5. Аккредиттеу аттестатында: 1) аккредиттеу субъектісінің атауы, ұйымдастыру-құқықтық нысаны, орналасқан орны; 2) аккредиттеу субъектісі оған сәйкес аккредиттелген нормативтік құжат; 3) аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі; 4) аккредиттеу аттестатының аккредиттеу субъектілерінің тізімінде тіркелген күні; 5) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі; 6) аккредиттеу аттестаты қосымшасының бет саны көрсетіледі. 6. Аккредиттеу аттестатының бланкі қатаң есептілік құжаты болып табылады, қорғанышы мен нөмірі болады. 7. Аккредиттеу аттестаты жалғыз данада беріледі, аккредиттеу аттестатын бөгде заңды тұлғаларға беруге тыйым салынады. 8. Жоғалған, бүлінген аккредиттеу аттестаттары, аккредиттеу аттестатына қосымшалар аккредиттеу субъектісі жазбаша өтініш (аккредиттеу аттестатының оларға қосымшалардың жоғалған, бүлінген фактісін растайтын қосымша құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп саналады. Аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аккредиттеу аттестатының төлнұсқасын, аккредиттеу аттестатына қосымшаны беруді жүргізеді.