Қазақстан тарихы жəне мəдениеті кафедрасы



жүктеу 284.29 Kb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата13.09.2017
өлшемі284.29 Kb.
#15050
  1   2   3   4

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі 

Коммерциялық емес АҚ «Алматы энергетика жəне байланыс университеті» 

Аэроғарыштық жəне ақпараттық технологиялар факультеті 

Қазақстан тарихы жəне мəдениеті кафедрасы 

 

 



 

 

 



«Бекітемін»  

ААТФ деканы____________Табултаев С.С.  

«____»_______________2017г.  

 

 

 

 

 

КKКАI:SKD 1106 – ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚОҒАМДАҒЫ ƏЛЕУМЕТТІК 

ИНСТИТУТТАР: САЯСАТ, ҚҰҚЫҚ, ДІН 

5В070200 – Автоматтандыру жəне басқару 

5В070300 – Ақпараттық жүйелер  

5В070400 – Есептеу техникасы жəне бағдарламалық  қамтамасыз ету 

5В071700 – Жылу энергетикасы 

5В071800 – Электр энергетикасы 

5В071900 – Радиотехника, электротехника жəне телекоммуникация  

5В073100 – Өмір тіршілігінің  қауіпсіздігі жəне қоршаған ортаны қорғау 

5В081200 – Ауыл шаруашылығын электрмен қамтамасыз ету  

5В060200 – Ақпараттану 

5В074600 – Ғарыштық техника жəне технологиялар  

5В071600 – Аспап жасау   

5В100200 – Ақпаратты қорғау жүйелері  мамандықтарына арналған syllabus 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2017 

Курс  

1   


Семестр –  

1,2 


Кредит саны  

ECTS кредит саны  



Жалпы сағат көлемі  

90 

Дəріс  


15 

Мамықтану (сем)  

15 

ОӨЖ  


60 

оның ішінде СОӨЖ  

15 

Семестрлік жұмыс  



Емтихан  

 


Syllabus  құрастырған:  проф.,  т.ғ.к.  Орынбекова  Д.С.,  Дакенов  М.Д.  жұмыс 

бағдарламасы негізінде жасалды.  

Syllabus 

Қазақстан  тарихы  жəне  мəдениеті  кафедрасының  мəжілісінде 

_________________, №_____  хаттамасында мақұлданды.  

 

 



Кафедра меңгерушісі________________________Кабдушев Б.Ж.  

 

 



Syllabus  Аэроғарыштық  жəне  ақпараттық  технологиялар  факультетіндегі  оқу-

əдістемелік  комиссиясының  мəжілісінде  қаралып,  бекітілген.  («______»  ____________, 

№____  хаттама).    

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


1 Оқытушылар: 

 

Орынбекова Дина Серикбековна –  т.ғ.к., АЭжБУ профессоры, А312 каб.  



Байланыс тел.: 8(727)292-57-50, dina.orynbek@mail.ru  

Дакенов Муксын Дакенович – т.ғ.к., АЭжБУ профессоры, каб. А312 

Байланыс тел.: 8(727)292-57-50 

Апашов Сабит Бегманович – ф.ғ.к., АЭжБУ доценті, каб. А312. 

Байланыс тел.: 8(727)292-57-50 

Сарсекеев Масат Мукашевич – с.ғ.к., АЭжБУ аға оқытушысы, каб. А312.  

Байланыс тел.:  8(727)292-57-50, 

mas.sar@mail.ru

 

 

2



  Аудиториялық  сабақтардың  жүргізілу  уақыты  жəне  орны  сабақ  кестінде 

көрсетілген  СОӨЖ  консультация  кестесі  Аэроғарыштық  жəне  ақпараттық 

технологиялар  факультетінің  деканаты  (Г.Д.  409)  жəне  ҚТжМ  кафедрасының  (А-312) 

ақпарат тақталарында көрсетілген.  

 

3 Оқу пəнінің сипаттамасы  

3.1  Пəннің  мақсаты  –  студенттерге

  қазіргі  қоғамның    маңызды  институттары  мен  

тіршілік əрекеті салалалры туралы ғылыми дəлелденген объективті білім беру, сондай-ақ,  

қоғам  дамуының  механизмдері  мен  заңдылықтарын  талдау    дағдысын  қалыптастыруға  

ықпал  ету,  қазіргі  əлемнің  шындығын    айқындау  жəне  дұрыс  түсінуде  арнайы  курсты 

оқытудың мақсатын құрайды.  



 

3.2  Пəннің  мəселесі  –  «Қазіргі

  қоғамның  əлеуметтік  институттары»  атты  арнайы 

курс  студенттерге  қазіргі  қоғамның    негізгі  əлеуметтік  институттарының, 

проблемаларының  келесі қоғамның  құрылымы, саясат, билік, экономика, əлемдік жүйе, 

жаһандану,    азаматтық  қоғам,  құқықтық  мемлекет,    саяси  жүйе  формалары,  саяси 

режимдер,    саяси  мəдениет  сияқты  мəселелерін  түсінуге    көмектесуге  тиіс.  «Қазіргі 

қоғамның    əлеуметтік  институттары»  арнайы  курсын    оқитын    студенттер  кең  білімді, 

ғылыми  талдау əдістерін  меңгерумен қатар, қоғам мен мемлекет дамуының  болашағын 

болжамдай  алатындай    өткендегі  жəне  бүгінгі  құбылыстарыды  шығармашылықпен 

зерттеуге дағылануы қажет.  

«Қазіргі  қоғамның    əлеуметтік  институттары»  арнайы  курсын  оқып  аяқтаған 

студенттің:  

-

 қазіргі  қоғамның    құрылымы,  даму  заңдылықтары,  принциптері  жəне 



механизмдері; 

-

 əлеуметтік  институттардың  пайда  болуының  жəне  қалыптасуының  объективтік 



алғышарттары;  

-

 қазіргі қоғамның жаһандану үдерісі; 



-

 қазақстан  республикасы  дамуының  негізгі  тенденциялары  мен  перспективалары 

туралы түсінігі болуға тиіс. 

Пəнді оқыту нəтижесінде студент білуі қажет: 

-

  қоғам дамуының классикалық жəне қазіргі теорияларын;  



-

  қазіргі қоғамдағы əлеуметтік институттардың арнаулы мен рөлдері туралы;  

-

  қазіргі Қазақстан қоғамы;  



-

  қазіргі əлемнің қорғау, шақырулары туралы. 



Пəнді оқыту нəтижесінде студент меңгеруі керек:

 

-



 қазіргі  қоғамда  жүріп    жатқан  процестер  мен  құбылыстарға  өз  бетінше  талдау 

алуды; 


-

 өз ойын ауызша жəне жазба түрде дəлелдеуді;  

-

 игерген білімін нақты жағдайларда қолдануы;  



-

 кəсіби  міндеттерді  шешуде  болама,  жаңа  немесе  инновациялық  амалдарды  

динамикалық пайдалануды.  


3.4  Пəннің  қайта  деректемелері:  жалпы

  гуманитарлық  бағыттағы  білімдер  қажет. 

Қазақстан тарихы, философия, экономика теориялары негіздері.  

 

3.5 Пəннің кейінгі деректемелері:

 əлеуметтнау, саясаттану, құқық негіздері.  

 

4. Пəннің құрылымы жəне мазмұны 



4.1. Теориялық дайындық (15 сағ.) 

тақырып 


Тақырып (модулдер, бөлімдер) 

Дерек көзі 

Кіріспе.  Қазіргі  қоғамдағы  əлеуметтік  институттар  –  1 



сағат  

Дəріс, 1,2,7,8 

Əлеуметтік  қауымдастықтар    қоғамның  əлеуметтік 



құрылымының элементі ретінде – 1 сағат  

Дəріс, 1,2,3,6,9 

Қазіргі қоғам əлемдік жүйе ретінде – 1 сағат  



Дəріс, 2,4,6,9,19,21 

Қазіргі əлемдегі жаһандану үдерісі – 1 сағат  



Дəріс,2,3,9,10,19,21,3



Əлеуметтік институттар қызметін  талдау (əлеуметтанулық 

зерттеу мысалында) – 1 сағат  

Дəріс, 1,2,3,6,8, 

Қазіргі қоғамның стратификациялық моделдері – 1 сағат   



Дəріс 1,2,3,7,8,13,14, 

30 


Қазіргі  институттар  қоғамдағы  əлеуметтік  мобилдіктің 

негізгі арнасы – 1 сағат  

Дəріс,1,6,7,8,13,14,30 

Азаматтық 



қоғамды 

қалыптатсырудағы 

əлеуметтік 

инстиуттар – 1 сағат  

Дəріс, 1,2,3,7,8,9, 10, 

11, 12, 13.30 

Саясат қоғамдық құбылыс ретінде – 1 сағат  



Дəріс, 1,2, 3, 6,7,8,9, 

10, 11,12, 13,30 

10 

Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты – 1 



сағат  

Дəріс, 1,6,7,8,9,10,11, 

12, 13,30 

11 


Саяси  режим  мемлекет  формасының  элементі  ретінде  –  1 

сағат   


Дəріс, 

1,6,7,8,10,1217,18,30 

12 

Қазіргі қоғамның идеологиялық бейнесі – 1 сағат   



Дəріс, 

1,4,5,6,7,8,10,12 

13 

Конституция мемлекет пен қоғамның негізгі заңы – 1 сағат   



Дəріс, 

1,3,4,6,7,8,10,11 

18,30 

14 


Президент институты: тарих жəне қазіргі заман – 1 сағат  

Дəріс, 1,4,6,7,8,9,10, 

11, 12, 13,15,17,18, 30  

15 


Парламент заңнамалық билік институты ретінде – 1 сағат  

Дəріс, 1,4,6,7,8,9,10, 

11, 12, 13,15,17,18, 30 

16 


Саяси партиялар азаматтық қоғамның институты ретінде – 

1 сағат   

1,4,6,7,8,9,10, 11, 12, 

13,15,17,18, 30 

17 

Құқық əлеуметтік институт ретінде – 1 сағат   



1,9,13,15,18,  

18 


Құқық  қоғамдық қатынастарды ретеуші ретінде – 1 сағат  

1,9,13, 15,17 

19 

Экономикалық жүйе əлеуметтік институт ретінде – 1 сағат   



3,4,6,7,8,9,10,1120,23,

27,30 


20 

Экономика əлеуметтік процесс ретінде – 1 сағат  

3,4,6,7,8,9,10,1119,23,

27,30 


21 

Дін қоғамдық сананың спецификалық формасы ретінде – 1 

сағат  

1,2,4,6,7,8,9,10,11,12,



22,23,25, 28 

22 


Неке жəне отбасы əлеуметтік институт ретінде – 1 сағат  

1,2,4,6,7,8,9,10,11,12,

22,23,25, 28, 30 

23 


Тұлғаны əлеуметтендірудің институттары мен агенттері – 1 

сағат   


5,6,7,17,18,19,21,22,2

5  


24 

Девиация  əлеуметтік  құбылыс.  Анамия:  себептері  жəне 

5,6,7,8,11,17,19,21,22,


одан шығу жолдары – 1 сағат  

23,25,26, 27, 30 

25 

Дəстүр  мен  салт  тұлғаның  адамгершілік  сапарларын 



қалыптастырудың құралы ретінде – 1 сағат  

1,2,4,6,7,8,9,10,11,12,

22,23,25, 28 

26 


Білім құндылық, процесс, нəтиже жəне институт ретінде – 

1 сағат   

1,2,4,6,7,8,9,10,11,12,

20,23,27, 28, 30 

27 

Ғылым жəне білімнің қазіргі стратегиясы мен моделдері – 



1 сағат  

1,2,4,6,7,8,9,10,11,12,

20,23,25, 26,28,30 

28 


Мəдениет  құндылықтар  жүйесі  жəне  əлеуметтік  институт 

ретінде – 1 сағат   

1,2,4,6,7,8,9,10,11,12,

22,23,25, 29,30  

29 

Қазіргі ақпарат құралдары қоғамның əлеуметтік институты 



ретінде – 1 сағат  

1,2,4,5,6,7,8,9,10,11,1

2,22,23,  28,30 

30 


Қазақстан жаһандану кеңістігінде – 1 сағат  

3,4,6,8,9,10,11,13,14,1

5,16,20,21 

Барлығы: 

30 сағат  

Ескерту:  белгіленген тақырыптарды * сыртқы бөлім студенттері оқып-үйренеді, қалғандары СӨЖ 

көлемінде оқиды. 

 

Дəріс сабақтарының мазмұны  



Дəріс 1. Кіріспе. Қазіргі қоғамдағы əлеуметтік институттар.  

Арнайы  курстың  мазмұны,  мақсаттары  мен  міндеттері.  Əлеуметтік  институттар 

анықтамасы  мен  белгілері,  элементтері  жəне  түрлері.    Əлеуметтік  институттардың  

қалыптасуы.  Инститтутену  үдерісі  жəне    институттар  дамуы.  Əлеуметтік  инститтутар 

саласы  жəне  қызметі.  Институт  функциялары:  анық  жəне  латенттік.  Əлеуметтік 

институттар дисфункциясы. Қазіргі əлеуметтік институттар.  

Əлеуметтік  институт  ұғымы  бірден  бір  базалық  əлеуметтік  дефиниция  ретінде. 

Əлеуметтік  институттар  индивидуалдық  жəне  қоғамдық  қажеттіліктер  жүйесі  ретінде. 

Инстиуттарды  келесі  критериялар  бойынша  классификациялау:  сала  жəне  қызметтің 

функционалды  мазмұны,  ұйымдасу  сипаты,  формалары  жəне  формалары  емес  негіздері 

жəне т.б. Əлеуметтік институттар мəртебе жəне рөлдер жүйесі ретінде.  

 

Дəріс 2. Қазіргі қоғам əлемдік жүйе ретінде.  

Қоғам  анықтамасы  жəне  белгілері.  Қоғам  тұжырымдамасы.  Қоғам  əлеуметтік  жүйе 

ретінде. Қоғамның жүйелік құрылысы: жүйелер жəне институттар. Т. Парсонс əлеуметтік 

тəртіп жəне əлеуметтік жүйе  туралы Р. Мортон  əлеуметтік  жүйенің функциялары жəне 

дисфункциялары  туралы.  Қоғам  типологиясы.  Өркениетті  жəне  формациялық  амалдар. 

Əлеуметтік  эволюционизм  шеңберіндегі  қоғамның  қазіргі  тұрақты  типологиясы. 

Индустриалдыққа  дейінгі,  индустриалды,  постиндустриалдық  (ақпараттық)  қоғамдар. 

Қоғамның  индустриалдық  даму  теориясы.  Индустриалдық  жəне    постиндустриалдық 

қоғамдардың  сипаттамасы.  Ақпараттық  даму  деңгейіне  өту  жағдайындағы  қоғам  өмір 

сүруінің  ерекшеліктері.    Əлемдік  жүйенің  қалыптасуы  жəне    дамуы.  И.  Валлестайнның 

əлемдік жүйе тұжырымдамасы. Əлем жүйесі: орталық, жартылай периферия, периферия.  

 

Дəріс 3. Əлемдік жүйе жəне жаһандану үдерісі.  

Əлемдік  жүйенің  қалыптасуы.  Əлемдік  бірлестік  жаһандану  туындысы  ретінде. 

Əлемдік бірлестік диалектикасы. Жаһандану  ұғымы. Қоғамдағы жаһандану үдерісі. Қоғам 

жаңаруы  (модернизациясы).  Жаһандық  қарым-қатынастардың  тарихи  дамуы:  жаһандану 

теориялары мен тұжырымдамалары (А.И. Неклесс, Ф.Фукуяма, Э. Тоффлер, Г. Маклауэн).  

Жаһандық  даму.  Ақпараттық  қоғам  мен  əлеуметтік  желілердің  дамуы.    Жаһанданудың 

қоғам дамуына жəне локальді мəдениетке ықпалы.  Қазіргі жаһандық  проблемалар. Əлем 

бірлестігін  құру  жобалары.  Жаңа  əлемдік  тəртіп.  Қоғам  жəне  жаһандану.  Қазақстанның 

əлем бірлестігіндегі орны жəне рөлі.  

Дəріс 4. Əлеуметтік қауымдастық қоғамның құрылымдық элементі ретінде.  


Əлеуметтік 

қауымдастықтар 

түрлері. 

Сипатты 


белгілері. 

Əлеуметтік 

қауымдастықтардың    пайда  болуы.    Əлеуметтік  қауымдастықтардың  формалары  жəне 

типтері. Аумақтық қауымдастық – əлеуметтік – аумақтық қауымдастықтар белгілері жəне 

түрлері.    Этникалық  қауымдастықтар  –  əлеуметтік  –  этникалық  қауымдастықтардың 

белгілері жəне түрлері. Ұлттық қауымдастықтар. ұлттар мəдени қауымдастықтар ретінде. 

Ұлттар саяси қауымдастықтар ретінде. 

 

Дəріс  5.  Əлеуметтік  институттар  қызметін  талдау  (əлеуметтанулық  зерттеу 



мысалында).  

Қоғамдық  өміргк  жүйелі  талдау    жасау.  Əлеуметтік  шындықты  ғылыми-

əлеуметтанулық  зерттеу.  Əлеуметтану  зерттеулерінің    түрлер  жəне  сипаттамасы.  

Əлеуметтік    зерттеу.  Бастапқы  ақпарат  жинау  əдістері.  Жиналған  ақпаратқа    өңдеу  жəне 

талдау    əдістері.    Əлеуметтік  институттардың  функцияларын  жəне  дисфункцияларын 

зерттеу.  

 

Дəріс 6. Қазіргі қоғамның стратификациялық моделдері.  

Əлеуметтік  стратификациялық  анықтамасы,  типтері  мен  түрлері.  Қоғамдағы 

əлеуметтік  теңсіздік.    Стратификация  теориялары:  жалпы  ереже,  стратификация  ұғымы, 

теңсіздік  проблемасы,  əлеуметтік  жіктер  мен  топтарды  стратификацияға    жіктейтін  

белгілерді    анықтау,    құрылымын  талдауда    көп  өлшемді    амалды  іздестіру. 

Стратификацияның  тарихи  формалары.    Қазіргі  стратификация  моделдері.    Негізгі  

стратификация  теориялары:  таптық  теория,    функцияоналдық  теория.  П.  Сорокиннің,  М. 

Вебердің,  неомарксизмнің  стратификациялық  теориялары.  Қазақстанда  орта  таптың 

дамуы.  

 

Дəріс  7.  Қазіргі  институттар  қоғамдағы  əлеуметтік  мобилділіктің  негізгі 



арнасы.  

Əлеуметтік  мобилдік,  оның    түрлері.    Стратификацияның  əрбір    формасындағы 

əлеуметтік  мобилдіктің  ерекшеліктері.  Вертикалді  (тік)  мобилдік.  Горизонталді  (көлбеу) 

мобилдік.  Əлеуметтік  институттар    мобилдіктің  негізгі  арнасы,  қоғам  дамуының  əр 

кезеңіндегі,  оның    өту  заңдылықтары.  Адам  мен  қоғам    өмірінде    əлеуметтік 

институттардың рөлі жəне маңызы. 

 

Дəріс 8. Азаматтық қоғам қалыптастырудағы əлеуметтік институттар.  

Азаматтық  қоғамның    мəні  жəне  құрылымы.  Азаматтық  қоғам  өмір    сүруінің 

шарттары. Азаматтық қоғам мəнінің  тұжырымдамалары жəне амалдары.  Философиялық 

постулаттар. Азаматтық қоғам пайда болуының негізгі себептері.  

Азаматтық  қоғам  өмір  сүруінің  негізгі  принциптері.  Азаматтық  қоғам  генезисі.  

Қазақстан халықтары ассамблеясының қызметі.  

 

Дəріс 9. Саясат қоғамдық құбылыс ретінде.  

Саясат  деген  не?  Саясат  қоғамдық    құбылыс  ретінде.  Саясат  мемлекетті  басқару  

өнері  ретінде.  Саясат  компромис  жəне  келісім  ретінде.  Саясат  билік  ретінде.    Саясат 

əлеуметтік  институттар  ретінде.    Саясатты  зерттеу    амалдары.  Саясаттың  мəні  жəне 

мазмұны.    Саясаттың  пайда  болуы.  Саясат  функциялары.  Саясаттың  құрылымы.  Билікті 

бөлу принциптері. Жастар қоғамның саяси саласында.  

 

Дəріс 10. Мемлекеттік қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты.  

Мемлекет  саяси  жүйенің  спецификалық институты ретінде.  Мемлекет  эволюциясы. 

Мемлекет  пайда  болуының    факторлары.    Мемлекеттің  қасиеттері  мен  белгілері. 

Мемлекет дамуын  түсіндірудегі  теориялық  амалдар. Мемлекеттің саяси ұйым ретіндегі  

ерекшеліктері.  Мемлекет  формасы.  Басқару  формасы.    Монархиялық    басқару 


формасының  əртүрі.  Республика.  Президенттік  республика.  Парламенттік    республика. 

Қазіргі мемлекет дамуының  тенденциясы.  

 

Дəріс 11.  Саяси режим мемлекет формасының элементі ретінде.  

Саяси  режим  ұғымы.  Оның  мемлекет    формасымен    байланысы.  Саяси    режимнің  

сипаты жəне белгілері.  Саяси режимдер формалары мен түрлері.  

 Демократиялық саяси режим: ұғымы,  белгілерінің мəні.  

Тоталитарлық саяси режим: ұғымы,  белгілерінің мəні.  

Ислам режимдері. Жаңа демократия. Қазіргі саяси режимдер.  

 

Дəріс 12. Қазіргі қоғамның  идеологиялық көрінісі.  

Идеология  жəне  дүниетаным:  мазмұны,    құрылымы,  функциялары.  Қазақстан 

республикасының    ұлттық  –  мемлекеттік  идеясы.  Қазақ  мемлекетінің    идеологиясының  

қалыптасуының  қайнар көздері  жəне кезеңдері. Қазіргі идеологиялық  тұжырымдамалар 

мен доктриналар: либерализм жəне неолиберализм, консерватизм жəне неоконсерватизм, 

коммунизм, ұлтшылдық, жаһаншылдық.  

 

Дəріс 13. Конституция мемлекет пен қоғамның  негізгі заңы.  

Конституцияның  анықтамасы.  Конститутция  туралы  ілім  негіздері.    Конституция  

ұғымы  жəне мəні. Конституция функциялары.  Конституцияның  адам өміріндегі маңызы. 

Əр  түрлі  елдердегі  конституциялар.  Қазақстан    республикасы  конституциясының  негізгі 

принциптері.  

 

Дəріс 14. Президент институты: тарих жəне қазіргі заман.  

Қазақстандағы  президент институты:  қалыптасуы мен дамуының тарихи-құқықтық  

аспектілері. Президент институты ұғымы. Президент институтының жалпы сипаттамасы. 

Қазіргі  құқық    жүйесіндегі  президенттің    конституциялық  –  құқықтық    мəртебесі  жəне  

маңызы.    Президент  моделдерінің  классификациясы№  қазақстан    президентінің    басты 

белгілері.  Қазақстандағы  президент  институтының  құрылымы.  

 

Дəріс 15. Парламент қоғамының саяси жүйесінің инсттуты ретінде.  

Заң  шығарушы  билік.  Заң  шығарушы    билік  органдары.    Парламент  құрамы, 

құрылымы,    функциялары.  Əлем  елдерінің    парламенттері.  Халықаралық  парламенттер. 

Тарихтағы парламенттер.  Заңнамалық үдеріс. Қазақстан Республикасында заң жобаларын  

қабылдау  сатылары.  Парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуы: əлемдік тəжірибе жəне 

азаматтық  қоғамның институты ретінде.  

 

Дəріс 16. Саяси партиялар азаматтық  қоғамның институты ретінде.  

Партия    əлеуметтік-саяси  институт   ретінде.  Саяси  партиялардың  пайда  болуының, 

қалыптасуының  жəне  эволюциясының    алғы  шарттары,  жағдайлары.  Саяси  партиялар 

типологиясы.  Партияның билік жүйесіндегі орны. Партияның қоғам өміріндегі əлеуметтік 

рөлі.    Партиялар  жəне  партия  жүйесі,  олардың  классификациясы.  Бірпартиялық    жүйе.  

Екіпартиялық  жүйе.  Басымды  партиялар  бар  жүйе.  Көп  партиялы  жүйе.  Қазақстанда 

партия жүйесінің даму ерекшеліктері мен тенденциялары.  

 

Дəріс 17. Құқық əлеуметтік институт ретінде.  

Құқық  əлеуметтік  институт  ретінде.  Құқық  ұғымы.  Əлеуметтік  институт    ретіндегі  

құқықтық  белгілері  жəне  функциялары.  Əлеуметтік  –  құқықтық  институттардың  мəні 

жəне  түрлері.  Құқық  сана  ұғымы  жəне  оның  формасы.  Құқықтық  реттеудің  заңдық 

механизмі.  


Қоғамның саяси институттарымен құқықтық өзара байланысы. Құқық интегравтивті 

институт  ретінде.  Құқық,  заңнама  нормалары.  Құқық    қоғамның  социомəдени 

құндылықты жүйесінің бқлімі ретінде.  

 

Дəріс 18. Құқық қоғамдық қатынастарды реттеуші ретінде.  

Құқық  қоғамдық  дамудың  желісі  ретінде.  Құқық  əлеуметтік  тəртіптің  маңызды 

факторы,  заңдардың  реттеушілік  күші  ретінде.  Құқық  жəне  құқық    нормаларының 

қасиеттері.    Қазіргі  заманның  құқық    жүйесі.    Құқықтық  мемлекеттің  қалыптасуы. 

Конституциялық  құқық.  Азаматтық  құқық.  Мораль.  Дəстүрлер  мен  салттар.  Əлеуметтік 

бақылау ұғымы. Əлеуметтік бақылау формалары. Əлеуметтік бақылау типтері. Əлеуметтік 

өзара əрекет жəне əлеуметтік бақылау.  

 

Дəріс 19. Экономикалық жүйе əлеуметтік институт ретінде.  

Экономика  жəне  қоғам.  Экономикалық  өмір  туралы  əлеуметтанулық  идеялардың 

дамуы: М. Вебер, Э. Дюркгейм, К. Маркс, К. Поланьи жəне т.б. Жаһандық еңбек бөлінісі 

проблемалары  жəне  жаһандық  экономика.  Экономикалық  жүйе.  Жастар  экономикада. 

Жұмыспен  қамту  жəне  жұмыссыздық  мəселелері  жəне  оларды  шешудің  жолдары. 

Қазақстан дамуының экономикалық моделі.  

 

Дəріс 20. Экономика əлеуметтік үдеріс ретінде.  

Еңбек  адам  тіршілік  əрекетінің  негізгі  жəне  əлеуметтік  үдеріс  ретінде.  Еңбек 

адамдар арасындағы қатынастар ретінде. Еңбек пен адамзат қоғамы дамуының сатылары. 

Ұжымдық    еңбекті  ұйымдастырудың  əлеуметтік  жəне  технологиялық    жақтары.  Еңбек 

жəне  қоғам  дамуы.    Еңбек  жəне  тұлға  дамуы.    Еңбек  мəдениеті.    Еңбектің  шеттеу 

проблемалары.  Еңбек  қызметін    басқарудағы  адам.  Еңбек  үдерісінің  субъективті 

құрылымы.    Еңбек  тиімділігін  арттырудың    əлеуметтік  факторлары.    Еңбек  тəртібінің 

уəждемесі. Еңбек өнімділігін арттырудың американдық жəне жапондық  тəсілдері. Жұмыс 

іздеу  жəне  еңбек  мобилдігі.  Өз  бетінше  жұмыспен  қамту.  Жұмыссыздық  ұғымы  жəне 

оның түрлері.  Жұмыссыздықтың əлеуметтік проблемалары.  

 



жүктеу 284.29 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет