6) аккредиттеу өлшемдері - өтінім беруші аккредиттелу үшін және аккредиттеу субъектісі қанағаттандыруы тиіс талаптар жиынтығы; 7) аккредиттеу материалдарына өзекті сипат беру - аккредиттеу субъектісінің құжаттарына аккредиттеу аттестатын қайта рәсімдеуді қажет етпейтін өзгерістер енгізу; 8) аккредиттеу саласы - аккредиттеу қолданылатын сәйкестікті бағалаудың ресми танылған объектілері; 9) аккредиттеу саласын кеңейту - аккредиттеу субъектісінің сәйкестікті бағалау объектілері тізбесін ұлғайту процесі; 10) аккредиттеу саласын қысқарту - аккредиттеу субъектісінің сәйкестікті бағалау объектілері тізбесін ұлғайту процесі;