1. Аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу субъектілерінің тізілімін қалыптастырады және жүргізеді. 2. Аккредиттеу субъектілерінің тізілімі: 1) осы Заңның 18-бабының 5-тармағында көрсетілген мәліметтерді; 2) аккредиттеу саласына кіретін сәйкестікті бағалау объектілерін; 3) аккредиттеу субъектісі басшысының тегі, аты, әкесінің атын; 4) аккредиттеу аттестатының қайта рәсімделген күні мен негіздемесін; 5) аккредиттеу материалына өзекті сипат беру күнін, негізін және кезекті сипат берілген аккредиттеу материалдары туралы ақпаратты; 6) инспекциялық тексеру жүргізілген күнді және нәтижесін; 7) аккредиттеу аттестатының қолданысын тоқтата тұру және қайта бастау күні мен негізін;