1. Аккредиттеу аттестатын қайта рәсімдеуге: 1) аккредиттеу субъектісін қайта ұйымдастыру; 2) аккредиттеу субъектісінің мекен-жайының өзгеруі; 3) аккредиттеу субъектісінің атауының өзгеруі; 4) аккредиттеу саласының нақты кеңеюі немесе қысқаруы негіз болады. 2. Аккредиттеу аттестатын қайта рәсімдеу Аккредиттеу ережесіне сәйкес жүргізіледі. 3. Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі қайта рәсімдеген кезде үзілмейді.