3. Аккредиттеу аттестатының қолданысын тоқтата түру туралы шешім көшірмесі тиісті аккредиттеу субъектісіне жіберіледі, ол оны алған күннен бастап сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметті тоқтата тұруы және анықталған бұзулуларды жою жөнінде шаралар қабылдауы тиіс. Егер анықталған сәйкессіздіктер аккредиттеу саласына тұтастай әсер етпейтін жағдайда сәйкестікті бағалау жөніндегі қызмет, мұндай сәйкессіздіктер анықталған аккредиттеудің саласы шегінде тоқтата тұруы тиіс. 4. Тоқтата тұруға негіз болған сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін аккредиттеу субъектісі оларды жойғаны туралы мәліметтерді аккредиттеу аттестатының қолданысын қайта бастау туралы шешім қабылдау үшін аккредиттеу жөніндегі органға жібереді. Аккредиттеу аттестатының қолданысын қайта бастау туралы шешімді аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссия аккредиттеу субъектісі сәйкессіздіктерді жойғаны туралы мәліметтерді ұсынған күннен бастап есептелетін бес жұмыс күн мерзімі ішінде қабылдайды.