16) өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерін салғастыру - өлшем құралдарының зерттеу нәтижелерін, метрологиялық сипаттамаларын салыстырулар;
17) өтінім беруші - аккредиттеуге өтінім берген заңды тұлға; 18) салыстыру сынақтары - бірдей немесе ұқсас объектілерде екі немесе одан артық зертханаларда (орталықтардың) сынақтар жүргізу және нәтижелерін бағалау; 19) салыстырып тексеру зертханасы (орталығы) - өлшем құралдарын салыстырып тексеруге аккредиттелген заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі; 20) сәйкестікті бағалау - өнімге, процеске, көрсетілетін қызметке, менеджмент жүйесіне, өлшем құралына, сынақ жабдығына қойылатын талаптардың орындалуын сәйкестікті растау, сынақтар, зерттеулер, өлшемдер, өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу арқылы дәлелдеу;