Аккредиттеу өтінім берушілері мен субъектілері мынадай өлшемдерге жауап беруі тиіс: 1) заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі мәртебесінің болуы; 2) аккредиттеудің мәлімделген саласында сәйкестікті бағалау жөнінде жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін білікті штаттық персоналдың болуы; 3) сәйкестікті бағалау жөнінде жұмыстарды орындау үшін соған сәйкес олар аккредиттелетін (аккредиттелген) нормативтік құжаттарға сай қажетті үй-жайдың, соған сәйкес жабдықтың және өзге де материалдық ресурстардың болуы; 4) соған сәйкес олар аккредиттелетін (аккредиттелген) нормативтік құжаттардың өзге де талаптарына жауап беруі.