Қазақстан Республикасының



жүктеу 5.03 Kb.
Pdf просмотр
бет1/85
Дата14.05.2022
өлшемі5.03 Kb.
#19884
түріСценарий
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
64038701moldajimova manerlep oku
Тіршіліктану (1)


Қазақстан Республикасының
білім және ғылым министрлігі 
М.Х. Дулати атындағы
Тараз мемлекеттік университеті 
А.Е. Молдазимова 
МӘНЕРЛЕП ОҚУ 
Сценарийлер, әдеби-сазды, қойылымдар, 
пьесалар, өлеңдер 
Оқу құралы 
«Тараз университеті» 
баспасы 
Тараз, 2017 


ӘОЖ 372.882:821:51 
КБЖ 74.7200.587 
М41 
Молдазимова А.Е. 
Мәнерлеп оқу. Сценарийлер, әдеби-сазды, қойылымдар, пьесалар, өлеңдер. 
Оқу құралы. – Тараз: Тараз университеті 2017. – 131 б.
Пікір жазғандар: 
Құлбарақ С.О. 

ф.ғ.д., профессор, М.Х. Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университетінің «Филология және
журналистика» кафедрасы;
Беркенова Р.А. 

ф.ғ.к., доцент, Тараз инновациялық-гуманитарлық
университеті, «Филология» факультеті;
Сейлханов А.А. 

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының
еңбек сіңірген артисі.
«Мәнерлеп оқу» Бұл жинақ мектептерде түрлі кештер өткізуге, 
музыкалық қойылымдарды ұйымдастыруға, драма және көркемөнерпаздар 
үйірмелерінің концерттік бағдарламалар жасауға көмектеседі. 
Оқу құралға тақырыптық кештер мен мерекелердің сценарийлері
өлеңдер, пьесалар топтастырылған. 
КБЖ 74.7200.587 
Баспаға М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 
Ғылыми кеңесі шешімімен ұсынылған (хаттама №7, 21 ақпан 2017ж). 
© 
Молдазимова А.Е.., 2017 
© М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, 2017 


КІРІСПЕ 
 
Пәннің мақсаты мен міндеттері 
«Ұйымдастырушы педаготың кәсіби сөйлеу шеберлігі» пәні 
мемлекеттік компонент ретінде «Мәдени тынығу жұмысы » мамандығы 
студенттеріне арналған.
Пәннің оқыту мақсаты – бойында дарыны, табиғи таланты бар 
болашақ өнер саласы мамандығы студенттерінің анық та, ашық, таза 
сөйлеуге тәрбиелеу, дауыс мүмкіндіктерін жетілдіру, әр білім алушының 
өзіне ғана тән табиғатын ашып, дауыс ерекшелігін анықтау, әдеби 
шығармаларды талдау арқылы, бейнелі ойлау қабілетін қалыптастыру, 
кейіпкерлердің қыр-сырын ашуға үйрету. 
Бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудағы пәннің ролі мен маңызы- 
болашақ өнер шеберлерін әлемдік өлшемдегі деңгейге жеткізу, сөздің 
мағынасын зерделеу арқылы қуатты, құдіретті сөз мазмұнын тірілтіп, 
ұлттық мәдениеттің болмыс – бітімін насихаттау және оның қазіргі заман 
талабына сай көрінісін паш ету. 
Бүгінгі таңда стратегиялық дамуындағы негізгі мәселелердің бірі – 
білім беру. Осыған байланысты қоғамдағы өзгерістерге сәйкес және 
ғылыми техникалық прогресстің соңғы жетістіктеріне сүйене отырып, өсіп 
келе жатқан жас ұрпаққа сапалы білім беруді қажет етеді.
Кәсіби 
сөйлеу 
шеберлігі 
өнерін 
түбегелей 
жақсарту 
«Ұйымдастырушы педагог» мамандарын дайындау қажеттілігін талап 
етеді. Кәсіби сөз сөйлеу шеберлігі өнері оқу өндіріс бағдарламасын, сөз 
шеберінің профессионалдық қабілеттерін және әдеби шығармалармен 
жұмыс жасау әдістерін қажет етеді. 
Тіл адамдардың өзара түсінісуі, қатынас құралы болумен қатар, қоғам 
мен табиғат құбылыстарының, адамның рухани өмірінің айнасы. 
Ұйымдастырушы педагогтың кәсіби сөйлеу шеберлігі - болашақ
ұйымдастырушы педагог маманының шығармашылық дамуына, 
драматургтың ойын сахналық сөз әрекетіне айналдыра отырып, ішкі жан 
сарайын ашатын актер ойынының ажырамас бөлігі. «Мәнерлеп оқу» атты
құралы болашақ мамандарға теориялық және практикалық негізде көмек 
көрсететін басты құрал бола алады.

жүктеу 5.03 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет