1. Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханалары (орталықтары) өз қызметін техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады. 2. Салыстырып тексеру зертханалары (орталықтары) өнім (көрсетілетін қызмет) өндірушілерден (орындаушылардан), жеткізушілерден және өнімді (көрсетілетін қызметті) тұтынушылардан тәуелсіз болуы керек.
1. Аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлар мен техникалық сарапшылар осы Заңға сәйкес сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысады. 2. Аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлар мен техникалық сарапшылар өз қызметін еңбек және азаматтық-құқықтық шарттардың негізінде жүзеге асырады.