1. Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Осы Заң сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеу жөніндегі қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ олармен байланысты сәйкестікті бағалау саласындағы өзге де қатынастарды реттейді.