4. Инспекциялық тексеру нәтижелері екі данада есеппен ресімделеді, онда мыналар көрсетіледі: 1) есептің жасақталған күні, уақыты мен орны; 2) оның негізінде инспекциялық тексеру жүргізілген аккредиттеу жөніндегі орган басшысы шешімінің күні мен нөмірі; 3) инспекциялық тексеру жүргізген аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитордың тегі, аты, әкесінің аты; 4) аккредиттеу субъектісінің атауы, инспекциялық тексеру жүргізген кезде қатысқан аккредиттеу субъектісі өкілінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы; 5) инспекциялық тексеру жүргізілген күні, уақыты мен орны; 6) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған сәйкессіздіктер туралы және олардың сипаты туралы мәліметтер; 7) сәйкессіздіктердің жойылғаны және оларды жою мерзімдері туралы нұсқау; 8) аккредиттеу субъектісінің есебімен танысу туралы немесе танысудан бас тарту туралы, олардың қолы немесе қол қоюдан бас тарту туралы мәліметтер.