-

далғаны белгісіз болып, жазықсыз үкімге 

ке сілгені анық болатын. Мәселен, азап ла-

ге рінде болған Ханн Самойловна Мар тин-

сон өмірін өксікпен өткізді. Ол – тамаша 

дәрігер, өзінің мейірімділігімен мыңдаған 

адамның өмірін арашалап қалған адам. 

Сол секілді қазақ халық комиссарының 

әйелі Бикамал Сырғабекова да осында 

тұтқында болды. Сөйтіп, тозақ орталығында 

ел жайсаңдарының зайыптары, қыздары 

мен қарындастары жазықсыздан-жа зық-

сыз жапа шекті. Одан да сұмдығы – мұнда 

бо йына нәресте біткен аналарға да ме йі-

рім ділік жасалмады. Темір тордың ар жа-

ғында 1507 нәресте дүниеге келіп, олар-

дың басым көпшілігі аштық пен суықтың 

құр баны болды. Лагерь қабырғасында дү-

ниеге келіп, тірі қалған нәрестелер үш жас-

қа дейін осында азапты күндерін өткізсе, 

ар тынан Қарағанды облысындағы Оса ка-

ров балалар үйіне жөнелтіліп отырған. 



– АЛЖИР тұтқындары немен айн а-

лыс ты?

– АЛЖИРДЕ ұсталған тұтқындардың 

не  гізгі бөлігі мал шаруашылығымен шұ-

ғыл данды. Қой, шошқа, құс өсірді. Онымен 

қоса, бау-бақша өсімдіктерін өсірумен де 

ай налысқан. Тіпті сол кезді көзі көрген аза-

мат 

тардың айтуынша, осында дүниеге 



кел ген балаларға, олардың жас аналарына 

қант жетіспеушілігін болдырмау үшін әйел 

тұтқындар осы далада өсетін жабайы сиыр 

бүл діргенін де көшіріп әкеп отырғызып, 

соны баптап өсірген екен. Лагерь маңына 

ұзын нан арықтар қазылып, «алжирлік» 

тұт қындар өз қолдарымен терек ағаштарын 

отырғызған. Тарихтың тар жолындағы за-

ры терең талай тағдырларға куә болған 

сол теректер әлі бар. 60 жыл болған сол 

те  рек ағаштарын нәубет кезіндегі «ал жир-

лік тердің» көз жасының бірден-бір куә-

герлері десе де болады.

– «АЛЖИР» мұражайында мәдениет 

мекемесі ретінде әртүрлі шаралар да 

жиі өтіп тұратын болар?

– Осындай сауал тартсаң деп, өзім де 

кү тіп отыр едім. Оның себебі мынада: 

«АЛЖИР» – жай ғана мәдени мекеме емес, 

жаңа айтылғандардан да байқаған шы-

ғар сыз, біріншіден, ол – мәдени-танымдық 

ор талық, екіншіден, ол – ғылыми-талдау 

мен зерттеу орталығы. Сондықтан негізгі 

мақса тымыздың өзі мұражайдың жар ғы-

сын да жазылғандай, саяси қуғын-сүргін-

дер дің тамырына тереңдеп, олардың құр-

ба н дарының тағдырына үңілу. Бір сөзбен 

айт сақ, осы бағыттағы жәдігерлерді жи-

нап, толықтырып және талдап-таразылап, 

қол дағы мұраны келушілерге жарқырата 

көрсету болып табылады. Осы жауапты 

мін детпен ізерлей шұғылданар болсақ, 

ойын-сауыққа уақыт табыла қоймас. Пер-

зенттік парызды дабыра шарамен шатас-

тыр масақ дейміз. Бірақ көпшіліктің басын 

қо сып, ақылдасу немесе жазықсыз құр-

бандарды есте қалдыру мақсатында ат қа-

рылар жұмыс өз алдына бір төбе. Мәселен, 

біз де осы лагерьдің әр ұлттан шыққан өкіл-

деріне арнап, шетел елшіліктерінің қа ты-

суымен ескерткіш белгілер қою секілді 

жақ сы дәстүр бар. Ал бұдан былай біз 

осын да қамауда болған өнер қайрат кер-

леріне арнап, Астана мен Алматыдағы жә-

не басқа қалалардағы, бәлкім, шетелде 

де, олар тұрған үйлерде ескерткіш тақталар 

ашуды қолға алсақ дейміз. 



– Жөн екен. Ал енді мұражай бұдан 

бас қа тағы қандай шараларды тұрақты 

өт кізіп  тұрады? 

– Жалпы, мұражай өз күшімен жылына 

үш-төрт шараны атқарып, өткізіп келеді. 

Жә не бұл – тек 31 мамырдың қарсаңында 

ғана емес, жыл бойына жоспарланған 

шаралар. Дегенмен мұражайдың атқарар 

міндетін алдағы уақытта жетілдіре түсуді 

ойластырып отырмыз. Оның ішінде ізденіс 

жұмыстарын жандандырсақ дейміз. 

Қазақтың соңғы ханы Кенесарыдан бастап, 

Алоэ – ылғалдылықты сақтай 

ала  тын арнайы ұлпасы бар өсім дік-

тер тобына жататын гүл. Отаны Оң-

түстік Африка саналады. Негі зінен, 

құрғақ әрі құмды шөлдерде өсе ді. 

Алоэ сөзі араб тілінен шық 

қан. 

Мағынасы «ащы» деген сөзді біл-



діреді. 

Алоэ – жай сәндік үшін емес, ем-

дік үшін өсірілетін гүл. Оның «үй 

гүл  де рінің 

королі» 

деген 


атауы 

осыған тікелей байланысты. Кос ме-

тикадағы пайдасын айтпағанда, осы 

бір  гүл  ги некология,  стома то ло  гия, 

дер ма то логия,  хирургия,  те рапия, 

иммуно логия  секілді  ме ди цинаның 

түрлі  са ла сында  кең  қол  данысқа  ие. 

Сон дай-ақ одан іш ау  руы: гастрит, 

іш қату, асқазан жа ра сы ауруларына, 

жа қыннан көр меу көз ауруларына, 

тіп ті тері, ауыз қуыстарының дертіне 

ши па болатын дәрілер жасалады.



Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.67 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет