Қазақстан-zaman ғаламтордағы мекеніміз



жүктеу 114.17 Kb.
Pdf просмотр
Дата17.01.2017
өлшемі114.17 Kb.

11

“ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN” 20 ЖАСТА

20 ЖЕЛТОЌСАН ЎЛУ ЖЫЛЫ  ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN 



ҒАЛАМТОРДАҒЫ МЕКЕНІМІЗ:  

www.kazakzaman.kz 

E-mail:

 kazakistanzaman@mail.ru

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ, 

ТАНЫМДЫҚ ГАЗЕТ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ 

ЖӘНЕ МЕНШІК ИЕСІ: 

“ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN” ЖШС БАС 

ДИРЕКТОРЫ   АХМЕТ АЛЯЗ

БАС ДИРЕКТОРДЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ



СӘУЛЕ МЕШІТБАЙҚЫЗЫ  

БАС РЕДАКТОРЫ   ЕРТАЙ АЙҒАЛИҰЛЫ



ИНДЕКС: 65977

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:  050000, Алматы қаласы, Наурызбай батыр, 31, Гоголь 

көшесінің қиылысы. Тел.: 279-80-22, факс: 279-80-77



Астана қаласындағы тілшілер: тел./факс: 8 (7172)50-24-18, 50-24-45; 

№29 бөлме, Журналистер үйі. 



Бас директордың орынбасары

АФРИЗА АЙТБАЕВА 



Бас рeдактордың орынбасары 

ЖАНБАҚЫТ БОРАНТАЕВ 



Жауапты хатшы  

ТӨЛЕГЕН ИЛЬЯШЕВ 



Кезекші редактор  

КӘМШАТ АЙДАРХАНОВА



Қамшыбасар-тұжырым: 

ЕРТАЙ АЙҒАЛИҰЛЫ



Ақпарат, экономика, саясат, спорт, 

туризм: ЕРМЕК САХАРИЕВ 

Тарих,  дін, қоғам: 

ЕЛДОС ЖҰМАҒАЛИҰЛЫ



Түркі дүниесі: 

БАУЫРЖАН КАРИПОВ



Білім-ғылым,  демография, экология: 

МИРА МАЙШЫҒҰЛОВА



Жастар мәселeсі, мәдениет-өнер:

КӘМШАТ АЙДАРХАНОВА



Отбасы, әдебиет және аударма ісі:

НҰРГҮЛ ЖАМБЫЛҚЫЗЫ



Фототілші: ҒАБИТ САМҰРАТҰЛЫ

Корректор: ГҮЛФИЯ ЕЛЕМЕСОВА

Беттeуші: ГҮЛШАТ АБУОВА

Терімші-хатшы: ГҮЛНАЗ ДӘУЛЕТОВА

Хатшы: КҮМІС ҚАЛТЫКЕЙ

Маркетинг бөлімінің 

менеджері 

ҚАНАТ ЕСЖАНОВ 

Тел.: +77051369856

Халықпен байланыс 

бөлімінің  директоры

СЕРІК ӨМІРТАЙ



Меншікті тілшілeрдің 

бастығы

СӘУЛЕ МЕШІТБАЙҚЫЗЫ



Меншікті тілшілeр: 

АСТАНА:  

Тілшілер қосынының 

бастығының орынбасары

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК 

Тел.: +77023148143

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ: 

ДАХАН ШӨКШИР  

Тел.: +77014509057

АЛМАТЫ: 

НҰРИЛА  БЕКТЕМІРОВА

Тел.: +77017258534

АҚТӨБЕ: 

ЖЕТПІСБАЙ 

ЖАНАХМЕТОВ

Тел.: +77029570870



ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ: 

ЖҰЛДЫЗ ТОЙБЕК

 Тел.: +77013329834

ҚЫЗЫЛОРДА: 

БЕЙБІТ БҮРКІТБАЙҰЛЫ 

Тел.: +7 (7242) 225695, 

+77771863040      



ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН: 

ШАДИЯР МОЛДАБЕК 

Тел.: +7705 987 77 99

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН: 

БОЛАТ САЛЫҚБАЕВ 

Тел.: +7 7771397319 

ЖАМБЫЛ: 

БОЛАТ МӘУЛЕН

Тел.: +77711586161

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН:

НҰРСАЙЫН ШӘРІП 

Тел.:+77779623740

ПАВЛОДАР: 

ЖҰМАБЕК СМАНОВ  

Тел.: +77016589527

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ: 

КӘРІМ БАҚРИДЕНОВ 

Тел.: +77019997210,

 +77774387660



ҚОСТАНАЙ: 

ҚЫДЫРБЕК ҚИЫСҚАН

Тел.: +77751365757

Газет Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнде тiркелiп, 

№ 9429-Г куәлiгi 01.08.2008 ж. берiлген. Газет бетiнде жарияланған материалдардың көзқарасы мен фактiлердiң 

нақтылығы үшiн редакция жауап  бермейдi. Қолжазба авторға қайтарылмайды. Жарнама мен хабарландырулардың 

мазмұны мен мәтiнiне жарнама берушi жауапты. “Қазақстан-ZAMAN” газетiнiң компьютер орталығында терiлiп,  

беттелдi. Газет аптасына бiр рет — бейсенбі күндерi шығады. Газет материалдарын көшiрiп басу үшiн мiндеттi 

түрде редакцияның рұқсаты қажет. Суреттердiң сапасына редакция жауап бередi. Газет ЖШС “Гамма-Принт” 

баспасында басылған. МЕКЕНЖАЙЫ: 050061, Алматы қаласы, Райымбек батыр даңғылы,  369. 

ТАРАЛЫМЫ: 15 500. ТАПСЫРЫС №1557

2008  жыл.  Бұл  жыл  газет  үшін  өте 

өнімді  материалдар  қамтылған  жыл  бол-

ды.  Саясаттан  «Дүниежүзінде  өз  тілін-

де  сөйлемейтін  жалғыз  ғана  мемлекет 

бар.  Ол  —  Қазақстан»,  «Ғарыш  айлағын 

ұлттық мүддемізді аяқасты ету үшін жалға 

берген  жоқпыз»,  «Үкімет  пен  Парламент 

арасындағы 

«сұрақ-жауап» 

ойыны», 


«Өзіңді-өзің  жаттай  сыйла,  жат  жанынан 

түңілсін»,  «Мемлекеттік  тілге  мемлекет 

бетін бұрса, сең де сөгіледі, тоң да жібиді»   

(Р.Әшеева), «Имандылық  нұры» айдары-

мен  «Халқымыздың  11  пайызы  өзге  діни 

секталарға  кеткен»  (Абдулла  Бақадыр), 

«Қожа  Ахмет  Иассауи  бабамыз  кім?» 

(М.Исахан),  «Зікіршілік  —  Ислам  негізде-

ріне қайшы емес» (Бахтияр Мирамұлымен 

сұхбат, Темірбек Жексембекұлы), «Ассам-

блея ұлтаралық тұрақтылықтың кепілі бола 

ала  ма?»  (Г.Шонабай),  «Тәуелсіздіктен 

айырылсақ, барлығынан адыра қаламыз» 

(Р.Әшеева),    «Тарих  қатпары»  айдары-

мен  «Бабаларға  тартқан  қасиетті  жол» 

(С.Құттыбаев),  «Шыңғыс  хан  —  қазақ,  ал 

қазақтың  өзі  —  Ұлы  Түрік  қағанатының 

бірден-бір  мұрагері»  (Қайрат  Закирьянов-

пен  сұхбат,  Думан  Бықай),  «Тарих»  ай-

дарымен  «Отаншылдық,  ұлтшылдық  һәм 

қазақшылдық  үлгісі  Мұстафа  атамызда» 

(Қасымхан  Бегмановпен  сұхбат,  Балнұр 

Ахметова),  «Қытай  сахарасындағы  сары 

ұйғырлар»  (М.Исахан),  «Шыңғыс  ханның 

ұлты  кім?»  (Ж.Омаров),  «Қара  қасқа 

атты  Қазыбек  батыр»  (С.Байқадиұлы), 

«Армысыңдар,  сарбаздар!»  айдарымен 

«Әскери  оқу-жаттығу,  барлық  шаралар 

қазақ тілінде өтеді», «Айбынды әскері бар 

алашымның» (Б.Исаев), 2008 жылы газет-

те жас қаламгерлерді қолдау мақсатында 

әредік-әредік  «Үлпек»  атты  жас  ақын-жа-

зушылар  шығармашылығына  арналған 

әдебиет  беті  шығарыла  бастады. 



Бұл 

жылдың ең үздік мақаласы — «Шыңғыс 

хан  —  қазақ,  ал  қазақтың  өзі  —  Ұлы 

Түрік қағанатының бірден-бір мұрагері» 

(Қайрат  Закирьяновпен  сұхбат,  Думан 

Бықай).  

2009 жыл. Газет тарихында бұл жылдың 

да өзіндік орны бар. Аталған жылы саясат 

айдарымен  «Израиль  Палестинаны  қанға 

бояды»,  «Қазақстан  ғарыштық  мемлекет 

бола ала ма?», Біз ядролық қарудан неге 

бас  тарттық?»,  «ДСҰ  және  Қазақстан», 

«Қазақ  ұлтшылдығы  қазақ  ұлтын  жоюға 

бағытталған»  (Сайын  Борбасов),  «БҰҰ 

Каддафиге  неге  жақпайды?»,  «Қара 

саба  Каспий  тағы  көкпарға  тартылмақ», 

«Каспийді  көкпар  еткен  бесеу»,  «Түркі 

дүниесі»  айдарымен  «Қазақстан  — 

Түркияның стратегиялық әріптесі»  (Ахмет 

Аляз),  «Қазақстан  мен  Түркия  қарым-

қатынасы  дамудың  жаңа  көкжиегіне  бет 

бұрды»,  (М.Исахан),  «Достығымыз  мәңгі 

болсын!»  (Қарағандыда  өткен  Түркия 

Республикасының  апталығынан  матери-

ал,  Жұлдыз  Тойбек),  «Сексен  қала  «се-

рісі»  —  Бурса»  (Ж.Борантаев),  «Әл-Ма-

туриди  —  түркі  әлемінің  ұлы  перзенті», 

«Жанайқай»  айдарымен  «Көкпарға  түскен 

тендер»,  «Жетпіс  күн  өлі  мен  тірінің  ара-

сында жатқан келіншек» (Ш.Құсайынұлы), 

«Жікшілдер  халық  тұтастығына  сына 

қағуда», «Біздің сұхбат» айдарымен «Бас-

ты  мақсат  —  мемлекеттік  тілді  оқытудың 

ортақ  жүйесін  қалыптастыру»  (Б.Майлы-

баевпен сұхбат, А.Аляз), «Ұлттық мүдде» 

айдарымен  «Ел  болам  десең,  әйеліңді 

түзе!» (С.Өзбекұлы), «Ұлттың ұлы мұраты 

жолында  ұйысайық!»  (Г.Шонабай)  сынды 

материалдар  көп  көңілінен  шықты.  Бұдан 

басқа «Нұр Отан» партиясының «Ауылдың 

гүлденуі — Қазақстанның гүлденуі» акция-

сы мен 


«Қазақстан-Zaman» газетінің «XXI 

ғасыр ауылы қандай болуы керек?» экспе-

дициясы Павлодар, Батыс Қазақстан, Аты-

рау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда  облы-

старында болып, өңір тіршілігімен танысып, 

халықпен жүздесті. Е.Айғалиұлы Павлодар 

облысына  барған  сапарынан  «Ерке  Ер-

тіс  өңірінің  ауылдары  қазақыланып  келе-

ді»  атты  проблемалық  материал  жазды. 

Жылдың  ең  үздік  мақаласы  —  «Хан 

Кененің  қазасы  —  Алашымның  азасы» 

(Мұхан Исахан). 

2010  жыл.  Бұл  жылдың  ең  үздік 

мақаласы  «Мұнайлы  өлкенің  мұңы» 

(Ермек Сахариев).

  

2011 жыл. Бұл жылғы газеттің алғашқы 

нөмірі  «Көш  неге  тоқырап  тұр?»  (авторы 

Құрманғали  Уәли)  және  «Ұлық  болсаң  кі-

шік  бол,  Нұрлан  Өнербаев  мырза!»  атты 

(авторы  Сәуле  Мешітбайқызы)  сыни  ма-

териалдармен  басталды.  Саясат  айдары-

мен  бұл  жылы  «Кедендік  одаққа  айтылар 

9 сын», «Каддафи елін қанды қасапханаға 

айналдырды»,  «Аламан  бәйгедегі  төртеу 

де  халықпен  бірге.  Бірақ...»,  «Ақтаудағы 

АЭС 

Ресейдің 



эксперименті 

ме?», 


«Қазақстан  көппартиялы  жүйеге  дайын 

ба?»,  «Қытайдың  «Жунго»  операциясы 

—  Қазақстанға  зор  қауіп»,  «Билік,  Ис-

лам және демократия», «Кеден одағының 

Кеңес  Одағынан  айырмашылығы  неде?», 

«Аты  —  қазақ,  заты  —  орыс  Байқоңыр», 

«Тілге  сатқындық  —  елге  сатқындық» 

(Е.Сахариев),  «Қазақстанды  ақ  жолдан 

бұрушыларға  «тәйт»  дейік»  (Құрманғали 

Уәли),  «Қазақ,  Қытай,  Жоңғар  бас 

қосқан»  (С.Мешітбайқызы),  «Жиринов-

ский  Түркиядан  неге  қуылды?»,  «Саясат 

тақтасындағы  мемлекеттік  тілдің  жүрісі 

неге баяу?» А.Үсен), экономикадан «Мұнай 

өндіруді арттыру — Каспийге төнген қауіп», 

«Жемсауы кең банктер бұқараны қашанғы 

қанайды?»,  «Жыл  сайын  диқанды  шы-

рылдататын  жанармай»  (Е.Сахариев), 

«Барахолкадағы    былық»  (Ұлбосын 

Қуанышқызы),  «Әлеумет»  айдарымен 

«Қарыз  күліп  келіп,  жылап  қайтады», 

«Дүниежүзі  қазақтарының  IV  құрылтайы 

шеттегі  5  миллион  бауырларымыздың 

мұңын  жоқтай  алды  ма?»  (Н.Қабылбек), 

«Наркобарондардың  қанды  тырнағы  та-

лай жасымыздың өмірлерін өксітіп жатыр» 

(Н.Бектемірова), «Ертіске қауіп төніп тұр» 

(С.Байқадиұлы),  «Күрескерге  айналған 

үлескер тағдыры ойыншық емес» (Ш.Битае-

ва), «Мен жемқорлық пен алыпсатарлыққа 

тосқауыл  қойдым»  (Өскемен  қаласының 

әкімі  Ислам  Әбішевпен  сұхбат,  Г.Балта-

ева),  «ПИК  патшалығы  күйресе,  оның  ор-

нын кім басар?» (Е.Сахариев), «Жаңаөзен 

дүмпуі:  дақпырт  пен  ақиқат»  (М.Исахан), 

«Имандылық нұры» айдарымен «ҚМДБ-ға 

он  аманат»,  «Қазақтың  әлімсақтан  бер-

гі  әйел  жайлы  түсінігі»,  «Нұх  пайғамбар 

тойлаған  Әз-Наурыз  хақ  дінге  қайшы 

емес»,  «Әбу  Ханифа  —  тура  жол,  хақ 

діннің  бастаушысы»,  «Мазхаптар  қалай 

пайда  болды?»,  «Қазақ  Ислам  дінін 

қашан  қабылдаған?»,  «Иә,  шынында  да, 

Алланы  алдай  алмаймыз»,    (М.Исахан), 

«Жанайқай» айдарымен «Шарында шаруа 

қожалықтары шатқаяқтап тұр», «Өртенген 

табиғатқа  өртенер  өзек  бар  ма?»,  «Өлген 

орыстың  үйіне  таласқан  екі  қазақтың 

дауы»  (Ж.Борантаев),  «Кемел  заман-

да  кейін  қалған  Кемертоған»,  «Банкпен 

шайқасқа неге шықтым?» (Ж.Мерекеұлы), 

«Астана  жетімдердің  көз  жасына  сене 

ме?»  (Б.Бүркітбайұлы),  «Сергелдең», 

«Ту-талақай»,  «Шырмауық  пен  шындық», 

«Тажал», «Шындыққа күйе жағылмайды», 

«Қудалау»    (Ш.Құсайынұлы),  «Өз  баспа-

насынан қуылған мұңлық» (Ш.Құрбанова), 

«Тіл  майданы:  Оян,  қазақ!»  айдары-

мен  «Бауырым,  сен  неге  балаңды  орыс 

мектебіне  бердің?»  (дөңгелек  үстел, 

М.Машығұлова),  «Конституцияға  қарсы 

әрекеттер  тоқтатылсын!»  (Ашық  хат), 

«Қазақтың  нанын  жеп,  ауасын  жұтып  от-

ырып, оның тілін менсінбейтіндер елдеріне 

кетсін» (Д.Шөкшир), «Тілімді төрге шығар, 

өз  тұғырына  қондыр!»  (Ш.Құрбанова), 

«Мемлекеттік  тілде  ең  алдымен  мемле-

кеттік  қызметкер  сөйлеуі  керек»  Ахмет 

Алязбен  сұхбат,  Н.Қабылбек),  «Орысшыл 

түркологтар  шынайы  тарих  жасай  ал-

майды»  (С.Асанов)  «Қазақ  қоғамындағы 

«үлкен  Түркістан»  (Е.Өміржанов),  «Бі-

лім-ғылым»  айдарымен  «Он  жеті  мың 

ғалымның  еңбегі  еш  кете  ме?»  (дөңгелек 

үстел,  М.Майшығұлова),  «Білім  мен 

ғылымға  жаңа  реформа  жасалуы  керек» 

(А.Аляз,  М.Исахан),  «Мектеп  директо-

рын  «тәубесіне»  келтіретін  билік  неге 

дәрменсіз?»  (Б.Бүркітбайұлы),  «Журна-

лист — қолы ұзындар мен шекпенділердің 

даяшысы  емес»  (К.Қамзин)  сынды 

мақалалар легі жарияланды. Бұдан басқа 

осы жылы газет «Бабалар рухына тағзым», 

«Табиғат-анаңды  қорлама!»    экспедиция-

сын ұйымдастырды. Газет сондай-ақ, «Нұр 

Отан» партиясының «Киелі мұраға тағзым» 

акциясына  қатысты.  Басылымда  отбасы, 

әдебиет,  экология,  заң  т.б.  айдарлармен 

мақалалар беріліп тұрды. 

Бұл жылдың ең 

үздік мақаласы — «Моңғол емес, «Мәңгі 

ел» (Хасен Қожа-Ахмет). 

2012 жыл. Бұл жылғы нөмірдің беташары 

«Саяси партиялардың сықпыты осы ма?» 

(авторы  —  Сәуле  Мешітбайқызы)  атты 

сыни мақаламен ашылды. Бұл жылы саясат 

айдарымен  «Жаңа  Парламент  әлеуметтік 

шиеленістердің  алдын  ала  ма?»  «Түркілік 

интеграцияға  саяси  басымдық  берілуі 

керек»,  «Жаһандануда  түркі  халықтары 

ортақ  тілді  қажет  ете  ме?»  (С.Асанов), 

«Қазақтың мүддесін «аттандап» қорғайтын 

Ассамблея  қажет!»  (С.Мешітбайқызы), 

«Әлем  көз  тіккен  Астана  форумы 

дағдарысты  шеше  ме?»  (Н.Қабылбек, 

«Еуразиялық одақ бізге не береді?» (Е.Са-

хариев),  «Қытайларды  қызықтыратыны 

қыздарымыз  ба,  әлде  қасиетті  жеріміз 

бе?»  (М.Майшығұлова),  «Жер  саясаты 

немқұрайдылықты  көтермейді»,  «Баспа-

на  жыры  қашан  бітеді?»,  «Жанармай 

үшін  тағы  да  Қытайға  жалбарынамыз 

ба?»  (Е.Сахариев),  «Жанайқай»  айдары-

мен  «Көгені  әлсіз  Кеген»,  «Өлетініңізді  не 

өлгеніңізді хабарлаңыз», «Жүн-жұрқа, тері-

терсек  арасынан  шыққан  айқай»,  «Пәтер 

емес,  пәле  сатып  алыппын»,  «Кімсің 

сен,  министр  Х-Дөкей?»,  «Таклышевтің 

кесірінен  «тар  жол,  тайғақ  кештім» 

(Ж.Мерекеұлы),  «Тағанақ  талқы»  айда-

рымен «Жат жұрттағы бауырларымыздың 

атажұртқа  көші  неге  тоқырап  тұр?», 

«Ғылым  ордалары  ғылымды  дамыта  ала 

ма?»  (М.Майшығұлова),  «Қазақтарды 

жансыз ағаш қылып отқа жаққыларың кел-

месе,  әнді  сақтаудың  қамын  қылыңдар» 

(Кәмшат  Айдарханова),  «Кітап  оқымаған 

бала  нәр  алмаған  шыбықпен  тең»,  «Ел 

қамын  ойлар  бүгінгінің  Бұхар  жырау,  Ма-

хамбеттері қайда?» (Нұргүл Жамбылқызы), 

«Тұлға»  айдарымен  «Қазақтың  қайыспас 

қара  нары»  (М.Жолдасбеков  тура-

лы,  Б.Шүкірбеков),  «Ататүрік  елі  үшін 

туған  ер  еді»  (А.Ақынбаба),  «Қазақ  кино 

өнерінің  майталманы»  (К.Айдарханова), 

«Әдебиет»  айдарымен  «Бүгінде  әдебиет 

жоғалған  жоқ»  (Б.Шаханұлы)  мен  «Бұл 

заман  —  әдебиеттің  қадірі  кеткен  заман» 

(Мырзан  Кенжебайдың  пікірталасы,  «Аса 

шебер» әдебиет ұрысы» (Рақым Айыпұлы) 

мен  «Ақ,  Аққа  Құдай  жақ»  (Сәбит  До-

санов)  арасындағы  бетпе-бет,  «Дауды 

доғарған дұрыс», «Масқара» мақалалары 

оқырманымен  қауышты.  «Қарттарын 

құрметтемеген 

қоғам 


оңбайды» 

(С.Мешітбайқызы),  «Әлеумет» айдарымен 

«Наурыз — жыл басы ғана емес, азаттық 

айғағы»  (С.Мешітбайқызы),  «Ауыл»  ай-

дарымен  «Тасқынға  тосқын»,  «Обыр» 

(А.Өтепали),  «Мойынқұм  инновациялық 

жобаларды  қарқынды  қолға  алуда» 

(С.Мешітбайқызы,  Н.Қабылбек).  Бұдан 

басқа өнер, тіл майданы т.б. айдарлармен 

тұшымды мақалалар жарық көрді. 



Дайындаған — Ермек Сахариев

Қорғаған тілі — Қазақтың тілі,

Жырлаған жыры — Алаштың жыры

Заманның үні мен 

тынысын бере білген

Сәуле Мешітбаева, «Қазақстан-Zaman» 

халықаралық, қоғамдық-саяси, танымдық 

газетінің бас директорының бірінші орынба-

сары;  

— «Қазақстан-Zaman» халықаралық қоғамдық-

саяси,  танымдық  газетінің  тәуелсіздікпен  түйдей 

құрдас екендігі біз үшін мақтаныш. Еліміздің жүріп 

өткен  жолының  әр  белесі  мен  қырқасы,  өткел 

бермес  қиын  шақтары  мен  қалыптасу  кезеңдері, 

газетіміздің сол жылдардағы басылымдарында сайрап жатыр. Сарғыш 

тартқан газет беттерінен сол заманның үні мен тынысы сезіледі. Қиын 

уақыттың қысылтаяң шақтары мен одан жол тауып шығуға ұмтылған 

талпыныстарды  көресің.    Айтуға  оңай  болғанымен,  жас  мемлекетті 

қалыптастыру жолында қаншама күш-жігер мен қайрат жұмсалғанын, 

жаңа  қоғамның  әр  кірпішінің  қиюы  табылып  қаланғанын  түйсінесің. 

«Шіркін-ай!»  —  деп  қуанасың.  Алғаш  Елбасының  өзі  қос  елдің 

татулығының,  ынтымағының  дәнекері  болсын  деп  дүниеге  келуіне 

атсалысқан «Қазақстан-Zaman» газеті, Президенттің сеніміне қылаудай 

тозаң түсірмей, 20 жылды артқа тастады. Мемлекетпен бірге өркендеп, 

қоғаммен бірге есейді. Түркі әлемінің тұтастығына, Елбасының сындар-

лы саясатына, еліміздің жеткен жетістіктеріне, асқан асуларына ең ал-

дымен қуанып, жаңалыққа сусап отырған оқырмандарына, жылт еткен 

жақсылықты сараптамалық тұрғыдан саралап ұсынуда алдыңғы лекте 

келеді. Осы орайда, әріптестерім, еліміз аман, жұртымыз тыныш бол-

сын. Ел сенімін арқалаған патшамыздың жолы даңғыл болсын. Түркі 

әлемінің бірлігі арта берсін демекпін!

Редакция — отбасымыздың екінші үйі

Африза Айтбаева, ҚР журналистер Одағының мүшесі, Филосо-

фия ғылымдарының кандидаты, доцент:

— «


Қазақстан-Zaman» газеті біздің отбасымыз үшін екінші үйіміз де-

сек  те  болады.  Ең  алғаш  газетте    фототілші  болып  студент  баламыз 

Азат  қызмет  жасады.  Ол  кезде  Рахымбай  «Халық  кеңесі»  газетінде 

фототілші  болып  жұмыс  жасайтын,  газет  бір  себептермен  жабылып 

қалды. Оқуын бітірген  Азат  әкесіне орнын берді. Рахаң газеттің фото 

саласын  ғана  емес,  ішкі  жұмыстарын  да  қоса  атқарды.  Бір  нәрсені 

жасауға уәде берсе, соны аяғына дейін жеткізгенше тыным көрмейтін. 

Газеттің  фото саласына өзінің бұрынғы  түсірген  суреттерін пайдаланды, жаңа суреттер 

түсірді, газеттің таралымын көбейтуге атсалысты. Алғашқы кезде газетті Түркия мемлекеті 

қаржыландырушы  еді.  1999  жылы  Түркияда  болған  зілзаладан  кейін  газет  он  айға  дейін, 

яғни  Қазақстаннан  демеуші  тапқанша  жабылып  қалды.    Газет  жабылғанша  бас  редактор 

болып Жұмабай Шаштайұлы қызмет жасады. Таралымы 13 757 болған газетті оқырмандар 

іздеп  жүріп  оқитын.      Рахымбай  газет  жабылып  қалған  кезде  «оқырмандарды  жоғалтып 

аламыз-ау»  деп  ойланатын.  Ерсин  Демиржи    екеуі  қайта-қайта  Астанаға  барып,  «қайткен 

күнде газетті қайтадан шығару керек» деп алдарына мақсат қойды. Қазақстан топырағын 

алғаш басқан, сол кезге дейін Әзірбайжан елінде қызмет жасап келген Ерсин Демиржи, Ах-

мет Аляз,  Шамшибанум Шамшидинова, Сумайра  Авжи бесеуі редакциядан кетпей қызмет 

жасады.  Ол  кезде  редакция  қазіргі  Достық  көшесінде  болатын.  Бесеуі  де  «біз  еңбекақы 

алмадық» деп ренжіген жоқ. «Талпынған жетер мұратқа» дегендей, он айдан кейін демеуші 

тауып, газет қайтадан өз жұмысын бастады. Бас редактор болып Марат Тоқашбаев келді. 

Әрі тұңғыш рет балалар мен жасөспірімдерге арналған «Мөлдір бұлақ» журналының бірін-

ші нөмірлері жарық көре бастады. Рахаң газеттің бас редакторының орынбасары, кейіннен 

бас  директордың  орынбасары  қызметтерін  атқарды.  Марат  Тоқашбаев  редактор  болып 

тұрған кезде, «Медеу» шатқалына кетіп бара жатқан жолдағы «Мөлдір бұлақ» деп аталатын 

бұлақты қала әкімшілігімен келісіп, құжаттарды заңдастырып редакцияның атына алды. Ол 

жердегі хабарлама латын тілінде жазылғандықтан, халықтың көбісі біле бермейді. Сол ағып 

жатқан бұлақтан қала халқы су алады, басында дем алады. Бүгінде Рахаңның орнында мен 

қызмет жасаймын. Өзім де мектепте жетінші сыныпта жүргенде мақала жазып бастаған едім.  

Содан бері талай жылдар өтті. Қазір газетіміздің тиражы, оқырмандары да көбейіп, Респуб-

лика бойынша алдыңғы газеттердің бірі болып саналып отыр. Мен сол үшін де қуанамын.  

Газетіміздің өмірі ұзақ болып, тиражының, оқырмандарының көбейгенін тілеймін. 

Бізді әлем танысын!

    


Борантаев Жанбақыт Мерекеұлы:

—  Халықаралық  «ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN»  газетіне  қызметке  келген 

2004 жылдың көктемі әлі есімде. Бас редактор Марат Тоқашбаев, жау-

апты хатшы Төлеген Ильяшев, бас директордың шаруашылық басқару 

жөніндегі орынбасары, марқұм Рахымбай Ханалы ағаларымыздан тәлім 

ала жүріп, журналистиканың қыр-сырына қаныға түстім. Келесі жылдың 

жазында  газетіміздің  бас  директоры  Ерсин  Демиржі  мырзаны  басқа 

қызметке  ауысуына  байланысты  Түркияға шығарып  салдық.  Оның  ор-

нына жастайынан осы газеттің ыстығына күйіп, суығына тоңып, қызмет 

етіп жүрген, жас та болса бас бола білетін Ахмет Аляз ініміз келді. Осылайша, біреулер ке-

ліп, біреулер кетіп жатқан тұста, бас редактор Марат аға да «Президент және халық» газетін 

ашып, бөлек кетті де, орнына «Ана тілі» газетінде Бас редактордың орынбасары қызметін 

атқарып  жүрген  ағамыз  Ертай  Айғалиұлы  бас  редакторлыққа  келді.  Сол  тұста  Кәдірбек 

Құныпияұлы ағамыз басқа жұмысқа ауысып, мен сол кісінің орнына бас редактордың орын-

басары қызметіне тағайындалдым. 

Шынын айтсам, осы Ерағаңның келуімен құрылған жаңа құрам газетке жаңаша бір серпіліс 

әкеліп, жаңа тынысын ашқандай болды. Көтерген мәселелерінің сан алуандығымен қатар, 

тиражы да күн санап көбейе түсті.

Айта берсек, осы уақыт аралығында қызықтар да, қиындықтар да көп болыпты. Әсіресе, 

Ерағаңның бастамасымен ұйымдастырылып, бірнеше жыл бойы жалғасын тауып келе жатқан 

«Ауыл» экспедициясының газет өмірінен ойып алар орны ерекше. 

Бүгінде атқарып жатқан талай игі істердің басы-қасында Бас директордың бірінші орын-

басары қызметін атқарып жүрген  Сәуле  Мешітбайқызы апайымыз жүр. Кейінірек келсе  де 

ер адам атқара алмайтын талай-талай іргелі істердің іске асуына тікелей мұрындық болған 

апайымыз әлі де ерінбей еңбек ете береді деген сенімдемін. 

Әрине, айта берсе әңгіме көп қой. Жалпы газетіміздің мұндай жоғары дәрежеге жетуіне 

газет басшыларының тынымсыз еңбегімен қатар, қарапайым журналистердің де, техникалық 

қызметкерлердің де, әр аймақтағы арнайы тілшілеріміздің де сіңірген еңбектері зор деп са-

наймын. 

  Сондықтан бүкіл ұжым мүшелерін және оның оқырмандарын газетіміздің 20 жылдық ме-

рейтойымен шын жүректен құттықтай отырып, «осы қалыптасқан ынтымақ-бірлігімізден ажы-

рамай,  елімізге,  ұлтымызға  және  түбі  бір  түркі  әлеміне  қызмет  ете  берейік,  «ҚАЗАҚСТАН-

ZAMAN»-ның  даңқы  артып,  әлем  танитын  басылымға  айналсын!»    —  деген  тілек  айтқым 

келеді.  



Бұл басылымда 

батылдық бар

Болат Салықбаев: 

—  Менің 



«Қазақстан-Zaman»    газетімен 

қарым-қатынасым  осыдан  төрт  жыл  бұрын, 

2009  жылы  басталған  еді.  Бірде  мен  «Қазақ 

жанкүйерлері  неге  қынжылды?»  деген  сын  ма-

териал  жаздым.  Ол  жазбамды  облыстық  га-

зетке,  тағы  басқа  басылымдарға  апарып  едім, 

ондағылар    қашқалақтап,  әртүрлі  сылтау  айтып 

қабылдамады. Содан  не болса сол болсын, осы 

халықаралық 

«Қазақстан-Zaman»    газетіне  жібердім.  Мақаламның 

бір жолда өзгермей жарық көрді. Өте риза болдым. Сөйтіп, газетпен 

байланысымды  нығайта  түстім.  2010  жылы  шілденің  1-нен  бастап 

«Қазақстан-Zaman»-ның  Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті 

тілшісі болып қабылдандым.

Маған  ұнайтыны,  бұл  газетте  басқа  басылымдарға  ұқсамайтын 

батылдық  бар.  Тағы  бір  мысал  келтірейін.    Бұрнағы  жылы,  дәлірек 

айтқанда, 2011 жылы Өскеменде тұратын бір топ жікшіл әрі ұлтшыл 

орыстардың  «Правда  Казахстана»  газетінде  «Надуманные  стра-

хи  русских  братьев?»  деген  ашық  хаты  жарияланды.  Бұл  сол  жылы 

қыркүйек айында Қазақстан мен Ресей мемлекеттері басшыларының 

қатысуымен өткен аймақаралық ынтымақтастық  форумы  қарсаңында 

екі  ел  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев  пен    Дмитрий  Медведевтің   

аттарына  жолданыпты. Хат авторлары  Шығыс Қазақстанда  орыс-

тар  мен  орыстілді  ұлттардың  жағдайы  қиындап,  қыспаққа  алынуда,  

билік  орындарындағы  орыс  ұлты  кадрлары  жұмыстан  шығарылып, 

қудалауға  салынуда,    мемлекеттік  тіл  күштеп  оқытылуда,  сондай-ақ 

бұл ұлттың салт-дәстүрлеріне тиісті мән берілмеуде деп ешбір негізі 

жоқ әңгіме шығарған. Жазғандары шыли өтірік, тек арандату мақсатын  

көздеген.

Мен  осындай  арам  пиғылға  қарсы,  мұның  бәрі  өтірік,  жала  екенін, 

керісінше, орыстар мен орыстілді ұлттар өкілдерінің біздің елде еркін 

өмір сүріп жатқанын, олардың өндірісте де, бизнесте де жақсы жерлер-

де  жұмыс істеп, әлеуметтік  тұрмыста  ешқандай таршылық  көрмей 

отырғанын,    тіл  жөнінде    ешкім  де  қыспаққа  алмағанын    дәлелдей  

отырып,  «Өскеменнің  жікшіл  орыстары  тағы  өрекпи  бастады»  деген 

тақырыппен қарсы материал жаздым. Ол газетке қолма-қол басылып 

шығып, оқырмандар арасында біршама пікір туғызды.

Оқырман  қауым,   



«Қазақстан-Zaman»    газетінде  қызмет  жасап 

отырғандықтан осылай жазып отыр деп ойлап қалмаңыздар. Әрине, 

біздің де жұмысымыз төрт аяғынан тең тұр деп айтпаймын, кемістіктер 

бізде  де  жетіп  артылады.  Десек  те,  меніңше,  халықтың  үні,  көзі  мен 

құлағы болып табылатын басылымда батылдық, белгілі бір өзіне тән 

мінез болуы керек. Газет батылдық көрсетіп, әлеуметтік тұрмыста орын 

алып  отырған  проблемаларды  ашып  жазса,  халықтың  жанайқайына 

әрдайым көңіл бөліп отырса, онда шын мәнінде оқырман беделіне ие 

бола алады. Бұл ретте, мақтағаным емес,  

«Қазақстан-Zaman»  газе-

тінде ауыз толтырып айтар, үлгі тұтар істер бар.

Мен осынау іргелі басылымның ұжымын, қаймана қазақтың жоғын 

жоқтап, мұңын мұңдап, туған тілдің мәртебесін, халқымыздың рухын, 

салт-дәстүрлерін көтеру, ата-бабаларымыздың ерлікпен өткен  жолда-

рын қалың оқырманға жеткізуде  қалам тербеп жүрген әріптестерімді 

Халықаралық  

«Қазақстан-Zaman»  газетінің 20 жылдық мерейтойы-

мен    шын  жүректен  құттықтап,  дендеріне  саулық,  шығармашылық 

еңбектеріне  табыс  тілеймін.  Ойларыңыз  өткір,  рухтарыңыз  биік, 

қаламдарыңыз ұшқыр болсын, ағайындар!



«Қазақстан-Zaman» 

әрдайым халықпен бірге

 Жұлдыз Тойбек:

— 

«Қазақстан-Zaman»  газеті  бүгінде  қара-

ғандылық  оқырмандардың  сүйікті  басылымына 

айналды.  Газеттің  біздің  облыста  кеңінен  та-

ралуы  аталмыш  басылым  басшылығына  Ах-

мет  Аляздың  келуінен  бастау  алды.  Ахмет  Аляз 

газеттің  Бас  редакторлығына  республикаға  есімі 

белгілі  қаламгер  Ертай  Айғалиұлы  сияқты  аза-

матты алғалы газет түрленіп, гүлденіп сала берді. 

Басылым ұжымы республикамыздың шалғай аудан, ауылдарына ба-

рып, халықпен бетпе-бет жүздесіп, кездесулер өткізді. Мені жұмысқа 

алған  жылдары  газеттің  Бас  редакторы  Ертай  Айғалиұлы,  газеттің 

сол  кездегі  директорының  бірінші  орынбасары  Африза  Айтбаева 

бастаған  редакция  ұжымы  кең  байтақ  Қарағанды  облысының  бүкіл 

аймағын аралап шыққты. Бір шеті Егіндібұлақ, Қарқаралы мен екінші 

шеті сонау Ұлытауға дейінгі қала, аудан, ауылдарды аралап, халықпен 

жүздесіп,  әсерлі  әңгімелер  айтып,  салмақты  пікірлер  қозғағанда, 

журналистердің жанкешті еңбектеріне шексіз риза болғанмын. Бұдан 

кейін  бұл  дәстүрді  газетіміздің  бүгінгі  таңдағы  директордың  бірінші 

орынбасары, еңбекқор апамыз Сәуле Мешітбайқызы да жалғастырып 

әкетті. Апайдың министрлердің, облыс, аудан әкімдерінің алдына ба-

рып «мәселені төтесінен қоятын» өткір мінездері, табандылығы журна-

листерге үлгі болғандай. 

  Қарағанды  оқырмандары   



«Қазақстан-Zaman»  газеті  бетінде 

жиі  көрінетін  «Қамшыбасар-тұжырым»,  «Жанайқай»,  «Отбасы», 

«Аймақтар  айнасы»,  «Шемпион»    айдарларын  тұшынып  оқиды.  Ана 

тіліміздің тағдыры жөніндегі мақалалар да көпшіліктің намысын ояту-

да. Сондықтан да газет ұжымына, әріптестеріме шығармашылық та-

быс тілеймін.



Халықаралық «Қазақстан-Zaman» газетінің 

20 жылдық тарихынан

жүктеу 114.17 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет