1. Аккредиттеудің негізгі мақсаттары: 1) өнімнің, процестердің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігі мен сапасы мәселелерінде тұтынушылар мүдделерін қорғау; 2) отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру; 3) сәйкестікті бағалаудың сапасы мен дәйектілігін арттыру; 4) саудадағы техникалық кедергілерді жою; 5) отандық өнімнің сыртқы нарыққа шығуына және Қазақстан Республикасының аккредиттеу субъектілерінің жұмыс нәтижелерін халықаралық ұйымдардың және шет елдердің тануына жағдайлар туғызу болып табылады.